Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Нарықтық экономика жағдайындағы шаруашылық механизмді жетілдіру
2. Нарықтың мәні және атқару механизмі
3. Нарықтық инфрақұрылым
Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Нарықтық экономика тауар-ақша қатынастарының ең жоғарғы даму сатысы ретінде. Нарықтың мәні, қызметтері. Нарықтың артықшылықтары және кемшіліктері. Нарықтық экономиканың ұстанымдары: маржиналдық талдау, баламалы таңдау шығындары, экономикалық ұтымдылық. Нарықтық механизм элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке.
Нарықтың күрделі экономикалық жүйе ретінде өзіндік құрылымы бар. Нарықтың құрылымы бұл нарықтың жекелеген элементтерінің ішкі құрылымы. Нарықтың құрылымы әр түрлі белгілері бойынша көптеген түрлерге бөлінеді. Қазіргі кезде нарық дамыған инфрақұрылымсыз, яғни қосалқы, көмекші салалар мен ұйымдарсыз орын алуы мүмкін емес.
Нарықтың инфрақұрылымы - бұл нарықтық қатынастардың қызмет етуін қамтамасыз ететін мекемелер, мемлекеттік және коммерциялық фирмалардың жиынтығы.
1. Назарбаев Н.Ә. Жаңа кезең – жаңа экономика // Егеменді Қазақстан, 16 желтоқсан 2004 ж.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан тұрақты экономикалық даму кеңістігіне шықты // Егеменді Қазақстан, 28 маусым 2003 ж.
3. Қажыкен М. Устойчивость социально-экономиеской системы (десятилетию концепции устойчивого развития) // Транзитная экономика, 2001 г.
4. Джон К.Гэлбрейт. Экономические теории и цели общества. – М. Прогресс, 1979 г.
5. ҚР Конституциясы, Алматы, «Дәуір», 1995 ж.
6. ҚР «Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңы». Алматы. 1998.
7. ҚР Жер Кодексі, Астана. 2003 ж.
8. ҚР Еңбек Кодексі, Астана, мамыр 2007 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті.

СӨЖ

Тақырыбы: Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері

Орындаған: Сембаева. Г.

Тобы: ТЖ-405

Тексерген: Қуантхан Б. Қ

Семей-2015

Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Нарықтық экономика жағдайындағы шаруашылық механизмді жетілдіру
2. Нарықтың мәні және атқару механизмі
3. Нарықтық  инфрақұрылым 

Қорытынды бөлім

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Нарықтық экономика тауар-ақша қатынастарының ең жоғарғы даму сатысы
ретінде. Нарықтың мәні, қызметтері. Нарықтың артықшылықтары және
кемшіліктері. Нарықтық экономиканың ұстанымдары: маржиналдық талдау,
баламалы таңдау шығындары, экономикалық ұтымдылық. Нарықтық механизм
элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке.
Нарықтың күрделі экономикалық жүйе ретінде өзіндік құрылымы бар.
Нарықтың құрылымы бұл нарықтың жекелеген элементтерінің ішкі құрылымы.
Нарықтың құрылымы әр түрлі белгілері бойынша көптеген түрлерге бөлінеді.
Қазіргі кезде нарық  дамыған инфрақұрылымсыз, яғни қосалқы, көмекші салалар
мен ұйымдарсыз орын алуы мүмкін емес.
Нарықтың инфрақұрылымы - бұл нарықтық қатынастардың қызмет етуін
қамтамасыз ететін мекемелер, мемлекеттік және коммерциялық фирмалардың
жиынтығы.
Нарықтық инфрақұрылымдардың төрт негізгі түрі бар: тауар нарығы, қаржы
нарығы, еңбек нарығы және ақпараттық нарық.
Бұл қатынастардың негізгі элементтері
– құн, баға, бәсеке, сұраныс пен ұс ыныс. Нарықтың жұмыс істеуі тауар
өндірушілердің арасындағы байланыстарды реттейтін, сондай-ақ адамдардың
арасындағы экон. қарым-қатынас олардың еңбегінің өнімін сатып алу мен сату
арқылы көрініс табатын тауар өндірісі жағдайында қоғамдық еңбекті бөлу мен
ынталандыруды реттейтін заңға бағындырылған. Сұраныс пен ұсыныс заңы осыны
жүзеге асыру нысаны ретінде әрекет етеді, оның іс-әрекеті айырбастың
баламалылығын, ақша және тауар ағынының, төлем қабілеті ағынының, төлем
қабілеті бар сұраныс пен ұсынылатын тауарлардың (қызметтердің) ара салмағын
айқындайды. Нарық қатысушылардың бәрін, бір жағынан, бәсекеден,
банкроттықтан, т.б. туындайтын экономикалық мәжбүрлеу арқылы, екінші
жағынан, материалдық ынталандыру (пайданы молайту, т.б.) жолымен тауарлар
мен қызметтердің жоғары сапада болуына, өндіріс шығынын азайтуға,
тұтынушыларды ойдағыдай қанағаттандыруға бағдарлайды. Нарыққа тауар
өндірушілердің тәуелсіздігі, олардың толық дербестігі, тауарлардың бағасын
еркін белгілеуі, тұтынушылар мен жеткізуші-лерді еркін таңдауы, тауар
өндірушілердің, сатушылардың өткізу бәсекелестігі тән. Мемлекет нарықтық
қатынастарды ретке келтіру, шаруашылықты жүргізудің нарықтық нысандарының
теріс зардаптарын барынша азайту, халықтың жекелеген топтарын әлеум.
жағынан қорғау шараларының кешенді жүйесін әзірлеп, жүзеге асырады.

Нарықтық экономика жағдайындағы шаруашылық механизмді жетілдіру
Негізгі қорлардың үш түрлі құрылымын ажыратады:
1.Нарық – тауар айналымының процесінде жүзеге асатын тауар ақшаға және
керісінше ақша тауарға айналатын экономиканың саласы, АӨК-гі өндірілген
өнімді сатып алу – сатудың өзара байланысты актілерінің жиынтығы.
Нарық өзара байланысты бірнеше қызмет атқарады.
- реттеушілік қызметі – нарық арқылы өнімді өндіруге кеткен шығындарға
есептеу жүргізіледі;
- ынталандырушылық – баға төмендеген кезде өндірушілер өнім өндіруді
қысқартып жаңа техниканы, технологияны енгізу, еңбекті ұйымдастыру
жетілдіру арқылы шығындарды азайту мүмкіндігін іздей бастайды;
- баға белгілеу – сұраныс пен ұсыныс әсерінен баға ауытқып отырады;
- делдалдық – нарық арқылы өндірушілер мен тұтынушылар арасында
байланыс орнайды;
- ақпараттық – баға арқылы тауарды өндірудің технологиялық дәрежесі
мен шығындары шаруашылық әрекеттің неғұрлым тиімді бағыттары туралы
экономикалық ақпарат беріп отырады.
Нарықтың субъектілері: үй шаруашылығы, фирмалар (кәсіпорныдар) және
мемлекет.
Нарық объектілері: тауарлар мен қызмет көрсету, өндіріс факторлары,
ақша, бағалы қағаздар.
Инфрақұрылым – қалыпты жұмыс істеуді, қоғамдық еңбек бөлімі процесінде
пайда болатын технологиялық, өндірістік, экономикалық және ұйымдық
байланыстарды жүзеге асыратын халық шаруашылық салаларының жиынтығы.
Оларға: транспорт; байланыс; электрмен, газбен, жылумен қамтамасыз ету
желілері; коммуникациялар; материалдық-техникалық жабдықтау; сауда
дайындау;  ақпараттық қызмет көрсету.
Нарықтың мәні және атқару механизмі
Нарықтық жүйе меншік үстемдігі, қоғамдық еңбек бөлінісі, ақша арқылы
жүзеге асырылатын айырбас қатынасының кеңінен дамуымен сипатталады. Бұл
жүйе аз шығын жұмсау арқылы жоғары нәтижеге жетуге негізделеді.
 Нарықтық экономика - өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы әрекет
ететін шаруашылықты ұйымдастыру нысаны.
 Нарық - бұл өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну аясында сату және
сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық экономикалық қатынастар жүйесі.
 Нарықтың мәні оның қызметтерінде толық көрінеді. Нарық өзара
байланысты мынындай маңызды қызметтерді атқарады: реттеу, делдалдық, баға
белгілеу, ақпараттық, ынталандырушылық қызметтері.
Нарық субьектілерінің өзара әрекеті және нарықтың құрылымы мен
инфрақұрылымы.
Нарықтың сипаты оның субьектілері мен олардың іс әрекетін талдаумен
байланысты.
Нарық механизмінің элементтері
Нарықтық экономиканың қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің
болуын талап етеді. Олардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды. Нарықтың
негізгі элементтері өндіруші мен тұтынушы, сұраныс, ұсыныс, баға және
бәсеке.
Бәсеке пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын
кеңейтуді қамтамасыз етеді. Нарық субьектілерінің өзара әсері мен
пропорцияларын реттеу механизмінің формасы болып табылады.
Нарықты жандандыратын бәсекеге үнемі бизнесмендердің келісімі арқылы
олрдың экономикалық күштерінің шоғырлануы қауіп төндіреді. Нәтижесінде
бәсекенің қарсыласы монополия пайда болады.
  Нарықтық үстемдіктің түрлері:
-  Монополия (monos  біреу,poleo сатамын ) бір жеке адамның, топтың
немесе мемлекеттің экономикалық әрекетке ерекше құқығы, яғни бір сатушының
ерекше шаруашылық жағдайы. Монополияны ұйымдастырудың бірнеше түрі болады.
Олар: картель,синдикат,трест,концерн және конгломет.
 - Олигополия  (oligos-аз, polio-сатамын)  бір тауарды өндіру мен
өткізу бірнеше ірі фирмалардың қолына жинақталу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық шаруашылығының артықшылықтары және кемшіліктері жайлы
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері жайлы ақпарат
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары мен кемшіліктері
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері туралы
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы мәлімет
Акционерлік қоғамдардың қызметінің экономикалық тиімділігінің теориялық негіздері
Нарық және нарықтық экономика
Нарықтық экономиканың кемшіліктері
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері туралы ақпарат
Нарықтық экономика туралы мәлімет
Пәндер