Алматы-Атырау учаскесінің проблемалары



Мазмұны
Кіріспе
1
1.1 Алматы.Атырау учаскесінің проблемалары
1.2 Жалпы ТОБЖ
1.3 Кабельдер туралы
1.3.1 МКПАБ
1.3.2 ТОК
1.3.3 ОМКС
2
2.1 Құрылғылар
2.2 Жарық көздерінің қызмет көрсету уақыты
2.3 Қандай жарық көзін қолдану қажет
2.4 Шалаөткізгіштер
2.5 Жарықты электрлік тоққа
2.6 НРП,ОРП
2.7 Топология туралы
Телекоммуникация және ақпараттарды жіберу саласы көбінесе ресурстар бағаларының өсуі мәселелерімен бетпе бет кездеседі. Бұл мәселелердің туындауының басты себебі Internet желісін қолданушы адамдар санының күрт өсіп кетуімен, өзара байланысқан халықаралық деңгейде жұмыс істейтін операторлардың және жіберілетін ақпарат көлемінің артуымен байланысты болса керек. Орташа есеппен алғанда бір Internet қолданушыға арналған жіберу сызығы қақынды түрде дамып келеді. Сондықтан, байланыс құралдарын жеткізушілер заманауи ақпараттық желілерді тұрғызу үшін талшықты – оптикалық кабельді жүйелерді кеңінен қолданады. Бұл тек ұзын телекоммуникациялық магистральдерді тұрғызу үшін ғана емес, сондай-ақ жергілікті есептеуіш жүйелерді тұрғызғанда да қолданылады. Қазіргі заманда оптикалық талшық (ОТ) ақпарат жіберу үшін ең қолайлы физикалық орта болып табылады. Сондай-ақ, ұзақ қашықтыққа көптеген ақпараттар ағынын жіберу үшін де ең перспективті орта болып табылады. Бүгінгі таңда талшықты оптика ақпарат таратумен байланысты барлық салаларда кең қолданысқа ие.
Дипломның мақсаты: Алматы-Атырау темір жол учаскесіндегі оптикалық желілерді құру әдістерін және жалпы ТОБЖ техникалық қасиеттерін, көрсеткіштерін, сипаттамаларын зерттеу.

Мазмұны

Кіріспе

1

1.1
Алматы-Атырау учаскесінің проблемалары

1.2
Жалпы ТОБЖ

1.3
Кабельдер туралы

1.3.1
МКПАБ

1.3.2
ТОК

1.3.3
ОМКС

2

2.1
Құрылғылар

2.2
Жарық көздерінің қызмет көрсету уақыты

2.3
Қандай жарық көзін қолдану қажет

2.4
Шалаөткізгіштер

2.5
Жарықты электрлік тоққа

2.6
НРП,ОРП

2.7
Топология туралы

КІРІСПЕ

Телекоммуникация және ақпараттарды жіберу саласы көбінесе ресурстар бағаларының өсуі мәселелерімен бетпе бет кездеседі. Бұл мәселелердің туындауының басты себебі Internet желісін қолданушы адамдар санының күрт өсіп кетуімен, өзара байланысқан халықаралық деңгейде жұмыс істейтін операторлардың және жіберілетін ақпарат көлемінің артуымен байланысты болса керек. Орташа есеппен алғанда бір Internet қолданушыға арналған жіберу сызығы қақынды түрде дамып келеді. Сондықтан, байланыс құралдарын жеткізушілер заманауи ақпараттық желілерді тұрғызу үшін талшықты - оптикалық кабельді жүйелерді кеңінен қолданады. Бұл тек ұзын телекоммуникациялық магистральдерді тұрғызу үшін ғана емес, сондай-ақ жергілікті есептеуіш жүйелерді тұрғызғанда да қолданылады. Қазіргі заманда оптикалық талшық (ОТ) ақпарат жіберу үшін ең қолайлы физикалық орта болып табылады. Сондай-ақ, ұзақ қашықтыққа көптеген ақпараттар ағынын жіберу үшін де ең перспективті орта болып табылады. Бүгінгі таңда талшықты оптика ақпарат таратумен байланысты барлық салаларда кең қолданысқа ие.
Дипломның мақсаты: Алматы-Атырау темір жол учаскесіндегі оптикалық желілерді құру әдістерін және жалпы ТОБЖ техникалық қасиеттерін, көрсеткіштерін, сипаттамаларын зерттеу.
Дипломның өзектілігі. Қазіргі таңда барлық әлем бойынша байланысты жетілдіру және телекоммуникациялық желілерді жаңарту мақсатында тозығы жеткен, физикалық шаршаған мыс сымды кабельдердің орнына, жылдымдығы жоғары, көлемі әлдеқайда кіші, жарық жылдамдығымен ақпарат тарата алатын талшықты-оптикалық байланыс кабельдерін ауыстыру жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнде көптеген компаниялар талшықты оптикалық технологиялардың саласында интенсивті зерттеулер жүргізіп жатыр. Бұл мәселелер қазіргі таңда ең өзекті тақырып болып табылады.
Талшықты-оптикалы байланыс сымдарын (ТОБС) кеңінен қолдану шамамен осыдан 40 жылдай бұрын басталды. Ол кезде талшықты дайындау технологиясы бізге үлкен байланыс сымдарын тұрғызуға мүмкіндік берді. Қазір ТОБС инсталляция көлемі айтарлықтай деңгейде өсті. Аймақаралық масштабта алатын болсақ, синхронды цифрлық иерархия (SDH) талшықты-оптикалық жүйелер құрылысын атап айтуға болады. SDH-ға деген қызығушылық, бұл технологияның импульсті-кодты модуляция (ИКМ) және плезиохронды сандық иерархияның PDH орнына келгеніне байланысты туындап отыр. Жергілікті SDH желілері 2 Мбитс ағындарымен операциялар жасауға мүмкіндік беретін шет елдік заманауи сандық АТС-терді орнату нәтижесінде қарқынды түрде қолданысқа енгізіліп жатыр.
Синхронды сандық иерархия (ССИ) осыған дейінгі қолданылып келген жүйе технологияларымен салыстырғанда көптеген артықшылықтарға ие. Ол талшықты-оптикалық тарату желілерін және радио релелілік тарату сымдарының мүмкіндіктерін (ТОТЖ және РРТС) толығымен жүзеге асыруға және иілгіш, эксплуатация жасауға, желі байланыстарына ыңғайлы желілер құруға рұқсат етеді. Бұл жоғары байланыс тудыруға кепілдеме береді. Осылайша, SDH концепциясы автоматтандырылған басқару процесстері, контроль және бір жүйеге біріктіру барысында желіге қызмет көрсету сияқты сандық ақпарат таратудың жоғары сапалы процесстерін байланыстыруға мүмкіндік береді.
ССИ жүйелері 155 Мбитс және одан да жоғары жылдамдықта ақпарат тарата алады және барлық сандық жүйелердің сигналдарын транспортировка жасауды қамтамасыз етеді. Мысалы, қалалық желілерде кеңінен таралған ИКМ-30, сондай-ақ, перспективасы зор жаңа желілер. ССИ аппаратурасы программалық басқарылады және түрлендіру, тарату, оперативті ауыстырып қосу, контроль, басқару сияқты барлық операцияларды өзіне интеграциялайды.
Заманауи талшықты-оптикалық кабельдердің (ТОК) пайда болуы сызықтық тракттарда (СТ) жоғары жіберу жылдамдығын тудыруға мүмкіндік берді. Талшықты-оптикалық кабельдерде жіберудің сандық жүйесі 100 км дейін және одан да жоғары қашықтыққа да әсер етеді. Бұл сызықтық тракттардың өндірімділігі, сандық тракттардың өндірімділігімен салыстырғанда 100-ден асады. Ол оның экономикалық эффективтілігін арттырады. Регенераторлардың көбі ақырғы және транзитті станцияларды біріктіруге мүмкіндігі бар. Осылайша, ССИ-жіберудің жаңа жай жүйесі ғана емес, бұл жүйелік архитектурадағы принципиалды өзгерістер, басқаруды ұйымдастыру деген жорамалға келеміз. ССИ-ді қолданысқа енгізу сандық байланыс жүйесіндегі дамудың жаңа сатысы десек те болады.
Жергілікті және аймақтық жүйелерде Ethernet, FDDI, Fast Ethernet, Gigabit Ethernet, ATM талшықты-оптикалық интерфейстер біздің өмірімізде өз орындарын тапты.
Бүгінгі таңда бүкіл әлем бойынша байланыс қызметін көрсететін компаниялар бір жыл ішінде жер асты, океандар, өзендер, көлдер түбінде, тоннельдер мен коллекторларда, ӘБЖ-лерінде талшықты-оптикалық кабельдердің ондаған километрін төсеумен айналысуда.
Талшықты-оптикалық технологияларды зерттеу жұмыстарымен көптеген компаниялар айналысуда. Олардың ішіндегі ең ірілері: IBM, Lucent Technologies, Nortel, Corning, Alcoa Fujikura, Siemens, Pirelli.
Осы аталған компаниялардың ішінен қарқынды дамып келе жатырған компания ретінде жоғары плотты толқындық мультиплексирлеу жасайтын DWDM (Dense Wavelength Division Multiplexing) айтуға болады. Ол талшықты-оптикалық магистральдардың өткізгіштік қабілетін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
ТОБЖ-ны қолдану аясы кең. Қалалық немесе ауылдық желілер, ұшақтар, ракета, корабльдер және т.б көптеген ақпаратты үлкен ара қашықтықтарға беру үшін арналған желілерде қолданылады.
Оптикалық талшықты байланысты негізге ала отырып, ақпарат алмасудың жаңа жүйелерін жасауға болады. ТОБЖ базасында көп мақсатта қолдануға арналған бірлік интегралды жүйе өрбиді. Талшықты-оптикалық желілерді кабельді телевидение өндірісінде пайдаланудың болашағы зор. Ол суреттің жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді және абоненттерге ақпараттық қызмет көрсетудің мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңітеді.
Көп каналды ТОТЖ елдің аймақтық және магистральдық байланыс желілерінде, сондай-ақ қалалық АТС арасындағы байланыс желілері үшін көп пайдаланады. Оны былайша түсіндіруге болады, бір оптикалық талшық бойында бір уақытты әр түрлі ұзындықтағы толқынды ақпараттық сигналдар орналасуы мүмкін яғни, оптикалық кабельмен (ОК) көптеген көлемдегі ақпарат жіберуге болады. Жер асты оптикалық магистральдері эффективті және экономикалық тиімді болып табылады.
Талшықты оптикалық байланыс желілерінде (ТОБЖ) ақпарат алмасудың сандық жүйелері жіберудің физикалық талаптарына жауап беретін жүйе ретінде кең қолданысқа ие бола бастады.
Оптикалық кабельдер негізінде әртүрлі топологиялы (сақина тәрізді, жұлдыз тәрізді және т.б) жергілікті есептік желілер құрылады. Бұндай желілер есептік желілерді үлкен өткізгіштік қабілеті бар, сапасы жоғары, бұзып кіруден қорғалған ортақ ақпараттық желіге біріктіруге мүмкіндік береді. Бір сөзбен айтқанда бүгінгі таңда талшықты оптикалық кабель нарықтың барлық талаптарына сай.
Талшықты-оптикалық кабельді теміржол саласында аздаған уақыттан бері қолдануда. Қолданылып отырған кабель Транстелеком АҚ тиесілі, темір жол бұл каналдағы кабельдерді тек жалға алады. Жалға алу құны өте жоғары болғандықтан, бұл дипломдық жұмыста өзіміздің оптикалық талшықты кабельді монтаждап, эксплуатация жасаған қаншалықты пайдалы болатыны көрсетілмек. Бұл мысал үшін ара қашықтығы 2675 км болатын Алматы станциясынан Атырау станциясына дейінгі темір жол учаскесін алдым. Аталған учаскеде шығынды азайту мақсатында, Қандыағаш-Атырау темір жол учаскесіне талшықты-оптикалық кабелін үшін эффективті аппарат. Бұл дипломды жұмыстың мақсаты мен жаңашылдығын анықтайды.

1 ДИПЛОМ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША АНАЛИТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

1.1 Алматы-Атырау учаскесі туралы мәлімет

Қазіргі уақыттағы ТОБЖ-нің жағдайын қарастыру және анализ жасау. Алматы-Атырау темір жол учаскесінің ұзындығы 2774 км. Оның Алматы - Қандыағаш темір жол учаскесінде ТОБЖ төселген.
Төселген ТОБЖ ұзындығы 2249км. Ал Қандыағаш-Атырау темір жол учаскесіне ТОБЖ-ны төсеуге жоба жасадық. Қандыағаш - Атырау темір жол учаскесінің ұзындығы 525 км. Бөліп алып қарасақ, Қандыағаш - Шұбарқұдық темір жол учаскелерінің ара-қашықтығы 85,0 км, Шұбарқұдық - Сағыз темір жол учаскелерінің ара-қашықтығы 169,6 км, Сағыз - Мақат темір жол учаскелерінің ара-қашықтығы 137,8 км, Мақат - Атырау темір жол учаскелерінің ара-қашықтығы 132,7 км құрайды. Жоба бойынша 530 км талшықты-оптикалық кабель төселді.
Алматы-Атырау темір жол учаскесінің жалпы ұзындығы км құрайды. Алматы - Атырау темір жолы учаскесі еліміздің 6 обылысы арқылы өтеді: Алматы облысы, Жамбыл облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылорда обылысы , Ақтөбе облысы және Атырау облысы. Алматы мен Қандыағаш темір жол учаскесіне дейін ТОБЖ орналасқан.Учаскенің ұзындығы 2249 км құрайды. Қандыағаш пен Атырау темір жол учаскелерінің арасында магистралды мыс кабель жатыр.Учаскенің ұзындығы 525 км құрайды.Осы дипломдық жұмыста Қандыағаш - Атырау темір жол учаскесіне ТОБЖ орналастыруды жобалаймын.

1.3 Алматы - Қандыағаш учаскесі

Алматы - Қандыағаш темір жол учаскесінің жалпы ұзындығы 2249 км құрайды. Бұл темір жол учаскесінде талшық оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ) орналасқан. Алматы - Қандыағаш темір жол учаскесінің арасында155 станция бар. Алматы - Қандыағаш темір жол учаскесінде Транстелеком АҚ компаниясының қызмет көрсететін филиалдары Түлкібас, Түркістан, Сексеуіл, станцияларында орналасқан. Бұл темір жол учаскелерінің ара қашықтығы: Шу - Түлкібас станцияларының ара қышықтығы 357,2 км ,Түлкібас - Түркістан станцияларының ара қашықтығы 285,8 км,Түркістан - Сексеуіл станцияларының ара қашықтығы 806 км құрайды. Құрылыс бойынша барлығы 11 шелтер бар, оның 6 (ҚТЖ) АҚ, қалған 5 шелтер (ТТК) АҚ. Трассада жаткан кабелдін түрі (ТОК 36), трасса бойында 375 дана муфта бар (UCAO 4-9)
Шу мен Луговой темір жол учаскелерінің арасындағы регенерациондық аймақ 116 км алып жатыр. Лугавой мен Тараз темір жол учаскелерінің арасындығы регенерациондық аймақ 117,2 км алып жатыр.Тараз - Түлкібас темір жол учаскелерінің арасындағы регенерациондық аймақ 124 км құрайды.Түлкібас - Шымкент темір жол учаскелерінің арасындағы регенерациондық аймақ 93,4 км алып жатыр. Бұл аралықтағы Қызыл-Сай станциясында АҚ (ҚТЖ) компаниясының шелтері орналасқан. Шымкент - Арыс темір жол учаскелерінің арасындағы регенерациондық аймақ 83,8 км алып жатыр.Бұл аралықтағы Көлаш станциясында АҚ (ҚТЖ) компаниясының шелтері орналасқан.
Арыс - Түркістан темір жол учаскелерінің арасындағы регенерациондық аймақ 108,6 км алып жатыр.Түркістан - Шиелі темір жол учаскелерінің арасындағы регенерациондық аймақ 156,7 км алып жатыр. Бұл аралықтағы Талап старнциясында АҚ (ТТК) компаниясының шелтері орналасқан.
Шиелі - Қызылорда темір жол учаскелерінің арасындағы регенерациондық аймақ 127,9 км алып жатыр.Бұл аралықтағы Майлытоғай, 14 рзд АҚ (ҚТЖ) компаниясының шелтері орналасқан,және Сұлу - төбе,Байғақұм станциясында АҚ (ТТК) компаниясының шелтері орналасқан. Қызылорда - Жосалы темір жол учаскелерінің арасындағы регенерациондық аймақ 147 км алып жатыр. Бұл аралықтағы Қара-Ірім станциясында АҚ (ҚТЖ) компаниясының шелтері орналасқан,және Тереңөзек станциясында АҚ (ТТК) компаниясының шелтері орналасқан.Жосалы - Төре-Там темір жол учаскелерінің арасындағы регенерациондық аймақ 79,4 км алып жатыр.
Төре-Там - Қазалы темір жол учаскелерінің арасындағы регенерациондық аймақ 95,1 км алып жатыр.Қазалы - Аралқұм темір жол учаскелерінің арасындағы регенерациондық аймақ 88,9 км алып жатыр. Бұл аралықтағы Үкілісай станциясында АҚ (ҚТЖ) компаниясының шелтері орналасқан.
Аралқұм - Сексеуіл темір жол учаскелерінің аралығындағы регенерационды аймақ 90,9 км алып жатыр. Сексеуіл - Тоғыз темір жол учаскелерінің регенерационды аймақ 90,1 км алып жатыр.Тоғыз станциясында АҚ (ТТК) компаниясының шелтері орналасқан.
Тоғыз - Шалқар темір жол учаскелерінің регенерационды аймақ 85,7 км алып жатыр.Шалқар - Біршоғыр темір жол учаскелерінің регенерационды аймақ 113,3 км алып жатыр. Біршоғыр - Ембі (Жем) темір жол учаскелерінің регенерационды аймақ 81,8 км алып жатыр.Ембі (Жем) - Қандыағаш темір жол учаскелерінің регенерационды аймақ 97,9 км алып жатыр.

1.4 ҚАНДЫАҒАШ - АТЫРАУ УЧАСКЕСІ

Қандыағаш - Атырау темір жол учаскесінің жалпы ұзындығы 525 км құрайды.Қандыағаш - Атырау темір жол учаскелер аралығындағы үлкен станциялар:Қандыағаш,Шұбарқұдық,Қар ауылкелді,Сағыз,Мақат,Атырау.Бұл учаскелерде қазіргі таңда байланыс желісі үшін магистралды мыс кабелі МКПАБ жатыр.МКПАБ магистралды мыс кабелінің қолданыс уақыты 10-15 жыл . МКПАБ магистралды кабелі К-60п құрылғысы арқылы жұмыс істейді. МКПАБ магистралды кабелі уақыт өте келе коррозияға ұшырап,сигналдың сапасын төмендетуі мүмкін. Кабельдің негізгі өзегі мыс болғандықтан кабельдің бағасы қымбат болады.Мыс кабельдерде электромагниттік әсер пайда болады.Ол сигналдың сапасын төмендетеді.Мыс кабельдердің көп майысуынан адасушы токтар пайда болады.Екі адам сөйлесіп жатырғанда үшінші адамның тыңдау мүмкіндігі бар. Мыс кабелдің маңызды кемшіліктерінің бірі ұзақ мерзімге жарамсыз.Жұмыс мерзімі 10-15 жыл.
Сондықтан МКПАБ магистралды мыс кабелін Талшықты оптикалық кабельмен (ТОК) ауыстырған тиімді.Талшықты оптикалық кабель (ТОК) кварц әйнектен жасалады.
Физикалық ерекшеліктері. Оптикалық сигналдардың кең жолақтылығы жоғары жиілікке негізделген. Бұл талшықты-оптикалық байланыс торабы бойымен ақпаратты 1 Терабитс жылдамдықпен беруге болатынын көрсетеді. Басқаша айтқанда, бір талшық бойымен бір уақытта 10 миллион телефон әңгімелерін және миллиондаған бейнесигналдарды беруге болады.
Мәліметтерді беру жылдамдығы ақпаратты беру кезінде екі бағытта көбеюі мүмкін, себебі жарық толқындары бір талшық ішінде бiр-бiрiнен тәуелсіз тарала алады. Бұдан басқа, оптикалық талшықта оптикалық байланыс каналының өткiзу қабiлетiн екi есе өсiруге мүмкiндiк беретін екi әртүрлi поляризациялардың жарық сигналдары тарала алады. Қазіргі кезде оптикалық талшық бойымен берілетін мәліметтердің тығыздығы шегіне жеткен жоқ.
Бұл сапалы интернеттің болуына қарамастан, бiр уақытта ақпараттың берiлуі кезіндегі мәліметтер ағымының берілу жылдамдығын азайтатын ақпараттың табылмағандығын көрсетеді. Талшықтағы жарық сигналының (басқа орталармен салыстырғанда) басылуы өте аз. Яғни сигналдың жоғалуы өткiзгiш материалының кедергісі есебінен болып отыр.
Ресейлiк талшықтардың жақсы үлгiлерi 100 км-ге дейiн қашықтыққа байланыс торабын сигналдардың регенерацияларысыз салуға мүмкiндiк беретін аз басылуға ие. АҚШ-тың оптикалық лабороторияларында оданда "мөлдiр" фтороцирконатты талшық деп аталатын талшық жасалуда. Лабораториялық зерттеулердің нәтижесінде мұндай талшықтардың негiзiнде 4600 км-ге дейін регенерациялық бөлiмшелерi бар және тапсыру жылдамдығы 1 Гбитс болатын байланыс торабы болуы мүмкін екендігін көрсетті.
Техникалық ерекшеліктері. Талшық - құрамында кеңінен қолданылатын кремний двуокисі бар кварцтан жасалынған. Себебі материалы мысқа қарағанда арзан, сәйкесінше бағасыда арзан болып келеді.
Оптикалық талшықтардың диаметрі 1 - 0,2 мм шамасында болады. Олар өте ыңғайлы, әрі жеңіл. Сондықтан оларды авиацияда, құрылғы жасау кезінде және кабельді техникада қолданады.
Шыны талшықтар - металл емес, олар байланыс жүйелерiнiң құрылысы кезінде автоматты түрде сегменттердiң Гальваникалық шешiлуiне қол жеткізеді. Кабельдiк зауыттарда құрамында метал жоқ және электр қатынасында қауіпсіз болатын, өзiн көтеретiн аспалы кабельдердi ерекше мықты пластик қолдана отырып даярлайды. Мұндай кабельдерді қазiргi электр берiлiсi желiлерiнiң дiңгектерiнде құрастыруға болады. Оптикалық талшық негiзiндегі байланыс жүйелерi электромагниттi бөгеттерге орнықты болып келеді, ал жарық өткізгіш бойымен берілетін ақпарат санкцияланбаған рұқсаттан қорғалған.
Талшықты-оптикалық байланыс тораптарын қиратпайтын әдiспен жасырын тыңдауға болмайды. Талшықтағы әртүрлі әсерлер сызықтың бүтiндiгiнiң (үздiксiз бақылау) барлау әдiсімен тiркеле алады. Теория негізінде бақылау әдісімен қорғауды айналып өтуге болады. Бiрақ бұл әдiстердi орындауға кететін шығын ұсталған ақпараттың құнынан асып түседі.
Оптикалық талшықтың маңызды қасиетi - ұзақ уақытқа жарамдылық. Талшықтың өмiр сүру уақыты, яғни онда белгілі бір уақыт аралығында өз қасиеттерiнiң сақталуы 25-30 жылды көрсетеді. Бұл бізде кабельдің өзін ауыстырмай-ақ, хабарлағыштар мен қабылдағыштарды тез әсер ететiн түріне алмастыру әдісі арқылы канал қабiлеттiлiгiн арттыруға мүмкіндік береді.
Талшықты технологияның кемшіліктері. Байланыс желісін жасау кезінде электр сигналын жарыққа айналдыратын және жарықты электр сигналына айналдыратын белсендiлігі жоғары сенiмдi элементтер талап етіледі. Сонымен бiрге, оптикалық жоғалтулары аз болатын және қосу -- өшіру үшін үлкен ресурсты оптикалық коннекторлар қажет.
Демек, желі элементтерiнiң жасалу дәлдiгі сәулеленудің толқын ұзындығына сәйкес келу керек. Яғни қателік шығымы 1 микрон шамасында болады. Сондықтан да мұндай оптикалық байланыс тораптары компоненттерiнiң өндiрiсi өте қымбат, әрі бағалы.
Тағыда бір кемшілігі, оптикалық талшықтың монтажы үшiн қымбат бағалы технологиялық жабдықтар керек. Олар:
А) оконцовка үшiн керекті құрал-сайандар;
Б) коннекторлар;
В) тексерушiлер;
Г) муфта және спайс - кассета.
Оптикалық кабельдердің (үзiлу) апатты жағдайлар кезінде қалпына келтіру шығыны мысты кабельмен жұмыс істеу жанында әлдеқайда жоғары.
Қандыағаш-Атырау темір жол учаскесінің жобасына:
ТОК-36 = 526 км
Муфта = 88 шт
ODF-36 = 19 шт
DWDM = 6 шт қолданамыз.

6 - сурет.Қандыағаш - Атырау темір жол учаскесі

1.4.1 МЕДНЫЙ ПРОВОДНОЙ МАГИСТРАЛЬНЫЙ КАБЕЛЬ

Для передачи данных любого рода и в любой области промышленности, а также для частного использования применяются кабели связи. Традиционно их принято делить на электрические и оптоволоконные. Сегодня все чаще применяются кабели связи из оптоволокна.
Классификация проводов позволяет выделить среди множества их видов магистральные кабели связи. Эти кабели повсеместно используют для прокладки вдоль железных и автомобильных дорог. Задача данного типа кабеля передавать информацию на большие расстояния и по большому количеству каналов. Также данный вид кабелей находит применение в цифровых и аналоговых системах передачи при переменном и постоянном напряжении в определенном диапазоне частот. Оптические кабели связи (оптические волокна уложены свободно) предназначены для применения их в магистральных и внутризоновых сетях на линиях передачи. Производство оптоволоконных кабелей осуществляется в соответствии с ТУ, выпускаются кабели с подтверждением качества и безопасности по ГОСТу, с помощью сертификатов соответствия и сертификатов ISO. Обязательно наличие пожарного сертификата.
Не менее важны и в частном секторе, и в промышленности силовые кабели. Если ВПВ кабели, относящиеся к водопогружным проводам, имеют свои особенности и задачи, то магистральные МКБАБ, МКБАБП, МКБАК и т.д. необходимы как раз для прокладки вдоль электрифицированных на переменном токе железных дорог. Изготавливают их с кордельно-бумажной изоляцией и в оболочке из алюминия. С помощью симметричных магистральных кабелей возможно осуществлять передачу дистанционного питания постоянным напряжением от промежуточной аппаратуры. Их изготавливают в алюминиевой или свинцовой оболочке с кордельно-трубчатой изоляцией. В некоторых марках МКС жилы изготавливаются с кордельно-стирофлексной изоляцией.
Для кабелей КВВГ нити и пленки изготавливаются из одних материалов, а для магистральных проводов используются полистироловые материалы. Например, блочный полистирол. Пленку, как правило, не окрашивают, а вот нити выпускают нескольких цветов (желтые, фиолетовые, зеленые, красные). Монтаж магистральных проводов осуществляется с соблюдением всех правил и норм техники безопасности и регламентируется соответствующими документами. При монтаже используются специальные инструменты и необходимое оборудование, в зависимости от проекта и назначения кабеля.

Особенности конструкции кабеля МКПАБ 7х4х1,05+5х2х0,7+1х0,7
Магистральный высокочастотный кабель МКПАБ 7х4х1,05+5х2х0,7+1х0,7 состоит из медных жил, которые обматываются полиэтиленовым термостабилизированным корделем, поверх которого накладывается полиэтиленовая трубка. Поверх сердечника накладываются четыре скрученные жилы из полиэтиленового корделя разного цвета и обматывается в хлопчатобумажную пряжу.
Изготавливаются пять сигнальных пар из медной токопроводящей жилы, изолированные полиэтиленом. Две такие жилы скручиваются в пары. Контрольная жила из меди обматывается полиэтиленовым корделем. Кабель магистральный МКПАБ 7х4х1,05+5х2х0,7+1х0,7 состоит из четырех четверок, а сигнальную пару скручивают вокруг контрольной жилы, затем наматывается поэлитиленовая лента с высокой плотностью, бумажная лента, восемь нитей из бумажного корделя, лента из кабельной, а сверху покрывается алюминиевой оболочкой.
Характеристика и назначение кабеля МКПАБ 7х4х1,05+5х2х0,7+1х0,7
Высокочастотный магистральный кабель МКПАБ 7х4х1,05+5х2х0,7+1х0,7 предназначен для магистральных линий связи с системами уплотнения цепей, а именно, для организации связи и цепей для железнодорожной автоматизации по кабельным магистралям. Кабели обеспечивают передачей дистанционного электрического питания с постоянным напряжением до 1000 В или переменным до 690 В Они устойчивы к механическим повреждениям, различным климатическим условиям, не распространяет горения.

0.1 Талшықты-оптикалық байланыс желілері

Адамдар баяғы заманнан бері сигнал көзі ретінде жарықты қолданды. Мысалы, маяктар, алаулар және т.с.с. Біз оптикалық байланыс жүйесі немесе оптикалық байланыс желілері деп атайтын жүйені баяғы кезде ақ тұрғызылып қойды. Оған сигнал беретін құрылғы (сигнал көзі), модулятор, оптикалық кабельдік желі және қабылдағыш кіреді.
Механикалық сигналдың оптикалық сигналға түрленуін модульдерін анықтадық. Мысалы, жарық көзінің ашылуы және жабылуы. Қабылдағышта демодуляция деп аталатын кері процесс жүруі мүмкін. Қабылдағыштағы сигналды қайтадан өңдеген кезде оптикалық сигналдың басқа сигналға түрленуін демодуляция деп атаймыз.
Бұндай өңдеу жарықтық кейіптің түрленуін мысалы, электр импульсінің адамның жүйке жүйесіне, көздің нұрлы қабығына тізбекті айналдыруды көрсетеді. Мидың басты бөлігіндегі қайта өңдеу процесі тізбектің соңғы буынында басталады. Модуляция жылдамдығы - хабар алмасу кезінде қолданылатын басқа маңызды параметрдің бірі болып табылады. Бұндай ара қатынаста көзде шектеулер болмайды. Ол қоршаған ортада болып жатырған қиын картиналарға анализ жасауға және оларды қабылдауға жақсы ырықталған, бірақ жарықтың жай тербелулерін ғана қадағалай алады. Олар секундына 16 рет қозғала алады.
Көзге қарағанда, заманауи оптикалық жүйелерде жарық қабылдағыш құрылғы ретінде техникалық құрылғылар қолданады. Яғни, тербелістердің жиілігін қадағалап отыратын фотоэлементтер немесе фотодиодтар.

Оптикалық жарық жетекшінің артықшылықтары мен кемшіліктері

Бір екі сымды тізбек, бір коаксиальды сым электрлік байланыс техникасында өте сирек кездесетін материал болып табылады. Белгілі болғандай, электрлік кабель бірнеше тізбектен тұрады. Ортақ сауыт әр түрлі қоршаған ортаның факторларынан қорғайды. Мысалы, кеміргіштер тигізетін зияндар, ылғалдылық және механикалық әсер етулер.
Жарық жетекшісі электрлік өткізгіш сияқты оптикалық кабель құрамына кіретін бір жарық өткізгіші ретінде қолданылады. Оларға электрлік кабельдерге қойылатын талаптар қойылады.
Алайда электрлік өткізгіштер мен жарық өткізгіштеріне қойылатын талаптардың айырмашылығы жер мен көктей. Электрлік және оптикалық кабельдер құрылысы, монтаждау әдісі, эксплуатация жасау және төсеу әдістері бойынша өзгеше болса таңқаларлық болар еді. Жіңішке сымдары механикалық қорғау барысында үлкен тәжірибеге ие. Мысалы, қалыңдығы ондаған миллиметр болатын мыс сымдар кеңінен қолданылады. Олар сезімтал шыны талшықтарды қорғау үшін пайдаланылады.
Жарық жетекшілерінің абсолют сезбеушілігі электрлік және магниттік өріс кедергілері жайлы сөз болғанда қазіргі кезге дейін айтылмаған, олардың басты қасиетін айта кету қажет. Жарық жетекшілері мен мыс өткізгіштер арасындағы айырмашылық зор. Электрлік кабельдердің экрандалуы туралы сөз болғанда сыртқы электромагниттік кедергілерден қорғау үшін оптикалық кедергілердің абсолют артықшылығы жайлы айта кету қажет.
Шыны негізгі материал ретінде басты роль атқарады. Ол қазіргі кезде мыс деп аталатын құнды түсті металлды алмастырғыш ретінде қолданылады. Бұл алмастырғыш материал экономикалық жағынан өте пайдалы материал болып табылады. Әлем бойынша мыстың қоры таусылуда, ал бағасы болса өсуде. Бізге белгілі болжамдар бойынша құрлықтағы бізге белгілі мыс табылатын жерлер бүгінгі таңда таусылып келе жатыр. Шыны оптикалық талшықтар үшін негізгі материал - кварц құмы. Оның қоры көп. Техникада кабельдің өткізгіштік қабілеті бірдей болатынын негізге алатын болсақ, мыстың бірнеше килограмы жоғары сапалы тазартылған шынының 1 грамына алмастырылуы мүмкін.
Бұл ара қатынастық тағы бір артықшылығы оптикалық кабельдер электрлік кабельдермен салыстырғанда жеңіл. Жарық жетекшілерінің өткізгіштік қабілеті жоғары, диаметрі кішкене кабельдерде белгілі. Бізге белгілі болғандай бұндай кабельдердің қабілеттері көптеген қолдану аймақтарындағы артықшылығы болып табылады.
Соңында, таратқыштың және қабылдағыштың гальваникалық ағытқышының факторына сілтеме беру қажет. Оптикалық жүйеде олар электрлік жағынан бір бірінен оқшауланған. Электрлік кабельдерді қосуға қатысты осыған дейін белгілі болмаған, жерге қосумен және потенциалдарды алумен байланысты көптеген мәселелер өз күшін жоюда.
Осы аталған пайдалы параметрлермен қатар, кабель конструкциясын ескеретін және оптикалық талшықтар мыстан кем түсетін сияқты басқа да параметрлер жайлы айта кету қажет.
Ол ең алдымен, су буына жақын қорғалмаған талшықтың сезімталдығын көрсетеді.
Бұл критикалық жағдай жақында табылды, сонымен қатар қалыңдығы бірнеше микрометр болатын қорғаныш пленкасы бар жарық жетекшінің жабындысына қарсы әрекет те табылды.
Бұл қорғаныш қабықшасы, негізінен полимерден тұрады және жарық қабықшасын толығымен қорғайды. Ол сондай-ақ, жарық жетекшінің механикалық беріктігін және оның майысқақтығын жоғарылатады. Қоршаған орта шарттары қолайсыз жағдайларда параметрлердің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Олар қорғаныш қабатынсыз бірнеше сағаттан соң немесе бірнеше күннен соң төмендейді.
Талшық үшін үзіліс кезінде беріктіліктің механикалық шегі өте жоғары және болаттың беріктілігіне сай. Алайда, шыны нәзік материал, талшықтар радиусы кішкене болған кезде олар шыдамайды және сынады.
Бұл кемшілік те маңызды емес. Жіңішке қорғаныш қабатымен жабдықталған шыны талшықтарды саусақ сыртына-ақ орауға болады, ал кейбір сорттарын жіңішке қарындаш сыртына орауға болады.
Шынының осы қасиетін ескере отырып, бірнеше жарық жетекшілері бір кабельге біріккенде қорғаныс шараларын қолдану қажет. Содан соң олар майысқыш әрі айналғыш болады. Бұл барабанға ораған кезде және төсеген кезде болады. Жарық өткізгіштің механикалық асқын жүктелулерін жою үшін кабель конструкциясы осындай болуы керек. Талшықты қирату микро майыстыру сияқты қауіпті емес.
Жарық өткізуші талшықтар созушы күштер шарттарында қорыташ беттерде пайда болады және қосымша жарықтық шығындар тудыруы мүмкін. Бұл құбылысты демонстрациялық тәжірибеде көруге болады. Жарық өткізуші талшыққа, орамды барабанға оралған орамға қатты байлаған кезде көзге көрінетін жарық келтіріледі. Мысалы, лазердің He - Ne. Бұл кезде барабан бойымен ашық қызыл жарық жанып тұрады, бұл микро иілулер тудырған жарықтық шығындарды көрсетеді. Талшыққа түсетін механикалық жүктемелерді азайту үшін келесі шешімдер ұсынылды. Жеке өткізгіштерді кабельді көлденең қимасымен еркін төсеуге болады. Кабельді дайындау процесі кезінде талшықтар ұзындығы кабель ұзындығымен бірдей болуын бақылау қажет.
Қоршаған орта температурасы тербеліп тұрған кезде жарық жетекшісіне әсер ететін механикалық күштер кабель конструкциясына байланысты. Талшықтың сыртқы қабатының бір ғана кемшілігі сынудың сатылы көрсеткіші болып табылады. Оның сыну көрсеткіші өзекшенің сыну көрсеткішінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер кадастрының Кеңес одағы кезіндегі дамуы
Жылжымайтын мүлік нарығына әсер етуші факторлар
Шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру жұмыс жобасы
Әлемдегі қоршаған табиғи орта жағдайына жалпы сипаттама беру
Жер кадастры
Құрылысты геодезиялық сүйемелдеу
Жылжымайтын мүлік объектісінің жіктелуі
Жерге жеке меншік қатынастарының түсінігі
Ақмола облысы шортанды ауданының жер учаскесінің кадастрлық құнын анықтау
Ауыл шаруашылығына салынатын салықтар ерекшеліктері
Пәндер