ҚР сыртқы саясаты



Кіріспе
Негізгі бөлім
Біздің сыртқы саясатымыздағы ең басты ұстаным
Еліміздің тиімді геосаяси жағдайы
Азиядағы өзара іс.қимыл және сенім шаралары жөнінде кеңес ұйымдастыруды ұсыну
Қорытынды
Біздің отанымыз тәуелсіз Қазақстан мемлекеті! Қазіргі заманда Әлемдік аренада айтарлықтай маңызы бар құқықтық мемлекет.
Қазақстан өзінің тәуелсіздік алған күннен бастап өзара ықпалдасу мен сан қырлы ынтымақтастықтың авторы ретінде прогресті жолдардан өтті. Соның арқасында Қазақстан, АҚШ-пен, Қытаймен, Ресеймен тұрақты және достық өзара қатынастарды одан әрі кеңейте отырып, олармен үнемі мүддесі ортақ үндесу жүргізіп отыр. Орталық Азия елдерімен интеграциялық ықпалдастық бағыты да жоспарлы түрде дамуда. Еліміз күллі мұсылман елдері мен мұсылман әлемімен жан-жақты қатынас орнықтырып келеді. Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңсе мақсатын іске асыру жұмысындағы қол жеткізілген табыстарды одан әрі орнықтыра отырып, Қазақстан өңіріндегі қауіпсіздіктің сенімді факторына айналды.
Алғашқы алмағайып кезеңде Қазақстан ядролық қару жағынан өз еркімен бас тартты. Оның орнына әскери аренамызды нығайту, қарулы күштерімізді реформалау, армияны кәсібилендіру, оның материалдық-техникалық базасын жақсарту жұмыстарын басты міндет етіп қоя білді. Бұл де көреген саясаттың кепілі еді. Осылайша біз қаруды жою, қысқарту арқылы қарсылас пен ықтимал бәсекелестерді бірден азайтып, Қазақстанның егемендігіне қол сұқпаушылық пен шекарамыздың мызғымастығына алып державалар тарапынан кепілдік алдық.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Эссе: Қ Р Сыртқы саясаты

Тексерген: Мамырбеков А. М
Орындаған: Ергазинов Н.Н

Семей 2015

Кіріспе
Біздің отанымыз тәуелсіз Қазақстан мемлекеті! Қазіргі заманда Әлемдік аренада айтарлықтай маңызы бар құқықтық мемлекет.
Қазақстан өзінің тәуелсіздік алған күннен бастап өзара ықпалдасу мен сан қырлы ынтымақтастықтың авторы ретінде прогресті жолдардан өтті. Соның арқасында Қазақстан, АҚШ-пен, Қытаймен, Ресеймен тұрақты және достық өзара қатынастарды одан әрі кеңейте отырып, олармен үнемі мүддесі ортақ үндесу жүргізіп отыр. Орталық Азия елдерімен интеграциялық ықпалдастық бағыты да жоспарлы түрде дамуда. Еліміз күллі мұсылман елдері мен мұсылман әлемімен жан-жақты қатынас орнықтырып келеді. Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңсе мақсатын іске асыру жұмысындағы қол жеткізілген табыстарды одан әрі орнықтыра отырып, Қазақстан өңіріндегі қауіпсіздіктің сенімді факторына айналды.
Алғашқы алмағайып кезеңде Қазақстан ядролық қару жағынан өз еркімен бас тартты. Оның орнына әскери аренамызды нығайту, қарулы күштерімізді реформалау, армияны кәсібилендіру, оның материалдық-техникалық базасын жақсарту жұмыстарын басты міндет етіп қоя білді. Бұл де көреген саясаттың кепілі еді. Осылайша біз қаруды жою, қысқарту арқылы қарсылас пен ықтимал бәсекелестерді бірден азайтып, Қазақстанның егемендігіне қол сұқпаушылық пен шекарамыздың мызғымастығына алып державалар тарапынан кепілдік алдық.
Бүгінгі күні терроризм мен күрес аймақтың қауіпсіздікті қамтамасыз ету төтенше жағдайларды болдырмау үшін олардың алдын-алу қауіпсіздік мәселесін шешу барысында үнемі ұлттық мүддені ұстану - еліміздің сыртқы саясатының басты бағыттары болып табылады.
Тәуелсіз еліміз бүгінге дейін жаңа ғасырдың қауіп қатеріне қарсы тұруға қабілетті әрі ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге бағытталған үйлесімді сыртқы саясатты орнықтырды.

Негізгі бөлім:
Оған ықпал еткен :
Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес сыртқы саясаттағы негізгі күш-жігер мынадай негізгі мақсаттарға қол жеткізуге шоғырландырылуы:
елдің ұлттық қауіпсіздігін, қорғанысқа қабілеттілігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын жан-жақты қамтамасыз ету;
бейбітшілікті, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту;
орнықты ұстанымдарды қамтамасыз ету және әлемдік қоғамдастықта мемлекеттің жағымды бейнесін қалыптастыру;
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) орталық және үйлестіруші рөлі арқылы әділ әрі демократиялық әлемдік тәртіпті орнату;
өңірлік және халықаралық сауда-экономикалық қатынастар жүйесіне одан әрі интеграциялану;
2050 Стратегиясын ойдағыдай іске асыру, халықтың жоғары тұрмыс деңгейіне қол жеткізу, көпұлтты қоғамның, құқықтық мемлекеттің және демократиялық институттардың бірлігін нығайту, адамның құқықтары мен бостандықтарын іске асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайлар жасау;
ұлттық экономиканы әртараптандыру, индустриялық-технологиялық дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
елдің жасыл даму жолына біртіндеп көшуі және әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру;
ұлттық-мәдени өзіндік ерекшелікті сақтау және мемлекетті одан әрі дамытудың өзіндік жолымен жүру;
шет елдерде Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын, олардың жеке, отбасылық және іскерлік мүдделерін қорғау;
шет елдердегі қазақ диаспорасына және қазақ тіліне қолдау көрсету.

Республика байланыстарының қазіргі жай-күйі мен стратегиялық мүддесін ескере отырып, сыртқы экономикалық саясат нақты маңызы бірдей мына бағыттар бойынша даму үстінде:
1. ТМД, Ресеймен, Украинамен, Белорусьпен, Өзбекстаннан және ТМД-ның басқа мемлекеттерімен экономикалық одақты сақтап, нығайту. Бұл орайда:
а) кәсіпорындар арасындағы тығыз байланыстар;
б) дүниежүзі нарығындағы бағаны түсірмеу үшін шикізат экспорты саласында іс-әрекетті үйлестіру қажеттілігі;
в) Европа мен Таяу Шығысқа біздің жүктердің транзитін қамтамасыз ету;
г) ғылыми-техникалық орталықтарды бірлесіп пайдалану және конверсияны жүргізу;
д) бұрынғы КСРО-ның сауда өкілдіктері мен шетелдегі аппаратын пайдалану ескеріледі.
2. Азия тынық мұхит аймағы. Пекин-Сеул-Токио арқылы Оңтүстік Шығыс Азияның басқа елдеріне шығу. Бұл бағыттың алдыңғы қатарлы технологиялар, ірі көлемде инвестициялар мүмкіндігі бар несие көзі, болашақта біздің өнімді өткізу және Қазақстанда бірқатар жобаларды іске асыруүшін жұмысшы күшін қатыстыру рыногы ретінде үлкен мәні бар.
3. Азия ықтимал өткізу рыногы және нарықтық экономиканы дамыту үлгілерінің бірі ретінде Туркияға басты назар аудару. Экономикаға инвестиция тарту үшін Шығысы мен Алдыңғы Азия елдерімен ынтымақтастық.
4. Еуропа ГФР-ға басым назар аударылады, ол ТМД-ға барлығынан да көп қаржы салуға әзір. Айтарлықтай неміс диаспорасы болуының арқасында қазақстанмен ірі көлемде ынтымақтастық жасалуы мүмкін. Оның үстіне ГФР-дің экономикалық үлгісі біз үшін неғұрлым тартымды. Инфрақұрылымды дамыту және кадрларды оқыту мақсатында техникалық жәрдем мен несие алу үшін Еуропа экономикалық қоғамдастығымен ынтымақтастықтың бірқатар салада Шығыс Еуропа елдерімен өзара іс қимыл сақталады.
5. Америка дүниежүзінің экономикалық державасы ретінде АҚШ-қа басты назар аудару. Мексикамен және Латын Америкасының басқа елдерімен байланыстардың болашағы өте зор.
Халықаралық ұйымдардағы: Халықаралық валюта қоры, халықаралық даму және қайта құру банкі, басқа экономикалық ұйымдар, БҰҰ, Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім, халықаралық азаматтық авация ұйымы, шикізаттың жекелеген түрлерін экспортқа шығарушы елдер одағындағы қызмет өте маңызды жеке сала болып табылады.
Қазақстандық дипломатияның алдында Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылық проблемаларын шешуге қызмет ететін АӨСШК идеясын өмірге енгізу сияқты күрделі міндет қойылды. Беделді мамандардың пікірінше бүгінгі күні аймақ елдерінің алдында міндеттердің тұтас кешені тұр. Олардың ішінде неғұрлым басымдық берілетіндері мыналар болып табылады:
аумақтық дауларды шешу;
қарусыздану және қару-жараққа бақылау жасау саласында нақты процеске қол жеткізу;
есірткілердің және әдеттегі қару-жарақтың заңсыз айналымына, терроризмге және халықаралық қылмысқа қарсы күрестегі шараларды келісу;
экономикалық мәселелерді бірлесіп шешу;
Азиялық елдердегі экономикалық өсімді қамтамасыз ету.
Реттелмеген аумақтық мәселелер проблемасы аймақтың көптеген елдерінің өзара қарым-қатынасындағы негізгі талас болып табылады. Бұл, сөз жоқ, Азиядағы сенім білдіру мен ынтымақтастық ахуалын нығайтуға жәрдемдеспейді. Құрлықта аумақтық талаптар қою нәтижесінде туындаған ыстық нүктелер толып жатыр. Оны үстіне әлеуметтік-мәдени тұрғыда Азиялық елдер Еуропа мемлекеттеріне қарағанда әлдеқайда біртекті емес. Азиядағы өзара сенімсіздік әлеуеті Еуропалық құрлықпен салыстырғанда әлдеқайда көп.

Қазақстан терроризмге қарсы күрес жөніндегі барлық он үш халықаралық әмбебап конвенцияларға қосылды. Мемлекетіміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерін бұлжытпай орындауда және жыл сайын БҰҰ Контртеррористік комитетіне жасалған жұмыс туралы Ұлттық баяндаманы ұсынуда.
Көп жағдайда консулдар адвокат ретінде қызмет етуге, сондай-ақ төтенше жағдайлар - табиғи апаттар, техногенді апаттар немесе ыстық нүктелердегі әскери іс-қимылдар кезінде отандастары - мызға көмек көрсетуге әркез дайын.
Күн сайын шетелдердегі қазақстан - дық консулдар жүздеген азаматтары - мыз - ға көмек көрсетуде. Дипломаттары - мыз - дың біліктілігі арқасында белгілі саяси қақтығыстар кезінде Қазақстан азамат - та - рын Египеттен және Ливиядан шығын - сыз шығаруға; Исландия жанартауының салдарына байланысты ЕО әуежайла - рын - да қалып қойған жолаушыларымызға кө - мек көрсетуге; ағымдағы жылдың науры - зында болған Жапониядағы Фукусима АЭС-інен сәуле тарауы кезінде қазақ - стан - дықтарға қолдау көрсетуге мүм - кіндік туды.
Қазіргі уақытта 15 елмен Қазақ - стан - ның ұлттық төлқұжатын ұстаушыларды визалық талаптардан босату туралы келісімдерге қол қойылды. ЕО-ның кон - сул - дық қызметтерімен визалық режімді жеңілдету бойынша консультациялар тұрақты негізде жүргізілуде.

Қазақстанның тәуелсіздік жыл - дарындағы жеткен жеңістері мен тат - қан жемістерінің баршасының бас - ты кепілдерінің бірі - сыртқы саяса - ты - мыздың сарабдалдығы. Тәуелсіздік жолына қатар түскен елдердің арасында халықаралық аренада дәл Қа - зақ - - стандай тез танылған, тез құрмет - телген, Батыс та, Шығыс та қатар мой - - ындаған дәл біздің елдей ел жоқ десем артық айтқандық болмайды. Бас - - қасын былай қойғанда, Қазақ - станның ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа қол жет - кі - зуінің өзі білген жанға тамаша табыс. Біз бұл биікке бүкіл ТМД кеңісті - гінде, бүкіл түркі әлемінде, бүкіл мұ - сылман дүниесінде бірінші көтерілген мемлекетпіз. Осылай тарихта қалдық.
- ЕҚЫҰ-ға төраға болып тұрғанда, сол ұйымның сам - митін өткізе алған және өзінде өткізе алған қазірше жалғыз ел де Қазақ - стан екенін айтуды ұмытпау тіпті дұрыс болады. Оның үстіне ол саммит кезегі келгенде өткізілген, былайша айтқанда, сол жылы өткізілуге тиісті сам - мит емес еді. Ол кезең ЕҚЫҰ белгілі бір дәрежеде дағдарысқа ұшырап, тұрақ - ты шақырылатын саммиттері ұйым - дастырылмағанына он бір жыл болған күрделі кезең еді. Астана саммитінің қадір-қасиетінің бөлектігі де сонда.

Ұлы дипломат аталғандардың арасында патшалар, корольдер, императорлар, президенттер, канцлерлер көп-ақ.
Тарихқа қарап отырсақ ерте - дегі әміршілердің де, бертіндегі бас - шы - лардың да бәрінің (әрине, мен елін жақсы басқарып, ізгі із қалдырғандарын айтып отырмын) халықаралық қатынастардың, соғыс пен бейбітшіліктің барлық мәселелерін тікелей өз қолдарында ұстап отырғанына көзің жетеді.
Солардың бірі - өзіміздің айбынды ханымыз Абылай. Оның басқа еңбегін былай қойып, тек Ресей мен Қытай арасында жүргізген дипломатия - сын дұрыстап айта алсақ та кім-кімді де қайран қалдырар едік. Екі жақпен де тіл табыса жүріп өз елін ондаған жылдар бойы іс жүзінде, де-факто дейміз ғой, тәуелсіз ұстап тұра алғаны, ақыр аяғында өзінің дұшпанын, яғни жоңғарларды олардың өзінің дұшпанының, яғни Цин империясының қолымен қырғызып салғаны, сөйтіп Жоң - ғар мемлекетін жер бетінен жойып жі - бергені (аман қалған аз бөлігі қазақ даласы арқылы Еділ бойына жетіп, Ресейдің құрамына қосылып, қал - мақ күйінде сақталды ғой) әлемдік дипло - матия тарихындағы ғажайып құбы - лыстардың бірі деп сеніммен айтуға болады. Тек соны тарихшы ғалымдарымыз жеріне жеткізіп жаза алмай жүр.

Сырт - қы саясатты қалыптастырудың бас - тапқы белесін айтқалы отырмын.
Ел өмі - ріндегі кез келген мәселеге Президентті қа - тысты етіп сөйлеуге болады. Ана шаруаға да, мына шаруаға да мем - ле - кеттің басшысын байланыстырып айту әдеті баяғы заманнан бар. Қит етсе импе - ратор қайда қарап отыр, мұндайға король қалай жол береді, осыны патша білмей ме, көрмей ме дейтін сөздер адамзатпен бірге жасасып келе жатқан шығар. Әлі талайға дейін солай бола беретін де шығар. Біздің қазекеңнің император тұрмақ, патша тұрмақ, тура Құдайыңның өзін кінәлап сөйлеуден де тайынбайтыны бар тіпті. Сондықтан жұрттың ана іске де, мына іске де Президентті жауапты етіп сөйлейтініне түсіністікпен қарауға да болады. Мұның арғы жағында түптеп келгенде жақсылық жатыр - елдің Мемлекет басшысына деген сенімі, Президентке артатын үміті жатыр. Ал негізінде ешқандай императордың, ешқандай корольдің, ешқандай патшаның елдегі барлық шаруадан толық хабардар отыруы іс жүзінде мүмкін нәрсе болған емес. Демократиялық үрдістер әлемде белең ала бастаған кейінгі ғасырларда бұл атымен мүмкін болмауға айналды. Ең бастысы - биліктің барлық іске бірдей тікелей және толық жауаптылығы тұ - жы - рымы қайта қаралды. Қазір біз билікті орталықсыздандыру бағытын жүзеге асырудамыз.
Былайша айтқанда, мемлекет бас - қару ісінде Президент стратегияны ой - лас - тырады, айқындайды, белгілейді, ал оның жүзеге асырылу тактикасын биліктің басқа үш тармағы - атқарушылық, заң шығарушылық және сот тармақтары шешеді.
Бірақ, Президенттің мемлекеттің сыртқы саясатына байланысты қызметіне орай сәл басқашалау айтуға тура келеді. Сыртқы саясат - президенттік саясат. Бұл саясаттың стратегиясы да, тактикасы да Президенттің құзыретінде. Мұны атап айту керек, қадап көрсету керек. Елдің сыртқы саясатын мемлекет бас - шысы тікелей айқындайды, тікелей жүргізеді. Бұл - басы ашық ақиқат. Түр - лі ведомстволардың дербес сыртқы саясаты болмайтыны тәрізді, өзін-өзі құр - мет - тейтін әрбір мемлекетте көп сыртқы саясат болмайды. Сыртқы істер министрлігі - атқарушы орган. Ол Пре - зиденттің сыртқы саясатын тиімді түрде жүзеге асыруға жауап береді.
Қоғамдық-экономикалық фор - ма - цияның ауысуы қашанда зор өзгерістер туындатады. Ол өзгерістер дәйім адам - дар санасындағы өзгерістердің күрделі үдерісімен бірге жүреді. Осыған орай қоғамда сол өзгерістерге сай келетін тиісті ахуал туғызу қажет. Ал ондай ахуал барлық салалардағы, соның ішін - де идеология сияқты ерекше, нәзік, жауапты саладағы сарабдал саясаттың арқасында ғана жасалуы мүмкін. Мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтуды біз сыртқы саясаттағы бағдарымызды қалыптастырудан бастадық деудің де еш артықтығы жоқ.
Елбасымыз тәуелсіздік тізгіні қолға тиген алғашқы күндерден бастап сыртқы саясат мәселелеріне қатты көңіл бөлуге тырысты. Оған нақты дәлел мынау. 16 желтоқсанда біз Тәуелсіздігімізді жа - рия - ладық. Сол күннің ертеңінде-ақ Мәскеудегі шетел елшілеріне жолығып, Қазақстанның тәуелсіздігіне байланысты ой-пікірлерін білуді және жинақтап, мәлімет беруді тапсырды. Бастап - қы кезде тек бір біздің емес, ТМД ел - дерінің бәрінің шет елдердегі мүдде - лері Ресейдің дипломатиялық өкілдік - тері арқылы қорғалатын. Бірде-бі - реуінде шетелдік елшіліктер болмай - тын. Өйткені, біздің Сыртқы істер минис - тр - лігінің аты бар да заты жоқ еді. Одақ - тас республикалардағы ондай минис - тр - лік - терді Орталық әйтеуір көз қылу үшін, республика екен дегізу үшін ғана құ - рып қойған болатын. Олардың қызметі дипломатиядан алыс жататын. Сол кез - де айтылатын республиканская дипло - матия деген кекесінді сөз де болатын.

Біздің сыртқы саясатымыздағы ең басты ұстаным
Еліміздің географиялық тұрғыдан орналасуын, мемлекеттің геосаяси жағ - дайын, көпұлттылығымызды, көп - дін - - - ділігімізді, көптілділігімізді ескере отырып біздің сыртқы саясат - тағы ең басты ұстанымымыз көпжақ - ты бағ - дар болуы керек деген тоқтам - ға келдік. Сөйтіп, халықаралық байла - ныс - тары - мыз - дың арқауы етіп жақындағы, алыс - тағы елдердің бәрімен бірдей өзара тиімді қатынастар орнатуымыз қажет деп шештік. Бұл арада да біз өзімізді тол - ғандырған көп сұраққа жауапты ұлы Абайдан тапқандай болдық. Оның Адам - заттың бәрін сүй, бауырым деп айтатын сөзі нағыз халықаралық дипломатияның ой қазығы емес пе?
Жалпы, біз халықаралық аренадағы іс-қимылдарымызды тәуелсіздікке дейін-ақ бастағанбыз. 1991 жылдың ба - сында мен Түркия Президенті Тұрғыт Озалды Қазақстанға шақырғанмын. Ол кезде КСРО субъектілерінің, яғни одақтас республикалардың Мәскеуді айналып өтіп, сыртқы саясат саласында әрекет жасауына құқы жоқ болатын. Соған қарамай мен бірқатар елдер басшыларымен тікелей қарым-қатынас орнаттым. АҚШ Президенті Джордж Бушпен, Ұлыбритания Премьер-Ми - нистрі Джон Мейджормен, Оңтүстік Кореяның Президенті Ро Дэ У-мен кездестім. Сингапур лидері Ли Куан Ю-ді Алматыға көшбасшымыз шақырып, көп сөйлесті. Оның біздің экономистердің алдында лекциялар оқуын ұйымдастырды.
Әрине, кез келген егемен мемлекет өзінің ұлттық қауіпсіздігін қорғаныс қабілеттілігін сақтау арқылы нығай - татын болады. Сондықтан біз ә дегеннен-ақ соғысты болдырмау шараларын да ойластырдық, елімізді, жерімізді қор - ғау - дың әдістерін көздейтін әскери доктринаны, тиісті заңдарды қабыл - дадық. Бірақ бұл мәселенің бір жағы ғана. Мынандай алмағайып дүниеде өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін біздей жері көп, елі аз, күрделі геосаяси жағдайдағы мемлекет қорғаныс қабілетін күшейтумен ғана шеше алмақ емес. Қазақстанның өзіндік ерекшелігі, экономикасының дамуы мен әскери құрылысының деңгейі елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, ең алдымен өзінің ішкі қуатына және парасатты, салмақты дипломатияға сүйеніп отырып, осы заманғы саяси құралдарға басымдық етуді алдымен қажетсінетін еді. Шекараны таспен қоршамау керек, шекараны доспен қоршау керек. Біз солай еттік. Қазақстан шекараларын заңды түрде бекітуді біз әу бастан сыртқы саясаттың басты буынының бірі деп санадық.

Еліміздің тиімді геосаяси жағдайы
Біз сондай жағдайларға қарамай алға басудамыз. Ал мәселелердің ішіндегі ең бастысы - біздің теңізге шығатын жолымыздың жоқтығы үлкен кемшілігіміз екені рас. Өзіңнің порттарың болып, сол порттардан жүк тиелген кемелерің мұхит айдынымен әлемнің кез келген портына жол тартып жатса, жақсы емес пе? Әрине, жақсы. Ол бізде жоқ. Бұған көнбеске амалың тағы жоқ. Теңізге шығатын жолы жоқ елдер мына дүниеде толып жатыр. Бірақ бар мәселе кемшілікті артықшылыққа айналдыруда ғой, солай емес пе? Біздің жеріміз ежелден Батыс пен Шығыстың арасындағы сауда және саяси байланыстардың сахнасы болған. Атақты Жібек жолының үлкен бір бөлігі қазақ даласы арқылы өткен. Сондықтан да біздің еліміз Еуропаны, Орталық Азияны, Азия-Тынық мұхит аймағын, Азияның оңтүстігін байланыстырушы буын ретінде маңызды стратегиялық рөл атқара алады. Атқара да бастады. Бір жамандықтың бір жақсылығы бар деген сол. Мысалы, біз өз тауарларымызды елдің бір шетінен бір шетіне, одан асып шетелге апару үшін қосымша көп шығын жұмсаймыз. Оның есесіне өзге елдер өз тауарларын біздің ел арқылы тасымалдаса жаңағы бізге кедергі саналатын қашықтық енді пайда көзіне айналады, өйткені транзиттік тарифтен алатынымыз көбейе түседі. Сондықтан жиырмасыншы ғасырдың соңына қарай, мыңжылдықтар тоғысатын тұс - та әлемнің саяси картасында жаңа геосая - си жағдай туды дейміз. Онда Қазақ - стан Еуропаны Азия-Тынық мұхит айма - ғымен байланыстыратын кеңістікті алып жатыр. Бұл кеңістік сыртқы саяси және стратегиялық тұрғыдан тиімді кеңістік.
Еліміз егемендік ала салысымен бұрын одақтас республика ретінде тіпті айналысып көрмеген проблемалармен бетпе-бет келді. Қазақстан халықаралық сахнаға шыға салысымен тіпті өзге ор - таға қойды да кетті. Сол тұста біздің ең алдымен шешіп алған, қазақша айт - қанда салған беттен басын ашып алған мәселеміз ел территориясында орна - ласқан ядролық қарудың тағдыры еді.
Мына бір жағдайды да айта кетейін. Ол біздің түркітілдес ағайындармен арақатынасымызға байланысты. Құдай қосқанды адам ажырата алмайды дегендей, мың жылдық үзілістен кейін түрік бауырларымызбен қайта табыс - қаны - мыз рас. Олар Анадолы даласына біздің Сыр бойынан барған ғой. Қып - шақтар мен оғыздардың бөлінетін тұсы сол. Тәуелсіздік таңы атқан тұста бізге түрік бизнесмендерінің көп көмегі тиді. Сонымен бірге, түріктердің бірден-ақ бізге ақыл айтуға, тым қамқоршы болуға ұмтылуы секем алдырған еді. Біз деген үлкен ағадан жаңа ғана құтылған ел емеспіз бе? Осы мәселе бойынша менің өзім ерекше сыйлайтын адамым - Түркия Президенті Тұрғыт Өзал.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөнінде кеңес ұйымдастыруды ұсыну.Оның негізгі идеясы.
Жалпы, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық кеңесі сияқты құрылымды Азияда неге құрмасқа деген идея ешкімнің көңілінің түкпірінде атымен жүрмеуі мүмкін де емес еді. Бірақ оны нақты іске айналдырудың тетіктерін қарастыру керек қой. Соны бізге дейін ешкім де қарастырмапты. Біздің еңбегіміз - Еуразия құрлығындағы бейбітшілік пен қауіпсіздік проблемасы бойынша Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес өткізу бойынша Қазақстанның нақты бастамасын көтергеніміз. Ең бастысы - ондай кеңестің міндетін, сипатын белгілеп, ұйымдастырудың тетіктерін көрсетіп бергеніміз, көптеген жылдар бойы жүйелі жұмыс жүргізіп, мақсатты жеріне жеткізгеніміз.

Қытай басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 2014 жылғы 21 мамырдағы 4-ші саммитінде сөйлеген сөзінде Қазақстанды АӨСШК-нің бастамашы мемлекеті деп бөлекше атапты, біз мұны елімізге деген құрметтің бір көрінісі деп білеміз.
Біздің бәріміздің басымызды бірлескен күш-жігермен Азияда қауіпсіздіктің сенімді жүйесін жасауға болады, жалпы бүкіл дүниеде қауіпсіз әлемді ортақтаса орнатуға болады деген пікір қосып отыр. Өз басым бара-бара АӨСШК Азиядағы қауіпсіздіктің ақиқат факторына айналатынына анық сенемін. Біздің осындай Кеңес шақыру жөніндегі бастамамызды ә дегеннен-ақ Азия аумағының 90 пайызын алып жатқан мемлекеттер қолдағанын ерекше айту керек.

Еуразиялық экономикалық одақ құру бастамасының жүзеге асуына дәл жиырма жыл кетті.
Еуразия, еуразияшылдық деген ұғымдарды пайымдаудан бастайық. Негізінде біз адамзат тұрақты өмір сүретін материктер бесеу дейміз: Азия, Еуропа, Африка, Америка, Австралия. Ал таза геологиялық, географиялық тұрғыдан қарасақ, Азия мен Еуропа жеке-жеке материктер болып саналмайды. Азия мен Еуропа мыңдаған жылдар бойы бір-бірімен тығыз байланыспай, негізінен дербес өмір сүріп келгендіктен, тарихи, саяси, діни себептер ажыратқандықтан әрі жер көлемінің өте үлкендігіне байланысты шартты түрде екі материк ретінде айтылады. Біз Еуразияны дүниенің екі бөлігінен - Еуропа мен Азиядан құралатын Жер шарының ең үлкен материгі деп білуіміз керек. Алайда, ресейлік еуразияшылар - Савицкий, Трубецкой, Бердяев, тағы басқалар Еуразия ұғымына тек географиялық мағына берген жоқ. Олар Еуразия деп сол кезде Ресей империясы алып жатқан территорияны атады. Ресейді Еуропа да емес, Азия да емес, өзінше ортадағы материк деп санады. Империяның тұтастығы үшін еуропалық Ресей, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Экономиканың ақшалай-несиелік тұрақтылығындағы орталық банктің атқарылатын рөлі
Ақша саясаты
Ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Сыртқы және халықаралық сауда саясаты
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі
Қазақстан Республикасының кеден саясаты және сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу шаралары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасының ұйымдармен ынтымақтастығы
Ақша - несие саясатының құралдары
Пәндер