Экологиялық білім беру туралы



1.Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
2. Ерекше қорылатын табиғи территориялар . қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі.
3.Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау . биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.
Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Мұндай апатты зардаптар Қазақстанның Семей, Қызылорда, Батыс Қазақстан (Нарын, Азғыр, Тайсойған), Орталық Қазақстан (Сарышаған, Байқоңыр, Балқаш), Оңтүстік Қазақстан (Созақ) аймақтарында көрініс тапты, олар табиғи экологиялық жүйе тұрғысында, экологиялық жағдайы өте нашар жерге айналды, ал экологиялық әлеуметтік тұрғыда экологиялық зардапты ауданның бірі болып саналады.
1.“Экология оқулығы”- Г.С.Оспанова, Г.Т. Бозшатаева- 336-337,321-328б,138- 155-158 беттер.
2. Ж.Ж.Жатқанбаева «Экология негіздер» Алматы.2003ж.-114-132беттер.
3.А.Нұрғызарынова , Ж.Шілдебаев «Экология және тұрақты даму» Астана, 2014 жыл..36-49-60-73 беттер.
4.А.Т.Қуатбаев «Жалпы экология» Алматы,2012 ж.145-4-158 беттер.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: 1.Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық
проблемалар. 2. Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны
қорғау шараларының бір түрі. 3. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған
ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға
айналдырудың міндетті сатысы.

Орындаған: Берікбосынов А.Б
Тексерген: Мурзалимова А.К.
Тобы: ВС-403

Семей, 2015-2016 жыл
Жоспар:
1.Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
2. Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау
шараларының бір түрі.
3.Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми
негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.

Кіріспе
Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның
өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен
қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат
тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті,
ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық
дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Мұндай апатты зардаптар Қазақстанның
Семей, Қызылорда, Батыс Қазақстан (Нарын, Азғыр, Тайсойған), Орталық
Қазақстан (Сарышаған, Байқоңыр, Балқаш), Оңтүстік Қазақстан (Созақ)
аймақтарында көрініс тапты, олар табиғи экологиялық жүйе тұрғысында,
экологиялық жағдайы өте нашар жерге айналды, ал экологиялық әлеуметтік
тұрғыда экологиялық зардапты ауданның бірі болып саналады. Экологиялық
апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір
аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.
Рио-де-Жанейрода (1992, маусым) БҰҰ – ның қоршаған орта бойынша өткізген
конференциясында қарастырылған мәселелер (дүние жүзіндегі бүгінгі
экологиялық жағдай; әлемдік қауымдастардың экологияны тұрақты дамытуға
талпынысы т.б.) бойынша қабылданған шешімдер білім мен тәрбиені
экологияландыруға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Жеткіншектердің экологиялық білімі мен тәрбиесі міндеттерінің маңыздылығы
арта түседі. Өркениетті елдермен қатар Егеменді Қазақстан Республикасы да
Рио-92 қабылдаған шешімге парасаттылық көрсетіп, біздің қоғамның
приоритетті дамуының стратегиялық бағыттағы “2030” тұрақты дамуының сара
жолын көрсетті. Одан кейін де Елбасының мемлекеттік экосаясаты мен
экономикалық саясаты табиғат ресурстарын тиімді пайдалану әлемдік
деңгейдегі үрдістеріне үн қосып “адам – қоғам – табиғат” арасындағы
гармониялық үйлесімділіктің теориялық аспектілерін тұжырымдады. Бүгінгі
таңда “Білім туралы” Заңдарды жетілдіру және білім сапасын әлем
кеңістігінің білім деңгейіне көтеру көзделіп отыр. Яғни нәтижеге
бағытталған білім сапасын өміршең ету жоспарлануда.

Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.
Әрбір саналы адамның экологиялық көзқарасын қалыптасыру – адамның
мінез – құлқы мен іс - әрекетін осы бағытта қамтамасыз етуге ықпал жасау
үшін бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда
жеке ғылым болып жүйелі зерттеліп келе жатқан экология саласының өзіндік
ерекшеліктерін ескеруіміз қажет. Бұл ретте Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаевтың ұсынған 2050 Қазақстан-стратегиялық
бағдарламасында осы мәселеге айрықша көңіл болінгенін атап өткен жөн.
Дамудың осы стратегиялық бағытына сәйкес Қазақстан Республикасы Білімжәне
Ғылым министрлігі 1999 жылы 4 қаңтарда Экологиялық білім бағдарламасын
бекіткен болатын. Аталған құнды құжаттарды басшылыққа ала отырып кез келген
мұғалім өзінің барлық жұмыс бағдарламасын жоғарғы талап дәрежесіне сай
жүргізуі тиіс. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен
кезеңде жастарды ізгілікке, парасаттылыққа баулитын экологиялық білім мен
тәрбиенің маңызы арта түсуде. Себебі табиғат-қоғам-адам жүйесіндегі қарым-
қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар
жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Адам мен табиғаттың, қоғам мен
ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы
көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі,
қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді:
табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам
өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая
түсуде. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы
дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал
жасауда.
Қазіргі кезде экологиялық білім беру және тәрбие мәселелері жалпы
тәрбие беру мен білім жүйелері дамуының өзекті бағыттарының бірі.
Экологиялықбілімсізқоғамдықэкология лықсанақұрумүмкінемес.
Экологиялықбілімберу- балабақша, ортамектеп, лицей, гимназия,
колледждерде,жоғарғы оқу орындарында үздіксіз экологиялық білім беру
жүйесін жетілдіру мен ұйымдастырудың мемлекеттік жүйесіне айналды.
Экологиялық білім беру - бұл табиғатты пайдаланудың дайындау, іргелі
негіздері ретінде жалпы экологияның теориясы мен практикасын игеруге
бағытталған оқыту жүйесі. Ол табиғатты қорғаудың теориясы мен практикасын
игеруге бағытталған оқыту жүйесі - табиғатты қорғау білімімен тығыз
байланысты.
Экологиялық білім - қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті білімді,
әдетті, ептілікті, икемдікті қамтиды. Ол кәсіби мамандарды дайындауға ықпал
етіп, кадрларға білім беру, оларды дайындау жүйесінің ажырамас бөлігі болып
табылады. Заңдар бойынша экологиялық тәрбие мен білім берудің бәріне ортақ,
кешендік және үздіксіз болуы қарастырылған.
Әрине табиғаттың сұлу көріністері арқылы жас ұрпақтың бойына
адамгершілік қасиеттерін табиғатты қорғау, сүю сезімдерін тәрбиелеу туралы
қазақ халқының ағартушылары мен зиялы қоғам қайраткерлері Ш.Уәлиханов,
А.Құнанбаев,Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев,
Ш.Құдайбердиев еңбектерінде көп көңіл бөлінген. Белгілі педагог-психолог
Жүсіпбек Аймауытов балаға ең қымбат, ең жақын туған жері, туған жерінің
табиғаты, оның құбылыстарын білу өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі өмірге,
табиғатқа теңеу мазмұнының берік, баланың санасын жандандырып, төңіректегі
әлемге терең көзбен қарауға үйретеді.Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі
адамдардың табиғатқа жасаған бір жақты қарым-қатынасымен табиғат
заңдылықтарымен сипаттайды, салдарынан, табиғаттың экологиялық тепе-
теңдікнің бұзылуы, экологиялық дағдарыстың болу себептерін Е.Мамбетқазиев,
Е.Қонақбаев, Ю.Жданов т.б. өз еңбектерінде атап өткен.
Экологиялық тәрбие мен білім берудіңкешендікұстанымы бойынша, әртүрлі
екі процестің ғылыми негізделген әдістемелік талаптарды ескере отырып
адамдардың санасына бірлесіп кешенді әсер етуі. Үздіксізұстанымы,
азаматтардың, мамандардың, басшылардың кәсіби жұмысы барысында қоршаған
ортаға, адамдар денсаулығына жағымсыз әсер етуіне байланысты экологиялық
тәрбие және білім беру жүйесі бойынша өздерінің біліктілігін көтерудің
құқығы мен міндеттерін білдіреді.
Сонымен, экологиялық тәрбие мен білім берудің негізгі мақсаты -
қоғамдық сананыэкологияландыруболып табылады. Экология міндеті - адамның
тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау арқылы орнықты дамуды
жүзеге асыру. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі
тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын
бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.
Қазіргі таңда экологиялық дайындықтан өткен кәсіби мамандардың
жеткіліксіз болуына және қазақ тіліндегі оқу құралдары мен бағдарламалардың
жеткіліксіз болуына байланысты экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі шет
қалып отыр. 3 млн-нан аса оқушылар оқитын республика мекетептерінде
экология сабақтары жүйелі түрде өткізілмейді.Оқу процесінде
пайдаланатынэкология пәні бойынша арнайы оқулық пен оның кешендері
(бағдарламасы,жұмыс дәптері, әдістемелік нұсқау, хрестоматия) 2005 жылдан
бастап Мектеп баспасынан ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бекітіп
ұсынуымен жарық көрді. Деседе, министрліктің ұйғарымын орындау орнына
республиканың мектептері Экология негіздері пәнін сабақ кестесіне
енгізген жоқ, тек факультатив есебінен жүргізіледі. Көрші Ресей Федерациясы
1994 жылдан бастап мектептерге экология пәнін енгізгені көпшілікке мәлім.Ал
мектептегі химия, география, биология пәндерінде экологиялық білім толық
берілмейді, кейбір оқулықтарда қарастырылған мәселелер Қазақстандағы
экологиялық проблемалардың ерекшеліктерін көрсете алмайды. Осы күнге дейін
елімізде экологиялық білім берудің біртұтас бағдарламасы және экологиялық
арнайы мектептер, гимназиялар, лицейлер жоқ деп айтуга болады.
Жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру біршама кәсіби деңгейде
жүргізіледі. Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген жоғары оқу орындарында
экологиялық пәндері бар факультеттер бар. Айтакетерлігі, халықаралық
талаптар бойынша эколог-мамандарды даярлауда тек жетекші университеттер
ғана есепке алынады.
Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі жөнінде М.Н.Сарыбеков,
Н.Н. Нұғыманов, А.Б. Бигалиев, Ә.С. Бейсенова, А.Е.Манкеш, Х. Жүнісова,
Ж.Б. Шілдебаев, Г.М. Сәбденалиева т.б. еңбектерінде жазылған. Табиғат
қорғауға байланысты конференциялар ұйымдастырылып келеді.Онда алғашқы рет
мектептер мен орта арнаулы жоғарғы оқу орындары үшін эколог мамандар
дайындау туралы тұжырымдамалар пікірлер айтылып келеді. Осының нәтижесінде
болар Алматы, Өскемен, Шымкент, Семей, Атырау, Ақтау, Қызылорда
университетінде экологиядан мамандар дайындайтын бөлімдер ашылды. Елімізде
тұңғыш рет (1987 жылы) эколог мамандар дайындау мәселесін көтеріп,
экологиялық білім мен тәрбие берудің тұжырымдамасын жасаған географ-ғалым
Ә.С. Бейсенова мен Ж.Б.Шілдебаевтың еңбегі айрықша болды. Алғаш рет Абай
атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде география-экология
факультеті ашылып эколог мамандарын даярлауга жол ашылды.
Қазір жоғарыда аталған университет экологиялық білім мен тәрбие
беруде Қазақстанның жоғары оқу орындарының көшбасшысына айналды.Соңғы
жылдары қызметке келген университеттің жаңа басшысы, академик С.Ж.Пірәлиев
география-экология факультетінің оқу процесін күшейтіп Экомониторинг
зертханасын ашуға көп көңіл бөлді.Зертхана жаңа заманауи құрал-жабдықтармен
қамтамасыз етілген. Білім алушылар зертханада ауа, су, топырақ, өсімдік
құрамындағы ауыр металдар, нитраттарды анықтай алатын практикалық білім ала
бастады.Тек студенттер ғана емес осы университеттің Магистратура және PhD
докторантура институтында оқитын білім алушыларда экология ғылымы бойынша
іргелі ғылыми зерттеулерге қатысып білімдерін дамытуда. Яғни,Жаратылыстану
мамандықтары кафедрасында Биоэкомониторинг, Химия және химия техникасы
зертханалары жұмыс істейді. Онда магистранттар мен докторанттар экологиялық
зерттеу жұмыстарын жасап магистрлік және докторлық еңбектерін
аяқтайды.Осының бәрі экологиялық білім берудің жаңа стратегиялық бағыттары
деп білеміз.

Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының
бір түрі.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi белгiленген
мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер,
су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi.

Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе колдан
жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ ескерткіштері, инженерлік
құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға қолайлы әсер ететін кеңістіктер
(орман жолағы, көгерген аймақтар), аумақтар, акваториялар. Мұндай аумақтар
тек заңмен ғана емес, арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерi - ерекше қорғауға
жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектілерінің
жиынтығы.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік табиғи – қорық қоры
объектілерінің маңыздылығына байланысты республикалық немесе жергілікті
маңызы бар санаттарға жатқызылады.

Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу
мақсаттарына және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынандай түрлерге
бөлінеді:

1. мемлекеттік табиғи қорықтар;
2. мемлекеттік ұлттық табиғи парктер;
3. мемлекеттік табиғи резерваттар;
4. мемлекеттік зоологиялық парктер;
5. мемлекеттік ботаникалық бақтар;
6. мемлекеттік дендрологиялық парктер;
7. мемлекеттік табиғи ескерткіштер;
8. мемлекеттік табиғи қаумалдар;
9. мемлекеттік қорық аймақтары.

Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына
және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынандай түрлерге бөлінеді:

1. мемлекеттік өңірлік табиғи парктер;
2. мемлекеттік зоологиялық парктер;
3. мемлекеттік ботаникалық бақтар;
4. мемлекеттік дендрологиялық парктер;
5. мемлекеттік табиғи ескерткіштер;
6. мемлекеттік табиғи қаумалдар.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың өзге де түрлері көзделуі мүмкін.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды республикалық маңызы бар
санатқа жатқызуды – уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан
Республикасының Үкіметі, жергілікті маңызы бар санатқа жатқызуды –
уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың (республикалық маңызы бар
қаланың, астананың) атқарушы органдары жүргізеді.Заңды тұлға мәртебесі бар
ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесін төмендетуге әкеп соғатын
бір түрден басқа түрге ауыстыру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлардың салдарынан оның ерекше құндылығы мен бірегейлігі сипатының
ішінара немесе толық жоғалуына байланысты жүргізіледі.Заңды тұлға мәртебесі
бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мртебесін төмендетуге немесе
арттыруға әкеп соғатын бір түрден басқа түрге ауыстыру туралы шешімді
жаратылыстану – ғылыми негіздеме жасалған мемлекеттік экологиялық
сараптаманың оң қорытындысы негізінде:

1. республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша –
уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2. жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша –
уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың (республикалық маңызы
бар қаланың, астананың) атқарушы органы қабылдайды.

Қорықтар аймағы

Біз жұмыр жер бетінде өзге де алуан түрлі тіршілік иелерімен қатар
мекендеп, өмір сүріп жатырмыз. Әрқайсысы өзінше бағалы саналатын олар
адамзат игілігін құрайды. Қазақстанда жабайы табиғаттың аса ғажайып
өңірлері - шаруашылық қызметінің кез келген түріне тыйым салынған қорықтар
бар. Көрік-келбеті уыз қалпында сақталған мұндай табиғат алаптары сиреп,
құрып кетуге айналған жан-жануарлар мен өсімдіктердің аса маңызды тіршілік
ортасы болып табылады, сондай-ақ медициналық және басқа да ғылыми-
зерттеулер үшін генетикалық қор, тірі лаборатория іспеттес. Биологиялық
және ландшафтық орасан мол алуан түрлілік пен әсем табиғат көркі үйлесім
тапқан бұл жерлер рухани және дене күш-қуатының қайнар көзі ретінде адамға
қызмет етеді.

Қазакстан Республикасының Ерекше қорғауға алынған табиғи территориялар
туралы заңы бойынша елімізде ерекше қорғалатын 13 табиғи территория
анықталған. Қазіргі кезде Қазақстанда 9 қорық пен 5 мемлекеттік ұлттық
табиғи парк, 66 қорықша, республикалық маңызы бар 26 табиғат ескерткіштері,
3 зоопарк, 5 ботаникалық бақ, бірнеше дендропарк, халықаралық маңызы зор 2
сулы-батпақты алқап, ерекше мемлекеттік мәні бар, ғылыми құндылығы айрықша
150 су көздері құрылып, жұмыс істеуде.

Қорықтар, қорықшалар, ұлттық парк және табиғат ескерткіштері алқаптары
мемлекет территориясының 2,8%-ін алып жатыр. Барлық 9 қорық ғылыми және
табиғат қорғау мекемесі мәртебесіне ие және республикада ерекше қорғауға
алынған жоғары дәрежелі табиғи территория болып саналады. Олар дәл сол
өңірге тән бірегей табиғат кешендерін қаз қалпында сақтау мақсатына қызмет
етеді. Бұлардың ішіндегі ең көнесі батыс Тянь-Шань таулы аймағындағы көркем
де келісті табиғат мүйісі - Ақсу мен Жабағылы өзендерінің бастауы маңындағы
Талас Алатауының батыс сілемін қамтып жатқан Ақсу-Жабағылы қорығы болып
табылады. Тянь-Шанның шығыс бөлігінде, Іле Алатауының тау жоталарында -
Алматы қорығы, солтүстіктегі далалық өңірде - халықаралық маңызы бар су
төңірегі құстарының көптеген түрі ұя салып, сулы-батпақты алқабын мекен
еткен Қорғалжын қорығы орналасқан. Қостанай облысындағы Наурызым қорығы
көкке бой түзеген көрікті қарағай ормандары мен сан алуан дала өсімдіктері
дүниесін құрайды. Үстірт қыратындағы шөл қорығы Үстірт арқарларын, итаю
және бағалы өсімдіктер дүниесін қорғау мақсатында құрылған. Суы тартылып,
құрғап бара жатқан Арал теңізіндегі Барсакелмес қорығы республикадағы
аралда орналасқан бірден-бір қорық болып табылады. Аралда 300-дей құлан,
қарақұйрық, ақбөкендер мекендеп, тіршілік етеді. Шығыс Қазақстан тауларында
сондағы күміс сулы Марқакөлдің атымен аталған қорық бар. Республикадағы ең
жас қорық - Алтайдың қылқан жапырақты ну ормандары мен оның мекендеушілерін
сақтап, қорғауға арналған Батыс Алтай қорығы.Қазақстанда шөл, шөлейт және
тау экожүйелерінің ұлан-ғайыр территориясын алып жатқан 5 мемлекеттік
ұлттық табиғи парк құрылған. Олар - Алтынемел, Баянауыл, Іле Алатауы,
Көкше-тау және Қарқаралы ұлттық парктері. Қорықтардан айырмашылығы -
олардың территориясында қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асырумен
қатар, табиғаттың кейбір түрлерін пайдалануға және экологиялық туризммен
айналысуға рұқсат етілген.Қазіргі кезде Қазақстанда ерекше қорғауға алынған
территория өсімдіктері мен жануарлар дүниесін тізімдеп, түгендеу жұмыстары
аяқталды. Қазақстанда 835 түрлі омыртқалы жануарлар мекендейді, олардың 22-
сі республиканың Қызыл кітабына енгізілген. Еліміздегі 500 түрлі құстың 346-
сы қорықтарда ұя салып, тіршілік етеді. Қазақстан флорасында жоғары
өсімдіктердің 6000-ға жуық түрі бар. Олардың сирек кездесетін 400-дейі
Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.

Қорықтарда табиғаттың өзгеру, даму процестерін сипаттайтын
ғылыми-зерттеу жұмысы тұрақты жүргізіледі, Табиғат жылнамасы бақылауы
өткізіліп түрады.

Табиғи тепе-теңдік пен барлық жанды нәрсеге қолайлы ортаны сақтап, өзара
бір-біріне ықпал .ету жүйесін қалыптастыру үшін, басқа да табиғи түрлермен
толықтырып отырмаса, ауыл шаруашылығы алқаптары мен өндірістік кешендердің
қоршауында қалған қорықтарға бірте-бірте жойылып кету қаупі туады.

Ерекше қорғауға алынған табиғи территория жүйесін кеңейте түсу
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі үзақ мерзімді Экология және
табиғи ресурстар стратегиясы маңызды міндеттерінің бірінен саналады.
Республикада табиғат қорғаудың алдыңғы қатарлы және қолайлы жүйесіне жол
ашатын биосфералық резерваттар құру үшін арнайы 15 аймақ бөлінген. 

Мемлекеттік қорықтар

Мемлекеттiк табиғи қорық — табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар
ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметiнiң мақсаты өзiнiң аумағындағы
табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсiмдiктер мен жануарлар
дүниесi объектiлерiн, өсiмдiктер мен жануарлардың жекелеген түрлерi мен
қауымдастықтарын, әдеттегi және бiрегей экологиялық жүйелердi сақтау мен
зерделеу және оларды қалпына келтiру болып табылады.

Қазақстанда қазіргі уақытта 10 қорық ұйымдастырылған (Кесте 1 –де
көрсетілген).

Қазақстандағы қорықтар

Атауы Құрылған Көлемі,Орналасқан жерi
жылы га
Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк Оңтүстік Қазақстан облысы
табиғи қорығы 1926 131 934және Жамбыл облысы
Алматы мемлекеттiк табиғи Алматы облысы
қорығы 1931 71 700
Наурызым мемлекеттiк Қостанай облысы
табиғи қорығы 1931 191 381
Барсакелмес мемлекеттiк Қызылорда облысы
табиғи қорығы 1939 160 826
Қорғалжын мемлекеттiк Ақмола облысы және Қарағанды
табиғи қорығы 1968 543 171облысы
Марқакөл мемлекеттiк Шығыс Қазақстан облысы
табиғи қорығы 1976 102 979
Үстірт мемлекеттiк табиғи Маңғыстау облысы
қорығы 1984 223 342
Батыс Алтай мемлекеттiк Шығыс Қазақстан облысы
табиғи қорығы 1992 86 122
Алакөл мемлекеттiк табиғи 1998 65 Алматы облысы және Шығыс
қорығы 217,9 Қазақстан облысы
Қаратау мемлекеттiк табиғи2004 34 300 Оңтүстік Қазақстан облысы 
қорығы

Марқакөл қорығы

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс Қазақстан облысында,
Оңтүстік Алтайдың шығысында Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан. Ол
солтүстігінде Күршім, оңтүстігінде Азутау жоталарының арасында орналасқан
Алтайға тән тектоникалық ойпатты алып жатыр. Көл 1 449,3 метрлік абсолюттік
биіктікте жатыр. Ең биік нүктесі — 3304,5 метр (Ақсу-Бас тауы).

Марқакөл көлін осы аймақтың інжу-маржаны деп атауға болады. Сарқырамада
орналасқан ол оңтүстігінде Күшім тауымен, солтүстігінде Азутау тауымен
шектеледі. Көлдің ұзындығы 38км, ені 19 км және тереңдігі 27м. Оған 27 өзен
құяды, тек Қалжыр өзені ғана көлден ағып шығады. Марқакөл суы мұнтаздай
таза және жұмсақ болғанымен балыққа бай. Марқакөл көлі Қазақстандағы осы
балық түрлерінің отаны деуге әбден болады. Жартасты тауларда негізінен
жапырақты және шыршалы ағаштар өседі. Көркем жартасты таулардың көп бөлігі
май қарағай орманына толы. Биік таулардың баурайы медициналық дәрулік
қасиеті бар шөпке бай (алтын және марал түбірі, бергиния, т.б.). Фаунасы
түрлі және мол. Ағаштар арасынан қоңыр аюларды, бұғыларды, түлкілерді,
жабайы мысықтарды, маралдарды, құндыздарды, бүркітті, сирек кездесетін
қызыл қасқыр, қара ләйлектерді, сұрғылт шағалаларды және басқаларын көруге
болады.

Батыс Алтай қорығы

Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Кенді Алтайдың солтүстік-батыс
бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер (Лениногор), Зырян, Глубокое
(Орталық кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер қаласында орналасқан)
аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік-шығысында табиғатты
пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан. Батыс Алтай қорығының
аудандастырылуы Оңтүстік-Cібір тау елдерінің Алтай провинциясына жатады.
Қорықтың ландшафтық кешеніне Иванов (2800 м), Холзун (2500 м), Көксін (2300
м), Тигирецк (2300 м), Линейск (1600 м), Уба (2067 м), Үлбі (2000 м)
жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады.

Қорықтың жануарлар дүниесін тайгалық жануарлар: бұлан, марал, елік,
құдыр, қоңыр аю, құну, сілеусін, бұлғын, сасық күзен, аққалақ, қара күзен,
кәмшат, тиін, шұбар тышқан, суыр, түлкі және әртүрлі кеміргіштер құрайды.

Құстар әлемі алдын ала алынған деректер бойынша 100 аса түрден
тұрады. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілген: қара дегелек, тундра шілі,
бүркіт, аққұйрық субүркіт бар.

Табиғат жағдайына келетін болсақ қорықтың физикалық-географиялық
сипаттамасы Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Кенді Алтайдың солтүстік-
батыс бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер (Лениногор), Зырян,
Глубокое (Орталық кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер қаласында
орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік шығысында
табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан. Батыс Алтай
мемлекеттік табиғи қорығының аудандастырылуы Оңтүстік-сібір тау елдерінің
Алтай провинциясына жатады. Қорықтың ландшафтық кешеніне Иванов (2800 м),
Холзун (2500 м), Көксін (2300 м), Тигирецк (2300 м), Линейск (1600 м), Уба
(2067 м), Үлбі (2000 м) жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады.

Жер бедерінің формасы шығу тегі жағынан тектоникалық, мұздықты және
сулы-эрозиялы болып келеді, құрамына сулы алқаптар, тау арасындағы
қазаншұңқырлар, алқап тәрізді төмендеулер, сусыма тастар, жартастар,
қорымдар, тасты өзендер кіреді. Жоталардың үсті пенепленденген жазық
тәрізді, ал кейбір аудандардың құрылу ерекшеліктерін кар, трог, цирк
құрайтын ежелгі мұздықтар , сондай-ақ таңғажайып формалар жасайтын гранит
қалдықтарына (Желілік бағандар - Тас ертегісі, Шайтан қалашық) қарап
анықтаған. Барлық жоталар көркем өзен алқаптарымен бөлінген.

Қорық аумағына өзендердің тарамдалған гидрологиялық жүйесі, мұзды
көлдер, бұлақтар, бастаулар, биік таулы батпақтар (Алтайдағы ең ірі батпақ
– Гульбище батпағының ұзындығы 6 км, ені 2 км). Қорық аумағында ағатын
өзендер: Қара және Ақ Уба, Палевая Разливанка, Линейчиха, Үлкен және кіші
Тұрғысын және тағы басқалары Ертістің Карск теңізіне құятын жоғарғы
бассейніне жатады. Ақ және Қара Уба өзендері қорық аумағынан тыс жерде
Батыс Алтайдағы Ертістің саласы болып табылатын Уба өзеніне барып құйылады.
Өзендер көбінесе таудың еріген суымен қоректенеді (40-70%).

Таулы тайганың құрамына өсімдіктердің жоғарғы белдеуіне жататын:
күңгіот қылқанды аралас ормандар, альпі және субальпі шалғындары, тундра
белдеуі. Батыс Алтайдағы ормандардың орман өсіруші мамандар анықтаған 25
түрінің 16-сы қорық аумағында кездеседі. Қорықтың климаты географиялық
жағдай мен жер бедеріне байланысты. Қорық Азия материгінің ең түкпірінде
орманды, далалы, шөлді табиғи-климаттық аймақтардың түйіскен жерінде;
Оңтүстік Сібір және Орта Азияның әр түрлі таулы аймақтарында, Батыс
Сібірдің байтақ жазықтық кеңістігінде, Қазақстан мен Орта Азияның далалары
мен шөлдерінде орналасқан. Қорықтың мұхиттан және ашық теңіздерден алыс
жатуы оның климатының континентальды болуына, ауа температурасының жылдық
ғана емес тіпті күндік деңгейінің құбылмалығына негіз болады. Жазғы
маусымда цельсия бойынша +18+24 градус жанға жайлы ауа-райы жиірек болады.
Аязсыз күндер 90 күнге дейін созылады. Қыс 220-240 күнге дейін болады.
Қаңтардағы орташа температура цельсия бойынша -17-28 градус. Қар
жамылғысының биіктігі 1,5-2.0 метрге дейін, кейде 3-4 метрге дейін жетеді.

Көктемде қар жылдам ериді, көшкін жүруі, қардың опырылуы жиірек
байқалады. Ақ Уба көлінің ауданында жылына 1600-2000 мм-ге дейін қар
түседі, кейде одан да көп, 3000 мм-ге дейін жетеді. Жалпы қорық аумағында
жауын-шашынның деңгейі бірқалыпты десе де болады.

Аумақтың климаты континентальды жағдайда қалыптасады, бірақ тауда ауа
температурасының төмендеуі мен жауын-шашынның, әсіресе, Атлантика мұхитынан
келетін ауа массасы үшін ашық батыс және солтүстік-батыс беткейлерде көп
болуына байланысты - бұл аудандар анағұрлым ылғалды болып келеді. Сондай-ақ
таулы жер бедері атмосфералық ауа айналымы процесінің дамуына әсер етеді
және теңіз деңгейінің биіктілігіне, жер қыртысының формасына, беткейлердің
экспозициясына және жер беті жамылғысының сипатына қарай өзгеріп отыратын
климат жағдайларының әртүрлілігін тудырады. Тауда қалыптасатын ауа массасы
өзінің сипаты жағынан жанаса орналасқан жазықтың ауа массасынан қатты
ерекшеленеді.

Бұл аумақта жауын-шашынның күшеюін туғызатын фронтальды бөліктердің
шиеленісуі болады. Тауаралық қазаншұңқырлармен және кең тауаралық
ойпаттармен ауа массасы өздерімен бірге қалың жауын-шашын ала келіп, таудың
алыс түкпірлеріне енеді. Әсіресе бұл тұрақсыз атлантикалық ауа массасының
енуі кезінде байқалады. Ауа массалары өз жолдарында тау беткейлерімен
кезігіп, салқындайды, және бұл да жауын-шашын тудырады. Жер бетінің әртүрлі
жамылғысы (шалғын, орман, шабындық және т.б.) жергілікті ылғал айналымын
қалыптастыратын конвективті процестерді тудырады, бұл да өз кезегінде жауын-
шашынды көбейтеді. Жыл маусымдарына қарай ауа айналымы процестері де
әртүрлі. Суық кезеңдерде бұл жердің климатында азия антициклонының батыс
сілемдерінің суық, бұлты аз, жауын-шашыны жоқ деуге болатын бірнеше күн
бойы сақталатын ауа-райының әсері білінеді. Ылғалдылығы аз солтүстік-батыс
және солтүстік арктикалық ауа массасының енуі байқалады. Жылы маусымдарда
батыс және солтүстік-батыс бағыттағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология сабағында жергілікті материалдарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Биология сабақтарында мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие беру
Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру
Студенттерді табиғат қорғауға даярлау туралы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми - теориялық негіздері
Қазақстандағы ауаның ластануы
Бастауыш мектепте экологиялық білім мен тәрбие берудің әдіс-тәсілдері
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие
Пәндер