Эстетикалық әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері



1. Эстетика жайында жалпы түсінік
2. Эстетикалық әдеби ой.пікірлер
3. Эстетикалық шығармалардың дамуы
4. Пайдаланған әдебиеттер
Эстетика терминінің бертін келе енгеніне қарамастан, эстетикалық ой тарихы ең кем дегенде 2,5 мың жылды алып жатыр. Біздің эрамызға дейінгі бірінші мың жылдықтың өзінде-ақ Көне Қытай, Үнді, Грекия ойшылдары адамдардың нақты шындықтың көптеген құбылыстарын сезім арқылы қабылдау барысында белгілі бір көңіл-күйлерге таңдану, жеріну, қайғыға ортақтасу, ашулану, сүйсіну, елжіреу, әзілдеу, тебірену, толқу және т.с.с. бөленетіндігін әрі әлемге деген таза танымдық қатынастан оның өзіндік сезімдік тебіреніс сипатымен ерекшеленетіндігін байқаған. Осы тебіреніс толқулар неліктен пайда болады деген сұраққа жауап іздеу барысында көне дүние ғұламалары эстетикалық ойды дамытқан. Нәтижесінде, «сұлулық», «әсемдік» және оған қарама-қарсы «трагедиялық» және «комедиялық» туралы алғашқы түсініктер қалыптасты.
1. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл
2. Ысқақұлы Д. Сын өнері. Алматы, 2001.
3. Нұртазин Т. Жазушы және өмір. Алматы, 1960
4. Әшімбаев С. Парасатқа құштарлық. Алматы, 1985.
5. Белинский В.Г. Таңдамалы шығармалар. Алматы, 1-ші кітап, 1948; 2-ші кітап, 1950.
6. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. Алматы, 1971.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ №1

Тақырыбы: Эстетикалық әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері.

.

Орындаған:Иманбаева М.Е.
Тобы:Қ-317с
Тексерген: Құрмамбаева Қ.С.

Семей 2015жыл
Эстетикалық әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері

Жоспар

1. Эстетика жайында жалпы түсінік
2. Эстетикалық әдеби ой-пікірлер
3. Эстетикалық шығармалардың дамуы
4. Пайдаланған әдебиеттер

1. Эстетика жайында жалпы түсінік

Эстетика терминінің бертін келе енгеніне қарамастан, эстетикалық ой тарихы ең кем дегенде 2,5 мың жылды алып жатыр. Біздің эрамызға дейінгі бірінші мың жылдықтың өзінде-ақ Көне Қытай, Үнді, Грекия ойшылдары адамдардың нақты шындықтың көптеген құбылыстарын сезім арқылы қабылдау барысында белгілі бір көңіл-күйлерге таңдану, жеріну, қайғыға ортақтасу, ашулану, сүйсіну, елжіреу, әзілдеу, тебірену, толқу және т.с.с. бөленетіндігін әрі әлемге деген таза танымдық қатынастан оның өзіндік сезімдік тебіреніс сипатымен ерекшеленетіндігін байқаған. Осы тебіреніс толқулар неліктен пайда болады деген сұраққа жауап іздеу барысында көне дүние ғұламалары эстетикалық ойды дамытқан. Нәтижесінде, сұлулық, әсемдік және оған қарама-қарсы трагедиялық және комедиялық туралы алғашқы түсініктер қалыптасты. Эстетикалық ойдың даму тарихына қысқаша экскурсия жасап, көз жүгіртіп өтсек, онда барлық философиялық ғылымдардың бесігі болып табылатын Грекиядан бастау заңды.
Антикалық эстетика ежелгі грекиялық және римдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады. Антикалық эстетиканың негізгі ерекшеліктерінің бірі оның космологизмі. Космологизм деп ғарыштық үйлесімділік пен әсемдікті әлемнен де орын алады деген көзқарастарды айтады. Көне гректердің түсінуінше, ғарыш денелерінің қозғалысында болсын, орналасуында болсын өзіндік жарастық, үйлесімдік, гармония бар. Сол гармонияны адам өз әлемінен де, яғни өз қолынан жасап шығарған заттардан да табуға тырысады. Соның нәтижесінде адам әлемі микрокосм. Адамның өнері макрокосмға ұқсап бағуынан, еліктеуінен туады. Осылайша, гректік ойшылдардың көбі, олардың барлығы деп айта алмаймыз, өнер табиғатын мимесиспен байланыстырған.
Эстетикалық категория тұрғысындағы гармония ұғымын тұнғыг Пифагор мен оның мектебінде кездестіреміз. Пифагор үшін болмыстың негізінде жатқан, сан тікелей гармонияға, ішкі үйлесімділікке, өлшемділікке сай. Өнер түрлері үшін де әсіресе музыка өзінің гармониялығымен адам жанын толғандырып, ғарыштық үйлесімдікті танытады. Тіпті, онымен қоймай. өнер адам жанын да, тәнін де ауру кесел, бәлекеттерден тазартады деп білген. Осы тұста антикалық эстетиканың келесі бір категориясы катарсис.
Катарсис (грек. тазарту) адам жаны мен тәнін тазарту, рухы және ағзалық сергектену дегенді білдіретін ұғым. Катарсис ұғымы антикалық философиядан алынған. Көне гректер катарсисті денсаулықтағы бұзылған үндестікті қалпына келтіру үшін тазарту жүргізу әдістері деп қарастырған. Нақты медициналық мағынасымен қатар қатар катарсис эстетикалық ұғым деңгейіне көтерілген сөз. Антикалық эстетикада катарсис адамға өнердің қалай әсер ететіндігін көрсету үшін пайдаланылған. Онда катарсис, әсіресе, музыка, поэзия мен трагедияны адамның рухы мен жанын тазарту жолындағы маңызын білдірген.

Аристотель де катарсисті өнердің эстетикалық пәрменді әсері деп танып, әсіресе трагедия жанрының адамның қорқыныш пен қайғыға ортақтасу сияқты қасиеттерінің нәтижесінде жанды бейқамдықтан, бойкүйездіктен арылтады деп қарады. Калокагатия термині өзінің амбиваленттілігіне (екіжақтылығына) байланысты этикада болсын, эстетикада болсын кең пайдаланылады.
Калокагатия термині грек тіліндегі екі сөздің қосындысынан шыққан. Дәлме-дәл аударатын болсақ, ізгі сұлулықты, яғни жан сұлулығы мен тән сұлулығының үндестігін білдіреді. Грек мәдениетіндегі калокагатия мұраты бекзаттық тәрбиенің негізін қалаған. Сондықтан да, бала өсіру, тәрбиелеу ісінде гимнастикалық тәрбиемен қатар музыкалық тәрбиеге де көңіл бөлінген. Яғни, риторика (шешендік өнер), грамматика, тарих, поэзия және т.с.с. басты назар аударылған. Эстетикаға калокагатия ұғымын енгізген Сократ дана болатын. Шынайы сұлулық ізгі сұлулық деген көзқарас кейінірек келе бүкіл Еуропалық эстетиканың орталық принципіне айналып кетті. Сөз өнерінің ерекшеліктерін, қоғамдық рөлін, көркем шығарманы танудың принциптерін, талдауын, әдістері мен методологиясын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен ағыс мәселелерін тексереді, талдайды. Сонда әдебиет теориясының зерттеу объектісі де үшеу болғаны -- әдебиет, әдеби шығарма, әдеби процесс. Әдебиет дегенде, оның тағы да үш түрлі яки, таным тарапындағы, тәрбие саласындағы және эстетикалық мәні мен мәнісі дара-дара сараланады. Әсіресе эстетикалық табиғатына ерекше назар аударылады. Әдеби шығарма дегенде, мәселен, роман яки поэма талдана қалған жағдайда оның мазмұны мен пішініне айналған шындық оқиғадан туатын кем дегенде бес түрлі сауалға жауап беру шарт: Қандай оқиға болды? Оқиға қалайша болды? Оқиға кімдердің басында болды? Оқиға қалай баяндалған? Болған оқиғаға автордың көзқарасы қандай? Осы сұрақтарға жауап беру барысында шығарманың тақырыбы мен идеясын, сюжет пен композициясын, типі мен характерін, суреткердің тілі мен стилін, дүниетанымы мен көркемдік әдісін талдап-тексеру арқылы әдеби шығарманың сыры мен сипатын тұтас танып-білуге болады. Ал әдеби процеске келсек, мұндағы ең басты мәселе -- жанр және жанрлық түрлер, мұны тексерудегі негізгі принцип -- тарихилық. Нәтижесінде -- сөз өнеріндегі тек пен түрді, бет пен бағытты айқындау. Осылардың бәрін тек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эстетикалық, әдеби ой- пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері туралы ақпарат
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің тууы, даму тарихы мен кезеңдері. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы. Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы. Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
Әлемдік әдеби сынның эстетикасы
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы және кезеңдері
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Әдеби сын жанрындағы сыншылдық көзқарастар мен сынның жанрлық формасы
Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
Д. Ысқақұлы әдебиет сыншысы
Пәндер