Цезий-137 радионуклидінің улылығы және метоболизмі



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1. Цезий элементіне және изотоптарына жалпы сипаттама
2.2. Цезий . 137 қасиеттері
2.3. Цезий . 137 биологиялық әсері
2.4. Цезий изотоптарымен зақымданған кездегі жедел көмек
2.5. Цезий . 137 топырақта және өсімдіктерде жинақталуы


III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Радиация латын тілінде радиус – сәуле деген сөз. Радиацияға күннің сәулесі, ғарыштық сәуле, Жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәуле шығаруы және жасанды радиоактивті элементтердің изотоптары жатады. Жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәуле шығаруы барлық химиялық заттарға байланысты болмайды. Әр түрлі элементтердің табиғи 50 радиоактивті изотобы бар. Көпшілік элементтердің тек біразы ғана радиоактивті. Кейбір химиялық элементтерде тұрақты изотоптар жоқ, олар түгелдей радиоактивті, мысалы, уран, торий, радий, полоний және т.б. Бұлардың атомының ядросы өздігінен ыдырап, гамма-квантты және корпускулярлы сәулеленеді.
1. Корнеев Н.А., Сироткин А.Н. «Основы радиоэкологии сельскохозяйственных животных», М., 1987
2. Булдаков Л.А. «Радиоактивные вещества и человек», М., 1990.
3. Шубик В.М., Колотвин В.А. и др. «Теоретические и практические аспекты малых доз радиации», Сыктывкар, 1973
4. Фатеева М.Н., Климов В.С., Понизовская А.И. и др. // Мед.радиология. 1969
5. Гусев Н.Г. «Радиоактивные выбросы в биосфере», 1986.
6. Моисеев А.А. «Цезий-137: Окружающая среда. Человек», М., 1980.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Реферат
Тақырыбы: Цезий - 137 радионуклидінің улылығы және метоболизмі

Орындаған:
Қабылдаған:

Алматы 2016 жыл
Жоспары
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1. Цезий элементіне және изотоптарына жалпы сипаттама
2.2. Цезий - 137 қасиеттері
2.3. Цезий - 137 биологиялық әсері
2.4. Цезий изотоптарымен зақымданған кездегі жедел көмек
2.5. Цезий - 137 топырақта және өсімдіктерде жинақталуы

III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

I Кіріспе
Радиация латын тілінде радиус - сәуле деген сөз. Радиацияға күннің сәулесі, ғарыштық сәуле, Жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәуле шығаруы және жасанды радиоактивті элементтердің изотоптары жатады. Жердің табиғи радиоактивтік заттарының сәуле шығаруы барлық химиялық заттарға байланысты болмайды. Әр түрлі элементтердің табиғи 50 радиоактивті изотобы бар. Көпшілік элементтердің тек біразы ғана радиоактивті. Кейбір химиялық элементтерде тұрақты изотоптар жоқ, олар түгелдей радиоактивті, мысалы, уран, торий, радий, полоний және т.б. Бұлардың атомының ядросы өздігінен ыдырап, гамма-квантты және корпускулярлы сәулеленеді.
Изотоптар (гр. изос-бірдей, тең; топос-орын) деп қасиеттері бірдей, бірақ атомдық салмақтары әр түрлі химиялық элементтерді атайды. Мысалы, уран элементінің 5 изотопы бар, уран 235 және уран 238 изотоптары жерде көп кездеседі, ал қалғандары сирек кездеседі.
Изотоптар ядрода нейтрондар санының әр түрлі болуына байланысты өзара айырмашылығы бар атомдар. Оларда протондардың саны бірдей. Мысалы, темір атомының ядросында 26 протон бар, ал нейтрондар саны 31 және 32. Атомның және атом ядросының құрылысын анықтап, зерттеу, ядролық құбылыстар заңын ашып, ядролық реакцияларды жүргізіп, жасанды радиоактивтік изотоптар алуға мүмкіндік береді.
Ядродағы құбылыстық айналымды зерттеу атом ядросының таусылмас энергия бұлағы екенін көрсетті. Бұл энергия ядролық реакция кезінде ядролық сәулелену түрінде бөлініп отырады.
Ең алғаш рет 1942 жылдың желтоқсан айының 2 күні ядролық өту құбылысын басқаруға мүмкіндігі бар тізбектелген реакция алынды. Бұл күні атақты физик Энрико Ферми жасап шығарған бірінші реактор өзінің жұмысын бастады. Осы күннен бастап атом энергиясын бейбітшілік және соғыс мақсатында практикалық қолдану басталды.
Ядролық реакторды қолдану арқылы химиялық элементтің және Жер қабатында жоқ элементтердің изотобын жасау мүмкін болды.
Менделеев кестесіндегі көптеген элементтер ыдыраған кезде көптеген изотоптар түзіледі. Изотоптардың түзілу мүмкіндігі әр түрлі. Кейбір изотоптар жоғары ықтималдылықта түзіледі, кейбіреулері едәуір кішкентай ықтималдықпен түзіледі. Олардың барлығы радиоактивті. Бірақ олардың көбінің жартылау ыдырауы төмен және олар тұрақты изотоптарға тез ажырап кетеді. Бірақ та, олардың ішінде ыдырау кезінде бірден түзілетін сонымен қатар жартылау ыдырау уақыты бірнеше күн және бірнеше жылға созылатындары да бар. Осы изотоптар табиғатта өте қауіпті болып табылады. Йод - 131 ыдырау кезінде дәл цезий - 137 секілді ыдырайды. Бірақ йод - 137 жартылау ыдырау периоды 8 күн, ал йезий - 137 30 жылға жуық.

II Негізгі бөлім
2.1. Цезий элементіне және изотоптарына жалпы сипаттама. Цезий(лат. Caesіum), Cs -- элементтердің периодтық жүйесінің К тобындағы хим. элемент, атомдық нөмері 55, атомдық массасы 132,91; сілтілік металдарға жатады. Ол сирек элементтер қатарына жатады. Цезий -- күміс түсті ақ, өте жұмсақ металл, тығызд. 1,90 гсм3 (20°С-та) , балқу t 28.5 °C, қайнау t 705°С, барлық қосылыстарындағы тотығу дәрежесі +1, хим. қасиеттері жағынан калийге ұқсас, бірақ одан хим. активтігі жоғары. Ауада өздігінен тұтанып, асқын тотық (Сs2O3) түзеді. Цезийді вакуумде, минералын май немесе керосинде сақтайды. Ол сумен реакцияласып Цезий гидрототығын түзеді және сутек бөледі. Галогендермен тікелей қосылысып, галогенсутек қышқылдарының тұздарын түзеді. Цезий қосылыстары лепидолит пен поллуциттен алынады. Металл Цезийді 700 -- 800°С темп-рада металл кальциймен цезий галогенидтерін тотықсыздандыру арқылы алады. Ол фотоэлементтер дайындауда, кейбір қосылыстары медицинада, т.б. қолданылады. Цезий көптеген өсімдіктер және жануарлардың тілінде кездеседі.
Радиоактивті цезий радионуклидтер түзетін уран жәнеп плутоний ыдырау өнімдері. Нуклид сыртқы ортада үлкен айналымда болады, азықтық айналымды қоса алады. Цезийдің организмге түсуінің негізгі көзі жануарлар өнімдері мен өсімдік өнімдері болып табылады. Жануар организміне азықпен түскен цезийдәі 80 % бұлшық ет ұлпаларында және 10 % қаңқада жинақталады.
Цезий элементінің радиоизотоптарының ішіндегі ең маңызға иесі ол - цезий - 137. Цезий - 137 ыдыраған кезде көп мөлшерде бөлінетін және 30,2 жыл жартылай ыдырау периоды, өте күшті уыттылық қасиет көрсетеді.

1 - сурет. Цезий - 137
Цезий - 137 - 170,8 кэВ бета - бірлік энергия бөлетін бета сәуле шығарушы.
Қой мен ешкі сүтінде цезий - 137 ірі қара мал сүтіне қарағанда бірнеше есе көп. Белгілі мөлшерде ол құс жұмыртқасында да кездеседі. Судағы цезий - 137 - нің таралу коэффициенті балық бұлшықеттерінде 1000 және одан көп, ұлуларда 100 - 700, шаянтәрізділерде - 50 - 1200, су өсімдіктерінде - 100 - 1000.
Цезий - 137 адам организміне түсуі адамның тамақтану дәрежесіне байланысты. Цезий - 137 организмге түскеннен кейін біркелкі таралып, барлық ағзалардың біркелкі сәулеленуіне алып келеді. И.Я. Василенко, О.И. Василенко цезий - 137 медицинаға тиімді жағынан пайдалану мәселелерін шешумен айналысуда.
2.2. Цезий - 137 қасиеттері. Цезий - 137 - жартылай ыдырау периоды 30,174 жыл болатын, бета сәуле таратушы. Цезий - 137 1860 жылы неміс оқымыстылары Кирхгоф пен Бунзен ашты. Атауы латын сөзі сaesius - көк, спектрдің көк аймағына тән, осыған байланысты қойылған. Қазіргі таңда цезийдің көптеген изотоптары белгілі. Солардың ішіндегі ең маңыздысы осы - цезий - 137. Ядролық энергетика цезий - 137 - нің қоршаған ортаға түсуінің негізгі көзі. 2000 жылғы мәліметтер бойынша әлемнің АЭС реакторларынан атмосфераға 22,2 *1019 Бк цезий - 137 бөлінген. Цезий - 137 тек қана атмосфераға ғана тарап қоймай, су көздеріне, барлық тірі ағзаларға да тарады. Ядролық раекторлардан шығатын ыдырау өнімдерінің жиынтық активтілігі су асты қайықтарының үздіксіз 60МВт қуатпен жұмыс жасағанда 3,7 * 1017Вк, соның ішінде цезий - 137 24 * 1014Бк. Екі атомдық су асты қайықтарымен болған ірі апаттарда АҚШ (Третер 1963 жыл және Скорпион 1967 жыл), радиоактивті заттардың біраз бөлігі, цезий - 137 қоса суға түседі және ұзақ уақыт бойы ластанудың көзі болады.

2 - сурет. Цезий - 137 ыдырауы
Өзінің химиялық қасиеті бойынша цезий рубидий және калийге 1 топ элементтеріне жақын. Цезий изотоптары химиялық зерттеулерде қолданылады, гаммадефектоскапияда, радиацондық технологияда, радиобиологиялық тәжірибелерде. Контактілі және дистанционды сәулелі терапиядағы негізгі сәулелену көзі цезий - 137 болып табылады. Цезий изотоптары қандай жолмен организмге түссе де, организмде өте жақсы сіңіріледі.
Чернобыль АЭС жарылыстан кейін қоршаған ортаға 1,0МКи цезий - 137 түскен. Қазіргі таңда Чернобыль АЭС зардап шеккен және сол аумақтағы негізгі доза түзгіш радионуклид - цезий - 137. Топыраққа цезий - 137 жақсылап орналасып, бекініп өсімдіктердің тамыр жүйесі арқылы өсідіктерге оңай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық элементтермен ластану
Пестицидтермен ластану проблемасы
Радиоактивті заттар
Қалдықтар түрлері
Радиэкология және биосфера
Қоршаған ортаның радиоактивті ластануы және атом энергетикасы
Химиялық ластану. Полигон және қоршаған орта
Радиобиология және ветеринарлық радиобиология
Тіршілік қауіпсіздік негіздері
Өндірістік токсикология негізі
Пәндер