Ақшаның теориялық аспектілері және оның түрлері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
I.Ақшаның теориялық аспектілері және оның түрлері
1.1 Ақшаның пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1.2 Ақшаның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

II. Электрондық ақшалар, олардың тиімділігі
2.1. Электрондық ақшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Электрондық ақшалардың тиімділігі мен кемшіліктері ... ... ... ... ... ... ... .

III. Қазақстанда электрондық ақшалардың дамуы және электрондық төлемдер
3.1. Қазақстан Республикасындағы «Электрондық ақшалардың» дамуы ... ...
3.2. Электрондық төлемдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты элетронды ақшаның түсінігі мен оларды пайдалану нысандарына теориялық аспектілер беріп, қазіргі экономикалық құбылыстарды бақылап, электронды ақшаны жан-жағынан қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.
Менің ойымша, электронды ақшаның және жалпы ақша дегеннің экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған электронды ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
1. Қ.К. Кеулімжанов, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенова, А.Ә. Жантаева «Қаржылық есеп», – Қарағанды, 2001 ж.]
2. Ғ.С.Сейтқасымов. “Ақша, несие, банктер”, – Алматы: Экономика, 2001 ж
3. Я. А. Дободиной “ Денежное обращение” финансы. ЮНИТИ, 1999
4. Көшенова Б. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары.-Алматы.-Экономика
5. В. Д. Мелинков “ Основа финансов ”, - Алматы, 2005 ж
6. Мақыш С. Банк ісі// Оқу құралы.-Алматы.-Қазақ университеті.-2004
7. Мақыш С. Коммерциялық банктер операциялары.-Алматы.-Маркет.-2004.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
I. Ақшаның теориялық аспектілері және оның түрлері
1.1 Ақшаның пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 1.2 Ақшаның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

II. Электрондық ақшалар, олардың тиімділігі
2.1. Электрондық ақшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Электрондық ақшалардың тиімділігі мен кемшіліктері ... ... ... ... ... ... ... ..

III. Қазақстанда электрондық ақшалардың дамуы және электрондық төлемдер
3.1. Қазақстан Республикасындағы Электрондық ақшалардың дамуы ... ...
3.2. Электрондық төлемдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты элетронды ақшаның түсінігі мен оларды пайдалану нысандарына теориялық аспектілер беріп, қазіргі экономикалық құбылыстарды бақылап, электронды ақшаны жан-жағынан қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.
Менің ойымша, электронды ақшаның және жалпы ақша дегеннің экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған электронды ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер экономиканың не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Мен бұл курстық жұмыста ақшаның шығу тарихын, оның түрлерін, қызметі және қажеттілігі туралы қарастырған болатынмын. Енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, Ақша - жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Ақшаның пайда болу тарихына үңілетін болсақ, түп тамыры ерте кезеңдерде жатыр және де ол бірден біз білетін қағаз, монета түрінде шыққан жоқ. Ақша ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Ал, одан кейінгі кезеңдерде өмір сүрген Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Келе-келе басқа да ақша түрлері дами келді, олар металл ақша, қағаз ақша, электронды ақша, несиелік ақшалар.Электрондық ақша - электрондық құрылғыда сақталатын және төлемдік және басқа да міндеттемелерді орындау мақсатында электрондық құралдар (байланыс арналары) арқылы бір құрылғыдан екіншісіне беріле алатын ақшалай құнды білдіреді. Әлемдік практикада қолданылатын тасымалдауышына байланысты электрондық ақшаның екі түрі ерекшеленеді: Оның біріншісі - карточкалар негізіндегі электрондық ақша (card-based). Бұл жағдайда электрондық ақша карточкалар негізінде іске асырылған өнімді (микропроцессорлық карточка) білдіреді, яғни иесіне (пайдаланушыға) қолжетімді "ақша туралы" не ақшалай құн туралы ақпарат карточкаға кіріктірілген микропроцессорлық чипте сақталады және оның құны, әдетте, карточканың есептеуіш құрылғыға қосылған кезінде беріледі. Карточкалар негізіндегі электрондық ақша санатына әлемнің түрлі елдерінде құрылған, GeldCarte (Германия), Proton (Бельгия), Chіp knіp (Нидерланд), Cash Card (Швеция), Quіck (Австрия), eNETS (Сингапур), Mondex (MasterCard) және VІSA CASH (VІSA) сияқты жүйелер жатқызылады. Екіншісі желілер негізіндегі электрондық ақша (network - based) немесе "желілік ақша". "Электрондық ақшаның" бұл түрі телекоммуникациялық желі (Интернет) арқылы ақшалай құнды электрондық сақтау және электрондық ақшаны (эмитенттің электрондық міндеттемелерін) беруді жүзеге асыру үшін компьютерде (компьютердің қатты дискісі) орнатылған арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланатын желілік өнімді білдіреді. Желілер негізіндегі электрондық ақшаға электрондық ақшаның мынадай жүйелерін жатқызуға болады - Paypal (АҚШ), WebMoney (Ресей), Яndex. Ақша (Ресей).
Мен, жуық арада төл теңгеміздің, яғни ақшаның екінші түрі қолданысқа енуін қарастырдым. Бірақ ол ақша қағаз түрінде емес, оны қолма-қол жұмсай алмайсыз. Өйткені ол - ақшаның электронды нұсқасы болып табылады. 2010 жылдың ақпан айының 2-сінде Ұлттық банк мамандары Мәжіліс депутаттарына "Электронды ақша туралы" заң жобасын таныстырды. Осы заңға сәйкес, кез-келген азамат өз еркімен екінші деңгейлі банктерге барып, электронды есеп-шот ашады. Оны "электронды әмиян" деуге болады. Содан соң осы әмияныңызға өз шамаңыз жеткенше, қалауыңыз бойынша керекті қаржыңызды салып қоясыз. Содан кейін интернет арқылы сатылатын тауарларға үйіңізде немесе жұмысыңызда отырып-ақ тапсырыс беріп есептесе аласыз. Электрондық ақшаны оның иелері (жеке тұлғалар) Интернетте онлайндық сатып алуды жасауға және сауда ұйымдарынан және эмитент банктермен олар шығаратын электрондық ақшаны қабылдау бойынша тиісті келісімдері бар өзге де кәсіпкерлік субъектілерінен өзге де сауда операцияларын жасауға пайдалануы мүмкін. Сондай-ақ электрондық ақшаны жеке тұлғалар белгілі бір электрондық ақша жүйесінің шеңберінде басқа пайдаланушыларға - жеке тұлғаларға аудару үшін пайдалана алады. Электрондық ақшалардың тиімділігі Интернеттің сансыз көп пайдаланушылары арасында ол бойынша тауарлар мен қызметтерді сатып алған кезде жылдам әрі қауіпсіз есеп айырысулар жүргізуде көрінеді.
Электрондық құралдар көмегімен сатып алынған тауарларға төлем жасау. Кеңірек тараған жүйелер: үй банкі, электрондық дүкендерде тауарларға төлеу және т.б.
Электрондық төлемдердің басты ерекшелігі сатып алынған тауарға төлем жасау процесі тапсырыс берушінің компьютері және тауар сатушысының Web-сервері арқылы жүргізіледі.

І - тарау. Ақша туралы теорялық аспектілері және электронды ақша
0.1 Ақшаның пайда болуы

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларды өгіз деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі пекуния (ақш) пекус (мал) сөзінен шыққан. Руна (мал) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы рупия негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де мал деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. былай деген біздің жинаған малдармыз: ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады. Ол кездегі қазынашы малшы, қазына, қазына жинау орны - мал ұстайтын орын деп аталынды. [1]
Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді. Бара бара, өндіру мен алмастырудың көлемінің өсуіне байланысты, жалпыға бірдей баламаның маңызын бір текті, оңай бөлшектенетін, сақтағанда бұзылмайтың тасымалдауға қолайлы тауардың орындауы керек болды. Осының салдарында өмірге кесектелген қола, мыс, күміс, алтын ақшалар келді, Одан кейінгі қоғамдық дамудың нәтижесінде, кесек металл ақшаның орнына, металдан дайындалған монеталар пайда болды, оның ішінде алтын ақша да бар. Бұл ақшаның кесек ақшадан айырмашылығы, оған қажетті деректер (мемлекеттің аты, гербісі, басылған жылы, тағы басқалар) басылатын. Бұл сол кездегі ақшаның жетілдірілген түрі болды. [2]
Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды. Бірақ XVI ғасырдың басында (1516 ж.) утопиялық социализмнің негізін қалаушы Томас Моор өзінің Жаңа Утопия аралы және кітап деген еңбегінде Алдау, ұрлау, тонау... кісі өлтіру заң тәртібімен қатаң жазалатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы, қайғысы, қиыңшылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылар еді. Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған кедейліктің өзі де жоғалар еді. Ол аздай Т. Моор тағы былай деді: Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда ол жерде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес. XIXғ. Социал утопистері - Прудон, Оуэн, Грен және басқалар ақшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды. Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан кейін, азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқала бастаған кезде ақшаны жою сәті келеді, яғни тарихтың өзі осыған алып келді деген тұжырымдар пайда бола бастады. Керек десеңіз ауыл шаруашылық өнімдеріне тікелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шыңдығында, мұның бәрі сәтсіз аяқталды. К. Маркс былай деді: ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм - ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді. [3]
Ақшаның қызметі:
Құн өлшемі
Айналыс құралы
Төлем құралы
Жинақтау және қорлану құралы
Әлемдік ақша
Экономикалық категория ретіндегі ақшаның мәні олардың қызметтерінде көрініс табады, олар ішкі ақшаның негізін және құрамын сипаттайды. Ақша қызметінің әрқайсысы тауарлардың айналымы процесінен шығатын әлеуметтік - экономикалық қатынастардың бір жағын қарастырады. Демек, олар қазіргі кездегі және нарықтық экономикадағы ақшаның маңызы мен рөлін өте толық ашады деп есептей отырып, біз 5 қызметін қарастырамыз.
Құн өлшемі. Ақшаның алғашқы және негізгі қызметі болып, барлық тауарлар құнының өлшемі қызметі болып табылады, ол тауарлардың балама айырбасымен қамтамасыз етеді. Бірақ та тауарларды салыстырмалы ететін ақша емес, тауарды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті адам еңбегі саналады. Барлық тауарлар қажетті еңбек өнімі болып табылады, сондықтан да өзіндік құны бар шынайы ақшалар олардың құнының өлшемі бола алады. Ақшалар құн өлшемі қызметінде идеалды оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанға дейін орындалады. Құнның тауарлық формасының ақшалай формаға айналуы үшін тауарлар бағасын белгілеу жеткілікті, бұл жағдайда тауарларды өткізу сатып алушыда нақты ақша болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Баға - тауарлар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол тауарды өндіру мен өткізуге кететін қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен анықталады, яғни баға бұл тауардың қоғамдық танылған құны болып табылады. Тауар бағасы нарықта қалыптасады, тауарларға деген сұраныс пен ұсыныстың тепе - теңдігі кезінде ол тауар құнына және ақша құнына тәуелді болады. Айналыс құралы. Бұл қызметтің маңызын тауар айналымының Т - А - Т классикалық формуласының көмегімен ашуға болады. Бұл жағдайда ақша тауар айналымындағы делдал рөлін атқарады, оның негізі болып айырбас баламасы саналады. Формуладағы тауарлық айналымы екі актіден тұрақты: тауарды сату, яғни оның ақшаға айналуы және тауарды саптып алу, яғни ақшаның тауарға айналуы. Бұл жағдайда ақша айналыс құралы қызметіндегі делдал болып табылады. Ол қызметті орындау үшін ақша үнемі қолда болуы тиіс, яғни бұл қызметті шынайы әрекет етуші ақшалар атқара алады. Егер сатып алушыда ақша болмаса, онда ол тауарды сатып алмайды. Бұл жағдайда ақша басқа тауарды сатып алу үшін қажет болады. Олар тауар сатушының қалтасында жатпайды, сатушылар оларды басқа қажетті тауарды сатып алу үшін қолданады, ақша үнемі айналыста жүреді. Сондықтан бұл жерде ақшаның рөлі өте жылдам және ол бір тауарды екіншісіне айырбастау процесіне қызмет көрсету үшін қажет.
Төлем құралы. Тауар өндірісі және тауар айналымының дамуы, сонымен бірге кредиттік қатынакстардың дамуы нәтижесінде ақшаның төлем құралы деген тағы бір қызметі туындады. Бұл жағдайда Т - А - Т айналымы барысында Т - А және А - Т деген екі метафора бөлініп шығады. Ақшаның сатушыға жетуінен гөрі тауар сатып алушының қолына жылдамдық жетеді. Бұл жағдайда тауарды сатушы кредит берушіге, ал сатып алушы - қарыз алушыға айналады. Сату және төлем актінің бөлінуі нәтижесінде ақшалар төлем құралы деген жаңа қызметті орындай бастады. Тауар сатылғаннан кейін, төлем құралдары айналымға түседі. Ақша айналымы процесін бастамайды, оны анықтайды. Сатып алушы тауар үшін ақша төлемейді, міндеттеме төлейді. Сонда тауар крелитке сатылады екен. Төлем міндеттемені өтегеннен кейін жүзеге асады, сәйкесінше, ақшалар сату - сатып алу актін анықтамайды, кредитті жаба отырып, тек қана оны аяқталады.
Нәтижесінде тауарларға қатысты ақшаның салыстырмалы дербес қозғалысы жүзеге асады.
Егер ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметі кезінде ақша мен тауардың қарама - қарсы бір уақыттағы қозғалысы орын алса, ал ақшаның төлем құралы қызметінде бұл қозғалыс барысында уақыт бойынша алшақтық болады, яғни қарыз алушы тауарды несиеге сатып алып сатушыға қарыз міндеттемесін береді, ол белгіленген мерзімде ғана төленеді. Төлем құралы ретінде ақшаны пайдалануды К. Маркс былайша сипаттады: Бір тауар иесі қолма - қол тауарды сатады, ал екінші ақша өкілі немесе болашақ ақша иесі ретінде әрекет ете отырып, сатып алады. Сатушы кредит беруші болса, сатып алушы - қарыз алушы болады.
Жинақтау және қорлану құралы. Төлем құралы ретіндегі ақша қызметінің дамуы ақша қаржылары резервтерін құрудың қажеттілігін, яғни ақшаның жинақтау және қорлану құралы ретіндегі қызметін туындатады.
Бірінші актіде тауар сатылады да ақшаға айналады, бұл жағдайда өз қажеттіліктеріңді қанағаттандырудан жиі бас тартуға тура келеді. Алтын адамдардың көз жауын алады. Сондықтан оны жинақтау мен сақтауға ұмтылады, өйткені бұл қор кез келген қызметті алуға, яғни кез келген уақытта өзінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ақшалар жинақтау құралы қызметін атқарады. Және олар осы қызметте қоғамдық байлықтың жалпы көрінісі болып саналады. Адамдар өз байлықтарын асыл тастар, өнер туындылары, жылжымалы мүлік, акциялар, облигациялар, банктегі аұша және т.б түрде сақтай алады. Бірақ ақшалар көбінесе осы қызметті орындайды. Өйткені оларға өтімділік тән, өтімді актив төлем құралы ретінде пайдалануға болатын және тіркелген атаулы құны бар актив саналады. Ақшалар төлем құралы ретінде пайдаланылады және олар құн өлшемі қызметін атқарғандықтан, олар әрекет етуші масштаб шеңберінде өзінің жеке тұрақты құнын өзгертпейді.
Әлемдік ақшалар. Әлемдік ақшалар ақшаның барлық қасиеттерін өзіне жұмылдыра отырып, ол қазыналық және төлем құралы қызметінің тұтастығы арқылы қаша формасының тікелей логикалық жалғасы болып табылады. К.Маркс былай жазған: Өзінің түсінігі ғана емес, сонымен қатар әрекет әдісімен ақшалар қазына және жаппай төлем құралы ретінде әлемдік нарықта жалпы айрбас құралы, жалпыға ортақ тауар болып табылады. Осыған байланысты әлемдік ақшалардың табиғаты, экономикалық категория ретіндегі маңызы олардың қызметінде айқын көрініс табады, мұндағы ақшаның өзіндік ерекшелігі жаппай интернационалды тауар ретінде көрнеді. Халықаралық төлем құралы ол құнның ұлттық белгілері арқылы және ішкі ақша айналымына ұқсас қалыптасатын құнның айрықша интерноционалдық белгілері бойынша жүзеге асырылады.[4]
Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны туғызды, ал сауда болса - адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның түрі де мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген. Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:
1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
2. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
3. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.
Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қана-ғаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады.[5]

1.2. Ақшаның түрлері

Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді:
Толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар);
Толық құнсыз ақшалар (құндық белгілері);
Толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар) -- номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Металл ақшаларға: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны -- бұл олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы -- аверс, артқы жағы -- реверс және жаны -- гурт деп аталады.
Монета сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона-Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуден берілген ақшалай қаражаттың көмегімен римдердің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275 ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. Монета сөзі латынша moneo -- кеңес беремін, көңіліңнен шығамын дегенді білдіреді.
Алғашқы монеталар VII ғ. б.з.б Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды.
Толыққұнсыз ақшалар (құнның белгілері) -- номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.
Оларға мыналар жатады:
құнның металдық белгілері -- арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
құнның қағаздан жасалған белгілері.
Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшаларға.
Қағаз ақшалар -- бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.
Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептері мынадай:
oo Металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
oo Металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;
oo Бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;
oo Бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.
Алғашқы қағаз ақшалар б.з. XII ғ. Қытайда, 1690 жылы Ұлыбритания отары болған Солтүстік Америкада, 1762 жылы Австрияда және 1769 жылы Ресейде пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) -- бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атақарды. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенімнің төмендеуін және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.
Несиелік ақшалар -- тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.
Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау.
Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар:
oo вексель;
oo банкнота;
oo чек.
Вексель (ағылш. bill note -- міндеттеме шоты) -- белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың қарыздық міндеттемесі.
Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы. Вексельдің түрлеріне Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы (28.04.97) Қазақстан Республикасы Заңында мынадай түсініктемелер берілген:
Жай вексель (соло) -- вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
Аудармалы вексель (тратта) -- вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.
Жай және аудармалы вексель -- коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар, экономикалық әдебиттерде вексельді мынадай түрлерге бөледі:
oo Қаржылық (банктік) вексель -- белгілі бір ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық міндеттеме.
oo Қазыналық вексель -- бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын, оның міндеттемесі. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.
oo Достық вексель кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бірі-біріне беріледі.
Бронзалық вексель нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.
Вексельдің келесідей өзіне тән қасиеттері бар:
oo дерексіздік, яғни вексельде мәміленің нақты түрінің көрсетілмеуі;
oo даусыздық, яғни протесттуралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылға дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге тиістігі;
oo айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.
Вексель айналысын бірінші болып қолдаушылардың қатарында Казкоммерцбанк тәжірибесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500,1000 және 5000 АҚШ долларындағы астық вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие құралы ретінде клиентеріне берді.
Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде Қазақстан темір жолы ҰК-ның 200,0 млн. теңгеге бағалаған вексельдерін өтеді.
Мұндағы, домицилиант -- вексельде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, вексельде делдал ретінде қатысатын банк.
Банкнота (ағылш. Bank-note - банк билеті) орталық банктің айналысқа шығарған әр түрлі номиналдағы ақша бірліктері.
Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден төмендегідей айырмашылығы бар:
oo мерзімділігіне қарай, егер де вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса (3 -- 6 айлық), ал, банкнота -- мерзімсіз қарыздық міндеттеме;
oo кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал, банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепілдік береді. [6]
Экономикалық әдебиттерде банкнотаны екі түрге бөледі: классикалық және жай.
Классикалық банкнота -- бұл банкнотаның алғашқы пайда болған нысаны ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.
Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан өзіндік айырмашылығы бар:
oo жаратылысына қарай -- қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота -- ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған;
oo эмиссиялау әдісі бойынша -- қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық шығарса, ал банкнотаны -- Орталық банк шығарады;
oo қайтарылуына қарай -- классикалық банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал, қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;
oo ауыстырылуына қарай -- классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын болған.
Банкноталардың алтынға ауыстырылуы тоқталғаннан бастап, банкнота алтынмен қамтамасыз етілуі қысқарып, оның вексельдік қамтамасыз етілуі де күрт нашарлай түсті, себебі Орталық банктің вексельдік портфелі, көбірек казыналық вексельдер мен міндеттемелерге толықты.
Жай банкнота -- бұл қазіргі кездегі айналысқа шығарылған Орталық банк билеті.
Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі айналыста жүрген орталық банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етілмейді, бірақ олардың белгілі бір дәрежеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының зандылықтарына бағынады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің жай банкноталардың эмиссиялануының төмендегідей үш жолын бөліп көрсетуге болады:
oo Шаруашылықты несиелеу жолымен;
oo Мемлекетті (үкіметті) несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық міндеттемелердің орнына банкноттардың шығарылуы барысында. Шынында да, еліміз тәуелсіздік алған жылдардың басында экономикадағы тұрақсыздыктың нәтижесінде 1993-1998 жылдары мұндай көріністің куәсі болдық. Айталық, 1995 -- 1996 жылдары бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 5,5 %-на дейін жетті, ендеше сол уақыттары республикалық бюджет тапшылығының 80%-ға жуығы Ұлттық Банктің Үкіметке берген несиелері есебінен жабылғаны белгілі. Әрине, бұл жолдың теріс жақтары да болды, оның бірі елімізде гиперинфлияцияның орын алуы.
oo Ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын қамтамсыз ету және еліміздің сыртқы қарыздарды өтеу үшін мемлекеттің валюталық резервтерін арттыру мақсатында айналысқа қосымша ақша эмиссиялау жолымен.
Чек вексель мен банкнотаға қарағанда коммерциялық банктердің құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай қаражаттардың жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде біршама кеш пайда болды.
Алғашқы чектер 1683 жылы Англияда пайда болды.
Чек - ағымдағы шот иесінің чекті ұстаушыға белгілі бір ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.
Чектің мынадай түрлері бар:
1. ақшалай чек - банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;
2. ордерлі чек - бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссамент бойынша басқа бір тұлғаға беруге құқық береді;
3. мәлімдеуші чек - чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген сомасы төленеді;
4. есеп айырылысу чегі - заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есп айырысуларда қолданылады;
5. жол чегі - туристік сапарларға арналған төлем құралы;
кепілдендірілген чек - банктің чекте көрсетілген соманы төлеуге кепілдендіруін сипаттайтын төлем құралы.
Чектің экономикалық жаратылысы мынадай: біріншіден, ол банктен нақты ақшаны алуға қызмет етеді; екіншіден; ол айналыс және төлем құралы қызметін атқарады; үшіншіден, ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырылысу құралы.
Электрондық ақшалар -- компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.
Электронды ақшалар -- пластикалық карточка нысанында болады. Олар екі түрлі болып келеді:
Дебеттік (төлем) карточка -- банкте арнайы карточкалық қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.
Кредиттік карточка -- оның эмитеті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.[7]
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың локальдық және халықаралық түрлерін кеңінен қолданылуда. Халықаралық карточкаларға: Eurocard, Master Card, Visa, Maestro және т.б. жатады.
Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгеде ашылады.
Несиелік карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету аясында қолданылады. Қазіргі уақытта несиелік карточкалардың мынадай түрлері қолданылады: банктік, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.
2011 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 20 банк және Қазпочта АҚ нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. Екінші деңгейлі банктер жергілікті жүйе төлем карточкаларын: Altyn Card -- Қазақстанның Халықтық Банкі АҚ, Smart AlemCard -- БТА Банкі АҚ, Сити банкі АҚ шығаруда. Бұдан басқа, қазақстандық банктер келесідей халықаралық жүйе карточкаларын шығарумен және таратумен айналысуда: VISA International, MasterCard Worldwide, American Express International, China Union Pay және Diners Club International[8]

II Электрондық ақшалар
2.1 Электрондық ақшалар

Электрондық ақша - электрондық құрылғыда сақталатын және төлемдік және басқа да міндеттемелерді орындау мақсатында электрондық құралдар (байланыс арналары) арқылы бір құрылғыдан екіншісіне беріле алатын ақшалай құнды білдіреді. Құқықтық тұрғыдан алғанда "электрондық ақша" электрондық ақшаның иесі (пайдаланушы) нақты ақшаға айырбас ретінде шығарған және электрондық нысанда сақталатын, олардың эмитенттерінің (банктердің) "ақшалай міндеттемелері" ретінде айқындалады.[9]
Электрондық ақша - электрондық түрде ұсынылатын және айналыста жүретін төлем қаражаты. Электрондық ақшаның айналымы есеп айырысуға қатысушы тараптардың құпиялығына кепілдік береді: сатушы мен сатып алушы, банкілер мен олардың клиенттері арасындағы ақпаратты кодтау және оны автоматтық өңдеу құралдарын қолдана отырып, компьютерлік желі, байланыс жүйелері арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүзеге асырылады. Электрондық ақшаны дайындау (шығару) кезінде пайдаланылатын және олардың айналымын тәртіптейтін криптография хаттамалардың тұрақтылығы құпиялықтың сақталуына кепілдік болады. [10]
Электронды ақшаның тарихы сонау 1918 жылы АҚШ-тың Федералдық Резерв Банкі телеграф арқылы ақша жіберуінен бастау алған. Араға бірталай жылдар салып 1993 жылы электрондық ақшаның дамуы қайта жолға қойылды. Содан бері дебит және кредит карталарын қолдану ғана емес, интернет арқылы сауда-саттық жасау да кеңінен тарала бастады. Әмияныңызға мыс-мыс ақшаңызды сыйдыра алмай жүрген жандар үшін кредит карталары тиімді болды
Электрондық ақшаны шығаруды электрондық ақша эмитенті жеке тұлғалардан және электрондық ақша эмитенттерінің агенттерінен олармен жасалған шарттарға және электрондық ақша жүйесінің ішкі ережелеріне сәйкес қабылданған ақша сомасы шегінде жүзге асырады. Эмитент немесе оның уәкілетті тұлғасы электрондық ақшаны шығарған кезде электрондық ақша иесін операцияларды жүзеге асыру тәртібі және тәуекелдер, шағымдарды беру тәсілдері және оларды қарау тәртібі, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалана отырып операциялар жүзеге асырған кезде алынатын комиссиялық сыйақылардың түрлері мен мөлшерлері туралы ақпаратпен таныстырады.
Электрондық ақшаны шығарған кезде электрондық ақша иесіне жеке тұлғаның немесе электрондық ақша агентінің сатып алу фактісін растайтын түбіртек немесе өзге құжат беріледі
Эмитент өзі шығарған электрондық ақшаның жалпы сомасының электрондық ақша иелерінен қабылданған ақшаның жалпы сомасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады және қамтамасыз етеді.
Эмитент 100 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомаға электрондық ақша шығарылған жағдайда электрондық ақша иесінің жеке басын анықтауға міндетті. Электрондық ақша иесі жасайтын бір операцияның ең көп сомасы 500 АЕК-ке тең сомадан аспауы тиіс.[11]
Интернетпен және электрондық ақшалармен қолданасыз ба? Деген сұрақ қойылып, халықтың арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың нәтижесінде мынандай қорытындылар шықты

Сурет-1 сауалнаманың нәтижесі
Ұлттық Банктiң банкноттар мен металл ақшаларды сатқан жағдайдағы сияқты электрондық ақшаны екiншi деңгейдегi банктерге сату арқылы оны айналымға шығару көзделдi. Мұндай жағдайда айналыстағы ақша массасы екi бөлiкке бөлiнер едi: электрондық ақша және банкноттар, металл ақшалар. Жоба негiзiнен сол кезеңдегi Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң даму деңгейiне сәйкес қажет болмады. Қазiргi кезде осы жобаны кезең-кезеңiмен iске асыру үшiн барлық алғышарттар бар. Бiрiншiден, екiншi деңгейдегi банктердiң ақпараттық инфрақұрылымы осы кезең iшiнде белгiлi бiр дамуға қол жеткiздi. Екiншiден, Қазақстан Республикасында ТМД елдерiнiң арасында неғұрлым дамыған, банкаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ететiн төлем жүйесi қалыптасты.
2008 жылы электрондық ақшалармен халықтың тек 10% ғана пайдаланса, 2009 жылы халықтың 38% электрондық ақшаларды таңдады. Ал банктік карталармен төлемдер 12%-дан 10%-ға түсті.

Сурет 2. Электрондық ақшалар мен банктік карточкалардың пайдалануы
Электрондық ақшалармен операцияларды жүзеге асыру үшін электрондық әмиян қолданылады. Электрондық әмиян электрондық ақша иелерінің оларды қолдану барысында электрондық ақшалардың есебін жүргізуге, сақтауға және олардың қолдануымен операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді.
Электрондық қолма-қол ақшаны енгiзу жолындағы алғашқы қадам электрондық әмияндар тұжырымдамасы негiзiнде микропроцессорлық дебеттiк және кредиттiк карточкаларды пайдалана отырып Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн құру болып табылады. Электрондық әмияндар тұжырымдамасын "таза" күйiнде iске асыру көзделмейдi, яғни есеп айырысу жүзеге асырылғанға дейiн клиенттердiң микропроцессорлық карточкаларына енгiзiлген ақша банк жүйесiнде жинақталуға мүмкiндiк бере отырып, iс жүзiнде клиенттердiң банктегi жеке есепшоттарында қалады. Халық тауарлар мен көрсетiлген қызметтер үшiн Қазақстан Республикасының кез келген жерiнде және осы карточканы ұстаушыға қандай банктiң қызмет көрсететiнiне қарамастан есеп айырысуға мүмкiндiк алады. Электрондық ақшаны шығару құқығы екінші деңгейдегі банктерге беріледі. Сонымен бірге жеке ұйымдар, эмитент банктер айналысқа шығарған электрондық ақшаны таратумен және оларды пайдаланып, жасалатын операцияларға қызмет көрсетумен айналыса алады. Электрондық ақша шығаруды электрондық ақша иелерінен алдын-ала алған қаражат шегінде эмитент жүзеге асырады. Эмитент банктер өздері шығарған электрондық ақшаны өтеуге қабылдауға немесе оларды қолма-қол ақшаны беру, немесе электрондық ақша иесінің талап етуі бойынша оларды банк шотына аудару арқылы номиналдық құны бойынша нақты ақшаға айырбастауға міндетті.
Электрондық ақша мен төлем карточкаларының арасындағы айырмашылық төлем карточкасының банк шотына кіру құралы болып табылатындығында. Төлем карточкалары бойынша операцияларды жүргізген кезде барлық операциялар клиенттің банк шотынан жүзеге асырылады. Электрондық ақша банк шотына байланысты емес және оларды пайдалана отырып операцияларды жүргізген кезде төлем электрондық ақшаны бір электронды құрылғыдан екіншісіне беру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, оның төлем карточкасынан айырмасы, электрондық ақшаны пайдалану кезінде төлем ақшаны (қолма-қол, қолма-қол емес) пайдаланбай, бір тұлғаның (төлеушінің) екінші тұлғаға электрондық ақшаны - "эмитенттің ақшалай міндеттемелері бар ақпаратты" беру арқылы жүзеге асырылатындығында болып отыр. Бұл ретте төлемді жүзеге асыру кезінде электрондық ақшаны беру үдерісі электрондық ақшасы бар немесе оларға кіруді қамтамасыз ететін электрондық құрылғылар (микропроцессор (чип), бағдарламалық қамтамасыз ету, компьютердің "жадысы") арқылы іске асырылады. [12]
Электронды ақшалар пластикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның экономикалық салдарлары
Баға құрылымы және бағаны тұрақтандыру
Инфляцияның теориялық аспектілері
Бизнес - жоспардың даму стратегиясының экономикалық негіздемесі
Қаржының ғылыми-теориялық аспектілері
Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы
Ақша жүйесі және ақша айналымы. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп берудің теориялық аспектілері мен негіздері
Қазақстан Республикасындағы инфляцияның динамикасы туралы
Ақша айналысын ұйымдастырудағы төлем карточкаларын қолданудың тиімділігі және оның даму келешегі (ҚР екінші деңгейдегі банктер материалдарында)
Пәндер