Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныс реакциялары. Қан топтары



I Кіріспе
II Негізгі бөлім
• Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары
• Қан топтары және сипаттамасы

III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Иммунды жүйе — барлық лимфоидты организмдер мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты.
Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа безі, айыршық безі (тимус), кұстардық фабрицнев қапшығы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олармакрофагтармен қосылып, иммунологиялық жауаптың негізі — антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтенантигендерді таниды, қорытады және жояды.
1. 4. Л.Б.Борисов. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология. //Москва. – МИА. – 2005. – 736с.
2. Жануарлар физиологиясы: жоғары оқу орындары студенттерiне арналған оқулық / Несiпбаев, Төлеутай. - Алматы : ҚАЙНАР, 1995. - 352 с
3. Р.Ұ. Бейсембаева. Медициналық және ветеринарлық биотехнология. Оқу құралы. - Алматы, 2009. 200 бет

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныс
реакциялары.Қан топтары

Орындаған:Исабаева А.А

Топ:ВС-403

Тексерген:Зейнеттинова Д.Б

Семей 2015 жыл

Жоспар

( Кіріспе

(( Негізгі бөлім

• Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары

• Қан топтары және сипаттамасы

((( Қорытынды

(V Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Иммунды жүйе — барлық лимфоидты организмдер мен организмдегі торшалар
жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты.

Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа безі, айыршық безі
(тимус), кұстардық фабрицнев қапшығы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас
қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең
басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляци ялары және
лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олармакрофагтармен қосылып,
иммунологиялық жауаптың негізі — антиденелер түзу және сезімталдығы
күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар
бөтенантигендерді таниды, қорытады және жояды.

Кемік майы қабырғаларда, омыртқаларда, жіліктердің шеміршект і ұштарында
және т. б. сүйектерде кездеседі. Ол организмде өмір бойы сақталады да, одан
үнемі қан жасушалары түзіліп отырады. Ересек адамның сүйектерінде кемік
майының мөлшері шамамен 2,5-3 кг. Кемік майы екі түрлі. Оның біріншісі -
қысқа және жалпақ сүйектердің кемікті қуыстарындағы қызыл түсті кемік майы.
Екіншісі - түтік пішінді сүйектердің (жіліктердің) ішкі қуысындағы
сарытүсті жілік майы.

Иммундық жүйенің шеткі мушелеріне - бадамша бездер, лимфа
түйіндері, көкбауыр, соқырішек және т. б. жатады. Жұтқыншақтың сілемейлі
қабығында 6 бадамша без шоғырланған. Оларды жұтқыншақ лимфа сақинасы деп те
атайды. Ол арада жұп таңдай, жұп түтікті, сыңар жұтқыншақ және сыңар тіл,
бадамша бездері орналаскан. Бұл бадамша бездер организмге тамақпен түскен
зиянды микробтарды жоюға қатысады. Лимфа түйіндері көбіне ірі
қантамырлардың маңында болады. Адам организмінде 460-қа жуық лимфа
түйіндері бар. Олар шоғырланып жатады.

Көкбауыр - құрсақ куысының жоғары бөлігінің сол жағындағы 9-11
қабырғалардың тұсында орналасқан сыңар мүше. Оның ұзындығы шамамен 10-14
см, ені 6-10 см, қалыңдығы 3-4 см, салмағы 150- 200 г. Көкбауырда қан
жасушалары түзіледі әрі уақытша сақталады. Сонымен бірге көкбауырда
тіршілігін жойғанэритроциттер жиналады. Иммундық мүшелер организмнің ішкі
ортасының тұрақтылығын және генетикалық тұтастығын қамтамасыз етеді.

Негізгі бөлім

Макроағзаның қорғаныс қасиетіне арнайы және арнайы емес механизмдер жауап
береді. Арнайы емес қорғаныс механизмдеріне: терінің тосқауылдық қызметі
және тері секреттерінің бактерицидті қасиеттері; асқазан сөлінің жоғары
қышқылдығы және ферментативтік белсеңділігі; ағзаның қалыпты микрофлорасы
және т.б. жатады. Сонымен қатар, микроағзалардың арнайы емес
ингибиторларына комплемент жүйесі, интерферондар, лимфокиндер т.б. жатады.

Өте маңызды қорғаныс факторларының бірі - иммунитет.

Иммунды жауап бірнеше арнайы реакциялардан құралады:

1) антиденелердің түзілуі;
2) тез дамитын жоғары сезімталдық;
3) баяу дамитын жоғары сезімталдық;
4) иммунологиялық есте сақтау;
5) иммунологиялық тұрақтылық және т.б.
Иммунды жауаптың дамуын Т-лимфоциттер, В-лимфоциттер және макрофагтар
қамтамасыз етеді. Т-клеткалар арасында Т-эффекторлар, Т-хелперлер және Т-
супрессорларды ажыратады. Т-эффекторлар клеткалық иммунитет реакцияларын
жүзеге асырады, Т- супрессорлар Т- және В -лимфоциттердің қызметін
реттейді. Макрофагтар антигендерді ұстап, өңдеп, оларды ажыратып, Т- және В-
лимфоциттерге мәлімет береді.

Иммунитеттің арнайы факторлары: гум оральдік және жасушалық

1. гуморальдік факторлары – вирусқа қарсы гуморальдік факторлар В-
лимфоциттерге тығыз байланысты. В-лимфоциттер өзгере келіп плазматикалық
жасушаларға айналады, ал ол жасушалар вирусқа қарсы антиденелерді бөліп
шығарады. Адам мен жануарлар қан сарысуында болатын арнайы антиденелер –
иммунитеттің гуморальді факторы арқылы болуының көрсеткіші болып табылады.
Сонымен бірге, көптеген вирустарға қарсы жергілікті иммунитет болады.
Мысалы, тұмау ауруында, парагриппте және басқа тыныс жолдарының кілегейлі
қабықшасының иммунитетіне байланысты болады, ал ішек ауруларында – ішектің
кілегейлі қабықшасының иммунитетіне байланысты болады. Мұндай жағдайларда
иммунитет ұзаққа созылмайды. Вирустардың көпшілігі антигендер болып
табылады, сондықтан олар организмде өздеріне сәйкес иммунологиялық
өзгерістер тұғызады, соның нәтижесінде антиденелер – арнайы
иммуноглобулиндер пайда болады. Жасушада иммуноглобулиндер ДНҚ – РНҚ
әсерінен пайда болады. Осы жағдайда іске асыру үшін арнайы антигеннің
әсері бар, демек, антиген организмге енген соң макрофагтардың әсеріне
түседі де иммуногендік түрге енеді, содан соң макрофагтар мен Т-
лимфоциттер В-лимфоциттерге хабар береді, ал В-лимфоциттер плазматикалық
жасушаға айналады да вирусқа қарсы тән иммуноглобулиндерді бөле бастайды.
Организмде табиғи ауырған кезеде немесе еккен кезде алдымен
иммуноглобулиндердің М – класы пайда болады, оларды алғашқы
антиденелерге жатқызады. Содан соң иммуноглобулиндердің А класы пайда
болады. Оларды кілегейлі қабықшаның В-лимфоциттері бөледі. Бұл антиденелер
вирустарды тыныс жолдарының кілегейлі қабықшаларында жояды және жергілікті
иммунитет тұғызады. Соңынан антиденелердің G – класы пайда болады. Олар
вирусқа қарсы гуморалді жолы арқылы болатын арнайы иммунитеттің көрсеткіші
болып табылады.

2. жасушалық факторлары - вирусқа қарсы иммунитеттің жасушалық факторлары
Т-лимфоциттерге, макрофагтарға байланысты болады. Т-лимфоцит жасушаға
жабысқан немесе цитоплазма мембранасына енген вирус ақуыздарын таниды.
Вирустардың организмге енуінің арқасында Т-лимфоциттердің өзгеруі
басталады. Т-лимфоциттер бөліп шығаратын интерлейкин-2 арқылы Т-киллердің
көбеюіне әсер етеді, ал Т-киллерлер арнайы рецепторлар арқылы вирус
зақымдаған жасушаларды тауып, оларды өлтіреді. Сонымен қатар, лимфа
түйіндегі макрофагтар вирусты тауып алып, оларды қорытады, ол үшін
лизосомальдік ферменттер қолданылады. Осындай қорытылған иммунологиялық
түрде вирус антигендерін Т-, В-лимфоцитке ұсынады. Демек, макрофагтар
антигендердің түрін, санын белгілейді, содан соң оларды Т-, В-лимфоциттер
танып алады. Бірақ, кейбір вирустар макрофагтың ферменттеріне төзеді де,
макрофагтың ішінде өсіп көбейе береді.

 

ІІ. Организмнің арнайы емес қорғаныс факторлары да гуморалдік және
жасушалық деп екіге бөлінеді:

1. Гуморальдік факторларына - ингибиторлар жатады, оның ішінде:

α-ингибиторлар – біркелкі тұрақты мукопротеидтер, вирустардың қан
түйіршектерін біріктіретін қасиетін жояды;

β-ингибиторлар - температураға шыдамайтын липопротеидтер, көп вирустарды
жоятын қасиеті бар (тұмау вирусын, арбовирустарды);

γ- жоғары температураға шыдайтын гликопротеидтер, 100º С сақталады. Тұмау
вирусынан сақтандырады.

Комплемент – антиген-антидене комплексі иммуноглобулиннің Fc-фрагментімен
комплементтің белгілі компоненттеріне косылып комплекс құрады. Ол комплекс
фагоцитоз, иммунологиялық жабысу процестерін күшейтеді. Комплемент
антиденелермен бірігіп кейбір вирустарды, вирус енген жасушаны ерітеді.

Пропердин - комплементтің қызметін фагоцитозды күшейтеді, жасушаны
ерітеді.

2. Жасушалық арнайы емес қорғаныс факторлары - осындай негізгі
факторлардың бірі – вирус енген жасушаның интерферон бөліп шығаруы.
Интерферон вирусқа қарсы арналған агент емес, ол тек жасушада вирусқа
қарсы жағдай жасауға көмектеседі. Негізінде, барлық вирустар интерферон
пайда болуына әсер етеді. Интерферон фагоцитозды күшейтеді, жасушаның өсіп
көбеюін, яғни бөлінуін тежейді. Осы қасиеті қатерлі ісіктердің
жасушалырының өсірмеу үшін қолданылады.

Организмді қорғаудың жасушалық факторлары ретінде гранулоциттердің –
эозинофил, базофил, нейтрофильдерді айтуға болады. Эозинофильдер антиген-
антидене комплексін жұтып қояды. Базофилдер – вирусқа қарсы қасиеті бар
заттар – гистамин, гепарин және т.б. шығарады. Нейтрофильдер – ұсақ
вирустарды жұтып, өз лизосомальдық ферменттері арқылы ерітеді.

 

Вирусты ауруларды химиялық препараттармен емдеу.

Химиялық препараттардың әсер ету механизмі – вирустардың
репродукциялануының жекеленген кезеңдерін (пенетрация, депротеинизация,
вирус геномының транскрипциялануы, вирустық РНҚ, ДНҚ және ақуыздардың
синтезделуі және т.б.) таңдамалы түрде тоқтату. Әсеріне байланысты олар
бөлінеді келесі топтарға:

- ДНҚ-полимеразаны ингибирлейтіндер: видарабин, цитарабин, фосфонацетат
ж.б.;

- Вирустық тимидинкиназамен іріктеп белсенділейтіндер: ацикловир,
ганцикловир, фамцикловир;

- Кері транскриптазаны ингибирлейтіндер: азидотимидин, диданозин,
ламивудин, залцитабин, зидовудин ж.б.;

- АИВ протеазасын ингибирлейтін: индинавир сульфаты, нелфинавир,
ритонавир, саквинавир.

- Кең спектрлі әсер ететін препараттар: рибавирин, трифлюридин.

 

Казіргі кезде интерферон препараттары кең қолданылады. Активті компоненті
бойынша α-, β-, γ-ға бөлінеді. Жасалған уақытына және қолданылуына
байланысты бөлінеді – адам лейкоциттерінен алынған табиғи интерферондар –
бірінші буын: альфаферон(адам лейкоциттарынан алынған интерферон,
эгиферон, вэлферон, лейкинферон);

бетаферон (адам фибробластынан алынған интерферон, ребиф, ферон);

гаммаферон (адамдардан алынған иммунды интерферон);

рекомбинантты интерферондар – екінші буын, биотехнологиялық әдістердің
көмегімен алынған: α 2а, 2б, 2с – реаферон, интрон-А, берофор; β –
авонекс, фрон; γ – гаммаферондар.

Интерферондар вирустық ақуыздардың синтезделуін және олардың
репродукциялануының басқа кезеңдерін тосқауылдай отырып, айқын
антивирустық әсер етеді. Сонымен қатар, иммуноциттерге (Т-лимфоциттер,
моноциттер, макрофагтар т.б.) белсенді әсер етеді және гистосәйкестіктің
басты комплексінің І және ІІ кластық мембрандық антигендерінің
экспрессиясын күшейтеді.

Жедел (тұмау, жедел сары ауру) және созылмалы (сары аурулар, АИВ,
папиломавирустық) вирустық ауруларды емдеуінде қолданылады.

 

 

 

Қан топтары және қан құю

Қан Топтары – бір биологиялық түр дарабастары қанының иммуногенетикалық
белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір
бойы өзгермейді. Қан белогының құрамында агглютинин деп аталатын ерекше
заттар болады. Олар a және b әріптерімен таңбаланады. Барлық адамдардың
қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін адамды
- донор (латынша donore – сыйлаушы), қабылдайтын адамды
– реципиент (латынша recepiens -қабылдаушы) дейді. Қаны I топка жататын
адамдардың қанын барлық топқа (I, II, III, IV) аз мөлшерде (200-300 мл)
құюға болады. II топқа жататындардың қанын II және IV ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары
Қан топтарының түрлері және сипаттамасы
Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары.Қанның тобы мен резус – факторының заңдылығы
Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары. Қан топтарының түрлері және оның сипаттамасы
Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныс реакциялары. Қан топтары туралы ақпарат
Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары.Қан топтарының түрлері және сипатамасы
Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары туралы
Бейімделушіліктің пайда болу жайы
Ауытқушылықтар мен аурулар, иммунитет генетикасы
Ортаның техногенді және табиғи факторлары. Биологиялық жүйелердің уақыттық ұйымдасуы
Пәндер