Сұрыптаудың негізгі әдістері



1.Селекция (сұрыптау) ғылымы
2.Сұрыптаудың тиімділігіне әсер ететін факторлар
3.Сұрыптаудың негізгі түрлері
1.Селекция жануарлардың асыл тұқымын, өсімдіктердің сорттарын, микроорганизмдердің штампыларын шығарудың, жаңартудың әдістерін және биологиялық негізін зерттейтін ғылым. "Селекция" — сұрыптау деген мағынаны білдіреді. Генетика селекцияның ғылыми негізі болып есептелінеді. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары барлық организмге тән қасиет. Жануарлардың, өсімдіктердің жаңа тұқымы мен сорттарын шығаруда осы заңдылықтарды білудің маңызы зор. Себебі, ол тұқым қуалайтын өзгергіштікке негізделген. H.И.Вавилов селекцияның теориялық негізін қалады.
1.Жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің тұқымдық, сорттық, түрлік және туыстық ерекшеліктерін зерттеуді көрсетті.
2.Тұқым қуалайтын өзгергіштік белгілер мен қасиеттердің дамуына сыртқы орта факторларының әсер ететіндігін анықтады.
3.Организмдердің пайдалы белгілері мен қасиеттерінің тұрақтандырылуына жағдай жасайтын қолдан сұрыптау жүйесін жасады.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы:Сұрыптаудың негізгі әдістері

Орындаған:Камзанова А.Е
Топ:ТК-223
Тексерген:Бауыржанова А.З

Семей қаласы 2015
Жоспар:
1.Селекция (сұрыптау) ғылымы
2.Сұрыптаудың тиімділігіне әсер ететін факторлар
3.Сұрыптаудың негізгі түрлері

1.Селекция жануарлардың асыл тұқымын, өсімдіктердің сорттарын, микроорганизмдердің штампыларын шығарудың, жаңартудың әдістерін және биологиялық негізін зерттейтін ғылым. "Селекция" -- сұрыптау деген мағынаны білдіреді. Генетика селекцияның ғылыми негізі болып есептелінеді. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары барлық организмге тән қасиет. Жануарлардың, өсімдіктердің жаңа тұқымы мен сорттарын шығаруда осы заңдылықтарды білудің маңызы зор. Себебі, ол тұқым қуалайтын өзгергіштікке негізделген. H.И.Вавилов селекцияның теориялық негізін қалады.
1.Жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің тұқымдық, сорттық, түрлік және туыстық ерекшеліктерін зерттеуді көрсетті.
2.Тұқым қуалайтын өзгергіштік белгілер мен қасиеттердің дамуына сыртқы орта факторларының әсер ететіндігін анықтады.
3.Организмдердің пайдалы белгілері мен қасиеттерінің тұрақтандырылуына жағдай жасайтын қолдан сұрыптау жүйесін жасады.
Селекцияның мақсаты мен міндеті -- адам баласына қажетті мол өнім беретін, суыққа, ауруға төзімді өсімдік сорттарын, мал тұқымдарын және микроорганизмдердің штампыларын қысқа мерзімде шығару және жақсарту.
2. Іріктеудің нәтижесіне малдың түрі және селекциялық белгісінен басқа әсер ететін факторлар бар: сыртқы орта әсері, табындағы малдың саны, тұқым бергіштігі және тұқымның тез ауысуы,оның өзгергіштігі мен белсенділігінің жайы.Сыртқы орта жағдайы. Сұрыптау жұмысы сыртқы ортамен тікелей байланысты. Сондықтан да малды сұрыптау кезінде тек қана шаруашылыққа пайдалы белгілерді есепке алып қоймай, оларды қайда қолдануды жоспарлаған жерге, олардың қалыптасу қабілетін ескерген жөн. Малды өсіріп, көбейтуге арналған аймақтағы жағдайды оқып үйрену, әсіресе олардың орнын ауыстырғанда,олардың жақсы өнім беруіне жағдайлар жасауға бағыт береді. Егер 2 сиырдың 305 күнгі 3000 кг сауын сүті көрсеткіштерін салыстырсақ, азықтануына байланысты біреуінің көрсеткіші жоғары, екіншісінікі жеткіліксіз азықтанғандықтан төмен болуы мүмкін. Бұдан қорытынды шығаруға болады: малды іріктеп алу, олардың күтілу жағдайы мен азықтануы болғанда дұрыс болады. Бұдан малдың күтілу жағдайы мен азықтануы белгілердің өзгеруіне көлемді әсер ететінін, әсіресе паратипті факторлар жағайындағы белгілер санының жоғары реакция межесі кезінде байқалатынын көреміз. Мұның өзі малды азықтандыру деңгейі мен жағдайының паратипті факторлар жиынына қомақты әсері барын айтады.
Азықтандыру жағдайын төмендеткенде белгілердің өзгеруі төмендейді, ал жақсартқанда кеңейеді. Бұл кезде өнім беру көрсеткіштері айқын ажыратылады, малдың жақсылары, орташалары мен жамандары бір-бірінен үлкен дәрежеде өзгерісте болады, бұның өзі іріктеу нәтижесін жүргізуге ыңғайлы. Бұдан қорытынды: қалыпты және жеткіліксіз азықтандырылу кезіндегі іріктеу қателікке соқтыруы мүмкін, малдың беретін өнімі жоғары болса, ол соншалықты қажетті сыртқы орта жағдайын талап етеді. Малдың бағалылығы жөніндегі қорытынды пікір, малдың әрі қарай қайда тұруына байланысты жағдайында болады. Тұқымдағы және табындағы малдардың саны. Малдың саны көп болса, соғұрлым олардың тараған аудандары да кең болады. Белгілі-бір көлемді мөлшердегі санда және кең ареалдағы малдар тобы әр түрлі табиғат және шаруашылық жағдайына қалыптасқан болады. Олар көптеген бағытта әр түрлі тұқым бере отыра, өсіп өнеді. Табынның орташа деңгейімен алғанда, олардың берген тұқымдары арасынан өзінің көрсеткіштері бойынша қажетті жаққа максималды ауытқуларының көп болуының мүмкіндігін көреміз. Сондықтан да, малдың тұқымы арасында жүргізілген іріктеуге, малдың сандарының іріктеу нәтижесін жоғарлатуға үлкен маңызы барын көреміз. Аз мал тобының генетикалық потенциалы әртүрлі бағытқа жеделдетіп қайта құруда шектелген, олардың тұқым қуалауы орнықты, жемісін беретін жұмыстарға алуға келмейді.
Ұрпақ ауысуының жылдамдығы және тұқым бергіштік. Жасанды және табиғи сұрыптаулар тезірек болады, ал барлық топтың (табын мен тұқымдардың) сұрыптау кезіндегі бағыты айтарлықтай болады, егер де малдар жоғары тұқым бергіштігімен ерекшеленсе, яғни жастай тұқым беру нәтижесінде малдың ұрпақ ауысуы жеделдеп, малдарды іріктеу нәтижесі жоғарлайды. Бұл жерде өнімділігі төмен жануарлар өндіріске жіберлімейді.
Өзгергіштік жағдайы және оның жеделдетілуі. Табын мен тұқымдағы өзгергіштік көп болса, соғұрлым оларда генетикалық келісілген өзгергіштердің тиесілісі жоғары болады (сұрыптау кезіндегі белгілердің тұқымға берілуі жоғары), сондықтан да сұрыптау нәтижелі болады. Кейбір белгілердің өзгеру деңгейі адам еңбегіне көп байланысты. Бұл үшін бұрыннан сұрыптау жүріп келе жатқан белгілер көп мөлшерде өзгереді. Сүт бағытындағы ірі қарада сауын сүттің көлемі өзгергіш (С= 18 -25 және аз мөлшерде сүттің майлылығы (5-12%), яғни бұл белгіге кештеу көңіл аударғандықтан; сүттің құрамындағы белок (4-8 аз емес мөлшерде өзгеруінен, малдарды осы көрсеткіш бойынша іріктеу өте жақында ғана қолға алынды. Белгілер саны. Сұрыптау кезінде малдарға баға беру үшін белгілер санының маңызы өте зор. Сұрыптау кезінде белгілер саны көп болса, көздеген қорытындыға жетуді жылдамдатқанда соғұрлым аз нәтиже береді. Неғұрлым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұрыптау есептері, қою арқылы сұрыптау
Ауыстыру арқылы сұрыптау
Сұрыптау әдіс тәсілдері
Егістік жұмыстардың технологиясы себу, күтіп-баптау, сұрыптау, жинау және есептеу
Сұрыптау есептері. қою арқылы сұраптау
Селекцияның негізгі әдістері: сұрыптау, будандастыру және мутациялық селекция
Малды сұрыптау және жұп таңдау
Сұрыптау әдістері
Биотехнология ғылымы
Ауыл шаруашылығы малдарын сұрыптау және жұптау қағидалары мен әдістері
Пәндер