Шөлмектерге қоймалжың-сұйық өнiмдердi құйып жабатын автоматтар



I. Кіріспе
1.1.Қоймалжың сұйық өнімдері
II.Негізгі бөлім
2.1. М6.ОР2Б автоматы
2.2. Автоматтың жұмыс iстеу принципi
III.Қорытынды
3.1.Қолданылған әдебиеттер
Қазақстанға сүт өнімдерінің 40%-ы сырттан: Қытайдан, Ресейден және Қырғыз Республикасынан тасымалданады. Аталған елдер бізге жақын орналасқандыктан, ішкі нарықтағы импорттың бағасы да онша қымбат емес. Мұндай жағдайда отандық шағын сүт өндірушілердің олармен, әсіресе, құн жағынан бәсекеге түсуі қиын соғары анық. Соңғы кездері отандық сүт өндірушілер ауыл шаруашылығы министрлігіне "сүт сусыны" деген термин енгізуді сұрап жүр. Бұл құрғақ ұнтақтан жасалған сүтке қатысты нәрсе. Көбіне, импорттық тауарлардың құрғақ сүттен өндірілетінін ескерсек, оның құнарлылық жағына да күмән көп. Әрі Қытай сүтінен меламин шыкқандығын, оның адам ағзасына қауіпті екенін жапатармағай жариялап жататын баспасөз беттеріндегі бұл ақпарат та көпті алаңдатпай қоймайды. Әрине, бұл мәселені өзімізде осы өндірісті дамыту арқылы ғана шеше аламыз. .Сондықтан сүт өндірісін дамыту - өзекті мәселенің бірі.
1. Әлімжанова Л.В.Сүт өнімі. Оқулық.-Астана, 1998. -175 бет.
2. Барақбаев Б. Сүтжәнесүттағамдары.- Алматы: Қайнар, 1989.- 168 бет.
3. Елеуов Б., Жамалов Б., Мендебаев Х., Нурушев М. Сағындықов Қ. Зоотехниктіңанықтамалығы. Алматы, «Қайнар», 1970ж. 242 б.
4. Ивашура А.И. Сүттіршіліктірегі. Алматы, «Қайнар», 1979ж. 115б.

Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Шөлмектерге қоймалжың-сұйық өнiмдердi құйып жабатын
автоматтар

Орындаған:Абылай М.С.
Тобы:ТО-207
Тексерген: Қасенов А.Л.

Семей - 2015ж.
Жоспар:

I. Кіріспе
1.1.Қоймалжың сұйық өнімдері
II.Негізгі бөлім
2.1. М6-ОР2Б автоматы
2.2. Автоматтың жұмыс iстеу принципi
III.Қорытынды
3.1.Қолданылған әдебиеттер

Қазақстанға сүт өнімдерінің 40%-ы сырттан: Қытайдан, Ресейден және Қырғыз Республикасынан тасымалданады. Аталған елдер бізге жақын орналасқандыктан, ішкі нарықтағы импорттың бағасы да онша қымбат емес. Мұндай жағдайда отандық шағын сүт өндірушілердің олармен, әсіресе, құн жағынан бәсекеге түсуі қиын соғары анық. Соңғы кездері отандық сүт өндірушілер ауыл шаруашылығы министрлігіне "сүт сусыны" деген термин енгізуді сұрап жүр. Бұл құрғақ ұнтақтан жасалған сүтке қатысты нәрсе. Көбіне, импорттық тауарлардың құрғақ сүттен өндірілетінін ескерсек, оның құнарлылық жағына да күмән көп. Әрі Қытай сүтінен меламин шыкқандығын, оның адам ағзасына қауіпті екенін жапатармағай жариялап жататын баспасөз беттеріндегі бұл ақпарат та көпті алаңдатпай қоймайды. Әрине, бұл мәселені өзімізде осы өндірісті дамыту арқылы ғана шеше аламыз. .Сондықтан сүт өндірісін дамыту - өзекті мәселенің бірі.
М6-ОР2Б автоматы қаймақты 200г мөлшермен өлшемдеп шөлмектерге (типi Х111) құйып, альюминий түстес фольга қағаз қалпақшамен шөлмектiң бетiн тығындауға арналған. Бұл циклдi немесе үзiлiстi-ағынды жұмыс iстейтiн каруселдi дөнгелек столы бар автомат. Автоматтың ерекшелiгi: ондағы жұмыс атқаратын органдармен байланыстыратын звено, бағыттаушы дискiсi бар автомат столы болып табылады.

Столда 10 ұяшық, бiрқалыпты ара қашықтықта шеңберлiк түрде орналасқан. Шөлмектердi беруге және толтырылған шөлмектердi тығындау үшiн диск тоқтап айналатын қозғалыс жасайды.
Мөлшерлеу түрi көлемдiк, ал мөлшерлеу дәлдiгi 1...2.
Автомат И2-ОРА-6 құрал жабдық желiсiнiң құрамына кiредi, мұнда қаймақты басқа да қоймалжың өнiмдердi, мысалға ''Здоровье'' деген сүттi-белокты пастаны өлшеп орауға (буып түюге) болады.
И2-ОРА-6 желiсiне сонымен қатар шөлмек жуғыш, этикетка жапсырғыш машиналар кiредi.
Автоматты орындалатын технологиялық операциялар:
- таза шөлмектердi мөлшерлегiшке беру;
- мөлшерлегiштi қаймақпен толтыру;
- альюминий түстес фольганың орамын тарқату;
- қалпақша қию (вырубка калпачка);
- шөлмектердiң қақпағын тығындау;
- тығындалған шөлмектердi автоматтан әкету.
Автомат қаймақты мөлшерлегiшке беретiн құбырдан немесе сыйымдылығы 65 л бункермен жабдықталған.
Автомат құрылғылары (38-сурет):
- тасымалдағыш 8 (бөлек қойылған);
- көлемдiк типтi қосарланған поршеньдi мөлшерлегiш 6;
- қалпақшалардың пiшiнiн келтiретiн және шөлмекке кигiзетiн механизм 5;
- циклды айналмалы қозғалыс жасайтын стол 7;
- тығындағыш қалпақша 3;
- мөлшерлегiштi қосатын механизм;
- жетек 4;
- фольга орамын ұстайтын механизм 1;
- қалдықтарды ұстайтын механизм 2.

Автоматтың жұмыс iстеу принципi
Жұмыс iстеу принципiн функционалды-технологиялық сұлбасы бойынша оңай оқып танысуға болады.
Шөлмектер жуғыш машинадан, тасмалдағыш 23 арқылы столдың тiреуiне дейiн берiледi.
Сол жерден 2 данадан бағыттаушы дисктың столына 31 қармап қамтиды.
Тасымалдағыш төсемдi шынжырмен, кергiш құрылғымен жабдықталған.
Тасымалдағыш қозғалысқа автоматтың механизмi (жұлдызша 28) арқылы келедi.
Шөлмектер столдың бағыттаушы дискiның көмегiмен үлестiргiш краны бар, қайтымды-iлгермелi қозғалыс жасайтын, қосарланған поршень типтi мөлшерлегiш 20 астына берiледi.
Мөлшерлегiш поршенiнiң бос жүрiсiнде бункерден немесе құбыр арқылы үлестiргiш кранның тесiгi арқылы столға керi қарай қаймақты мөлшерлеп мөлшерлегiш цилиндрiне сорады. Цилиндрлер қаймаққа толғаннан кейiн, үлестiргiш кран бұрылып, цилиндрлер өнiмдi шығару түтiкшесiмен қосылады. Осы кезде бункерден құбыр арқылы қаймақ берiлетiн тесiк жабылады.
Мөлшерлегiш поршенiнiң жұмысшы жүрiсiнде қаймақ шөлмектерге күшпен берiледi. Осыдан кейiн поршендер тоқтап, үлестiргiш бастапқы жағдайына барады, барлық жүрген цикл қайтадан қайталанып отырады.
Фольга орамын тарқату механизмiнiң 11 көмегiмен тарқатылады. Одан әрi фольга бағыттаушы роликтер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тамақ өнімдерін құйып жабатын және буып-түйетін машиналар мен автоматтар
Сүтті залалсыздандыруға арналған инфузионды булы түйіспелі қондырғылар
Айранның дайындалу технологиясы
Пластик шөлмек
Ұшаны алғашқы өңдеу процестері
Шөлмектерге қаймақ құйып жабатын автоматтың технологиясының есептелуі
Қымыздың биохимиялық қасиеттерін зерттеу
Сүт өнімдерін өңдеу машиналары мен аппараттары
Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау жайлы
Кизельгурдық фильтр арқылы, шараптың бағытын жобалап алу
Пәндер