Жаңа педагогикалық технология ұғымы туралы сипаттама беру. Технологияның мақсаты мен мазмұндық ерекшеліктері



1. Жаңа педагогикалық технология ұғымы туралы сипаттама беру.
2. Технологияның мақсаты мен мазмұндық ерекшеліктері.
1. Бүгінгі заманда жаңа компьютерлік технологияларды енгізумен бірге «технология» деген ұғым жиі кездеседі. 20 ғасырдың 60 жж. АҚШ пен Англияда пайда болып, содан бұл термин өмір қажеттілігіне байланысты дүниежүзіне таралып кетті. Педагогикада бұл ұғым оқушылардың аз ғана күш жұмсап, ең жақсы жоғарғы нәтижеге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған.
«Технология» деген термин гректің түп тамыры techne-өнер, logos-ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе білімді беретін деген сөзді құрайды. Ол өндірістік үдерістерді жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы.
Жаңа педагогикалық технология дегеніміз не? Ол үшін алдымен «техника», «технология» терминдерінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр, соны ақылмен аңғаруымыз қажет. Ол үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн.
1. Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологиялар. //Қазақстан мектебі 2010 №4, Б.5-8.
2. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамасы. //Бастауыш мектеп. 1999. - №8,9.
3. Бөрібекова Ф.Б. Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар: Оқулық. Бөрібекова Ф.Б, Жанатбекова Н.Ж. – Алматы:2014- 8-15 беттер.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СРО №1

Тақырыбы: Жаңа педагогикалық технология ұғымы туралы сипаттама беру. Технологияның мақсаты мен мазмұндық ерекшеліктері

Орындаған: Оразбай Ғ.У.
Тобы: П-305
Тексерген: Дүйсенбекова Ш.

Семей 2015 жыл
Жоспар:
1. Жаңа педагогикалық технология ұғымы туралы сипаттама беру.
2. Технологияның мақсаты мен мазмұндық ерекшеліктері.

1. Бүгінгі заманда жаңа компьютерлік технологияларды енгізумен бірге технология деген ұғым жиі кездеседі. 20 ғасырдың 60 жж. АҚШ пен Англияда пайда болып, содан бұл термин өмір қажеттілігіне байланысты дүниежүзіне таралып кетті. Педагогикада бұл ұғым оқушылардың аз ғана күш жұмсап, ең жақсы жоғарғы нәтижеге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған.
Технология деген термин гректің түп тамыры techne-өнер, logos-ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе білімді беретін деген сөзді құрайды. Ол өндірістік үдерістерді жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы.
Жаңа педагогикалық технология дегеніміз не? Ол үшін алдымен техника, технология терминдерінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр, соны ақылмен аңғаруымыз қажет. Ол үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде технология ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн.
Техника терминінің екі мағынасы бар екені айқын:
1-өндіріс құралдарының жиынтығы;
2-бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жинағы.
Технология түсінігі сол тәсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді.
Технология түсінігі біркелкі емес түсіндіріледі. С.Смирнов оны төмендегідей анықтайды:
oo Оқытуды ұйымдастыруда форма немесе әдістеме түсініктерінің синонимі ретінде(бақылау жұмысын орындау технологиясы, қарым-қатынас технологиясы;).
oo Нақты педагогикалық жүйенің синонимі ретінде (Оқытудың дәстүрлі технологиясы, В.В. Давыдов пен Д.Б. Элькониннің мектепке арналған жүйесі т.б.).
Бірақ бұл түсініктер педагогика технология түсінігін ашпайды, сондықтан білім беру технологиясы, педагогикалық технология, оқыту технологиясы терминдерін қарастыру қажет.
Педагогикалық технология - бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Әрі сол жобаның дәл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология - кешенді үдеріс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалардың шешімін басқаруды қамтиды.
Кез-келген технология мұғалімнен терең теориялық білім, үлкен педагогикалық шеберлік, баланың жан дүниесін түсіне білетін психолог болуды талап етеді. Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады,- деп К.Д.Ушинский[2] айтқандай, қазіргі кезде мұғалімнің мамандығы ең жауапты, ең қадірлі болып табылады. Мұғалімге қазір ең ауыр міндет жүктеліп отыр. Осы міндетті әрбір мұғалім көп ізденіп алдына міндет, мақсат қойғанда ғана атқара алады.
Қазіргі таңда педагог-ғалымдар қолданылып жүрген білім беру технологияларын әр қырынан ашып көрсетуде. Педагог-ғалым В.П. Беспалько[3] өзінің Педагогикалық технологияның құрамдары деген еңбегінде былай жазады: Педагогикалық технология- оқу- тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарланған және тәжірибеде жүзеге асырылатын педагогикалық жүйесі.
В.М. Монахов[4]: Педагогикалық технологиялар дегеніміз- оқыту процесін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі,-деп түсіндіреді. Ал, XX ғасырдың басындағы ұлттық ойшылдарымыздың бірі Жүсіпбек Аймауытов[4]: Сабақ беру - үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол - жаңаны табатын өнер, - деген.
Педагогикалық технологиялық әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне енгізу, оны әр пән мұғалімінің тиімді пайдалана білуі - бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Мұның өзі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының артуына, біліктілігінің, пәннің идеялық-эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауға мүмкіндік туғызып, оқырмандық белсенділіктерін арттырады. Сондай-ақ, оқушының оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу әрекетін жандандыра отырып, сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп-тануға, ой ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш білім беруде қазіргі педагогикалық технологиялар
Қазіргі педагогикалық технология. Дәрістер
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын жетілдіру
Оқушыларының құрттар жайлы білімдерін практикалық тұрғыда қарастыру
Жаңа педагогикалық технология ұғымы туралы сипаттама беру. Технологияның мақсаты мен мазмұндық ерекшеліктері туралы ақпарат
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жолдары
Жаңа ақпараттық педагогикалық технологиялар пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Оқытудың қазіргі технологиялары
Пәндер