Бухгалтерлік есептің шоттары



Кіріспе
І тарау. Бухгалтерлік есептің шоттары.
1.1. Бухгалтерлік есептің шоттары,олардың мақсаты мен құрылысы.
1.2 Жинақтамалы және таңдамалы есеп.
1.3 Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары.
ІІ тарау. Бухгалтерлік баланс құрылымы және екі жақты жазу
2.1 Екі жақты жазу жүйесі
2.2 Бухгалтерлік баланс құрылымы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кез келген кәсіпорынның бухгалтерлік балансында сол ұйымның меншігіндегі шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерінің есеп беретін уақыттағы жағдайы көрсетіледі. Әйтседе ұйымның шаруашылық қызметін басқару үшін оның мүліктері мен қаржыларының және олардың қорлану көздерінің есеп беретін уақыттағы жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Яғни кәсіпорынның қызмет басқару үшін оның шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерінің есепті кезең барысындағы, яғни күнделікті өзгерісін біліп, қадағалап отыру қажет. Кәсіпорында әрбір күнтізбелік жұмыс күні барысында бірнеше операцияның орындалуы мүмкін. Бұл операциялардың барлығы да ұйымның капиталына қандай да бір дәрежеде әсерін тигізеді. Ал осы операцияларға сәйкес бухгалтерлік баланс баптарындағы сандарды өзгертіп отыру, яғни әрбір операциядан кейін кәсіпорынның жаңа бухгалтерлік балансын жасау тиімді болып табылмайды.осыған дейін айтылғандай бухгалтерлік баланс әрбір айдың (тоқсанның, жылдың) бірінші күніне қарай жасалады. Міне, осыған сәйкес ұйымда орындалатын әрбір операцияларды және олардың негізінде болатын өзгерістерді жіктеп (топтастырып) есептеп отыру үшін бухгалтерлік баланс қолданылады.
1. Закон «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности», от 26декабря 1996г., №2732 с изм. и доп. От 24июня 2002г.
2. Международные стандарты финансовой отчетности, Алматы 2002г.
3. Стандарты бухгалтерского учета, - Алматы 1996г.
4. В.К.Родостовец, В.В.Родостовец, О.И.Шмидт «Бухгалтерский учет на предприятии», Алматы 1998г.
5. Қ.К.Кеуілімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ә.Жантаева, «Қаржылық есеп», Алматы «Экономика» 1998ж.
6. П.П.Новиченко «Бухгалтерский учет», Москва «Финансы и статистика» под. ред., 1990г.
7. Т.А.Тасмағанбетов «Қаржылық есеп», Алматы «Дәуір» 1998ж.
8. Э.С.Хендриксек, М.Ф.Ванбреда «Теория бухгалтерского учета», Москва «Финансы и статистика», 1997г.
9. Учет основных средств и нематериальных активов // Досье бухгалтера.№1-2001г.
10. Налогоблажение нематериальных активов // Библиотека бухгалтера.№2-2002г.
11. Фиксированные активы // Бюллетень бухгалтера // №19-2000г.
12. Типтік шот жоспар және оны қолдану бойынша нұсқау // №438-2002ж.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе
І тарау. Бухгалтерлік есептің шоттары.
1.1. Бухгалтерлік есептің шоттары,олардың мақсаты мен құрылысы.
1.2 Жинақтамалы және таңдамалы есеп.
1.3 Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары.
ІІ тарау. Бухгалтерлік баланс құрылымы және екі жақты жазу
2.1 Екі жақты жазу жүйесі
2.2 Бухгалтерлік баланс құрылымы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

Кіріспе
Кез келген кәсіпорынның бухгалтерлік балансында сол ұйымның
меншігіндегі шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерінің есеп
беретін уақыттағы жағдайы көрсетіледі. Әйтседе ұйымның шаруашылық қызметін
басқару үшін оның мүліктері мен қаржыларының және олардың қорлану
көздерінің есеп беретін уақыттағы жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Яғни
кәсіпорынның қызмет басқару үшін оның шаруашылық құралдары мен олардың
қорлану көздерінің есепті кезең барысындағы, яғни күнделікті өзгерісін
біліп, қадағалап отыру қажет. Кәсіпорында әрбір күнтізбелік жұмыс күні
барысында бірнеше операцияның орындалуы мүмкін. Бұл операциялардың барлығы
да ұйымның капиталына қандай да бір дәрежеде әсерін тигізеді. Ал осы
операцияларға сәйкес бухгалтерлік баланс баптарындағы сандарды өзгертіп
отыру, яғни әрбір операциядан кейін кәсіпорынның жаңа бухгалтерлік балансын
жасау тиімді болып табылмайды.осыған дейін айтылғандай бухгалтерлік баланс
әрбір айдың (тоқсанның, жылдың) бірінші күніне қарай жасалады. Міне, осыған
сәйкес ұйымда орындалатын әрбір операцияларды және олардың негізінде
болатын өзгерістерді жіктеп (топтастырып) есептеп отыру үшін бухгалтерлік
баланс қолданылады.

1.Бухгалтерлік есептің шоттары,олардың мақсаты мен құрылысы.
Шаруашылық қызметіне басшылық ету үшін қорлардың жағдайы мен олардың
көздері туралы ақпаратпен қатар осы қорлардың жабдықтау,өндіру және сату
процестерінің барысындағы қозғалысы туралы мәліметтер қажет. Ол үшін әрбір
шаруашылық операциясын көрсету керек,мұның өзі қажетті ақпарат алуды
қамтамасыз етеді.Осы мақсатпен бухгалтерлік есепте шоттар жүйесі
пайдаланыла ды.Оның көмегімен есептің экономикалық жағынан біртектес
объектілері жіктелінеді.
Бухгалтерлік есептің теориясы мен әдістемесінде бухгалтерлік есеп
шоттарының жүйесіне ерекше рөл беріледі,өйткені оларды пайдаланумен қатар
ақпараттарды қосарлап көрсету,оларды жинақтау және жалпылау порблемалары
шешіледі.Шоттарда жазбалар екіжақты жазу әдісін қолдану арқылы жүргізіледі.
Бухгалтерлік есептің шоттары – дегеніміз шаруашылық қорлары мен олардың
көздерін ақшалай бағамен топтастырудың,ағымдағы есепке алудың, бақылаудың
және көрсетудің әдісі.
Шот – бұл ақпарат жинақтаушы.Кейіннен ол жинақталуды және әр түрлі
жинақ көрсеткіштер мен есептемелерді жасау үшін пайдаланылады.
Шоттар шаруашылық қорларының әрбір түріне,олардың көздеріне және
шаруашылық процестеріне бухгалтерлік есеп объектілерінің белгіленген
жіктемесі арқылы ашылады.Бухгалтерлік шоттарға барлық жазулар құжаттарының
негізінде жазылады.Операцияларды шоттарда тіреку ақшалау түрде
жүргізіледі.Бұл орайда алғашқы құжаттардағы натуралды көрсеткіштер ақшалай
көрсеткіштерге ауыстырылады.
Сыртқы түрі бойынша шот екі бөліктен тұратын кесте бейнелі.
Шоттың сол жақ бөлігі – дебет, ал оң жақ бөлігі – кредит деп аталады.
Әрбір шотқа айдың басындағы және соңындағы қалдықтың (сальдоның) және
дебеті мен кредиті бойынша ай үшін айналымның болуы тән.
Шаруашылық операцияларын шоттарда көрсету үшін құжаттық растау қажет.
Оған қағаздық алғашқы құжаттар, машиналық тасығыштар,дискеттер және т.с.с.
мысал бола алады.Бұл орайда олардың әрқайсысының заңдық күші болуға тиіс.
Шоттардың активтік және пассивтік деген түрлері болады.Олар өз атауын
баланс жақтарының атауынан алған және олардың мазмұны көрсетеді.
Активтік шоттар шаруашылық қорларын олардың құрамы мен орналасуы
бойынша есепке алуға арналады.Мысалы, Ағымдағы корреспонденттік шоттағы
ұлттық валюьтадағы ақша шоты, Шикізат пен материалдар шоты, Кассадағы
ұлттық валютамен қолға берілетін ақшалар шоты және т.б.
Активтік шоттардағы қалдықтар тек дебеттік болады.
Пассивтік шоттар шаруашылық қорларының көздерін олардың мақсаттық
бағыты бойынша есепке алуға арналған.Мысалы, Банктердің несиелері шоты,
Резервтік капитал шоты және т.б. Пассивтік шоттағы қалдықтар тек
кредиттік болады.
Дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды көрсету шоттар
корреспонденциясы немесе қарапайым шаруашылық операцияларының мысалында
қарастырылатынын атай кету керек. Олардың мағынасы: бір шоттың дебетіне
және екінші шоттың кредитіне әсерін тигізеді,яғни оған тек екі шот қана
қатысады.
Бухгалтерлік жазулар қарапайым және күрделі болып бөлінеді.
Бір шоттың дебеті екінші шоттың кредитімен корреспонденцияланатын жазу
қарапайым деп аталады.
Бір шоттың дебеті екі немесе одан да көп шоттардың кредитімен
корреспонденцияланатын, бір шоттың кредиті екі немесе одан да көп шоттардың
дебетімен корреспонденцияланатын бухгалтерлік жазу күрделі жазу деп
аталынады.
Шаруашылық операцмяларын бухгалтерлік есептің шоттарына жазу
құжаттарының негізінде жүргізіледі.Шаруашылық операциясының пайда болу
мөлшеріне қарай жүргізілетін жазу және олардың құжаттармен ресімделуі
хронологиялық деп аталынады.Мұндай жазулар шаруашылық операцияларын тіркеу
журналында жүргізіледі.
Деректерді экономикалық біртектес объектілер бойынша жүйелендіретін
жазулар жүйелік деп аталынады.Шаруашылық операциясының бұл жазулары
шоттарда жүргізіледі.Есеп практикасында хронологиялық және жүйелік
жазулардың бір кестеге бірігуі сирек емес.
Шаруашылық операциясын екіжақты көрсетудің мәні – ол бір шоттың дебеті
бойынша және екінші шоттың кредиті бойынша бірдей сомамен жазылуға тиіс.
Демек,екіжақты жазу әдісін пайдаланып шоттар корреспонденциясын жасаған
кезде үш құраушы қатысады: шаруашылық операциясының мазмұны; дебеттелетін
шот; кредиттелетін шот.
Екіжақты жазудың мәні кәсіпорын балансының құрылымымен түсіндіріледі.
Онда оның мүлкі екі тұрғыдан қарастырылады:құрамы мен орналасуы бойынша
(баланс активі); осы мүліктің қалыптасу көздері бойынша (баланс пассиві).
Сондықтан баланстың активі мен пассивінің жиындары әрқашан тең.
Демек,екіжақты жазу әдісінің қажеттілігі кәсіпорынның мүлкін үлкен
қадағалаушылық мәні бар, өйткені сол бір ғана шаруашылық операциясы бірдей
сомамен екі рет көрсетіледі.Сондықтан осы операция бойынша сома
айырмашылығы болса, жіберілген қателік пен оған жауапкер де анықталады.
Бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспары дегеніміз кәсіпорынның қаржы-
шаруашылық қызыметін есепке алуға қажетті,экономикалық негізделген
шоттардың жүйеленген тізімі.Субъектінің қаржы-шаруалық қызыметінің
бухалтерлік есебі шоттарының Бас жоспары,сондай-ақ оны қолдану жөніндегі
нұсқаулық 1997 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілген.
Кәсіпорынның қаржы- шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі шоттарының
Бас жоспарының шетелдік инвесторлапр қатысатын кәсіпорындарды және шетелдік
кәсіпорындарға толықтай тиесілі кәсіпорындарды қосалғанда, бухгалтерлік
есепті екі жақты жүйемен жүргізетін кәсіпорындар, бірлестіктер және халық
шаруашылығының ұйымдары пайдаланады.
Шоттардың бас жоспарын қолдану жөніндегі Нұсқаулық бухгалтерлік
есепшоттарының Бас жоспарыының қолдануға және шруашылық қызметінің бір
тектес фактілерін бухгалтерлік есептің шоттарында көрсетуге біріңғай
қадамды белгілейді.
Шоттардың Бас жоспары бойынша оны қолдану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес
бухгалтерлік есеп тәуелділігіне, меншік нысанын ұйымдық-құқықтық нысанына
қарамастан,барлық шаруашылық салалаының,қызмет түрлерінің кәсіпорындарында
(банктер мен бюджеттік ұйымдардан басқа) ұйымдастырылуға тиіс.
Шоттардың Бас жоспарда бірінші реттегі жинақтамалы шоттардың атаулары
мен кодтары келтірілген.
Бухгалтерлік есептің шоттары мынадай бөлімдерге біріккен:
1-бөлім.Айналымнан тыс активтер:
2-бөлім.Тауарлы- материалдық қорлар.
3-бөлім.Дебиторлық берешек және басқа активтер.
4-бөлім.Қаржы инвистициялары мен ақшалар.
5-бөлімі.Меншікті кпаитал,
6-бөлім.Мінднттемелер.
7-бөлім.Кірістер.
8-бөлім.Шығыстар.

1.2 Жинақтамалы және талдамалы есеп.
Бухгалтерлік есептің шоттары жинақтамалы және талдамалы болып бөлінеді.
Шаруашылық қорларын немесе олардың көздерін жалпылама түрде көрсетуге
арналған шоттар жинақтамалы шоттар деп аталады.Осындай шоттармен
жүргізілетін есеп жинақтамалы есеп деп аталынады.
Жинақтамалы есептің ерекшелігі – ол тек ақшалай бірлікпен жүргізіледі
және кәсіпорында бар материалдық құндылықтардың сомасы қандай, берешектің
сомасы қандай екендігін көрсетеді. Жинақтамалы шоттар бухгалтерлік балансты
жасауға қажет.Алайда кәсіпорынды басқару және қаржы-шаруашылық қызметіне
басшылық ету үшін материалдарды жеткізушілердің әрқайсысы бойынша, әрбір
сатып алушы бойынша және т.с.с. бойынша егжей-тегжейлі деректер болу керек.
Яғни кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтарына тек ақшалай
түрде ғана емес, сондай-ақ натуралды түрде де сипаттама беретін нақты, жеке
талап етіледі.Сондықтан жинақтамалы шоттарды экономикалық жағынан
топтастыруды дамыту үшін талдамалы шоттар ашылады.
Қорлардың және оның көздерінің жекелеген түрлерінің құрамдас бөліктерін
есепке алуға арналған шоттар талдамлы шоттар деп аталады,ал осы шоттардың
көмегімен жүргізілетін есеп талдамалы есеп деп аталынады.
Бухгалтерлік есептің жинақтамалы және талдамалы шоттары өзара
байланысты,өйткені жинақтамалы шоттарда көрсетілген сол мүліктердің түрлері
мен оларды қалыптастыру көздері, шаруашылақ операциялары талдамалы шоттарда
көрініс табады, бірақ экономикалық топтарға бөлінген түрде көрсетіледі.
Бұл түптеп келгенде талдамалы шоттың деректкрі тиісті жинақтамалы шоттың
жиынтық деректеріне тең болуға тиіс.
Айналым ведомосі – бухгалтерлік есептің шоттарында көрсетілген есепік –
ақпаратты жинақтаудың тәсілі.Айналым ведомосі айдың басындағы және
соңындағы қалдықтар (сальдо)және шоттың ай ішіндегі дебеттік және кредиттік
айналымдары туралы шот деректері негізінде ай соңында жасалады!
Жинақтамалы есептің шоттары бойынша айналым ведомосінде әрбір шотқа
жеке жол беріледі.Бұл ведомосте қосарланған үш баған болады. Олар әрбір шот
бойынша бастапқы сальдо,шоттың дебет мен кредиті бойынша айналымдар және
соңғы сальдо жазылады. Бухгалтерлік есеп дұрыс ұйымдастырылатын болса,
баған жиындарында мінднтті түрде қосарланған теңдік болуға тиіс,яғни
дебеттік бастапқы сальдоның жиыны кредиттік бастапқы сальдоның жиынына тең
болуға тиіс, шот бойынша дебеттік айналымдардың жиыны – кредиттік
айналымдардың жиынына,дебеттік соңғы сальдоның жиыны – кредиттік бастапқы
сальдоның жиынына тең болуға тиіс.
Барлық шоттар бойынша дебеттік және кредиттік айналымдардың жиындарының
теңдігі екіжақты жазу әдісінің мәнінен бастау алады.
Бұған қоса айналым ведомосіндегі шоттар бойынша дебеттік және кредиттік
айналымдардың өзара тең жиындары шаруашылық операцияларын тіркеу
журналындағы жиынға да тең болуға тиіс. Бұл теңдік мәні - әрбір шаруашылық
операциясының сомасы шаруашылық операцияларын тіркеу журналында, сондай-ақ
бухгалтерлік есептің шоттарында дебеті мен кредиті бойынша көрініс табады.
Жинақтамалы шоттар бойынша айналым ведомосі есепті кезеңдегі шаруашылық
қорлары мен олардың пайда болу көздерінің жалпы жағдайын бағалауда маңызы
зор болмақ.Жинақтамалы есептің шоттары бойынша айналым ведомосінің
қалдықтар туралы ақпарат кәсіпорынның бухгалтерлік балансын жасаған кезде
пайдаланылады.
Талдамалы шоттар бойынша айналым ведомосі есептің жүргізілуінің
дұрыстығы мен толықтығын тексеруге арналған.Олар жинақтамалы шоттағы
жазуларды талдамалы есептің жазуларымен салыстыруға арналған құрал,сондай-
ақ нақты шаруашылық ресурстарының жағдайын және қозғалысын қадағалау көзі
болып табылады.
Жинақтамалы есептің шоттары бойынша жүргізілетін шахматтық айналым
ведомосі деген де белгілді.Ол шахматтық нысанда жасалады.
Жоғарыда келтірілген айналым ведомосінен айырылмашылығы –оған шоттар
корреспонденциясы енеді және құрылымы боиынша күрделі және ауқымды болып
табылады.
Жалпы бухгалтерлік есеп шоттары одан алынатын ақпараттардың түріне және
мәліметтермен қамтамасыз етілуіне қарай жинақтамалық (топталық,
синтетикалық)және талдамалық (аналитикалық) деп аталатын екі түрге
бөлінеді.
Жинақтамалық (топталық, синтетикалық) шот негізінен бухгалтерлік
баланстың баптары негізінде ашылады.бұл шот арқылы белгілі бір мүлік немесе
қорлану көздері туралы жалпылайақпарат алуға ғана болады. сондай-ақ шоттың
бұл түрінде объектілер тек қана ақшалай өлшеммен көрсетіледі.
Мысалы, дайын өнім деп аталатын шотқа қарап отырып кәсіпорынның барлық
өндірген, жасап шығарған бұйымдарының ақшалай өлшем түріндегі өзіндік құнын
көре аламыз. Сондай-ақ отындар деп аталатын шотқа қарап отырып ұйымдағы
қолда бар отын қалдығының сомасын ғана көруімізге болады.
Бірақ бұл жинақтамалық (топталық, синтетикалық) шоттардағы мәліметтер
кейде кәсіпорынды тиімді басқару барысында жеткізіліксіз болады. өйткені
ұйымдағы басқарушы немесе осы шоттағы мәліметтерді пайдалану арқылы шешім
қабылдаушы адамға жоғарыдағы мысалда қарастырылған дайын өнімнің қанша
түрлі өнім екендігін, оның ішінде әрбір өнімнің санын және оның бір
данасаның бағасын білу мүмкін. Сондықтан бухгалтерлік есепте жинақтамалық
(топтамалық, синтетикалық) шоттармен қатар талдамалық деп аталатын шоттарда
қолданылады. Негізінен талдамалық шот жинақтамалық (топтамалық,
синтетикалық) шоттардағы мәліметтерді толық және жан-жақты ашып көрсетуге
арналған. Есепке алынатын объектілер бұл шотта өздерінің түрі бойынша
ақшалайөлшеммен және заттай өлшұеммен есептелініп жүргізіледі.
Мысалы: ККК фирмасының есепті кезең басындағы дайын бұйымдары А-түрлі
өнімі – 10000 (он мың) теңгені, Ә-түрлі өнімі 5000 (бес мың) теңгені А-
түрлі және 15000 (он бес мың) теңгенің Ә-түрлі бұйымдары өндіріліп
шығарылды. Сонымен қатар осы кезеңде 20000 (жиырма мың) теңгенің А-түрлі
және 10000 (он мың) теңгенің Ә-түрлі өнімдері сатылады.
ККК фирмасының дайын бұйымдар деп аталатын жйнақтамалық (топтамалық,
синтетикалық) шотында бұл операция мына түрде жазылады:

Жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шот

Дебит Дайын бұйымдар
Кредит
Бастапқы қалдық 15000
40000 30000
айналым айналым
40000 30000
соңғы қалдық
25000

Осы есепті кезендегі ККК фирмасындағы орындалған операциялар дайын
бұйымдар деп аталатын талдамалық (аналитикалық) шотта бұйымның түрлері
бойынша мына түрде көрсетіледі.

Талдамалық (аналитикалық) шот

Дебит А-түрлі Дайын бұйымдар
Кредит
Бастапқы қалдық 10000
25000 30000
айналым айналым
25000 30000
соңғы қалдық
15000

Талдамалық (аналитикалық) шот

Дебит А-түрлі Дайын бұйымдар
Кредит
Бастапқы қалдық 5000
15000 10000
айналым айналым
15000 10000
соңғы қалдық
10000

Міне осы мысалымыздан көріп отырғанымыздай әрбір жинақтамалық
(топталық, синтетикалық) шоттардағы бастапты қалдық сомасы, соған сәйкес
талдамалық (аналитикалық) шоттардың бастапқы қалдықтарының қосындысынан
тұрады. Тбіздің мысалымызда (15000=10000+5000) теңгеге тең болып отыр.
Жинақтамалық (топталық, синтетикалық) шоттардағы дебиттік айналымдарының
сомасы да тиісінше талдамалық шоттардың дебиттік және кредиттік
айналымдарының қосындысына тең болады. жоғарыдағы мысалымызда бұл сома:
дебиттік айналым (40000=25000+ 15000), ал кредиттік айналым
(30000=20000+10000) теңгені құрайды. Сондай – ақ жинақтамалық (топталық,
синтетикалық) шоттың соңғы қалдығы, сол шоттарда сәйкес тлдамалық шоттардың
соңғы қалдықтарының қосынды сомаларына тең болуі тиіс. Қарастырған
мысалымызда бұл сома (25000=15000+10000) теңгеге тең.
Осы жоғарыда айтылғандарымен қоса әрбір ұйым өзінің талдамалық
шоттарындағы сомаларды әрі қарай жіктеулеріне де болады.
Мысалы, жоғарыдағы мысалда қарастырылған А-түрлі өнімнің бастапқы
қалдығы 10000 (он мың) теңгені құрады. Есепті кезенде 25000 (жиырма бес
мың) теңгенің А-түрлі бұйымдары өндіріліп шығарылып, сонымен қатар осы
кезеңде 20000 (жиырма мың) теңгенің А-түрлі өнімдері сатылған. Кәсіпорын
осы А-түрлі өнімнің өзін қанша дана және әрбір данасынаң құны қанша теңгені
құрайтындығын көрсетеді.

Талдамалық (аналитикалық) шот

Дебит А-түрлі Дайын бұйымдар
Кредит
Бастапқы қалдық 100 х 100 тг.
2) 250 дана х 100 тг. 2) 200 дана х 100 тг.
25000 тг. 20000 тг.
Айналым Айналым
25000 20000
Соңғы қалдық 150 дана х 100 тг.

Осыдан көретініміз ККК фирмасында есепті кезеңнің басында 100 (бір
жүз) теңгенің 100 (бір жүз) дана А-түрлі өнімдері болған. Ал себепті
кезеңде 100 (бір жүз) теңгенің 250 (екі жүз елу дана) өнімдері өндіріліп
шығарылып, осылардың 200 (екі жүз) данасы сатылған. Соған сәйкес есепті
кезеңнің соңындағы ККК фирмасындағы А-түрлі өнімдер 150 (бір жүз елу)
дана, әрқайсысы 100 (бір жүз) теңгеден 15000 (он бес мың) теңгені құрайды.
Бухгалтерлік есепте шоттардың жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық)
және талдамалық деп аталатын екі түрінен басқа аралық шот (субшот) деп
аталатын түрі де жиі қолданылады. Бұл шот өзінің аталуына сай жинақтамалық
(топтамалық, синтетикалық) шотқа қарағанда жіктелінген түрде, ал талдамалық
деп аталатын шотқа қарағанда топтастырылған түрде қолданылады. Сондықтан да
бұны осы екі шоттың ортасындағы, яғни аралық шот – деп атайды. Бұл шотта
объектілер тек қана ақшалай өлшеммен есептеліп жүргізіледі.
Мысалы, кәсіпорынның қолда бар отыны 100000 (жүз мың) теңгені құрайды
делік. Бұл жағдайда жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) отын шотының
бастапқы қалдығы қалдығы 100000 (жүз мың) теңге түрінде жазылады. Ал осы
отын шоты ішінен аралық шот ашатын болсақ олардың бастапқы қалдығы мына
түрде болады:
▪ отын (көмір) деп аталатын аралық шотының қалдығы 30000 (отыз
мың) теңге;
▪ отын (газ) деп аталатын аралық шотының қалдығы 20000 (жиырма
мың) теңге;
▪ отын (мазут) деп аталатын аралық шотының қалдығы 50000 (елу мың)
теңге.
Қазақстан Республикасында қазіргі кезде қолданылып жүрген шоттар
жоспарында аралық шот қарастырылмаған. Еліміздің бухгалтерлік есеп
стандартына сәйкес барлық кәсіпорындар керек болған жағдайда әрбір
жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттың ішінен аралық шоттарды өз
қалуы бойынша аша беруіне болады. Сондай-ақ әрбір жинақтамалық (топтамалық,
синтетикалық) шотқа ашылатын аралық шоттың санына да ешқандай шек
қойылмады.
Жақын жылдарда біздің еліміз бухгалтерлік есептің халық-аралық
стандарттына көшуге тиіс. Осыған байланысты шоттар жоспарының келешекте
керектігі туралы да мамандар арасында түрлі пікірлер қалыптасып, айтылып
жүр.
Мысалы, Америка Құрама Штаттарында шоттар кестесі жоқ, яғни ол
қолданылмайды деген сөздерді де жиі естиміз. Ал шындығында ол елде жалпы
мемлекет тарапынан барлық кәсіпорындар үшін біртекті бухгалтерлік
есепшоттарының жоспары жасалып бекітілмеген. Бірақ әрбір кәсіпорын өз
қызметіне ыңғайлы шоттар жоспарын жасап бекітеді.
Бір тұрғыдан қарағанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептің қажеттілігі мен мәні
Бухгалтерлік есептің шоттар жүйесі және екі жақты жазу
Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу
Шоттар жүйесі және екіжақты жазу
Бухгалтерлік шоттар, олардың құрылысы
Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу туралы
Бухгалтерлік стандарттар
Бухгалтерлік есеп
Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екіжақты жазу
КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАУАПТЫ ТҰЛҒАЛАРЫМЕН ЕСЕПТЕСУДІҢ ЕСЕБІ
Пәндер