Нарық туралы



Нарық
тауар.ақша айырбасы
Нарық — тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм. Ол тауар-ақша айырбасының саласы болып табылады және өндірушілер (сатушылар) мен тұтынушылар (сатып алушылар) арасындағы экон. қатынастар жүйесін білдіреді. Бұл қатынастардың негізгі элементтері – құн, баға,[ бәсеке, сұраныс пен ұсыныс. Нарықтың жұмыс істеуі тауар өндірушілердің арасындағы байланыстарды реттейтін, сондай-ақ адамдардың арасындағы экон. қарым-қатынас олардың еңбегінің өнімін сатып алу мен сату арқылы көрініс табатын тауар өндірісі жағдайында қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттейтін заңға бағындырылған.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі

Мамандығы: Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану
Бөлім: Гуманитарлық - экономикалық
Цәк: Арнайы құқықтық және экономикалық білім беру пәндері

Пәні: Нарықтық экономика негіздері және өндірісті басқару
Тақырыбы: Нарық
Оқу түрі: кредиттік
Тобы: 1401-10-9б
Орындаған: Көшербай С.
Қабылдаған: Есимова Г .

Қаратау 2013ж
Нарық
Нарық — тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын
айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша
айтқанда, нарық — нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын
қосатын кез келген институт немесе механизм.Мазмұны
Толығырақ
Ол тауар-ақша айырбасының саласы болып табылады және өндірушілер
(сатушылар) мен тұтынушылар (сатып алушылар) арасындағы экон. қатынастар
жүйесін білдіреді. Бұл қатынастардың негізгі элементтері – құн, баға,[
бәсеке, сұраныс пен ұсыныс. Нарықтың жұмыс істеуі тауар өндірушілердің
арасындағы байланыстарды реттейтін, сондай-ақ адамдардың арасындағы экон.
қарым-қатынас олардың еңбегінің өнімін сатып алу мен сату арқылы көрініс
табатын тауар өндірісі жағдайында қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды
реттейтін заңға бағындырылған. Сұраныс пен ұсыныс заңы осыны жүзеге асыру
нысаны ретінде әрекет етеді, оның іс-әрекеті айырбастың баламалылығын, ақша
және тауар ағынының, төлем қабілеті ағынының, төлем қабілеті бар сұраныс
пен ұсынылатын тауарлардың (қызметтердің) ара салмағын айқындайды. Нарық
қатысушылардың бәрін, бір жағынан, бәсекеден, банкроттықтан, т.б.
туындайтын экономикалық мәжбүрлеу арқылы, екінші жағынан, материалдық
ынталандыру (пайданы молайту, т.б.) жолымен тауарлар мен қызметтердің
жоғары сапада болуына, өндіріс шығынын азайтуға, тұтынушыларды ойдағыдай
қанағаттандыруға бағдарлайды. Нарыққа тауар өндірушілердің тәуелсіздігі,
олардың толық дербестігі, тауарлардың бағасын еркін белгілеуі, тұтынушылар
мен жеткізуші-лерді еркін таңдауы, тауар өндірушілердің, сатушылардың
өткізу бәсекелестігі тән. Мемлекет нарықтық қатынастарды ретке келтіру,
шаруашылықты жүргізудің нарықтық нысандарының теріс зардаптарын барынша
азайту, халықтың жекелеген топтарын әлеум. жағынан қорғау шараларының
кешенді жүйесін әзірлеп, жүзеге асырады. Мұндай реттеу нысандары
құрылымдардың (биржалардың, жәрмеңкелердің, жарнамалық және басқа
агенттіктердің) жұмыс істеуі ережелерін белгілейтін заңдық және басқа
нормативтік актілер жатады. Бағаны мемлекеттің реттеп отыруы, тауарлар мен
қызметтердің кейбір түрлеріне тұрақты баға белгілеу немесе жәрдемқаражат
белгілеу нарықтың жұмыс істеуіне айтарлықтай ықпал жасайды. Тауарлар нарығы
тікелей тауар айналысы, ақшаны тауарға және тауарды ақшаға айырбастау
саласы нарықтық жүйенің өзегі болып табылады.
Нарық
Демократиялық қоғам тарихи жағынан нарықтық қатынастардьң енуімен
жалпылама сипатқа ие бола бастады. Мәдениеттің, демократияның, нарықтың
арақатынастарын қарастырайық. Мәдениет пен нарықтың арақатынасы туралы
әртүрлі, кейде бір-біріне қарама-қарсы көзқарастар бар. Алайда бір нәрсені
анық айта аламыз: адамзат әлі күнге дейін адамдық әрекетті ынталандыру мен
қоғамдық байлықты бөлудің нарықтан жетілген тәсілін ойлап тапқан жоқ.
Нарықтық шаруашылыққа негізделген үлгілердің бір артықшылдығын қоғамдағы
экономикалық әрекеттерді, бір жағынан, тұтынушылардың сұраныстарына сәйкес
бағыттап, екінші жағынан, тауар дефицитін барған сайын өрістететін
бәсекелестік пен еңбек өнімділігін арттыру арқылы жүзеге тиімді және
рационалды шаруашылық процестері нәтижесінде қысқарту деп пайымдауға
болады. Әлеуметтік нарық экономикасы атты кітабында X. Ламперт нарықтың
төмендегідей приоритеггерін атап өтеді:
- еркін баға жүйесі ең төмен шығындарға негізделген және осы арқылы
өндіріс құралдарын тиімді түрде қолданатын осыған дейін белгілі өндірістік
қатынастардың арасындағы нағыз ұтымдысы болып табылады;
-өз шешімін қабылдауда автономды және ерікті болып табылатын
кәсіпкерлер шығынды аз жұмсайтын өндіріс тәсілдерін қолданып, өзгермелі
сұраныс жағдайында жылдам әрекет ете алады және өз әрекеттерінің
тиімділігін қашан да естен шығармайды, керісінше, мемлекеттік экономикалық
басқаруды жүзеге асыратын құрылымдар көптеген жағдайда динамикасыз,
бюрократиялық машиналардың тетігіне айналып, дұрыс әрі тиімді шешімдер
қабылдай алмайды және олар өндірістің жағдайымен кәсіпкерлерге қарағанда
формалды түрде ғана таныс болып келеді;
- әкімшілік экономикасының үлгісіне қарағанда нарықтық шаруашылық
моделі жеке белсенділік пен іскерліктің толыққанды, шығармашыл және еркін
жүзеге асуына көбірек мүмкіндік береді;
-сосын, нарықтық шаруашылықта өндірушілер шектелген, қатал, міндетті
жалпышаруашылық жоспарларымен тоқталынбайды, шаруашылық субъектілері
өндіріс құралдарын өз мақсаттарында еркін қолданады және осы себептен
нарықтық жүйеге және ондағы өзгерістерге жылдам бейімделе алады
Нарық — бұл демократиялық құрал , онда әрбір тұтынушының дауыс қүқығы
бар. Мемлекеттік артықшылықтар, жеңілдіктер, коррупция және тыйымдармен
шектелмеген нарық жүйесінде байлыққа жетудің бірден бір жолы бар. Ол —
тұтынушылардың талап-мұқтаждарын дер кезінде аңғарып, оларды өтеу
мақсатында тынбай еңбек ету. Мәдениет нарықтық қоғамда оның әрекеттік
принциптерінен тыс тұра алмайды, тіпті мәдениеттің өзі тауарға айналып
кетуі мүмкін. Құндылықтың нарықтық ұғымы, айырбас құндылығының тұтынушы
құндылықтан жоғары болуы, құндылықтың осыған ұқсас адамға қатысты, айталық
адамның өзін өзі бағалауына байланысты ұғымының пайда болуына әкеліп соқты.
Өзін өзі тауар, ал өзіндік құндылық айырбасқа қатысты есептейтін мінез-
құлық бағдарын нарықтық адам бағдары деп сараптайды. Соңғы жылдары
тұлғалық базар деп аталатын әлеуметтік құбылыс қалыптасқан. Ондағы
бағалау жүйесі мен принциптері тауар базарымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық механизм және жетілген бәсеке
Нарық, тауар құны туралы түсінік
Нарық жүйесі туралы
Нарық механизмінің мәні және ерекшеліктері
Нарық: түсінігі, қатынастары, құрылымы
Нарықтың экономикада қажеттігі, мәні, өту жолдары
Нарық оның механизмі мен қызметі
Нарықты реттеудің мәні
Бағалау қызметінің құқықтық аспектілері
ҚР - да нарықтық экономиканың қалыптасуы
Пәндер