Сот жүйесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.Сотта іс жүргізу
1.1 Сотта өтуге кіретін құжаттарды тіркеу, қабылдау тәртібі ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Соттағы 1. сатылы қылмыстық және азаматтық істердің қозғалысын рәсімдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.3 Шығыс құжаттарын тіркеу мен өткізу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.4 Құжаттардың атқарылуын бақылауды ұйымдастырып, құжаттарды кейінге сақтау мен пайдалдануға дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

2. Атқару өндірісі
2.1 Мүлікті өндіріп алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Борышқордың еңбек ақысын және басқа да кірістерін өндіріп алу ... ... ... ... 14
2.3 Алиментті және басқа да істер бойынша өндіріп алу туралы істер жөніндегі шешімнің атқарылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.4 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкін өндіріп алу ... ... ... ... ..20
2. 5 Ақшалай соманы есепке алу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

3. Құқықтық статистика
3.1 Заңды тәртіпті қамтамасыз етудегі құқықтық статистика және оның мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
3.2 Статистикалық көрсеткіш ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
Қоғам мен мемлекет мүддесін, ел азаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарын сот арқылы қорғауды толықтай қамтамасыз ету үшін сот құрылысын жетілдіру, соттардың мамандануын кеңейту, істердің қаралу мерзімін сақтауды қамтамасыз ету,соттың бақылау жасау аясын кеңейту,сот рәсімдерінің ашықтығына кең жол ашып, білікті кадрлармен толықтыру бағытындағы атқарылған істер де сот саласын өркенниет көшіне бір табан жақындата түсті деп сеніммен айтуға болады.
Елбасы Н.Назарбаев таяуда Атырау облыстық сотының жаңа ғимаратында судьялармен кездескен кезде :«Кеңес үкіметі кезінде жұртшылық өздерінің арыз-шағымдарын партия, атқару, кәсіподақ комитеттеріне айтатын. Енді әділдік іздеген адамдар сотқа жүгінетін болды. Сондықтан да жауапкершілік жүгін сезіне отырып, қандай ма істі қарасаңыздар да Ата Заңымызды басшылыққа алып, имандылық тұрғысынан шешіңіздер» деп атап көрсетті.Экономикамыздың өркендеуіне, қоғамымыздың дамуына үлкен қатер төндіріп отырған сыбайлас жемқорлыққа, басқа да қылмыс түрлеріне батыл тосқауыл қойып, сот үкімдерінің әділ болып, мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуге айрықша назар аударды. Елбасы алға қойған осынау асқаралы міндеттерді жүзеге асыруда Атырау обылысының соттар ұжымы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара еңбек етуде.
1. Ведомстволық мұрағаттар қызметінің негізгі ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитетінің 2003 ж. 29 желтоқсандағы N 93 бұйрығы
2. Қазақстан Республикасы Әкімшілік іс жүргізу кодексі
3. Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу кодексі
4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотта іс жүргізу нұсқаулығы
5. Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңы

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.Сотта іс жүргізу
1. Сотта өтуге кіретін құжаттарды тіркеу, қабылдау
тәртібі ... ... ... ... ... ... ...4
2. Соттағы 1- сатылы қылмыстық және азаматтық істердің қозғалысын
рәсімдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
3. Шығыс құжаттарын тіркеу мен өткізу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.4 Құжаттардың атқарылуын бақылауды ұйымдастырып, құжаттарды кейінге
сақтау мен пайдалдануға
дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

1. Атқару өндірісі
2.1 Мүлікті өндіріп
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 13
2.2 Борышқордың еңбек ақысын және басқа да кірістерін өндіріп
алу ... ... ... ... 14
2.3 Алиментті және басқа да істер бойынша өндіріп алу туралы істер
жөніндегі шешімнің
атқарылуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
7
2.4 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкін өндіріп
алу ... ... ... ... ..20
2. 5 Ақшалай соманы есепке алу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

2. Құқықтық статистика
1. Заңды тәртіпті қамтамасыз етудегі құқықтық статистика және оның
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2. Статистикалық
көрсеткіш ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..35
Қосымша
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...36

Кіріспе

Қоғам мен мемлекет мүддесін, ел азаматтарының бостандықтары мен заңды
құқықтарын сот арқылы қорғауды толықтай қамтамасыз ету үшін сот құрылысын
жетілдіру, соттардың мамандануын кеңейту, істердің қаралу мерзімін сақтауды
қамтамасыз ету,соттың бақылау жасау аясын кеңейту,сот рәсімдерінің
ашықтығына кең жол ашып, білікті кадрлармен толықтыру бағытындағы
атқарылған істер де сот саласын өркенниет көшіне бір табан жақындата түсті
деп сеніммен айтуға болады.
Елбасы Н.Назарбаев таяуда Атырау облыстық сотының жаңа ғимаратында
судьялармен кездескен кезде :Кеңес үкіметі кезінде жұртшылық өздерінің
арыз-шағымдарын партия, атқару, кәсіподақ комитеттеріне айтатын. Енді
әділдік іздеген адамдар сотқа жүгінетін болды. Сондықтан да жауапкершілік
жүгін сезіне отырып, қандай ма істі қарасаңыздар да Ата Заңымызды
басшылыққа алып, имандылық тұрғысынан шешіңіздер деп атап
көрсетті.Экономикамыздың өркендеуіне, қоғамымыздың дамуына үлкен қатер
төндіріп отырған сыбайлас жемқорлыққа, басқа да қылмыс түрлеріне батыл
тосқауыл қойып, сот үкімдерінің әділ болып, мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз
етуге айрықша назар аударды. Елбасы алға қойған осынау асқаралы міндеттерді
жүзеге асыруда Атырау обылысының соттар ұжымы бір жеңнен қол, бір жағадан
бас шығара еңбек етуде.
Сонымен қатар соттардың тиімді жұмыс жасаулары үшін егеменді еліміздің
ұзақ мерзіміді қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, бүкіләлемдік стандарттарға
сай іргелі заңдар қабылдауға жол ашылады деп сенемін. Тек қана тұтқындау
емес, сот шешімін керексінетін санкциялардың өзге де түрлерін сот
құзіретіне беру қажеттігін уақыттың өзі талап етіп отыр.
Судьялар тәуелсіздігінің әлеуметтік кепілдіктерін күшейту, адамдардың
жеке басы мен бостандығына қол сұқпау құқығын қамтамасыз ету үшін алдын ала
тергеу сатысында соттарға қадағалау өкілеттігін беру мақсатында Қылмыстық-
процессуалдық кодекске де өзгерістер енгізу қажеттігі байқалады.
Жалпы іс қағаздарының қоғам өмірінде қолданылмайтын саласы жоқ. Адам
дүниеге келген сәттен бастап бақилық болғанға дейінгі бүкіл өмірі құжатпен
байланысты. Өз өмірінде іс қағаздарын жүргізумен бетпе-бет келмеген жан
жоқ, сірә. Адам баласы кәмелеттік жасқа толғаннан кейін қызметке тұру үшін
өтініш жазудан бастап, ұрпағына арнап өсиет қалдырғанға дейін қаншама құжат
толтырады, қаншама құжатқа қол қояды. Алайда мұның бәрін арнайы ретпен,
белгіленген тәртіпке, жүйеге сәйкес жүргізбесе, бұл құжаттар көптеген
келіспеушіліктер мен дау-жанжалдарға да себеп болады. Сондықтан да іс
қағаздарын жүргізу негіздерін білу тек әр алуан мекемедегі қызметкерлерге
ғана емес, әрбір азамат адам үшін де өте маңызды.

1.Сотта іс жүргізу

1. Сотта өтуге кіретін құжаттарды тіркеу, қабылдау тәртібі

Іс қағаздарын жүргізу термині стандартталған, яғни бұл ұғымды
айқындайтын бірден-бір термин. Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету
стандартта анықтамалық мәлімет сипатында берілген синоним-термин болып
табылады.
Іс қағаздарын жүргізу терминінің Қазақстан Республикасындағы ресми
түсіндірмесінен Ресей Федерациясы мемлекеттік стандарты бекіткен түсіндірме
біршама өзгеше. Салыстыру үшін ресейлік түсініктемені түгел келтіріп
өтейік: іс қағаздарын жүргізу; басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету –
құжаттау мен ресми құжаттар бойынша жұмыс жүргізу процесін ұйымдастыруды
қамтамасыз ететін қызмет саласы3.
Анықтамадан көрініп тұрғандай, Қазақстанда қабылданған түсініктің
негізгі ерекшелігі іс қағаздарын жүргізуді заңды тұлғалардың қызмет аясы
ретінде көрсетуі. Ресейлік заңнамада бұл кеңірек ауқымда, қызмет саласы
ретінде алынған (әйтсе де құжаттау мен ресми құжаттар бойынша жұмыс жүргізу
процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету аясымен шектеу де бар).
Құжаттар түзуге және сол құжаттар бойынша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру
ісіне қойылатын жалпы талаптар Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігінің Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитет
төрағасының 2003 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік
ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың тұрпатты ережелері туралы
№ 33 бұйрығы4 арқылы белгіленіп, бекітілген.
Мұндай ережелердің алғашқы нұсқасы қолданысқа 1992 жылы ендірілген
болатын. Жаңа құжат іс қағаздарын жүргізудің отандық саласында орын алып
отырған қазіргі нақты жағдайларды есепке ала отырып жасалды. Осы ережелер
негізінде әрбір мемлекеттік орган немесе мемлекеттік ұйым іс қағаздарын
жүргізу жөніндегі өз ведомстволық нұсқаулықтарын әзірлеп алады. Бұл
ережелерді өз ерекшеліктеріне сәйкестендіре отырып мемлекеттік емес ұйымдар
да қолдануларына болады. Бірақ бұл ережелер мемлекеттік емес ұйымдар үшін
міндетті болып табылмайды.
Іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар әзірлеу барысында
Қазақстанның СТ 1042-2001 Ұйымдық-өкімдік құжаттама. Құжаттарды ресімдеуге
қойылатын талаптар5 атты тағы бір стандарт талаптарын ескеру шарт.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Электрондық құжат және
электрондық цифрлық қолтаңба туралы Заңы да қазіргі жағдайда айрықша мәнге
ие болып отыр. Бұл заң электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылатын
электрондық құжаттар жасау және оларды пайдалану барысында туындайтын
құқықтық қатынастарды реттейді6. Осы заңға сәйкес 2004 жылы Қазақстан
Үкіметі республика мемлекеттік органдарындағы электрондық құжат айналымының
ережелерін бекітті7.
ТМД-ның бірқатар елдерінде мұрағат ісі жөніндегі нормативтік актілер
іс қағаздарын жүргізу мәселелерін де қамтиды. Мәселен, Беларусь
Республикасындағы ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы заңда меншік
формаларының қандай екеніне қарамастан барлық ұйымдар үшін іс қағаздарын
жүргізу тәртібін белгілейтін арнайы тарау енгізілген. Ол тарау
Кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда іс қағаздарын жүргізу және оны
ұйымдастыру деп аталады8. Қырғыз Республикасының Ұлттық мұрағат қоры
туралы заңында да дәл осыған ұқсас арнайы бап бар.
Іс қағаздарын жүргізу қызметін ұйымдастырудың жекелеген элементтері
өзге де құжаттарға – қандай да бір мемлекеттік билік органы регламенттеріне
де ендірілуі (іс-тәжірибеде мұндай да кездесіп тұрады) мүмкін.

2. Соттағы 1- сатылы қылмыстық және азаматтық істердің қозғалысын рәсімдеу

Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады.
Соттарда қаралатын істердің көпшілігі азаматтық істер болып табылады. Бұлар-
азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық, қаржы, салық және
ведомстволық бағыныстағы соттардың қарастылығына жатқызылған басқа да құқық
қатынастарынан туындайтын даулар.
Азаматтық істерді қарау мен шешу тәртібі азаматтық сот ісін жүргізу туралы
заңдармен белгіленеді. Республиканың барлық соттарында азаматтық істерді
жүргізу тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен белгіленеді.
Азаматтық іс жүргізу құқығы-мемлекет белгілеген құқықтық нормалардың
соттардың азаматтық істерді қарау және шешу тәртібін, басқаша айтқанда,
азаматтық істер бойынша сот әділдігін, сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп
орындау тәртібін реттейтін жиынтығы немесе жүйесі.
Азаматтық іс жүргізу құқығы жеке, дербес құқық саласы болып табылады, оның
да дербес нысанасы және реттеу әдісі бар. Азаматтық іс жүргізу құқығының
реттейтін нысанасы сот пен іс жүргізуге қатысушы тұлғалар, яғни азаматтық
сот ісін жүргізуге қатысушылар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар
болып табылады. Бұл қатынастар азаматтық істі жүргізу процесінде туындайды.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының басты, міндетті субъектісі
мемлекеттік билік органы сот болып табылады, басқа субъектілер соттан
қорғау сұраған тұлға немесе іске қатысуға жауапкер ретінде не куә, сарапшы
және т.б. тұлғалар болуы мүмкін.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері арасында іске
қатысушы тұлғалар ерекше бөліп көрсетілген. Қазақстан Республикасының
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44 бабына сәйкес оларға мыналар:
тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік басқару органдары,
кәсіподақтар және заңда көзделген жағдайда басқа адамдардың құқықтары мен
міндеттерін қорғайтын басқа да қоғамдық ұйымдар жатқызылған. Олар іске өз
атынан қатысады, өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін, не басқа
тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Бұлар-өздерінің іс жүргізу
әрекеттерімен істің қозғалуына, істің бір сатыдан екінші сатыға өтуіне және
істі жүргізудің қысқартылуына ықпал ететін тұлғалар.
Азаматтық іс жүргізу құқығын реттеу әдісі императивтік-диспозитивтік
сипатта болады. Соттың іс жүргізу әрекеттері билік сипатында жасалады, олар
өздері арнап шығарылған тұлғалар үшін міндетті, өйткені оларды мемлекеттік
билік органы шығарады және мәжбүрлеу күші бар құқық нормасына негізделген.
Іске қатысушы тұлғалар жасайтын іс жүргізу әрекеттері диспозитивтік сипатта
болады. Азаматтық іс талап қоюшының талап-арыздан бас тарту туралы арызы
бойынша немесе тараптардың бітісу келісімін жасауы себепті қысқартылуы
мүмкін. Азаматтық істің өзіндік ерекшелігі осында.
Азаматтық іс жүргізу құқығы жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы
бөлімге сот әділдігі принциптерін, азаматтық істердің сотқа қарастылығы,
сот құрамын, қарсылық білдіруді, іске қатысушы тұлғалардың құрамын, олардың
іс жүргізу құқығы мен міндеттерін дәлелдеу, талап қою және басқаларын
баянды ететін нормалар енеді.
Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекше бөлігі-құқықтың осы саласының
жекелеген институттарын, сатыларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.
Азаматтық іс жүргізу соттың, іске қатысушы тұлғалардың және процеске
басқа да қатысушылардың, сондай-ақ сот қаулыларын орындайтын органдардың
азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі. Азаматтық іс
жүргізу дегеніміз, іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының, дамуының
және тоқтатылуының жүйелі тәртібі болып табылады, өйткені бұл қатынастар
іске мүдделі барлық тұлғалардың белсене қатысуымен азаматтық істер бойынша
сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметі процесінде пайда болады,
дамиды және тоқтатылады не олар соттың істің шын мән-жайын анықтауына
жәрдемдеседі.
Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері Азаматтық іс жүргізу кодексінің 5
бабында белгіленген. Сот азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау мақсатында азаматтық істерді дұрыс және мерзімінде шешуі
тиіс. Осы негізгі міндетті орындау арқылы азаматтық сот ісін жүргізу
құқықтық мемлекетті, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, әлеуметтік
әділеттілікті орнықтыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтарды
заңдарды дәл және мүлтіксіз орындау, азаматтардың құқығы, ар-ожданы мен
қадір-қасиетін, ортақ тұрмыс ережелерін құрметтеу рухында тәрбиелеуге
жәрдемдесуге тиіс. Кепілдік берілген конституциялық құқықтар мен
бостандықтарды пәрменді түрде қорғау соттардан сот ісін жүргізудің барлық
кезеңдерінде қолданылуға тиісті құқық нормаларының бәрін аса қатаң сақтауды
талап етеді.
Азаматтық процесс жеке сатылардан тұратын үдемелі қозғалыс болып
табылады. Процесс мынадай сатыларға бөлінеді:
1)сотта азаматтық істің қозғалуы;
2)істі сотта қарауға әзірлеу;
3)істі бірінші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау;
4)істі апелляциялық тәртіппен қарау;
5)заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау
тәртібін қайта қарау;
6)заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдарды, қаулыларды жаңадан
ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау;
7)атқару ісін жүргізу;
Азаматтық процестің сатылары-біртұтас азаматтың сот ісін жүргізудің аса
жақын мақсат біріктірген құрамдас бөліктері. Әрбір азаматтық істің жоғарыда
аталған сатылардың бәрінен өтуі міндетті емес екенін айта кеткен жөн. Бұл
тараптардың қалауына байланысты.
Азаматтық процесс азаматтық істі қарау және шешу кезінде сот пен басқа
да субъектілер арасында қалыптасатын іс жүргізу құқық қатынастары пайда
болуының, дамуы мен тоқтатылуының жүйелі тәртібі болып табылады.
Азаматтық істердің көпшідігі талап істер жүргізу ережелері бойынша
қаралады. Олар сотта талап арыз беру арқылы қозғалады, оларға құқық туралы
даудың болуы тән, сот қарауының мәселесі даулы құқық қатынасы, дауласушы
тараптардың қатысуы болып табылады. Соттар талап істерден басқа
конституциялық және әкімшілік-құқықтық қатынастардан туындайтын істерді,
сондай-ақ ерекше сипатта жүргізілетін істерді қарайды.
Азаматтық іс жүргізу құқығы құқықтың басқа салаларымен, әсіресе
материалдық салаларымен тығыз байланысты. Онда анықтау нысанасын, істің
сотқа қарастылығын анықтайтын азаматтық іс жүргізу сипатындағы нормалар
болады. Сот іс бойынша шешім шығаратын кезде даулы құқық қатынастарын
реттейтін материалдық құқық нормаларын қолданады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы қылмыстық іс жүргізу құқығымен тығыз
байланысты, өйткені екі сала да сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот
қызметінің тәртібін белгілейді. Олардың арасындағы ұқсастық көптеген іс
жүргізу сатыларындағы іс жүргізу нысанында болып табылады. Олардың арасында
айырмашылық та бар. Қылмыстық іс жүргізу құқығы соттың ғана емес, сонымен
қатар алдын ала тергеу органдарының да қызметін қамтиды. Құқықтың бұл
саласын реттеу мәселесінде де айырма бар.

3. Шығыс құжаттарын тіркеу мен өткізу тәртібі

Ұйымдар мен мекемелердің қызмет етуі барысында шығарған түрлі құжаттар,
хат-хабарлар, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын
көрінеді. Сондықтан мекемелер болмасын, сот орындары болмасын олардың
жұмыстарын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру, онда
құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей
байланысты.
2007 жылдан бастап Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық
әкімшілік соты іс қағаздарын, сот статистикасын жүргізу, хат-хабарлармен
және сот істерімен жұмыс істеу Қазақстан Республикасы сот органдарының
бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі бағдарламасы бойынша
аудандық және оған теңестірілген сотта іс жүргізу жөніндегі уақытша
нұсқаулықпен белгіленген ережелері мен тәртіптерін сақтау, хат-хабарлар мен
сот істерінің есепке алынуы, сақталуы және уақытында жылжуы, құжаттардың,
тапсырмалардың орындалуы бақылауға алынып, үнемі тексерісте жүреді.
Іс қағаздарын жүргізу тіліне және өтініш берілген тілге байланысты іс
қағаздарын жүргізу мемлекеттік және орыс тілдерінде қамтамасыз етіледі.
Шығыс хат-хабарлары мен әкімшілік істер, жалпы шығыс хат-хабарлардың
есепке алу құжаттарында электронды түрде тіркеледі. Тіркеу кезінде шығыс
хат-хабарларының есепке алу құжаттарының барлық реквизиттері міндетті түрде
толтырылып, электронды мазмұны есептік құжаттарға салынады және қажет
болған жағдайда кіріс, шығыс және ішкі құжаттардың арасында байланыс
жасалады. Хат-хабарлардың сканерлік көшірмесіне бейнелерді оптикалық тану
технологиясын қолдану мүмкіндігі болғанда оны мәтіндік процессорлардың
көмегімен өңделетін форматқа айналдыру жүзеге асырылады.
Шығыс хат-хабарлары күнделікті жіберіліп отырылуы қажет. Жөнелтілетін
хат-хабарлардың көлемі көп болған жағдайда, адресаттарға шығыс хат-
хабарлары келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей жөнелтіледі.
Онда кеңсе қызметкерлерінің міндеті: алушының мекен-жайының дұрыстығын;
егер шығыс құжаты жіберілген сұраудың жауабы болып табылса, онда келіп
түскен құжаттың немесе істің шығыс нөміріне сілтеменің болуын; құжаттарда
көрсетілген қосымшалардың (тіркелген құжаттардың санын немесе томдардың)
бар болуын; құжаттардың қол қойған лауазымды қолының бар болуы мен
сәйкестігін; орындаушының тегі, аты мен әкесінің атының бас әріптерінің
және қызметтік телефон нөмірінің болуын қамтамасыз ету.
ҚР СО БААТЖ бағдарламасы бойынша  сот орындаушылар аумақтық бөліміне
орындауға жіберілген сот қаулыларын жолдау тәртібіне  келер болсақ,
жөнелтуге алынған құжаттарды олардың келіп түскен күні жүзеге асырылады.
Деректеме (реквизит) бойынша: индекс журналы, күні, корреспонденция түрі,
жеткізу түрі (қолма-қол, поштамен), орындаушының аты жөні, соттың аты-жөні,
орындаушы аумақтық бөлімнің атауы, мәлімет үшін жіберілетін органның атауы,
құқық бұзушының мекен-жайы. Қысқа мазмұны (краткое содержание) бөлігіне
әкімшілік құқық бұзушылықтың кімге қатысты екендігі, бабы, бөлімі толықтай
толтырылып, реттік нөмірі автоматты түрде тіркеледі.
Орындалуды бақылау (контроль исполнения) бағаны бойынша:
Істің келіп түскендегі тіркелген кіріс нөмірімен байланыстырамыз, кіріс
құжатының орындалуды бақылау бағаны бойынша шығыс құжатымен                
керісінше байланыстырамыз, лупа арқылы байланыстырылған кіріс құжатын ашып,
онда сот өндірісі (судопроизводство) бағанын ашып, оның ішінде тұлға нысаны
(форма на лицо) бойынша  орындау үшін  бағанын таңдағанда , онда № 0012011
іс бойынша сот орындаушысына карточка жіберуге сенімдісіз бе (ИӘ,ЖОҚ)
таңдау арқылы атқару парағын ашып, сақтаймыз. Шығыс құжатының деректемесіне
қайта оралып, сот актісінің орындалуына (Судебные акты на исполнение) белгі
қойып, сақтағанда атқару парағы шығады, онда әкімшілік істі басасың
(окейді) басып биылғы жыл, былтырғы жылды істің түскен жылына байланысты
таңдайсың, сонда әкімшілік құқық бұзушылардың аты-жөні жазылған тізім
шығады, одан құқық бұзушының аты-жөнін дәл тауып белгілейміз. Сканерлік
көшірмесін шығыс құжатына енгіземіз. Электронды түрде жіберілген орындау
құжаты бойынша 20-25 минут ішінде сот орындаушылар аумақтық бөлімі
тарапынан тіркелген күні, уақыты көрсетіледі.
Біздің мақсатымыз шығыс құжаттарын жөнелтуде нұсқаулық ережелеріне 
сүйене отырып, халыққа адал қызмет көрсету.

1.4 Құжаттардың атқарылуын бақылауды ұйымдастырып, құжаттарды кейінге
сақтау мен пайдалдануға дайындау

Тұрақты сақтаудағы істер мен жеке құрам бойынша істер тізімдемелері
құжаттар негіздерінің түрлеріне байланысты белгіленген форма бойынша
жасалады.
Тұрақты сақтаудағы істер мен жеке құрам бойынша істер тізімдемелеріне
титул бет, мазмұн, алғы сөз, қысқартылған сөздердің тізімі және жиынтық
жазба жасалады.
Титул бетке мемлекеттік мұрағаттың ресми атауы, мұрағаттық қор нөмірі
мен аты және ондағы өзгерістер; істер тізімдемесінің нөмірі мен аты,
енгізілген іс тақырыптарының уақыт аралықтары, тізімдеменің жасалған орны
мен жылы жазылады.
Алғы сөзде, істердің уақыт аралығы қамтитын кезеңдегі ұйымның құрылуы,
қайта ұйымдастырылуы (таратылуы), міндеттері, функциялары, құрылымы және
ондағы өзгерістері; істердің ақпараттық мазмұны, оларды қалыптастыру мен
жүйелеудің ерекшеліктері; сипатталған істердің физикалық жай-күйі мен
сақталу орны туралы мәліметтер тиісті нормативтік құқықтық актілерге,
өкімдік құжаттар мен мұрағаттық құжаттардың іздестіру деректеріне сілтеме
жасай отырып баяндалады.
Тұрақты сақтаудағы істер тізімдемесіне Ұлттық мұрағат қоры құрамына
жатқызылған істердің, соның ішінде республикалық, облыстық деңгейдегі,
республикалық маңызы бар қалалардағы, Қазақстан Республикасы астанасындағы
ұйымдар басшылары жеке істерінің, сондай-ақ ұйым істері номенклатурасында
"СТК" деген белгісі бар құжаттардың тақырыптары енгізіледі.
Тұрақты сақтаудағы істер тізімдемесінің тақырыптарын жүйелеу
хронологиялық-құрылымдық және номиналды-логикалық жіктеу белгілері бойынша
жүргізіледі: іс тақырыптары түзілген жылы бойынша, әр жыл ішінде -
құрылтайшылық құжаттармен белгіленген құрылымға сәйкес, ал әр құрылымдық
бөлімшенің өз ішінде - ұйымның іс номенклатурасында орналасқан ретіне қарай
топтастырылады.
Құрылымдық бөлімшелерге нақты бөлінбеген ұйымдарда тақырыптар
хронологиялық-функционалдық (хронологиялық-номиналды) жіктеу белгілері
бойынша жүйеленеді: тақырыптар істердің түзілген жылына байланысты, ал әр
жыл ішінде - олардың ұйым қызметіндегі мәніне орай (маңыздылығының кему
бағытына қарай) топтастырылады.
Жеке құрам бойынша істер тізімдемесіне ұйым басшысы бұйрықтарының
(өкімдерінің), қызметкерлер тізімдерінің, жеке құрамды есепке алу жөніндегі
карточкілердің, жеке іс қағаздарының, қызметкерлер дербес есепшоттарының,
жинақтау зейнетақы қорына міндетті зейнеткерлік жарнасын аударуға төлем
тапсырыстары мен жеке тұлғалар тізімдерінің, жеке еңбек шарттарының,
қызметкерлердің сұраусыз қалған түпнұсқа жеке құжаттарының, азаматтардың
құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға қатысты өндірісте және басқа
істерде болған сәтсіз оқиғалар туралы актілердің тақырыптары енгізіледі.
Жеке құрам бойынша істер тізімдемесіндегі тақырыптар хронологиялық,
құрылымдық (функционалдық) және номиналды жіктеу белгілері бойынша
жүйеленеді: іс тақырыптары ол істің ашылған (аяқталған) жылына қарай, әр
жыл ішінде - ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне (қызмет бағыттарына) сәйкес,
ал құрылымдық бөлімшелер ішінде - істің ұйым қызметіндегі мәніне орай
(маңыздылығының кему бағытына қарай) топтастырылады.
Жеке құрам мен жеке іс қағаздарын (көлемі жылына 20-дан жоғары болған
кезде) есепке алу карточкілері дербес істер тізімдемесіне енгізіледі.
Олардың тақырыптары істердің түзілуі аяқталған жылдарға сәйкес, ал жыл
ішінде - қызметкерлер фамилиясының әліпбилік реті бойынша топтастырылады.
Тұрақты сақтаудағы істер мен жеке құрам бойынша істер тізімдемелері 4
данадан жасалады, үш данасы мемлекеттік мұрағатқа беріледі де, бір данасы
ведомстволық мұрағатта қалады.
Құжаттарды сақтайтын негізгі құралдар тұрақты немесе жылжымалы металл
стеллаждар, отқа төзімді етіп өңделген ағаш стеллаждар болып табылады,
қосалқы құралдар - металл шкафтар мен сейфтер.
Сақтау құралдары терезелі қабырғаларға перпендикуляр орналастырылады.
Құжаттарды сақтайтын құралдарды ғимараттың сыртқы қабырғасына және жылу
көздеріне тақап орналастыруға рұқсат етілмейді.
Сақтау құралдарын орналастыру мынадай нормаларға сәйкес жүзеге
асырылады: олардың қатараралық қашықтығы - 120 см; сақтау құралдары
аралықтарының қашықтығы - 75 см; ғимараттың сыртқы қабырғасы мен оған
параллель қойылған сақтау құралдары аралық қашықтығы - 75 см; қабырға мен
сақтау құралы бүйірінің ара қашықтығы - 45 cм; еден мен сақтау құралының
төменгі сөресіне дейінгі аралық - 15 см.
Құжаттар сақтау құралдарының сөрелеріне стандартты мұрағат қораптарына,
электрондық негіздер - қынаптарға салынып жайғастырылады.
Сақтандыру қоры мен пайдалану қорының шағынфильмдері металл қораптарда
сақталады, стандартты раккордтары болады және фотоқабатты беті сыртқа
қаратылған күйінде орам етіп оралады.
Құжаттарды еденге, терезе алдына, басқыштарға немесе реттелмеген үймелер
арасына қоюға болмайды.
Сақтау құралдары дербес түрде мұрағатқа кірер есіктің сол жағынан оң
жағына қарай, ал сөрелері жоғарыдан төмен қарай нөмірленеді.
Құжаттарды сақтау жарық, температуралық-ылғалдылық және санитарлық-
гигиеналық режімдерді, соған сәйкес белгіленген нормативтік өлшемдерді
қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Мұрағат қоймаларына терезе көздеріне жалюздер, қорғаныш сүзгілер,
перделер немесе боялған әйнектер қолдану арқылы шашыраңқы жарық түсіруге
рұқсат етіледі.
Жасанды жарық үшін беті тегіс жабық плафондар ішінде жанатын лампалар
немесе жарық шұғыласы ультракүлгін түсті бөліктерге бөлінетін люминесцентті
лампалар қолданылады.
Электрондық негіздегі құжаттар жарық тікелей түспейтін жағдайда
сақталады және ауа құрамындағы қауіпті қоспалардан (күкіртті газдан,
күкіртті сутегінен, сынап буларынан, азот тотығынан, аммиактан) және
электромагниттік-ионизациялық (радиациялық) әсерлерден қосымша қорғалуы
тиіс.
Ауа тазартқыш жүйелермен жабдықталған мұрағат қоймаларында құжаттарды
сақтау үшін мынадай оңтайлы температуралық-ылғалдылық режімі белгіленеді:
1) қағаз негіздегі құжаттар үшін - температура +17 - +19о С, ауаның
салыстырмалы ылғалдылығы 50-55 пайыз;
2) ақ-қара үлдірдегі құжаттар үшін - температура +15о С, ауаның
салыстырмалы ылғалдылығы 40-55 пайыз;
3) түрлі түсті үлдірдегі құжаттар үшін - температура +2 - +5о С, ауаның
салыстырмалы ылғалдылығы 40-55 пайыз;
4) электрондық негіздегі құжаттар үшін - температура +15 +25о С, ауаның
салыстырмалы ылғалдылығы 40-60 пайыз.
Ауа райы реттелмейтін мұрағат қоймаларында ғимаратты тиімді тәсілдермен
жылыту, желдету және ауаны ылғалдату (құрғату) жүзеге асырылады.
Температуралық-ылғалдылық режімі ауа райы параметрлерін аптасына кем
дегенде екі рет бір мезгілде өлшеп отыру жолымен бақыланады. Аспаптар
көрсеткіштері тіркеу журналына жазылып отырады. Тіркеу журналының үлгісін
ведомстволық мұрағат анықтайды.
Температуралық-ылғалдылық режімдерін бақылау-өлшеу аспаптары
(термометрлер, психрометрлер, гигрометрлер) жылытқыш және желдеткіш
жүйелерден аулақ қойылады.
Мұрағат қоймасы зең, жәндіктер, кеміргіштер пайда болу, шаң жиналу
мүмкіндіктеріне жол бермейтін жағдайда ұсталады.

2. Атқару өндірісі

2.1 Мүлікті өндіріп алу

Сот тәртібі борышкер үшін оның өз құқықтарын қорғау мүмкіндігін береді.
Өйткені, қолданылып жүрген заңнамаларда егер сот тәртібі бойынша кепілдік
келісім-шарты заңды емес деп танылған жағдайда немесе кепілдік құнының
сәйкессіздігі және негізгі міндеттер айтарлықтай бұзылған жағдайда кепілдік
мүлікті өндіртіп алуға соттың бас тартуы мүмкін екендігі қарастырылған. Сот
тек көрсетілген жағдайда ғана кепілдік мүлікті өндіртіп алу өтінішінен бас
тартуға құқылы. Бас тарту үшін бұдан басқа негізді қолданылып жүрген
заңнамалар қарастырмайды. Бұдан басқа, кепілдік алушы азамат дәлелді
себептері болған жағдайда кепілдік мүлікті өндіртіп алу шешіміне бір жыл
мерзімге уақыт сұрап, сотқа өтініш жазуына болады. Сонымен бірге бұл
берілген мерзім борышкерді оның бережағын өтеу міндетінен босатпайтындығын
ескеру керек.
Дебиторлық берешекті өндіріп алу:
1) өндіріп алушының келісімі болған кезде - дебитордың дебиторлық
берешекті аумақтық органың ақшаның тиісті бақылау шотына немесе жеке сот
орындаушысының ағымдағы шотына енгізуі (аударуы) арқылы;
2) өндіріп алушының келісімі болмаған немесе дебитор дебиторлық
берешекті аумақтық органың ақшаның тиісті бақылау шотына немесе жеке сот
орындаушысының ағымдағы шотына енгізбеген (аудармаған) кезде - дебиторлық
берешекті сауда-саттықтарда сату арқылы жүргізіледі.
Дебиторлық берешек:
1) оны өндіріп алу үшін талап қою мерзімі өтіп кеткен;
2) дебитор Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарт жасаспаған
шетелдік мемлекетте тұратын;
3) дебитор таратылу процесінде тұрған;
4) дебитор заңды тұлға ретінде өз қызметін тоқтатқан және заңды
тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінен шығарып тасталған;
5) дебиторға қатысты банкроттық рәсімі енгізілген жағдайларда өндіріп
алынбайды.
Дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы сот орындаушысы қаулы шығарады,
онда ақша дебитордың аумақтық органың ақшаның тиісті бақылау шотына немесе
жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына енгізу (аудару) тәртібі
көрсетіледі. Аталған қаулы ол шығарылған күннің келесі күнінен
кешіктірілмей дебиторға және атқарушылық іс жүргізушілік тараптарына
жіберіледі.
Сот орындаушысы өз қаулысымен дебиторды қаулыда аталған ақша аумақтық
органың ақшаның тиісті бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының
ағымдағы шотына енгізу (аудару) арқылы тиісті міндеттемелерді орындауға
міндеттейді, сондай-ақ борышкерге дебиторлық берешек туындаған негіздерде
құқықтық қатынасты өзгертуге тыйым салады.
Дебитор дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы сот орындаушысының
қаулысын алған күннен бастап дебитордың тиісті міндеттемені орындауы
қаулыда аталған ақша аумақтық органың ақшаның тиісті бақылау шотына немесе
жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына енгізу (аудару) арқылы жүзеге
асырылады. Дебитордың міндеттемелерді мұндай орындауы кредиторға тиісті
орындау болып есептеледі. Борышкерге қатысты дебитордың құқығы бұл ретте
өзгермейді.

2.2 Борышқордың еңбек ақысын және басқа да кірістерін өндіріп алу

Дебитор сот орындаушысына және борышкерге ақша аумақтық органың ақшаның
тиісті бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына
енгізгені (аударғаны) туралы дереу хабарлауға міндетті.
Заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын жеке тұлғалардың дебиторлық берешегін айқындау үшін сот
орындаушысы заңды тұлғалардан және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын
тұлғалардан қажетті бухгалтерлік құжаттаманы талап етуге құқылы.
Сот орындаушысы борышкердің дебиторлық берешегі туралы салық органдарына
ақпарат алу үшін жүгінуге құқылы.
Салық органдары, заңды тұлғалар және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын тұлғалар сот орындаушысына үш күндік мерзімде қажетті
құжаттар мен ақпаратты табыс етуге міндетті.
Дебиторлық берешекті айқындауды маман жүргізеді. Маманның қызметіне
төленетін шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау кезіндегі шығыстарға
қосылады.
Ақшалай талаптар, тіпті егер атқарушылық іс жүргізудегі борышкер және
азаматтық-құқықтық міндеттемелеріне байланысты (борышкердің дебиторы) оған
ақшалай қаражатты төлеуге міндетті адам арасында бұл талаптарға тыйым салу
немесе шектеу туралы келісім болатын болса да, өндіріп алынуы мүмкін.
Ақшалай талаптарға тыйым салу кезінде сот орындаушысы борышкердің
дебиторына және борышкерге тыйым салу туралы хабарлайды және борышкердің
дебиторына борышкерге төлеуге, ал борышкерге - талаптарға билік етуге және
оның кепілзат ақшасын қамтамасыз ететін, сондай-ақ, егер осы заңда өзгеше
белгіленбесе, талаптар бойынша төлем қабылдауға тыйым салады.
Борышкер дебиторы оған сот орындаушысы жіберетін тыйым салу туралы
актіні алған кезден бастап, тыйым салынған болып танылады.
Егер міндеттемелерді орындау үшін төлем үшінші тұлғаға жүктелсе, онда
тыйым салу туралы акті осы тұлғаға да жіберіледі.
Борышкер дебиторы сот орындаушысының тыйым салу және борышкерге төлеуге
тыйым салу туралы актісін алған кезден бастап, тыйым салынған болып
есептеледі.
Сот орындаушысы өндіріп алушының және борышкердің келісімімен
борышкердің дебиторын өндіріп алушының алдындағы міндеттемелерді атқару
құжатында аталған сома шегінде орындауға міндеттеуге құқылы. Бұл ретте
ендіріп алушыға борышкердің аталған шектерде борышкер дебиторының алдында
болған құқықтары ауысады.
Сот орындаушысы өндіріп алушының талап етуі бойынша немесе өзінің
бастамасы бойынша қаулыда ақшалай талаптарға тыйым салынған кезде
борышкердің дебиторына тыйым салынған талаптардың сипаты мен мазмұнына
байланысты ақпарат беруді ұсына алады.
Борышкердің дебиторы сот орындаушысына қаулыны алған кезден бастап үш
күн ішінде жазбаша жауап беруге міндетті. Борышкердің дебиторының ақпарат
беру жөніндегі шығыстарын борышкер өтейді.
Борышкердің дебиторы өндірушінің алдында ақпарат беруден бас тарту,
көрінеу дұрыс емес немесе толық емес ақпарат беруі салдарынан оған
келтірілген залал үшін жауап береді. Борышкер дебиторының жауапкершілікте
болуы туралы тыйым салу туралы немесе ақпаратты сұрату туралы қаулыда
ескертіледі. Сот орындаушысы борышкердің дебиторынан алынған ақпарат туралы
өндіріп алушыға хабарлауға міндетті. Сот орындаушысы алынған ақпаратты
ескере отырып, борышкердің дебиторына тыйым салынған талаптар бойынша төлеу
туралы қаулыны жібереді.
Төлеу туралы қаулыға сәйкес төлеген борышкердің дебиторы міндеттемесін
тиісті түрде орындаған болып есептеледі.
Егер борышкердің дебиторының міндеттемелерді орындауына оған заттарды
беру себепші болса, ал заттар борышкерде болатын болса, онда ол сот
орындаушысы мен ендіріп алушының талап етуі бойынша затты борышкердің
дебиторына беру үшін оны беруге міндетті.
Өндіріп алушы, егер борышкердің затты борышкер дебиторының
міндеттемелерін орындауына айырбасқа беру міндеті болуын растайтын сот
шешімі болса не егер мұндай міндеттің болуын мүдделі тұлғалар дәлелдеген
болса, борышкерден бұл заттарды алып қою туралы талаппен сотқа жүгінуге
құқылы. Өндіріп алушының немесе уәкілетті адамның талаптарын қанағаттандыру
туралы мәселені борышкердің қатысуымен сот шешеді.
Мерзімді төлемдерді өндіріп алу туралы шешімдерді орындау кезінде,
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген
айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспайтын соманы өндіріп
алу кезінде, сондай-ақ басқа да өндіріп алулар бойынша өндіріп алынатын
соманы толық өтеу үшін борышкердің мүлкі болмаған немесе мүлкі жеткіліксіз
болған жағдайда борышкердің жалақысы мен өзге де табыс түрлерінен өндіріліп
алынады.
Борышкердің жалақысынан және өзге де табыс түрлерінен өндіріп алынған
кезде сот орындаушысы осы Заңның талаптарын ескере отырып қаулы шығарады,
онда берілген сома толық өндіріп алынғанға дейін ай сайын қандай мөлшерде
ақша ұсталуға тиіс екендігі көрсетіледі және оны орындау үшін борышкер
еңбек қатынастарында тұрған немесе сыйақы алатын жұмыс берушіге жеке сот
орындаушысының не аумақтық бөлімнің мөрімен расталған атқару құжатының
көшірмесімен бірге жібереді.
Сот орындаушысы борышкердің жалақысынан және басқа да табыстарынан
ақшаның дұрыс және уақтылы ұсталуына, сондай-ақ ұсталған соманың өндіріп
алушыға уақытында жіберілуіне ұдайы бақылау жасап отыруды жүзеге асыруға
міндетті.
Борышкер жұмыстан босатылған жағдайда онымен еңбек қатынастарында
тұрған жұмыс беруші бұл жөнінде сот орындаушысына үш күндік мерзімде
хабарлама жіберуге міндетті.
Тұрғылықты жері өзгерген жағдайда борышкер сот орындаушысына өзінің жаңа
мекен-жайын хабарлауға міндетті.
Ұсталып қалу мөлшері - борышкердің алуына тиесілі жалақы (табыс)
сомасынан есептеледі.
Бір немесе бірнеше атқару құжаттары бойынша борышкердің жалақысынан
немесе табысының өзге де түрлерінен өндіріліп алынған жағдайда борышкер
жалақысының немесе өзге де табысының кемінде елу проценті сақталуға тиіс.
Түзеу жұмыстарын өтеп жүрген адамдардан атқару құжаттары бойынша өндіріп
алу соттың үкімі немесе қаулысы бойынша жүргізілген ұстап қалу сомасы
есепке алынбай, жалақының толық сомасынан жүргізілуге тиіс.
Денсаулық сақтайтын емдеу-профилактикалық мекемелерде емделіп жатқан,
маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардан
өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Сотталушы негізгі жаза түрінде тағайындалған айыппұл төлеуден қасақана
жалтарса, сот орындаушысы үкім шығарған сотқа Қазақстан Республикасының
қылмыстық заңнамасына сәйкес төленбеген айыппұл сомасын басқа жазаға
ауыстыру туралы ұсыныс жіберуге құқылы.
Еңбекке уақытша жарамсыздығы кезінде төленетін әлеуметтік сақтандыру
жөніндегі жәрдемақыдан, баланы күтуіне байланысты ішінара ақы төленетін
демалыс кезеңінде әйелге берілетін жәрдемақыдан, сондай-ақ оқушылардың
стипендиялары мен жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыдан өндіріп алу соттың,
алимент төлету туралы және мертіктірумен немесе денсаулығын өзгедей
зақымдаумен, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды
өтеу туралы шешімі бойынша ғана жүргізілуі мүмкін.
Мыналардан:
1) мертіктірумен немесе денсаулығын өзгедей зақымдаумен, сондай-ақ
асыраушысының қайтыс болуы салдарынан келтірілген залалды өтеу үшін
борышкер алған сомалардан;
2) асыраушысынан айрылуына байланысты балаларға берілетін жәрдемақы
түрінде борышкер алатын сомалардан;
3) мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы түрінде борышкер алатын
сомалардан;
4) адамдарға қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде мертіккен
(жарақаттанған, зақымданған, контузия алған) кезде оларға төленетін және
олардың қаза табуына (қайтыс болуына) байланысты отбасы мүшелеріне
төленетін сақтандыру сомалары мен бір жолғы жәрдемақыдан;
5) бала тууға байланысты, көп балалы және жалғыз басты аналарға,
кәмелетке толмаған балалардың ата-анасын іздеу кезеңінде оларды асырауға,
зейнеткерлер мен 1-топтағы мүгедектерді күтіп-бағуға төленетін
жәрдемақыдан;
6) жәбірленушілердің қосымша тағамына, санаториялық-курорттық емдеу мен
протездеуге және мертіктірумен не денсаулығын өзгедей зақымдаумен залал
келтірілген жағдайларда оларды күтіп-бағу жөніндегі шығыстарға төленетін
сомалардан;
7) зиянды немесе қысылтаяң жағдайлардағы жұмысқа төленетін
өтемақылардан, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлардың зардаптарын жою кезінде экологиялық апаттан немесе радиациялық
әсерден зардап шеккен азаматтарға төленетін ақша сомасынан;
8) төлем көзіне қарамастан, бір жолғы сипаттағы материалдық көмектен;
9) жерлеуге берілген жәрдемақыдан;
10) арнайы мемлекеттік жәрдемақылардан өндіріп алуға болмайды.
Мүліктен өндіріп алу туралы сот орындаушысы қаулы шығарады.
Алименттер жөніндегі берешек мөлшерін сот орындаушысы өндіріп алушының
қалауы бойынша борышкердің өндіріп алу жүргізілмеген уақыт ішінде алған не
оның берешекті анықтау кезіне қарай алған нақты жалақысын (табысын) негізге
ала отырып шешім орындалатын жерде белгілейді.
Егер борышкер бұл кезеңде жұмыс істемеген немесе оның табысын және өзге
де кірісін растайтын құжаттар ұсынбаған жағдайда, алимент бойынша берешек
берешекті өндіріп алу кезіндегі тұрған өңірдің (облыстың, астананың немесе
республикалық маңызы бар қаланың) орташа айлық жалақы мөлшерін негізге ала
отырып айқындалады.

2.3 Алиментті және басқа да істер бойынша өндіріп алу туралы істер
жөніндегі шешімнің атқарылуы

Алиментті сот арқылы өндіру алиментке құқық пайда болған уақытқа
байланысты болмауы мүмкін. Алайда, бұл алименттің алушыда оны талап етуге
құқық пайда болғанда төленеді деген сөз емес. Бұл төлеушіні қиын жағдайға
қалдырар еді: Бұл тіпті мүмкін емес – өйткені, төлеуші алимент туралы
талаптың уақытында берілмегеніне кінәлі емес. Осы себептерге байланысты
алимент тек өндірушінің сотқа шағымданған уақытынан, яғни, алдағы уақытқа
ғана есептеледі.
Екіншіден, басқа жағынан алып қарасақ, егер сотқа арыз беруден бұрын
асырап-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бiрақ алименттi төлеуге
мiндеттi адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын сот
анықтаса, сотқа өтiнiш жасалған кезден бастап үш жыл мерзiм шегiнде өткен
кезеңге алимент өндiрiп алынуы мүмкiн (НжОЗ 150-бап, 2-т.).
Жалпы ережеге сәйкес, НжОЗ 158-б., 1-т., алименттi басқа қарсы
талаптармен есептеуге болмайды. Бұл норма алимент алушының мүддесін қорғау
үшін бағытталған. Бірақ, бұл ереженің мұндай бағыты болашақта төленетін
алиментке қатысты қолданылады. Алимент бойынша қарыздарға, сондай-ақ, өткен
уақытқа төленетін алименттерге (қарыз ретінде қарастыруға болатын )
есептелмеуі алушының мүддесіне қайшы келеді және іс жүзіндегі мағынасынан
айырылған. Сондықтан, НжОЗ 158-бабы 1-т. қарсы талаптарға тосқауылды тек
болашақтағы алименттерге жатқызу арқылы шектеулі түсіндіру керек.
 Соынмен бірге, заң алиментке құқық берген жаңдайлар да сақталуы
керек. Сонымен, сот арқылы кәмелеттік жасқа толмаған балаға алиментті талап
ету, жалпы ережеге сәйкес, бала 18 жасқа толып кеткеннен кейін мәнін
жоғалтады.
Өкінішке орай, сот шешімі тек заң күшінен енгеннен кейін барып
толыққанды болып есептеледі, қажетті процессуалдық анықтауыштарға ие
болады. Жалпы ережеге сәйкес, сол кезден бастап қана алимент төлеу
жөніндегі шешім төлеуші үшін құқықты міндет болып табылады. Бірақ сот
тартыстары көптеген айларға, тіпті, жалдарға созылып кетуі мүмкін. Ал,
алимент көбіне оны алушы үшін негізгі күнкөріс көзі болып табылады, оның
процестің соңын күтуге шамасы болмайды. Бұл қайшылықты қалай шешуге болады?
НжОЗ 152-бабы сотқа сот шешімі заңдық күшіне енгенше уақытша алимент төлеу
туралы қаулы шығаруға құқық береді (бірақ, мұндай шешімнің формальды түрде
шығарылған соң). Оның үстіне, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты
алименттік талаптар бойынша уақытша алимент тіпті сот шешімі шыққанша,
сонымен бірге, сотқа арыз түскен кезден бастап төленуі мүмкін.
Алимент бойынша сот шешімін орындау тәртібі сырттай қарағанда
қарапайым. Алимент төлеуге мiндеттi адамның жұмыс орны бойынша ұйымның
әкiмшiлiгi атқару парағының негiзiнде алимент төлеуге мiндеттi адамның
жалақысынан және өзге де кiрiсiнен ай сайын алимент ұстап қалады және оны
үш күн мерзiмнен кешiктiрмей төлейді немесе аударады (НжОЗ 151-бап).  
Алимент ұсталатын кірістерге барлық үстемелер мен сыйақыларды
қосқандағы негізгі жұмысы бойынша еңбекақы (бірмезгілдегі үстеме мен
сыйақылардан басқа); сонымен қатар; зейнетақылар, шәкіртақылар;
жұмыссыздыққа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және уақытша жұмысқа
жарамсыздыққа байланысты жәрдемақылар, акцияжәне басқа да құнды қағаздар
бойынша дивиденттер (кірістер); авторлық қаламақылар, фермерлік және басқа
да кәсіпкерлік қызметтен түскен және басқа да кірістер жатады.
Неке заңнамасы алимент төлеудің кепілдік қатарын қарастырады. Оларға,
жекелей алғанда, жұмыс берушінің сот орындаушы мен алимент алушыға алимент
төлеушінің жұмыс орнының өзгергенін хабарлау міндеті жатады (НжОЗ 153-бап).
НжОЗ 154-бабына сәйкес, алимент төлеуге міндетті тұлғаның мүлкінен
өндіру тиімді болып табылады. Алимент төлеу туралы келiсiммен немесе сот
шешiмiмен белгiленген мөлшерде алимент, сондай-ақ алимент бойынша берешек
алимент төлеуге мiндеттi адамның табысынан және өзге де кiрiсiнен өндiрiп
алынады, табысы және өзгеде кiрiсi жеткiлiксiз болған жағдайда алимент сол
алимент төлеуге мiндеттi адамның банктердегi шотындағы немесе банктiк емес
қаржы мекемелерiндегi ақша қаражатынан ұсталады. Бұл қаражат жеткiлiксiз
болған жағдайда ол алимент төлеуге мiндеттi адамның заң бойынша өндiрiп
алуға болатын кез келген мүлкiнен өндiрiлiп алынады (азаматтық-
процессуалдық заңнамада белгіленген тәртіп бойынша).
Алимент төлеу туралы келiсiм бойынша алимент төлеуге мiндеттi адамның
кiнәсiнен берешек пайда болған жағдайда кiнәлi адам сол келiсiмде көзделген
тәртiппен жауапты болатынына назар аударыңыз. Оның көлемі НжОЗ 157-бабында
белгіленген, ол алимент алушыға кешiктiрген әр күнi үшiн төленбеген алимент
сомасының оннан бiр процентi мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлейдi. 
Бұған қосатынымыз,  өткен уақытқа алимент өндіруден алимент бойынша
берешекті айыру керек екенін ескертеміз.
Соңғысы алименттік міндеттемелер қаралғаннан кейін, оның белгілі бір
себептермен дұрыс жүзеге аспағанынан кейін жүргізіледі. Жалпы ережеге
сәйкес, алимент төлеу жөнiндегi келiсiм негiзiнде немесе атқару парағының
негiзiнде өткен кезең үшiн алимент өндiрiп алу атқару парағы немесе
нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келiсiм табыс етiлгеннен бұрынғы
үш жыл мерзiм шегiнде жүргiзiледi (НжОЗ, 155-бап, 1-т.). Егер берешек
төлеушінің өзінің кінәсінен пайда болса, оның өтемі берешектің барлық
уақытына толық көлемде өндіріледі.
Берешектің көлемін сот шешімі бекіткен алимент көлеміне байланысты сот
орындаушы тағайындайды. Кәмелеттік жасқа толмаған балалар үшін төленетін
алимент көлемін анықтау қиындық туғызады, өйткені, төлеуші-ата-ананың
еңбекақысы немесе кірісінің үлесінен көрінеді (НжОЗ 125-бабына сәйкес).
Берешек пайда болған уақытта бұл еңбекақы (кіріс) өзгеруі мүмкін
екеніне назар аударыңыз. Сондықтан, процедураны жеңілдету үшін, НЖОЗ 155-
бабы, 4-тармағында, егер алимент төлеуге мiндеттi адам осы кезеңде жұмыс
iстемеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері
Қазақстан Республикасында судьялар сотын құру перспективаларын қарастыру
ҚР-ның сот жүйесі
Қaзaқстaн Республикaсындaғы сот реформaсы:теңденциялaры және aлғышaрттaры
Иліктің бөліну теориясындағы сот билігі түсінігі, мазмұны, функциясы
Судьялардың мәртебесі
Қазақстан Республикасының сот жүйесі
Қазақстан Республикасындағы сот реформаларын талдау
АҚШ - тың сот жүйесі
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің ұйымдық - құқықтық қағидалары жəне оларды жүзеге асырудағы мəселелері
Пәндер