Ортақ меншік ұғымы мен түрлері



Мазмұны

Кіріспе 3

1. Ортақ меншік ұғымы мен түрлері 4
2. Ортақ меншіктің түрлері 6
3. Ортақ үлестік меншік 7
4. Ортақ бірлескен меншік 11
4.1 Ерлі.зайыптылардың ортақ меншігі 13
4.2 Меншік иесі болып табылмайтын иеленушінің құқығын қорғау 14
5. Залалдарды өтеу 15

Қорытынды 17
Кіріспе

Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он бес жыл болды. Осы жылдар ішінде көп нәрсе өзгерді. Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексі қабылданып, заңды күшіне енді.
Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген.
Елдің экономикасын көтерудегі, азаматтық, ұлтаралық, діни келісім мен татулықты сақтаудағы, нарықтық қатынастардағы адамның мүддесін қорғауда құқыққа, заңға деген сұраныс арта түсуде. Экономикасы жоғарғы деңгейде дамыған елдерде өзінің даму негізінде кәсіп иесінің секторы арқасында алды. Сондықтан экономикалық рынок кезеңінде бірінші міндет мүлікпен, немесе мүліксіз қатынастарды заңды түрде реттеу. Сондықтан ортақ мншік жөнінде кустық жұмыс жазып отырмын.
Азаматтық құқық қатынастарында басты туындайтын мәселе бұл меншік. Мен өзімнің курстық жұмысымда ортақ меншік құқығын қарастырамын.
Курстық жұмыс барысында ортақ меншікті жеке меншіктен және мемлекеттік меншіктен қандай айырмашылығы бар екенін қарастырдым. Ортақ меншіктің қоғамда алатын орны және т.б.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті – ортақ меншікті кім пайдалана алатының, оның қандай турлері бар екенің, оның қоғамда даму деңгейін көрсету болып табылады.
Бұл жұмысты жазу барысында негізгі жалпылау, сараптау, талдау, зерттеу, жинау әдіс- тәсілдерін қолдандым.
Менің негізгі көтерген мәселем – бұл ортақ меншік құқығын кім иелене, пайдалана, биілік ете алатыны жайлы.
Бұл курстық жұмыстың басқа жұмыстардан ерекшелігі ортақ меншік туралы толық мағлұмат алуға болады. Қазақстандағы ортақ меншіктің дамуы, оны қай салаларда қолдануға болатындығы туралы баяндалады. Ортақ меншіктің құқық қатынастары бірқатар заңдық ерекшеліктерге ие болады.
Курстық жұмыстағы көтерілген ортақ меншік мәселесі бойынша жоғарғы оқу орындарындағы студенттері Азаматтық құқық және міндеттемелік құқық не болмаса кәсіпкерлік құқық пәні бойынша теориялық мәлімет алуға болады. Сонымен бірге, практикалық жұмыста да қолдануға болады.
Берілген курстық жұмыс негізгі жеті бөлімнен тұрады. Олар: Кіріспе бөлім; Негізгі бөлім, ол өзінде бес бөлімнен құралған: бірінші бөлім – ортақ меншік ұғымы мен түрлері; екінші бөлім – ортақ меншіктің түрлері; үшінші бөлім – ортақ үлестік меншік; төртінші бөлім - ортақ бірлескен меншік, ол өзінде екі бөлімнен құралған: бірінші бөлім – ерлі зайыптылардың ортақ меншігі; екінші бөлім – меншік иесі болып табылмайтын иеленушінің құқығын қорғау; бесінші бөлім – залалды өтеу; Қорытынды.
Қолданылған әдебиет тізімі

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімі), Алматы, 2008ж.
2. .И.Төлеуғалиев, Қазақстан Республикасының Азаматтық құқық, оқулық, Алматы, жеті жарғы, 2007ж.
3. С Д. Баққұлов, оқулық; Алматы, 2004 ж
4. А.П. Сергеев учебник Гражданское право в 3-х томах М. Проспект 1998
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Төлеуғалиев Ғ.И. 1-том.-Алматы: “Жеті жарғы”, 2001.
6. “Неке және отбасы туралы” Заң
7. “Жеке кәсіпкерлік туралы” Заң

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
1. Ортақ меншік ұғымы мен түрлері
4
2. Ортақ меншіктің түрлері
6

3. Ортақ үлестік меншік
7
4. Ортақ бірлескен меншік
11
1. Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі
13
2. Меншік иесі болып табылмайтын иеленушінің құқығын қорғау
14
5. Залалдарды өтеу
15
Қорытынды
17

Кіріспе

Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып
жарияланғанына он бес жыл болды. Осы жылдар ішінде көп нәрсе өзгерді.
Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексі қабылданып, заңды күшіне
енді.
Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексі Қазақстан
Республикасы Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған
принциптері мен нормаларына негізделген.
Елдің экономикасын көтерудегі, азаматтық, ұлтаралық, діни келісім мен
татулықты сақтаудағы, нарықтық қатынастардағы адамның мүддесін қорғауда
құқыққа, заңға деген сұраныс арта түсуде. Экономикасы жоғарғы деңгейде
дамыған елдерде өзінің даму негізінде кәсіп иесінің секторы арқасында алды.
Сондықтан экономикалық рынок кезеңінде бірінші міндет мүлікпен, немесе
мүліксіз қатынастарды заңды түрде реттеу. Сондықтан ортақ мншік жөнінде
кустық жұмыс жазып отырмын.
Азаматтық құқық қатынастарында басты туындайтын мәселе бұл меншік.
Мен өзімнің курстық жұмысымда ортақ меншік құқығын қарастырамын.
Курстық жұмыс барысында ортақ меншікті жеке меншіктен және
мемлекеттік меншіктен қандай айырмашылығы бар екенін қарастырдым. Ортақ
меншіктің қоғамда алатын орны және т.б.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті – ортақ меншікті кім
пайдалана алатының, оның қандай турлері бар екенің, оның қоғамда даму
деңгейін көрсету болып табылады.
Бұл жұмысты жазу барысында негізгі жалпылау, сараптау, талдау,
зерттеу, жинау әдіс- тәсілдерін қолдандым.
Менің негізгі көтерген мәселем – бұл ортақ меншік құқығын кім иелене,
пайдалана, биілік ете алатыны жайлы.
Бұл курстық жұмыстың басқа жұмыстардан ерекшелігі ортақ меншік туралы
толық мағлұмат алуға болады. Қазақстандағы ортақ меншіктің дамуы, оны қай
салаларда қолдануға болатындығы туралы баяндалады. Ортақ меншіктің құқық
қатынастары бірқатар заңдық ерекшеліктерге ие болады.
Курстық жұмыстағы көтерілген ортақ меншік мәселесі бойынша жоғарғы оқу
орындарындағы студенттері Азаматтық құқық және міндеттемелік құқық не
болмаса кәсіпкерлік құқық пәні бойынша теориялық мәлімет алуға болады.
Сонымен бірге, практикалық жұмыста да қолдануға болады.
Берілген курстық жұмыс негізгі жеті бөлімнен тұрады. Олар: Кіріспе
бөлім; Негізгі бөлім, ол өзінде бес бөлімнен құралған: бірінші бөлім –
ортақ меншік ұғымы мен түрлері; екінші бөлім – ортақ меншіктің түрлері;
үшінші бөлім – ортақ үлестік меншік; төртінші бөлім - ортақ бірлескен
меншік, ол өзінде екі бөлімнен құралған: бірінші бөлім – ерлі зайыптылардың
ортақ меншігі; екінші бөлім – меншік иесі болып табылмайтын иеленушінің
құқығын қорғау; бесінші бөлім – залалды өтеу; Қорытынды.

1. Ортақ меншік ұғымы мен түрлері

Бір затқа меншік құқығы бірнеше меншік иесіне қатысты болуы мүмкін,
ал мұндай жағдайда ортақ меншік қатынасы пайда болады. Мұндай жағдайда
меншік құқығы бірнеше меншік иелеріне бөлінеді. Ортақ меншік екі немесе
бірнеше адамның меншігіне мүлік түскен кезде пайда болады, оны өзінің
мақсаты өзгертілмейінше бөлуге болмайды (бөлінбейтін заттар), өйткені, ол
заңға сәйкес бөлінуге жатпайды. Мысалы, шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің
бірі одан шыққан кезде, шаруашыпыктың өндіріс құрал-жабдықтары бөлінуге
жатпайды [1., 71 бет].
Бөлінетін мүлікке ортақ меншік заң кұжаттарында немесе шартта
көзделген реттерде пайда болады[1., 66 бет].
Мұндай жағдайға жекелеген заттардан құралған не жинакталған заттарды
жатқызуға болады (мысалы, оған кітапхана, сурет галереясы, және т.б.
жатады). Айталық, кітапханадағы кітаптың кейбіреуі бір адамға, басқасы өзге
адамдарға тиесілі болуы мүмкін, мұның өзі шартпен немесе заң құжаттарымен
айқындалады.
Ортақ меншіктің құқық қатынастары бірқатар заңдық ерекшеліктерге ие
болады. Меншіктің құқықтық қатынасында ортақ меншік құқығы субъектілерінің
бір біріне деген өзара қарым-қатынасы туындайды, яғни ортақ меншіктің басқа
иелері мен үшінші тұлға арасында құқықтық қатынас пайда болады.
Сондықтан да ортақ меншік жалпы меншік қатысушылары арасындағы
қатынас емес, салыстырмалы құқықтық қатынас болып табылады, яғни бұл жерде
олардың қатынастары нақтылы және де құқықтық қатынасқа қатысушыларының аясы
белгіленген. Мысалы, оған бір мүліктің бәріне ортақ болуы дәлел, демек
әрбір қатысушы бірдей мөлшерде немесе үлесіне қарай ие болуы мүмкін. Бұл
жерде біріне бірі қарсы тұрған жақтар жок, қатысушыларды несие беруші не
борышқор деп те айта алмайсың, ал олардың арасындағы келісім тек ортақ
мақсатқа бағытталған. Мәселен, мұрагерлік мүлікке бірнеше адам ие.
Бірлескен меншік иелерінің арасындағы бір біріне деген қарым-
қатынасының сипаты меншік түрінің сипатымен ерекшеленеді. Оның өзі меншік
құқығының құрылымына сәйкес болуы мүмкін. Былайша айтқанда, бір затты
иеленетін меншік иелері меншік құқығының әртүрлі субъектілері бола алады.
Сондықтан да мемлекет, бір немесе бірнеше жеке тұлғалар сол мүліктің ортақ
меншігіне қатысушылар рөлін атқаратын жағдай аз кездеспейді.
Ортақ меншіктің субъектілері жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде
шетел азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен оның әкімшілік-
аумақтық бірлігі бола алады. Ортақ меншік құқығы әртүрлі заңдық фактілер,
атап айтқанда, шарттар, келісімдер, заңда көзделген өзге де реттер
негізінде де жүзеге асады (“Жеке кәсіпкерлік туралы” Заңның 3-бабы 3-
тармағы). Ортақ меншік ерлі-зайыпты адамдардың сатып алған ортақ мүлкінен
де туындайды [4., 3 бет].
АК-тің 230-бабына сәйкес жай серіктестік қызметінің негізгі
акдпалайнемесе өзге де мүліктік жарналары, сондай-ақ олардың бірлескен
қызметі нәшжесінде жасалған немесе сатып алынған мүлік олардың ортак,
үлесті меншігі болып табылады.
Ортақ меншік құқығы дегеніміз бірнеше тұлғалардың мүлікті бір объект
ретінде иеленіп, пайдалану мен билік етуін бекітетін, реттейтін және
қорғайтын құқық нормаларыньң жиынтығы.
Ортақ меншік құқығын субъективті мағынада екі немесе одан да көп
тұлғалардың өздерінің қалауы бойынша карамағыңдағы ортақ мүлікті
белгіленген тәртіп пен заң шегінде иелену, пайдалану және билік ету
мүмкіндігін заңмен немесе ортақ меншіктің басқа иелері өзара жасалған
шарттарымен қамтамасыз ету деп түсіну керек.
Ортақ меншік құқығы институтының маңызы мен мағынасы ең алдымен
бірнеше тұлғалардың өздерінің тұтыну қажеттілігін қанағаттандыру үшін
белгілі бір объектіні жария түрде құрып немесе иеленіп, бірлесіп
пайдалануынан көрінеді. Ортақ меншік шаруашылық жүргізу тәжірибесінде,
сондай-ақ өмірде мүлікті мейлінше тиімді пайдалануына жәрдемдеседі.

2. Ортақ меншіктің түрлері

Ортақ меншік бірлескен (үлесі белгіленбеген) және үлестік меншік
болады [1., 66 бет].
Азаматтық кодекс бойынша әрбір меншік иесіне ортак меншіктің үлесі
тиесілі. Мұндай үлес тең, және тең емес дәрежеде бөлінеді. Бірақ та үлестің
көлемі мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге байланысты мәселелердің
шешіміне әсер етпейді. Сондықтан да олар ортақ келісім негізінде бірлесіп
шешіледі.
Мүлікке ортақ меншік үлестік меншік болып табылады, бұған мүлікке
ортақ меншік құру заңда көзделген реттер қосылмайды. Ортақ бірлескен
меншік:
1) ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі;
2) шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншігі;
3) жекешелендірілген тұрғып үйге ортақ меншік түрінде болады. Заң
құжаттарында ортақ бірлескен меншіктің басқа да түрлері көзделуі мүмкін
[1., 69 бет].
Басқа жағдайлардың көбінде үлестік меншік түрінде көрінеді. Бірлескен
ортақ меншікте оған қатысушылардың үлесі болады, бірақ олардың жалпы
мүліктегі көлемі алдын-ала айқындалмауына байланысты оны да тең деп
есептейді.
Мұндай тәртіп ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезінде бірлесіп
тапқан мүліктеріне де қатысты (“Неке және отбасы туралы” Заңның 32-бабы).
Сонымен бірге "Неке және отбасы туралы" заңы некеде тұрған кездерінде
бірлесіп тапкан дүние-мүліктерін жұбайлардың келісімі арқылы бөлу
мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Демек, неке шартында олар мүлікті бірлесіп
немесе жекелей пайдалануыпа болады [ 6., 14 бет].
Келісімге келе алмаған жағдайда әрбір меншік иесі сотқа жүгінуіне
құқылы.

3. Ортақ үлестік меншік

Меншіктің үлестік түрі деп мүлік объектісін қатысушылар арасында
нақты үлеске бөлуді айтады.
Үлестік меншіктің ерекшелігі оның пайда болу кезінде ортак, мүліктегі
меншік иелерінің үлесі болатындығымен айқындалады. Бөлудің мұндай сипаты
меншік иелерінін келісімдері және заң құжаттарымен тағайындалады. Осы
келісім арқылы қатысушылардың үлес мөлшері айқындалып, өзгеріске ұшырайды,
мұның өзі олардың ортаға салған үлестеріне байланысты болады. Егер
қатысушылардың үлес көлемі келісім шартта немесе заң құжаттарында
көрсетілмесе, онда олардың үлестері тең дәрежеде бөлінеді.
Заңда меншік иелерінің бірінің күшімен мүлікті жақсарту мәселесі
айқындалған. Мүліктегі үлес көлемін айқындауда ортақ мүлікті пайдалану
тәртібін сақтай отырып, оны жақсарту мәселесінің аражігін ашып алу керек.
Ортак, мүлікті пайдаланудың белгіленген тәртібін сақтай отырып, оны
жақсартуды өз есебінен жүзеге асырған үлесті меншікке қатысушынын ортақ
мүліктегі өз үлесін ұлғайтуға құқығы бар.
Ортақ мүлікті бөліп алып жақсарту, егер үлесті меншікке
қатысушылардын, келісімінде өзгеше көзделмесе, оны жасаған қаатысушының
меншігіне түседі [1., 67 бет].
Ортақ мүлікті иелену, пайдалану және билік ету барлық
қатысушылардынкелісімімен жүзеге асырылады [1., 67 бет].
Үлесті меншіктегі мүлікті иелену және пайдалану оның барлық
қатысушыларының келісуімен, ал келісімге келмеген жағдайда—сот белгілейгін
тәртіппен жүзеге асырылады [1., 67 бет]. Ортақ меншік құкығын жүзеге асыру
кезінде иелену, пайдалану және билік ету салдарына мән беру керек. Егер
меншік иелері ортақ мүлікті иелену және пайдалану жөнінде ортақ бір пікірге
келе алмаса, онда сотқа жүгіне алады. Егер кезқарас қайшылығын сот
шешпейтін болса, оны тараптардын. өздері шешеді.
Ортақ үлестік меншікке қатысушылардың әркайсысы ортак мүліктең өзінің
үлесін заттай күйінде бөліп беруге талап етуге құқылы. Егер үлесті заттай
бөліп беруге заңқұжаттарында жол берілмесе немесе ол ортақ меншіктегі
мүлікке шамадан тыс залал келтіруіне байланысты мүмкін болмаса, бөлініп
шығушы меншік иесі үлесті меншіктін, басқа қатысушыларынан өз үлесінің
күнын төлетіп алуға құқылы (АК-тің 218-бабынын, 3-тармағы). Ресейдің сот
тәжірибесінде мұндай залалға мүліктің мақсатты пайдаланбауы, оның
техникалык жағдайын нашарлатып жіберуі немесе материалдық не көркем
шығармашылык құндылығын төмендетіп жіберу (мысалы, суреттер, мәнет,
кітапхана, және т.б.) тәрізді жағдайлар жатады [1., 66 бет].
Тәжірибеде мүлікті қатысушылар арасында бөлуде немесе олардың
біреуіне немесе бірнешеуіне заттай беруде киындықтар кездеседі. Біз бұл
арада тағы да Ресейдің сот тәжірибесіне тоқтала кетпекшіміз. Олардың
шешімдері мынадай: белінетін меншік иесінің талабы бойынша қалған
қатысушылар оған сүрағанын ақшалай береді, содан кейін өлгі меншік иесі
ортак мүліктегі үлес құқығынан айырылады. Кейбір жағдайларда ғана меншік
иесінің үлесі айтарлықтай болмаса өрі оны іс жүзінде бөлу мүмкіндігі жоқ
болса, сот осы меншік иесінін келісімін бермегеннің өзінде қалған
қатысушыларға оған өтем төлеуді міндеттей алады.
Сот таласқа түскен мөселеге жан-жақты зерттеу жасап, тараптардың
ұсынған дәлелдемелерімен санасады, мәселен, мүлікті пайдалану кімге қандай
қажет, оның денсаулығы, кәсіби қызметі қандай, неше баласы бар, отбасында
жұмысқа қабілеттілері бар ма, жоқ па, бәрі-бәрі есепке алынады.
Мұндай ережөні бөлінбейтін заттарға да қолдануға болады (мысалы,
автомашина, музыкалық құралдар т.б.). Ауылдағы шаруа қожалығына (фермерге)
оны қолданбайды. Кейбір жекелеген жағдайларда, сот нақты жағдайды ескере
отырып, үлес меншігіне қатысушылардың ішінен біреуіне ғана бөлінбейтін
затты беруі мүмкін. Бұл орайда қалған қатысушылардың үлес көлемдеріне мән
берілмейді.
Үлес меншігіндегі мүліктерді бөлудің мүмкін еместігі және де
Азаматтық кодекстің 218-бабы 4-тармағында көрсетілген жағдайларға қарап,
қатысушы бұл мүлікті пайдалану құқығынан айырылады деуге болмайды. Мұндай
жағдайда мүлікті пайдаланудың қалыптасқан нақты тәртібі ескеріледі, әрі бұл
ортақ меншік құқығындағы үлеске сай келмеуі мүмкін.
Шарттың немесе сот шешімі негізінде қозғалмайтын мүліктің бір бөлігін
тұлғаның калай иеленетіндігі белгіленеді. Әңгіме бұл жерде оның заңды үлесі
мен құқықтары туралы болып отыр. Мұндайжағдайдажалпы меншікті бөлуге
болмайды (мысалы, қозғалмайтын мүліктін бір бөлігі бүлінеді, одан қалған
қатысушылардың үлесі өзгермейді, олар мүліктің қал-ған белігін иелену мен
пайдалану тәртібін айқындауға құқылы, бұл орайда олардың үлестері
сәйкестеңдіріле белгіленеді).
Азаматтық кодекстің 214-бабына сәйкес үлесті меншіктегі мүлікті
пайдаланудан алыпатын жемістер, енімдер мен табыстар ортақ мүліктің
құрамына келіп түседі. Үлесті меншіктін қатысушылары арасында жемістің,
өнім мен табыстың одан кейінгі бөлінуі, өзгешекөзделмесе, олардың
үлестеріне сәйкес жүргізіледі.
Үлесті меншіктегі мүліктердің мазмұны бойынша шығынды қатысушылардың
бәрі сәйкестеңдіріле теңдей көтереді. Дәл осындай тәртіппен меншік иелері
салық, басқа да тәлемдер төлеуге қатысады, сондай-ақ ортақ мүлікті күтіп
ұстау мен сактауға байланысты шығындарға қатысуға міндетті. Аталған норма
орындалуға міндетті және де ол тараптардың келісімімен өзгертіледі. Бірақ
бұл норма қатысушынын бірінің ортақ мүлікке кеткен шығынды төлеуіне кедергі
жаса-майды [1., 68 бет].
Жоғарыда айтып өткеніміздей, өкілеттік билікті жүзеге асырудың
өзіндік ерекшеліктері болады. Заң үлестік меншіктің әрбір қатысушысы өзіне
тиесілі үлесті өзінің қалауы бойынша сатуға, сыйға беруге, мұрагерлікке
қалдыруға, өз үлесіне билік ететіңдігін қарастырған. Немесе азаматтық
кодекстің 216-бабында айтарлықтай сатып алудың артықшылық құқығына ие бола
отырып, белгіленген шарттарды сақтап, оған билігін жүргізе алады. Оған
басқа меншік иелерінің келісімі қажет емес. Ортақ меншіктің әрбір
қатысушысы өз үлесін сатуға құқылы. Заң осы мүмкіндікті ескере отырып,
басқа меншік иелерінің мүддесіне назар аударады, олар үшін ортак меншікке
бөтең тұлғалардың кіруіне әрқашан қолдау көрсете бермейді. Азаматтық
кодекстің 216-бабы ортақ меншік қатысушыларына сатып алудың артықшылық
құқығын береді. Үлесті меншік құқығындағы үлесті бөгде адамдарға сату
кезінде сатылатын үлесті оның сатылатын бағасы бойынша және жария саудаға
салу реттерінен басқа тең, жағдайларда үлесті меншіктің қалған
қатысушыларының сатып алуға басым құқығы болады.
Үлесін сатушы онын, бағасын және оны сатудын, басқа да шарттарын
ескере отырып, үлесті меншіктің басқа қатысушыларыпа өз үлесін бөгде адамға
сату ниеті туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Егер үлесті меншіктің
басқа қатысушылары сатып алудан бас тартса немесе қозғалмайтын мүлікке
меншік құқығындағы сатылатын үлесті бір ай ішінде, ал басқа мүлік жөнінен —
хабар алған күннен бастап он күн ішінде сатып алмаса, сатушы өз үлесін кез
келген адамға сатуға құқылы [2., 139 бет].
Үлес сатып алудың басым құқығы бұзыла отырып, сатылған жағдайда,
үлесті меншіктің кезкелген қатысушысы үш айдың ішінде сотта өзіне сатып
алушының құқыктары мен міндеттерін аударуды талап етуге құқылы [1., 68
бет].
Азаматтық кодекстің 216-бабында үлесті жария саудамен сату жайы
қарастырылған. Меншік үлесі құқығындағы үлесті жария сату меншік
үлестерінің басқа қатысушыларының келісімінсіз тек Азаматтық кодекстің 222-
бабы 2-тармағы мен басқа да заң кұжаттарында көрсетілген ретте жүргізіледі.
Азаматтық кодекске үлесті айырбас шарты бойынша басқа біреуге беру
кезінде де үлесті сатудың басым құқығы нормасы жаңалык болып енді (АК-тің
216-бабының 5-тармағы). Бұл жағдайда ортақ меншікке қатысушы тең бағалы
мүлікті ұсыну жөніндегі айырбас шартында көрсетілген барлық міндеттемені
өзіне алады.
Кондоминиумде өз үлесіне билік етудің арнайы белгіленген жүйесі бар.
“Тұрғын үй қатынастары туралы” Заңның 31-бабына сәйкес жалпы меншіктегі
түрғып үй әрбір меншік иесіне көзделмесе, үлес көлемі тұрғын үйдің пайдалы
аумағына байланысты айқындалады. Үйдің тұтастай аумағына кіретін мұндай
үлес сол қалпында бөлінбейді. Үйге меншік құқығының басқа адамға өтуі сол
үлесті алғанға тиесілі үлесі өтеді, меншік иесі өзінін ортақ меншіктегі
үлесін өзгеге беруге құқысы жоқ [8., 15 бет].
Үйге, ғимаратка ортақ үлестік меншік болғанда оған қатысушылар
арасында әлгі үй, ғимарат тұракгы пайдаланылады демек олардың әрқайсысы
үйдің өзіне тиесілі бөлігін қалауынша пайдаланып күтеді. Үйдің жалпы
бөліктерін ұстауға кететін шығын, егер келісімде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік және меншік құқығы
Азаматтардың меншік құқығы
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»
Азаматтық құқық - дәрістер жинағы
Меншік және меншік құқығы туралы ұғымдар
ҚР азаматтық құқығы пәнінің лекция тезисі (жалпы бөлім)
Ортақ меншік ұғымы туралы
Ортақ меншіктің түрлері
Меншік қатынастарының даму заңдылықтары
Пәндер