Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері



1.Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері
2."Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері" /таныстырылым/
3. "Алып Ер Тоңға" дастаны /әдеби талдау/
Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуіріне қатысты әдеби ескерткіштер көне түркі, шағатай ( шағатай тілі – араб және парсы сөздері араласқан түркі ру – тайпаларының кітаби тілі, ол сол кездегі барлық түркі тектес халықтарға түсінікті тіл болған), ұйғыр, араб, парсы тілдерінде жазылғанымен, біз оларды төл әдебиетіміздің тарихының басы деп танимыз. Өйткені « қай халықтың болсын ерте замандардағы алғашқы әдебиеті, жазба әдебиет нұсқалары, сол халықтың бүгінгі тілінде болуы шарт емес. Кейбір халықтардың ондай әдебиетінің басқа тілде, сол халыққа осы күнде түсініксіз тілде болуы, бірақ сол халық жерінде, сол халық өкілдері тарапынан жасалған, сол халықтың бір кездегі өмірін көрсететін әдебиет нұсқалары болуы ықтимал», - деп көрсетеді ғалым Б.Кенжебаев.[ 98]

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік Университеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері (мектеп бағдарламасы бойынша) конспект

Орындаған: Әнеш Арайлым Болсбекқызы
Тобы: КЯ- 413
Тексерген: философия ғылымдарының докторы, доцент Жундубаева Арай Қанапияқызы

Семей қ, 2015ж.

Жоспар:
1.Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері
2."Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері" таныстырылым
3. "Алып Ер Тоңға" дастаны әдеби талдау
Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуіріне қатысты әдеби ескерткіштер көне түркі, шағатай ( шағатай тілі - араб және парсы сөздері араласқан түркі ру - тайпаларының кітаби тілі, ол сол кездегі барлық түркі тектес халықтарға түсінікті тіл болған), ұйғыр, араб, парсы тілдерінде жазылғанымен, біз оларды төл әдебиетіміздің тарихының басы деп танимыз. Өйткені қай халықтың болсын ерте замандардағы алғашқы әдебиеті, жазба әдебиет нұсқалары, сол халықтың бүгінгі тілінде болуы шарт емес. Кейбір халықтардың ондай әдебиетінің басқа тілде, сол халыққа осы күнде түсініксіз тілде болуы, бірақ сол халық жерінде, сол халық өкілдері тарапынан жасалған, сол халықтың бір кездегі өмірін көрсететін әдебиет нұсқалары болуы ықтимал, - деп көрсетеді ғалым Б.Кенжебаев.[ 98]
Ежелгі дәуір әдебиетінде (VII - XIVғғ.) жататын ескерткіштер, шығармалар аз емес. Олардың алғашқыларының ішінде негізгілері деп түркі ру - тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін ( VII ғ.) , Қорқыт ата кітабынан (VIIIғ.) және Оғыз - наманы (IX ғ.)атаймыз. Олардан кейін ежелгі дәуір әдебиетін Мұхаммед Хорезми, Әбу Насыр әл - Фараби, Әбу Райхан әл - Бируни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни тәрізді түркі халықтарының біразына ортақ ойшылдары, ғалымдары, ақындары жалғастырады ( X - XIIғғ.). Аталған ғұламалар түркі халықтарынан шыға тұра, кезінде араб әдебиетін, араб ғылымын дамытуға үлкен үлес қосқан.
Сонымен бірге ежелгі дәуір тәдебиетіне қыпшақ тілінде жазылған ( XIII - XVI ғғ.) Кодекс куманикус , Махаббатнама, Жүсіп - Зылиха, Гүлстан , Домбауыл, т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді.
Міне ежелгі дәуір әдебиетінің басты- басты мұралары осындай. Олар өзінен кейінгі әдебиеттің дамуына негіз болған. Бұларды зерттеп, әдебиетіміздің тарихына қосуға, елге танытуға Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, Б. Ысқақов, Н. Келімбетов т.б. ғалымдар зор үлес қосты.
Орхон ескерткіштері дегеніміз - тарихи тұлғаларға арнап орнатылатын тастағы жазулар. Түркілердің ежелгі мекені - Орхон өзенінің аңғарынан табылған. Ондай тастар бұрын қазақ жерінде де көп болған, бірақ түрлі жаугершіліктер кезінде жойылып кеткен.
Орхон ескерткіштеріндегі жазулардың негізгі ойы мен мұраты - ел тәуелсіздігін аңсау, елге қорған болған батырлар мен көсемдерді дәріптеу. Жырда түркілердің тауғаштарға кіріптар болу себебін олардың тәтті сөз, асыл қазынасына алданғандығынан, ел ішінде бірлік болмауынан деп түсіндірді.
Күлтегін жырлары

Түркі халқының атақ - даңқы
Өшпесін деп... ( Күлтегін жырынан.)
Орта Азияның түркі тайпалары руна жазуын қолданған, ал араб әліпбиін кейінірек, X ғасырда ислам дінінің енуіне байланысты пайдаланған. Бүкіл әлемге әйгілі Орхон ескерткіштері тастарының бетіне осы руна жазуымен көптеген жырлар жазылған ( VIII ғ. ).[99]
Бұл ескерткіштер Орхон, Енисей өзендерінің ( қазіргі Моңғол жері) бойында орналасқан. Оларды алғаш тапқандар: швед офицері Иоганн және орыс ғалымы Н.М.Ядринцев ( XVIII - XIX ғғ.). Құлпытастарға қашалып жазылып, бізге жеткен осы бір ғажайып жазуларды ғылымда руналық жазулар деп атайды. Ол жазуларда VII ғасырдың іргелі мемлекеті - Түркі қағанатының құрамындағы толып жатқан рулардың өзара жауласуы, жорықтары мен соғыстары суреттеледі. Бұл ескерткіштерде хандар, бектер, тектілер туралы баяндалады. Ол баяндаулардан сол кездегі тұрмыс жайлы түсінік те аламыз. Бұл тастардағы жазуларды кейіннен тарихта Орхон - Енисей ескерткіштері деп атаған.
Жырда, негізінен, Білге қаған, Күлтегін батыр, Тоңұқұқ жырау ерліктері суреттелген. Жырдың басты кейіпкері - Күлтегін батыр. Оның әкесі Елтеріс қаған да түркі халқы жойылмасын деп, қырық жеті рет айнала қоршаған басқыншы тайпалармен жауласып, соғыс салады. [100]
Күлтегін - түркі халықтарының ерлік туралы ұғымының жиынтық бейнесі. Оның тұлғасында тұркілерге тән ержүрек, өршіл, қайсар, қайтпас мінез бар. Сондай батырым болса деген ел арманы Күлтегін ерліктерін сипаттау арқылы берілген.
Білге мен Күлтегін сияқты Тоңұқұқ та тарихта болған тұлға. Ол Білге қаған кезінде төбе би болған. Орхон тастарында: Түркі Білге қағанның еліне арнап жаздырдым. Мен - Тоңұқұқ деген жазу кездеседі.
Күлтегінде қазақтың батырлар жырларының алғашқы үлгілерінің бірі деуге болады. Өйткені олардың тақырыптары да, көтеретін мәселелері де, кейіпкерлерді бейнелеу тәсілдері де, көркем сөздерді қолдануы да бір - біріне жақын әрі ұқсас.
Орхон жырлары ( Күлтегін ) - көркем туынды. Оларда ақындық шеберлікпен құрылған сөз айшықтары мол. Мысалы, от - су қылмадым деген қолданыстың мағынасы өштестірмедім деген ұғымды екі затты қарама - қарсы қойып қолдану арқылы әдемі шендестіріліп елестетеді.
Қорыта айтқанда, Күлтегін, Білге қаған және Тоңұқұқ ескерткіштері ( Орхон - Енисей ) - ежелгі түркі халықтарына ортақ көркем шығармалардың үлгісі болумен бірге, ол қазақ әдебиетінің де асыл қазынасына енетін әдеби мұра. Ұрпақтан - ұрпаққа жалғаса береді. Мәңгі өшпейтін мұралар.
Қорқыт ата кітабы
Көңілі пасық ерде
Дәулет болмас. ( Қорқыт ата кітабынан. )
Бұл көне заман мұрасы туралы айтудан бұрын Қорқыт атаның өзі кім болғанын айқындап алу дұрыс. Қорқыт - VIII ғасырда Сыр бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Сонымен бірге ол туралы көптеген аңыздар сақталған.
Ел аузында аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін қайтпас күрескер сипатында айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді.
Ал тарихында деректі түрде Қорқыт ата кітабы бар . Қорқыт ата кітабы осы күнге дейін Дрезден қаласында он екі жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда ( Ватикан) алты жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді.
Қорқыт ата кітабын VIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған - Қорқыт ата ( Қорқыт сөзі ертедегі түркілердің Хұр - кісі және хыт - құт сөздерінен шығауы ықтимал. Ол құт әкелуші кісі деген мағынаны береді.). Қорқыт ата кітабы мынадай жырлардан тұрады: Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр, Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр, Оғыз қаған жыры , т.б.
Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жырда оғыз тайпасының батыры Қазан бек аңға кеткенде, оның елін Шөкілі хан шабады. Үлкен қырғын болады. Қазан бектің Қара қойшы дейтін қойшысы ерен ерлік көрсетеді. Ол тас атқышпен атқылап, жауды жайпайды. Бұл жырда елін жаудан қорғау идеясы айқын сезіледі. [104]
Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр деп аталатын жырда анаға деген түркі халықтарының құрметі, ұрпаққа деген сүйіспеншілігі, ұрпақ жалғастыру мәселесі, ата - ан мен балалар арасындағы парыз сөз болады.
Қорқыт ата кітабының жырлары оғыз тайпасының туған жерін, елін сыртқы жаулардан қорғау үшін қан майданға шыққан алып батырларының ерлігі туралы толғайды. Дастанда ерлік, әділдік, адамгершілік, ата - ананы құрмет тұту, уәдеде тұру сияқты ізгі қасиеттер пен опасыздыққа, әдепсіздік пен сараңдыққа қарсы күреседі.
Қорыта айтқанда, Қорқыт ата кітабы - әр түрлі жырлардың жинағы болса да, ерлік жасау мен ізгілік көрсетуді біртұтас өріп отырады.
Қолына қобыз ұстаған ұзан ( абыз, жырау ) елден елге жетеді , - деп Қорқыт атаның өзі айтқандай, өнер - мәңгілік, ол елден елге, ұрпақтан - ұрпаққа тарайды. [108]
Алып Ер Тоңға
( б.з.д.VII ғ. - б.з. VII ғ.)
Алып Ер Тоңға - өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің Шаһнама кітабының кейіпкері болған. Онда Алып Ер Тоңға - Афрасияп, Тұранның патшасы болып суреттеледі. Ақыл - айласымен, күшімен, біліктілігімен ел есінде мәңгілік қалған тарихи тұлға.
Алып Ер Тоңғаның Барысхан атты ұлы, Қаз есімді қызы болған. Алып Ер Тоңға қайтыс болғанда, артында қалған елі жоқтау шығарған. Сол жоқтау атадан балаға жетіп, XI ғасырда Махмұд Қашқари жазған Түркі сөздерінің жинағы деп аталатын кітапқа кірген. Бұл жоқтау ежелгі түркі әдебиеті мен фольклорының алғашқы нұсқаларының бірі болып есептеледі.
Ахмет Йасауи
ХІ- ХІІ ғасырларда өмір сүрген, мұсылман дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым, ақын Қожа Ахмет Йасауи қазіргі Түркістан қаласы маңындағы Испиджап қаласында дүниеге келген. Ақынның туған жылы дәл айқын емес, ал 1166жылы қайтыс болған. Мұсылмандықтынасихаттаған аса ірі дін өкілі Арыстан Баб оны бала кезінен өзіне шәкірт етіп алады.
Йасауи - өз заманының ақыл- ой өкілі. Оның өскен ортасы, тәлім- тәрбиесі ислам діні болып, діни- философиялық дүниетанымы сопылық ілім негізінде қалыптасты. Сопылық идеялар ислам дінін әр халықтың өзіндік болмысымен, тұрмыс- салтымен үндестіруді уағыздады.
Диуани Хикмет.
Ахмет Йасауи сопылық- философиялық дүниетанымдарын өзінің Диуани Хикмет еңбегінде баян етеді. Бұл өлеңдер жинағы түркі тілді халықтардың ХІІ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі көне Түркі ескерткіштері
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері туралы ақпарат
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері (мектеп бағдарламасы бойынша) /конспект/ - "Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері" /таныстырылым"Алып Ер Тоңға" дастаны /әдеби талдау
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінің сипаттамасы мен ерекшеліктері
Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері
Ежелгі дәуір әдебиетінің кезеңдерін сипаттау
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері жайлы ақпарат
Орхон- Енисей ескерткіштерінің көркемдік мәні, зерттелуі
Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау
Енисей мен Моңғолияда көне түркі жазуы ескерткіштерінің ашылуы
Пәндер