Қабатты сыртқы қыбырғалық панельдерді конвейерлік әдіс бойынша өндіретін цех



Жобаға берілген тапсырма . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

І. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІ. Өндіріс туралы мағлұмат . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІІ. Технологиялық бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.1. Бұйымның номенклатурасы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.2. Өндірістің технологиялық схемасы мен әдісін таңдау . . . . . . . . . . . . .
3.3. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.4. Материалдық балансты есептеу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.5. Негізгі техникалық, көліктік қондырғыларды таңдау және есептеу. . .
3.6. Қондырғылардың өнімділігі және саны. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.7. Сапаны бақылау шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
3.8. Жобаның технико.экономикалық көрсеткіштері
IV. Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қауіпсіздік техника шаралары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
V.Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
VI. Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
VII. Графикалық бөлім:
Технологиялық схема.
Қазіргі кезеңде еліміздегі құрылыс материалдар саласындағы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары мынадай:
• жергілікті шикізаттардан жаңа тиімді құрылыс материалдарын ойластыру;
• кәсіпорындар қуаттылығын сұранысқа сай келтіру;
• кешенді қасиеттері бар бұйымдар мен конструкциялардың түрлерін
ұлғайту;
• пайдалану қасиеттері жақсартылған конструкциялардың массасын азайту;
• материалдардың агрессивті ортадағы шыдамдылығын арттыру;
• энергия үнемдейтін технологияны қолдау;
• инновациялық технология мен материалдарды ендіру.
Бетон және темірбетон – біздің еліміздегі негізгі құрылыс материалдары болып табылады. Олардың өндірісі жылдам өсуде. 1976 жылы құрылыста шамамен 230 млн м3 бетон және темірбетон, соның ішінде 117 млн құрама темірбетон қолданылған.
1. Баженов Ю.М., Комар А.Г. Технология бетонных и железобетонных изделий. Учебник для вузов. – М:Стройиздат, 1984 – 672 б.
2. Цителаури Г.И. Проектирование предприятий сборного железобетона. Учебник для вузов. – М: «Высшая школа», 1986 – 312 б.
3. Комар А.Г. Строительные материалы и изделия. Москва :«Высшая школа» 1988 – 527 б.
4.Бердичевский Г.И., Васильев А.П. Справочник по производству сборных железобетонных изделий. – М: Стройиздат, 1982 – 440 б.
5. Баженов Ю.М. Технология бетона. Учебник – М: Издательство Ассоциации строительных вузов, 2002 -500 б.
6. Гершберг О.А. Технолгоя бетонных и железобетонных изделий.
М: Стройиздат, 1971 – 359 б.
7. Борщевский А.А., Ильин А.С. Механическое оборудование для производства строительных материалов и изделий. Учебник для вузов – М: «Высшая школа»., 1987 – 368 б.
8. Соловьев В.И., Есиркепов А.Б., Изжанов М.М., Сейкетов Б.Б. проектирование предприятий сборного железобетона. Учебное пособие. – Алма-Ата, 1987 – 70 б.
9. Наврезов Ш.А. Проектирование предприятий сборного железобетона Методическое указание к выполнению комплексного курсового проекта. – Алматы, 2008 – 26 б .
10. Орлов Г.Г. Охрана труда в строительстве. М: «Высшая школа», 1984
11. Долин П.А. Справочник по технике безопасности. М. 1985.
12. Коптев Д.В., Орлов Г.Г. и др. Безопасность труда в строительстве. Москва 2003.

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Бет

Жобаға берілген тапсырма . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . .

І. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІ. Өндіріс туралы мағлұмат . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . .
ІІІ. Технологиялық бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . .
3.1. Бұйымның номенклатурасы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . .
3.2. Өндірістің технологиялық схемасы мен әдісін таңдау . . . . . . . .
. . . . .
3.3. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттар . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . .
3.4. Материалдық балансты есептеу. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . .
3.5. Негізгі техникалық, көліктік қондырғыларды таңдау және есептеу. . .
3.6. Қондырғылардың өнімділігі және саны. . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . .
3.7. Сапаны бақылау шаралары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . .
3.8. Жобаның технико-экономикалық көрсеткіштері
IV. Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . .
Қауіпсіздік техника шаралары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . .
V.Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
VI. Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . .
VII. Графикалық бөлім:
Технологиялық схема.

І .Кіріспе

Қазіргі кезеңде еліміздегі құрылыс материалдар саласындағы ғылыми-
техникалық прогрестің негізгі бағыттары мынадай:
• жергілікті шикізаттардан жаңа тиімді құрылыс материалдарын
ойластыру;
• кәсіпорындар қуаттылығын сұранысқа сай келтіру;
• кешенді қасиеттері бар бұйымдар мен конструкциялардың
түрлерін
ұлғайту;
• пайдалану қасиеттері жақсартылған конструкциялардың массасын азайту;
• материалдардың агрессивті ортадағы шыдамдылығын арттыру;
• энергия үнемдейтін технологияны қолдау;
• инновациялық технология мен материалдарды ендіру.
Бетон және темірбетон – біздің еліміздегі негізгі құрылыс
материалдары болып табылады. Олардың өндірісі жылдам өсуде. 1976 жылы
құрылыста шамамен 230 млн м3 бетон және темірбетон, соның ішінде 117 млн
құрама темірбетон қолданылған.
Темірбетон бетон мен болаттың бірлесуінен жақсы үйлесім табатын және
де өзінің механикалық қасиеттерімен өте ерекшеленетін құрылыс материалы
болып табылады. Бетон басқа тас материалдары сияқты қысылатын күшке жақсы
кедергі болады, бірақ ол сынғыш болғандықтан, созылатын күштерге әлсіз
қарсылық көрсетеді. Бетонның созылғандағы беріктігі сығылғандағы
беріктігіне қарағанда 10-15 есе кіші болып табылады. Осының нәтижесінде
бетонды созылмалы кернеу тудыратын конструкцияларды дайындау үшін қолдану
тиімсіз болады. Ал созылғандағы беріктігі өте жоғары шекке жететін болат
темірбетон элементтерінде туатын созылмалы кернеулерді қабылдауға
қабілетті.
Қазіргі тұрғын үй құрылысында монолитті белсенді қолдануға қарамастан,
бұрынғыша қуысты төсем плиталарын пайдалану көп сұранысқа ие болып келе
жатыр. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік және
экономикалық дамуының негізгі бағыттарына сәйкесінше жақын уақыттарда
күрделі құрылысқа салым ұлғаюы керек. Соған сәйкес өнеркәсіптік, азаматтық
және тұрғын үй ғимараттарын тездетіп көтеруді қамтамасыз ететін жоғары
сапалы құрама темірбетонға да сұраныс көбейеді.
Бұл құрама темірбетон саласының өндірістік процестерді автоматтандыру
мен ресурс сақтағыш озық технологиялар мен технологиялық жабдықтарды
пайдалана отырып, толық зауыттық дайындығы бар жаңа тиімді конструкциялар
өндіруді ұйымдастыруға ықпал етеді. Бұл бәсекеге қабілетті, арзан өнім
шығарылымын және байланыстырғыштар, арматура, жылулық және энергетикалық
шығындарды азайтуды қамтамасыз етеді. Және бір мезгілде қайта ашылып және
қайта құрылып жатқан өнеркәсіптер нарық талабына сәйкес басқа өнімдер
жинағын шығаруға тез қайта құрылуға мүмкіндіктері болуы керек. Иілімдерге
тап болған құрылыс элементтері үшін темірбетон қолданған орынды болып
табылады. Мұндай элементтермен жұмыс жасағанда кернеудің созылымды және
қысатын екі түрі пайда болады. Бұл ретте болат – бірінші, ал бетон – екінші
кернеуді қабалдайды. Және темірбетон элементі толықтай иілгіш жүктемелерге
ойдағыдай қарсы тұрады. Осыған сәйкес бетон мен болат жұмысы темірбетон
атты бір материалда үйлеседі. Құрама темірбетон конструкцияларын дамытуда
негізгі бағыты болып олрдың өлшемдерін ірілету, беріктігін жоғарылату,
салмағын төмендету, зауыттық дайындығын жоғарылату, мәңгілігін ұзарту және
бағасын төмендету болып табылады.
Құрама темірбетон конструкцияларын олардың салмағын көбейтпей-ақ
жүзеге асырып ірілету монтажды бірліктер санын азайтуға, ғимараттар мен
үймереттерді құрудағы жапсарлар мен жіктер санын азайтуға, яғни монтажды
жылдамдатуға мүмкіндік береді. Зауыттың дайындық деңгейін жоғарылату,
бұйымның монтажға ғимараттардың толық дайын элементтер түрінде қойылуын
қарастырады (мысалға, қосымша өңдеуді қажет етпейтін ішкі және сыртқы беткі
бөліктері бар терезе және есік блоктары қойылған қабырғалық панельдер және
т.б.) және ол құрылыс алаңындағы көп еңбекті өңдеу жұмыстары көлемін
маңызды қысқартуға, құрылыстың жалпы мерзімі мен бағасын біршама азайтуға
мүмкіндік береді.
Ғимараттар мен үймереттердің құрама конструкцияларын ірі өлшемді
бұйымдар мен элементтер дайындау үшін бетонның әртүрлі – ауыр, жеңіл және
дәнді бетон түрлері көбіне арнайы тағайындалған (жылуизоляциялық,
дыбысизоляциялық, гидроизоляциялық және т.б) материалдармен қиылысады және
құрама конструкциялары мен мәңгіліктің эксплуатациялық қасиеттерін
қамтамасыз етуге мүмкіндіктері береді.
Құрама темірбетон өнеркәсібі бұйымдар мен конструкциялардың кең
номенклатурасын шығарады және ол азаматтық тұрғын үй, өнеркәсіптік,
энергетикалық, транспорттық және құрылыстың басқа түрлерінде нәтижелі түрде
қолданады. Құрама темірбетоннан жасалған тұрғын үй және азаматтық
құрылыстарда ғимараттардың барлық бөлігі орындалады.

ІІ. Өндіріс туралы мағлұмат

Конвейерлі тәсіл – бұл темірбетон бұйымдарының агрегетты ағынды
тәсілмен қалыптаудың жетілдірілген түрі. Конвейерлі тәсіл кезінде
тезнологиялық процесстер процесс элементтеріне бөлінеді, олар біруақытта
жеке жұмыс посттарында орындалады.
Конвейерлі тәсіл кезінде бұйым қалыппен бірге бір посттан екінші
постқа арнайы тасымалдау қондырғысымен тасымалданады, әрбір жұмыс орны
бекітілген буынмен қызмет көрсетеді. Конвейерлер үшін мәжбүрлі ырғақ жұмысы
тән, біруақытта барлық қалыптардың берілген жылдамдығы бойынша тұйықталған
сақина технологиясымен орын ауыстырады. Бұйымды дайындаудағы барлық процесс
технологиялық операциялароға бөлінеді, және де бір немесе бірнешеуі белгілі
посттарда орындалады.
Жылу агрегаттары конвейерлі сақинаның бір бөлігі және оның жүйесі мәжбүрлі
ырғақпен жұмыс жасайды.
Конвейерлі тізбек периодты және үздіксіз режимде жұмыс жасай алады.
Қалыптау тасымалдау тәсілі кезінде рельсті немесе роликті конвейер
көмегімен қозғалады. Үздіксіз болатты лентаны немесе бүйір жабдықтармен
бірнеше элементтерді құрайды: жылу агрегаттарының орналасуына байланысты
конвейерге пареллель, вертикаль және көлденең жазықтықта, смонымен қатар
оның қалыптау бөлігіндегі жармасында орналасқан. периодты режимдегі
конвейерлер көп қолданысқа ие болған, ол рельс бойымен қозғалып 6 – 15
постта үздіксіз конвейерлі тізбек құрайды. Бұйымды 12 – 15 мин ырғақпен
дайындайды. Араластыру жылдамдығы 0,9 – 1,3 мс; бұйымды қалыптау үшін
заманауи машиналар мен қондырғылар қолданылады, керек болған жағдайда өңдеу
қабатын төсеу үшін арнайы пост бөлінеді; барлық посттарға шикізаттармен
жартылай фабрикаттар беріледі.( бетон араласпасы, қамыр, арматуралық
каркас, беттік тақталар т.б.)
Арбалы конвейерлі тізбек өз арасында бөлінеді қалыптау
қондырғыларымен, жылумен өңдеу тәсілімен және жерасты камера тізбегімен,
тік орналасқан камера түрімен, камерасыз жылумен өңдеу болып.
Екі сатылы конвейерлі тізбек арнайы пролетте орналасқан, онда қалыптан
босату және жинау посттары, эстакадағы аспалы қалыптау қондырғысы, жерасты
сызықтыкамерасы, қосымша операциялар үшін манипуляторлар орналасқан.
конвейерлі тізбек кезінде кран арқылы тасымалдау аз қолданылады.
Конвейерлі технология бір түрлі және типті қондырғылар үшін
қолданылады – жабын және аралықжабын тақталар үшін, ішкі қабырға панельдері
үшін шпал және т.б. сонымен қатар конвейрді бағана және ригельдер өндірісі
үшін, санитарлы – техникалық кабиналар, блок – бөлмелер үшін қолданылады.
Бетон және темірбетон бұйымдары өндірісінің технологиялық процесі
келесі негізгі операциялардан құралады: бетон қоспасын дайындау, темірбетон
бұйымдарын армирлеу, қалыптау, жылулық өңдеу, бұйымдарды әсемдеу және
оларды басқа бөлшектермен жинақтау, дайын өнімдерді бақылаумен қоймалау
және оларды тұтынушыларға жеткізу.
Қандай да бір бетон және темірбетон бұйымдарын дайындағанда негізгісі
қалыптау процесі болып табылады. Ол – бетон қоспасы бұйымынан қалау,
нығыздау және қоспаны қатыру жолымен форма жасау. Қалыптау беттік
бөліктерді алуды, арматураның талаптағыдай орналасуын, бұйым қимасы бойынша
біркелкі құрылуын, бұйымның берілген қалпы мен өлшемін қамтамасыз етеді.
Қалыптау ұзақтығы маңызды түрде технологиялық процестің жалпы ұзақтығын,
яғни өндірістің экономикасын анықтайды. Сондықтан қалыптау әдісі көбінесе
бұйымның дайындау әдісі мен басқа да операциялар өткізу технологиясына
шешуші ықпал етеді.
Қалыптау процесін ұйымдастыру әдісі бойынша темірбетон бұйымдарын
дайындаудың 3 ажыратады: агрегатты-ағынды, конвейерлі және стенділі.
Агрегатты-ағынды деп бір стационарлы орыннан екіншісіне жеке немесе
комплексті технологиялық операциялар орындауға арналған ағын бойынша орын
ауыстыратын жылжымалы қалыпта бұйымды дайындау технологиясын айтады.
Өндірістің агрегатты-ағынды әдісінде қалып пен бұйым сәйкесінше
агрегат қондырғылармен жабдықталған технологиялық орындарға крандар мен
рольгангтардың көмегімен орналасады. Агрегатты-ағынды технология өзінің ең
негізгі артықшылығы әмбебаптығымен және бұйымның әртүрлі түрлеріне тез
қайта жөндеуімен кең сызықтың таралымға түскен. Ол кең көлемді шығарылымда
өте тиімді.
Агрегатты-ағынды желіде бұйымды қалыптаудың барлық операциялары
орындалады. Желінің негізгі орындары – бұйымдарды алдын ала дайындау,
қалыптау, жылуылғалдылықты өңдеу және босату.
Алдын ала даярлау орнында қалыптар мен жабдықтарды тазалау, қалыптарды
майлау мен құрастыру, қоятын бөлшектер мен арматуралық қаңқаларды төсеу
өндіреді, ал алдын-ала стерженьдерді төсеу мен керу – алдын ала
кернеуленген бұйымдарда өндіріледі. Фактуралық қабат пен бетон қоспасын
нығыздау мен төсеу – қалыптау орнының негізгі тағайындалуы. Мұнда сонымен
қатар жоғары арматуралық торларды төсеу, бұйымның сыртқы бетін тегістеу
және оларды әсемдеу өндіріледі. Жылуылғалдылықты өңдеу орнында сәйкесінше
жылу қондырғыларында бетонның қатуы болады және камерадан қалыптарды
бұйымымен алу және оларды распалубкаға беру пайда болады. Распалубка
аумағында қатып қалған бетонның бетіне сәндеп өңдеу, бұйымдарды қарау,
ақауларды жөндеу, техникалық бақылау бөліміне қабылдау және қоймаға
тасымалдау, сонымен қатар келесі айналымға арналған алдын ала дайындау
орнына қалыптарды қайтарып алуды өндіреді.

ІІІ. Технологиялық бөлім

3.1. Бұйымның номенклатурасы

Темірбетон - бетоннан және болатты арматурадан, монолитті жалғанған
және конструкцияда тұрақты жұмыс жасаушы бұйым.
Құрама темірбетон бұйымдарын және конструкцияларын негізінен сызықты,
жазықты, блокты және көлемді етіп шығарады. Сызықты түріне бағаналар,
фермалар, ригельдер, балкалар, прогондар; жазықты түріне – жабын плиталары,
қабырға панельдері және қоршаулар, бункерлер мен резервуарлар қабырғалары
және т.б.; блокты түріне – массивті іргетастар, үй асты қабырғалары және
т.б.; көлемді түріне – санитарлы-техникалық кабиналар, блокты бөлмелер,
құдықтардың сақиналары және т.б. жатады.
Көліктік жабдықтаудың шарттары бойынша элементтердің ұзындығы ережеге
сәйкес 25м аспауы қажет, ені 3м және массасы 25т. Негізінде бұйымдарды
пісірілген торлармен, каркастармен және ірілендірілген арматура блоктарымен
армирлейді.
Құрама темірбетон конструкциялары үшін тығыздығы, беріктігі, аязға
төзімділігі және су өткізбеуі кең диапазондағы бетондарды қолданады.
Мысалы, нақты емес т.б. конструкцияларда тығыздығы 2200-2500 кгм3, М 150-М
800 маркілі ауыр бетонды, тығыздығы 1200-2200 кгм3 кеуекті толтырғышты
конструкциялы М 150-М 500 маркілі бетонды кеңінен қолданылады; ал қоршаушы
конструкция үшін тығыздығы 700-1000 кгм3, М 50-М 100 маркілі бетонды
қолданады.
Үлкен талаптар номинальді өлшемді түрлі құрама конструкцияға қойылады,
сонымен қатар бетонның арматуралық стержень бетіне дейінгі қорғау қабатының
қалыңдығына, бұл өлшемдер әр бұйым түріне стандарт, жұмыс сызбалары және
техникалық шарттар бойынша қойылады. Көптеген бұйымдардың шекті ауытқулары
(плиталар, панельдер, бағаналар, балкалар және т.б.) 4-10 мм, ал
қорғаушы қабаттары – 3-5 мм-ден аспауы қажет.
Құрама темірбетон бұйымдарын және кострукцияларын топтастыру негізіне
келесі белгілер тиісті: бетон түрі, оның тығыздығы, армирлеу түрі, ішкі
орналасуы және тағайындалуы.
Армирлеу түріне байланысты темірбетон бұйымдарын алдын ала
кернеуленген және қарапайым армирленген деп бөледі.
Тағайындалу түріне байланысты құрама темірбетон бұйымдары: тұрғын және
қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіп ғимараттары, ауылшаруашылық, көліктік және
гидротехникалық құрылыстары үшін болуы мүмкін.
Сыртқы қабырға панельдерін жаппайлармен немесе терезе және есік
ойықтарымен, жеңіл бетоннан бір қабатты етіп жасайды. Ал, ішкі қабырға
панельдері бір қабатты және есік ойықтарымен ұзындығы 7м, биіктігі 2,9 м
және қалыңдығы 200 мм дейін болады. Олар ауыр немесе конструкциялы жеңіл
бетоннан М 150-М 200 маркіде және конвейерлі, агрегатты-ағынды және
кассеталық әдістермен өндіріледі.

3.2. Өндірістің технологиялық схемасы мен әдісін таңдау

Конвейер 15 – 20 мин ырғақпен жұмыс жасайды. Жұмыс істеу циклы қалыпты
тазалаудан басталады, сонан соң қалып 2 постқа – керамикалық кілем жаятын
постқа жіберіледі. 3 постта шарнирлі – рычакты механикаландырылған
қондырғылар бүйірмен құлптарды жабу үшін қолданады. Ол гидроцилиндр
көмегімен жүзеге асырылады. 4,5 постта керамикалық тақта қабаттарын жабып,
арматуралық каркаты орнатады.
6 постта керамзитбетонды аралспасын жаяды. 6 пост СМ – 858 дірілқалыпты
машинамен дірілсаптағышпен қамтамасыз етілген. 7 постта лай төсегіш жоғарғы
қабат қалыңдығы 7 – 10 мм араласпа төселеді. Сонан соң қалыпты арба
көмегімен қату камерасына орын ауыстырады. 9 постта қалыпталынған бұйымнан
жоғарғы тараза бетін алып тастайды. Тазаланған және майланған қосымша
беттерді қалыфптау постына жібереді.
Төртстопты тік орналасқан жылумен өңдеу камерасы ( 10 – 13 посттар)
конвейерлі ырғақпен жұмыс жасайды. Жылумен өңдеу ұзықтылығы 7 – 9 см, 1 м3
бу шығыны үшін 90 – 130 кг бұйым.жылумен өңдегеннен кейін 14 постта терезе
және есік блоктарын қондырады, ал 15 постта қалып борттарын ашады. 16
постта бұйымды тік күйде кантователиен бірге қондырады, бұйым бастапқы
қалпына келіп және цикл қайталанады.
Каркасты ғимараттар үшін бағаналар мен ригельдердің конвейердегі
өндірісі. Карскасты ғимараттардың бағаналары мен ригельдер конвейерлі
тізбекте өндіреді. Тізбекті камерада жылумен өңдейді ( 18.4 сурет). Тік –
тұйықталған конвейерлі тізбек жербөлікте 10 постта 770 мм адыммен
орналасқан. рельсті жолдың колеясы 1500 мм. Жерасты тізбек камерасы (
екеу) жақын орналасқан. көтергіштер мен төмендеткіштер қалып –
вагонеткаларды көтеріп бергіш раба көмегімен екі камераға тиейді.
Көтергіш қондырғы итергіштермен қамтамасыз етілген. Итергіш кмерадағы қалып
– вагонеткаларды бір адымға жылжиды. Күйдің төменгі және жоғары бөлігін
арнайы тіреуішпен бекітеді, себебі конвейер релтсінің жасында арбаның жақсы
тасымалдануы үшін. Камера толық толғаннан кейін салқынбату үрдісі жүреді.
Бұйымды дайындау келесі реттермен орындалады. 1 постта мезаникалық
қалыптан босатуда бойлық бүйірлерде ашырылады, бөлгіш аражабынды,
қосымша беттерді алып татайды. Бұйымды шығарып алып, қалыпты тазалайды және
майлайды. 2 постта қалып ашық бүйірмен түседі. Мұнда арматураны орнатып,
бөлгіш және төсегіш бөлшектерді қондырады.
3 постта қалып бүйірін және армирленуін дұрыс жүруін қадағалайды. 4 пост
қалыптау. 5 пост резервті. 6 постта машина бөліктерін өндіреді. Машина
бөлігі бункелі қоректендіргіш пен роликті дискімен қамтамасыз етілген. 7
постта бұйымды тексеріп, бұйымға қосымша жұмыстар жүргізді.
Сонан соң қалып – вагонетка түсіргішпен төменгі ярусқа түседі; ал екі
яруста 20 қалып – вагонеткалар орналасқан, жылумен өңдеу ұзықтылығы 1 – 12
сағ. Өлшемдеріне байланысты бір қалып – вагонеткада 2 – 4 бұйым
қалыптанады.Көпорынды топтық қалыпта кең номенклатуралы бұйым өндіреді.
Конвейер жұмысы автоматтандырылған, барлық механизмдер алыстан орталық
пульттен басқарылады.
Соңғы уақыттарды топтық қалыппен жұмыс істеу тізбегі ойлап табылды.
Топтық қалыптың ұзындығы 6,5 – 9 м, қалып 5 – 10 ригельге және 6 – 8
бағанаға есептелген.
Бір қалып көлемі 3 – 4 м3, көпірлі кран арқылы (20 т) жүк көтеріледі.
Дірілпрокатты станде бұйым дайындау. Бұл әдістің ерекшелігі
технологиясында. Бетон араласпасын дайындаудан бастап дайын бұйым шығарйға
дейін бір қондырғыда өндіреді. Қондырғы жазық конвейерден, үздіксіз
қозғалатын жылдамдығы 30 мсағ ( ауыр бетон бұйымдары үшін) немесе 15 мсағ
( жеңіл бетон бұйымдары үшін)
БПС – 6М станда 16 және 22 қабатты тұрғын үйлер үшін ірі панель
элементтерін дайындайды. ( қалыңдығы 35 см); ішкі қабырға панельдері және
аражабын тақталары ( қалыңңдығы 14см) БПС – 6М станында бұйысды қалыптаудын
ерекшелігі геометриялық өлшемдерінің дәл болуы және жоғары сапалығында .
БПС – 6М дірілпрокатты стан – шексіз жұмсақ табандығы бар көлденең
конвейер. Бірнеше механизмдердің кешені бетон араласпасын дайындау және
жаю, оны нығыздау, қалыпталынған бұйымды жылумен өңдеу, оның бөліктері және
автоматты түрде қалыптан босату, процессті басқару орталықталынған пульттен
жүреді.
Мөлшерленген шикізат екібілікті аралстырғышқа, ал бетон қамыры
үздіксіз қозғалып тұрған қалыптағыш лентаға түседі. Қалыптағыш лента
беткейінде қалыптау бөліктері, бүйір брустер және басқа да элементтер
бекітілген.
Лента аймағында арматуралық каркас, төсегіш бөлшектер, электрсымдары
жайылған, сонан соң қалыптағыш лентаға бетонтөсегіш арқылы кесе – көлденең
бетон араласпаы төселеді ( бұйым ені 32 -3,6 м) және діріл қондырғымен
нығыздайды: бұйымның жоғарғы бөлігі дірілқондырғымен тегістейді, ол екі
балкадан тұрады; балкалар діріл қондырылған.
Қалыптағыш лентадан кейін жылумен өңдеу камерасына түседі, онда 98 0 С
температурада 2 – 4 сағ бойына тез қатаяды.

3.2.1– сурет. Екіярусты стан схемасы
1 – көқтергіш, 2 – итергіш, 3 – көтергіш келтіруші, 4 – бетонтөсегіш, 5 –
дірілсаптағыш, 6 – тегістегіш қондырғы, 7 – ұстау аймағы, 8 – алдын ла
жылумен өндеген камера, 9 – төмендеткіш келтіруші, 10 – төмендеткіш, 11 –
қалып, 12 – алдын ла жылумен өңделген камера.

3.2.2 – сурет. Жантайлы – тұйықталған конвейер схемасы.
1 – шпател машинасы, 2 – кантователь, 3 – төменгі қабат лайтөсегіш, 4 –
автомат – жіп бетонараластырғыш локальді, 5 – екібункерлі бетонтөсегіш, 6 –
дірілалаңы, 7 – табандық, 8 – жылумен өңдеу камерасы

3.3.3 – сурет. Сыртқы қабырғалық панельдерді конвейер тізбегінде өндіру.

3.3.4 – сурет.Бағана мен ригельдерді конвейер тізбегінде өндіру схемасы

3.3.5– сурет.Дірілпрокат станында өндіру схемасы

3.3. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттар

Темірбетон - бетоннан және болатты арматурадан, монолитті
жалғанған және конструкцияда тұрақты жұмыс жасаушы бұйым. Бетонның сапасы
көбінесе пайдаланған материалға байланысты. Бетонға материалды дұрыс
таңдау, бетонға қойылатын талап деп түсінеміз. Сол материалдың өзінің
қасиеті бетон технологиясында ең маңызды орын алады. Бұл кезде бетон
өндіруде цементті үнемдеу және еңбек өнімділігі жоғары болады. Беріктілік,
пайдалану ұзақтылығы және бетонның тағы да басқа қасиеттері шикізат
материалдарының сапасына байланысты болады.
Цементтің түрі мен маркасы бетонның беріктілігімен анықталады. Ауыр
бетондар үшін келесі цемент маркалары үсынылады:
Егер цементтің маркасы бетонның маркасынан жоғары болатын болса,
онда микротолтырғыштар қолдану керек, яғни майдаланған тау жыныстары мен
өндірістік қалдықтар ( доменді шлактар, күлдер және т.б.)
Бетон маркасы, класы және цемент маркасының беонға тәуелділігі

3.3.1-кесте
Бетон класы В 7.5 В 10 В15 В 25 В 30 В 40 В45
Бетон маркасы М 100 М 150 М 200 М 300 М 400 М 500 М 600
Цемент маркасы 300 300 400 400 500 550-600 600

Әртүрлі жылу ылғалдылық жағдайында қатаятын бетондар үшін цемент
таңдағанда, цементтің минералогиялық құрамын, майдалау жұқалығы мен
құрамындағы минералогиялық және т.б. толтырғыштарды ескерген жөн.
Бетон араласпасын дайындау үшін және бетонға су себу үшін Құрамында
зиянды химиялық қоспалар жоқ ауыз су мен табиғи су қолданылады. Зиянды
химиялық қоспаларға: сульфаттар, минералды және органикалық қышқылдар,
майлар және т.б. жатады. Өндірістік, ағынды және шалшықты суларды
пайдалануға болмайды.
Бетон үшін судың жарамдылығын химиялық анализ арқылы анықтайды,
сонымен қатар бетон үлгілерін беріктікке сынау арқылы анықтайды. Егер 28
тәулікте қатайған бетон үлгісінің беріктілігі, кәдімгі ауыз судан жасалған
бетон үлгісінің беріктілігінен жоғары болса онда бетон дайындауда
пайдаланылатын су жарамды деп есептелінеді.
Қатты тау жыныстарының қирау нәтижесінде пайда болған дәндерінің
ірілігі 0,14 – тен 5 мм – ге дейінгі табиғи құмды ауыр бетон дайындау үшін
майда толтырғыш есебінде пайдаланылады. Құмның химиялық құрамы тау
жыныстарына байланысты әртүрлі болады. Көбінесе кварцты және слюдалы
құмдар кездеседі. Оның ішінде әкті құм көбірек кездеседі.
Жасанды құмды қатты және тығыз тау жыныстарынан ұсақтау арқылы алады.
Олардың құрамында зиянды химиялық қоспалар кездеспейді. Бірақ та құмды
ұсақтау қымбатқа түседі, сондықтан оны беріктігі жоғары бетон өндірісінде
қолданылады. Ауыр бетон дайындау үшін құмның құрамына және құнына басты
назар аударады.
Құмның дәндік құрамы дәндерінің әр түрлі өлшемдерімен сипатталады.
Дәндік құрамын анықтау үшін құмды өлшемдері (мм) 5; 2,5; 1,25; 0,63; 0,315;
және 0,14 сита арқылы өткізеді. Алдымен жеке қалдықты (%) әр ситадағы
(а2,5, а1,25, а0,63 және т.б.), сосын толық қалдықты (А2,5, А1,25, А0,63
және т,.б.) анықтайды. Әр ситадағы толық қалдық сол ситадағы жеке
қалдықтың және одан жоғары орналасқан сита қалдықтарының қосындысына тең,
яғни А0,63=а0,63+а1,25+а2,5. Толық қалдықтың мөлшері құмның дәндік
құрамының сипатттамасы болып табылады.
Ауыр бетон дайындау үшін толтырғыш есебінде қиыршық тас пен шағыл тас
қолданылады.
Қиыршық тас – жұмсақ қоспа, оны әртүрлі қатты тау жынысты үлкен
бөлшектерді уату арқылы алынады, алынған қоспа дәндерінің өлшемі әртүрлі
(5...70мм) бөлек фракцияларға бөлінеді. Еленген өлшемдері 3мм аз бөліктерін
құм ретінде пайдаланады. Қиыршық тастың малтастан айырмашылығы сүйір
бұрышты түрі және дәндерінің кедір-бұдыр беттері, малтасқа қарағанда
қиыршық тастың цемент-құмды ертіндісімен ілінісуі жақсы. Қиыршық таста
зиянды органикалық қоспалар көп емес.
Қиыршық таспен малтас дәндерінің өлшеміне байланысты фракцияларға
бөлінеді: 5...10, 10...20, 20...40 және 40...70мм. қиыршық таспен малтастың
барлық фракцияларында дәндердің барлық өлшемі болу керек, берілген фракция
үшін үлкенінен кішісіне дейін.

Темірбетон конструкцияларын кернеулік және кернеулік емес
арматуралармен арматуралайды.
Темірбетон конструкцияларын армирлеу үшін 40-тай болат маркалары
қолданылады. Арматуралық болаттар таңдау конструкцияның түріне байланысты
өзгереді. Сонымен қатар ғимараттар мен үймереттер эксплуатациялауға
байланысты.
Зауытқа түсетін арматуралық болат стержень және сым түрінде металл
қоймаларында сақталады. Металл қоймасынан арматуралық болатты өндіру
орнындағы цехта транспорттайды. Бұл процесс арматуралық болаттар даярлау,
оны тазалау және жөндеу, қаңқалардыды, арматуралық торларды жасау үшін
элементтер даярлау. Торлардың және қаңқалардың пісірілуі, көтеру ілмектерін
және бұйым түрлерін дайындайды. Арматуралық элементтерді даярлау үшін
пайдаланушы болаттар жоба талабына сәйкес орнатылуы керек. Бақылау
орнатылады: арматуралық болаттар сапасына, пісірмелер және коррозияға қарсы
жабындар сапасына.
Темірбетон конструкцияларын армирлеу - өндірісте маңызды элемент,
белгілі бір мөлшерде ғимарат пен үймереттің мәңгіліктігін анықтайды.
Арматураның жайы конструкция негізінде қатаң жарияланған. Негізгі назар
бетонның қорғау қабатының қалыңдығына аударылады, арматураны қаптап тұратын
және оның айналасында сілтілі орта түзетін, болаттың коррозияға ұшырауын
болдырмайтын. Арматураның бұйымда жобалық жайы бетондалуға дейінгі қалыпта
бекітеді. Арматураны негізгі қолданатын инвенторлы құрылымдармен бекітеді.

Жеке орындарда операцияларды орындау ұзақтығы әртүрлі болады,
сондықтан кейбір технологиялық кезеңді операцияларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конвейерлі әдіс бойынша аглопориттібетоннан сыртқы бірқабатты панельдерін өндіретін цех, жылдық өнімділігі 20 мың м3
Кассеталық технология бойынша жылына 20 мың м3 ішкі қабырға панельдерін өндіретін цех
Конвейерлі әдіс бойынша сыртқы қабырға панельдерін өндіретін цех, жылдық өнімділігі 30 мың м3
Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру
Бетон және темірбетон өндірісі
Жасанды Кеуек материалдар
М. Х. Дулати атындағы ТарМУ Энергия қорын үнемдейтін технология және жергілікті шикізаттарды кұрылыс материалдар өндірісінде пайдалануды өндірісте игеру және жасау
Кесте - Қатаю ұзақтылығының ауыр бетон беріктілігіне әсері
Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамытудың қазіргі замаңғы жай-күйі
Құрама темірбетон өндіру
Пәндер