Тұқымдық және сорттық бақылау



Кіріспе
Сорт туралы жалпы түсінік және оған қойылатын талаптар
Негізгі бөлім
2.1. Сорттық және тұқымдық бақылаудың жалпы ережелері
2.2. Сорттық бақылауды жүзеге асыру тәртібі
2.3. Тұқымдық бақылауды жүзеге асыру тәртібі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Селекцияда тұқым шаруашылығы жұмыстарын табыспен жүргізу үшін және ауыл шаруашылығы өндірісінде сорттарды дұрыс пайдалану үшін сорттың не екенін, сорт топтарының өзара ұқсастығы мен олардың бір – бірінен айырмашылығын білу аса маңызды.
Өсімдіктерді жүйелеуде «форма» және «сорт» бір ұғымды білдіреді. Алайда, сорттар мен ботаникалық формалар арасында түбірлі өзгерістер бар. Сорт адамның өндірістік қызмет арқасында шығарылады. Ол ауыл шаруашылығы өндірісінің құралы болып табылады.
Сорт деп, селекция тәсілімен алынған морфологиялық, биологиялық және тұқым қуалау ерекшеліктерімен шаруашылыққа құнды белгілері бар мәдени өсімдіктің жиынтығын айтады.
Мынадай негізгі шарттарды атап өту қажет:
1) сорт құрамына кіретін өсімдік топтарының шығу тегінде жалпыламалық бар. Ол бір немесе бірнеше өсімдік тұқымынан көбейтіледі.
1. «Өсімдіктер селекциясы және тұқым шаруашылығы негіздері», Т.Н. Нұрғасенов, Ә.Х.Қалиев, С.Е. Сүлейменов, С.С.Асқанбаев, «Фолиант» баспасы, Астана – 2007

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Тұқымдық және сорттық бақылау

Орындаған: Садыкова Айжан
Топ: АГ-213
Тексерген: Сагандыков С.Н

Семей 2015
Жоспар:
Кіріспе
Сорт туралы жалпы түсінік және оған қойылатын талаптар
Негізгі бөлім
2.1. Сорттық және тұқымдық бақылаудың жалпы ережелері
2.2. Сорттық бақылауды жүзеге асыру тәртібі
2.3. Тұқымдық бақылауды жүзеге асыру тәртібі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Селекцияда тұқым шаруашылығы жұмыстарын табыспен жүргізу үшін және ауыл шаруашылығы өндірісінде сорттарды дұрыс пайдалану үшін сорттың не екенін, сорт топтарының өзара ұқсастығы мен олардың бір - бірінен айырмашылығын білу аса маңызды.
Өсімдіктерді жүйелеуде форма және сорт бір ұғымды білдіреді. Алайда, сорттар мен ботаникалық формалар арасында түбірлі өзгерістер бар. Сорт адамның өндірістік қызмет арқасында шығарылады. Ол ауыл шаруашылығы өндірісінің құралы болып табылады.
Сорт деп, селекция тәсілімен алынған морфологиялық, биологиялық және тұқым қуалау ерекшеліктерімен шаруашылыққа құнды белгілері бар мәдени өсімдіктің жиынтығын айтады.
Мынадай негізгі шарттарды атап өту қажет:
1) сорт құрамына кіретін өсімдік топтарының шығу тегінде жалпыламалық бар. Ол бір немесе бірнеше өсімдік тұқымынан көбейтіледі.
2) өсімдіктің бастапқы тегін көбейте отырып, шыққан тұқым шаруашылық - биологиялық қасиеттері мен морфологиялық белгілері бойынша сұрыптау жолымен алынады.
3) сорт ашық бір аймақтағы табиғат жағдайында өсірілу үшін шығарылады. Ол бір топырақ - климат аймағанда жоғары өнім берсе, екінші аймақта ондай өнім бермеуі мүмкін.
4) сорт нақты өндірістік жағдайда өсіру үшін жасалады және механикаландыруға қол жеткен деңгейге, егіншілік мәдениетіне сай болуы қажет.
5) тиісті табиғи және өндірістік жағдайларда сорт тұрақты және жоғары сапалы өнім беруді қамтамасыз етуі тиіс.
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары шығу тегі бойынша жергілікті жіне селекциялық болып бөлінеді.
Жергілікті сорт деп, дақылдардың нақты бір жерде өсірілуіне орай ұзақ, табиғи және жасанды сұрыптаудың қарапайым әдістерімен жасалған сорттарды айтады. Түрлі дақылдардың жергілікті сорттарының үлкен бөлігі халықтық селекция процесімен алынған.
Селекциялық сорт деп, селекциялық ғылыми әдістері негізінде ғылыми - зерттеу мекемелерінде шығарылған сорттарды айтады. Олар морфологиялық белгілері мен шаруашылық - биологиялық қасиеттері бойынша біркелкі болуымен ерекшеленеді.

Сортқа қойылатын өндірістік талаптар
Осы заманғы ауылшаруашылық өндірісі сортқа жоғары талап қояды. Олардың негізгілері мыналар:
1. Жыл сайын жоғары және тұрақты өнім беруі. Сорт жоғары өнімді болуымен қатар, тыңайтқыш себу мен басқа агро әдістерге кеткен шығынды өз түсімімен өтеуі қажет.
2. Даму барысында ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді болуы тиіс. Сорттар құрғақшылыққа, төмен температураға, қыстап шығу барысында қолайсыз жағдайларға (күздік және көп жылдық дақыл сорттары) төзімді болуы шарт. Бұл қасиеттер өнімнің тұрақтылығын анықтайды.
3. Аурулар мен зиянкестерді қоздырушыларға да төзімді болуы керек.
4. Механикалық баптауға икемділігі.
5. Өнімнің жоғары сапасы. Сорттар себілу мақсатына қарай қажетті өнімді (ақуыз, қант, крахмал, май, талшық) мол беруі керек.
Шығарылып жатқан сорттың белгілері мен қасиеттерінің нақты жиынтығы негізгі үш көрсеткіш бойынша анықталады:
1) болашақ сортқа арналған аймақтың топырақ - климат жағдайлары;
2) сорттың өндірісте өсірілуіне байланысты (тыңайтқыштың жоғары нормасы суландыру, т.б) агротехникасы және механикаландыру дәрежесі;
3) дақыл бағдары бойынша оын пайдалану (жүгері - дәнді немесе сүрлемді арпа сыра қайнату мен мал азықтық, картоп асханалық және техникалық, тағы басқа бағыттарда).
Барлық дақылдар үшін селекциялық жұмыстар бағдарламасында нақты жағдайда өсіру және өндіріс талаптарына сәйкес шығарылатын сорттардың үлгілері жасалуы тиіс. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары нақты табиғи жағдайда өсіру үшін жасалады және осы жағдайларға бейімделуіне қарай сұрыпталады. Сондықтан барлық аймаққа жарамды сорт болуы мүмкін емес және болмайды.
Сорт икемділігі сыртқы ортаның күрт өзгеру жағдайына биологиялық икемділігімен, ауа райының қолайлы және қолайсыз жағдайларында жоғары агротехника фонында мол өнім беру икемімен сипатталады.
Кейбір сорттар ауданның спецификасына қарай бейімделгендіктен, шағын егістіктерде ғана себіледі. Мұндай сорттар айтарлықтай шаруашылық - биологиялық қасиеттерге ие болғандықтан, жоғары бағаланады. Дәнді дақылдардың және көкөністің тез және өте ерте пісетін сорттары жылылығы аз және өніп - өсу кезеңі өте қысқа солтүстік облыстарда өсіруге арналған. Ал кейбір дәнді және басқа да дақылдардың батпақты, тұзданған және құмдауыт топырақтарда, жартылай шөлейт және таулы аудандарда өсіруге арналған сорттары шығарылған. Бірақ мұндай сорттар АҚШ - та жүздеген жаңа сорттардың шығарылғанына қарамастан, тұрақты өнім беретін азғантай сорттар түрі өсіріледі.

2.1. Жалпы ережелер
1. Осы Сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру қағидалары Тұқым шаруашылығы туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарына қатысты сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
тұқымдар - өсiмдiктердiң сортын молықтыру үшiн пайдаланылатын генеративтiк және вегетативтiк органдары: тұқымның өзi, жемiстер, күрделi жемiстердiң бөлiгi, қосалқы жемiс, масақтар, көшеттер, жуашық, түйнек, қалемшелер, түзушi ұлпалар және басқалар;
сорттық бақылау - ауыл шаруашылық өсiмдiктерi егiстерiнiң сорттық тазалығын анықтау және тұқымдардың белгiлi бiр сортқа жататындығын белгiлеу жөнiндегi iс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау;
тұқымдық бақылау - тұқымның егу сапасын анықтау жөнiндегi iс-шаралардың жүзеге асырылуын, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау;
жерге егiп бағалау - тұқымдардың белгiлi бiр түрге, сортқа жататындығы мен сорттық тазалығын оларды арнаулы учаскелерде егу және өсiмдiктер бойынша сорттық сапаларын кейiннен тексеру жолымен анықтау;
зертханалық сорттық сынақтар - тұқымдардың белгiлi бiр сортқа тиiстiлiгiн белгiлеу және зертханалық талдау жүргiзу жолымен тұқымдардың сорттық тазалығын анықтау.
3. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарына сорттық және тұқымдық бақылауды Заңға сәйкес тиісті жергілікті атқарушы органының тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары (бұдан әрі - мемлекеттік тұқым инспекторлары) жүзеге асырады.
4. Жерге егіп бағалауды Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия жүргiзедi.

2.2. Сорттық бақылауды жүзеге асыру тәртібі
5. Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң тұқымдарын сорттық бақылау байқаудан өткізу, жерге егіп бағалау және зертханалық сорттық сынақтар арқылы жүргiзiледi.
6. Мемлекеттік тұқым инспекторлары жыл бойы аттестатталған тұқым өндiрушiлердің тұқым өндiруiн бақылауды жүзеге асырады, ол мынадай кезеңдерді қамтиды:
тұқым себуге дайындалған егiстiктердi тексеру - тұқым себудiң алдында жылына бiр рет;
вегетация кезеңiнде сорттық егiстердi тексеру - жылына үш рет;
сорттық және гибридтiк егiстердi байқау және егiстiк зерттеудi бақылау - байқау кезеңiнде бiр рет;
тұқымдарды жинау, тасымалдау, өңдеу (тазарту) және сақтауды, тұқым қоймаларының дайындығын бақылау - бақылаудың әрбiр түрi бойынша жылына екi рет.
7. Аттестатталған тұқым өндірушілер егу басталғанға дейін тиісті жергілікті атқарушы органдарға егістіктердің тұқым өсіру егісі дайындығы туралы хабарлайды, бұдан кейін мемлекеттік тұқым инспекторлары егістіктерді кеңістіктік оқшаулаудың сақталуы, ауыспалы егістің сақталуы, қажетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көпжылдық шөптердің тұқымдық егістерінің сапасын бағалау
Себу тәсілі
Бидай және арпа дақылдарының халық шаруашылығындағы маңызы
Астық дақылдарының тұқым шаруашылығы
Тұқымның тіршілік ұзақтығы
Тұқым және оны егістікке пайдалану
Мемелекеттік сорт сынау әдістері мен түрлері
Сорт ауыстыру және сорт жаңарту туралы түсінік
Мақта дақылының халық шаруашылығындағы маңызы, пайдалану ерекшелігі
Мақта шикізаттарының ауылшаруашылқ негіздері
Пәндер