Көрінбейтін қолдын рыноктағы рөлі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2.3
1.тарау. Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне
толық көзқарастар
1.1. Мемлекеттің мәні, және экономикада мемлекеттің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4.5
1.2. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5.13
1.3. Мемлекет және бизнес ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13.16
2.тарау. Қазакстан Республикасының әлеуметтік
экономикалық даму стратегиясындағы
мемлекеттің рөлі
2.1. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға
өтуінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16.18
2.2. Өтпелі кезееңдегі макроэкономикалық саясат ... ... ... 18.20
2.3. Шағын кәсіпкерлік нарықтық қатынастардың
дамуының тиімді нысаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20.22.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23.24
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы:- «Көрінбейтін қолдын рыноктағы рөлі
»-деп аталады. Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп болған мәселе, оның бүгінгі қоғамдағы экономикамыздағы ең өзекті мәселелерінің болуында. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан нарықтық экономмканы реттеу зор роль атқарады.Халық шаруашылығын экономикалық кан тамыры іспетті, осы нарықтық байланыстар аркылы өндірістің «қан айналымы» жүзеге асады. Оның өміршеңді өндірістің табиғатына, экономикалық әлуметтік жағдайына байланысты , дегенмен нарықтың біраз дербестілігі болады, сондықтанда олар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориллық айтыстар толастай келеді.Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде "нарық" деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Нарық сауалға бірден жауап берудін өзіндік қиындығы жеткілікті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтің «Қазақстан 2030 стратегиясы».
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы.
Актілер жинағы 2007 жылы №115, 116 бет
Дала мен қала 2006 29 қыркүиек
Әубәкіров Ә.Я. «Экономикалық теория», Алматы: «Экономика», 2001
Камалин Сыртқы сауда эканомикасы Алматы 2005
Қ.Қ. Ілиясов «Қаржы» Алматы 2005жыл. 506 –
Мадияров
Мамыров Н.Қ. Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. – Алматы.Экономика, 2004.
Интернет. www. Coogle. kz.
Расулов.Н. «Инфляцияның дамуы және көрсеткіштері» // Қаржы қаражат
Шеденов «Экономикалық теория негіздері», Алматы: «Экономика», 1999.
Хабаршы // 2007 №3 (61)
С. Райымқұлұлы «Экономикалықтеория негіздері» Алматы 2003 154 –
Студенттік 10 – шы конференция // 200
Статистикалық бюллетен. №2 2006ж. 80 – 81
Статистикалық жинақ «Тәуелсіз Қазақстан 10 жыл» 16 –
«Экономика әлемдік классика» 4 том.
«Экономика әлемдік классика» 6 том.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2-3
1-тарау. Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне
толық көзқарастар
1.1. Мемлекеттің мәні, және экономикада мемлекеттің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-5
1.2. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-13
1.3. Мемлекет және бизнес ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...13-16
2-тарау. Қазакстан Республикасының әлеуметтік
экономикалық даму стратегиясындағы
мемлекеттің рөлі
2.1. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға
өтуінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 16-18
2.2. Өтпелі кезееңдегі макроэкономикалық саясат ... ... ... 18-20
2.3. Шағын кәсіпкерлік нарықтық қатынастардың
дамуының тиімді нысаны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...20-22.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23-24
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы:- Көрінбейтін қолдын рыноктағы рөлі
-деп аталады. Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп болған мәселе, оның бүгінгі қоғамдағы экономикамыздағы ең өзекті мәселелерінің болуында. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан нарықтық экономмканы реттеу зор роль атқарады.Халық шаруашылығын экономикалық кан тамыры іспетті, осы нарықтық байланыстар аркылы өндірістің қан айналымы жүзеге асады. Оның өміршеңді өндірістің табиғатына, экономикалық әлуметтік жағдайына байланысты , дегенмен нарықтың біраз дербестілігі болады, сондықтанда олар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориллық айтыстар толастай келеді.Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде "нарық" деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Нарық сауалға бірден жауап берудін өзіндік қиындығы жеткілікті. Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта қүру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым экономикасының арасында нарық түралы бірыңғай пікір жоқ, Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.Сондықтан нарық үдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты түтқасы. экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің қүрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған
жөн. Экономика ғылымы ретінде соңғы екі жүз жылдықта А.Смиттің еңбегінде іргетасы қаланған теорияны талдау және оны толықтыру бағытында дамуда. Алғаш рет Сұраныс және Ұсынысты Адам Смит 1776 жылы жарық көрген Халық байлықтарының табиғаты мен себептерін зерттеу кітабында Көрінбейтін қол атты категориялық ұғымы ретінде қарастырып зерттеген.
Сұраныс және Ұсыныс мәселелері Нарықтық тепе-теңдікті анықтайтын факторлар болатынын Альфред Маршалл өзінің 1890 жылы шыққан Саяси экономия принциптері жұмысында принципті негіздегі шешімін тапты.
Сұраныс және Ұсыныстың еркін өзгеруі нәтижесінде Ұлттық экономикамыздың нарықтық жүйесі тепе-тендігін анықтай аламыз. Капиталистік қоғамның дамуы деалектикасының өзі нарықтық әкономиканы ұйымдастыруға әкелетіні аян. "Айырбастау"-дейді. В.И. Ленин7-"адамдарды нарық арқылы біріктіреді". Нарықтық экономика-ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Сонымен бірге, нарық стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөлінеді.Стихиялы нарық -капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу әкономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып отыр. Нарықтың маңызды әлементтеріне нарықтық инфрақүрлым жатады. Нарық тауар биржаларының, көтерме және бөлшек сауда қүрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарық әкономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішіен ең үнамсыз болса да әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін вариянты таңдап алынады.

1-тарау. Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне толық теориялық қарастар
1.1. Мемлекеттің мәні және экономикада мемлекеттің рөлі
Рыноктық түрлендірілуге арналған стратегиялық курсты Республика Президенті анықтап берді. Өтпелі рыноктық экономиканы дамытудың тұжырымдамалық негіздері отандық тауар өндірушіге талғамалы көмек беру, экономикалық даму индикаторларын іске қосуда, реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету және осы негізде тиімді әлеуметтік саясатты жүргізу болып табылады.
Тәуелсіз елдің жаңа экономикалық идеологиясын қалыптастырудың басы деп есептеуге болатын 1993 жылдың соңынан бастап (ұлттық валюта шолу жасап көрейік.
Ұлттық валюта теңгені енгізумен 1993 жыл Қазақстанның тәуелсіз экономикасының дамуының басталған уақыты деп есептеуге болады. Бұдан әрі Қазақстан мысалында экономиканың рыноктық дамуының көкейкесті мәселелерін қарастырамыз. Өзінің дамуының 8 жылы ішінде Қазақстан экономикасы ТМД басқа да елдері, оның ішінде Ресей сияқты елеулі реформаларды басынан өткерді. Әрбіреуі өз ерекшеліктеріне ие тәуелсіз Қазақстан экономикасының дамуын 4 кезеңге: 1993-1995жылдар, 1996-1997жылдар, 1998-2000 жылдар, 2001 жылдан қазіргі уақытқа дейін деп бөлеміз.
Орта жылдамдықты перспективаға (1993-1995жылдар) арналған бірінші дагдарысқа карсы шаралар бағдарламасында құнсыздануды қолайлы деңгейге дейін басу өндірістік төмең кұлдырауын тоқтауға және оның 1995жылдың аягына қарау өсуі үшін жағдай туғызуға мүмкіндік береді деп
күтілген болатын. Алайда кұнсыздану деңгейі 1993 жылы 2265%-га жетті. Құнсыздану процесінің жылдамдатылуы өндірістің төмен кұлдырауына әкелді. Халык тұтынатын тауарлардың ішкі рыногы бұзылды, өнімдер экспорты тастама экспорт бойынша төмен бағаларға жүргізілді. Осы үлгімен 1994 жылдың ортасына қарай дағдарысқа қарсы шаралардың 1993-1995 жылдарға арналған бағдарлама бойынша экономика реформларын әрі қарай жүзеге асыру мүмкін емес еді.
Бірдей уақытта іске асырылу мерзімі 15 ай (1994-1995 ж) экономикалық реформаларды жылдамдату бағдарламасы енгізілді. Бұл багдарламаның негізгі мақсаты өндірісті оның жандануына жағдай туғызу үшін қүнсыздануды басатын деңгейге дейін тұрақтандыру болды.
1995 жыл деректері қүнсызданудың деңгейі бағдарламамен қарастырылғаннан жоғары болғанын көрсетті. Өндірістің қүлдырауын жеңу мүмкін болмады. Егер өндірістің құлдырау динамикасына көз жүгіртетін болсақ, онда 1992 жылы оған қарағанда салыстырмалы түрде түрақты болған 1990 жылда 14,6%, 1993 жылы - 28%, 1994 жылы - 48%, 1995 жылы - 57% құрады.
Осы жылдары Қазақстан мен Ресейдегі үкімет бағытын әкімшілік-бұйрық басқару элементі қосылган тұрақсыз монетаризм ретінде анықтауга болады. Аталған бағытқа тоқтаусыз жүре беру бағалардың жылдам өсуіне және күнсыздану процестерінің дамуына, жеміссіз қаржылык макрореттеуге экелді. Микроэкономикалық және өңірлік саясат, ғылыми-техникалық даму, мемлекет меншігін басқару, кәсіпкерлік пен шағын бизнесті дамыту мэселелері шешімін таппай қалды. Ұйымдастыру жарнамалардың ауысуына қарамастан мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру тетігі іске қосылмады. Ескі партиялық-шаруашылық номенклатурамен өндірісті монополизациялау жалгаса берді.
Қазакстанда орташа жылдамдықты болашак бағдарламасы (1996-
1998жж.) бес жыл бұрынғы міндетті- құнсыздану деңгейін 1997 жылдың
аяғына дейін 9-12% төмендетуді алға қойды. Бұл жолы мақсатқа кол
жеткізілді: 1997 жылдың аяғына қарай құнсыздану деңгейі 11,2% құрады.
1998-2000 жылдар - экономиканы кұрылымдық қайта кұрылысуы, оны халықаралық стандарттармен сәйкес келтіру кезеңі. Осы кезеңдегі экономиканың дамуына негіз болған маңызды фактор елде шаруашылық жүргізуші субъектілер мен бюджеттік-қаржылық жүйенің жұмыс істеуін, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерге мемлекеттік дем беру шараларын институционалдық және заңнамалық жетілдіру болып табылды.
Халықаралық әлем үшін Карнеги қоры сарапшыларының бағалауы бойынша қазіргі уақытта Қазақстанда жүргізіліп жатқан рыноктық реформалар нәтижесі болып табылатын карқынды экономикалық өсу байқалып отыр. Осындай кейбір өсу Ресей экономикасынан да көрініс тапты. Қазақстанда Ресейде сияқты бұл реформалар кіріс бөлігі шығындар бөлігінен аса бастаған үкіметтік бюджеттерді тазартудан басталды. Бұған мұнайды сатудан түскен табыс қана емес, кәсіпорындарға берілетін демеуқаржыларды қысқарту да себебін тигізді.
Күшіне 1998 жылы енген импорт алмастыру бағдарламасын іске асырумен байланысты 2000 жылғы ІЖӨ елеулі өсуі (14 пайыз) Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары тұлғасында Қазақстан Республикасы үкіметінің өкілдерімен ұсынылған ресми айқындамалары дәлел бола алады.
Алайда көпшіліктің ойынша республика экономикасының өсуі бірінші кезекте соңғы кезеңдегі мұнайға деген әлемдегі жоғары бағам, тек содан кейін ғана елеулі артта қалумен ішкі экономикалық факторлар жатыр деген ой.
Бүгінгі күні айналысқа жаңа табиғи ресурстарды тарту есебінен өнім өндірісі мен кызметтер көрсетудің қарқынды өсу мүмкіндігі өте шектеулі екені белгілі болды. Осыған байланысты шикізат қүраушылар үлесін
өнеркәсіптің өңдеу саласының жоғары технологиялық өніміне алмастыру
сияқты дамудың қаркынды факторлары елеулі мәнге ие болады.

1.2. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық кызметі
Экономикалық байланыстар өнімдердің өндірушілерден түтынушыларға қозғалысын қамтиды : бір жақтан өндірушілер , басқа жақтан, түтынушылар арасында көп түрлі айырбас жұріп отырады.
Осындай айырбас процестерді қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бүл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-бірінен оңашаландырады.Екіншіден, олардың арасында түрақты функционалдық катынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуге экономикалық жекеленуге , тәуелсіздігіне үласады , сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін қүрайды.Екінші жағдай , тауарларды сатып алу-сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде , жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіне айналудың экономикалық шарты материялизацияланады , өндіріс тауарлық өндіріске айналады.
Өндірушілер өнім өндіру және оны өткізуді, шығьндарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және жетілдіруді -барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар ақша қатынасы жағдайында айырбас процестерді нарықтык қатынастар формасын алады.
Осы қатынастардың мазмүны неде ? Экономикалық әдебиеттерде бүл сүраққа жауаптар бірдей емес. Оның ең жабайысы: нарық адамдардың сатушы және сатып алушы болып бірін-бірі тауып кездесетін жері. Неоклассикалык экономикалық әдебиетте жиіколданылатын нарыққа
анықтаманы франсуз экономисі А.Курно (1801-1877ж.ж), экономист
А.Маршал(1842-1924ж.ж) береді. Нарық заттар сатып алатын немесе сататыны белгілі накты нарық алаңы емес , ол сатып алушылар мен сатушылардың бір-бірімен өте еркін жағдайда келісімге келетін , кез келген жалпы аудан; еркіндік сонда бірдей тауарлардың бағасы көп ұзамай тез арада теңеледі . Бұл анықтамада айырбастың еркіндігі мен бағаның белгіленуі нарықтың басты критериі деп көрсетілген.
Ағылшын экономисі У.Джевонс(1835-1882ж.ж) нарықтың критериі деп сатушылар мен сатып алушылар арасындағы өзара қатынастардың тығыздығына назар аударады . Бұның айтуы бойынша, тығыз іскерлік қатынасқа түскен және қандай болмасын сондай тауарлар туралы келісім жасасқан кез-келген адамдар тобы нарық болады.
Байқасаңыздар , келтірілген анықтамаларда нарықтың мазмұны тек айырбас сферасымен шектеледі.
Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен бастау керек. Біріншіден , нарық (market) деген түсінік , бұл айырбас айналыс сферасында орын алады. Екіншіден , нарық-өндіріс , бөлу , айырбас және тұтыну процестерін қамтитын , адамдар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар ақша байланыстарын , қаржы несие жүйесін пайдалануға негізделген , экономикалық іс-әрекеттердің күрделі механизмі.
Айналыспен катар , нарық қатынастарына мыналар жатады:
-- екі субъектің өзара байланыстары нарық негізінде болғанда, кәсіпорындарды және экономикалық басқа қүрылымдарды жалға алумен байланысты катынастар ;
-- еңбек биржасы арқылы жүмыс күшін жалдап пайдалану процесі;
-- шетел фирмаларымен бірлескен кәсіпорындардың айырбас процесі;
-- белгілі процентке несие берудегі несие қатынастары; 10 -- тауар , қор , валюта биржалары мен басқа құрылымдардан тұратын ,
нарықтық инфракұрылымдардың іс-әрекеті;
Нарықтык кызметтерінің белгілі шарттары болады . Ақырғы уақытқа дейін Қазақстанда нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылық болды . Бүның себептері: жалғыз мемлекеттік меншікті пайдалануға бағытталған көпсубъектілік шаруашылық жүйесі; макродәрежедегі әлеуметтік-экономикалық процестердің тым қатал реттелуі; микродәрежедегі шаруашылық өмірде экономикалық бостандықтың шектелуі; барлық шаруашылық күрылымдарды материалмен бір орталықтан қамтамасыз ету .
Бугін шектеулер жойылды - мыс болып отыр . Бірақ олардың орнына басқа шектеулер , кедергілер келді: шамадан тым асып кеткен салықтар көлемі, алып сатарлыққа жол ашу , криминалдық әрекеттердің жандануы - рэкет , мемлекеттік коммерциялық құрылымдарда заңсыз келісімдердің көбеюі, т. б. Осылардың барлығы өндірістің дамуын тежейді, өндірістік -шаруашылық іс - қимылдарға негативтік ықпалын асыра түседі.
Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын талап етеді . Осылардың жиынтығы нарық жүйесін қүрайды .
Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі -өндірушілер мен тұтынушылар . Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады - біреулер тауарды өндіреді, екіншілер оны түтынады . Түтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланады . Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір - бірімен байланысы , әрқайсысының әрекеттерінің әүл байланыстар тұрақты болады, мамандануға
еледі және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді .
Нарықтық экономикасының үшінші маңызды элементі -- баға. Бағаны жеке талдап танысайық, бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші , баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп)отырады. Екінші - осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар эсерінің сферасын баға анықтайды . Осы сфераның шегін транакциондык шығындар болжайды , яғни айырбас пен байланысты айналым шығындарын болжайды.
Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сүраныстан және ұсыныстан тұрады . Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарлар түтынушыларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады . Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың ене ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сүраныс пен ұсыныс материялдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері.
Нарық механизмінің бесінші элементі - бәсеке . Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді . Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмІнің формасы болып табылады . А.Смит бәсекені нарықтың көрінбейтін қолы деген . Көрінбейтін қол идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес , өздерінің қара басының қамын ойлап әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы коғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады . Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттушілерінің - бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т . б . мөлшерін анықтау болып табылады .
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым
жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді . Нарықта сауда-саттық жасау адамдар үшін өте пайдалы. Керекке байланыстыратын болсақ пікір жазу мен пост жазуды негізгі алуға болады. Егер қолданушылар тек пікір жазумен немесе тек пост жазумен айналысып кетер болса сайт дым қызықсыз болар еді. Алғашқысында маса.кз секілді өсек орнына айналса, келесісінде энциклопедияға айналып шыға келеді. Демек пікір жазып, әрі пост жазып отырсақ біз үшін қызығырақ болып шығады.

Немесе біз күнделікті дүкеннен керекті заттарымызды сатып аламыз. Сол керекті заттарымызды өзіміз өндірсек не болар еді? Біріншіден оған біздің мүмкіндіктеріміз шектеулі болатын еді және оны істеуге уақытымыз да тапшы. Екіншіден бұлай жасау бізге тиімсіз. Өз қажеттіліктерімізді толық қанағаттаныдыра алмаймыз. Сондықтан өзімізге ыңғайлы әрі тиімді жұмысты орындай отырып өзгелермен сауда жасауымыз керек. Нарық -- тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық -- нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм. Кеңес үкімет кезінде жұмысшылар тек мемлекеттің тапсырмасын ғана орындады. Үкімет оларға нені қай көлемде өндіру керек екенін белгілеп беріп отырды. бұндай жабық экономика көп ел үшін тиімсіз екендігін көптеген экономистер айтып кеткен.
Қазіргі экономикада нарығында кім нені өндіретінін, фирманың қай нарыққа кіретіндігін өздері шешеді. Осы жерде @balzaminka айтқан Адам Смиттің көрінбейтін қол теориясы туралы айта кетсек. Фирмалар және хаусхолдтар нарықтың көрінбейтін қолы арқылы бір-бірінің сұраныстарын қанағаттандырады. Айырбастың және нарықтың пайда болу тарихы
Нарықты шын мәнінде қажетті экономикалық жағдай еткен үш негізгі шарт бар.
Бірінші шарты - ежелде пайда болған еңбектің қоғамдық бөлінуінің бірнеше үлкен даму сатысы бар. Олардың алғашқысы - мал шаруашылығынан егіншілік шаруашылығының бөлінуі, екіншісі - шаруашылықтың өзіндік түрінің пайда болуы, үшіншісі - сауданың құрылуы болып табылады. Кейін шаруашылықтың басқа түрлері де бөліне бастады, бөлек өнеркәсіптің мамандандырылуы дамыды. Осы процесс шексіз бола тұрып, өндірістік еңбек өсімімен тығыз байланысты.
Еңбектің бөлінуі айырбасты қажет етеді. Ежелгі малшылар жер өнімдерін қажет етті, ал жер иеленушілерге ет керек болған. Осы кезден бастап айырбас пайда болды, кенеттен мөлшері ұлғая бастады. Бастапқыда белгілі бір қоғам ішінде, кейіннен қоғамдар арасында да айырбас процесі өте бастады. Алғашында оның формасы өте қарапайым болған. Этнографтардың зерттеулері бойынша Калимантан аралында және қазіргі Малайзия аймағында айырбастың қызықты алғашқы үлгілері көріне бастады. Сатушылар өз айырбас тауарларын сатып алушылар келіп, көру үшін қойп кеткен де, өздері кетіп қалған. Егер сатып алушылар сол нәрсені алғылары келсе, олар өздерінің айырбас тауарын қалдырып кеткен. 10 Енді сатушыға қалдырылған тауар ұнаса, ол өз тауарын тастап, айырбас тауарын алып кетеді.
Мұнда біз айырбас (бартер) туындысы көрінісін бақылай аламыз. Бұл - айырбастың ең қарапайым үлгісі. Әрине, осы әдістің шынайы нарыққа жете алатын мүмкіндігі болған жоқ. Сатушы мен сатып алушы көзқарастары бір-бірімен сәйкес болмауы да мүмкін еді. Онда өз тауарларына қажеттілігін өтеу үшін ірі бір емес, бірнеше айырбас жасау керек еді.
Айырбастың дамуы ақшаның пайда болыуна алып келді. Нәтижесінде, арнайы және басқа да тауарларды сатуға немесе өнеркәсіптің дамуына жол ашты. Ақшаның пайда болуымен ғана тауар өндірісі пайда болды. Басқалай айтқанда, нарыққа шығу, басқа адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өндіріс пайда болды.
Екінші шарт -- өндірушілердің экономикалық жағынан ерекшеленуі. Тауар айырбасы міндетті түрде эквивалентікке талпынысты ниеттейді. Ешкімнің де ұтылғысы келмейді, яғни өз тауарының орнына эквивалент- таурады алғысы келеді. Ал осындай талпыныс экономикалық шектеу және көзқарастардың ерекшеленуі негізінде туындайды. Осындай ерекшелік тарихи және меншік базасында құрылады. Әрі қарай ол ұтымдық меншікке қарай ығыса бастайды, бірақ шектеулі және ауқымды көзқарастар шеңберінде болады. (кооперативті серіктессіктер, акционерлі қоғамдар, мемлекеттік кәсіпорындар, аралас кәсіпорындар, негізінде мемлекет араласуымен және т.б.)
Нарықтың шаруашылықты тиімді қолдануы үшін үшінші шарт та қажетті болады: өндірушінің өзіндік құқықтары, кәсіпкерліктің еркіндігі, шаруашылықтың әр жүйесіндегі бейнарықтық басқару. Бірақ, тауар өндіруші неғұрлым оқшауланса, соғұрлым нарықтық қатынастардың дамуына үлкен орын бар болады. Нарықты өркениеттің ірі жетістіктерінің бірі деп жиі айтып отырамыз. Бұл тұжырым дұрыс, бірақ нарықтың 11 дүниеге келуі ақыл-ойдың ғана жетістігі деп айтуға болмайды, бұл ұзақ уақыт бойы қалыптасқан тарихи дамудың нәтижесі болып табылады. Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары мен түрлері.

Нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері арқылы анықталады. Оның атқаратын қызметтері:
- Экономикалық игіліктерді және қызметтерді, өндірушілермен тұтынушыларды, байланыстыратын буын.
- Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші ролі.
- Экономиканың жағдайы туралы объективті ақпараттың қайнар көзі.
- Бәсеке арқылы экономиканы тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазарту.
- Өндірістік шығындарды азайтуды экономикалық ынталандыру.
- Еңбекке деген материалдық стимулдарды экономикалық жағынан қамтамасыз ету.
Нарықтың басқа бір атқаратын қызметі - ақпараттық. Нарық тауарлар бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің, проценттік нарқының т.б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығындары, қоғамдық-қажетті сапа және ассортимент туралы объективті ақпар беріп отырады.
Нарық күрделі экономикалық категория ретінде өз бетінше емес, әр-түрлі факторларға байланысты белгілі бір нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өмір сүреді. Дүниежүзілік тәжірибе нарықтық механизмнің мынадай жағдайлар мен шарттар орындалғанда ғана тиімді қалыптасатынын және өмір сүруін дәлелдеп берді.
- Шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі.
- Меншік қатынастарының алуан түрлі формалары.
- Өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы.
- Тауар өндірушілердің және сауда делдалдарының бәсекесі.
- Нарық инфрақұрылымын жасау.
Территориялық белгілеріне қарай нарық мынадай түрлерге бөлінеді: дүниежүзілік нарық, еларалық бірлестіктер нарығы, ұлттық нарық, аймақтық нарық және оқшауланған немесе жергілікті нарық.
Дүниежүзілік нарық, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауарлар мен қызметтерді айырбастау жүйесі түрінде көрінетін бұкіләлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігі. Ол халықаралық еңбек бөлінісінің, валюталық-несие және қаржы қатынастарының негізінде құрылып орнықты. Дүниежүзілік нарық өндірістік кооперация және интеграция, сыртқы сауда, тауарайырбас операциялары арқылы ішкі нарықпен байланыста болады.
Еларалық бірлестіктер нарығы деп, экономикалық айырбастың ерекше формалары мен шарттары, терең еңбек бөлінісі арқылы байланысқа, бірнеше мемлекеттердің қатысуымен құрылған нарықты айтады.
Ұлттық нарық бір елдің мемлекеттік шекарасының аумағымен шектелген жалпы ішкі нарық. Ұлттық нарықта, белгілі бір нысанда өндірістің нәтижелері мен шарттарына байланысты экономикалық қатынастар дамиды. Бұл қатынастар, нарық қызметінің шарты - ақша және тауар айналысының болуын анықтайтын тауарақшалы форма түрінде көрінеді.
Аймақтық нарық - бұл бөлек территориялық бөлімше нарығы (республика, облыс, аймақ, аудан).
Жергілікті оқшауланған нарық - кейбір елді пунктердің жиынтығы болып табылатын нарық. Жергілікті оқшауланған нарық деп негізінен, халық тұтынатын тауарлар мен ақылы қызмет нарығына қатысты айтылады. Нарыққа көшудің стратегиялық ерекшеліктері.

Экономистердің назарын аудартуға тиісті ең маңызды проблемалардың бірі - бұл Қазақстан Республикасында нарық дамуының кейбір стратегиялық ерекшеліктерін қайта қарауды талап ететін шаруашылық жүргізудің нарық жағдайына көшу арқылы ел экономикасын дағдарыстан шығару. Атап айтқанда, экономиканың дамуындағы қателіктер мен күрделенген шиеленістердің болуы жаңа жағдайлардағы нарықты басқару істерінің жолға қойылмауынан деп түсінуге болады.
Қазір уақыт экономистерге жаңа, ел жоғары талаптарды қояды. Наоықты дұрыс басқару үшін не қажет екенін анықтау қажет. Біздің пікірімізше, бұл үшін проблемалардың үш блогын шешу керек.
- ел нарығының тұжырымдамасын жасау;
- нарықты басқарудың негізгі бағыттары мен экономикалық теориясын таңдап алу;
- нарықтың ұйымдық-экономикалық тетігін, оның критерийін анықтау.
Республикада нарық жүйесін қалыптастырған кезде өзіндік ерекшеліктері ескерілуге тиіс. Қазақстан нарығының дамуы үш кезеңге бөлінеді:
1) 1991-1993 жылдары. Нарық жүйесінің негізгі құралдарын қалыптастыру.
Ең күшті соққы халыққа нарықтық баға бірнеше есе өсіп, жалақы, зейнетақы, жәрдемақы бірнеше айға кешіктірілгенде тиді; ақша реформасы өтті - қаржы қарыздары, есепке алу, баспа-бас айырбастар енгізілді, төленбеген төлемдер пайда болды, жеткізушілер тек өзінің меншікті өнімдерімен есеп айырысты. Мұның нәтижесінде республикада баспа-бас айырбастау үлесі 45%-ға жетті.
2) 1994-1998 жылдары. Үкімет нарық механизмдерінің элементтеріне қатысты тіркелген бағам енгізді, меншіктің дамуының жаңа нысандарын құрды.
Нарық нысандарының қарқынды дамуы меншік иелерінің жаңа таптарының құрылуына, жеке меншіктің нығаюына әкелді. Мұнда баға өсуінің қарқыны айтарлықтай төмендеді.
3) 1998-2006 жылдары. Нарық жеке меншіктің кеңею жағдайында дамыды.
Мемлекеттік және жеке меншіктің арақатынасы республика бойынша 1:5, ал ТМД елдері бойынша тұтас алғанда 1:3. нарықтың қалыптасуында шешуші рөлді шетелдік инвестициялар атқарады. Нарықтың молықтырылған кезеңі болды, нарықта іс жүзінде наннан бастап автомобильге дейін бәрін сатып алуға болатындай мүмкіндік туды. Алайда нәтижесінде ауыл шаруашылығының құлдырауы өтті.
Нарық өндірістің реттеушісі болып табылады, өндірушілер оған тәуелді. Барлық шығындарды нарық орташа құнына саяды, сондықтан бір өндірушілер ойсырай кедейленеді, ал басқалары баиды. Дамудың өтпелі кезең жағдайында, біріншіден, нарықтың дақылдар бойынша егіс алқаптарының көлемдері мен құрылымдарына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық шаруашылығының жалпы сипаттамасы
Нарық шаруашылығының жалпы сипаттамасы туралы ақпарат
Ж.Б. Сэйдің экономикалық көзқарасы
Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері жайлы ақпарат
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері туралы мәлімет
Меншіктің экономикалық мәні және мазмұны
Экономиканы рыноктық қатынастарға одан ары реформалау
ХVIII ғасырдағы политэкономияның негізін қалаушыларының бірі - Адам Смит
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері жайлы мәлімет
Ұсыныстың шамасы,сұраныс заңы
Пәндер