Газгольдерді орнатуда дайындық жұмыстары оларға қойылатын талаптар,газ сақтайтын газгольдерлер



Кіріспе

1.Негізгі бөлім:

1.1. Газгольдерлерді беріктікке және орнықтылыққа есептеу
1.2. Газгольдердің құрлымдық ерекшелігі.
1. 3. Газгольдердің орналасу технологиясы.

Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Газгольдер (ағылш. gas-holder) - таратқыш газ құбырларына газды жинақтауға, сақтауға немесе оны өндіру мен өңдеу, тұтыну құрылғыларына жеткізу үшін пайдаланылатын, болаттан жасалған тұрақты қоймалар. Газды газгольдерлерде сақтау Газгольдер деп газдарды жоғары қысыммен сақтауға арналған үлкен көлемді ыдыстарды айтады. Газгольдерлер төменгі (4000 МПа) және жоғарғы (7*101 –ден 30*101 Па-ға дейін) қысымды болып бөлінеді. Бірінші типтегі газгольдерлерде жұмыстық көлем айнымалы болады, ал толтыру немесе босату процесі кезінде газдың қысымы өте аз өзгереді. Олар ылғылды және құрғақ болады.
1.Интернет желісі бойынша сілтемелер - құрылыс және мұнай құбырлары мен газмұнай сақтағыштардың жөндеу жұмыстары негізінде алынған.
2. К.І.Джиембаева; Б.М.Насибуллин «Мұнай кен орындарында ұңғы өнімдерін жинау және дайындау»
3. Е.М.Нұрсұлтанов «Мұнай және газды өндіріп , өңдеу»

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Геодезия және құрылыс кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Газгольдерді орнатуда дайындық жұмыстары оларға қойылатын талаптар,газ сақтайтын газгольдерлер

Орындаған: Нұрбекқызы П.
Тобы: СТ-309с
Тексерген: Уркинбаева Ж.И

Семей 2015 жыл
Жоспар:

Кіріспе

1.Негізгі бөлім:

1.1. Газгольдерлерді беріктікке және орнықтылыққа есептеу
1.2. Газгольдердің құрлымдық ерекшелігі.
1. 3. Газгольдердің орналасу технологиясы.

Қортынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Газгольдер (ағылш. gas-holder) - таратқыш газ құбырларына газды жинақтауға, сақтауға немесе оны өндіру мен өңдеу, тұтыну құрылғыларына жеткізу үшін пайдаланылатын, болаттан жасалған тұрақты қоймалар. Газды газгольдерлерде сақтау Газгольдер деп газдарды жоғары қысыммен сақтауға арналған үлкен көлемді ыдыстарды айтады. Газгольдерлер төменгі (4000 МПа) және жоғарғы (7*101 - ден 30*101 Па-ға дейін) қысымды болып бөлінеді. Бірінші типтегі газгольдерлерде жұмыстық көлем айнымалы болады, ал толтыру немесе босату процесі кезінде газдың қысымы өте аз өзгереді. Олар ылғылды және құрғақ болады.

Газгольдерлерді беріктікке және орнықтылыққа есептеу
Газды газгольдерлерде сақтау Газгольдер деп газдарды жоғары қысыммен сақтауға арналған үлкен көлемді ыдыстарды айтады. Газгольдерлер төменгі (4000 МПа) және жоғарғы (7*101 - ден 30*101 Па-ға дейін) қысымды болып бөлінеді. Бірінші типтегі газгольдерлерде жұмыстық көлем айнымалы болады, ал толтыру немесе босату процесі кезінде газдың қысымы өте аз өзгереді. Олар ылғылды және құрғақ болады. 4.1-сурет. Төмен қысымды газгольдерлердің принципиалды сұлбасы:а)ылғалды;б)құрғақ. 1-резервуар; 2-қоңырау; 3-жылжытқыштар; 4-газ құбырөткізгіш; 5-шайба; 6-нығыздағыш; 7-жүруді шектегіш. Ылғал газгольдерлер (4.1а-сурет) екі негізгі бөліктен тұрады: сумен толтырылған тік цилиндрлі резервуар 1(қозғалмайтын бөлігі) және резервуар ішіне орнатылған, асты жағынан ашық және сфералық төбесі бар цилиндр тәріздес қоңырау (қозғалмалы бөлігі). Қоңыраудың жылжуын жеңілдету үшін жылжытқыштар 3 қолданылады. Газды толтыру және таңдап алу газ құбырөткізгіші арқылы 4 жүзеге асады. Ылғал газгольдердің жұмыс істеу принципі келесі түрде өтеді. Газды газгольдерлерге толтырған кезде қоңырау астындағы қысым көтеріледі де су резервуар мен қоңырау арасындағы сақиналы аралыққа ығысады. Ол гидравликалық нығыздағыш рөлін атқарады. Газ қысымы қоңырау салмағы әсерінен пайда болатын жүктен асқан кезде, қоңырау жоғары қарай жылжи отырып, жаңа газ мөлшері үшін көлем босатады. Газгольдерді босатқан кезде қоңырау астындағы қысым төмендейді де ол төмен түседі. Қоңыраудың толық көлемін пайдалану үшін оның биіктігі резервуар биіктігіне тең болу керек. Үлкен көлемді газгольдерлер (6000 м3-тан жоғары) телескоп сияқты бір-біріне кіретін жылжымалы бөлігін бірнеше звеноларға бөледі. Жылжитын бөліктердің тайып кетпес үшін, сонымен қатар көлденең жүктемелерді қабылдау үшін (мысалы, жел) қоңыраудың жоғарғы жағына бекітілген, жылжытқыштар қозғалатын резервуарға бағыттағыштарды орнатылады (суретте көрсетілмеген). Ылғал газгольдерлердің механикалық есебі Көлемі 1000 және 3000 м3 болатын ылғал газгольдерлердегі резервуардың жоғарғы белдемелерінің қалыңдығы 5 мм, ал ылғал газгольдерлердің көлемі 6000-30000 м3 үшін 6 мм деп алады. Төменгі беттерінің қалыңдығын келесі формуламен анықталады: (4.1) мұндағы: р- газгольдердегі газдың артық қысым; һ- өнімнің жоғарғы бетінен төменгі құраушысынан 13 биіктікке тұрған нүктесіне дейінгі аралық; - судың тығыздығы (1000 кгм3); g- ауырлық күшінің үдеуі; - резервуар радиусы; R-болаттың есептік кедергісі; n- шамадан тыс жүктеу коэффициенті (n=1,1 деп алынады); - дәнекерлеу тігісінің коэффициенті (дәнекерлеу жақсы бақыланса ); m- шартты жұмыс коэффициенті (m=0,8 деп алынады). Резервуар түбі көлемі 1000 м3 газгольдерлер үшін 6 мм қалыңдықты беттер, ал көлемі 3000 м3 және одан жоғары газгольдерлер үшін ортасында 6 мм және шет жақтарында 8 мм етіп салынады. Газгольдердегі қоңырау негізгі қаңқа мен оны жабатын беттен тұрады. Қоңырау құлаштардан, тіректерден және қатты қабырға беттерінен тұрады. Жабынның шет жағына қалыңдығы 2-3 мм болатын болат беттерін дәнекерлейді. Жабын беті құлаштарға дәнекерленбей, оның үстінде бос жатады. Қоңырау қабырғасының жабын беті қалыңдығы 3-4 мм болатын болат беттерінен жасалынады. Қабырға жабыны жоғарғы және төменгі қатты белдемелеріне дәнекерленеді. Купол сферасының радиусы R=1,908Dk (4.2) мұндағы: Dk-қоңырау радиусы. Ылғал газгольдерлердің телескоптары негізгі қаңқадан және қалыңдығы 3-4 мм болатын болат беттерінен жасалынған жабыннан тұрады. Телескоп қабырғасының биіктігі қоңырау қабырғасының биіктігімен бірдей етіп алынады. Телескоп қабырғасының қалыңдығы газгольдердегі газдың артық қысымына есептеледі: (4.3) мұндағы: -телескоп радиусы. Егер телескоптың қабырға қалыңдығын есептеген кезде өте аз шама шықса, онда оны 3 мм деп алған дұрыс. Жел жүктемесі мен қоңыраудың жабындысындағы бірқалыпсыз жайылған қар роликтер мен тік бағыттаушыға әсер ететін көлденең күштің пайда болуына әкеледі. Қоңырау төбесіне әсер ететін жел жүктемесі: (4.4) мұнда к - аэродинамикалық коэффициент обтекания (цилиндрлік аппараттар үшін к = 0,7); q - жел қысымы (40 кгссм2 деп қабылдаймыз); fк - қоңырау төбесі ауданының тік жазықтыққа проекциясы. Қоңырау қабырғасының бүйір бетіне әсер ететін жел күші мұнда h1 - жел әсер ететін қоңырау қабырғасының биіктігі. Газгольдердің жылжымалы үзбесіне әсер ететін жел күші де осылай анықталады. Сулы газгольдердің негіздері мен іргетастары Ереже бойынша, сулы газгольдер жартастарда жартылай жартастарда, ірі кесекті, құмды, сазды және макрокеуекті грунттарда болады. Газгольдерді құру кезінде болдырмау немесе тұнбаны біртіндеп қысқарту тәсілдері игерімді. Ол үшін қолданылады: грунтты тығыздау, грунтты жастық құрылысы, грунтты тереңдік нығыздау, негіздің қондырғылары және т.б. Сулы газгольдердің резервуарлары астынан резервуар қабырғасының периметрі бойынша орналасқан сақиналы темір бетонды іргетастар жасақталады. Резервуар түбінен сақина ішінде грунтты-құмды негіз орналасады. Резервуардың сақиналы фундаменті және грунтты- құмды негіздер газгольдер мен су салмағынан жүктеме алады. Құрғақ газгольдер (4.1 б сурет ) арнайы нығыздаушылармен жабдықталған қозғалмалы шайба ішінен орналасқан жамылғы беті мен түбі бар көп қырлы формадан немесе цилиндрлі көлбеу корпустан тұрады. Құрғақ газгольдердің жұмыс принципі булы машина жұмысына ұқсас. Шайба астынан берілетін газ қысымынан белгілі бір шекке дейін жоғары көтеріледі, ол газды іріктеу кезінде- төмен түседі, онда газгольдерде өзінің тұрақты қысым массасымен ұстап тұрады. Құрғақ газгольдер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Газ сақтау қоймаларын пайдалану туралы
Теңіздегі Шевройл газ өңдеу зауытында
Газ сақтау қоймаларын пайдалану
Газгольдерлер мен резервуарларды құрастыруда қолданылатын материалдар және оларға қойылатын талаптар
Газгольдерлерді сақтау қоймасы
Газдың ылғал құрамдылығын анықтау
Резервуарлар және газгольдерді құрастыру ерекшеліктері
Газгольдерлер классификациясы және эжекторлық төгу әдісі
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану кезiнде еңбек қорғау және қауiпсiздiк техникасының ережелерi
Қорғаныс газдарының ортасында автоматты дәнекерлеу
Пәндер