Құрылыстық керамика өндірісі



I. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3.4
II. Шығарылатын өнімнің номенклатурасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
IІІ. Технологиялық бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6.17
3.1. Шикізат, өндіру әдісін талдау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6.10
3.2. Цехтың тәртібі және есебі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11.12
3.3.Технологиялық схема, негізгі технологиялық құралдарды таңдау және
есептеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13.17
ІV. Сапаны бақылау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18.19
V. Еңбек және қоршаған ортаны қорғау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20.23
VІ. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 24
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .25
Құрылыстық керамика – бұл тұрғын үй және өндірістік ғимараттар мен үймереттер тұрғызуға қолданылатын керамикалық бұйымдар тобы. Керамикалық қабырғалық бұйымдар – өте көне материал болып табылады. Керамика сөзі грек тілінен «keramos» деген сөзден шыққан,саз деген мағынаны білдіреді. Керамикалық бұйымдар саз қоспасынан, топырақтан және басқа табиғи материалдардан құралады. Қоспа дайын болғаннан кейін, оған белгілі бір форма беріледі, содан кейін ол белгілі бір температурада күйдіріледі. Керамикалық материалдар қазіргі кезде өте белгілі материал болып саналады. Олар қышқылға төзімді, қолдануда ұзақтылығымен ерекшеленеді. Құрылыстық керамика өндірісі халық шаруашылығындағы ең маңызды сала болып саналады. Соңғы он жылдықта механикаландырылған керамикалық кірпіш және тастар өндіретін зауыттар пайда болуда. Бұл зауыттар қуатты саз өңдейтін және қалыптайтын машиналармен, жаңа кептіргіш қондырғылармен және пештермен жабдықталған. Құрылыстық керамикалық тастар цемент, аз кездесетін металл, сонымен қатар тасымалдау қондырғыларын үнемдеуге септігін тигізетін ең көп тараған қабырғалық материал болып саналады. Тастар өз бойына күннің энергиясын сіңіріп, бірте-бірте оны бөліп отырады, сондықтан да жаз мезгілінде аптап ыстықтан және қыс мезгілінде бөлме ішіндегі жылуды сақтайды. Қабырғалық тастар өзінің қалыңдығы арқылы бу өткізеді. Нәтижесінде ғимарат ішінде ылғалдылықты тепе-теңдікте ұстап тұра алады.
А.Г.Комар Строительные материалыи изделия – М.: Высшая школа, 1983.

К.В. Чаус, Ю.Д. Чистов, Ю.В. Лабзина Технология производства строительных материалов, изделий и конструкций – М.: Стройиздат, 1988

Г.С. Бурлаков Основы технологии керамики и искусственных пористых заполнителей – М.: Высшая школа, 1972

А.М. Әбдіров, Ғ.Қ.сейфуллина Қауіпсіздік техникасы – Астана.: Фолиант, 2007

А.Кулибаев, У.Бишімбаев, Е.Қасымов, Қ.Бисенов Сәулеттік материалтану – А.: ИздатМаркет,2006

Б.С.сатеков Табиғи және жасанды құрылыс материалдары мен бұйымдары – Тараз.: Сенім, 2007.

Канаев В. К. Новая технология строительной керамики. – Стройиздат, 1990. – 264 с.: ил. – (Наука – строит. пр-ву).
Строительные материалы Справочник. – М.: Высш. шк., 1990. – 495 с.: ил.
Машины и оборудование для производства керамических и силикатных изделий. М., ЦНИИТЭстроймаш, 1977.
Нагибин Г. В. Технология строительной керамики. Учебн. Пособие для техникумов, Изд. 2-е перераб. М., «Высш. школа», 1975. 280с. с ил.
Үдербаев С. С. Құрылыс материалдары: қасиеттері және өндірілуі. Оқу құралы. – Қызылорда, «Тұмар», 2007 ж, - 208 бет.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

I. Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3-4
II. Шығарылатын өнімнің номенклатурасы . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . 5
IІІ. Технологиялық бөлім . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . 6-17
3.1. Шикізат, өндіру әдісін талдау . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . 6-10
3.2. Цехтың тәртібі және есебі . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . 11-12
3.3.Технологиялық схема, негізгі технологиялық құралдарды таңдау және
есептеу . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13-17
ІV. Сапаны бақылау . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . 18-19
V. Еңбек және қоршаған ортаны қорғау . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . 20-23
VІ. Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . 24
VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . .25

I. Кіріспе

Құрылыстық керамика – бұл тұрғын үй және өндірістік ғимараттар мен
үймереттер тұрғызуға қолданылатын керамикалық бұйымдар тобы. Керамикалық
қабырғалық бұйымдар – өте көне материал болып табылады. Керамика сөзі грек
тілінен keramos деген сөзден шыққан,саз деген мағынаны білдіреді.
Керамикалық бұйымдар саз қоспасынан, топырақтан және басқа табиғи
материалдардан құралады. Қоспа дайын болғаннан кейін, оған белгілі бір
форма беріледі, содан кейін ол белгілі бір температурада күйдіріледі.
Керамикалық материалдар қазіргі кезде өте белгілі материал болып саналады.
Олар қышқылға төзімді, қолдануда ұзақтылығымен ерекшеленеді. Құрылыстық
керамика өндірісі халық шаруашылығындағы ең маңызды сала болып саналады.
Соңғы он жылдықта механикаландырылған керамикалық кірпіш және тастар
өндіретін зауыттар пайда болуда. Бұл зауыттар қуатты саз өңдейтін және
қалыптайтын машиналармен, жаңа кептіргіш қондырғылармен және пештермен
жабдықталған. Құрылыстық керамикалық тастар цемент, аз кездесетін металл,
сонымен қатар тасымалдау қондырғыларын үнемдеуге септігін тигізетін ең
көп тараған қабырғалық материал болып саналады. Тастар өз бойына күннің
энергиясын сіңіріп, бірте-бірте оны бөліп отырады, сондықтан да жаз
мезгілінде аптап ыстықтан және қыс мезгілінде бөлме ішіндегі жылуды
сақтайды. Қабырғалық тастар өзінің қалыңдығы арқылы бу өткізеді.
Нәтижесінде ғимарат ішінде ылғалдылықты тепе-теңдікте ұстап тұра алады.
Қазіргі кезде құрылыстық керамика өндірісінде басты назар өнімнің
сапасын жақсарту мен өндірісте жаңа технологияларды пайдалану болып
табылады. Жаңа өндіріс орындарын тұрғызуда автоматтандырылған және жоғарғы
механикаландырылған жергілікті және шетелдік қондырғылармен жабдықтау
ескерілуде. Сонымен қатар кәдімгі керамикалық кірпіштерді алмастыратын жаңа
эффективті ірі қуысты тастар қабырға тұрғызуда қолданылып келеді. Бұл тек
шикізатты үнемдетіп қана қоймай, тастардың жылу қорғау қасиетін сақтай
отырып қабырғалардың массасы мен қалыңдығын төмендетеді.
Ешқандай материалдар керамикалық материалдардың орнын толық
ауыстыра алмайды. Мысалы, еденге арналған плиталар, өзінің беріктілігімен
қатар, адамға жақсы әсер береді. Қазіргі уақытта рынокта көптеген
дизайндағы материалдар бар. Соның ішінде итальяндық технологиялық әдіспен
жасалынған керамикалық тастар да бар. Оның өзі үлкен қолданыста. Оны
едендерге, терассаларға, жолдарға, ішкі қабырғаға, баспалдақтарға және т.б.
жерлерде қолданады.
Керамикалық бұйымның тағайындалуына байланысты қолданылуы: кірпіш
пен керамикалық тастар – аз және көп қабатты ғимараттар мен салулар үшін;
керамикалық плита мен беттік кірпіш – ішкі және сыртқы қаптама жұмыстары
кезінде; жолдық кірпіш пен керамикалық трубалар – жол құрылысына және жер
асты коммуникацияларына; черепица – жамылтқы құрылғысына; жеңіл керамикалық
бұйымдар – жылу оқшаулау үшін.
Құрылыстық керамика – керамикалық бұйымның үлкен тобы, олар үй құрылысы,
өнеркәсіпті ғимараттың құрылысында және салуларда қолданылады. Керамикалық
қабырғалық бұйымдар – ертедегі жасанды материалдардың бірі, олардың жасы 5
мың жыл.
Қазіргі уақытта керамикалық құрылыс материал өндірісінде технологияның
толық жетілдіруіне, сапа жақсаруына назар аударылған. Автоматтандырылған,
жоғары механикаландырылған технологиялық кәсіпорындарды құру көзделіп отыр.

II. Шығарылатын өнімнің номенклатурасы

Мемлекеттік стандартқа сәйкес кірпішке қойылатын талаптар: кірпіштің
өлшемдері (мм) : ұзындығы 250; ені 120; қалыңдығы 88 немесе 65 болуы керек.
Беріктігі (кгсм2) бойынша кірпіш мынадай маркаларға бөлінеді: 300, 250,
200, 150, 125, 100, 75. Көлемдік салмағы 1700 бен 1800 кгм сағ град, су
сіңіруі кірпіш салмағының 8% аз емес болуы керек. Аязға төзімділігі алма-
кезек -150С қатыру мен 15±50С температурада еріту кезінде 15 цикл болуы
керек.
Керамикалық кірпіш нағыз стандарт талаптарына сәйкес келуі керек,
бекітілген кезекпен технологиялық регламентпен өндірілуі керек.
Тұтынушы мен өндіруші арасындағы келісім бойынша кірпішті бір беттік
қабатпен де шығаруға болады.
Жобада өедірілетін керамикалық қабырғалық кірпіш мемлекеттік стандартқа
сәйкес: өлшемдері 250×120×65 мм Шартты өлшемдерінің қателіктері келесі
жағдайлардан асып кетпеуі тиіс: ұзындығы бойынша ±5(±7)мм,ені бойынша
±4(±5)мм, кірпіштің қалыңдығы бойынша ±3мм
Кірпіш және тастар, орнатылған тәртіппен бектілген, технологиялық
регламенттер бойынша дайындалып және нағыз стандарт талабына сай болу
қажет.
Кірпіш және тастар пішіні, өлшемі, бұйымдағы қуыстық орналасуы, сыртқы
қабырғасынынң қалыңдығы, цилиндрлі қуыстың диаметрі, тесікті қуыстың
ендері, сыртқы көрсеткіштері бойынша бұйым бетінен ауытқу бойынша МЕСТ 530
– 90 сай барлық талаптарға сай болуы қажет.
Кірпіш және тастардың үстіңгі бетінде жарықтар болмауы қажет.
Кірпіште және таста екі үстіңгі беті болады үшкірлі және қасықты.
Тұтышушымен дайындаушы кәсіпорынның келісімі бойынша, кірпіш және тастарды
бір ғана бетімен шығарады.
Кірпіш және тастардың су жұтуы 6 % кем болмау керек және карбонат құрамды
саздарға -12%, диатомит қосқан саздарға -20%, қалған саздарға -14%.
Кірпіш және тастар суыққа төзімді болуы қажет және сумен қаныққан жағдайда
қандай да бір зақымданусыз шыдауы тиіс;
Мр3 25 маркасы үшін –мерзімді қатайту және ерітудің 25 циклі.
Мр3 35 маркасы үшін –35 цикл.
Мр3 50 маркасы үшін –50 цикл. Беріктігі 1800 кгм3. Аязға төзімділігі 35
цикл.
Сапасы жоғары категориялы керамикалық кірпіш алу үшін жоғрыда айтылған
талаптардың барлығына сай келуі тиіс.

IІІ. Технологиялық бөлім

3.1. Шикізат, өндіру әдісін талдау

Керамикалық бұйымдарды жасарда саздық массаны, әдетте илеуі, жұмсақ
саздан, каолиннен және жұмсақ емес қоспалардан тұратын құрамалардан
дайындайды. Саздар мен каолиндерді керамикалық өндірісте саздық материалдар
деп біріктіре атайды. Кейбір керамикалық бұйымдарды өндірерде
диатомиттерді, трепельдер мен таза немесе саз қосылған сланецтарды және
т.б. қоспаларды қосады. Сазбалшық – ылғал күйінде оңай қалыпталатын,
кепкеннен кейін қатты және мортты болатын, оған берілген форманы (күйді,
қалыпты) сақтай отырып, ал күйдіргеннен кейін су сіңіруді жоғалтатын және
қайтымсыз тасты күйге ауысатын шөгінді тау жынысы.
Сазбалшық – құрамында каолинит Al2O3•2SiO2•2H2O, монтмориллонит
Al2O3•4SiO2•H2O•nH2O, иллит (гидрослюда) K2O•MgO•Al2O3•7SiO2•2H2O және тағы
басқа сазбалшықты минералдардан тұрады. Ол минералдар сазбалшыққа
пластикалық-иілгіштік қасиеттер береді және оның құрамында кварцты,
карбонатты, темірлі, сульфатты, органикалық ерігіш тұздар және тағы басқа
қосылмалар да болады. Балшықтағы химиялық және минералогиялық қасиеттерінің
өзгеруіне орай керамиканың физика-механикалық құрылыстық қасиеттері және
түсі өзгереді.
Сазбалшықтың қасиетіне қосылмалар үлкен әсер етеді. Al2O3-пен
байланысқан SiO2-нің көп мөлшерінде сазбалшықты минералдарға саздың
байланысу, жабысу қасиеттері азаяды, күйдірілген бұйымның кеуектері
көбейіп, оның беріктігі төмендейді.
Сазбалшықтың ең негізгі қасиеттерінің бірі – олардың сумен
қатынасқанда (пластикалық, тұтқырлық қасиеттері), бұйымдарды кептіргенде
(ауалық шөгу) және оларды күйдіргендегі (оттық шөгу, отқа төзімділіг, пісу)
көрсететін қасиеттері. қалыпталып, кептіргендегі шөгуі өте үлкен болады.
Сазбалшықтың иілгіштігін қалыптастырып өзгерту үшін: кептіргенде өте қатты
шөгетін пластикалық жүдеудеткіш қоспалар қосу; жұқа сазға иілгіштігі
жоғары сазды немесе пластифицирлеуші қоспалар енгізу; арнайы тәсілдермен
сазды өңдейтін механикалық құрадарда сазбалшықты ылғалдап, вакуумдап, оны
бумен өңдеуге болады.
Сазбалшықтың тұтқырлық қасиеті – пластикалық емес материалдардың
бөлшектерін байланыстырып, сумен қатқанда беріктігін жоғалтпайтын және
жақсы қалыпталатын қасиеті. Бұл қасиет массаға қоспа ретінде пайдаланғанда
жақсы қалыптау қасиеттер беретін таза кварцты құмның мүмкін болған
максималды мөлшерімен анықталады. Жоғары пластикалық сазбалшыққа құмның 60-
80%-ке дейінгі мөлшерін қосуға болады.
Күшті құмды сазбалшықта күйдіру процесінде шөгу емес, кварцтың
модификациялық ауысуның әсерінен көлемінің ұлғаюы мүмкін. Толық шөгу ауалық
және оттық шөгулердің алгебралық суммасына тең, ол 5-18% аралығында.
Сазбалшықтың бұл қасиетін керекті өлшемдегі бұйымдар өндірісінде
ескереді.
Сазбалшықтың отқа төзімділігі – балқып кетпей, жоғары температураға
қарсы тұру қабілеті. Cазбалшықты материалдардың құрамындағы полиминералдық
күшіне байланысты балқу температурасы болмайды. Олар температураның кейбір
интервалдарында балқиды. Жобадағы кірпіш өндіру үшін алынған сазбалшықтың
отқа төзімділігі tот15800С.
Шөгуді азайту және сазбалшықтың басқа да технологиялық қасиеттерін
жақсарту үшін, оның құрамына жасанды немесе табиғи материалдардан
дайындалған әр түрлі қоспалар енгізеді.
Иілгіштігі жоғары сазға енгізілген жүдеудеткіш қоспалар ұстасудың жалпы
күшін, тұтқырлығы мен иілгіштігін төмендетеді. Соның әсерінен массаның
бірлік көлеміндегі сазбалшықты бөлшектің көлемі азаяды, осыдан кейін
араласпа жеңіл, шөгуі аз болып, кебу қасиеттері жоғары болады.
Сазға жүдеудеткіш қоспа арқылы біз шикізаттың құрамын жақсартамыз.
Егер отқа төзімді сазды 1300-14000 температураға дейін күйдіріп
майдаласақ, онда біз шамот материалын аламыз. Ол негізінен 45%-ке дейін
глиноземнен, 50-60%-ке дейін кремнеземнен тұрады. Олар жоғары
температурада муллитті қалыптастырады.
Жобадағы керамикалық кірпішке қоспа ретінде әр түрлі жүдеудеткіш қоспалар,
мысалы: түйіршіктелген отын шлагы, күлдер қосады. Түйіршіктелген шлак –
бұл жақсы ісінген масса. Шлакта өзінің дәедері ғана емес, сонымен қатар,
әлсіз күйдірілген сазды, көмірлі бөлшектер де, жанбаған көмір де болады.
Күл де шлак сияқты, жүдеудеткіш қоспа ретінде ғана емес, күйдіру процесінде
бу қалыптастырғыш, жанып кететін және балқыма қоспа рөлін де атқарады.
Күлдің құрамында да көмірлі, темірлі, әктасты және шыны тәрізді бөлшектер
бар.
Дайын керамикалық бұйымның көлемдік салмағын төмендету, оның
кеуектілігін көбейту үшін, шикізат материалына жанып кететін немесе кеуек
түзгіш қоспалар қосады. Олар жүдеудеткіш қызметін де атқара береді.
Жүдеудеткіштер сазды массада қаңқа рөлін атқарады және сазбалшықтың
көлемін азаймауын, сызаттанбауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, олар
ылғалдың төменгі қабаттардан бетіне өтуіне де әсер етеді, кептірудің
уақытын мен бағасын төмендетеді. Шикізаттың кептіру кезеңін массаға аз
мөлшерде электролит-коагулятор қоспаларын қосу арқылы да қысқартуға болады.

Күл-шлак қоспа немесе күлді шығару керамика құрылысын өндіруге қолдану
келесі талаптарға жауап береді:
Күлдер жеңіл балқитын және орта балқитын болуы қажет (жұмсарту
температурасы 1200 және 1400 С аралығында)
Жанбайтын отындардың құрамы күлде шектелмейді,ондағы күл бөлігі 10%
құрайды
Күлдегі күкірттің болуы 2 %құрайды онда отынды күйінінің саны 5 %
аз болуы қажет
Физикалық қасиеті.Күл мен шлактың ең негізгі физикалық қасиеттері олардың
шашылуы және тығыздығы,сонымен бірге гранулометриялық құрам.
Шаң түріндегі күлдің грануметриялық құрамы жанармай түрінде,оның
дайындалуына,жағу режиміне және және оны жинау орнына байланысты.Күлдің ірі
бөлшектеріциклондармен ұсталады,майда және ұсақтары электрофильтрлермен
ұсталады.Мысалы Прибалтиканың ГРЭС циклондары тек 47...63% құрайды осы
уақытта электрофильтрлік күл 61...87%,үшінші қатар 78...98% тұрады.
Әртүрлі мемлекеттердің стандарттарында дисперсиялық күл сипаты
қолданылады,олардың жалпы беті 2700-4000 см²г.Күлді гранулометриялық
,химиялық фазалық құрамы оның үймелі тығыздығына тәуелді, олар 600...1300
кгм3 аралығында орналасады.Түрлі көмірлерде күлдің нағыз тығыздығы 1,75-
тен 3,5гсм3 және орташа 2,1...2,4гсм3 тең.Жанармайлы ұсақталған күйінде
10...15мм ірілікке тең,нақты тығыздығы 2,83...3,26гсм3,үймелі тығыздығы
1100...1300...кгм3.
Химиялық құрамы.Күл мен шлакты тас көмірдегі жағу және антрациттердің
химиялық құрамы бойынша SiO2 және Al2O3негізінде көрсетілген.Онда СаО
құрамы 5%аспайды.Күлдегі басты оксидтердің қатынасы орта есеппен былай
болады.SiO2-40...58%,Al2O3-21 ... 27 %,CaO-4 ... 6,Fe2O3...17,Na2O-
0.4...4,7%.Сонымен бірге күл құрамына SO3,MgO,TiO2 және т.б. кіреді.
Күлдегі SO3,MgO,TiO2 және т.б. кіреді.Күлдегі SO3 болуы сульфат
тұрақтылығының талаптарымен шектелген.Тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін
қатайту барысында көлемін өзгертуде СаО-2 ... 5% аспауы қажет,ал MgO-5%.
Күлде Na2O және К2О суммарлық құрамы 1,5-3% болуы қажет.
Жоғары кальцийлі күл немесе шлак Қан-Ачин бассейнінің көмірлерін жағу
барысында түзіледі,сонымен бірге Украйн және Оралдың көмірлері,Орта Азия
және Шығыстың кейбір тас көмірлері.Көмірдің түріне және оларды жағу
барысында күлде 0,5-20% жанармай бөлшектері болуы мүмкін.Олар зиянды қоспа
болып табылады. Стандарттарды күлдегі шектеулі қалдықтар құрамын көмірдің
түріне байланысты орнатылады.Шлактарда жанармай қалдықтары болмайды,жеке
жағдайларда олардың құрамы 1% құрайды
Берілген жобада кәдімгі кірпіш массасын дайындау және өңдеу үшін
пластикалық әдіс таңдалды. Шикізатты өңдеу және массаны дайындаудың
негізгі 3 тәсілі бар: жартылай құрғақ (масса ылғалдылығы 8-13%),
пластикалық (масса ылғалдылығы 18-26%) және шликерлік (масса ылғалдылығы 45-
60%). Әдістер шикізат материалдырың қасиеттері мен алынатын бұйым сапасына
байланысты тағайындалады. Керамикалық бұйымдарды олардың әр түрлілігіне
байланысты оларды әр түрлі технологиялық тәсілдермен дайындайды, бірақ
оларды өндірудің негізгі бірдей және сазды қазып алудан, массаны қалыптау
үшін дайындау, бұйымды (шикізатты) қалыптау, бұйымды кептіру және оларды
күйдіруден тұрады.
Карьерден тікелей алынған саз бұйым алуға жарамсыз, сондықтан кез-
келген керамикалық бұйымның технологиясы керамикалық немесе жұмысшы
массаларды дайындаудан басталады.
Өндірістің бұл сатысының мақсаты – саз шикізатының табиғи құрылысын бұзу,
одан жағымсыз қоспаларды шығару, ірі кесектерді майдалау, содан соң
біртекті және қалыптауға ыңғайлы керамикалық масса алғанға дейін барлық
компоненттерді сумен араластырады. Дайындалатын өнімнің түріне және
бастапқы шикізаттың қасиетіне байланысты керамикалық массаларды
пластикалық, жартылай құрғақ және шликерлі (сулау) тәсілдермен алады.
Пластикалық тәсілде массаны дайындау мен қалыптау кезінде бастапқы
материалды табиғи ылғалдылығында немесе қамыр күйге жеткенге дейін су
қосумен араластырады.Алынатын масса ылғалдылығы 15-тен 25 % дейін және одан
жоғары ауытқиды. Дайындалған саз массса қалыптаушы сығымдауышқа (пресс) көп
жағдайда таспалы (ленталы) қарапайым немесе вакуум камерамен жабдықталған
түрімен жеткізіледі. Ыдырау саздан ауаның бөлінуіне олардың бөлшектерінің
жақындауына бейімдейді, сондай-ақ массаның қалыпталуы мен біртектілігін
жоғарлатады. Қажетті қимадағы саз формалары сығымдағыш (пресс)
мунштукарқылы шыққанда бұйымдарға кесетін кескіш аппаратпен кеседі.
Массаны дайындаудың және қалыптаудың пластикалық тәсілі жаппай материал
шығару кезінде көбірек тараған (кәдімгі қыш, кеуекті қыш, тастар, черепица
және т.б.).
Жартылай құрғақ тәсілді дайындау кезінде шикізат материалы бастапқыда
кептіріледі, уатады, ұнтақ етіп майдалайды, содна соң араластырады және
сумен немесе бумен ылғалдайды, сондықтан қабілеттілігі жақсарады,
керамикалық масса өзіндік аз ылғалды пресс-ұнтақты ұсынады ( жартылай
құрғақ 8-12% дйін, құрғақ қалыптау тәсілінде 2-8 % дейін), сондықтан мұндай
массаларды үлкен қысымды арнайы автоматтандырылған сығымдағыштарда
қалыптайды.
Бұйымды сығымдаудан кейін кептіру жылдам немесе кептіруді күйдірумен
біріктіруге болады, бұл өндірісті жеделдетуге, отын шығынын азайтуға және
өнімнің арзандауына әкеледі. Қалыптаудың пластикалық тәсіліне қарағанда аз
пластикалық саздарды қолдануға болады, бұл өндірістің шикізат базасын
кеңітеді.
Сығымдаудың жартылай құрғақ тәсілімен тегіс және қуысденелі пішінді
кірпіш, қаптама плита, ал құрғақ тәсілмен тығыз керамикалық бұйымдар (еден
плиталары, жол кірпіштері, фарфор материалдары) жасауға болады.
Бұйымдарды шликерлі тәсілмен дайындау үшін бастапқы материалдар алдын-
ала майдаланады және біртекті ағымды масса алғанға дейін үлкен су
мөлшерімен мұқият араластырылады (араласпа ылғалдылығы 4045%). Шликерлі
тәсілді фарфор, фаянсты бұйымдар, қаптама плиталар технологиясында
қолданады. Шашыратып кептіргіштердегі керамикалық массаларды
сусыздандырудың жоғарғы техника-экономикалық тиімділігін ескере отырып,
шликерлі тәсіл басқа да керамикалық бұйымдар технологиясына өндіріледі,
атап айтқанда беттік кірпіштер технологиясында, бірақ ол отын шығынын көп
жұмсауды талап етеді.
Майысқақ қалыптауды әдiстiң кемшiлiгi шикiзаттың тоқашы технологиялық
циклданың үлкен ұзақтығы процесс есебiнен болып табылады, тоқашқа және
тоқаштың жеке процессiнiң бар болуының жанында материалдың путсотелого,
үлкен отыруы әсiресе тоқаш және күйдiрудiң процесстерiнiң бiр агрегатындағы
күйдiру және қосарлану үшiн тоқашты, құрғатылған шикiзаттың басқа жерге
салуында отырғыш шикiзаттың жанында сыйымды операциялардың
механикаландыруын мүмкiндiгiн қиындатады.
Өз күрделiлiгi және ұзақтық, массаның әзiрлеуiнiң майысқақ әдiсi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Керамикалық материалдар-құрылыс кірпіш және ыдыстар пайда болуы, дамуы және өндірісі
Керамикалық материалдар,қасиеттері және шикізаттары мен өндіру әдістері
Дәстүрлі емес материалдар негізінде керамикалық бұйымдар
Ірі өлшемді керамикалық және декаративті бұйымдар
Керамика
Құрылыс материалдарына шолу
«Глинозем мен силикат материалдардың химиялық технологиясы»
Керамикалық кірпіш алу технологиясы және физикалық қасиеттері
Құрылыс керамикасын өндіруге арналған шикізаттар
Керамикалық кірпішті жартылай – құрғақ әдіспен дайындау
Пәндер