Төлем жүйесі және банк аралық есеп айырысу



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
I.тарау. Төлем жүйесінің мәні және банк аралық есеп айырысулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Төлем жүйесінің мәні және атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.9
1.2. Банк аралық есеп айырысудың аккредитивтік нысандары ... ... ... ... ... ...10.15
II.тарау. Банк аралық есеп айырысу операцияларын салыстырмалы түрде талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1. Вексельдік операциялар есебі және оны талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16.22
2.2. Банктік карточкалармен есеп айырысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23.27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28.29 Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31.34
Курстық жұмыстың тақырыбы «Төлем жүйесі және банк аралық есеп айырысу» болып табылады.
Қатысушыларға байланысты банктің есеп операциялары негізгі екі топқа бөлінеді:
■ клиенттік есеп айырысу операциялары, мұнда негізгі субьект ретінде банк және оның клиенттері қатысады;
■ негізгі субьект банк болып табылатын, таза банктік есеп айырысу операциялары және банкаралық есеп айырысула
Есеп айырысу нысандарындағы ерекшеліктерге байланысты банктің келесі есеп айырысу операцияларын бөліп көрсетуге болады:
■ аккредитивтік операциялар;
■ инкассалық операциялар;
■ аударым операциялары;
■ клирингтік операциялар;
1. Абрамов М.А., Александрова Л.С. Финаксы, денежное обращение и кредит. - М.: Институт международного права и экономики, 1996.
2. Адекенов Т. Банки и фондовый рынок. - М.: Ось - 89, 1998.
3. Андросов А.М. «Бухгалтерский учет и отчетность в банке». - М.: АО
«Менатеп-информ», 1997.
4. Андросов А. Бухгалтерский учет в банках: Практическое руководство с
документацией и комметариями. — М.: АО «Менатеп-Информ», 1998.
5. Андросов А.М. Финансовая отчетность банка. — М.: АО «Менатеп-Информ», 1995. М.: Консалт-
банкир, 1994.
6. Бабичева Ю.А. Банковское дело. - М.: Экономика, 1993.
7. Банковское дело: Справочное пособие / Под ред. Ю.А. Бабичевой- М.:
Экономика, 1994.
8. Баринов В.Т. Справочная книга инспектора по валютным операциямкоммерческих банков. - М., 1996.
9. Брейли Р., Майерс С. Принципы корпоративных финансов. — М.: Олимп-Бизнес, 1997.
10. Бухвальд Б. «Техника банковского дела». —М.:, 1994.
11. Дробозина Л.А. Финаисы. Денежное обращение. Кредит.-М.: ЮНИТИ
«Финансы», 1997.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4
I-тарау. Төлем жүйесінің мәні және банк аралық есеп
айырысулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Төлем жүйесінің мәні және атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...5-9
1.2. Банк аралық есеп айырысудың аккредитивтік
нысандары ... ... ... ... ... ...10- 15
II-тарау. Банк аралық есеп айырысу операцияларын салыстырмалы түрде
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.1. Вексельдік операциялар есебі және оны
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...16-22
2.2. Банктік карточкалармен есеп
айырысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23-27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .28 -29 Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..30
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31-34

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы Төлем жүйесі және банк аралық есеп айырысу
болып табылады.
Қатысушыларға байланысты банктің есеп операциялары негізгі екі топқа
бөлінеді:
■ клиенттік есеп айырысу операциялары, мұнда негізгі субьект ретінде банк
және оның клиенттері қатысады;
■ негізгі субьект банк болып табылатын, таза банктік есеп айырысу
операциялары және банкаралық есеп айырысула
Есеп айырысу нысандарындағы ерекшеліктерге байланысты банктің келесі
есеп айырысу операцияларын бөліп көрсетуге болады:
■ аккредитивтік операциялар;
■ инкассалық операциялар;
■ аударым операциялары;
■ клирингтік операциялар;
Есеп айырысу операцияларында қолданылған төлем құралдарына байланысты
есер айырысу операциялары былайша жіктеледі:
─ төлем тапсырмаларымен есеп айырысу;
─ чектермен есеп айырысу;
─ вексельдермен есеп айырысу;
─ төлем карточкаларымен есеп айырысу;
─ қолма-қол есеп айырысу;
Аударым операцияларын жүзеге асыру үшін банкте төлеуші мен алушы
арасындағы есеп айырысудың келесі нысандары қолданылады:
-төлем тапсырмаларымен;
-төлем талап-тапсырмаларымен;
-инкассалық өкімдермен
-чектермен;
-аккредитивтермен;
-вексельдермен;
-банктік карточкалармен және басқа Ұлттық Банктің нормативті құқықтық
актілерінде бекітілген төлем құжаттары;
Банк вексель бойынша барлық қатысушылардың бар екендігіне, индоссант
қолдарынан тыс көз жеткізуі тиіс. Егер вексель бойынша төлеуші ойдан
шығарылған тұлға болса, онда банк мұндай вексель туралы құқық қорғау
орындарына хабарлауы тиіс. Вексельде басқа тұлғалардың жалған қолының
болуы, вексельдің құжаттық күшін жоғалтады.
Банктік карточкаларды қолдану бойынша қатынастың негізгі субьектілері:
эмитент, карточка ұстаушы, сауда ұйымы, эквайрер, төлем ұйымы, есеп айырысу
банкі.
Халықаралық төлем ұйымдарының кредиттік карточкаларының дебеттіктен
айырмашылығы операция жүргізу технологиясына байланысты. Дебеттік
карточкалармен операция барлық уақытта авторландыруға жатқызылады,
кредиттік карточкалармен операциялар анықталған шарттарда жатқызылмайды.

I-тарау. Төлем жүйесінің мәні және банк аралық есеп айырысу.
1.1. Төлем жүйесінің мәні және атқаратын қызметтері
Қатысушыларға байланысты банктің есеп операциялары негізгі екі топқа
бөлінеді:
■ клиенттік есеп айырысу операциялары, мұнда негізгі субьект ретінде банк
және оның клиенттері қатысады;
■ негізгі субьект банк болып табылатын, таза банктік есеп айырысу
операциялары және банкаралық есеп айырысула
Есеп айырысу нысандарындағы ерекшеліктерге байланысты банктің келесі
есеп айырысу операцияларын бөліп көрсетуге болады:
■ аккредитивтік операциялар;
■ инкассалық операциялар;
■ аударым операциялары;
■ клирингтік операциялар;
Есеп айырысу операцияларында қолданылған төлем құралдарына байланысты
есер айырысу операциялары былайша жіктеледі:
─ төлем тапсырмаларымен есеп айырысу;
─ чектермен есеп айырысу;
─ вексельдермен есеп айырысу;
─ төлем карточкаларымен есеп айырысу;
─ қолма-қол есеп айырысу;
Атқарымдық негіздеріне, есеп айырысу мәні мен жүзеге асыру кезеңдеріне
қарай банктің есеп айырысу операциялары былайша бөлінеді:
─ ағымды, мерзімдік есеп айырысу және басқа да шоттар операциялары;
─ әр түрлі шоттарды жүргізу, қаржылық өтеу және қосу, сыйақы мен
комиссиялық ақылар есептеу операциялары;
─ кассалық операциялар (қолма-қол ақшаны қолма-қол емес ақшаға айналдыру
операциялары және керісінше);
─ тиісті құжаттарды төлеуге төлеушінің келісімін (немесе қарсылығын) алуға
байланысты акцептік операциялар;
─ төлем алу құқығын беруге байланысты операциялар: факторингтік, есептік,
индоссациялық (банк индоссант болып табылатын кездегі);
─ банк төлемге келіп немесе тапсырыс беруші болып табылатын, банктің
авальді (кепілді тапсырмасының) операциялары;
Банктегі есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру 2000 жылғы 25
сәуірдегі №179 Қазақстан Республикасы аумағында қолма-қол емес төлем және
ақша аударымдарын жүзеге асырудың төлем құжаттарын қолдану ережелеріне;
сәйкес реттеледі. Осы ережелерде есеп айырысу құжаттарын рәсімдеу және есеп
айырысуды жүзеге асыру тәртібі көрсетілген.
Банк аударым операцияларының үлкен көлемін жүзеге асырады, яғни заңды
және жеке тұлғалардың қаржы аударымдарын жүзеге асыру тапсырыстарын орындау
бойынша операциялар. Аударым операциялары кредиттік және дебеттік болып
бөлінеді. Кредиттік аударым – төлем құжатын, алушы банкке инициатор ұсыну
жолымен жүзеге асырылатын қолма-қолсыз төлем. Дебеттік аударым – ақша
жөнелтуші төлеу үшін төлем құжаттарны банкке бенефициар ұсынатын қолма-
қолсыз төлем түрі.
Аударым операцияларын жүзеге асыру үшін банкте төлеуші мен алушы
арасындағы есеп айырысудың келесі нысандары қолданылады:
-төлем тапсырмаларымен;
-төлем талап-тапсырмаларымен;
-инкассалық өкімдермен;
-чектермен;
-аккредитивтермен;
-вексельдермен;
-банктік карточкалармен және басқа Ұлттық Банктің нормативті құқықтық
актілерінде бекітілген төлем құжаттары;
Кредиттік аударым төлем тапсырмасын қолдану арқылы жүргізіледі.
Дебиттік аударымдарда келесідей төлем құжаттары қолданылады:
-чек;
-төлем-талап тапсырмасы;
-инкассалық өсім;
-вексель;
Төлем құжаты ақша жөнелтушінің қызмет көрсеткіші банкке, тапсырмада
көрсетілген соманы, оның ақшасын бенефициар есебіне аудару туралы берген
тапсырмасы. Аударымды жүзеге асыру үшін жөнелтуші өзіне қызмет көрсетуші
банкке бекітілген үлгідегі төлем тапсырмасын ұсынады. Төлем құжатында
міндетті түрде келесі деректемелер (реквизиттер) көрсетілуі тиіс:
-құжаттың аты;
-оны жазу күні,айы,жылы,құжат нөмірі. Күн-санмен, ай-сөзбен, жыл-санмен
көрсетіледі;
-ақша жөнелтуші заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқылық нысанын қоса, толық
атауы, дербес сәйкестендірілген коды;
-ақша жөнелтуші банктің ұйымдастыру-құқылық нысанын қоса, толық атауы,
дербес сәйкестендірілген коды;
-төлем мәні, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік-
құқықтық актілерімен бекітілген кодтық белгіленуі;
-бенефициар-банктің ұйымдық құқықтық нысаны көрсетілген толық атауы, оның
банктік сәйкестендіру коды;
-төлем мақсаты сол сияқты Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің
нормативтік-құқықтық актілерімен бекітілген кодтық белгіленуі;
-санмен және сөзбен көрсетілетін төлем сомасы;
-салық төлеуші бенефициар мен ақша жөнелтушінің тіркеу нөмері;
Төлем мақсаты бөлігінде ақша жөнелтуші аударым жүзеге асырылатын құжат
атын, нөмерін және күнін, сондай-ақ Код-төлем мақсаты бөлігінде –
төлемнің кодтық белгіленуін көрсетуге міндетті.
Төлем құжаттарын электронды түрдеде, сол сияқты қағаз
тасымалдаушыларымен де ұсынуға болады. Қағаз тасымалдаушыларында оларды
қайтару немесе орындалуын тоқтату жөніндегі кез-келген түзетулерді
жүргізуге болмайды. Алушы-банк немесе бенефициар-банк талаптарға сәйкес
келмейтін нысанда толтырылған және ұсынылған төлем құжаттарын акцептеуге
бас тартуға болады құқылы.
Ақша аударымы резинт емес бенефециар есебіне жүргізілсе (ақша
жөнелтуші банк болған жағдайдан тыс), өзіне қызметкөрсетуші банкке
бекітілген үлгіде шетел валютасында ақша аударымына өтінішті ұсынады.
Мұндай өтініш ақша жөнелтушінің алушы банкке ақша аударымы туралы берген
төлем құжаты болып табылады.
Алушы-банк ақша аударымына жазылған төлем тапсырмасын немесе өтінішті
оның жазылған күнін көрсете отырып, он күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.
Ол Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес, төлем тапсырмасы мен
аударымға өтініштен тыс төлем негізін дәлелдейтін басқа да құжаттарды талап
етуге құқылы. Ақша жөнелтуші қызмет көрсететін алушы банк келісімі бойынша
төлем тапсырмасында немесе ақша аударымы өтінішінде валюталық күнін
көрсетеді.
Жөнелтушінің төлем құжатын орындаудағы банк міндеттемесі төлем
құжатының акцепті деп аталады. Акцепт кезінде алушы банкке жөнелтушінің
банктік шотынан төлем тапсырмасында көрсетілген мөлшерде, сондай-ақ оны
орындаумен байланыстарды шығындар үшін ақша алу құқы беріледі.
Алушы-банк төлем тапсырмасын акцептеуі үшін, аталған төлем тапсырмасын
орындауға жеткілікті ақша сомасы жөнелтушінің банктік шотында болуы тиіс.
Клиринг ұйымы мен клиринг қатысушысы арасындағы келісімде Қазақстан
Республикасының заңдылығына қайшы келмейтін басқада шарттар көзделуі
мүмкін. Клирингтік ұйымдарда чектерді негізі және алдын-ала клирингтеу
жүзеге асырылады. Ол күн сайын, чектер клирингінің негізін жүргізгенге
дейін, банктер чектерді чек берушілер банктреі бойынша сырттан, чектердің
сомалары мен реквизиттерін көрсете отырып, берілген чектердің тізімін
толтырады.
Чектердің негізгі клирингін жүзеге асыру тәртібі бойынша басында чек
клирингіне қатысушы банктер тіркеледі, одан соң оның өкілдері өздеріне
бөлінген орындарға жайғасады, өкілдер пакет алмасады және өздерінің қолын
қойып тізбелерді және жалған (ақауы бар) чектерді анықтау туралы актілерді
куәландырады, клиринг ұйымының қызметкерлеріне жолдайды.одан соң қатысушы
банктер және клиринг ұйымы арасында құжат алмасу аяқталады, чек алмасу
бойынша қорытынды анықталып, чектердің негізгі клирингіне қатысушы
банктердің таза позициясы анықталады. Клирингке қатысушылардың таза
позициясын анықтау барлық қатысушылардың төлем құжаттары бойынша ақшалай
міндеттемелерін клирингтің бір қатысушысына қатысты және клирингтің аталған
қатысушысының ақшалай міндеттемелер бойынша сомаларын клирингтің қалған
қатысушыларына қатысты анықталады. Клиринг қатысушыларының таза
позицияларын анықтау кезінде барлық қатысушылардың дебеттік және кредиттік
таза позициялардың сомалары айырмасы нөлге теңесуі керек. Егер барлық
кредиттік және дебеттік таза позициялар бір-біріне теңеспесе, клирингтік
ұйым аталған сомалардың сәйкеспеу себебін анықтап, клиринг қатысушыларының
таза позицияларының қайта есебін жүргізеді.

1.2. Банк аралық есеп айырысудың аккредитивтік нысандары
Аккредитив – банктің бір немесе бірнеше банктерге аккредитивте
көрсетілген шарт негізінде қамтамасыз етілген сома шегінде жеке немесе
заңды тұлғаларға клиент есебінен нұсқау бойынша тапсырысы.
Аккредитивтік опреация – банктің күрделі делдалдық операциясы.
Банктер аккредитивтік операцияларды жүргізумен қатар аккредитивті ашқаны
жәненемесе жүргізгені үшін клиенттерден комиссиялық ақы алады.
Аккредитивтің негізгі түрлеріне ақшалай және құжаттық аккредитивтер жатады.
Ақшалай аккредитив – бұл клиенттің банкке ақша сомасын енгізгендігін
растайтын құжат және осы банктің бір немесе бірнеше банкке аккредитив
ұстаушының сонда көрсетілген соманы төлеуі туралы тапсырысының сәйкестігі.
Құжаттық аккредитив – клиент өтініші және нұсқауы бойынша немесе жеке өз
қарауы бойынша, онда көрсетілген бенефициарға немесе оның бұйрығы бойынша
төлем жүргізуге банктің міндеттемесін қарастыратын құжаттық есеп айырысу
нысаны, сондай-ақ бенефициар қойған аудармалы вексель акцепті мен төлемін
немесе аккредитивтің барлық шарттары сақталған жағдайда, белгіленген
мерзімде аккредитивте көрсетілген құжаттарға қарсы негоциацияны көрсетеді,
яғни сәйкес құжатты көрсеткен кезде төленеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен кепіл операцияларын өткізуге
лицензиясы болған жағдайда ғана бпнк аккредитив ашуға құқылы. Аккредитив
ашу үшін бұйрық беруші қызмет көрсетуші эмитент банкке келесі
деректемелерден тұратын өтінішті ұсынады:
-бұйрық берушінің аты және мекен-жайы;
-бенефициардың аты және мекен-жайы, оның банктік деректемелері;
-эмитент банктің аты;
-аккредитив түрі,
-аккредитив сомасы;
-аккредитивтің орындалу шарттары;
-аккредитивке қарсы орындалатын құжаттар тізімі;
-аккредитивтің әрекет ету мерзімі, тиеу мерзімдері, құжаттарды ұсыну
мерзімдері;
-аккредитив бойынша банктің шығындарды жабатын тараптар аты;
Бұл кезде аккредитив ашуға өтінішті екі данада ұсынады. Бірінші данасы
банкте аккредитив ашу үшін қалады, ал екінші данасы қабылданғаны туралы
белгімен банк бекітілген мерзімде клиентке қайтарылады. Одан соң банк
алынған өтініш негізінде бенефициар банкке жолдау үшін аккредитивті
рәсімдейді. Аккредитив нөмері, ашу орны мен күніне қоса, ашуға жазылған
өтініш деректемелер болуы тиіс. Сонай-ақ аккредитивте қайтарылатын немесе
қайтарылмайтын аккредитив екендігі анық көрсетілуі тиіс. Егер мұндай нұсқау
болмаса аккредитив қайтарылмайтын болып табылады.
Қайтарылатын аккредитив –эмитент-банк бенефициарды алдын-ала хабардар
етпестен өзгертілетін немесе жойылатын аккредитив, яғни оның қызметі онда
көрсетілген мерзім басталғанға дейін тоқтатылуы мүмкін.
Қайтарылмайтын аккредитив – банк пен бенефициарды сендіретін эмитент
банктің келісімінсіз өзгертуге және жоюға жатпайтын аккредитив, яғни уақыты
өткенге дейін жоюға құқы жоқ белгілі бір мерзімге ашылады.
Сонымен қатар оны орындау әдісі көрсетілуі тиіс, ұсыну бойынша төлеу,
мерзімін ұзартып төлеу, аудармалы вексель акцепті немесе неоциация. Бұйрық
беруші бенефициар өзгеріс жасағы келсе бастапқы ұсынылған аккредитивке
өзгеріс жасай алады. Бенефициар алынған өзгерісті қабылдау немесе
қабылдамау жөнінде хабар болуы тиіс. Егер ол өзгеріс жасағандығы туралы
хабарламаса, бастапқы ұсынылған аккредитив шарттары өз күшін сақтайды.
Өзгерту туралы бір хабарлаудағы жартылай жасалған өзгерістер қабылданбайды.
Егер аккредитив шартындаоны эмитент банк орындайтындығы көрсетілмесе, онда
аккредитивте төлемді жүргізуге, ұзартып төлеуге, аудармалы вексель акцепті
немесе негоциациясына өкілетті орындаушы банк көрсетілуі тиіс.
Егер аккредитив көрсетілген құжаттар эмитент банкке немесе оны орындаушы
банкке ұсынылса және барлық шарттары сақталса, онда қайтарылмайтын
аккредитив эмитент банктің келесі әрекеттерді орындауға нақты міндеттемесін
көрсетеді:
-егер аккредитив ұсынушыға төлеуді білдірсе, ұсыну бойынша төлем жасауға;
-егер аккредитив мерзімін ұзартып төлеуді білдірсе, аккредитив шартымен
көрсетілген мерзімдегі төлемді қамтамасыз етуге;
-егер аккредитив эмитент банкке акцепті қарастырса, бенефициар мен эмитент
банкке ұсынылған аудармалы вексельдерді акцептеу және мерзімі жеткенге
дейін оларды төлеу;
-бенефициар ұсынған аудармалы вексельді трассат банк акцептемесе немесе
акцептеп, бірақ белгіленген мерзімде төлемесе, мерзімінде акцептеу немесе
төлеу;
Қайтарылатын аккредитивті эмитент-банк өзгертуі немесе жойылуы мүмкін. Егер
өкілетті банк аккредитив бойынша өзгертуге немесе жоюға хабар алынбай тұрып
аккредитив бойынша төлем жүргізген болса, эмитент-банк оның жұмсаған
ақшасын өтеуі тиіс.
Аккредитивтер сондай-ақ жабылған және жабылмаған болып бөлінуі мүмкін.
Жабылған аккредитив – клиент қаржысы есебінен жабылатын аккредитив.
Жабылмаған аккредитив – банк есебінен есеп айырысуға кепілдік жасалатын
аккредитив.
Егер эмитент-банк қайтарылмайтын аккредитивті сендіру үшін өкілеттігін
басқа банкке жолдаса немесе өтінсе, онда сендіруші банкте эмитент банктегі
сияқты міндеттемелер қалыптасады. Егер өкілетті банк аталған аккредитивті
бекітуден бас тартса, онда ол эмитент банкті келесі жұмыс күнінен
кешіктірмей хабардар етуі тиіс.
Эмитент-банк ақшаны қалпына келтіру міндеттемесін орындаушы банктен басқа
банкке белгілей алады (рамбурстаушы банк). Мұндай жағдайда рамбурстаушы
банк ұсынылған рамбурстық талаптар негізінде ақшаны қалпына келтіру құқын
алады, бұл кезде эмитент-банк рамбурстаушы банкке уақытылы рамбурстық
нұсқау жасауы тиіс.
Эмитент-банк егер қалпына келтіру рамбурстаушы банктің бірінші талабы
бойынша немесе аккредитивте көрсетілген басқа да шартпен немесе банктенрдің
өзара келісімімен жүргізілмесе, орындаушы банктің әрбір жоғалтуына жауапты
болады.
Рамбурстаушы банк шығындары эмитент-банк есебінен жабылады, кейде үшінші
жақ есебінен төленеді, бұл жағдайда банк аккредитивтің түп-нұсқасына белгі
қоюы керек. Аккредитив орындаомаған жағдайда рамбурстаушы банктің
шығындарын қалпына келтіруге эмитент-банк жауапты.
Аккредитив бенефициарға кез-келген басқа банк арқылы жолдануы мүмкін
(авизолаушы банк). Бұл кезде авизолаушы банк аталған аккредитивті орындау
бойынша өзіне міндеттеме қабылдайды. Егер банк авизолаушы банк қызметін
аккредитивтерді авизолауға пайдаланса, онда аккредитив шартына өзгеріс
жасау осы банк арқылы жүргізіледі.
Аккредитивті алған соң авизолаушы банк оның сыртқы белгілері бойынша
түпнұсқасы екендігін тексереді.
Авизолаушы банк аккредитивті авизоламауға шешім қабылдай алады, бұл
жағдайда ол шешім қабылдағаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей
эмитент банкті хабардар етіп, оған аккредитивті қайтаруы тиіс. Егер
авизолаушы банк аккредитивтің түпнұсқа екендігін анықтай алмаса, онда ол
келесі жұмыс күнінен кешіктірмей эмитентбанкті хабардар етуі тиіс.
Аккредитивтің түпнұсқа екендігіне эмитент-банктен сендіру болмаса,
авизолаушы банк оған аккредитивті қайтарады.
Эмитент-банк бекітушібанк немесе атқарушы банк тауар жөнелту құжаттарын
алғаннан кейінгі жеті жұмыс күні ішінде олардың кешенділігін, сондай-ақ
аккредитивтің сыртқы белгілерінің сәйкестігін, яғни аккредитивтің тиісті
шарттарына құжат деректемелерінің сәйкестігін (келісіршарт нөмері, тиеу
күні, тауарды жеткізу орны, тауарды тиеу орны, тауарды жеткізу шарттары
және басқалары) тексереді. Егер құжаттар сыртқы белгілері бойынша
сәйкеспесе, банктер мұндай құжаттардан бас тартуға құқылы. Аккредитивте
көрсетілмеген құжаттарды банк тексермеуі тиіс. Егер эмитент-банк құжаттар
сыртқы белгілері бойынша аккредитив шарттарына сәйкеспейтіндігін анықтаса,
онда банк өз қалауы бойынша бұйрық берушімен сәйкессіздікті жою мәселесі
бойынша байланыса алады.
Барлық аккредитивте мерзімнің аяқталу күні мен құжаттарды төлемге,
акцептек, негоциациялауға ұсыну орындары көрсетілуі тиіс. Құжаттар
мерзімінің аяқталу күнінде немесе мерзім аяқталғанға дейін ұсынылуы тиіс.
Аккредитив бенефициардан басқа бір немесе бірнеше тұлғалардан толықтай
немесе бөлшектеп қолданылуы мүмкін. Мұндай аккредитив аудармалы немесе
трансферабьлді деп аталады. Эмитент-банк оны аудармалы деп көрсеткен,
жағдайда аккредитив аударылуы мүмкін.
Аккредитив аударымын жасау үшін бастапқы бенефициар аударуды өткізуші
банкке, екіншісі бенефициар үшін түзетуді авизолау құқын қабылдау жөнінде
қайтарылмайтын нұсқау бере алады. Өткізуші банктің мұндай шартпен
аккредитив аударымына келісім жағдайында банк аударым кезінде екінші
бенефициарға бастапқы бенефициардың түзетуге қатысты нұсқауын хабарлауы
тиіс. Аккредитив екінші бенефициар нұсқауы бойынша келесі үшінші
бенефициарға аударылмауы мүмкін. Аккредитив аударымына байланысты өткізуші
банк шығындары бастапқы бенефициармен төленеді. Бұл кезде өткізуші банктің
мұндай шығындар төлегенге дейін аккредитив аударымы бойынша ешқандай
міндеттемесі болмайды.
Алынған көліктік немесе сақтандыру құжаттарының аккредитив талаптарына және
ол бойынша өзгерістерге сәйкес келсе, эмитент-банк немесе орындаушы банк
бенефициар есебіне төлем жасайды. Аккредитив шартына сәйкес оның векселін
акцептейді немесе негоциациялайды. Аккредитивтің орындалуына негізделген
төлемдер қолма-қол тәптіппен жүргізіледі. Егер төлем бенефициар есебіне
жүргізілсе эмитент-банк аккредитив сомасына төлем тапсырысын рәсімдейді,
оның орындалуы Қазақстан Республикасының заң актілері мен Ұлттық банктің
нормативтік-құқылық актілерімен бекітілген талаптарды сақтай отырып
жүргізіледі.
Шетел валютасында белгіленген аккредитивтердің орындалуы біздің
мемелекеттің валюталық заңдылығына сәйкес жүргізіледі. Бенефициардың
аудармалы векселінің акцепті немесе негоциациясы аккредитивтер шарттарына
сәйкес,Қазақстан Республикасының Қзақстан Республикасындағы вексель
айналымы туралы заңы және Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктермен
аударым операцияларын жүргізу тәртібі мен бекітілген ережелеріне сәйкес
жүргізіледі.

II-тарау. Банк аралық есеп айырысу операцияларын салыстырмалы түрде талдау
2.1. Вексельдік операциялар есебі және оны талдау
Вексельдермен операциялар – бұл банк қызметіндегі маңызды бағыттардың
бірі. Біздің елімізде соңғы кезге дейін аталған операциялар басқа банктік
операциялармен салыстырғанда, оларды шектеп қолданумен және оларды жүзеге
асырудың бірыңғай механизмінің болмауымен байланысты төмен дамыды. Бірақ
1997 жылы 28 сәуірден Қазақстан Республикасының Қазақстан
Республикасындағы вексель айналымы туралы заңының қабылдануымен жай және
аудармалы коммерциялық вексельдермен операциялар өткізу тәртібі анықталды.
Вексельдер нарығының басты міндеті қысқа мерзімді ақша қаржыларын қайта
бөлу, бұл кезде коммерциялық және қаржылық вексельдер нарық обьектісі болып
табылады. Оның резиденттері бірінші деңгейдегі несиелік мекемелер және оның
клиенттері, ал оның негізіне есептік, комиссиялық және коммерциялық банктер
мен басқа да әр түрлі несиелік операциялар жатады. Екінші деңгей
субьектілеріне тек несиелік мекемелер жатады: бір жақтан Ұлттық банк,
екінші жақтан – банктік жүйенің екінші деңгейлі мекемелері, соның ішінде
коммерциялық банктер. Нарықтың аталған деңгейі операцияларының үлкен
бөлігін бірінші кластық вексельдерді қайта есептеу және қайта кепілдеу
құрайды.
Вексель айналымы әр түрлі салаларды қамтиды – бұл банктік қарыз беру
кезіндегі банктер мен клиенттер арасындағы қатынас (соло вексельдер); қоғам
мен мемлекет арасындағы қатынас (қазыналық вексельдер), сондай-ақ жеке
тұлға мен заңды тұлға арасындағы банк қатысынсыз қатынас.
Вексельдер шығу негізіне жататын қызмет мақсаты мен сипатына, сондай-ақ
қамтылуына байланысты:
-коммерциялық;
-қаржылық;
-тұрақты вексельдерге бөлінеді.
Коммерциялық вексель тауарларды несиеге сату-сатып алу қызметі негізіндегі
айналымда пайда болады, сатып алу кезінде ақшасы жеткіліксіз болса,
сатушыға оның орнына басқа төлем құралы-вексель ұсынылады.
Осындай ретаен тауарлық вексель ұсынушыға осы вексель көмегімен сатылған
тауардың сомасын қамтиды. Сатып алушы векселі вексель айналымының негізі
болып табылады, өйткені олар нақты мерзіммен және несиеге сатылған
тауарлардың сомасымен шектеледі.
Қарыз қызметі ақшалай нысанда қаржылық вексельдермен рәсімделеді. Ақшалай
міндеттемені қаржылық вексельдермен қалыптастыру, кредиторлар құқын қорғау
мақсатында оны уақытылы және дәл қамтудың қосымша әдісі болып табылады.
Вексельдің қарыз міндеттемесі ретінде ерекше белгісі шартсыз, даусыз
міндеттеме болып табылуында, яғни оны ұсынуға байланысты себептерге
қатыссыз. Өз айналымдылығына байланысты ол төлем құралы қызметін де орындай
алады.
Жалпы банктегі вексельдермен операция келесі нысандарда жүзеге асырылады:
банктің вексель ұсынушыға вексельде көрсетілген соманы, қолданбалы есеп
мөлшерлемесі бойынша пайыздарды алып тастап төлеуі кезіндегі коммерциялық
банктің вексельдер есебі (немесе Ұлттық банктің қайта есептеуі); вексельдер
кепілі есебінен қарыз, вексель акцепті, авалі және вексельдермен
комиссиялық операциялар.
Коммерциялық банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің тиісті
операцияларды өткізуге құқық беретін лицензиясын иемдене отырып,
операциялардың вексельдермен байланысты келесі түрлерін өткізе алады:
▪ вексельдерді инкассоға қабылдау;
▪ делдалдық тәртіпті вексельдерді акцептеу;
▪ төлеушінің инкассоға қабылданған вексельдерді төлеу бойынша қызметтер
ұсынуы, сондай-ақ домицильдік вексельдерді төлеу. Бұл операцияларды банктер
вексельдермен операцияны жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда жүргізе
алады;
▪ вексель бойынша міндетті тұлғалардың бірі үшін аваль қою. Бұл операция
кепіл операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар банктерде жүргізіледі;
▪ вексельдер есебі;
Бұл операцияларды вексель есебін жүзеге асыруға лицензиясы бар банктер
жүргізеді. Вексельдерді инкассоға қабылдау үшін инкассат пен сенуші немесе
ремитент-банк арасында келісім жасалынады, бұл кезде инкассолауға жасалған
тапсырма негізінде жүзеге асырылады.
Вексель инкассоға қабылдау банк атына жазылған индоссаментте келесі
сөздерді жазумен рәсімделеді: валюта алуға, инкассоға немесе басқа да
сөздермен, яғни төлем алу түріндегі тапсырманы немесе төлем алынбаған
жағдайда вексель қарсылығын жүргізуге. Егер инкассоға тапсырманы орындау
үшін инкассолаушы банктің қатысы талап етілсе, ремитент-банк немесе
вексельде инкассолаушы банк есебіне қайта тапсырма индоссаментін белгілеп,
сенуші жазған инкассолық тапсырманы вексельмен бірге жолдайды. Вексель
инкассоға алынған соң, инкассат вексельде немесе инкассоға тапсырмада
көрсетілген мерзімнене кешіктірмей, жазбаша түрде құжаттың инкассоға
түскені туралы төлеушіні хабардар етуге міндетті. Егер вексельді инкассоға
жолдауда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстандағы қолма - қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру
Банкаралық корреспонденттік қатынастардың мәні
КСРО Агроөнеркәсіп банкі
Банкаралық корреспонденттік қатынастар
Қазақстан Республикасындағы банк ісін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасындағы төлем операцияларының маңызы
Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі
Төлем жүйесі (лекциялар жинағы)
ҚР Ұлттық банкі - банктердің банкі
Пәндер