Кәсіпкерлік және оның түрлері



1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Кәсіпкерлік.
2.2Кәсіпкерліктің түрлері
3. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кәсіпкерлік – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі.(Рамазан л_х). Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңды тұлға құрмай немесе заңды тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі.
1. Правовые основы предпринимательской деятельности (Учебное пособие в двух частях). Сост.В. Ермаков. - Алматы: «Центр обслуживания предпринимателей», 2001.-148с
2. Коуз Р. Фирма, рынок, право.- М 1993г.
3. И Шумпетер.Теория экономического развития. М.1999
4. Курс предпринимательства. Учебник для ВУЗов. Под ред.проф.Горфинкеля В.Я.- М.: Финансы, ЮНИТИ,1997.-439с.
5. Малое предпринимательство: теория, мировой опыт и Казахстан. Под. ред. Жатканбаева Е. Б.-Алматы,2001.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
-
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Кәсіпкерлік түрлері "Салыстырмалы талдау"


Орындаған: Қадырбеков Н.Ж.
Топ:ОП-413
Тексерген: Есенбекова З.Ж.

2015ж
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1 Кәсіпкерлік.
2.2 Кәсіпкерліктің түрлері
3. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Кәсіпкерлік - азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі.(Рамазан л_х). Кәсіпкерлікті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңды тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. Кәсіпкерлік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді. Қазақстан азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ, азаматтардың бірлестіктері кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті қолданбай немесе жалдамалы еңбекті қолданып, заңды тұлға құрмай немесе заңды тұлға құрып жүзеге асырылады. Жалдамалы еңбекті қолданбай жүзеге асырылатын кәсіпкерлік жеке еңбек қызметі ретінде тіркеледі, жалдамалы еңбекті қолдану жолымен жүзеге асырылатын кәсіпорын ретінде тіркеледі. Кәсіпкерлік - кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен - кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі мен талаптары шартпен айқындалады, жеке табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық нысандарына тән. Меншікті мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелендіру кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай туғызатын экономикалық үдерістер болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік мәртебесі, мұндай қызметті жүргізуге кепілдік заң жүзінде баянды етілген.
Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары:
Бірлескен кәсіпкерлік - екі не бірнеше елдер серіктестерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің кең ауқымды нысаны, яки өндіріс пен айналыс аясындағы, ғылыми-техникалық, инвестициялық және қызмет көрсету салаларындағы бірігу;
Жеке кәсіпкерлік - кәсіпкерлік қызметпен заңды тұлға құрмай айналысу; мемлекеттік кәсіпкерлік - ұлттық экономиканы дамыту үшін тауарлар шығаратын, қызметтер көрсететін мемлекеттік кәсіпорындардың қызметі, тәуекелдікті кәсіпкерлік - көбінесе ғылымды көп қажетсінетін салаларға бағытталған, жаңа технологияны жасаумен және таратумен айналысатын, яки инвестициядан табысты кем алу қатері үлкен салалардағы ұсақ фирмаларға тән кәсіпкерлік.

Жалған кәсіпкерлік:
Кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық, төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар, азаматтық ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.
Заңсыз кәсіпкерлік : Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей не рұксат (лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сол сияқты кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе ірі мөлшерде акцизделетін тауарларды елеулі мөлшерде тауарларды өндірумен, сақтаумен не өткізумен байланысты болса, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады.
Экономиканың дамуының барлық даму сатыларындағы негізгі тізбек кәсіпорын болып табылады. Өйткені кәсіпорында жұмыскердің өндіріс құралдары мен тікелей байланысы анық көрінеді. Жеке өнеркәсіптік кәсіпорын дегеніміз өндірістік- техникалық бірлігі бар,ұйымдастыру- әкімшілік және шаруашылық тұрғыда тәуелсіз өндірістік бірлік болып табылады.Кәсіпорын өз ісін жүзеге асыра алады, салық және басқа төлемдерді төлегеннен кейін тапқан пайдасын, шығарылған өнімді керегінше жұмсай алады.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпкерді ең басты тұлға деп тану керек. Кәсіпкердің статусы, кәіпорын мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана бекітіледі.Кәсіпкерлік істің субъектісі ретінде жеке тұлға да және азаматтардың бірлестігі де бола алатынын айта кету керек.
Нәтижеде кәсіпорын деп, жеке кәсіпкер немесе кәсіпкерлердің бірлестігі құрған, қоғамдық тұтынушылықты қанағаттандыру және пайда табу мақсатымен өнім өндіретін, жұмыс атқаратын, қызмет көрсететін жеке шаруашылық субъектісі деп тұжырым жасауға болады.Жоғарыда айтылып кеткендей кәсіпорын ісінің мақсаты-қоғамдық тұтынушылықты қанағаттандыру және пайда табу .Кеңес одағы кезінде, кәсіпорындардың негізгі мақсаты - қоғамдық тұтынушылықты қанағаттандыру болатын.Қазіргі нарықтық экономикаға өту кезінде, осы мақсатты алып тастап, пайда табуды ғана мақсат етіп қоюға бола ма?
Біздің,ойымызша жоқ.

Шындығында, кәсіпкерліктің негізгі мақсаты - пайда табу, бірақ жетілген нарықтық қатынастар жоғарыда айтылған екі мақсаттың үйлесімді болуын талап етеді.Әрине,бизнес-кәсіпкерлердің экономикалық ісі, олардың үлкен көлемде пайда түсіру өнері мен мүмкіндігі, тиімділіктің жоғары болуын қамтамасыз етуі деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар, нарықты экономика жағдайындағы бизнестің дамуы тұтыну нарығының тауар мен қызмет түрлері және оның толығуына әсер етеді, экономиканың құрылымдық дамуын жандандырады, ғылыми- техникалық жетістіктердің енгізілуіне себепші болумен бірге, өндірістің тиімділігінің жан-жақты жоғарылауына ықпал жасайды.
Кәсіпорынды құру алдында, кез келген кәсіпкердің және кәсіпкерлер тобының алдында нақты белгіленген мақсаты болуы керек. Бұл мақсат - өз өніміне немесе қызметіне бірқалыпты тапсырыстың болуымен бекітілуі керек. Шығарылатын өнім немесе көрсетілетін қызмет қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі керек. Одан кейін жаңа істі бастау барысында өз капиталының әр уақытта толықтыруын қамтамасыз ету жағдайларын ойластырған жөн. Осы барлық мәселелерді негізгі құжат кәсіпкерлік бизнес-жоспарда нақты әрі толық көрсеткен жөн.
Қазіргі заманғы кәсіпкердің ең басты маңызды қасиеті - тез өзгеретін жағдайларға бейімді болуы. Ол үшін өзі таңдаған іс жасайтын ортаны кәсіпкер жан-жақты меңгере білуі керек. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Кәсіпкерлік қызмет түрлері
Кәсіпкерлік түрлері туралы
Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері
Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау
Кәсіпкерліктің қазақстандағы түрлері
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ
Кәсіпкерлік. кәсіпкерлік түрлері
Кәсіпкерлік түрлері
Пәндер