Қан



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1 Қанның құрамы мен мөлшері
2.2 Қанның физикалық химиялық құрамы.Қан сарысуы
2.3 Қан торшалары. Эритроциттер.Лейкоциттер.Тромбоциттер
2.4 Қан топтары
2.5 Қан торшаларының түзілуі және қан жүйесі қызметінің реттелуі
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Қан құрамы мен физика –химиялық қасиеттері салыстырмалы тұрақты биологилық сұйық.Қан,лимфа және ұлпа аралық сұйық бүкіл дене торшаларын, ұлпаларын шаймалап жататындықтан олар организмнің ішкі сұйық ортасы деп аталады.Бір торшалы қарапайым организмдер сыртқы ортадан қажетті заттарды бүкіл денесі аркылы қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін сол арқылы бөліп отырады. Ал жоғарғы сатыдағы жануарларда мұңдай мүмкіндік жоқ. Олардың сыртқы қабығының рөлін орындайтын терісі қоршаған ортадан қажетті заттарды сіңіре алмайды. Сондықтан жануарлар оргаизмінің торшалары сыртқы ортамен қан арқылы байланысады.
1. Жаңабеков К.,ЖаңабековаГ.К. Жануарлар морфологиясы және латын терминогиясы:Алматы 2005ж
2. Несіпбаев Т. Жануарлар физиологиясы:Алматы 2005 ж

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
I Кіріспе
Қан құрамы мен физика - химиялық қасиеттері салыстырмалы тұрақты биологилық сұйық.Қан,лимфа және ұлпа аралық сұйық бүкіл дене торшаларын, ұлпаларын шаймалап жататындықтан олар организмнің ішкі сұйық ортасы деп аталады.Бір торшалы қарапайым организмдер сыртқы ортадан қажетті заттарды бүкіл денесі аркылы қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін сол арқылы бөліп отырады. Ал жоғарғы сатыдағы жануарларда мұңдай мүмкіндік жоқ. Олардың сыртқы қабығының рөлін орындайтын терісі қоршаған ортадан қажетті заттарды сіңіре алмайды. Сондықтан жануарлар оргаизмінің торшалары сыртқы ортамен қан арқылы байланысады.
Қан арқылы торшалар мен ұлпалар қажетті қореқтік заттар мен оттегі жеткізіліп, олардан зат алмасу нәтижесінде пайда болған қажетсіз ыдырау өнімдері шығарылып отырады. Бұл тұрғыдан қан тасымалдаушы қызмет атқарады.Тоқтаусыз айналымда болудың арқасында қан денеде жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді де, жылу ретеуші қызмет атқарады.Қанның жәрдемімен жылудың артық мөлшері тері арқылы сыртқы ортаға бөлінеді.Әр түрлі мүшелер мен торшалардың әрекеті кезінде түзілген өнімдерді,ішкі секреция бездерінде пайда болған биологиялық белсенді заттарды тасымалдап, қан организм торшаларын, ұлпаларын, мүшелерін өзара байланыстырады, демек байланыстырушы-коррелятивтік қызмет атқарады.Қанға қорғаныстық қызмет те тән.Ол қан құрамында лейкоциттер мен әр түрлі қорғағыш денелердің болуына байланысты.Лейкоциттер фагоцитоз процесіне бейім келеді де, қоғағыш денелер организмге өткен микробтарды, оларды бөлетін уытты заттарды залалсыздандырып, бөгде белоктарды ыдыратады, сөйтіп организмге түрлі ауруларға қарсы тұра алатын қабілет- иммунитет береді.

Қанның құрамы мен мөлшері
Қан- қызыл түсті сұйық зат. Ол плазмадан және қан торшаларынан тұрады.Қан торшаларына қанның қызыл түйіршіктері, ақ түйіршіктері және кан табақшалары жатады. Қан құрамының шамамен 60 пайызы плазмадан,40 пайызы - қан түйіршіктерінен тұрады.Қалыпты жағдайда қанның жалпы мөлшері дене массасының 5-8 пайызы шамасында.Жылқыларда ол дене салмағының 115,ірі қара мен қой - ешкіде-112-113, шошқаларда-122,құстарда -110-113 бөлігіндей болады.Қанның жалпы мөлшері жасқа, жынысына малдың физиологиялық күйіне, қоңына қарай өзгеріп отырады.Гематоктриуаз малда қанның мөлшері көбірек, ал семіз малда-азырақ болады.Организмдегі қан айналымдағы және қордағы қан болып бөлінеді.Қан мөлшерінің жартысының сәл көбірегі қан тамырларында айналымда болады да, қалған бөлігі қор ретінде қан қоймасы деп аталатын арнаулы органдарда сақталады.Оларға бауыр, көк бауыр және тері жатады. Бауырда қанның жалпы мөлшерінің 20, көк бауырда 16,ал теріде 10 пайызы жинақталады.
Айналымдағы қан мен қордағы қанның арақатынасы тұрақты болмайды,ол организмнің физиологиялық күйіне қарай өзгеріп отырады.Мысалы,организм тыныштық жағдайда болса, қордағы қанның мөлшері көбейіп, ал дене жұмысы,қимыл-әрекет кезінде - айналымдағы қанның мөлшері артады.Қордағы қан арқылы сыртқы ортаның әсерінен қарай өзгеріп отыратын организм мұқтаждықтары қамтамасыз етіледі.Қансыраған жағдайда айналалымдағы қан мөлшері, қан қысымының деңгейі, осы қордағы қан арқылы сақталады. Организм жайлап,баяу қаңсыраған жағдайда қанның жалпы мөлшерінің 34бөлігін жоғалтқаның өзінде өлім қаупі тумайды, ал организм жылдам қаңсыраса, онда қан мөлшерінің 13-12 бөлігін жоғалтудың өзі өте қауіпті.
Организмдегі қанның мөлшерін төрт түрлі әдіспен анықтайды.
1. Қан тамырына организмге зиянсыз, капиллярлардан баяу өтетін коллоидты бояларды жіберу арқылы анықтау.
2. Изотоптық әдіс. Организмнен қаннан эритроциттерді ажыратып алады да, оларды радиоактивті фосфар қосылған ерітіндіге салады.
3. Малды толық қансырату. Күре тамырды кесіп, денедегі барлық қанды ағызады да,қандағы гемоглобиннің жалпы мөлшерін анықтау арқылы қанның мөлшерін анықтау арқылы қанның мөлшерін біледі.
4. Дененің массасына қарай шамамен анықтау.

Жануарлар
Дене салмағына шаққандағы пайыздық мөлшері
Ауытқу шегі
Жылқы
8,7
8,9-9,2
Ірі қара
5,2
3,9-7,4
Ешкі
10,0
7,6-12,5
Қой
7,0
-
Шошқа
7,0
6,0-8,0
Қоян
5,4
-
Тауық
6,3
-
Қанның физикалық химиялық кұрамы.Қан сарысуы
Қанның физикалық қасиеттері
Қан қызыл түсті, қоймалжың, кермек дәмді,тұтқыр сұйық.Артерияның қанының түсі алқызыл ,ал вена қаны - қоңыр қызыл болады.Плазманың тұтқырлығы 1,7-2,2 ал қанның тұтқырлығы 5.0-ке тең.Қанның тұтқырлығы оның құрамындағы түрлі белоктардың мөлшері мен эритроциттердің саны көбейсе,қанның тұтқырлығы артады.
Қанның тығыздығы-1,050-1,060.Жануарлар организмінің физиологиялық жағдайын сипаттайтын қан касиеттерінің бірі оның беттік керіліс күші, ол қан құрамындағы белоктардың концентрациясына байланысты.Қанның беттік керіліс күші айтарлықтай тұрақты болады. Бұл қасиет қан құрамында әр түрлі органикалық қышқылдар мен қосылыстарды ерімейтін тұздарға айналдырып,тұндырып отыратын кальций иондарының болуына байланысты.
Қанның осмостық қысымы болады.Осмостық қысым деп жартылай өткізгіштік жарғақтан еріткіштің өтуіне жұмсалатын күшті айтады. Жартылай өткізгіштік жарғақ арқылы бөлінген екі ерітіндінің бірінде еріген заттардың концентрациясы екіншімен салыстырғанда көп болса,су концентрациясы көп ерітіндіге қарай өтеді.
Қанның осмостық қысымының аз ғана бөлігі оның құрамын белоктардың болуымен байланысты. Қан белоктарының әсерімен түзілген қысымды онкостық қысым деп атайды.Онкостық қысымның деңгейі аз болғанымен ол организмде маңызды биологиялық рөл атқарады.
Осмостық қысымының деңгейіне қарай ерітінділер үш топқа бөлінеді.Егер ерітіндіні осмостық қысымы плазманың осмостық қысымына тең болса, онда оны изотониялы ерітінді (изо-бірдей,тония-қысым) деп атайды.Егер ерітіндінің осмостық қысымы плазманың осмостық қысымынан жоғары болса оны гипертониялы (гипер-көп, жоғары) ерітінді деп атайды.Гипортониялық ерітінділердің әсерінен эритроциттер, немесе басқа торшалар,өз денесіндегі суды жоғалтады да,көлемін кішірейтіп,бүрісіп қалады. Бұл құбылысты плазмолиз деп атайды.Ерітіндінің осмостық қысымы плазманың осмостық қысымынан төмен болса оны (гипо-төмен) ерітінді дейді. Гипотониялық ерітіндінің әсерімен эритроциттер ісініп, оның қабығы жарылады да,гемоглобин сыртқы ортаға шығады.Бұл құбылысты гемолиз деп атайды.
Изотониялық ерітінді организмнен оқшауланған мүшелердің тіршілік әрекетін біраз уақыт жалғастыруға мүмкіндік береді.Дегенмен, физиологиялық тәжірибелер кезінде иондық құрамы күрделі ерітінділер пайдаланылады.
Құрамының күрделігіне қарамай аталған физиологиялық ерітінділер қан плазмасымен биологиялық тұрғыдан бара-бар емес. Өйткені олардың құрамында коллоидты заттар жоқ. Сондықтан құрамында глюкоза бар ерітінділерге әртүрлі коллоидттар немесе арнаулы өңдеуден өткен белок препараттарын қосу қажет.Коллоидтарды 7-8 пайыз шамасында қосады.Мұндай ерітінділерді уақытша қан қысымының деңгейін сақтау үшін қан тамырына егуге болады.
Қан плазмасының химиялық құрамы.Қан сарысуы
Плазма сарғыш түсті сұйық зат.Оның түсі қанның құрамында әр түрлі пигменттердің болуына байланысты болады.
Плазманың құрамында 90-92 пайыз су,8-9 пайыз құрғақ зат болады. Құрғақ заттың 6-8 пайызы белоктардан тұрады.Плазма белоктары альбумин, глобулин, фибриноген фракцияларына бөлінеді.Плазма белоктарының қызметі әр түрлі. Олар онкостық қысым туғызып, қан құрамындағы су мөлшерінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Плазма құрамында альбуминдер глобулинмен салыстырғанда көбірек болады.Олар тек онкостық қысымның тұрақтылығын ғана сақтап қоймай, әр түрлі дәрі-дермек препараттарын, дәрімендәрілері, гормондарды, бояғыш заттарды тасымалдау да зор рөл атқарады. Глобулиндерден қанда түрлі қорғағыш заттар түзіліп, олар организм иммунитетін қалыптастырады.Ал фибриноген қанның ұю процесіне қатысады.Қан ұйыған кезде фибриногеннің физикалық қасиетері өзгеріп, ол ерімейтін фибрин талшықтарын түзеді.Сондықтан ұйыған қаннан сары түсті сұйықзат бөлінеді, оны қан сарысуы деп атайды Демек,қан саруысы- құрамында фибриногені жоқ қан плазмасы.
Қан плазмасы құрамында несепнәр несеп қышқылы, пурин негіздері, креатин, амин қышқыладары аммик сиияқты белок алмасуының өнімдері болады. Бұл қосылыстарды қалдық азот деп атайды.
Қан қалдық азот мөлшері 20-65мг% шамасында.Қалдық азоттың 40-50 пайызын несепнәр құрайды.Қан плазмасының орта есеппен 40-260мг% шамасында глюкоза түрінде көмірсулар болады.Глюкозаның қандағы мөлшері жылқылар -100, итте70-100,құста-130-260мг%.Қан құрамында аз мөлшерде гликоген және сүт, пирожүзім,сірке қышқылдары сияқты көмірсулар алмасуының аралық өнімдері болады.Бұл аталған өнімдердің ішінде сүт қышқылының мөлшері басымырақ:жылқыда -18,бұқада -12, шошқада -40, итте-24мг%.Қан плазмасы құрамында майлар мен олардың аралық алмасу өнімдері-глицерин, май қышқылдары да кездеседі.Қандағы май мөлшері онша көп болмайды, бірақ азық құрамындағы майдың шамасында қарай оның 0,7 пайызға дейін көтерілуі мүмкін.
Қан торшалары және олардың құрылысы
Эритроциттер- қаның қызыл түйіршіктері,сүтқоректі жануарларда ядросыз,екі бүйірі қысыңқы дөңгелек табақша пішіндес табақша пішіндес торшалар.Түйе мен ламада олар сопақша, ал құс пен бауырмен жорғалаушыларда,балықтарда пішіні жағынан сопақша және ядролы торшалар.Эритроциттердің құрамында 60% су және 40% құрғақ зат болады.Құрғақ заттың90 пайызы ерекше белок-гемоглобиннен тұрады, ал 10 пайызы басқа белоктар, көмірсулар, майлар, минералды заттар.Эритроциттердің саны малдың тұқымына, жасына, физиологиялық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Олардың тіршілігі орта есеппен 120 күнге созылады да, түлік түріне қарай ауытқып отырады .Мысалы , жылқыда-100, сиырда-120-160, бұғыда-95, қоянда-45-60 күн.
Жануарлар
Қанның 1 мм куб мөлшеріндегі эритроциттер саны, млн
Эртроциттің диаметрі,мкм
Жылқы
7,70-9,50
5,6
Сиыр
6,0
5,1
Қой
9,4
4,3
Шошқа
6,0
5,0
Қоян
5,0
6,0
Тауық
3,5
12,0

Лейкоциттер-қанның ақ түйіршіктері, эритроциттерге қарағанда ірі торшалар. Олардың денесі троша қабығынан, цитоплазмадан және тұрады.Олардың саны эритроциттерден 600-800 есе кем, диаметрі 5-20мкм.Қандағы лейкоциттер санының көбею процесін лейкоцитоз дейміз. Организмде лейкоциттер қорғаушы қызмет атқарады.Оларға фагоцитоз құбылысы тән.Цитоплазмасындағы дәншелердің болу болмауына байланысты лейкоциттер:түйіршікті(базофильдер, эозинофильдер нейтрофильдер) және түйіршіксіз болып бөлінеді.

Жануарлар
Лейкоцитер
саны
Базо-фильдер
Эозино-
фильдер
Нейтрофильдер

Лимфо-циттер
Моно-циттер
Жылқы
6-10
0,1-0,2
2,6-6,2
-
0,9-1,5
40-50
30-51
0,1-4,0
Ірі қара
5-10
0-1,5
3,0-10,0
-
3,0-10,0
10-30
40-77
4,0-10,0
Түйе
7-17
0-1,2
1,5-10,5
-
8,0-17,0
29-47
31-49
1,5-4,5
Ешкі
8-12
0,2-0,8
2-7,5
-
0,5-4,0
27-41
32-68
2,5-6,0
Шошқа
8-16
0-2,4
0-6,0
0-4,2
1,0-7,0
18-60
29-65
0-4,2
Қоян
6-12
1,0-8,0
0,5-1,2
0-05
0,5-42
14-47
39-83
1,1-5,0
Ит
7-17
0,4-1
3,0-9,0
-
0-6,0
45-75
10-40
4,0-10,0

Тромбоциттер-ядросыз, өте майда,нәзік, тез бұзылатын қан торшалары. Олардың диаметрі 2-4 мкм. Құстар мен бауырымен жорғалаушыларда олар ядролы торшалар.Олардың тіршілік мерзімінің ұзақтығы 2-5 күн шамасында. Тромбоциттер сүйек кемігі мен көк бауырда мегакариоцит торшаларынан түзіледі. Қан тамырларынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жедел асқазан-ішек жолдарынан қан кетудің диагностикасы мен емі
Қан топтарын мінезімен байланыстыру
Қансырау. Дисмургия
Қан кету. Қанкетуді тоқтату
Қан кету және электр жарақаттары
ҚАН КЕТУ ТУРАЛЫ. ҚАНСЫРАУДЫ ТОПТАСТЫРУ
Гемодинамика түсініктемесі. Гемодинамиканың параметрлері және оларды зерттеу тәсілдері. Балалардағы ерекшеліктері
Ұлпаларды ығыстыру
Организмнің сұйықтық орталары
Туберкулезбен ауырған науқастардағы өкпеден қан кету
Пәндер