Түрік қағанаты



• Біздің жерімізде ерте заманда ірге тіккен алғашқы
мемлекеттердің бірі – Түрік қағанаты. Түрік этнонимі қытай жылнамаларына 542 жылдан бері белгілі, яғни осы жылдары біздің жерімізде салықтар және алымдар пайдаланып, салт – дәстүр немесе заң негізінде қазақ халқына “сіңіп отырған” деуге болады.
Түрік қағанаты Қытай елімен экономика жағынан жақсы қарым – қатынаста болған. Қытай елі Қазақ жерінде сауда – сатық жасап, сол кездегі билік еткен – Мұқан қағанға жылына 100 мың тең жібек матасын төлеп отырған.
Түрік қағанаты 603 жылы Батыс, Шығыс болып бөлінгеннен кейін олардың алып жатқан жері анықталды. Батыс Түрік қағанатының қағаны – Тон (618-630жж) Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрды. Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, оларға “селиф” деген атақ берді. Олардың үстінен жасауылдар бақылау жүргізді. Селифтер жасалауындарға есеп беріп отырды.
Қарапайым халықты “қара бұдундар” деп атаған. Бұл сөз қазақтын “қалың бұқара”, “қара халық” деген мағынасы. Алым – салықты төлейтін, ауытпалықты көп көтеретін осы “қара бұдундар” Түрік қағанатында салықтын “қанмен өтейтін” түрі де болған. Ондай әскери міндетті атқарушы адамдар майдан шебінің алдынғы қатарында жүрген. Мұндай қызметті көбіне тәуелді тайпалардың адамдары атқарған. Бағынышты тайпалар азық – түлік салығын, төлеп, қымбат бағалы аң терілерін де тапсырып отырған

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Біздің жерімізде ерте заманда ірге тіккен алғашқы
мемлекеттердің бірі – Түрік қағанаты. Түрік этнонимі қытай жылнамаларына
542 жылдан бері белгілі, яғни осы жылдары біздің жерімізде салықтар және
алымдар пайдаланып, салт – дәстүр немесе заң негізінде қазақ халқына
“сіңіп отырған” деуге болады.
Түрік қағанаты Қытай елімен экономика жағынан жақсы қарым – қатынаста
болған. Қытай елі Қазақ жерінде сауда – сатық жасап, сол кездегі билік
еткен – Мұқан қағанға жылына 100 мың тең жібек матасын төлеп отырған.
Түрік қағанаты 603 жылы Батыс, Шығыс болып бөлінгеннен кейін олардың
алып жатқан жері анықталды. Батыс Түрік қағанатының қағаны – Тон (618-
630жж) Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрды. Салық жинауға жергілікті
адамдарды бекітіп, оларға “селиф” деген атақ берді. Олардың үстінен
жасауылдар бақылау жүргізді. Селифтер жасалауындарға есеп беріп отырды.

Қаған

Қаған жоғарғы
Әскербасы

билеуші бұрықтар
тархандар

ябғу шад елтебер

жасауылдар,
бектерлер

селифтер

қара бұдундар

Қарапайым халықты “қара бұдундар” деп атаған. Бұл сөз қазақтын “қалың
бұқара”, “қара халық” деген мағынасы. Алым – салықты төлейтін, ауытпалықты
көп көтеретін осы “қара бұдундар” Түрік қағанатында салықтын “қанмен
өтейтін” түрі де болған. Ондай әскери міндетті атқарушы адамдар майдан
шебінің алдынғы қатарында жүрген. Мұндай қызметті көбіне тәуелді
тайпалардың адамдары атқарған. Бағынышты тайпалар азық – түлік салығын,
төлеп, қымбат бағалы аң терілерін де тапсырып отырған.

• Түргеш қағанаты (704-756жж) мал өсіру, егін салумен
айналысты. Қаған меншігіндегі жерді ақсүйектерге бөлін, ақсүйектердің
шаруашылығын кедейлер күн көру, жан бағу үшін айналысқан. Тарихи деректер
бойынша Түргеш қағанатының ыдырауы үш себептін әсерінен, ал оның біреуі –
алым-салықтын көптігі мен қысым көрсетуі.
• Қарлұқ қағанаты (756-940жж) тұсында Білге Күн Қадыр-хан
Саманилер сарайына алым-салық төлеп отырған. Яғни осында жер салығы
пайдаланылған болатын, бірақ салықтын “құрбаншылық” түрі әлі де болса
пайдаланылды.
• Қимақ қағанаты (Ixғ. соңы – Xiғ. басы) – оларда мал
шаруашылығы басым болды. Гардизи былай деп жазады: “шаруалар өз мырзаларына
мал бақты”. Тағы дай айта кететін жай, мұнда адам қайтыс болса құрбандыққа
шалу міндеті болған.
• Қарахан мемлекеті (942-1212) – ондағы жер иеленудің бір түрі
“иқта” болған. Иқтаның мәні – оны алған адамдар ол жерде отырған қарапайым
халықтан алым-салық жинап, ханға әскери қызмет етуге міндетте болған.
Ірі билік иелеріне жаулап алынған жерлерден үлес беріліп, олар арқылы
қазына салығы жинастырылып отырған. Мұндай салық жинау үшін мемлекет жері
де жылға берілетін болған.
Дінбасыларға, діни мекемелерге ірі жер иеленушілер, көшпелі
әскербасылар өсиет етін қалдырған жерлер де болған. Оларды ваңфтық жерлер
деп аталған және олардан салық алынбаған.
Отырықшы аудандарда шаруаларды қанаудың бір түрі – олардың үлеске
алған жерлерінен алым-салық жинастырып отыру. Араб, парсы деректерінде
ондай үлескерлерді музари немесе барзшар деп атаған.
Қарахан мемлекеті кезіндегі қанаудың бір түрі коммендация болды. Оның
мәні: әлсіз адам өз үлесіндегі жерді күштің қамқорлығына береді, ол әлсіз
адамды қорғауға тиіс. Әлсіз өзінің шамалы жерден алған өнімін және отбасын
қорғағаны үшін күштіге салық төлеген.
Музари немесе барзшар – шаруалардың үлеске алған жерлерінен алынатын
алым-салық..
• Қарақытай (1125 - 1212жж) әрбір үйден бір динардан ақша
жиналған. Егістік жерлер халыққа беріліп, тиісті салығы арнайы адамдар
арқылы жинастырылған. Ал үлестік жерлерді иеленушілердің қолдарында арнаулы
грамоталары болған. Әрбір қалада билеуші болды, ол қарақытай гурханына
салық төлемін жеткізін тұрды.
Отырар, Тараз қалаларында алым-салықты гурханың арнайы жіберген
адамдары жинап отырды. Ал басқа аймақтардан салық жинау, оны
қарақытайлардың орталығына жеткізу жергілікті феодалдарға жүетелген.
Жетісудің егіншілікпен айналысатын тұрғындары билеушіге өнімнің оннан
бір үлесін төлеген. Ірі қалалар әкімі гурханға жыл сайын жер салығы харадж
төлеп отырған.
Харадж – феодалдық рента, өнделетін жерге салынатын салық.
• Алтын Ордада (ХІІІғ. ортасы – ХVғ. ортасы) билігі жүріп тұрған
хан тұқымының әрбір өкілі белгілі бір аймақтан түсетін алым-салыққа ие
болып отырды. Салық жинаумен дағалар айналысты. Сонымен қатар халық санағын
өткізу, әскер жинау, байланыс қатынасын жүргізу деген сияқты жұмыстар
атқарған (“Ата -мұра” орта ғасырлардағы қазақ тарихы, 2002ж).
• Ақ Орда, Моғолмтанның, Әбілқайыр хандығының, Қоғай
Ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы, салық түрлері мен
міндеткерліктері.
Бұл хандықтардың күш-қуаты көп жағдайда халықтан алынатын алым-
салыққа, міндетті төлемдерге байланысты болды. Әскерлерді азық-түлікпен
қамтамасыз ету үшін жиналатын салықты тағар деп атаған. Жерден немесе онда
түратын түсетін алым-салық інжу болды. Жер көлеміне байланысты - қалан
салығы, екінші аймақтардан харадж, баж салықтары алынды. Баж - өнделетін
жерге салынатын салық. Құшыр – мал өсірушілерден мал басының 1 10
көлемінде алынған. Мал салығы зекет деп аталған. Зекет – ғарін-кемтарларға
үлестіру үшін мешіт жинайтын салық. Зекетті кемтар емес мұсылмандар ғана
төлейді. Исламның негізгі бес нарызы бойынша жылына бір рет зекет беру
керек. Зекет ішін жеуінен , борышынан артық болса 80 гр алтыннан, 56 гр
күмістен зекет беруі керек. Бұлардың қырықтан бірі зекетке беріледі.
Малы: қырық қойдан, отыз сиырдан асса, бес түйесі болған адам зекет
береді.

Қой мен ешкінің зекет нісабы.

40-тан –120-ға дейін бір қой не ешкі;
121-ден – 200-ге дейін екі қой не ешкі;
201-ден – 399-ға дейін үш қой не ешкі;
Осы сияқты әр жүзге бір қойдан қосылып отырады.

Сиырдың зекет нісабы.

30-дан – 39-ға дейін бір жас еркек не ұрғашы тайынша;
40-тан – 59 –ға дейін екі жасар бір құнан өгіз не құнажын;
60-тан – 69-ға дейін бір жастағы екі еркек не ұрғашы тана;
70-тен – 79-ға дейін тайынша не бір құнан өгіз не құнажын;
80-нен – 89-ға дейін екі құнажын сиыр.
Түйенің зекет нісабы.
5-тен – 9-ға дейін бір қой не ешкі;
10-нан – 14-ке дейін екі қой не ешкі;
20-дан – 24-ке дейін төрт қой не ешкі;
25-тен – 35 – ке дейін бір ұрғашы тойлақ;
Зекет мөлшеріне жетпеген алтын күмістен, жетсе де иелігіне бір жыл
толмаса, әйелдердің сәндік бұйымдарынан үй сарай, бау-бақшадан, қарызы
болса зекет берілмейді.
• Қазақ хандығы(ХVғ – XVIIғ) – қазақ халқы алдымызда атап
өткен салық түрлерінің бәрін пайдаланған. Ондағы бұл істі ауылбасы
атқарған, яғни ауылдастардың шаруашылығын басқару, маусымдық көші-қон
уақытын белгілеу, дау-жанжалдарды әділ шешін отыру, ауылға түскен салықты
уақытында төленуін қадағалау.
Қазақтын ханы елді билеумен қатар, әскерлердің жоғарғы басшысы болды.
Халықтан әртүрлі салықтар жинатып алып отырды (сыйлық, соғым, байғазы,
жылу, айып, құн төлету, барымша т.б.)
Халықтын қарапайым көпшілік бөлігі мал өсіруші мен егінші шаруалар
еді. Шаруалар жұмыс істеу және салық төлеумен қатар көптеген міндеткерлікті
атқарды. Кедейлер бай – шонтарлардың малын бақты, үй қызметшісі жұмысын
атқарды.
Үшір – еңбекке жарамды адамдар табысынан алынатын салық.
Пітір садақа - пақырларға 1460ж. бидай немесе 2920гр. арна не
осылардың бағаларымен шашыр пітір садақа беру міндет. Байға, мұсылман емес
адамға пітір садақа берілмейді.
Құрбан шалу – Құрбан айтының үш күн ішінде қан шығарып құрбан шалу
дұрыс.
Құрбанға қой, ешкі, сиыр, түйелер ғана жарайды. Бір бөлікті пақырға,
бір бөлімін дос-жаранға, ал қалғанын бала-шағасына берсе сауақты болады.
Терісін сатпайды, кедейлерге береді(Ақиғи шариғаттар тур. 1992ж).
Осыған сәйкес қазақ халқында тағы да басқа алым-салықтар, міндетті
төлемдер алынып отырды.
• “Жеті жарғы” – Төле би, Қазыбек би мен Әйтеке бидың
қатысуымен Тәуке хан “Жеті жарғы” деп аталатын заң жинағын жарыққа шығарды.
Жеті жарғыға әкімшілік, қылмыстық істер, азаматтардың құқық
нормалары, салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізген.
- “Сұлтандардан басқа қару асына алатын әрбір адам ханға және халық
билеушілеріне жыл сайын өзінің мал мүлкінің 120 бөлігін мөлшерде
салық төлеп отыратын болсын...”
- Қару ұстап жүре алатын кез келген адам хан мен билеушілерге жыл
сайын мал мүлкінің 20-дан бір бөлігін алымға отыратын болсын(33
бап)
(Қазақстан тарих – 4 томдық ІІ том, 1997ж).
Ежелден бері қазақ халқынан хандар, феодалдар, бай адамдар
салықтардың көптеген түрлерін жинап отырды. Мысалы, қазақ халқының
хандарының бірі Кенесары ханның салық саясатын алуға болады. Хандықтың
қаржы мекемесі алым-салық жинаумен және керуендерден салық алумен
айналысқан. Бұл мекемені Кенесарының туысы Сейілхан басқарды. Өзінің бір
хатында Кенесары деп жазды: “Рахымбай, Қожабай, Шағзада молда Арғынбайды
және Бұхар иелігіндегі барлық көпестерді ескертемін, зекет жинау үшін
сұлтан Сейілханды, Шоқпар биді және молда Ғабдулсаттарды жіберіп отырмын,
сіздер әр қостың оннан бір бөлігін беруге тиіссіздер”.
Кенесарының салық жинау саясатындағы негізгі өзгерістер жеке
феодалдар жинайтын салықты енді хан қазынасына түсетін жалпы салықпен
ауыстыру болды. Бұл феодалдық салықты мемлекеттік салықпен ауыстыру қадамы
болды. Кенесарыға дейін Қоқандықтар қазақтардан үш түрлі салық жинады
а) түңгілік зекет - әр үйден 1 қой;
ә) алам зекет – 50 бас малдан бір мал;
б) харадж - әр қырманнан 3 қой, бұл салық егіншелерден алынады.
Сонымен қатар, кей кездерде әр үйден 3 қой не 1 ділдә (алтын ақша)
көлемінде әскери салық алынған. Ал хиуалықтар Сыр бойы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Түрік қағанаты мемлекеті және этникалық тарихы
Түрік қағанаты. Түрік қағанатының екіге бөлінуі Батыс және Шығыс қағанат
Қазақстан Республикасының аумағындағы ертефеодалдық монархиялар
Түркі қағандығы
«түрік дәуірінің кезеңделуі»
Түрік қағанатының ыдырауы
Түргештердің орналасуы және саяси ұйымы
Түркештердің этникалық құрамы
Түрік тектес түргеш тайпалары
Түрік қағанаты. шаруашылығы мен жағдайы
Пәндер