Мұнай шикізаты



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Мұнай мен газдың құрамы, химиялық табиғаты. Элементтік құрамы. Мұнайдың гетероатомды қосылыстары
2.1. Мұнай туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.1.1. Мұнайдың шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.1.2. Мұнайдың элементтік құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.1.3. Мұнайдың топтық құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.1.4. Мұнайдың фракциялық құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.1.5. Мұнайдың гетероатомды қосылыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2. Табиғи газ туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2.1. Табиғи газдың құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Мұнай – көміртегілер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі.
Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алақында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын — бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең.
1. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.
2. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0
3. Балалар Энциклопедиясы, 6 том.
4. Лебедев Н.Н. Химия и технология основного органического и нефтехимического синтеза .М.:Химия.1988.-596с.
5. Бесков В.С., Сафронов В.С.Общая химическая технология и основы промышленной экологии.М.:Химия,1999.-466с.
6. Азингер Ф. Введение в нефтехимию. М.:Гостоптехиздат 1961.-284с.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Мұнай мен газдың құрамы, химиялық табиғаты. Элементтік құрамы. Мұнайдың гетероатомды қосылыстары
2.1. Мұнай туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.1.1. Мұнайдың шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.1.2. Мұнайдың элементтік құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.1.3. Мұнайдың топтық құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.1.4. Мұнайдың фракциялық құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.1.5. Мұнайдың гетероатомды қосылыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2. Табиғи газ туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2.1. Табиғи газдың құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

Кіріспе

Мұнай - көміртегілер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі.
Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алақында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 гсм3. Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын -- бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең.
Қазір Қара алтын деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол тарихы бар. 1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынан Еуропаға тасылатын тауарлардың тізіміне кіріпті. Сол жылы Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана пайдаланатын болған.

2.1. Мұнай туралы түсінік
2.1.1. Мұнайдың шығу тарихы
Мұнайдың, ал ертеректе оны тас майы деп атаған, болашағы зор екенін болжаған орыс ғалымы М.В. Ломоносов, Пенсильванияда ең алғаш рет мұнай ұңғымасы бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың шығуы жайлы өзінің бірегей теориясын ұсынған еді. Жер қойнауында тереңнен орналасқан шымтезекті шөгінділерден жерасты ыстығымен қою, майлы материя шығарылып, саңылаулар арқылы ағады... Бұл дегеніміз - сирек, әртүрлі сұрыпты, жанатын және құрғақ, қатты материялардың пайда болуы, бұл тас майы - мұнайдың негізі..., - деп жазады 1763 жылы М.В. Ломоносов.
Мұнайды қыздыру кезінде мұнайға біраз ұқсайтын қарамайларды беретін көмір мен тақтатастардан шығу теориясы да орыс ғалымдары - академиктер Паллас пен Абихтікі болған еді. Алайда ол кезде олардың қорытындыларының мұнайды іздестіруде практикалық мағынасы аз еді.
Ең жемісті болғаны өткен ғасырдың соңында Д. И. Менделеев ұсынған мұнайдың бейорганикалық шығу теориясы еді. Ұлы орыс химигінің айтуы бойынша, жер шарының орталық ядросы темір және құрамдарында көміртегі бар басқа металдардың қоспаларынан құралады. Жер қыртысындағы жарықтардан өткен сулардың әсерінен бұл ядро жеңіл көмірсуларды - ацетилен, этилен және т.б. түзеді. Жер жарықтары арқылы жоғары жер қыртысының суық бөліктеріне көтеріле бере олар мұнайдың негізгі құраушы бөліктері болып табылатын ауыр көмірсулар қоспасына айналады.
Харичков және басқа да орыс ғалымдары мұндай әдіспен табиғи мұнайға ұқсас сұйық - жасанды мұнайды алды. Д.И. Менделеев теориясы бойынша мұнай қарқынды тау түзілу орындарында кездеседі. Мұны жиі бақылауға болады, сондықтан Д.И. Менделев қорытындыларын барлаушылар мұнайды іздеуде көп уақыт қолданды.Мұнай өнеркәсібінің дамуы барысында, әдетте, мұнай кездесуі тау түзілу процестері қосымша фактор болып табылатын жағдайларда кездесетініне көз жетті.
Мұнай көбінесе теңіздің түбінде, соның ішінде жағажайлық шөгінділерде жиі табылады. Сірә, теңіз өсімдіктері мен жануарлары қалдықтары судың түбіне жинақтала беруінен болар. Өйткені онда су ағысы болмайды, ол тыныштықта тұратындықтан, оған ауаның келуі қиындай түседі. Ауаның әсерінен бұл қалдықтар тотығар еді, ал ауа болмағандықтан, бактериялардың әсерінен бұл қалдықтар құрамы бойынша мұнайға ұқсас, бірақ оларда толығымен мұнайға айналмайтын процестер өтеді. Мұндағы түсініксіз жайт: осы қалдықтардан мұнай қалайша түзіледі? Әңгіме мынада: онда хлорофилдің, яғни өсімдіктердің жасыл түсі негізінің және басқа да екі жүз градустан жоғары температурада тұрақсыз болатын заттардың қалдықтары табылған. Ал барлық мұнайға жақын өнімдерді алатын белгілі химиялық реакциялар тек жоғары температураларда өтеді.
Ақыры 1930 жылы ірі кеңес ғалымы - академик Н.Д. Зелинский бұл жерде катализ, яғни өздері аз өзгеріске ұшырайтын заттардың әсерінен химиялық өзгерістерді тездететін құбылыс орын алатынын дәлелдеді. Катализаторлармен өсімдіктерге, бактериялық әсердің өнімдеріне жақын орналасқан заттарға әсер етіп, ол жасанды мұнайды екі жүз градустан төмен температурада алды. Осылайша сұрақтың жауабы шешілді, бірақ түпкілікті емес: ол тәжірибесінде қолданған катализаторлар табиғатта болуы мүмкін емес, олар өте тұрақсыз еді.
Табиғатта мұнай түзілуді іске асыратын заттарды ұзақ іздегеннен кейін химия ғылымдарының докторы, профессор Андрей Владимирович Фрост бұл, әдетте, мұнай қыртыстарын жауып тұратын кейбір сазбалшықтардың қатысымен болатынын анықтады. Өсімдіктер және жануарлар қалдықтарымен бірге тұнып, сазбалшықтар, жануарлар сүйектері мен микроағзалар кейін мұнай түзетін фактор болып табылатын материалдың негізін түзеді. Лай - бұл сазбалшық, өсімдік және басқа да қалдықтардың түр өзгерген қоспасы - бактериялардың әсерінен құмды және басқа да кеуекті тау жыныстарымен қапталады. Олар, өз кезегінде, мұнай мен су өтпейтін сазбалшық және басқа да тау жыныстарының қабаттарымен қапталып, температурасы шамамен жүз градустай қабаттарға дейін түседі. Мұнда мұнай түзілу процесі аяқталады; құрамында лай болатын мұнай біртіндеп қабаттасады да, біз мұнай кенорындарынан табатын кеуекті тау жынысына енеді.
Мұнайдың шығуының жаңа теориясының зор тәжірибелік маңызы бар. Ол мұнайшы-геологтарды мұнайдың түзілу жағдайларын анықтау әдісімен таныстырады. Мұнай қалай пайда болатынын білетін кен барлаушылары оны іздеу орындарын тез анықтайды. Геологиялық жағдайларға байланысты мұнайдың болатын жерлерін және оның мүмкін орын ауыстыру жолдарын анықтауға болады.
Табиғи мұнайдың шығу тегін зерттеушілер алдында тұрған басты қиындық, оның түзілуі туралы тура және сенімді мәліметтердің жетіспеуі - онда бастапқы органикалық ұлпалардың болмауы. Зерттеуші әртүрлі болжамға апаратын болжамдар мен жанама фактілерге ғана сүйенеді. Көптеген геологтар тірі материядан мұнайдың түзілгендігі туралы гипотезаны қолдайды. Мұнайдың бейорганикалық түзілу гипотезасын қорғайтын геологиялық және химиялық сипаттағы анық ұғымдарды келтіруге болады.
Заманауи ғылымда мұнайдың шығуы туралы екі негізгі гипотезалар бар. Әрқайсысын жеке қарастырайық.
Биогенді (органикалық) теория мәні мынада. Барлық жанғыш көміртекті қазбалар (мұнай, газ, көмір, жанғыш тақта тастар) генетикалық туыс түзілімдер болып табылады. Олардың барлығы әртүрлі геологиялық сатыларда Жерде өмір сүрген тірі организмдердің шірік қалдықтарынан пайда болды. Мұнайдың түзілу көзі суаттар түбі мен су қабатында өсетін тікелей төмен сатылы өсімдіктердің (планктон, балдырлар және т.б.) органикалық қалдықтары болып табылады. Суаттарды қоршаған ортаның әсерінен өлген организмдер ыдырайды. Нәтижесінде мұнайда бастапқы өсімдік материалынан мұраға қалған және одан әрі оның түрлену барысында алынатын қосылыстар болады.
Алғаш рет мұнайдың органикалық шығу тегі туралы гипотезаны М.В. Ломоносов 1763ж айтқан. М.В. Ломоносовтың пікірінше, мұнай тасты көмірлерге жер асты оттарының әсер етуінен түзілді, нәтижесінде асфальттар, мұнайлар және тасты майлар пайда болды.
Кейіннен осы гипотезаны растайтын көптеген тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. 1932 жылы И.М. Губкин мұнайдың биогендік шығу тегі туралы теорияны толық баяндағандай болды. Мұнайдың түзілуі үшін бастапқы зат ретінде сапропелді қарастырды. Сапропель - бұл тікелей төмен сатылы балдырлар мен суаттар микроорганизмдерінің шіріген қалдықтарынан тұратын органикалық тұнбалар (қайырлар). Органикалық қалдықтарға бай жер қабатына сапропелді қабат шөккен сайын ондағы қысым мен температура артады. Термокаталитикалық процестер нәтижесінде органикалық зат мұнайға айналады.
Биогенді теориямен қатар, мұнайдың шығуының абиогенді (бейорганикалық) теориясы дамыды.
Мұнайдың абиогенді шығу тегі туралы теорияны Д.И. Менделеев 1977ж айтты. Осы теория негізіне металдардың балқыған карбидтерінің сумен әрекеттесіп көмірсутектердің түзілу мүмкіндігі жатыр:

Өкінішке орай, бұл теория бір кен орнында мұнай құрамының алуан түрлі болуын, сондай-ақ мұнайды құрамында тірі организмдер қалдықтары бар шөгінді жыныстардар табатындығын түсіндіре алмады.
1892 жылы В.Д. Соколов мұнайдың бейорганикалық шығу тегінің космостық теориясын ұсынды. Осы гипотезаға сәйкес мұнай Жер мен Күн жүйесінің басқа да планеталары түзілу сатысында космостық материяның басқа түрлерімен Жерге түсуі мүмкін космостың біріншілік көмірсутектері-нен түзіледі. Бұған да негіз бар, өйткені кометалар көмірсутекті газдар мен көміртек атомының бар екендігі анықталған, ал сутегі болса космоста кең тараған.
1960 жылы Н.А. Кудрявцев мұнайдың шығу тегінің магматикалық гипотезасын ұсынды. Бұл гипотезаға сәйкес мұнай магмада азғана мөлшерде түзіледі, ал сосын кеуек құмдақты толтыра отырып сызаттар мен жыраттар арқылы жоғары көтеріледі. Бұл процестер қазір де жалғасуда.

2.1.2. Мұнайдың элементтік құрамы
Барлық жанғыш қазбалар бес негізгі элементтерден тұрады - көміртек, сутегі, азот, оттегі және күкірт. Дегенмен жанғыш қазбалардағы олардың мөлшері әртүрлі. Элементтік құрамындағы, ал демек, топтық құрамындағы айырмашылық бастапқы өсімдік материалына және мұнайдың түзілу жағдайларына байланысты. Мұнайдың барлық компоненттері тұратын негізгі элементтер - көміртек пен сутегі. Сутегі мөлшері жағынан мұнай жанғыш қазбалар ішінде аралық орынды иемденеді және мына қатарға қарай артады:
Көмір мұнай табиғи газ.
Мұнайлардағы көміртек пен сутегі мөлшері анағұрлым тар аралықта тербеледі.

1.8 кесте - Мұнайдың орташа элементтік құрамы
Элемент
Мөлшері, %
Көміртек (С)
85 - 87
Сутегі (Н)
11 - 15
Күкірт (S)
0,1 - 7,0
Оттегі (О)
1 - 2
Азот (N)
0,5 - 0,6
Барлық дерлік мұнайларда көміртек пен сутегімен қатар күкірт, оттегі және азот кездеседі. Осы элементтер қосындысы кейде 8 - 10% мас асады. Мұнайдағы азот 1,5% мас аспайды. Негізінен ол жоғары молекулалы, конденсацияланған (шайырлы) қосылыстар құрамына енеді. Сонымен қатар, жоғары шайырлы қосылыстар құрамына оттегі (0,1 - 2% мас) мен күкірттің біршама мөлшері енеді. Азот пен оттегіден айырмашылығы күкірттің басым мөлшері парафинді қатардың төмен молекулалы қосылыстарында шоғырланған.
Әртүрлі кен орындарында өндірілген мұнайлардың элементтік құрамы әртүрлі. Тұтасымен көміртек пен сутегіден тұратын мұнайлар (АҚШ-тағы Пенсильвания штаты; Өзбекстан) немесе жоғары күкіртті мұнайлар (Волга-Жайық мұнай-газды облысы, Башқұртстан мен Татарстандағы кен орындардың мұнайлары) бар. Уақытқа қарай мұнайдың элементтік құрамы да өзгереді. Мұнайдың жасы артқан сайын ондағы оттегі, азот және күкірт мөлшері азаяды, көміртек пен сутегі мөлшері артады. Гетероэлементтер-дің ыршып шығуы қарапайым қосылыстар түрінде өтеді - CO2, H2O, H2S, NH3, S, N2.
Жоғарыда аталған элементтерден басқа мұнайларда азғана мөлшерде өте көптеген элементтер, соның ішінде Ca, Mg, Fe, Al, Si, Ge, V, Ni, Na, Bi және басқалар кездеседі. Осы элементтердің мөлшері пайыздың азғана үлестерімен өрнектеледі. Мысалы, мұнай өнімдерінде германий 0,15-0,19 гт мөлшерде анықталған. Барлығы мұнайларда 50 астам элементтер табылды. Тағы бір айта кететін жайт, ванадий мен никель жер қыртысында микроэлементтер болып табыла отырып, мұнайларда мөлшері жағынан металдар ішінде бірінші орынды иеленеді. Сонымен қатар, ванадий тек күкіртті және шайырлы мұнайларда кездеседі.

2.1.3. Мұнайдың топтық құрамы
Мұнай күрделі көп компонентті жүйені білдіреді. Мұнайдың топтық құрамын білу мұнайдың шығу тегі туралы топшылауға және өндірілген мұнайды мұнай химиясы өндірісі процесінде барынша нәтижелі қолдануға мүмкіндік береді.
Мұнай компоненттерінің негізгі массасы - бұл көмірсутектер. Мұнайда көмірсутектердің үш класы бар: парафинді (алкандар), нафтенді (циклоалканды), ароматты (арендер) және гибридті - парафин-нафтен-ароматты. Айта кететін жайт, яғни бастапқы мұнайларда (нативті) қанықпаған қосылыстар (алкендер) болмайды.
Парафинді көмірсутектер
Мұнай құрамына газ тәрізді (С1 - С4), сұйық (С5 - С15) және қатты (С16 - С60) парафиндер енуі мүмкін. Бұл көмірсутектердің құрылысы қалыпты. Тармақталған тізбегі бар парафиндер пайыздық үлесін құрайды және изопреноидты құрылым негізінде тұрғызылған:
- С - С - С -

С
Мұнайдағы метан газ тәрізді күйде болады. Мұнай кен орындарындағы газдардың қысымының жоғарылауы салдарынан метан гомологтары С2-С4 мұнайда ерітінділер күйінде болады. Газ тәрізді алкандар С1 - С4 сумен қоспа қосылыстары деп аталатын қатты комплекстер түзеді.
Мұнайды өндіргенде қысымның төмендеуі салдарынан газдар бөлінеді. Мұндайда бөлінетін газдарды серіктес (ілеспе) газдар деп атайды. Олардың құрамы мұнайдың орналасу жағдайына (температура мен қысым) тәуелді.
Қалыпты жағдайда (Р = 0,1013 МПа және Т = 273 К) парафиндер сұйықтықтар болып табылады және бензиндік (С2- С10) пен керосиндік (С11 - С15) фракциялар құрамына енеді. Олардың басым бөлігінің құрамы қалыпты. Көптеген мұнайларды талдау, яғни молекула неғұрлым тармақталған сайын, соғұрлым мұнайда осы көмірсутек аз болатындығын көрсетті. Көмірсутекті газдардың сумен комплексі сияқты құрылысы қалыпты сұйық алкандар әлсіз тармақталған, гептаннан бастап бөлме температурасында мочевинамен H2N-CO-NH2 қоспа қосылыстарын түзеді.
Изоалкандар тиомочевинамен H2N-C(S)-NH2 қоспа қосылыстарын түзеді. Осы қосылыстарда мочевина мен тиомочевина молекулалары өзара сутекті сутегі байланыстарымен жалғасады да, Ван-дер-Ваальс күштері немесе әлсіз сутекті байланыстармен ұсталынатын алкан молекулалары болатын арналар түзеді. Мочевина тиомочевинаға қарағанда кіші диаметрлі арна түзеді. Осы мочевинамен комплекс түзу арқасында қалыпты алкандарды тармақталғанынан ажыратуға болады.
Сұйық парафиндер отынның октан және цетан саны шамасына әжептеуір әсер етеді.
Көміртек атомдары 16 асатын көмірсутектер қатты заттар болып табылады:
oo құрылысы қалыпты көмірсутектер С16 - С35 - парафиндер;
oo құрылысы изомерлі көмірсутектер С36 - изопарафиндер немесе церезиндер;
Церезиндер молекулалық массасы мен қайнау температурасының жоғарылығымен ерекшеленеді. Химиялық қасиеттері жағынан церезиндер парафиндерге қарағанда аз инертті. Олар күкірт, азот және хлорсульфонды қышқылдармен оңай әрекеттеседі. Парафиндер, керісінше әртүрлі әрекеті күшті реагенттер мен тотықтырғыштар әсеріне өте тұрақты.
С16 және одан да жоғары парафиндер айдағанда мазутқа кетеді, ал церезиндер гудронда қалады. Мұнайда қатты парафиндер мөлшері көп емес, дегенмен 10% мас жетуі мүмкін. Парафиндер мен церезиндер өнеркәсіптің әртүрлі салаларында әртүрлі техникалық қолданыста болады: электр және радио техникасы, қағаз, сіріңке, химиялық, былғары, парфюмерлік және т.б. Май фракцияларында парафиндердің болуы олардың қату температураларын арттырады және төмен температураларда майлардың қозғалғыштығын кемітеді, сондықтан да майларды парафиннен тазартатын арнайы тазартуға - депарафиндеуге ұшыратады.
Нафтенді көмірсутектер
Нафтенді (циклоалканды немесе полиметиленді) көмірсутектер геологиялық жасына қарай мұнайларда әрқилы тараған. Орташа есеппен мұнайда 25-75% мас дейін нафтендер болады.
Нафтендер мұнайларда моно-, би- және полициклді қосылыстар түрінде кездеседі. Қарапайым нафтендер - циклопропан, циклобутан және олардың гомологтары мұнайларда байқалмаған. Әсіресе мұнайдың бензиндік және керосиндік фракцияларында метилмен алмасқан циклопентандар мен циклогександар мөлшері жоғары. Полициклді конденсацияланған қосылыс-тар мұнайдың қайнауы жоғары фракцияларында кездеседі.
Нафтенді көмірсутектерді мұнайдың фракцияларына тарату әртүрлі. Әдетте олардың мөлшері фракция ауырлаған сайын артады, және тек қайнауы жоғары май фракцияларында ғана төмендейді. Кейбір мұнайларда нафтендер фракцияларда біртегіс дерлік таралған.
Физикалық қасиеттері жағынан нафтендер парафинді және ароматты көмірсутектер арасында аралық орынды иемденеді. Химиялық қасиеттері жағынан олар парафиндерге ұқсас, мұны олардың молекулалық құрылысымен түсіндіруге болады.
Нафтендер майлы дистилляттардың технологиялық қасиеттеріне жағымды әсер етеді, өйткені жоғары қату температурасына ие және іс жүзінде температураға қатысты тұтқырлығын өзгертпейді.
Ароматты көмірсутектер
Арендер (құрамында бір немесе бірнеше соның ішінде конденсацияланған бензол сақиналары бар ароматты көмірсутектер) мұнайда келесі қатарда келтірілген:
oo бензол және оның гомологтары, СnH2n-6;
oo нафталин және оның гомологтары, CnH2n-12;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнайдың қасиеттері және ерекшеліктері
Термиялық процестер,оның негізгі заңдылықтары, талаптары
Гидрокүкіртсіздендіру үрдісінде мұнай шикізатының катализі
Термиялық өндірістік өңдеу процестері
Мұнайды атмосфералық және атмосфера-вакуумды айдау қондырғысының технологиялық сызба нұсқасы
Баяу кокстеу процесі
ТЕРМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ. ТЕРМИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР, НЕГІЗГІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Мұнайдың сипаттамасы
Шаим кен орны мұнайына сипаттама
Каталитикалық риформинг процесі
Пәндер