MS-DOS операциялық жүйесі



МАЗМҰНЫ

І. MS.DOS операциялық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Негізгі түсініктер мен белгілеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 MS.DOS операциялық жүйесінің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Операциялық жүйенің негізгі командалары ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.4 Командалардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.5 Резидентгі (ішкі) командалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.6 Файлдармен жұмыс істейтін командалар ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Негізгі түсініктер мен белгілеулер
DOS - деген сөз дискілік операциялық жүйе дегенді білдіреді, MS -операциялық жүйені жасаған Microsoft фирмасы атының қысқартылуы.
Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларынын, жұмысын және программалық жасауды басқару үшін кажет. Ол компьютер мен адам арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, бұл дегеніміз - операциялық жүйе компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.
Программа жүйесі деп компьютерде белгіленген әдіспен арнаулы әрекеттерді іске асыратын командалар жиынын атайды. Программалар жүйесі атқаратын міндеттеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді: құралдар, қолданбалы программалар пакеті.
Операциялық жүйелер қолданушыны компьютердің барлық қорларын тиімді және ыңғайлы түрде басқару мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуге арналған командалар жиыны. Мысалы: UNIX, MS DOS, CDOS, MSX және соңғы кезде кеңінен қолданыла бастаған көп терезелі операциялық жүйелер - Windows программалары жатады.
Құралдар жүйесі жаңа программаларды дайындауға арналған әрекеттерді іске асыруға мүмкіндік береді. Мұндай жүйенің құрамында компилятор, текстерді дайындауға арналған құрал (редактор), жүктеу (загрузчик) және жинау (сборщик) ортасы, тағы да басқа жүйелер болады.
Қолданбалы бағдарламар жүйесі (ҚБЖ) ретінде әртүрлі салаларда қолдануға арналған құралдар жинағы қарастырылады. Мысалы: бухгалтерлік есептер, статистикалық талдау тағы да басқа жүйелер.
Компьютерде өнделетін информация магниттік дискілерде сақталады.Магниттік дискідегі, не басқа информация сактауға арналған компыотерлік жабдықтағы и.нформация сақталатын атауы бар орынды
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Исаев С.Ә., Мұхамади А.Н., Ахметова О.С. “Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум” – Алматы: Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университеті, 2000.
2. Алферов А.П. “Информатика для начинающих пользователей”. – Ростов-на-Дону: “Феникс”, 1996.
3. Фигурнов В.Н. IBM для пользователя. – М.: ИНФРА-М,1998.
4. Есенбаева С.Қ., Искаков М.Б. “Дербес компьютермен жұмыс істеу негіздері”. Оқу құралы .- Қарағанды: ҚарМТУ, 1998.
5. Косарев В.П., Ермин Л.В. “Компьютерные системы и сети”-Москва “Финансы и статистика”, 2000.
6. Симонович С., Алексеев А. “Специальная Информатика”-Москва “Учебное пособие”, 2000.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: MS-DOS операциялық жүйесі

Орындаған:

Тексерген:

МАЗМҰНЫ
І. MS-DOS операциялық
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Негізгі түсініктер мен
белгілеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 MS-DOS операциялық жүйесінің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Операциялық жүйенің негізгі
командалары ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.4 Командалардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.5 Резидентгі (ішкі)
командалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
1.6 Файлдармен жұмыс істейтін
командалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .
1. Негізгі түсініктер мен белгілеулер
DOS - деген сөз дискілік операциялық жүйе дегенді білдіреді, MS
-операциялық жүйені жасаған Microsoft фирмасы атының қысқартылуы.
Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларынын, жұмысын және
программалық жасауды басқару үшін кажет. Ол компьютер мен адам арасындағы
байланысты қамтамасыз етеді, бұл дегеніміз - операциялық жүйе компьютерді
іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын
басқаратын арнайы программа.
Программа жүйесі деп компьютерде белгіленген әдіспен арнаулы
әрекеттерді іске асыратын командалар жиынын атайды. Программалар жүйесі
атқаратын міндеттеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді: құралдар, қолданбалы
программалар пакеті.
Операциялық жүйелер қолданушыны компьютердің барлық қорларын тиімді
және ыңғайлы түрде басқару мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуге арналған
командалар жиыны. Мысалы: UNIX, MS DOS, CDOS, MSX және соңғы кезде кеңінен
қолданыла бастаған көп терезелі операциялық жүйелер - Windows программалары
жатады.
Құралдар жүйесі жаңа программаларды дайындауға арналған әрекеттерді
іске асыруға мүмкіндік береді. Мұндай жүйенің құрамында компилятор,
текстерді дайындауға арналған құрал (редактор), жүктеу (загрузчик) және
жинау (сборщик) ортасы, тағы да басқа жүйелер болады.
Қолданбалы бағдарламар жүйесі (ҚБЖ) ретінде әртүрлі салаларда қолдануға
арналған құралдар жинағы қарастырылады. Мысалы: бухгалтерлік есептер,
статистикалық талдау тағы да басқа жүйелер.
Компьютерде өнделетін информация магниттік дискілерде
сақталады.Магниттік дискідегі, не басқа информация сактауға арналған
компыотерлік жабдықтағы и.нформация сақталатын атауы бар орынды файл деп
атайды. Сонымен, барлық программаларды файл деп санауға болады.
Файл атауы файл атынан және файл кеңейтілуінен (тіркеуінен) тұрады.
Файл аты 8 таңбадан, кеңейтілуі 3 таңбадан аспауы керек.
Стандартты файл кеңейтілулерінің қалыптасқан атаулары бар -txt, bak,
sys, exe, com т.с.с. Файлдың аты және кеңейтілуі арасына нүкте белгісі
қойылады. Мысалы: sys.com, io.sys. Файл аты файлдағы информацияның түрін
білдіреді. Файл кеңейтілуіне байланысты қандай программа екенін білуге
болады: .com, .exe - орындалатын программалар; .bat - командалық файлдар;
.pas - паскаль тіліндегі программа; .for - фортран тіліндегі программа; .с
- си программасы; .asm - ассемблер программасы; .bak - көшірме файл; .txt -
текстік файл; .sys - жүйелік файл; .doc - құжаттық файл; .pic, .pcx, .bmp
-бейнелік файлдар.
Операциялық жүйелерде файлдардың аты, мөлшері, құрылған уақыты
мен мерзімі беріледі:

1-8 символ 1-3 символ
1-сурет.
Операциялық жүйелерде бірнеше дискілермен жұмыс істеуге болады.
Дискілер атауы латын әріптерімен (A:,B:,C:,D: т.б.) белгіленеді.
Файлды дискіде іздеуді жеңілдету үшін арнайы тіркеген ыңғайлы. Ол үшін
каталог ұғымы қолданылады.
Каталог дегеніміз - файл аты, файл өлшемі, соңғы өзгертуінің уақыты мен
мерзімі, файл атрибуттары (сипаттамаларі) т.б. файл туралы мәліметтер
жазылатын дискідегі арнайы орын. Егер каталогта файл аты жазылса, файл сол
каталогта орналасқан деп атайды. Әр каталогга көп файл жазыла береді.
Каталогтар әдетте латын әріптерімен және цифрлармен белгіленеді.
Тақырыптас файлдар тобын жазуға арнап, ол каталогтан ішкі каталогтар құруға
болады. Сонымен дискіде тармақталған каталогтар пайда болады. Каталог
синонимі директория , деп аталады. Ең сыртқы каталоггы түбір каталог деп
атайды. ДискІ мен файл орналасқан каталогтар тізімі файл жолы деп аталады.
Файл жолы файл атымен қосылып файлдың толық атын құрайды.
Мысалы, С - дискісінде WORK каталогінің TEXT ішкі каталогінде
орналасқан файлының толық аты: C:WORK\TEXT\ hat.txt. Әдетте дискі жене
каталог аттары латын алфавитінің бас әріптерімен, файл атаулары кіші
әріптерімен беіігіленеді.
Жұмыс істеп жатқан дискі атауы, каталог аты, файл аты "ағымдық" деп
аталады.
Орындалып жатқан программа, істеп тұрған программа режимдері
"екпінді" деп аталады.

2.2. MS DOS операциялық жүйесінің құрылымы .
MS DOS операциялық жүйесі дискеттің немесе С: дискісінің түпкі
каталогында файлдар түрінде орналасады да, мынадай бөліктерден
(модульдерден) тұрады:
- BIOS модулі - компьютердің тұрақты жадында жазылған
мәліметті енгізу-шығарудың негізгі жүйесі. Бұл модуль
компьютер шыққан заводта жазылып өшірілмей тұрақты сақталады.
Ол ЭЕМ іске косылған сәтте құрылғылардың жұмысы істейтінін
немесе істемейтінін тексеріп, ОС-тың мәлімет енгізу-шығаруға
байланысты атқарылатын қарапайым жұмыстарын атқарады;
- Операциялық жүйенің жүктеуіші - бұл кішкентай
ғана программа операциялық жүйенің компьютердің жедел
жадында тұрақты сақталатын қалған модульдерін файлдардан (IO.SYS,
MSDOS.SYS) оқуды қамтамасыз етеді;
- IO.SYS файлы сыртқы құрылғылармен (пернелік тақта,
дисплей, принтер, байланыс адаптері және динамик)
информация алмасудың барлық түрін атқарады;
- MSDOS.SYS файлы жалпы файлдар ашу ісін және де ЭЕМ жедел жадын
басқарады, оған әрқашанда жедел жадта қанша бос орын бар екені белгілі
болады;
- COMMAND.COM командалық процессоры әрбір адамға қажет түрлі іс-
әрекеттерді орындайды, ол ЭЕМ іске қосылған кезден бастап ОС-тың барлық
резидентті немесе ішкі командаларын орындау ісін жүргізеді. Ал транзитті
сыртқы командаларды орындау үшін ол дискіден соларға сәйкес
программалык файлды тауып, оны оқып бірден орындауға
кіріседі. Команданы атқарып болған сон, оны жадтан өшіріп, экранга әрі
қарай жұмысқа даяр екендігін білдіретін, шақыру мәліметін
(DOS шақыруы) шығарады.
- DOS-тың сыртқы немесе кірме (транзитті) командалары —
операциялық жүйемен бірге бөлек-бөлек файлдар түрінде берілетін
программалар, кейде утилиттер деп те айтыла береді.Олар транзитті
командалар ретінде әртүрлі қызметтер атқарады, мысалы, дискетті форматтау,
дискілерді тексеру және т.с.с.
- Құрылғылар драйвері — DOS жүйесін толықтырып, жаңадан қосылған
шеткері құрылғьшарды басқару ісін орындайтын арнайы
программалар. Драйверлер компьютердің жедел жадына операциялық
жүйемен бірге оқылады да, олардың аттары CONFIG.SYS деген арнаулы
файлда жазылып тұрады. Операциялық жүйе жедел жадқа жүктелгеннен кейін
дискіден конфигурациялық (құрамдық) файл CONFIG.SYS оқылып құрылғылар
драйверлері де жедел жадта орналасады. Мұнан кейін командалык. COMMAND.COM
файлы оқылып, ол ісіне кіріседі. Бұл командалық процессор тағы бір
командалық AUTOEXEC.BAT файлын іске қосып, оның
ішіндегі командалар мен программаларды біртіндеп орындай бастайды.

2.3. Операциялық жүйенің негізгі командалары
ОЖ жұмыс істегенде оның негізгі жұмыс құралы - команда. Ол компьютерге
белгілі бір өрекетті орындататын арнаулы программаларды шақыру ушін
қолданылады.
Команда формат деп аталатын, арнаулы құрылымнан (структурадан) тұрады.
Формат команданың атынан және параметрінен құралады.
2.4. Командалардың жіктелуі

MS-DOS барлық командалары резидентті және транзитті болып екі үлкен
топқа бөлінеді. Резидентті (ішкі, бірге құрылған) командалар қызмет ететін
COMMAND.COM файлының құрама бөлігі болып табылады. Олар - тез орындалатын
жиі қолданылатын қарапайым командалар. Бұл топқа: DIR, MD, CD, RD, TIME,
DATE, REN, DEL. TYPE, COPY және т.б. командалар жатады.
Транзитті (сыртқы, шақырылып іске қосылатын) кірме командаларға
дискідегі программалық файлдар жатады. Оларды іске қосып орындаудан бұрын
дискіден оқу керек. Бұл топқа мына командалар жатады: FORMAT, АТТRIВ, TREE,
MODE, DISKCOPY және т.б.
2.5. Резидентті (ішкі) командалар
Каталогтармен жұмыс істейтін командалар Бұл топқа DIR, CD, RD, MD
командалары жатады. 1. DIR командасы - каталоггардың және
файлдардың толық, аттарының, көлемінің және құрылған уақыты
мен мерзімінің тізімін береді. DIR командасын қарапайым
параметрсіз қолданғанда экранға ағымдағы каталогтың мазмұнын шығарады.
Ішкі каталогтың мазмұнын қарау үшін DIR командасын және ішкі каталогтың
атын жазсақ жеткілікті.
Параметр деп түпкі каталоты немесе кез келген деңгейдегі ішкі каталогты
көрсететін маршрутты айтады Мысалдар:
а) C:\dir_student\basic - STUDENT каталогына кіретін BASIC ішкі
каталогынын, мазмұнын экранға шығарады;
ө) C:\STUDENT\BASICdir_*.basic - ағымдағы STUDENT\BASIC каталогындағы
заты BAS болып келген барлык, файлдардың атрибутының тізімін экранға
шығарады.
б) A:\dir_alma.bas - ALMA.BAS файлының атрибуттарын экранға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
MS DOS операциялық жүйесі жайлы ақпарат
DOS – дискiлiк операциялық жүйе
Операциялық жүйеге сипаттама
MS DOS операциялық жүйесінің құрылымы жайлы
Операциялық жүйелер пәнінен дәрістер
Операциялық жүйе туралы
Операциялық жүйелер, оның дамуы және түрлері туралы ақпарат
Операциялық жүйе
Компьютерді жабдықтау программалары
Жүйелік жүктеуші және DOS аспапты құралдары
Пәндер