Микроцеркуляцияның патофизиологиясы



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1. Микроциркуляцияға жалпы сипаттама
2.2. Қанайналым бұзылыстары
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Қан (гр. haemo ;лат. sanguis — қан) — ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қанағзаныңинфекцияданқорғанышреякциясынқамтамасызетеді.
Қан — ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат — плазмаданқұралады. Плазмадан қан жасушалары — эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары — тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді.
1. Нұрмахамбетұлы Ә.Н. «Патофизиология», Алматы 2007
2. Нұрмахамбетұлы Ә.Н. «Патофизиология оқулық», Алматы 2000.
3. Литвицкий П.Ф «Патофизиология, Том 1,2», Москва: ГЭОТАР-МЕД, 2006.
4. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. «Патофизиология»,Томск, 2006.
5. З.К.Қожабеков «Малдың патологиялық физиологиясы»

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Реферат
Тақырыбы: Микроцеркуляцияның патофизиологиясы

Орындаған:
Қабылдаған:

Алматы 2016 жыл

Жоспары
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1. Микроциркуляцияға жалпы сипаттама
2.2. Қанайналым бұзылыстары
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

I Кіріспе
Қан (гр. haemo ; лат. sanguis -- қан) -- ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.
Қан -- ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат -- плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары -- эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары -- тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді.
Плазма негізінде еріген органикалық және бейорганикалық заттары бар судан тұрады. Плазма құрамының өзгеруі ағза үшін өте қауіпті. Қанға үздіксіз көптеген заттардың қосылуына қарамастан, плазманың құрамы өзгермейді. Плазмадағы артық заттар зәр шығару мүшелері арқылы шығарылады: қан өкпеде көмір қышқыл газынан, ал бүйректе -- судың артық мөлшері мен онда еріген минералды тұздардан арылады.
Қанайналым жүйесі -- денедегі қан немесе гемолимфаның үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін тамырлар мен қуыстардың жүйесі. Көптеген омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталмаған, яғни қан тамырларының аралықтарында қан құйылатын саңылаулы қуыстар болады. Барлық омыртқалы жануарларда және кейбір жоғары сатыдағы омыртқасыз жәндіктерде қанайналым жүйесі тұйықталған, яғни қан тек бір-бірімен толық байланысып жалғасып жатқан қан тамырлары арқылы ғана қозғалады.
Қанайналым қызметтері:
* тасымалдау (қан тамырларын бойлай ағып, организм үшін көптеген қызмет атқарады. Ол оттекті жасушаларға тасып, көмірқышқыл газын тыныс алу мүшелеріне жеткізеді);
* терморегуляторлық (организмдегі жылуды таратады);
* қорғаныш (қанды лейкоциттер мен нәруыз плазмасымен қамтамасыз етеді);
* гуморальды реттелу (гормондарды және басқа биологиялық заттарды тасымалдау).
Қан тамырлары (лат. vasa sanguinea) -- адам мен жануарлар организмінің жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер.
Қан тамырлары: қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамырларға -- артерияларға, қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырларға -- веналарға және оларды өзара байланыстырып организмдегі жасушалық және ұлпалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін микроайналым арнасының қан тамырларына (қызыл тамырша -- артериола, қылтамыр - капилляр, көк тамырша -- венула) бөлінеді.

II Негізгі бөлім
2.1. Микроциркуляцияға жалпы сипаттама. Микроциркуляция (Місrосіrсulаtіо - кішігірім қан айналысы) -- организмнің әр түрлі сұйықтықтарының венула, қан және лимфа капилляры деңгейіндегі және ұлпа сұйықтықтарының клетка аралық заттарда бірыңғай бағытта қозғалысы.
Қанның микротамырларда ағу ерекшеліктері (гемомикроциркуляция) туралы мәліметтер әсіресе сонғы 50 -- 30 жылдар аралығында жинала бастады. Гемомикроциркуляция жалпы микроциркуляцияның көрнекті бір бөлімі. Микроциркуляция (микроайналыс) термині биологиялық ғылымдарға 1954 жылы енгізілді. Бұл үғым өте ұсақ қан және лимфа тамырлары тарамдалған ауданда өтетін көптеген күрделі процестерді қамтиды. Мәселен, гемомикроциркуляция мен лимфомикроциркуляция жіңішке тамырлардағы қан мен лимфа ағысы ерекшеліктерін, ондағы клеткалардың қимыл жағдайын, қанның ұю зандылықтарын, тамыр саңылауларының жүйкелік және гуморальдық реттелуін көрсетеді. Мұнымен катар жүрек-тамыр жүйесініц зат тасымалдау қызметінің іске асырылатын этапы -- транскапиллярлық алмасу өтеді. Транскапиллярлық алмасу гемоциркуляцияның көрсеткіштерімен бірге, биологиялық мембрананың заттарға өтімділік қасиеттеріне байланысты екені белгілі. Олай болса осы аталған процестердін, бәрі микроциркуляцияны жан-жақты сипаттайтын процестер. Микроциркуляция тамырларына диаметрі 250 мкм-ден төмен (жінішке тамырлар), артериолалар, метаартериолалар (диаметрі 10 -- 25 мкм) капиллярлар, капиллярлар, венулалар (диамет-рі 50 мкм) және артериоловенулярлық анастомоздар жатады. Әрбір ағзаның құрылысына сәйкес микротамырлардыц құрылым ерекшеліктері болады. Қейде капиллярға бөлінген тамырлар венулалар құрып қайтадан екінші рет капиллярларға бөлінеді. Капиллярлар бір-бірімен көлденең, байланысып тор жасайды. Венулалар кеңіп синус құруы мүмкін. Метаартериолалардың қабырғасында бір қабат бірынғай салалы ет талшықтары сақина тәрізді орналасқан, ал капиллярлардың алдында мұндай ет талшықтары жиналып сфинктер құрады, кейбіреулердің ойынша посткапиллярларда да сфинктер болады. Сфинктер артериолавенулярлық анастомозтардьщ бас жағында да кездеседі. Про- және посткапиллярлардың сфинктерлері тұсында тамырлар саңылауы тарылып 4 -- 5 мкм болады. Прекапиллярлык, сфинктер жиырылса онымен байланысты капиллярларға қан өтпей қалады.
Крог деректеріне қарағанда адам денесінде шамамен 150 -- 160 млрд капиллярлар бар. Әрбір капиллярлардың ұзындыры 0,4 -- 1,1 мкм, диаметрі 5 -- 7 мкм. Қапиллярдың қабырғасы бірқатар эндотелий қабаты мен жұқа базальдық мембранадан тұрады. Денедегі барлық капиллярлардың диаметрі қолқа саңылауынан 600 -- 800 есе артық. Қапиллярлардың 30%-і қалыпты жағдайда жабық бос болады. Мысалы, теңіз шошқасының қаңқа етінде тыныштық жағдайда ашық капиллярлардын, саны әрбір мм[2] -- 100 -- 200 болса, еттер жиырылып организм қозғалған сәтте, ашық капиллярлардың саны 3000-ға жетеді. Демек, дене қызметі кезіпде қан ағысына қатысатын капиллярлардың саны көбейеді.
Микроциркуляция арнасындары қан қысымы мен қан ағысының шапшаңдыры жүйелік көрсеткіштерге байланысты болғанымен жергілікті тканнің жағдайына қарай басқаша өзгере алады. Сондықтан қан ағысының жүйелік көрсеткіштері тканьдегі микроциркуляцияны толығынан бейнелей алмайды. Осыған орай патология жағдайында қан ағысының жүйелік көрсеткіштері өзгермей-ақ микроциркуляция бұзылуы мүмкін.
Микроциркуляция арнасында тіршілікке өте қажет транскапиллярлық алмасу және ағзалар арасында қанды қайта бөлу немесе қанның бірсыпырасын ұстап сақтап қалу сияқты күрделі процестер көбіне резистивтік тамырлардың жиырылып босауына байланысты.
Капиллярда қан қысымы жүйелік қысым көтерілгенде (с. б. б. 200 -- 210 мм.) жарылып та кетеді, онда тканьге қан құйылады. Бірақ капиллярлардағы қанның қысымы мен қанның жылжу шапшаңдығы көбінесе, оның алдындағы және соңындағы тамырлар сфинктерлердің тонусына байланысты, яғни тамырлардын, қанның ағысына көрсетілетін кедергісіне қарай өзгереді. Прекапиллярлық сфинктер жабылып капиллярларға қан өтпесе және капиллярлардан кейінгі тамырлардың тонусы көтеріліп қан тез ағып кететін болса, капиллярларда қан қысымы төмендеп тканьаралық сұйықтықтың капиллярдың ішіне карай сүзілуіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйке жүйесінің патофизиологиясы туралы
Жүректің қақпақшалық аппаратының зақымдалуы себептерімен даму механизмдері
Клиникалық көрінісі
Жүйке жүйесінің патофизиологиясы
Малабсорбцияның жіктелуі
Жүйке жүйесінің типтері
Тыныс алу жүйесі. Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметі жайлы
Зат алмасудағы типтік бұзылу патофизиологиясы
Тыныс алу жүйесінің патологиясы
Бүйрек туралы
Пәндер