Ұнтақты бұйымдарды өндіру



Кіріспе
Жалпы бөлім
1. Ұнтақты бұйымдарды өндірудің технологиялық үрдісі және оларды пайдалану салалары
2. Көпбілікті диірмен
3. Ұнтақты металлургия технологиясының тиімділігі
Құрылыс бөлімі
1. Өндірістің технологиялық сұлбасын жасау
2. Цехты жоспарлау және ондағы жабдықтарды қою
3. Энергия қамтамасыз ету, энерго үнемдеу, энерго менеджмент
4. Сумен қамту, канализация және шламжою
5. Құрылысқа арналған алаңды таңдау
6. Құру мен ауданды пайдалану коэффициенті
7. Өндіріс цехтарының жобалы қуаты мен өнімділігі
8. Өнім саны мен құрамын анықтау
9. Өндірістің әдістерін негіздеу мен таңдау
10. Тістегеріш соғылмасын баспақта қалыптаудың технологиялық үрдісін істеу. Соғылманы құрылымдау.
Арнайы бөлім
1.Электрлік пештердің классификациясы
2. Кедергімен қыздыру пештері
3. Технологиялық сипаттамалар есебі.
Технологиялық бөлім
1. Технологиялық үрдістің сұлбасын таңдау және негіздеу
2. Мөлшерлеу
3. Араластыру
4. Дистилляция
5. Елеу
6. Қайта араластыру
7. Пішіндеу
8. Пластификаторды айыру
9. Соңғы рет пісіру
10. Механикалық өңдеу
11. Жабдық санын есептеу және таңдау
Қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімі
1 Еңбекті қорғаудағы ұйымдастыру шаралары
2. Еңбек қорғаудағы техникалық қауіпсіздік шаралары
3 Еңбек қорғаудағы өндірістік тазалық шаралары
3.1 Зиянды өндірістік факторлар
3.2 Санитарлық тұрмыстық жағдай
4 Еңбек қорғаудағы өртке қарсылық шаралары
5 Дабылдама жүйесі
6 Жарықтандыруды есептеу
7 Өндірістік ғимараттарды желдету
8 Микроклиматы қамтамасыз ету
9 Жерге қосылғыш қондырғының есебі
10 Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Экономикалық бөлім
1 Жобалау жұмыстарының жалпы экономикалық сипаттамасы.
2.Күрделі /бірреттік/ шығындар
3 Ағынды үлестірімдер /айлық шығындар/
4 Баға
5 Бұйымды сату себебінен жылдық кіріс /доход/
6 Жылдық жалпы пайданы табу
7 Жылдық таза пайда
8 Тиімділік /рентабельность/ және басқа экономикалық көрсеткіштер
9 Техника.экономикалық көрсеткіштер кестесі
Әдебиеттер тізімі
Металлургия мен машина жасауды дамыту тиімділігін жоғарылату бүкіл халықтың маңызды міндеті болып табылады, бұл Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясына әсерін тигізеді. ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың "Қазақстан-2050" стратегиясы" жолдауында келесілер белгіленген:
- Адамзат өндіріс атауын өзгертетін Үшінші индустриалды революцияның босағасында тұр. Технологиялық жаңалықтар әлем нарығының құрылысы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғымен салыстырғанда енді мүлде басқа технологиялық шынайылықта өмір сүрып жатырмыз. Сандық және нанотехнологиялар, робот техникасы, регенеративті медицина және басқа да ғылым жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамзатты да өзгертіп күнделікті шындыққа айналады. Біз осы үрдістердің белсенді қатысушылары болуымыз керекпіз.
1. Порошковая металлургия. Материалы, технология, свойства, области
применения: Справочник / И. М. Федорченко, И. Н. Францевич, И. Д.
Радомысельский и др.; Отв. ред. И. Д. Федорченко. Киев: Наук. думка, 1985.
624 с.
2. Порошковая металлургия и напыленные покрытия. Учеб. для ВУЗов /
Под общ. ред. Б. С. Митина. М.: Металлургия, 1985. 567 с.
3. Проектирование структуры, свойств и технологии порошковых и
композиционных материалов: Метод. указания по курсовому проекту по спец.
дисциплинам специальности “Материаловедение в машиностроении” / НГТУ;
Сост. : И. М. Мальцев, Ю. А. Шоткин Н.- Новгород, 1994.
1. Кипарисов, С. С. Оборудование предприятий порошковой металлур-
гии / С. С. Кипарисов, О.В. Падалко – М. : Металлургия, 1988. – 448 с.
2.Либенсон, Г. А. Процессы порошковой металлургии : учеб. для вузов :
в 2 ч. / Г. А. Либенсон, В. Ю. Лопатин, Г. В. Комарницкий. – М. : МИСиС,
2001. – 684 c.
3. Рябин, В. А. Термодинамические свойства веществ : справ. /
В. А. Рябин, М. А. Остроумов. –Л. : Химия, 1977. – 392 с.
4.Силаев, А. Ф. Диспергирование жидких металлов и сплавов / А. Ф. Си-
лаев, Б.Д. Фишман. – М. : Металлургия, 1983. – 144 с.
5. Фомина, О. Н. Порошковая металлургия. Энциклопедия междуна-
родных стандартов / О. Н. Фомина, С. Н. Суворова, Я. М. Турецкий. – М. :
Изд-во стандартов, 1999. – 305 с.
6. Физические величины : справ. / под ред. И. С. Григорьева,
Е. З. Мейлихова. – М. : Энергоатомиздат, 1991. – 1221 с.
7. Физическая химия. Химическая термодинамика : метод. указания /
сост. Д.К. Белащенко, Е. И. Гущина. – Переизд. – М. : МИСиС, 2006. – 20 с.
8. Порошковая металлургия. Материалы, технологии, свойства, облас-
ти применения : справ. / И. И. Францевич [и др.]. – Киев : Наукова думка,
1985.– 624 с.
9. Злобин, Г. П. Формование изделий из порошков твердых сплавов /
Г. П. Злобин. – М. : Металлургия, 1980. – 184 с.
10. Клячко, Л. И. Оборудование и оснастка для формования порошко-
вых материалов / Л. И. Клячко, А. М. Уманский. – М. : Металлургия, 1990.
– 156 с.
11. Перельман, В. Е. Формование порошковых материалов / В. Е. Пе-
рельман. – М. : Металлургия, 1979. – 232 с.
12. Крушинский, А. Н. Спекание изделий из металлических порошков /
А. Н. Крушинский. – М. : Металлургия, 1979. – 68 с.
13. СТО 4.2-07-2008. Система менеджмента качества. Общие требования к
построению, изложению и оформлению документов учебной и научной деятель-
ности / разраб. Т. В. Сильченко, Л. В. Белошапко, В. К. Младенцева, М. И. Губа-
нова. –Введ. впервые 09.12.2008. –Красноярск: ИПК СФУ, 2008. – 47 с.
14. Осокин, Е. Н. Процессы порошковой металлургии : курс лекций /
Е. Н. Осокин, О. А. Артемьева. – Красноярск : ИПК СФУ, 2008. – 423 с. –
(Процессы порошковой металлургии : УМКД № 63-2007 / рук. творч. коллек-
тива Е. Н. Осокин).
15. Стрелов, К. К. Теоретические основы технологии огнеупорных ма-
териалов / К.К.Стрелов. – М. : Металлургия, 1985. – 480 с

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Жалпы бөлім
1. Ұнтақты бұйымдарды өндірудің технологиялық үрдісі және оларды пайдалану салалары
2. Көпбілікті диірмен
3. Ұнтақты металлургия технологиясының тиімділігі
Құрылыс бөлімі
1. Өндірістің технологиялық сұлбасын жасау
2. Цехты жоспарлау және ондағы жабдықтарды қою
3. Энергия қамтамасыз ету, энерго үнемдеу, энерго менеджмент
4. Сумен қамту, канализация және шламжою
5. Құрылысқа арналған алаңды таңдау
6. Құру мен ауданды пайдалану коэффициенті
7. Өндіріс цехтарының жобалы қуаты мен өнімділігі
8. Өнім саны мен құрамын анықтау
9. Өндірістің әдістерін негіздеу мен таңдау
10. Тістегеріш соғылмасын баспақта қалыптаудың технологиялық үрдісін істеу. Соғылманы құрылымдау.
Арнайы бөлім
1. Электрлік пештердің классификациясы
2. Кедергімен қыздыру пештері
3. Технологиялық сипаттамалар есебі.
Технологиялық бөлім
1. Технологиялық үрдістің сұлбасын таңдау және негіздеу
2. Мөлшерлеу
3. Араластыру
4. Дистилляция
5. Елеу
6. Қайта араластыру
7. Пішіндеу
8. Пластификаторды айыру
9. Соңғы рет пісіру
10. Механикалық өңдеу
11. Жабдық санын есептеу және таңдау
Қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімі
1 Еңбекті қорғаудағы ұйымдастыру шаралары
2. Еңбек қорғаудағы техникалық қауіпсіздік шаралары
3 Еңбек қорғаудағы өндірістік тазалық шаралары
3.1 Зиянды өндірістік факторлар
3.2 Санитарлық тұрмыстық жағдай
4 Еңбек қорғаудағы өртке қарсылық шаралары
5 Дабылдама жүйесі
6 Жарықтандыруды есептеу
7 Өндірістік ғимараттарды желдету
8 Микроклиматы қамтамасыз ету
9 Жерге қосылғыш қондырғының есебі
10 Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Экономикалық бөлім
1 Жобалау жұмыстарының жалпы экономикалық сипаттамасы.
2.Күрделі бірреттік шығындар
3 Ағынды үлестірімдер айлық шығындар
4 Баға
5 Бұйымды сату себебінен жылдық кіріс доход
6 Жылдық жалпы пайданы табу
7 Жылдық таза пайда
8 Тиімділік рентабельность және басқа экономикалық көрсеткіштер
9 Техника-экономикалық көрсеткіштер кестесі
Әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ

Металлургия мен машина жасауды дамыту тиімділігін жоғарылату бүкіл халықтың маңызды міндеті болып табылады, бұл Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясына әсерін тигізеді. ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың "Қазақстан-2050" стратегиясы" жолдауында келесілер белгіленген:
- Адамзат өндіріс атауын өзгертетін Үшінші индустриалды революцияның босағасында тұр. Технологиялық жаңалықтар әлем нарығының құрылысы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғымен салыстырғанда енді мүлде басқа технологиялық шынайылықта өмір сүрып жатырмыз. Сандық және нанотехнологиялар, робот техникасы, регенеративті медицина және басқа да ғылым жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамзатты да өзгертіп күнделікті шындыққа айналады. Біз осы үрдістердің белсенді қатысушылары болуымыз керекпіз.
Қазіргі таңдағы машина жасау технологиясын дамытудың негізгі бағыттарының бірі қолданыстағы және жаңа қалдықсыз, материал үнемдейтін өндірістік үрдістерді, яғни механикалық өңдеу арқылы минимал әдіптермен немесе оларсыз жетіспейтін материалдар шығынын төмендету кезінде дайындамалар алуды қамтамасыз ететін үрдістерді жасау мен жетілдіру болып табылады. Бұл мәселені шешу кезінде ұнтақты металлургия белгілі бір рөл атқарады. Ұнтақты металлургия - бұл металлдар мен қорытпалардан ұнтақ жасаудан және олардан негізгі құрауышты балқытпай дайындамалар мен бұйымдарды алудан тұратын техника саласы. Ұнтақты металлургия әдісімен қасиеттері және балқу температурасы ерекше түрлі құрауыштардан тұратын материалдарды, әр түрлі физико-механикалық қасиеттер кешені бар жаңа материалдарды жасап шығаруға болады. Ұнтақты металлургия принципиалды жаңа материалдар мен олардың өнімдерін де, сондай-ақ жалпыға ортақ құрастыру тетіктерінің кең номенклатурасын да дайындау үшін қолданылады.
Заманауи техниканың ең жас салаларына жататын ұнтақты металлургия, сонымен қатар металлды және оның өнімдерін өндірудің көне тәсілдерінің бірі болып саналады. Көне заманда (біздің заманымызға дейін) алтын, мыс және қола ұнтақтары ажарлау мақсатында қолданылғаны белгілі. Таза темірді балқытуға қажетті температураны алу әдістері болған жоқ, сондықтан дайындаманы жасауды ұнтақты металлургия әдісімен жүзеге асырған. Домендік өндірістің пайда болуымен бұйымды ұнтақты металлургиямен жасау уақытша тоқтатылды. ХХғ-дың басында ғана, электротехниканың жақсы дамуы жаңа материалдарды талап еткенде, қайтадан бұйымдарды ұнтақты металлургиямен дайындау технологиясы дамыды. Бұл оның қайта өрлеуіне, кейінгі дамуына және өндіріске белсенді енгізілуіне алып келді. 30-жылдары магнитті және контактылы материалдарды, өздігінен майланатын мойынтіректерді, қатты қорытпаларды, т.б өндіру басталды.

Жалпы бөлім
1. Ұнтақты бұйымдарды өндірудің технологиялық үрдісі және оларды пайдалану салалары
Ұнтақтық металлургия - металл ұнтақтарын, металл және металл тектес қосылыстарды (көміртекпен, бормен, азотпен, кремниймен); түрлі қорытпаларды; композицияның негізгі металлын балқыту нүктесінен төмен температурада пішіндеу және пісіру арқылы жоғарыда аталған ұнтақтар негізінде металлокерамикалық бұйымдарды өндіруде қолданатын жаңа технологиялық әдіс.
Тетіктерді ұнтақты материалдардын дайындау үрдісі бастапқы материалдың ұнтағын алудан, шихтаны құрудан, бұйымды пресстеу мен пісіруден тұрады. Аталған операциялардың әр қайсысы ұнтақты бұйымдардың соңғы қасиеттерінің құрылуына өз үлестерін қосады. Тәжірибеде ұнтақты материалдарды алудың келтірілген типтік технологиялық сұлбасынан қателіктер кетуі мүмкін, олар пресстеу мен қақталу (ыстықтай пресстеу) операцияларының бірігуінде, себілетін ұнтақты пісіруде (тығыздау операциясы болмайды), қосымша өңдеуді (калибрлеу, механикалық және химико-термиялық өңдеу) жүргізуде және т.б. көрінеді.
Қазіргі таңда ұнтақ дайындаудың түрлі әдістері бар, олардың әрқайсысы оның сипаттамаларын қамтамасыз етеді. Ұнтақ алу әдісін таңдау кезінде оның қасиеттері мен құнының шекті деңгейін ескереді.
Металл ұнтақтар өлшемдері бойынша да (микрометр үлесінен миллиметр үлесіне дейін), бөлшек бетінің пішіні мен күйі бойынша да ерекшеленеді.
Ұнтақ өндірудің белгілі әдістерін механикалық және физико-химиялық деп бөледі.
Ұнтақты механикалық алу әдісі - ұсату мен майдалату, тозаңдандыру, грануляция - материалдарды ұнтаққа химиялық құрамының өзгеруінсіз қайта өңдеумен сипатталады.
Физико-химиялық әдістер - карбонилді қосылыстарды орнына келтіру және термиялық диссоциация, ерекшелігі - алынатын ұнтақ химиялық құрамы бойынша бастапқы материалдан ерекшеленеді.
Кейде үрдістің экономикалылығын жоғарылату немесе материал сипаттамаларын жақсарту мақсатында ұнтақты алудың аралас әдістерін қолданады. Осылайша, тозаңдандыру барысында металлды алдымен түйіршіктейді, содан соң сутектің қорғаныш ортасында күйдіреді. Электролиз кезінде тығыз, бірақ жұмсақ өнімдерді алады, сосын оларды ұсатады.
Өнеркәсіпте кеңінен таралған әдістерге ұнтақты оксид пен басқа металл қосылыстарын қайта орнына келтіру жолымен дайындау әдістері жатады.
Металл ұнтақтарын көбінесе тұтынушы және өндіруші болып саналатын АҚШ, Жапония, Англия және Италия елдерінде, олардың шамамен 55 %-ын орнына келтіру әдісімен, ал қалған бөлігін тозаңдандыру әдісімен жүргізеді.
Жыл сайын әлемде шамамен 600...650мың т металл ұнтақ шығарылады.
Ғылыми аспектіде ұнтақтық металлургия саласы негізінде ұнтақ металлургиясын, композиционды материалдарды және ұнтақ қабаттарын біріктіреді.
Ұнтақ металлургия өнімінің номенклатурасы күрделі және әр түрлі.
Ұнтақты металлургия әдістерімен келесілерді алады:
Кесетін, бұрғылайтын, сым тартатын құралды, сондай-ақ қарқынды тозуға ұшырайтын тетіктерді дайындауға арналған қатты қорытпалар;
Сұйықтықтарлы қатты қосылыстардан, ауаны, газды және шаңнан тазартуға қолданылатын фильтрлерді дайындауға арналған жоғарғы кеуекті материалдар;
Сырғанау мойынтіректерін, төлкелерді, тығындарды және ауыр пайдалану жағдайында жұмыс жасайтын басқа да тетіктерді өндіруге арналған антифрикциялы материалдар;
Үйкелу, ілінісу тораптарының және машинаныі тежеу жүйесінің тетіктерін алуға арналған фрикционды материалдар;
Жоғары температурада және агрессивті газ орталарында жұмыс жасайтын бұйымдарды өндіруге арналған ыстыққа шыдамды және берік материалдар;
Басқа әдеспен алу мүмкін емес электрлік контактыларды дайындауға арналған күрделі құрамды (псевдоқоратпалар) материалдар;
Тұрақты магниттерді, магнитоэлектриктерді, ферриттерді және т.б алуға арналған магнитті материалдар.
Композиционды материалдар номенклатурасы келесілерден тұрады:
:: жоғары модульді арматура элементтері;
:: арматураланған металл материалдар;
:: композиционды эрозияға және қызуға шыдамды отқа төзімді материалдар;
:: жылуизоляциялық және жылу сақтау материалдары;
:: эластикалық қыздыру элементтері.
Ұнтақты қабаттардың номенклатурасы келесілермен көрсетілген:
:: біркомпонентті ұнтақтармен (алюминий, бор, ванадий және т.б.);
:: оксидтермен (алюминий оксиді, гафний, берилий, кремний және т.б.);
:: баяу балқитын қосылыстардың ұнтақтарымен (вольфрам, ванадий, ниобий боридтері және т.б.);
:: ұнтақты қоспалармен (титан, хром, никель карбидтері және т.б.);
:: композиционды ұнтақтармен (никель-алюминий, никель-графит, никель-хром-бор-кремний және т.б.).
Бұл саланы дамытудың негізгі бағыттарына мыналар жатады:
суық, сондай-ақ статикалық және ыстық динамикалық пресстеуді, қалыптауды, икемдеу, электроразрядты пісіру мен жарылу энергиясын қолдану арқылы күрделі пішінді машина жасау тетіктерін пішіндеу және пісіру үшін технологиялық үрдістерді және жабдықтарды жасау және игеру;
пісірілген дисперсті-беріктелген және талшықтармен арматураланған қызуға шыдамды композиционды және отқа төзімді материалдарды оттексіз баяу балқитын қосылыстар, металл ұнтақтары мен қорытпалары негізінде өндіруді жүргізу және игеру;
жоғарғы кернеу мен температурада жұмыс істейтін машина тетіктері, құралдары мен жабдықтарына арналған пісірілген материалдарды өндіруді жүргізу және игеру;
үзілісті және сырғанайтын жоғары сенімділіктері бар контактілер, құралдар мен агрегаттар үшін электроконтактылы материалдарды, минимал магнитті шығындары және магнитті өткізгіштігі бар тұрақты және ауыспалы токты аймақта жұмыс істейтін магнитті жұмсақ материалдарды жасау және игеру.
Ұнтақ алудың механикалық әдістері материал бөлшектерін, олардың материалдағы ілінісудің ішкі күштерінен өтетін сыртқы жүктемелер әсерінен бұзылуы арқылы ұсақтауға негізделген.
Ұсақтау, ұсақтау немесе ұнтақтаумен механикалық майдалатуды жұмсақ металлдар мен қорытпалардың: берилийдің, сүрменің, хромның, марганецтің, ферроқорытпалардың және т.б. ұнтақтарын өндіру кезінде қолднаған жөн. Пластикалық металлдарды ұсақтау күрделенген, өйткені сыртқы жүктемелер әсерінен олар негізінен ұсақталмай, дефомацияланады. Металлды ұсақтауды бетті, білікті, конусты ұсатқыштарда жүргізеді. Ұсақтау өнімдері - өлшемі 1...10ммм болатын бөлшектер. Олар шарлы айналатын, дірілді немесе планетарлы центрге тартқыш және балғалы диірмендерде (1-сурет) ұсақталатын бастапқы материалдар болып табылады.

1-сурет- шарлы диірмен

Механикалық әдістердің кемшіліктеріне ұнтақтардың шарлар мен атанақтың ұнтақтау өнімдерімен ластануы, олардың жоғарғы құны және үрдістердің қатыстық төмен өнімділігі жатады.
Ұнтақтаудың тағы бір түрі өзіміздің жетекшімізбен бірігіп жасалған патент көпбілікті диірмен.
2. Көпбілікті диірмен
Өнертабыс ұсақтауға арналған құрылғыға жатады және ұнтақты материалдарды өндіруде берілген дисперстілігі бар өнім алу үшін қолданылады.
Аунақшалы центрге тартқыш диірмен белгілі, ол өңделетін материалдың кіретін және шығатын құбырлары бар цилиндрлік корпустан тұрады, онда ұсақталатын денені ұстап қалатын сепараторы бар жетекті білік коаксиалды түрде орнатылған. Сепаратор арнайы желдеткіштің рөлін атқару мүмкіндігі бар жетекті білікте шиыршық бойымен бекітілген, пластиналар түрінде жасалған, және цилиндрлік корпусқа қаратылған шеттерінде ұсақталатын денелерді бекіту үшін тесіктерге ие, ал шығу құбырының аймағында диірмен түсіру дискісімен қосымша жабдықталған (Патент РФ №2252077, МПК8 В02С 1508, 20.05.2005ж басылған).
Мұндай құрылғының кемшіліктеріне: корпустың орталық бөлігіндегі ұсақталмаған материал өте алатын, бос кеңістіктің, сондай-ақ желдеткіш ретінде жетекті білікте бекітілген пластиналарды қолданудың шектеулі мүмкіндігінің болуы жатады, өйткені түрлі материалдарды ұсақтау үшін сепаратордың түрлі айналу жылдамдықтары және ұсатылатын денелердің қозғалысы қажет, сондықтан үлкен айналу жылдамдықтарында сепаратор желдеткіш рөлін атқара алмайды, бұл кезде диірменнен ұсақталған материалды шығару айтарлықтай қиын. Сонымен қатар, құрылғыда ұсақталатын материалдың ұсатылатын денелерге берілісін үлестіру мүмкіндігі қарастырылмаған, бұл ұсатылатын денелерге бірқалыпсыз жүктеме түсіреді және ұсатылатын денелердің және корпус қабырғасының бірқалыпсыз тозуына алып келеді, сондай-ақ ұсақталған материалдың біртексіз болуына септігін тигізеді.
Прототип ретінде таңдалған ең дұрыс шешім - центрге тартқыш диірмен болып табылады, ол тиеу және түсіру құбырлары бар вертикал цилиндрлік корпустан, корпуста осьтес орнатылған сепараторы бар ротордан тұрады, оның бітелген радиалды каналдарында бір-бірімен байланысы жоқ жазық бірдей дискілердің қорабы түріндегі ұсатылатын денелер орналасқан. Берілген диірмендегі ұсақталу үрдісі ұсатылу денелерінің корпустың ішкі цилиндрлік бетінің бойымен қозғалуы және ұсақталатын материалдың корпуспен ұсатылу денелерінің түйісу аймағында бұзылуы есебінде жүзеге асады (Патент РФ №2110327, МПК8 В02С 1508, 10.05.98 басылған).
Құрылғының кемшілігі - ұсатылатын денелердің де, цилиндрлік корпустың ішкі бетінің де шектен тыс тозуы болып саналады, бұл геометрияның өзгеруіне, соның салдарынан шикізаттың ұсақталуының бастапқы параметрлерінің өзгеруіне алып келеді. Бұл ұсатылатын денелердің ротор айналасы бойымен симметриялық орналасуының және ұсатылатын денелерді биіктігі бойынша бір өлшемде жасалуының әсерінен болады, ал аунақшалар арасындағы жіктер барлық жинақтарда бір деңгейде болады. Сондай-ақ диірмен тетіктерінің тозуының нәтижесінде алынған металл бөлшектері ұсақталған материалға түседі де оны ластайды, бұл шикізатты ұсақтауда және одан машина жасау өнеркәсібінде сапалы өнім алуда рұқсат етілмейді.
Техникалық тапсырмаға ұсататын денелердің және цилиндрлік корпустың ішкі бетінің тозуын азайту жатады.
Өнертабыстың техникалық нәтижесі ұсақталатын материалдың сапасын жоғарылату болып табылады.
Оған келесі жағдайда жетуге болады, тиеу және түсіру бункерлері бар вертикал цилиндрлік корпустан, корпуста осьтес орнатылған сепараторы бар ротордан тұратын көпбілікті диірменде ұсату денелерін цилиндрлік корпус қабырғаларының ішкі жартыдөңгелек ойықтар мен диірменнің орталық тірегінің жұлдызшалы жанама қимасының арасында айналатын конусты білікшелер түрінде жасайды, бұл кезде білікшелердің үлкен төменгі негізінің, диірмен тірегінің және корпус қабырғасының арасындағы саңылауды алынатын ұнтақ өлшеміне тең болатындай дайындайды, ал білікшелер конустылығын - К = (Dи - dп)h тең етіп, мұнда Dи - ұсақталатын материалдың диаметрі; dп - ұсақталған ұнтақ диаметрі; h - білік биіктігі.
Өнертабыс сызбамен сипатталады, мұнда 1 фиг-да көпбілікті диірменнің сұлбасы көрсетілген.
\
2-сурет- Көпбілікті диірмен

Көпбілікті диірмен біліктер 3 орнатылған цилиндрлік корпустан 1, жоғарғы, тірек және сақиналы тәждерден 2,5 және 6, орталық тірегі 4 бар жұлдызшалы жанама қимадан тұрады. Корпустың 1 жоғарғы бөлігінде тиеу бункері, ал төменгі бөлігінде - түсіру бункер, корпусқа 1 герметикалық біріктірілген бекіту тәжі 7, электроқозғалтқыш 8 және жинағыш 9 орнатылған. Бункердің жоғарғы бөлігіне реттелетін өнімділігі бар тартып алу желдеткіші орналасқан.
Көпбілікшелі диірменде материалдың ұсақталуын келесі түрде жүзеге асырады.
Ұсақтауға арналған диірменді қосқаннан кейін материалды тиеу бункері арқылы білікшелер 3, орталық тірек 4 және корпус 1 қабырғасы арасындағы саңылауға жіберіледі. Айналып жатқан білікшелер 3 арқылы ұсақталатын материал корпустың 1 және орталық тіректің 4 ішкі қабырғасына сығылады және аса ұсақт бөлшектерге ұсатылады. Желдеткіш жүйесімен туындаған және цилиндрлік корпус 1, білікшелер 3 мен орталық тірек 4 арқылы өтетін ауа ағынының жылдамдығы, ұсатылу үрдісіндегі ірі бөлшектерден бөле отырып, рұқсат етілген өлшемдегі ұсақталған материалдар бөлшектерінің ауа ағынында ұшуын қамтамасыз етеді. Бұл кезде рұқсат етілген өлшемдегі ұсақталған материалдың ұсақ бөлшектері ауа ағынында ұсақталу аймағынан жинағышы 9 бар тиеу бункеріне жіберіледі. Тиеу бункеріне жеткенде, ауа ағынының жылдамдығы күрт төмендейді, ұсақталған материал бөлшектері ауа ағынынан шығып, жинағышта 9 шөгеді, сосын бункерден алып тасталады. Тарту желдеткішінің өнімділігін, желдеткіш жүйесімен туындаған және цилиндрлік корпус 1, білікшелер 3 мен орталық тірек 4 арқылы өтетін ауа ағынының жылдамдығы рұқсат етілген өлшемдегі ұсақталған материал бөлшектерінің ауа ағынында ұшуын және ұсақталған материалдан бейметалл қосылыстарды сорып алатындай етіп белгілейді.
Конусты білік түріндегі ұсату денелерін цилиндрлік корпус қабырғаларының ішкі жартыдөңгелекті ойықтарының және диірменнің орталық тірегінің жұлдызшалы жанама қимасының арасында айналатындай етіп жасау, ұсақталатын материалды цилиндрлік корпустың барлық көлемі бойымен рұқсат етілген өлшемге дейін біртіндеп ұсатуға мүмкіндік береді, бұл кезде ұсату денелерінің корпус айналасы бойымен симметриялық орналасуы ұсату денелеріне бірқалыпты жүктеме түсіреді, бұл ұсату денелерін, орталық тіректі және корпус қабырғаларын пайдалану барысында тозуын азайтуға және ұсақталған материалдың біркелкілігін жоғарылатуға алып келеді.
Білікшелердің үлкен төменгі негізінің, диірмен тірегінің және корпус қабырғасының арасындағы саңылауды алынатын ұнтақ ірілігіне тең болатындай дайындау шекті өлшемдегі біртекті ұсақталатын материалды алуға мүмкіндік береді.
Конустылығы К = (Dи - dп)h (мұнда Dи - ұсақталатын материал диаметрі; dп - ұсақталған ұнтақ диаметрі; h - білікше биіктігі) болатын білікшелерді қолданы ұсаталатын материалды рұқсат етілген біртекті ірілікке дейін ұсақтауға, сондай-ақ білікшелердің бар биіктігі бойымен ұсату денелеріне бірқалыпты жүктеме түсіруге мүмкіндік береді.
Осылайша, ұсынылған көпбілікшелі диірменді қолдану ұсақталатын материалдардың сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді
Ұнтақты металлургияда қайта қалпына келтіру дегеніміз - металлдарды олардың химиялық қосылыстарынан қалпына келтіргіш көмегімен металл емес құрауышты (оттегі немесе басқа элементтер) алып тастау арқылы алу үрдісі.
Қалпына келтіру әдісімен кобальт, вольфрам, молибден, титан, мыс, темір және басқа металлдардың ұнтақтарын алады. Қалпына келтіргіш ретінде газдарды (сутек, конвертерлі, доменді, коксты және т.б.) немесе қатты заттарды (көміртек, магний) қолданады. Металл ұнтақтарын қалпына келтіру арқылы алу кеңінен таралған, жоғары өнімділікті және тиімді әдістердің бірі болып табылады. Біздің елде оксидтер мен кальций гидридінің металл ұнтақтарымен қоспасын бірігіп қалпына келтіру әдісі жасалды. Бұл әдіспен өнеркәсіп үшін бірегей және құнды қасиеттерге ие, жоғары легірленген болаттар мен қорытпалардың ұнтақтарын алады.
Су ерітінділерінің және балқытылған ортаның электролизі металлдың немесе ерітілген тұздардың қосылыстарының сулы ерітінділерінің олардың арасымен тұрақты электрлік токты өткізу кезінде ыдырауымен түсіндіріледі. Бұл әдіспен қалайы, күміс, мыс, темір, сондай-ақ дендрит пішінді бөлщектері бар сирек металлдардың (тантал, торий, ниобий, цирконий және т.б.) ұнтақтарын алады. Ұнтақтар жоғары жиілікпен және бастапқы шикізаттың тазалық дәрежесіне байланысы жоқ жақсы пресстелуімен ерекшеленеді. Ұнтақ бағасы электроэнергияның үлкен шығындарына және үрдістің төмен өнімділігіне байланысты қымбат болып келеді.
3. Ұнтақты металлургия технологиясының тиімділігі
Ұнтақты металлургия әдісін бұйым дайындауда қолдану жоғары еңбек өнімділігіне жетуге және мемлекеттің халық шаруышылығында жабдықтарды едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Үнемдеуге жоғары беріктікті бұйымды алу, металлды рационалды пайдалану, оның шығындарын азайту, өнім сапасын арттыру, жаңа прогрессивті тетіктерді шығару арқылы жетеміз.
Егер қарапайым тетікті металл кесу білдектерінде дайындау металл шығынын 20...80%-ға дейін жеткізсе, онда ұнтақты металлургия әдісімен бұйымды алу келесімен ерекшеленеді, операция саны 3...5 болған жағдайда металл шығындары 5...10%-ды құрайды. Сонымен қатар, ұнтақты өнімдерді өндіру негізінен бір кәсіпорынға бейімделген, үлкен білдекті паркті және жұмысшылардың жоғары квалификациясын талап етпейді. Қарапайым құрамды тетікті ұнтақты металлургия әдісімен дайындау кесумен өңдеумен салыстырғанда металлдың меншікті шығынын 3...5 есеге, еңбек шығынын - 2...8 есеге, тетікті дайындаудың өз бағасын - 1,5...3 есеге қысқартуға және еңбек өнімділігін 1,5...2 есеге жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Машина жасау зауыттарында тетіктерді кесумен өңдеу кезінде пайда болатын жоңқа мен шлам түріндегі қалдықтар - машиналар мен құралдардың түрлі тетіктерін өндіру үшін жақсы шикізат болып табылады.
Негізінен жоңқаның брикеттер мен пакеттерге пресстелген, шамамен 50% ы болат балқыту өндірісінде қолданылады. Жоңқаның бір бөлігі ұнтаққа қайта өңделеді. Ұнтақты металлургия әдістерімен қалдықтардан дайындалған бұйымдар қарапайым технология бойынша алынған тетіктерге қарағанда жоғары беріктілікке ие.
Дайындамаларды әрлеп өңдеу нәтижесінде алынатын шлам ұнтақты металлургия үшін құнды шикізат болып саналады. Осылайша, шарикті мойынтірек өндірісінің тетіктерін ажарлау қалдықтары оларды құрғату мен елегеннен кейін, ауыр жүктемелер жағдайында жұмыс істейтін фрикционды дисктерді дайындауға арналған негізді құрайды. Мойынтіректі шариктерді егеу мен икемдеуден кейінгі қалдықтардан алынған ұнтақ жалпыға арналған құрылымдық тетіктерді дайындауда қолданылады.
Ұнтақты металлургия әдістерімен дайындалған көптеген бұйымдар дәстүрлі әдіспен алынған бұйымдарға қарағанда, аса жоғары сапаға ие. Осылайша, тез кесетін болат ұнтағынан жасалған құрал беріктігі құйылған болат құралының беріктігіне қарағанда 3...4 есеге көп.
Құйылған түсті металлдарды темір ұнтағы негізіндегі материалдарымен алмастыру аса тиімді болып келеді.
Осылайша, ұнтақты металлургия қарапайым да, ерекше де қасиеттері бар материалдар мен бұйымдарды дайындауға байланысты сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді. Ұнтақты металлургия тиімділігі бұйымда жаппай өндіру жағдайында жоғарылайды. Сондықтан, жаппай өндіруде ұнтақты металлургия әдісімен 1мың т тетікті дайындау кезінде 2000т-дан жоғары болат үнемделеді, 200-ден аса жұмысшы және 50-ден аса металл кесу білдектері босатылады. Өнім шығару көлемінің өсуімен ұнтақты тетіктерді дайындаудың өзіндік бағасы құйылған дайындамалардың өзіндік бағасына қарағанда төмендейді.

Құрылыс бөлімі
Металлургиялық комбинаттың негізгі өндірісінің объектілеріне жартылай өнімді немесе дайын өнімді шығаратын цехтар жатады. Қосымша шаруашылықтар мен қызметтер негізгі өндіріс объектілерінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуі керек. Оларға ақпаратты қамтамасыз ететін; зауыт ішіндегі көліктің; жөндеу-құралдық шаруашылықтың; энергия қамтамасыз ету және жабдықтаудың; шикізаттар мен материалдарды жинау объектілері мен құрылыстары; экологиялық және бақылау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа да қызметтер; әкімшілік-тұрмыстық корпустар, ғимараттар жатады.
Олардың дұрыс жұмыс істеуі техникалық және технологиялық, ақпараттық және ұйымдастыру, экономикалық және әлеуметтік факторларына байланысты. Жұмыс құрамы мен экономикалық нәтижелеріне өндіріс технологиясы үлкен әсерін тигізеді. Қалыпты жұмыс істеу кезіндегі негізгі өндірістің кешені келесілерді қамтамасыз ету керек:
:: өңделетін материалдың минималды қалдықтары және жүйенің жұмыс істеуіне кететін минимал шығындар кезінде берілген номенклатура мен көлемдегі қажетті сападағы өнімді шығару;
:: қызмет ететін персонал жұмысының қалыпты жағдайы мен қауіпсіздік техникасының талаптарына сай тиімді еңбек өнімділігі;
:: зиян шығыстардың болмауы (қалыптыдан жоғары), цех ішінде де, қоршаған ортаға да (су және ауа бассейндері).
1. Өндірістің технологиялық сұлбасын жасау
Цехты жобалаудың бастапқы кезеңі кез келген металлокерамикалық бұйымды дайындаудың технологиялық сұлбасын жасау болып табылады. Ұнтақты металлургияның технологиялық сұлбаларының әр түрлі нұсқаларынан техникалық оңтайлы және экономикалық рентабельді нұсқаны таңдаған жөн. Технологиялық сұлба техникалық жобада принципиалды сұлбадан талдап тексерумен ерекшеленеді. Негізгі мақсаты - ең кіші өндіріс циклында және ең кіші өзіндік бағасы болған кезде жоғары сапалы бұйымды алуды қамтамасыз ететін технология нұсқасын таңдау. Технологиялық үрдіс алдымен графикалық сұлба түрінде, содан кейін бұйымның әр түріне нақты технологиялық карта жасалады, онда ұнтақ қоспасының құрамы, пресстеудің меншікті қысымы, пісіру температурасы, сақтау уақыты, бақыланатын атмосфера және басқа да технологиялық параметрлер белгіленетін өндірістің барлық операциялары көрсетіледі. Технологиялық карталарды бірнеше біртипті бұйымдарға жасаған жөн. Өндірістің принципиалды сұлбасының мысалы 10-суретте көрсетілген. Технологиялық сұлбаның соңғы нұсқасын бекіткеннен кейін материалдық теңдік есебінің негізінде материалдың қанша мөлшері қайта өңдеуге жарамды екені анықталады.
Материалдық теңдіктің негізгі мәселесі - дайын бұйымдарды шығарудың жоспарланған көлемінде, берілген технологиялық сұлба үшін қайта өңдеуге кететін бастапқы материалдардың санын есептеу болып табылады. Табылған бастапқы материал мөлшері өндірістің түрлі шектеріндегі қажетті жабдықтардың санын есептеу үшін негізгі фактор болып саналады. Технологиялық жобалау кезінде дайындық жұмысын, құрылыс жағдайлары туралы ақпарат жинау мен өңдеу жүргізіледі; цех жобасына кіретін болжамды технологиялық үрдістердің құжаттарын меңгеріп дайындайды.
Жобалау барысында жобаланатын цехтың өндірістік үрдістерінің технологиялық сұлбаларын жасайды; цех бойынша өндірістің операциялық және жалпы материалдық теңдіктерін есептейді; жабдықты құрастырудың бастапқы жоспарын құрады.
Металл ұнтақтар. Ұнтақтың химиялық және түйіршік метрикалық құрамы. Металл ұнтақтарды қайта қалпына келтіруге дейінгі жағдай. Ұнтақтың химиялық және түйіршікметрикалық құрамын, бөлшектер пішінін техникалық бақылау. Ұнтақтарды елеу. Ұнтақтың түйіршікметрикалық құрамын, себілу тығыздығын техникалық бақылау. Ұнтақтарды араластыру. Ұнтақтардың гомогенділігін, себілу тығыздығын техникалық бақылау. Бұйымдарды пресстеу. Пресстеу санына қатысты брикеттерді техникалық бақылау. Пісіру. Пісіруден кейінгі бұйым сапасын техникалық бақылау, отыру мен кеуектілікті анықтау. Калибрлеу. Калибрленген бұйымдарды өлшемдері мен сапасына қарай техникалық бақылау. Дайын бұйымдарға майдың сіңуі. Сіңген майдың мөлшері бойынша бұйымды техникалық бақылау. Дайын өнімді жинау.
10-сурет. Ұнтақты металлургияның приниципиалды технологиялық сұлбасы
Цехтың қабылданған технологиясында келесі негізгі мәселелер анықталуы керек:
шығару бағдарламасы, жұмыс режимі, ауысым;
технологиялық режимдер бойынша негіздемелері мен есептері бар өндірістің толық технологиялық сұлбасы;
өңделетін материалдардың физикалық сипаттамасы;
негізгі жабдықтың санын таңдау және есептеу, оның қысқа сипаттамасы;
үрдісті жүргізу технологиясы;
қойма орындары және қоймаға жинау технологиясы, қойма ауданын есептеу, цехтың көліктік жабдықтары;
жабдықты спецификацияларымен бірге орналастыру жоспары;
судың, будың, газдың, қысылған ауаның, қышқылдардың, майлардың, эмульсияның шығыны;
жабдықтар астындағы іргетастың, майжертөлелерінің, туннельдердің габариттері;
қосымша бөлімдер мен қызметтер, қосымша материалға қажеттілік;
нормативті-технологиялық карталар.
Цехтың технологиялық және көліктік жабдықтарының нақтыланған орналасу жоспарын негізгі жобалы шешімдер бойынша жұмыс барысында белгілейді. Цехты қайта салу кезінде жобаны қолданыстағы жабдықтарды, коммуникацияны, сантехникалық және энергетикалық қамтуларды ескеріп жасайды. Технологиялық бөлімді жобалады аяқтау кезінде есептік түсіндірме қағазы жасалады, ол жаңа немесе қайта салынған цех жобасының технологиялық бөлігін жасау бойынша технолог-жобалаушылар жұмыстарының соңғы кезеңі болып табылады. Түсіндірме қағазымен бірге негізгі және қосымша жабдықтың тапсырыс спецификациясы беріледі, оның негізінде зауыт-дайындаушыда жабдыққа тапсырыс беру жүзеге асырылады.
Ұнтақты металлургия цехтарын жобалаудың басында есептік түрөлшемдерді дұрыс таңдау және оларды топтастыру аса маңызды болып саналады.
Есептік деп ұнтақты металлургия бұйымдарының кең номенклатурасының түрөлшемдерін атайды, оларды қабылдау жағдайы бойынша жабдықтың технологиясы мен сипаттамасын анықтайды: негізгі параметрлер, орнатылған қуат, номинал жылдамдық және оны реттеу шектері, өнімділік, ресурстар шығынының және қызметтердің нормалары, өзіндік бағасы және келтірілген шығындар.
Әдетте ұнтақты металлургия цехтарында өндіріс орташа немесе ұсақ сериялы болады, яғни бір цехта кең және әр түрлі сортамент бар, ол кіші партия массасы бар бұйымның жүздеген аттарын есептейді. Мұндай үлкен сортамент бойынша жобалы, ал жұмыс істейтін цехтарда түрлі жоспарлы-экономикалық есептер жүргізу мүмкін емес. Сондықтан, өндірістік режимдерді нақты орнатуға, қажетті жабдықтардың санын есептеу мен таңдауға кіріспес бұрын, барлық берілген сортаментті негізгі жабдықтың бірдей кешенінде өңделетін бұйым топтарына бөледі. Осындай әр топқа есептік түрөлшем таңдалады.
Есептік түрөлшемдер бірнеше талаптарды сай келуі керек. Бұйымдар орташа, максимал және минимал сипаттамалармен бірге, өлшемдермен, өңдеу көлемдерімен және т.б. көрсетілуі керек.
Технологиялық үрдісті жобалау кезінде жұмыс істейтін жабдық таңдалуы мүмкін, алайда ол заманауи деңгейге жауап беруі керек, сондай-ақ модернизация сұлбаларын көрсету арқылы жетілдірілген, автоматтандырылған және механикаландырылған болуы тиіс.
Негізгі жабдықты таңдаудан кейін технологиялық үрдістің режимдерін жасауға кіріседі.
Қосымша жабдықтың барлық түрі отандық және шетелдік тәжірибелердің жетістіктерін ескеріп таңдалуы керек. Қосымша жабдықты цехта негізгіден кейін орналастырады.
Өндірістік технологияны орнатып, негізгі жабдықты таңдағаннан кейін әр есептік түрөлшемге нормативті-технологиялық карта құрылады.
Нормативті-технологиялық карта цехтағы негізгі құжат болып табылады, оған сәйкес кез келген өнім дайындалады. Сондай-ақ бұл - цехың нормативті-анықтамалық ақпаратының негізгі қайнар көзі. Онда кезекпен барлық технологиялық операциялар белгіленеді, олардың технологиялық сипаттамалары беріледі, жабдық анықталады, әр операциядағы қалдықтар мен шығындардың оңтайлы нормалары туралы мәліметтер беріледі, толтыру коэффициенті және жарамды шығыс пайызы анықталады.
Техникалық нормалау мәліметтерінің негізінде шығару нормалары белгіленеді, білдек- және адам-сағат шығындары мен жарамды өнім тоннасына бағалаулар есептеледі.
Нормативті-технологиялық картаны құрған кезде келесі жағдайларды басшылыққа алған жөн: шығарылатын өнімнің әр топшасына жеке карта есептелуі керек; егер бірнеше топшаға бір жалпы өкіл таңдалса және бұл топшалар бір технологиялық сұлбамен дайындалса, онда НТК топшалар санына сәйкес даналар мөлшерінде дайындалуы қажет; егер бір өнім өкілі екі немесе одан да көп цехтарда өндірілсе, онда мұндай бұйымдар үшін бірлік НТК есептеледі, оған бірінші цехтың қайта бөлісі және екіншінің қайта бөлісі жатады.
2. Цехты жоспарлау және ондағы жабдықтарды қою
Цехты жоспарлау - аса күрделі және жобалаудың қағидалы тапсырмасы болып табылады. Бұл тапсырманы шешер кезде қолданылатын материалдар мен оларды сақтау әдістері; жабдықтардың типтері мен сандары, оларды пайдалану ыңғайлылығы; жұмысшылар еңбектерінің жағдайлары; жүкағындарының болуы және т.б. ескеріледі. Ұнтақты металлургия цехы әдетте келесі аймақтардан немесе бөлімдерден тұрады:
1. металл ұнтақтар мен басқа материалдар қоймасы.
2. Ұсатып араластыру бөлімі.
3. Ұнтақтар мен грануляцияларды араластыру бөлімі.
4. Пресстеу бөлімі немесе бұйым дайындамаларын пішіндеу бөлімі.
5. Пісіру және қорғаныш газдарын өндіру бөлімі.
6. Дайын бұйымдарды калибрлеу, жетілдіру, ылғалдау немесе қосымша өңдеудің басқа түрлерінің бөлімі.
7. Дайын өнім қоймасы.
8. Зертхана, техникалық бақылау аймағы, конторалы және тұрмыстық бөлмелер.
Ұнтақты металлургия кәсіпорындары өнеркәсіптік аймақта құрылыс нормаларының, өнеркәсіптік кәсіпорынды жобалаудың өртке қарсы нормаларының талаптарына сай орналасуы қажет.
Төменде жоспарлау кезінде ескеруге қажетті жабдықты орналастыру мен өндірістің жеке құрылыстарының кейбір ережелері көрсетілген. Шикізатты қабылдау бөлімі мен қосымшалар қоймалары шикізаттың түсу жағына қарай орналасу керек. Дайын өнім қоймасы жүк ағындармен түйіспес үшін өнімді жіберу жағына қарай орналасады. Өндірістік корпусты орналастыру мен қрау кезінде өнеркәсіптік аймақта оны кеңейтудің мүмкіндігін қарастырған жөн.
Цехтың орналасуы цехаралық көліктің бос жүрістерін қысқартумен өндірістің максимал ағынын қарастыру керек. Жеке машиналар мен агрегаттардың орналасуы кезінде жіберетін көліктік құрылғылардың (конвейер, элеватор) минимал мөлшерін қолдануды ескерген жөн.
Негізгі агрегаттарды ғимарат еденінің деңгейінде орнату ұсынылады (жабдықты орнатудың сызықтық сұлбасы). Жабдықты өндірістік ғимараттарда және жұмыс орындарында орнату жұмысшыларға қауіпсіз болу керек. Адамдардың жұмыс орнына қарай қозғалуы көліктік ағын аз болатын қысқа маршрута жүргізілуі тиіс.
Жабдықты пайдаланатын көтеру-тасымалдау құралдарының әрекеттену аймағында орналастыру керек. Технологиялық жабдықтың орналасуы оны пайдалану, қызмет көрсету, жөндеу, монтаждау және демонтаждау кезінде ыңғайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуі қажет.
Цехта негізгі жабдықты орналастыру технологиялық жобалаудың маңызды да күрделі операцияларының бірі болып табылады.
Бұл операцияның маңыздылығы жабдықтың орналасуы өндірістік ағындарды анықтауында, олар цех немесе аймақ жұмыстарының технико-экономикалық нәтижелеріне әсерін тигізеді.
Бұл операцияның күрделілігі келесіде, жаңа кәсіпорындарды жобалау кезінде бір уақытта екі өзара байланысқан тапсырмаларды шешу керек, соның ішінде: ғимарат пішінін өтпе жолдар саны мен өлшемдерімен бірге таңдау және оларға қатысты жабдықты орналастыру (3 кесте).
Бұл тапсырмалардың әрқайсысын шешу бірнеше нұсқаларға ие. Сондықтан оңтайлы нұсқа таңдау үшін бірінші қарағанда ең жөндісін зерттеп, солардан оңтайлысын таңдап негіздеу керек.
Жабдықты орнату кезінде оның зауыт дайындаушы жасаған габариттік және монтажды сызбаларын басшылыққа алу керек. Цехаралық көлік бар болған жағдайда ол үшін өтпе жолдар қарастыру керек, жол 1м-ден кем болмауы тиіс.
Конвейерлердің өндірістік ғимараттарда, галереяларда, эстакадаларда орналасуы қауіпсіздік талаптарына сай болуы керек. Жөндеу жұмыстарын механизациялау үшін массасы 50кг-нан асатын жеке тетіктерді алуға, орнатуға және тасымалдауға арналған айлабұйымдарды қарастыру керек. Даналы және аз сериялы сипаттағы өндірісте жүкағындарының жүйісуі мүмкін, бірақ керегі жоқ. Мүмкін болған жағдайда, материалдарды бір операциядан екіншісіне өздігінен ағуды жүргізу керек, бұл агрегаттардың жақын қашықтықта болуына себеп болады.
Жарылуға қауіпті, тұтанатын және үлкен шуда жасалатын агрегаттарды изоляцияланған ғимаратта орнатқан жөн.
Пештер мен пресстеу жабдықтарын қабырғадан 1-1,5м-де орналастырады. Жабдықты орнатуды жоспарлау кезінде цех құрылысы тік бұрышты болуын қарастырған жөн. Сақтау барысында металл ұнтақтар қышқылданады, бұл бұйым сапасының төмендеуіне әкеледі. Сондықтан цехта металл ұнтақтарын орнына келтіруге дейінгі бөлім қарастырылады, бұл кей жағдайда пісіру бөлімімен бірігеді.
Орта және кіші қуатты ұнтақты металлургия цехының жұмыс істейтін кәсіпорында, басқа цехтардан қашық болатын бөлек ғимаратта орналасуы жөнді емес. Бұл цех жалпы өтпеде орналасуы мүмкін, бірақ одан міндетті түрде капиталды қабырғамен бөлінуі қажет. Егер ғимарат көп қабатты болса, онда технологиялық үрдіс жоғарыдан төменге жобаланады.
Жоғарғы қабатта шихталы материалдарға арналған бункерлер және ұнтақтарды дайындау мен араластыру жабдығы орналастырылады, төменде - пішіндеу мен пісіру бөлімі. Цехтар мен кіші қуатты аймақтардың барлық негізгі технологиялық жабдығы жалпы корпуста орналасуы мүмкін. Бұл тізімге ұнтақты ұсату мен араластыру кезінде пайда болатын шу мен шаң болғандықтан басқа бөлмелерден бөлінген араластырып ұсақтау жабдығының бөлімі кірмейді. Бақыланатын атмосфераны (сутек, эндотермиялық газ, көміртек қышқылы, диссоциирленген аммиак) алуға арналған қондырғы негізгі бөлмеден тыс орналасып одан капитал қабырға арқылы бөлінуі қажет.
3. Энергия қамтамасыз ету, энерго үнемдеу, энерго менеджмент
Металлургияға оңтайлы шешімдерді ауырлататын технологиялық үрдістер мен энергетикалық баланстардың ерекшеліктері тән:
* жоғары температураның және күштік үрдістердің басым болуы (энергияны орташа тұтыну төмен температураы үрдістерде оны кәсіпорында жылдық тұтынудың шамамен 9%-ын құрайды);
* бір уақытта қолданылатын энерго тасығыштардың әртүрлілігі;
* кезекті (шынжырлы) құрылыстардың және осы шынжырдағы кері байланыстың болуы кезіндегі энергияны қолданудың көпреттілігі;
* химиялық энергияны тасығыштар бөлігінің металлургиялық өнім құрамына өтуі және оның кейінгі технологиялық циклда қолданылуы;
* энергоағындардың түрлері, саны, параметрлері және бағыттары бойынша өндірістік динамиканың арқасында энергияның келу және шығу құрауыштарының бірқалыпсыздығы;
* кәсіпорынды аймақпен байланыстыратын энергоағындардың энергетикалық және экономикалық теңсіздігі.
Жанармайды металлургияда пайдалану тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар үш бағытта жасалады: жанармайды металлургиялық агрегатта тиімдеу; энергоүнемдеу технологияларын және кіші энергосыйымдылықты технологиялық өндірістерді жасау, жылу режимдерін автоматтандыру; жылу және жанатын қалдықтарды максималды қолдану және оларды іргелес өндірісте қолдану. Энергоүнемдеудің негізгі бағыттары өндірістің ерекшеліктерін ескеру керек.
ЕЭР-ді (екіншілік энергетикалық ресурстар) тиімді пайдалану сатып алу энерготасығыштарының бірінші кезекті екіншілік жанатын газдардың есебінде қысқаруына әкеліп соғады.
Қалдық жылуды қайтару - энергияны үнемдеудің тиімді құралы болып саналады.
Ірі кәсіпорындардың энергетика шаруашылығы үл топтан тұрады:
* энергоресурстардың өзіндік көздері: жылу, булыауаүрлегіш, электрлік, оттекті станциялар (кейбіреуі - аралас);
* цехтар - энергоресурстарды бастапқы нүктеден (су, газды, букүштік, электрлік желілер мен подстанциялар) тұтынушыға беретін таратқыштар;
* құрамында энергия көздері бар технологиялық цехтар немесе өндірістер; котел-утилизаторлар, жылуалмастырғыштар және басқа да жабдықтар.
Металлургиядағы энергобаланс сату және жеке энерготасығыштардың және өнеркәсіптік кәсіпорынның негізгі өнімдерін шығару үшін жанармайдың энерготұтынуының, өндірісінің және утилизациясының көлемдерінен пайда болады.
Энергобаланстың мақсатты функциясының бірі - шекті мүмкін болатын энергосақтаушы әсерге жетуді бағалау.
4. Сумен қамту, канализация және шламжою
Металлургияның су шаруашылығын көбінесе сыртқы жағдайлармен анықталатын жүйе ретінде қарастырған жөн. Бұл ерекшелік жоба шешімдерін және оны жасаудың барлық кезеңіндегі жоба құжаттарын жүргізу кезінде көрінеді және келесі объектілерге қатысты болады:
* сала кәсіпорнының су шаруашылығы;
* су инспекциясымен қатынасу бөлігінде металлургиялық кәсіпорындардың су шаруашылығының жүйелері;
* подпиточный сумен, шартты таза сумен, қақты майқұрамды сумен, шаруашылық-ішетін сумен қамту жүйелері және өндірістік;
* химиялық ластанған су канализациясы, жаңбырлы канализация, тұрмыстық канализация;
* цех ішіндегі жүйелер;
* аймақ ішіндегі және сыртындағы жүйелер.
Жобалаудың бөлек объектілеріне келесілер жатады: құбыржолдар жүйелері, насос тұрақтары, беткі қабатты су суытқыштар (радиаторлы градирня, ауа суыту агрегаттар, сулы жылуалмастырғыштар және т.б.), жарықтандыруға, суды тұрақты өңдеуге арналған құрылыстар. Ұнтақты металлургиялы цехты сумен қамту және суды бөліп алу жүйесі мыналарды қамтамасыз етеді: суды тарту, тазарту; қажетті өңдеу; тұтынушыға беру; қолданылған суды шығару; оны тазарту; залалсыздандыру және қайта қолднасықа дайындау. Жүйе су тартатын құрылғыдан; насосты станциядан; су құбырлары мен су айдау желілерінен; су тазарту және су суытқыш құрылыстардан; сумен қамтуды басқару құрылғыларынан тұрады. Сумен қамту жүйесі тұйықталған цикл болуы керек. Шамамен елғанда, ұнтақты металлургия цехтарының 1 тонна өніміне ағынды сумен қамту кезінде 700 м3-қа дейін таза су шығындалады, кері жағдайда - тек қана 30−40 м3, бұл кезде көптеген бағалы өндіріс қалдықтары сақталады. Техникалық (өндірістік) және шаруашылық-тұтынатын сумен қамту желілері бар. Техникалық желілер үшін беткі қабаттағы суды, ал шаруашылық-тұтыну үшін - жерасты суларын қолданады. Душқа, вентиляцияға, ауаны тазартуға арналған су денсаулыққа зиянды болмау керек және жоғарыда аталған нормалардың коррозиясын тудырмау керек: 0,09 г(м2·сағ). Кері сумен қамту жүйесіндегі су балансы келесі теңдеумен сипатталады:
Qдоп = ∑Qпроизв + Qсбр,
мұнда Qдоп - сумен қамту жүйесіне қосылатын таза су мөлшері, м3; ∑Qпроизв - кері қатпайтын өндірістік шығындар қосындысы, м3;
∑Qпроизв = Q1 + Q2 + Q3 + Q4 +... Qi (кері судың суытқыштағы булану кезіндегі шығыны, судың тағамдармен және қалдықтармен ағып кету кезіндегі шығыны, сүзу кезіндегі шығындар және т.б.); Qсбр - ағылатын су мөлшері, м3.
Цех ішіндегі шаруашылық су құбырларының желілерін болат мырыш қапталған құбырлардан, өндірістік су құбырларының желілерін - болат құбырлардан құрастырады. Желілерді цех ғимараттарына кіргізуді көлбеу i = 0,003 болғанда жүргізеді, ал магистрал құбыржолдар кіріске i = 0,005 көлбеулікте болуы керек. Сумен қамту желілерінің қапсырмасы ашық болған жөн. Құбыржол диаметрі суды 1 лс дейін шығындау кезінде 25мм-ді құрайды, 5лс - 70мм, 20 лс - 125мм. Судың қозғалу жылдамдығы 2,5мс. Цехтарда әдетте кері сумен қамтуды пайдаланады. Ластанбаған суды тек қана суытады, ал ластанғанды - сақтап, суытып тазартады. Өндірістік және қосымша жабдықта суыту үшін температурасы 25−30 °С болатын лас циклдың кері суын қолданады. Шаруашылық-тұтыну суын пайдалану бір адам үшін ауысымына 25л-ді құрайды, ал егер цехта жылушығару 83,7 кДж(м3·ч) асса 45 л. Сағаттық тұтыну бірқалыпсыздығының коэффициенті 2,5-3.
5. Құрылысқа арналған алаңды таңдау
Алаңды таңдау табиғи қоршаған ортаны қорғаумен байланысты жер, су, орман және басқа да заңнамаларды ұстанумен жүргізіледі, олар мемлекет қалаларын аудандық жоспарлау жобасын, теміржол және автомобиль жолдарын, газ құбырларын, энергожүйелерді, байланыс желілерін дамытуды ескереді.
Алаңды таңдау кезінде келесі жағдайларды басшылыққа аламыз:
1. Кәсіпорындарды орналастыру үшін аз өнімді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұнтақты металлургия технологиясының тиімділігі
ҰНТАҚТЫ МЕТАЛЛУРГИЯ
Металлокерамикадан жасалған бұйымдарды жоғарытемпературада пісіру үшін өткел типті камералы муфельді пешті жобалау
Керамограниттің өндірістік технологиясы және сипаттамасы
Төртбұрышты еденді керамикалық плитка
Color Jet Printing (CJP) 3D басып шығару технологиясы
Ұн және ұн өндіру технологиясы
Керамика өндірістің тарихы, оның қазіргі жағдайы және болашағы
Гипсті байланыстырғыш заттар
Поливинилхлоридті алу технологиясы
Пәндер