Тері сыдырылғанда, шаншылғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем Инфекционды аурулар және диагностикасы Күн өту, суға бату, электр жарақаты, алғашқы көмек



1. Тері сыдырылғанда, шаншылғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем.
2. Инфекционды аурулар және диагностикасы.
3. Күн өту, суға бату, электр жарақаты, алғашқы көмек.
Терінің маңызы. Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Тері адамның ішкі мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі бір көлемде сақтайды. Таза және ауруға шалдықпаған тері организмге әр түрлі микробтардың енуіне жол бермейді. Тері жүйке талшықтарының ұштарымен торланған. Сондықтан біз ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз. Тері организмнің ысып немесе суып кетуіне және дененің қызуын сақтауға қатысады. Организмдегі зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар тepi арқылы (термен) бөлініп отырады. Tepi газдардың алмасуына қатысады, оттекті ciңipiп, көмірқышқыл газын бөледі. Tepi — сезім мүшесі.

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Тері сыдырылғанда, шаншылғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем Инфекционды аурулар және диагностикасы Күн өту, суға бату, электр жарақаты, алғашқы көмек
Орындаған:Жумаханов Б.
Топ: БЖ-215
Тексерген: Бакирова Л.С.

Семей қаласы
2015-2016 оқу жылы
Жоспар:
1. Тері сыдырылғанда, шаншылғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем.
2. Инфекционды аурулар және диагностикасы.
3. Күн өту, суға бату, электр жарақаты, алғашқы көмек.

Тері сыдырылғанда, шаншылғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем
Терінің маңызы. Тері - біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Тері адамның ішкі мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі бір көлемде сақтайды. Таза және ауруға шалдықпаған тері организмге әр түрлі микробтардың енуіне жол бермейді. Тері жүйке талшықтарының ұштарымен торланған. Сондықтан біз ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз. Тері организмнің ысып немесе суып кетуіне және дененің қызуын сақтауға қатысады. Организмдегі зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар тepi арқылы (термен) бөлініп отырады. Tepi газдардың алмасуына қатысады, оттекті ciңipiп, көмірқышқыл газын бөледі. Tepi -- сезім мүшесі.
Терінің сыдырылуы
Көп жағдайда бұндай жаралар терінің қатты үйкелуінен пайда болады. Үлкен жаралар ашық қанаған жараға ұқсайды, бірақ уайымдаудың қажеті жоқ, себебі ондай жағдайда қан аз кетеді.
Жараны мұқият жуу керек, себебі теріде қалып қойған кір инфекцияны жұқтыруы мүмкін.
Алдымен барлығын тазартып, содан соң зақымданған учаскені сабындап мұқият жылы сумен жуыңыз.
Алғашқы көмек.
Жараны өңдеуге арналған құралды таңдаған кезде абай болыңыз. Йод пен басқа антисептиктердің қорғанысы аз болып, жараны одан сайын ауыртып, жайсыздыққа ұшыратады. Сондықтан антибиотиктері бар жақпа майларды жағыңыз.
Көптеген жаралар табиғи ем болып табылатын өзінің қатты қабығымен жабылады. Үлкен және суланып тұрған, сондай-ақ ұзақ жазылмаған жараларға кез-келген дәріханада сатылатын стерильді таңғышты таңу керек. Қабық пайда болғанға дейін жараның бетін қорғау үшін антиботиктері бар жақпа майды жаққан дұрыс. Таңғышты күнделікті ауыстырыңыз, сондай-ақ оны бүлінгенде немесе суланғанда ауыстыру керек. Таңғыш әдетте екі-үш күнге - қабық пайда болғанға дейін таңылады.
Жаншылу синдромы жаппай апат кезінде - шатырлар құлағанда, жер сілкінісі кезінде және т.б. жағдайларда орын алады. Егер аяқ - қолы басып тұрған ауыр заттан арылмаса, зардап шегушінің жалпы жағдайы қанағаттанарлық жағдайда болуы мүмкін. Алғаш жаншылып қалғанда орын алған ауыру сезімі бірнеше сағаттан кейін сезілмейді. Аяқ - қолды босату (жгутты пайдаланбай) жағдайын күрт нашарлатады. Қолы немесе аяғы мұздап, көгеріп, бозарып кетеді, қимылдау қасиеті жоғалып, қол - аяғындағы тамыр соғысы бәсеңдеп, тіпті жоғалып кетеді.
Алгашқы көмек. Аяқ - қолын босатпай тұрып, жаншылып қалған жерден жоғарырақ жерге жгут тану керек. Жгутты босатпай тұрып, жаншылған жерді шешпей тұрып, аяқ - қолды саусағына дейін дәкемен таңу керек. Осыдан кейін барып қана жаншып қалған затты көтеру керек. Ауруды басатын дәрі егу керек. Сүйегі зақымданған жағдайда таңғыш қалақ таңу керек. Ал жарақаттанған жағдайда залалсыздандырылған дәке таңу керек.

Инфекционды аурулар және диагностикасы.
Инфекционды ауру - инфекцияның формаларының бірі, ең шеткері (ауыр), бірақ оның көрінуінің жалғыз формасы емес. Сонымен қатар, инфекция түсінігінің осындай көзқарасында ғана инфекция тудыратын факторлар, инфекционды процесс маңызы көрсетіледі.
Микробиологияның даму таңында инфекционды процесс дамуындағы қоздырғыш - микроорганизмінің басты және негізгі рөлін түсіндіретін Генле-Кох триадасы биледі. Ол бойынша: 1) микроорганизм тек осы ауруда кездесіп, сау адамда және басқа аурулармен ауыратын науқастарда кездеспеу керек; 2) микроорганизм науқастан таза дақыл түрінде бөлініп алынуы керек; 3) микроорганизмнің таза дақылы да сол ауруды тудыруы керек. Дегенмен кеөтеген зерттеулер бұл тұжырымды қайта қарастыруға алып келді. Аурудың дамуы қоздырғыш қасиеттеріне ғана тәуелді емес, сонымен қатар макроорганизм екені аңық болды. Сонымен қатар инфекционды прцесстің өзін берілген аурудың қоздырғыш - микроорганизмінің рөлін есептемей қарастыру қате. Ғылымның негізгі қызметі осы күрделі әсерлесу процесіндегі екі қатынасушының да рөлін көрсетіп ашу және инфекционды ауру нәтижесімен дамуына дұрыс әсерді қамтамасыз ету. Дәрігер рационалды антибактериалды ем тағайындау арқылы қоздырғышқа, ал адам организміне оның қорғаныш механизмдерін сақтау арқылы әсер ету керек.
Сондықтан қазіргі уақыттағы инфекция туралы оқудың негізгі ережесі микро және макроорганизмнің өзара әсерлесу процесі сынды инфекцияның нәтижесі, дамуы, пайда болуына конкурентті өзара әсерлесудің екі қатынасушысының қасиеттері және осы процесс жүретін сыртқы орта факторлары әсер етеді. Инфекцияларды негізгі екі топқа бөледі:
А) манифестті инфекция, яғни қалыпты, қалыпсыз, созылмалы түрде жүретін инфекционды ауру.
Б) симптомсыз инфекция (тасымалдаушылық, латентті, абортивті, қалғушыжәне т.с.с.). Инфекционды процесстің басты факторларының (яғни, қоздырғыш пен микроорганизм) қасиеттеріне байланысты инфекцияның келесі негізгі формаларын ажыратады:
* Абортивті. Қоздырғыш организмге енеді, бірақ онда көбейе алмайды. Қоздырғыштың көбеюі кәдімгі резистенттілікпен немесе қоздырғышты әлсіздендіретін спецификалық иммунитеттің пайд аболуымен байланысты. Осыған байланысты, инфекционды процесс тоқтайды, кеш немесе ерте өліп, организмнен шығарылады.
* Латентті (инаппарантты). Қоздырғыш организмге енелі, онда көбейеді, макроорганизм оған сәйкес иммунобиологиялық реакциялармен жауап береді. Бұл реакциялар жүре пайда болған иммунитеттің қалыптасуына және организмнен қоздырғышты шығаруға алып келеді. Бірақ бұл инфекцияның сыртқы клиникалық белгілері жоқ, ол жасырын (латентті түрде) өтеді. Жай осындай латентті формада адамдар полиолиелит, бруцуллезбен, кейбір вирусты гепатиттер және басқа ауруларды өткізеді.
* Қалғушы (дремлющая) инфекция. Организмде қоздырғыштың симптомсыз болуы латентті инфекциядан кейін немесе ауырғаннан кейін көп уақытқа сақталуы мүмкін. Мысалы: бірінші ретті комплекс қалыптасуымен аяқталатын өкпе туберкулезі. Организмнің қарсылығын әлсірететін шарттардың әсерінен, онда сақталған тірі микроорганизмдер белсендіріліп, ауруды немесе оның рецидивін шақырады. Сондықтан, патогенді микробтар кішкене уақыт қалғушы жағдайда болады. Мұндай қалғушы микробтар организмге сыртқы ортадан енуі мүмкін немесе тіршілік қабілеттілігі мен қолайлы орта жағдайларында белсенділікке потенциалдық дайындығын сақтап қалған, белсенділігі төмендетілген қалғушы жағдайда өткен қоздырғыш - микроб болуы мүмкін. Сондықтан олар сыртқа шығуға дайын микробтардеп аталады (француз тілінде microbes de sortie).Организмдегі қалғушы микробтар орны шектелген ошақта ғана болса, және олар таралып ауру шақырға қабілетті болса, фокалдыинфекция терминін қолданады (мысалы, шіріген тістегі тынған қабыну процесі, оның қоздырғышы - стрептококк белгілі уақытқа шейін қалғушы жағдайда болады).
* Берілген қоздырғыш үшін қалыпты (типичная) инфекция формасы.Қоздырғыш организмге енеді, онда белсенді көбейеді, осы ауруға тән клиникалық белгілер шақырады. Олар да белгілі айналыммен анықталады.
* Қалыпсыз (атипичная) форма. Қоздырғыш организмге енеді, онда белсенді көбейеді, организм оған белсенді иммунитеттің қалыптасуына әкелетін иммунобиологиялық реакциялармен жауап қайтарады. Бірақ клиникалық белгілер дұрыс көрінбей, қалыпсыз, яғни тән емес, белгілер көрсетеді. Көп жағдайда бұл организмнің жоғары резистенттілігіне байланысты, немесе қоздырғыштың әлсіз патогенді қасиеттерімен немесе дұрыс антибактериалды емге немесе осы үш фактордың үшеуінің де әсерімен байланысты болады.
* Персистентті (созылмалы). Қоздырғыш организмге енеді, онда белсенді көбейеді, аурудың белсенді формасын шақырады, бірақ организмнің иммунды жүйелері мен химиопрепараттар әсерінен L-трансформацияға ұшырайды. Торша қабырғасының синтезін бұзатын әсері бар химиопреператтар мен антибиотиктерге, антиденелерге сезімталдығы болмайды, сондықтан көп уақыт тірі болады (персистенттілік ағылшын сөзі persistence - өлмейтін, төзімді). Алғашқы формасына қайта оралып, қоздырғыш патогенді қасиетттерін қайта қалпына келтіріп, көбейіп, аурудың өршуіне (рецидив) алып келеді. Бұндай созылмалы инфекцияның мысалына туберкулез жатады. Науқас организмінде сақталатын туберкулез таяқшасының L-формасы осы аурудың созылмалы жүруінің басты себебі, ал туберкулез таяқшасының L-формасының Mycrobacterium tuberculosis айналуы - оның рецидивінің басты себебі.
* Баяу инфекциялар. Қоздырғыш организмге еніп, көп уақыт бойы - айлар, жылдар бойы латентті жағдайда клетка ішінде сақталады. Баяу инфекциялардың қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктерінің күштеріне байланысты организм олардан құтыла алмайды, ал қоздырғышқа қолайлы жағдайда ол бөгетсіз көбейіп, ауру қиындай береді, сосын науқас өлімімен аяқталады. Баяу инфекциялар ұзақ инкубационды периодпен, аурудың ұзақ прогрессирленуші дамуымен, әлсіз иммунды жауаппен және ауыр нәтижемен сипатталады.Баяу инфекцияның қарапайым мысалы ЖИТС болып табылады.
* Бактериятасымалдаушылық. Жиі жағдайларда латентті инфекциядан кейін, ауырғаннан кейін адам организмі қоздырғыштан толық ажырай алмайды. Сондықтан адам дені сау бола тұра көп айлар, тіпті жылдар бойы бактериятасымалдаушы болады. Басқа адамдардың зақымдану көзі болғандықтан бактериятасымалдаушылар көп аурулардың эпидемиологиясында маңызды рөл атқарады (іш сүзегі, дифтерия және т.б.). Себебі, олар қоздырғыштарды сыртқа шығарып, ауаны, суды, тағамдық заттарды зақымдайды. Іш сүзегімен ауырғандардың 5-8% S.typhi созылмалы ( 3 айдан артық уақыт) тасымалдаушысы болып, оның табиғаттағы негізгі резервуары болады.
Реинфекция, суперинфекция, микст-инфекция, екіншілік инфекция түсініктері бар.
Реинфекция - сол қоздырғышпен шақырылған қайта зақымданып, инфекция дамуы. Әдетте ол клиникалық инфекционды ауру формасында болады. Себебі аурудан кейін қуатты иммунитет қалыптаспайды.
Суперинфекция - сауығу болмай тұрып, науқас организмінің сол қоздырғышпен инфицирленуі.
Микст-инфекция - әртүрлі микроорганизмдермен шақырылған екі инфекционды процесстің бір уақытта тууы. Қарсы түсінік - моноинфекция.
Екіншілік инфекция - біріншілік инфекционды аурудың уақытында иммунитеттің әлсіреуінен болады және әртүрлі қоздырғыштармен шақырылады (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар). Аз патогенді немесе патогенсіз қоздырғыштармен шақырылған сау адамдағы екіншілік инфекциялар аппортунистикалық деп аталады.
Аутоинфекция - кілегей қабықта және теріде болатын өзіндік микрофлорамен, олардың басқабиотоптарға түсуінен (мысалы, жараға) өзін зақымдау нәтижесінде болатын инфекционды процесстің дамуы.
Сонымен қатар экзогенді және эндогенді инфекцияны ажыратады (соның ішінде аутоинфекция), ошақтық (локалді) және генерализацияланған.
Инфекционды аурудың даму динамикасы.
Инфекционды аурудың дамуы белгілі айналыммен, период алмасуымен сипатталады. Инкубационды және продромалды, даму, сауығу (реконвалесценция) периодтаын ажыратады.
Инкубационды период - зақымдалу уақытымен аурудың алғашқы белгілерінің көрінгеніне дейінгі период. Бұл период ішінде организмде белгілі табалдырықтық мөлшерге дейін қоздырғыштың белсенді көбеюі мен оның токсиндерінің жинақталуы жүреді. Содан кейін организм клиникалық көрінулерімен жауап қайтарып, келесі продромалды период басталады. Инкубационды период ұзақтығы бірнеше күннен бірнеше айға дейін, ал лепр кезінде бірнеше жыл болуы мүмкін. Бүл ерекшелік зақымдау дозасының мөлшері, қоздырғыштың патогенділік дәрежесі, организмнің резистенттілік жағдайы сияқты себептерге байланысты болады.
Продромалды период немесе хабарлаушылар периоды. Ол дене қызуы, жалпы әлсіздік, бас ауруы сияқты спецификалық емес жалпы көріністермен сипатталады. Ұзақтығы 24-48сағат аралығында.
Даму периоды. Ол да жиі белгілі айналыммен сипатталады. Симптомдардың өсу стадиясын (incrementіum стадиясы), ауру өршуі (acme стадиясы) және симптомдардың сөну стадиясын (decrementum стадиясы) ажыратады. Аурудың жай формасында бұл период жалпы симптомдармен, жиірек: интоксикациямен, қабынумен, бөртпенің пайда болуымен, лихоадка болуымен сипатталады.
Сауығу периоды немесе реконвалесценция. Клиникалық сауығу паталогоанатомиялық және бактериологиялық сауығудан бұрын басталады. Адам сау болғанымен процестің локализацияланған жерінде кейбір паталогоанотомиялық өзгерістер сақталады (мысалы, дизентериядан кейін тоқ ішектің кілегейлі қабығында). Реконвалесценция толық болуы мүмкін - барлық процестер ешбір кедергісіз аяқталады. Бірақ көптеген аурулар ауыр іздер қалдырады, мысалы: полиомиелиттен кейінгі бұлшықеттердің салдануы, В гепатитінен кейінгі бауыр циррозы. Ерекшк маңыздысы ол инфекционды аурудан кейінгі бактериологиялық сауығу, яғни организмнің қоздырғыштан толық құтылуы. әр түрлі инфекционды аурудан кейін бактериологиялық сауығу периоды өзгермелі бұл науқасты ауруханадан шығарған кезде есепке алынуы тиіс. Мысалы, іш сүзегінен кейін реконвалесценттердің 80% алғашқы екі апта бойы бактериятасымалдаушы болады. Бактериологиялық сауығуды лабораторлық бактериологиялық анализдермен бақылайды. Бактериятасымалдаушылықтың эпидемиологиялық маңызы туралы жоғарыда айтылған.
Инфекциялық аурулардың диагностикасының негіздері.
Инфекциялық аурулардың диагностикасында терапияда колданатын барлық әдістер қолданады, яғни сұрау арқылы анамнез жинау, науқасты зерттеудің клиникалык, лабораториялық, инструментальды және т. б. арнайы әдістері. Оған коса инфекционистер тек инфекциялық аурулардың диагностикасында қолданылатын арнайы әдістемелерді пайдалынады.Оларға біріншіден қоздырғышты анықтау және бөліп алу, және де ағзаның коздырғышқа берген жауабын сипаттайтын спецификалық белгілерін анықтау болып табылады.
Екіншіден инфекциялық аурудың диагностикасы ерекше клинико-эпидемиологиялық әдістерді талап етеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ
Жедел және шұғыл медициналық жәрдем пәнінен дәріс комплекстері
Ішкі аурулар
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Жарақаттар туралы
Кездейсоқ жағдайларда алғашқы көмек
Жарақаттар түрі
Жарақат ұғымы және түрлері
Алғашқы жәрдем
ИНСУЛЬТ БОЛУ СЕБЕПТЕРІ
Пәндер