Еңбек құқығының пәні



Жоспар:

1. Жалпы бөлім
1.1. Еңбек құқығының пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2.4
1.2. Еңбекті ұйымдастыру ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.10

2. Негізгі бөлім.

2.1. Еңбек құқығының рөлі, міндеттері және функциялары ... ... ... ... ...11.12
2.2. Еңбек құқығының сабақтас құқық салаларынан айырмашылығы..12.15
2.3.Eңбек құқықтарының құқықтық табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16.19
2.4. Еңбек құқығы пәнін құрайтын барлық қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20.24

3. Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25.26

4. Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
1.1. Еңбек құқығының пәні.

Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары Қазақстан Рспубликасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтін, нормалары осы Заңның нормаларынан төмен бола алмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың осы Заңның және еңбек туралы өзге де нормативтік құқықтық актілердің алдында артықшылығы бар және халықаралық шарт бойынша оны қолдану Қазақстан Республикасының заңы шығарылуы талап етілген жағдайларды қоспағанда, олар тікелей қолданылады [ҚР «ҚР еңбек туралы » заңының 2-бабы].
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адамның жіне азаматтың маңызды құқықтары мен бостандықтарының қатарына ҚР «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңында бұл заңның реттейтіні тура аталып көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкіі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар [ҚР Конституциясының 24-бабы].
ҚР «Еңбек туралы» заңында осы заңның «Қазақстан Республикасындағы азаматтардың еңбек бостандығына қатысты конституциялық құқығын жүзеге асыру барысында туындайтын еңбек қатынастарын реттейтіні» көрсетілген.
Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына қатысты конституциялық құқық, ең алдымен, әрбір адамның өзінің жұмыс күшін өзі дербес жұмсауынан, мүдделеріне, кәсіби дайындығына, өзінің мүмкіндіктері мен қалауына қарай кәсіп түрі мен қызмет түрін еркін таңдау құқығынан көрініс табады. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы кез келген нысандағы ұйымдарда жалданбалы жұмыс істеуге, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, мемлекеттік, әскери немесе кез келген өзге де қызметпен айналысуға, заңды тұлғаны құрмастан жеке еңбек қызметімен айналысуға немесе ешқандай еңбек қызметімен айналыспауға құқылы.
ҚР Конституциясының және ҚР «Еңбек туралы» заңының бұл ережелері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10 желтоқсанда бекіткен Адам құқықтары жалпы декларациясының және еңбек саласындағы бірқатар халықаралық-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келеді.
Қолданылған әдебиеттер:

1) Қазақстан Республикасының еңбек құқығы, оқу құралы, О.Қағазов, Алматы 2003 жыл
2) ҚР еңбек құқығы, оқулық, В.Н.Уваров,Алматы 2002жыл
3) Еңбек құқығы, оқулық, Ахметов А., Ахметова Г.,Алматы 2006 жыл
4) Ажинурина, Д. Еңбек ету бостандығы және оны қорғаудың мәселелері [Мәтін]: автореферат / Д. Ажинурина.- Алматы: КазгосИНТИ, 2005.- 25 б.
5) Мыңбаев, М.А. Еріксіз еңбекті құқықтық реттеу: Автореферат / М.А.Мыңбаев.- Алматы: КазгосИНТИ, 2004.- 31 бет.
6) Трудовые отношения в Республике Казахстан [Текст] / под ред. В.И.Скала.- 4-е изд., перераб. и доп.- Алматы: ТОО "LEM", 2005.- 564 с.
7) Айымханова, Н. Қазақстан Республикасының еңбек құқығы: Оқу құралы / Н.Айымханова.- Алматы: Жеті жарғы, 2002.- б.
8) Глушко, И.Ю. Право социального обеспечения Республики Казахстан [Текст]: учеб.-метод. пособие / И.Ю. Глушко, В.В. Зинченко.- Караганда: Издательство КарГУ,2004.-112 с.
9) Хамзин, А.Ш. Трудовое право Республики Казахстан [Текст]: учебник / А.Ш. Хамзин, Ж.А. Хамзина, Л.А. Хамзина.- Астана: Издательско-полиграфический Центр ин-та повышения квалификации сотрудников органов юстиции РК, 2004.- 594 с.
10) Абузярова, Н.А. Трудовое право / Н.А. Абузярова.- Алматы: Юрист, 2002.- 264 с.
11) Комментарий к Конституции РФ// Под общей редакцией Ю.В. Кудрявцева, М, 1996, с.42-44
12) Н. Абузярова. Трудовое право РК, А, 2003
13) Строгович М.С. Основные вопросы советской социалистической законности. М., Наука, 1966, с.180
14) Братусь С.Н. Субъекты гражданского права. М,1950, с.7
15) ҚР Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл
16) «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы » ҚР Заңы, 10 желтоқсан 1999 жыл
17) Әкімшілік құқықбұзушылық туралы ҚР кодексі, 30 қаңтар 2001жыл
18) ҚР қылмыстық кодексі, 16 шілде 1997 жыл
19) Строгович М.С. Избранные труды. М, Наука,1990,Т.1,с. 205
20) Морозов П.Е Сравнительный анализ правового регулирования проблем занятости и трудоустройства в РФ и США. Дисс. канд. юр. наук М, 1997, с.71.
21) Щебетина М.В. Нарушение законодательства о труде: уголовно-правовое и криминологическое исследование. Автореферат дисс. канд. юр. наук. Караганда, 2004, -23с., с. 14

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Жалпы бөлім
1.1. Еңбек құқығының
пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.2-4
1.2. Еңбекті ұйымдастыру
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..5-10

2. Негізгі бөлім.

2.1. Еңбек құқығының рөлі, міндеттері және
функциялары ... ... ... ... ...11-12
2.2. Еңбек құқығының сабақтас құқық салаларынан айырмашылығы..12-15

2.3.Eңбек құқықтарының құқықтық табиғаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16-19

2.4. Еңбек құқығы пәнін құрайтын барлық
қатынастар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 20-24

3. Қорытынды
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..25-26

4. Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 27

1. Еңбек құқығының пәні.

Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары Қазақстан
Рспубликасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен қызметкерлердің
жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтін, нормалары осы Заңның
нормаларынан төмен бола алмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерден
тұрады.
Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың осы Заңның және
еңбек туралы өзге де нормативтік құқықтық актілердің алдында артықшылығы
бар және халықаралық шарт бойынша оны қолдану Қазақстан Республикасының
заңы шығарылуы талап етілген жағдайларды қоспағанда, олар тікелей
қолданылады [ҚР ҚР еңбек туралы заңының 2-бабы].
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адамның жіне
азаматтың маңызды құқықтары мен бостандықтарының қатарына ҚР Қазақстан
Республикасындағы еңбек туралы заңында бұл заңның реттейтіні тура аталып
көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әркімнің еңбек ету
бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз
еңбекке соттың үкіі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында
ғана жол беріледі. Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек
ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ
жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар [ҚР Конституциясының 24-
бабы].
ҚР Еңбек туралы заңында осы заңның Қазақстан Республикасындағы
азаматтардың еңбек бостандығына қатысты конституциялық құқығын жүзеге асыру
барысында туындайтын еңбек қатынастарын реттейтіні көрсетілген.
Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына қатысты конституциялық
құқық, ең алдымен, әрбір адамның өзінің жұмыс күшін өзі дербес жұмсауынан,
мүдделеріне, кәсіби дайындығына, өзінің мүмкіндіктері мен қалауына қарай
кәсіп түрі мен қызмет түрін еркін таңдау құқығынан көрініс табады.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы кез келген нысандағы ұйымдарда
жалданбалы жұмыс істеуге, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, мемлекеттік,
әскери немесе кез келген өзге де қызметпен айналысуға, заңды тұлғаны
құрмастан жеке еңбек қызметімен айналысуға немесе ешқандай еңбек қызметімен
айналыспауға құқылы.
ҚР Конституциясының және ҚР Еңбек туралы заңының бұл ережелері
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10 желтоқсанда бекіткен
Адам құқықтары жалпы декларациясының және еңбек саласындағы бірқатар
халықаралық-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келеді.
Еңбек құқығының оқу пәні және құқық саласы ретінде қарастырмастан
бұрын, еңбек және құқық сөздерінің түп-төркініне көз жүгірткен жөн
болар.
Жалпы алғанда, құқық адамдардың әр түрлі қоғамдық қатынастардағы жүріс-
тұрыстарын реттейді, яғни, тәртіптейді, қалыпқа келтіреді, нормаларға
сәйкестендіреді. Еңбек құқығы атауының өзі бұл құқық саласының еңбекпен
байланысты қоғамдық қатынастарды, яғни, еңбек қатынастарын және еңбек
қатынастарынан туындайтын өзге де қатынастарды ретейтінін көрсетеді.
Ал еңбек дегеніміз не?
Еңбек адамның табиғи қажеттігі болып табылады. Маймылды адам еткен
еңбек деген пікірлер де бекер емес. Сонымен қатар, еңбек адамның өмір
сүруінің мағызды жағдайы болып табылады, себебі, ол адамның материалдық
және рухани қажеттіліктерін, басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана
иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, қағазға, оқуға, өнерге
және т.б. қатысты қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек
адамның ғана емес, сонымен қатар қоғамның да табиғи қажеттігі болып
табылады, себебі, еңбек қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады.
Өзінің саналы және тіпті санасыз ғұмырында адам әйтеуір ір нәрсені
жасап, дайындап, шығарып, өндіріп жатады. Басқаша айтар болсақ, адам 5-6
жасынан бастап еңбек ете бастайды: ата-анасының өтініші бойынша бір нәрсені
әкеліп береді, апарады, жылжытады және т.б. Адамның қолынан жасалған заттың
барлығы – инеден бастап ұлы жаңалықтарға дейін еңбектің нәтижесінде дүниеге
келген. Сонымен, кез келген адамның өмірі еңбексіз мүмкін емес, еңбек
барлығын жасайды, адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін
қамтамасыз етеді, ал бұлар, өз кезегінде, қоғамның материалдық негіздерін
құрайды. Жоғарыда атап өткеніміздей, еңбек адамның табиғи қажеттігінен
туындайды.
Еңбек – бұл еңбек өнімін алу үшін адамның дене, ақыл-ой, рухани
қабілеттерін жұмсау арқылы жүзеге асатын мақсатты қызмет.Еңбек дене, ақыл-
ой және рухани қабілеттіктерден туындайды да, бұлардың нәтижесінде
материалдық, рухани және санаткерлік құндылықтар жасалады.
Еңбек жеке шаруашылықта, бау-бақшада, тіпті үйде және өзге де жерлерде
жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай еңбекпен адамдардың басым көпшілігі бала
кезінен айналысады. Алайда, еңбектің бұл түрі еңбек құқығымен реттелмейді.
Сонда еңбектің қандай түрлері еңбек құқығымен реттеледі?
Көп жағдайда еңбек бірлескен немсе ұжымдық сипатты иеленеді. Бірлескен
еңбектің нәтижесінде адамдар қоғамдық еңбек қатынастарына қатысады. Мұнда
жағдайда еңбектің екі түрін ажыратып алған жөн: өз игілігіне бағытталған
жеке еңбек және жалданбалы еңбек. Дәл осы жалданбалы еңбек – жұмыс
берушімен қатынасқа түсуді еңбек құқығы реттейді.
Сонымен қатар, меншік иелері менменшік иесі емес тұлғалардың ұжымдық
еңбегін көздейтін еңбектің үшінші түрі – аралас нысандағы еңбек те болады.
Ескертіп өтетін бір жайт, еңбек құқығы тек жалданбалы еңбекке негізделген
еңбек қатынастарын ғана реттейді. Дербес еңбекке негізделген еңбек
қатынастары еңбек құқығының пәніне кірмейді. Мұндай қатынастарға жалданбалы
қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын жеке еңбек қызметі, меншік иесі-
кәсіпкерлердің, еңбек кооперацияларының қызметі және т.б. қызметжасады.
Мысалы, азамат жеке дербес еңбек қызметімен айналысып – заңды тұлғаны
құрмастан дәріхана, дүкен, шаштараз және т.б. орындарды ашып, қызметкерді
жалдамастан, өзі өз дәріханасында, дүкенінде, шаштаразында жұмыс істесе.
Жазушының, ғылымның, өнертапқыштың қоғамдық кооперациядан тыс жүзеге
асырылатын еңбек құқығының саласына жатпайды. Алайда, егер жазушының немесе
ғалымның еңбегі журнал редакциясының немес ғылыми мекеменің еңбек ұжымында
еңбек шартының шеңберінде жүзеге асырылатын болса, онда бұл қатынастар
еңбек құқығымен реттелетін еңбек қатынастарына айналады. Бірақ, Қарулы
Күштерде, ішкі істер органдарында, шекаралық әскерде, ішкі және сыртқы
барлауды әскери міндетін өткеру еңбек құқығының пәніне жатпайды, олар
әкімшілік құқықтың пәнін құрайды. Аталған органдардағы қызмет қарапайым
жұмыс пен еңбек қатынастарының шеңберінен шығып кетеді. Бұл қызмет
мемлекеттің қорғаныс функциясын орындаумен байланысты.
Сонымен, еңбек құқығының пәні болып тек еңбек қана емес, сонымен қатар
еңбек үрдісіндегі еңбек қатынастары және олардан туындайтын, еңбекке қатысы
бар қатынастар да табылады.

1.2. Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру ұғымы

Еңбек адамдардың өмір сүруінің маңызды шарты, олардың материалдық
және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру. Аса айтулы жаңалықтар
ашулардан бастап күнделікті өмірдегі ең қарапайым заттарға дейін адам
жасаған игіліктердің бәрі оның мақсат-мүдделі, саналы еңбек қызметінің
нәтижесі болып табылады. Кең мағынада алғанда адамдардың еңбек қызметі
қоғам өмірінің табиғи қажеттілігі, оның материалдық негізін қалыптастыру
ретінде көрінеді.
Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру ұғымын терең түсіну үшін кейбір бастапқы
ережелерді қарастыру қажет. Бұл, ең алдымен, материалдық және рухани
игіліктерді жасауға бағытталған адамның мақсатты қызметі ретіндегі еңбектің
сипаттамасы. Бұл жағдайда әңгіме еңбек процесінің өзі турлы, адам мен
табиғат арасындағы қатынастар туралы болып отыр. Адамның мақсатты қызметі,
еңбектің мәні (бұл қызметтің неге бағытталғаны) және өндірістің заттай
элементтері, яғни еңбек құрал-жабдықтары ретінде еңбекті біріктіру еңбектің
ұйымдық-техникалық сипаты туралы түсінік береді. Екінші жағынан, кез-келген
қоғамдық өндіріс адамдардың бірлескен, ұжымдық ызметін көздейді. Бұл ретте
әңгіме өндіріс процесіндегі адамдарарасындағы қатынастар туралы болып отыр.
Адамдардың бірлескен еңбек процесіндегі олардың еңбегін пайдалану жөніндегі
адамдар арасындағы қалыптасқан барлық қатынастардың жиынтығы еңбекті
қоғамдық ұйымдастыру (қоғамның немесе жеке кәсіпорын ауқымында) ұғымы
туралы түсінік береді. Бұл орайда өндірістің техникалық жарақтануына
адамдардың бірлескен қызметінің тиімділігі байланысты болады.
Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру элементтері қатарына мыналар жатады:
қоғамның еңбек ресурстарының болуы мен олардың жай-күйі, ебекті бөлу мен
кооперациялау,еңбек тәртібін қамтамасыз ету және бірлескен еңбек процесін
басқару, еңбек шараларын және өндірістің басқа да жағдайларын белгілеу,
өндірілген өнімді бөлу тәртібі мен осы поцеске өндірушілердің өздерінің
қатысу деңгейі, жұмыс күшін ұдайы ұлғайту (кәсіби даярлық).
Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформа мен нарықтық
қатынастардың орнығуы жағдайларында еңбекті қоғамдық ұйымдастыру мәселелері
ерекше әлеуметік мңызға көтерілуде. Бұл өндіріс құрал-жабдықтарына меншік
қатынастарының түбегейлі өзгруімен, әрі соған сәйкес қоғамның жаңа
әлеуметтік құрылымын қалыптастырумен, еңбекті басқарудың тиімді тетігін
жасау қажеттілігімен, қоғамдық-еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің жаңа
нысандары мен әдістерін іздестірумен байланысты болып отыр. Бұл жағдайларды
жұмыс беруші мүдделері мен қызметкер мүдделері арасындағы теңдестікті
қамтамасыз ету проблемасы қолданылып жүрген заннамада қағидатты шешімін
алуы тиіс.
Ел Президентінің Қазақстан - 2030 Қазақстан халқына Жолдауында адам
ресурстарының жай-күйіне жоғары баға беріледі, ал олардың сапасы біздің
басты активтеріміздің қатарында қарастырылады. Республикада ғылыми және
творчестволық әлеуеттің жоғары деңгейіне ие болы отырғн жоғары білімді
халық бар, мұның өзі, сөз жоқ, біздің халқымыздың және бұрынғы жүйенің аса
ірі жеңісі болып табылады. Сонымен, бір мезгілде қолда бар еңбек ресурстары
қоғамның бағалы капиталы етінде неғұрлым жаңарған және өркениетті
нысандарда дамуы тиіс.
Еңбекті қоғамдық ұйымдастыруға, еңбек ресурстарын қайта бөлегу
мемлекеттің экономикалық саясаты тікелей әсер ееді. Табиғи ресурстарды
байыптап әзірлеу, инфрақұрылым, коммуникация және ақпарат секілді экономика
секторларының республика үшін елеулі маңызы бар. Оларды дамыту экономикалық
жағынан өсумен ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік саланың дамуымен де,
Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа интеграциясыме де
байланысты.Индустриальдық стратегия республиканың тіректі саласы – мұнай-
газ өндіру секторын, сондай-ақ барлық өндіруші өнеркәсіпті недәуір дамытуды
көздейді. Жеңіл және тамақ өнерәсібін, мұнай және газ өңдеуді, химия мен
мұнай-химия, машина жасаудың көмекші салаларын, түбегейлі ғылымды көп қажет
ететін өндірістерді, қызметтер көрсету, туризм салаларын жедел қарқынмен
дамыту көзделіп отыр. Артықшылықтар ретінде ауыл шаруашылығы, ағаш және
ағаш өңдеу өнеркәсібі, тұрғын үй құрылысы әрі инфрақұрылымды жасау одан әрі
дамиын болады. Осының бәрі экономиканың құрылмдық мәселелерін ғана емес,
сонымен бірге халықтың салалық жұмыспен қамтылуы мәселелерін де шешеді.
Қазақстан Республикасының экономикалық өсу стратегиясы бірқатар
негізгі қағыдаттарға құрылған, олардың арасынан – жеке меншік институтын
нығайтуды, соның ішінде жерге меншікті, сондай-ақ меншік құқығын қорғайтын
заң жүйесін жасауды бөліп көрсеткен жөн. Республикада кәсіпорындарды
жекешелендіру, негізінен, аяқталды. Сонымен қатар, өндірістің бірқатар
салаларында, ауыл шаруашылығында және әлеуметтік секторда нарықтық
қатынастардың деңгейі әлі де болса төмен күйінде қалып отыр. Осы
жағдаяттардың бәрі еңбек ресурстарын тиімді пайдалануда теріс ықпал етуде.
Соңғы жылдары республикада жеке кәсіпкерлік, шағын бизнес, кәсіпкерлік
қызмет бостандығына кепілдіктер белгілеу жөнінде мемлекеттік қолдау көрсету
тұрғысында бірқатар маңызды шаралар қабылданды. Мәселен, Қазақстан
Республикасының 1992ж. 4 шідедегі №1543-XI Жеке кәсіпкерлікті қорғау және
қолдау туралы Заңы жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдаудың негізді
нысандарын белгілейді, мемлекеттің жеке кәсіпкерлік қызметіне тікелей
араласуынан бас тарту саясатын, жеке кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін
жауапкершілігін баянды етеді. Қазақстан Республикасының Президентінің 1998
жылғы 27 сәуірдегі Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет
бостандығына құқықтарын қорғау туралы Жарлығында жеке және заңды
тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы үшін кедергілерді жою
жөніндегі шаралар көзделген, соның ішінде орталық детбес орган ретінде
Шағын бизнесті қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігі
құрылды.
Сөз жоқ, материалдық игіліктерді тікелей өндірушілер ретінде жалдамалы
қызметкерлер мүдделерін қорғау, олар үшін еңбектің салауатты әрі қауіпсіз
жағдайларын туғызу мызғымайтын бағыт болып қала береді. Мұның өзі меншік
иесі мен қызметкердің өндірістегі теңсіздігімен байланысты болып отыр,
сондықтан да мемлекет оларға еңбектің қалыпты жағдайларын жасау бөлігінде
жалдамалы қызметкерлердің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге тиіс.
Әсіресе жұмыстан босатылған қызметкерлерді және жұмыспен қамтылмаған
халықты кәсіби оқытып-үйрету еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың маңызды
элементерінің бірі болып табылады. Нарықтық экономиканы дамыту
жағдайларында еңбекті қолданудың жаңа салаларына азаматтарды даярлау
жұмыспен толық әрі тиімді қамтамасыз етуге ықпал ететін маңызды фактор
болып табылады, және халықты қорғаудың негізгі шараларының бірі ретінде
қарастырылады. Мысалы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Халықты еңбекпен қамту
туралы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, белгіленген тәртіп бойынша
жұмыссыз деп танылған адамдарды кәсіби дайындау, қайта дайындау, олардың
біліктілігін көтеру, жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік өкілетті органның
жолдамасы бойынша, еңбек рыногының мұқтаждығы ескертіліп, күшіндегі
заңнамаға сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен,
білім беру қызметіне құқығы бар кәсіпорындарда жүзеге асырылады.
Нарықтық экономиканың Қазақстан Республикасында қалыптасуының қазіргі
кезеңінде еңбекті қоғамдық ұйымдастыруды реттеу мәселесінде еңбек құқығының
рөлі артуда. Құқықтық реттеу өндірісті ұйымдастыруға, еңбек өнімдерін
таратып бөлуге және айырбастауға, бірлескен еңбек процесінде жұмыскерлердің
келісімді жұмысын қамтамасыз етуге, жекелеген адамдардың іс-әрекетін
өндірістің жалпы тәртібіне бағындыруға байланысты көптеген мәселелерді
қамтиды. Еңбек құқығы өндіріс процесінде адамдар арасында қалыптасатын
қатынасы сол қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен заңды міндеттерін
белгілеу арқылы ретейді, оған тиянақты форма, тұрақты сипат береді. Еңбек
қатынастарының құықтық формасы, қажет болған жағдайларда, тиісті мәжбүрлеу
әрекеттерімен қамтамасыз етіледі.
Еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың еңбек құқығы жүйесін құруда
объективтік фактор болып табылатындығын атап өткен жөн. Атап айтқанда,
еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың элементтері мен еңбек құқығының негізгі
институттары арасында заңды байланыс бар. Қоғамның еңбек ресурсының болуы,
оның жағдайы және пайдалануы еңбекпен қамтылу және жұмысқа орналасу
институтын құрайтын құқықтық нормалардың жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
Бұл институттың қызметтік рөлі құқықтық кепілдіктерді анықтауға, еркін
еңбекке, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға, жұмыссыздықтан сақтануға
конституциялық құқығын әр адамның іске асыруы үшін қажетті экономикалық
және ұйымдық негіздерді бекітуге келіп тіреледі. Мәжбүрлеп жұмыс істеуге те
сот үкімімен не төтенше соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
Еңбектің бөлінуіне және топтастырылуына еңбек құқығы нормаларының
жіктелуі ықпал жасайды. Еңбектің объективтік және субъективтік факторлары
жіктелудің негіздемесі болып табылады. Мысалы, экономиканың қандай да бір
саласының ерекшелігі, денсаулық үшін қауіпті жұмыс, өнеркәсіпте туындайтын
қиындық, қолайсыз табиғи жағдай, кәсіпорынның шалғай орналасуы, т.б.
объективтік факторларға жатады. Мұндай жағдайларда еңбек ақы төлеуде және
еңбекті қорғауда әртүрлі жеңілдіктер мен кепілдіктер, әлеуметтік
сақтандыру, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын тиісінше белгілеу заңнамада
көзделеді. Жұмыскердің жынысы, жасы, жұмыс істеу қабілетіндегі кемдік
жағдаяттың субъективтік жағына жатады. Бұл жағдайда да осы адамдардың
еңбегін ұйымдастырудың өзінше тәртібі, оларға жеңілдіктер мен кепілдіктер
беру заңнамада көзделеді.
Еңбек тәртібін қамтамасыз ету және бірлескен еңбек процесін басқару –
еңбек тәртібі институтының басты міндеті. Құқықтық санат ретінде еңбек
тәртібі өзара міндеттемелерге негізделген: жұмыскердің міндеттемесі – ішкі
еңбек тәртібінің ережелеріне бағына отырып өзіне жүктелген еңбектік
індетерді ойдағыдай орындау және жұмыс берушінің мінеттемесі – материалдық
және моральдық мадақтау шараларын пайдалана отырып кәсіпорынның қажетті
жұмыс режимін сақтау, жұмыскерлердің бірлескен еңбек процесін еңбек
заңнамасының, ұжымдық және жеке еңбек шарттарының шеңберінде басқаруды
қамтамасыз ету.
Еңбек өлшемін және өндірістің басқа да жақтарын белгілеу жұмыс уақыты
мен демалыс уақыты, еңбекті қорғау,т.б. институттарды құқықтық еттеудің
мәнін құрайды. Бұл өндірістің ерекшелігі мен сипатын ескере отырып еңбектің
ұзақтығын, демалыс уақыттарының түрлерін жұмыс процесі кезінде адамның
қауіпсіздігіне, денсаулығының, жұмыс қабілетінің сақталуына кепілдік
беретін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық және емделу-сауықтыру
шаралары мен құралдарын белгілеу жолымен қамтамасыз етіледі.
Өндірілген өнімнің таратылу тәртібі және өндіруілердің өздерінің сол
процеске қатысу дәрежесі еңбек ақы төлеу институтымен байланысты. Бұл
институт еңбек ақы төлеу саласында жұмыскерлерді әлеуметтік қорғаудың
құқықтық негіздері, сондай-ақ мемлекеттің ең аз мөлшерден төмен емес еңбек
ақы төлеу кепілдемесін анықтайды. Ал мемлекет еңбек ақының бұрын болған ең
жоғарғы мөлшерін алып тастады. Еңбек ақы төлеуді мемлекет тарапынан
реттеуді орталықтандыру шарттық әдістермен үйлесімін тауып отыр. Нарықтық
экономика жағдайында еңбек ақыны ұжымдық-шартты және жеке-шарттық ретеудің
өзіндік салмағы артады. Еңбек ақы төлеуді реттеудің орталықтандырылған
тәртібін алатын болсақ, ол мемлекеттік сектордың, негізінен, мемлекеттік
бюджет есебінен қарыландырылатын мекемелері мен ұйымдарының қызметкерлеріне
таралады.
Жұмысшы күшін, әсіресе босап қалған жұмыскерлер мен жұмыссыздарды
кәсіби оқу жүйесі арқылы қайта дайындау үшіндегі заңнамада көзделген
жеңілдіктер арқылы жүзеге асырылады. Бұл білімдендіру жүйесінің құрылымын
білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдар құрайды. Мұндай оқу орындарын
бітірушілерге әлеуметтік-құқықтық қорғау шаралары белгіленген. Белгіленген
тәртіп бойынша жұмыссыз деп танылған адамдарға кәсіби білім беруді
ұйымдастыру мәслесіне заңнамада ерекше көіл бөлінген.
Еңбекті қоғамдық ұйымдастыруды дамытуға, сөзсіз, өндірістің техникалық
жабдықталу деңгейі әсер етеді. Еңбектің техникалық құралдарын пайдалану,
оларды ұдайы күрделендіру адамд техникаға бейімдеуді, оны алдын ала оқытып
дайындауды, еңбек құралын пайдалануға дағдыландыруды талап етеді. Осы
мақсатта ГОСТ-тар, пайдаланудың ехникалық ережелері, санитарлық-гигиеналық
нормалар, техникалық қауіпсізді ережелері, т.б. белгіленеді. Мұның бәрі
құқық нормаларының көмегімен машиналардың, станоктардың және басқа
техникалардың дұрыс пайдалануын және жұмыскердің қауіпсіздігімен, оның
денсаулығын қорғаумен байланысты теріс зардаптардың алдын алуын қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді. Күшіндегі заңнамағасәйкес ыңғайлы және қауіпсіз
жұмыс жағдайын тудыру, ол жайында еңбек ұжымынуақтылы хабарландыру жұмыс
берушіге жүктеледі. Сонымен қатар, жұмыс берушінің кәсіпорында ыңғайлы да
қауіпсіз жұмыс жағдайын қамтамасыз ету жөніндегі және жұмыскердің еңбекті
қорғау туралы стандарттарды, ережелерді, нормаларды және нұсқауларды
сақтауы жөніндегі міндетемелер ұжымдық шарттарда да көзделуі тиіс.
Ерікті еңбек құқығы Еңбек ету құқығы – жұмыс берушімен қызметкердің
еңбек міндеті бойынша олардың арасындағы жеке еңбек шарты негізінде
туындайтын қатынастарды реттейді. Еңбек құқығы сонымен қатар еңбекақы,
еңбек тәртібі жұмыс уақытын белгілеу еңбекті қорғау қатынастарын да
реттейді. Еңбек етуге құқылтылық ҚР-ның концтитуциясының 24 бабында
жарияланды. Еңбек етуге бостандық құқығы әрбір адамның өзінің еңбекке
қабілеттілігін дербес пайдалана білуін қызмет пен мамандық түрін еркін
таңдай алатындығын білдіреді. Қоғамдық еңбектің 2 түрі бар:
1) дербес еңбек және жолдамалы еңбек
2) қызметкерлердің жұмысты үйінде, яғни үйге алып істейтін және маусымдық
түрлері болады.
Жас азаматтар таңдап алуға болатын мамандық түрлері көп. Бірақ осы
мамандықтардың бәрін білімді және жоғарғы оқу орындарында оқуды талап
етеді. ҚР еңбек туралы заң 1999 жылы 10 желтоқсанда қабылданып 2000
жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. ҚР-да нәсілшілдік, ұлттың, жыныстық белгі,
тіл, діні, әлеуметтік тегі және әлеуметтік жағынан кімге жататындығы
бойынша кемсітушілікке жол бермейтін еңбек туралы заңның шетелдіктерге
толықтай қатысы бар. Еңбек шарты қызметкермен жұмыс беруші арасында жазбаша
түрінде жасалатын келісім.
Жеке еңбек шартын жасау мерзімдері:
1) белгісіз мерзімге уақыты көрсетілмейді
2) белгілі бір мерзімге 1 жылдан аспайтын
3) істелетін жұмыстың аз уақытта атқарылатына байланысты
4) жеке еңбек шарты 16 жасқа толған соң жасалады
5) жұмысқа олар кезде сынақ мерзімін белгілеу мүмкіндігі қарастыралады
Қызметкерлердің жұмыс берушіні 1 ай бұрын жазбаша ескерту арқылы, еңбек
шартын бұзуға құқысы бар. Еңбек кітапшасы, жеке еңбек шарты, ұйым басшысы,
нотариуспен куәләндірілған жұмысқа қабылдау, не жұмыстан шығару, еңбек
қызметін растайтын құжаттар болып табылады. Жұмыс уақыты бұл қызметкердің
жұмыс берушілердің актілеріне және ішкі еңбек шартының талаптарына сәйкес
өзінің еңбек міндеттерін орындауға кететін уақыты. Еңбек туралы заңдар 18
жасқа толмаған қызметкерлер үшін жұмыс уақыты белгіленген. 16 – 18
жастағылар аптасына 36 сағат жұмыс жасайды. Ауыр еңбек жасайтындар 6 сағат
жұмыс жасайды.

2.1. Еңбек құқығының рөлі, міндеттері және функциялары

Еңбек құқығының рөлі, міндеттері және функциялары өзара тығыз
байланысты болады. Олар қызметкердің, жұмыс берушінің, өндірістің, қоғамның
және мемлекеттің мүдделерін білдіреді.
Қызметкер мен жұмыс беруші еңбек шартынжасасқан жағдайда еңбек
қатынастарына түседі, бұл ретте олардың әрқайсысына өз мақсаттарын
көздейді. Сондықтан, еңбек құқығының негізгі рөлі – реттеушілік рөл. Еңбек
құқығы адамдардың еңбек үрдісі кезіндегі жүріс-тұрысын реттейді, еңбек
қатынастарының екі тарабы да бағынуы тиіс нормаларды анықтайды. Бұл
ережелер мен нормалар өндірістің міндеттеріне жауап береді, қызметкерлердің
еңбегін, құқықтары мен мүдделерін қорғайды, жұмыс беруші мен қызметкердің
еңбек құқықтары мен міндеттерінің жүзеге асуын және олардың кепілдіктерін
қамтамасыз етеді.
Сөйтіп, еңбек құқығы толығымен еңбек қатынастарының салыстырмалы
түрде қорғалаған тарабы – қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға
бағытталған. Бұдан шығатын қорытынды, еңбек құқығы функцияларының бірі –
қорғау функциясы.
Сонымен қатар, еңбек құқығының рөлі өндірістің тиімділігіне және
өсуіне, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек тәртібін нығайтуға,
қызметкерлердің еңбек жағдайы мен тұрмысын жақсартуға жағдай жасаудан
көрініс табады.
Еңбек құқығының міндеттері, ең алдымен, еңбекті құқықтық реттеудің
мақсаттарына – еңбектің тиімділігін арттыруға, еңбек жағдайының жоғары
деңгейіне жетуге, қызметкерлердің құқықтарын жан-жақты қорғауға
бағытталған.
Еңбек құқығының функциялары – бұл еңбек құқығы нормаларының күшінің
негізгі бағыттары. Оларға жоғарыда аталған реттеуші және қорғаушы
функциялар жатады. Еңбек құқығының ерекше функцияларының қатарынан
әлеуметтік, қорғаушы, шаруашылық - өндірістік, тәрбиелеу және өндірістік
демократияны дамыту функцияларын атауға болады.
Еңбек құқығының құрылымы – деп, құқық элементтерін, қоғамдық
институттарды, нормаларды біріктіретін жүйені айтады. Бұл анықтау құқығы
құрылымының кең және тар мағынасында түсіндіріледі. Тар мақсатында –
құрылым деп бір ғана жүйе құрайтын қатынастарды, ал кең мағынада –
элементтері жалпы және жеке деп бөлінеді. Жалпы бөлімге ұжымдық шарт,
қызметкерлері мен жұмыс берушінің негізгі құқығы мен міндеттері, жеке еңбек
шарты, басқа жұмысқа ауыстыру, қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек
қатынастарын реттеуі жатады.
Ерекше бөлімге жұмыс уақыты, демалыс уақытын белгілеу, жалақы және
еңбекті нормалау, қызметкерлерге кпілдіктер беру мен өтемақы төлеу,
қызметкерлерді көтермелеу мен жазалау шарттары, еңбек даулары, халықты
жұмыспен қамту, ұжымдық еңбек аулылары заңның сақтауын бақылау институттары
жатады [ҚР-ң еңбек құқығы (оу құралы) О.Қағазов, Алматы 2003 жыл, 9 бет].
Әлеуметтік функция халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді,
еңбекке, еңбектің қауіпсіз жағдайларына және еңбекті қорғауға қатысты
құқыққа кепілдіктерді жүзеге асырады.
Қорғау функциясы еңбек жағдайының жоғары деңгейін, нңбек заңдарының
нормаларын орныдауға бақылау жүргізуді қамтамасыз етуге, еңбек заңдарының
бұзылған ережелерін қалпына келтіруге, еңбек дауларын шешуге бағытталған.
Шаруашылық - өндірістік функция өндірістің тиімділігін, еңбектің
өнімділігін көтеруді, еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануды, еңбек тәртібін
нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Тәрбиелеу функциясы еңбек тәртібін сақтауды талап етуден, материалдық
және моральдық жауапкершілік мәселелерінен көрініс табады.

2.2. Еңбек құқығының сабақтас құқық салаларынан айырмашылығы

Қазақстан Республикасындағы еңбек құқығына қатысты сабақтас құқықтар
болып азаматтық құқық, әкімшілік құқық, аграрлық құқық және жер құқықтары,
әлеуметтік қамтамасыз ету құқықтары табылады.
Еңбекті қолдануға, оның жағдайларына және ұйымдастырылуына қатысты
дау туған жағдайда осы даудың еңбек құқығының әніне жататындығын немесе
даудың өзге құқық салаларының нормаларымен қарастырылатынын анықтау үшін
еңбек қатынасының белгілерін талдау қажет. Бұның маңызы өте зор, себебі,
осындай талдаудың нәтижесіне тиісті құқықтық салдар туындайды.
Еңбек заңдары азаматтық заңдармен өте тығыз байланысты. Азаматтық
заңдар қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар-ақшалық және өзге де
қатынастарды, еңбекпен және оның нәтижелерімен байланысты мүліктік
қатынастарды реттейді. Яғни, азаматтық құқықтың пәніне белгілі бір жұмысты
оындаумен немесе қызмет көрсетумен (тұрмыстық мердігерлік шарты, тапсырма,
әдеби тапсырыс және т.б.) байланысты қатынастар кіреді. Бұл қатынастар
еңбек қатынастарына өте жақын және оларға ортақ спаттар тән: олар еңбекпен
байланысты, еңбек шартына негізделеді, ақылы сипатқа ие. Жеке меншіктің
туындауына және өсуіне байланысты жұмыс істейтін тұлғалар еңбек
қатынастарына жалданбалы қызметкер ретінде де, өндірістің меншік иесі
ретінде де қатысуы мүмкін. Бұл еңбек және мүліктік қатынастарының белгілі
бір деңгейде бірігуіне әкеледі. Алайда, олардың қандай құқық саласына
жататынын анықтайтын өздеріне тән айырмашылықтары да бар.
Бұл қандай айырмашылықтар?
Біріншіден, еңбек қатынастарының пәні және негізгі мазмұны болып
еңбек үрдісі, ал азаматтық қатынастардың (тұрмыстық мердігерлік, тапсырма,
әдеби тапсырыс шарттары бойынша) пәні болып еңбектің өнімі табылады.
Екіншіден, қызметкер еңбек қатынастарында белгілі бір жұмысты (білгілі бір
мамандық, біліктілік, лауазым бойынша) істеуге міндеттенеді. Үшіншіден,
қызметкер өзінің жұмысын белгілі бір ұжымның шеңберінде атқарады, мұнда ол
еңбек шарасын орындауға, жұмыс уақытының режимін сақтауға, ішкі еңбек
тәртібінің ережелеріне бағынуға міндеттенеді.
Ал азаматтық қатынастарды аталған талаптарды орындау міндетті емес.
Яғни, қызметкер еңбек ұжымының құрамына кірмейді, оған еңбек шарасын
орындау, ұйымның жұмыс режимін сақтау, ішкі еңбек тәртібінің белгіленген
ережелеріне бағыну қажеттігі таралмайды. Басқаша айтар болсақ, азаматық
қатынастарда кімнің, қандай мерзімде, қандай еңбек нормасына негізделе
отырып жұмыс істейтіні емес, мұнда белгілі бір жұмысты сапалы және уақтылы
орындау маңызды болып табылады. Мысалы, қоршау жасаудың қажеттігі туды
делік. Еңбек заңдарының нормаларына сәйкес шартқа тұрған қызметкер ғана осы
жұмысты орындау қажет. Сонымен қатар, ол еңбек тәртібін сақтай отырып, ішкі
еңбек тәртібініңережелеріне бағына отырып (белгілі бір ауысымда), белгілі
бір ұжымда жұмысты орындауы қажет және еңбек нормасын күнделікті орындауы
тиіс. Азаматық қатынастарда бұл жұмысты қызметкердің өзі немесе оның
бригадсы не оның қызметкері не барлығы кезектесе отырып орындай алады. Олар
күндіз немесе түнде, күн сайын не белгілі бір уақыт өткен сайын жұмыс
істеуі мүмкін – бұлардың барлығы маңыды емес. Ең маңыздысы – қоршау сапалы
және аталған мерзімде жасалуы тиіс.
Бұдан шығатын қорытынды, еңбек қатынастары мен азаматтық-құқықтық
қатынастарды ажырату олардың мазмұнына қарай жүргізіледі. Егер еңбек
құқығының пәні болып тірі еңбек барысындағы еңбек қатынастары табылса,
азаматтық құқықтың пәні болып заттандырылған еңбек немесе еңбек өнімі, оның
нәтижесі табылады. Алайда, еңбек және азаматтық қатынастарды ажыратуға
қатысты даулы жағдайларда еңбек құқығының нормалары үстемдікке ие болады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1-бабына сәйкес, бұл қатынастар
еңбек заңдарымен реттелмеген жағдайда ғана, еңбек қатынастарына азаматтық
заңдар қолданылады.
Сонымен, азаматтық заңдар қоғамдық еңбекке қатысты мүліктік
қатынастарды реттейді, алайда, еңбек үрдісі кезіндегі қатынастарды
реттемейді. Еңбек заңдары еңбек үрдісін реттейді және қызметкер үшін
белгілі бір құқықтық режимді, құқықтық кепілдіктерді белгілейді.
Жер құқығы мен аграрлық құқықтың да еңбек құқығына ұқсас сипаттары
көп, олар бірлескен еңбекті реттейді, оларға еңбекті және қызметкерлердің
еңбк құқықтарын қорғау тән. Алайда, еңбек құқығы мен бұл құқық салаларының
арасында бірқатар айырмашылықтар да бар. Еңбек құқығы ербес емес
(жалданбалы) еңбекке негізделетін еңбек қатынастарын реттейді. Жер және
аграрлық құқықтар еңбек және өндіріс құралдарының меншік иесі болып
табылатын, сондықтан да жалданбалы еңбек субъектілерінің қатарына жатпайтын
кооператор-қызметкерлердің еңбек қатынастарын реттейді.
Еңбек құқығына қатысты сабақтас құқық салаларының қатарынан әкімшілік
құқықты да атауға болады. Басқарушылық топтың еңбегін ұйымдастыру,
кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер басшылығының және мемлекеттік
қызметшілердің құқық субъектілігі мәселесіне клгенде, бұл екі құқық
саласының ортақ жері көп. Кәсіби қызметтің бұл түрі бір езетте еңбек және
әкімшілік құқық нормаларын қолдануды көздейді. Сондықтан, бұл қатынастар
ҚР ҚР еңбек туралы заңымен де, ҚР Мемлекеттік қызмет туралы заңымен
де реттеледі.
Соған қарамастан, еңбек және әкімшілік құқықтарының өздеріне тән
айырмашылықтары да бар. Олар реттеу пәні мен әдістеріне қатысты. Егер еңбек
құқығы қызметкер мен жұмыс берушінің ебек үрдісіндегі қатынастарын реттесе,
әкімшілік құқық тиісті лауазымды тұлғалардың құзыретіне қатысты, қызметке
алу мен босатумен, тәртіптік жазалар тағайындаумен және т.б. байланысты
қатынастарды реттейді.
Енді еңбек құқығының әлеуметтік қамтамасыз ету құқығымен ара-
қатынасын қарастырып өтелік. Әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы дербес
құрылым ретінде, құқық саласы ретінде салыстырмалы түрде жақында, қткен
ғасырдың 60-70 жылдары қалыптасты. Бұған дейін әлеуметтік қорғау
нормаларының басым көпшілігі еңбек құқығы саласына кіретін. Осылай, бұл екі
құқық сласын тарихи түп-тамыр байланыстырады. Сонымен қатар, оларды
құқықтық реттеудің пәні мен әдістерінің ортақ сипаттары да байланыстырады.
Егер еңбек құқығының басты пәні болып қызметкер мен жұыс берушінің
арасындағы еңбек қатынастары табылса, әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы
азаматта қандай да бір себептермен жұысқа қабілеттігін уақытша не тұрақты
жоғалтқан немесе зейнеткер жасына жеткен жағдайда, оларды материалдық
қамтаасыз ету үрдісінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Әдетте
бұл қатынастар еңбек қатынастарымен тығыз байланыста болады. Мұндай
жағдайда азаматтарды материалдық қамтамасыз етудің мөлшері олардың еңбек
қатынастары үрдісінде алған жалақысына және еңбек стажына сәйкес
есептеледі.
Сонымен қатар бірқатар айырмашылықтар да бар. Оларды мынадан байқауға
болады. Азаматтар еңбек қатынастарында еңбек құқығын жүзеге асырады, ал
әлеуметтік қорғау құқығының реттеу пәніболып материалдық қамтамасыз етуге
қатысты құқықтық жүзеге атыру болып табылады. Еңбек қатынастары үрдісінде
жалақы төлеу қызметкер жұмыс істейтін кәсіпорынның, ұйымның немесе
мекеменің қорынан жүзеге асырылады. Ал әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы
жәрдемақылар мен зейнетақыларды орталықтандырылған қорлардан төлеуді
көздейді. Сонымен қатар, әлеуметтік қамтамасыз ету құқығына еңбек
құқығындағы материалдық төлемдердің шаттық әісі тән емес. Құзыретті
органдар қабылдаған ұқық нормаларының негізінде азаматтар материалдық
қамсыздандырылады, сондықтан мұндай шараларды өзгертуге және тараптардың
келісіімен нақтылауға болмайды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек құқығының пәні туралы түсінік
Еңбек құқығының пәні туралы
Қылмыстық жазаның жүйесі мен түрлері
Материалды жауапкершілік қатынастары
Еңбек құқығының әдісі
Еңбек құқығы жүйесі
ҚР еңбек құқығы
Еңбек құқығының пәні, әдістері және жүйесі
Адвокатура және нотариат-түсінігі
Еңбектік құқықтық қатынастар
Пәндер