В. фон Гумбольдтың және Ф.де Соссюрдің лингвистикалық көзқарастары



В. фон Гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары
Ф.де Соссюрдің лиенгвистикалық көзқарастары
XIX ғасырда Еуропа халықтарының салыстырмалы-тарихи грамматикаларын жазумен қатар тіл философиясының ғылым саласы ретінде қалыптасуына, дамуына, өзіндік объектісінің айқындалуына көп көңіл бөлінді. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты - тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары - Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь, Вундт сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі Вильгельм Гумбольдт /1767-1835/ болды.
1 Алпатов В.М. История лингвистических учений. – М. : Языки славянской культуры, 2005. – 368 с.
2 Амирова Т.А. , Ольховиков Б.А., Рождественский Ю.В. Очеркеи по истории лингвистики. – М. : Наука, 1975. – 201 с.
3 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 1993. – 496 б.
4 Березин Ф.М. История лингвистических учений. – М. : Высшая школа, 1984. – 278 с.
5 Рүстемов Л.З. Лингвистика ілімінің тарихы. – Алматы, 1970, 1984. – 198 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СОБӨЖ
Тақырыбы: В. фон Гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары Ф.де Соссюрдің лиенгвистикалық көзқарастары
Топ: Қ - 319 с
Орындыған: Құрманбаева Ақмарал
Тексерген: Самекбаева Э. М.

Семей 2015 ж
В. фон Гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары

XIX ғасырда Еуропа халықтарының салыстырмалы-тарихи грамматикаларын жазумен қатар тіл философиясының ғылым саласы ретінде қалыптасуына, дамуына, өзіндік объектісінің айқындалуына көп көңіл бөлінді. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға қойған мақсаты - тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны мен қызметін, ойлаумен, адамдардың рухани өмірімен байланысын айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары - Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь, Вундт сияқты ғалымдар айналысты. Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі Вильгельм Гумбольдт 1767-1835 болды. Тіл ғылымы тарихында оны салыстырмалы-тарихи тіл білімінің философиялық негізін қалаушы деп санайды. Гумбольдт салыстырмалы-тарихи әдістің тіл зерттеу әдісі болып қалыптасуында үлкен роль атқарды. Осы әдістің принциптері, мәселелері шеңберінен тысқары да көптеген проблемаларды көтеріп, теориялық тұжырымдар жасады. Тілдің табиғаты, мәні, құрылымы, тіл мен мәдениет, тіл мен материалдық дүние, тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тіл тарихы, тіл білімінің салалары, т.б. Гумбольдт зерттеген проблемалар қатарына жатады. Оның бұл салалардағы тұжырымдары толық та, айқын баяндайтын ең-бектері - "Адамзат тілі құрылысының әр алуандығы туралы" 1827, "Ява аралығындағы Кави тілі туралы" 1836 деп аталатын туындылары.
Гумбольдт бірінші болып, тілдің ішкі құрылымын, оның халықтардың рухани өмірімен, ой-санасымен, мәдениетімен, тарихымен байланыс дәрежесін жан-жақты талдады, өзіндік лингвистикалық, философиялық біртұтас сындарлы жүйе құрды.
Гумбольдт тіл білімінің өзіндік философиялық қоры - тіл философиясы. Тіл философиясының негізгі принциптері - тілді адамдар әрекеті деп тану, оны халықтың ұлттық санасы де есептеу. Гумбольдтың ойынша, тіл - әрекет, ол рухтың жемісі, рухтың әрекеті. Тіл үздіксіз даму үстінде, даму - тілдің өмір сүруінің формасы. Тіл - ойлау әрекетінің шығармашылық синтезі, бірақ сонымен бірге ол - актив форма, ойлау әрекетінің құралы. Тіл мен ойлаудың бірлігі - ажырамас бірлік. "Халық тілі - оның рухы, халық рухы - оның тілі". Тіл жеке адамдардың сөйлеуі арқылы көрінеді, бірақ ол - жеке адамның табысы емес, халықтың табысы, жалпыхалықтық туынды. Гумбольдт тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеу мәселесімен де айналысты.
Сонымен, XIX ғасырдың алғашқы жартысы - компаративистиканың лат. салыстыру өз алдына дербес ғылым болып қалыптасып, өзінің зерттеу тәсілі мен әдістемесін жетілдірген, объектісін айқындай түскен кезең болды. Бұл кезеңде тіл ғылымының жалпы тілдік мәселесі ретінде тіл философиясы, жеке тілдер жөніндегі тарауы, салыстырмалы грамматика салалары қалыптасып, дами түсті. Тілдік материалдар жинау, тіл білімін теориялық жақтан дамыту да қызу жүріп жатты. Бәрінен де гөрі кеңірек етек алған мәселе - үнді-еуропа тілдерін бір-біріне салыстыра зерттеу, олардың шыққан төркін, ата тілді айқындау болды. Тілді, тілдік элементтерді тарихи тұрғыдан зерттеу ғана ғылыми деп жарияланды.
Ағайынды Шлегельдердің біраз кемшіліктерін ашып, типологиялық зерттеуді едәуір дамыта түскен ғалым - В.Гумбольдт. Ол тілдерді типологиялық белгілеріне қарай жіктеуге екі түрлі белгіні негіз етуді ұсынады: оның бірі - тілдік тұлғалар қарым-қатынасы, екіншісі - сөйлем құрау тәсілдері. Осы белгілерге сүйене отырып, Гумбольдт дүние жүзіндегі тілдерді төрт топқа бөлді, жоғарыда аталған үш белгінің үстіне инкорпорациялы тіл дегенді қосып, оған Америка индеецтері мен палеоазиат тілдерін жатқызады.

Ф.де Соссюрдің лиенгвистикалық көзқарастары
XIX ғасырдың аяқ кезі мен XX ғасырдың бас кезінде тілдің әлеуметтік сырын ашумен көбірек шұғылданғандар француз ғалымдары болды. Осы себептен тіл білімі тарихында тіл зерттеудегі социологиялық бағыттың отаны Франция деп санап, оны Франция социологиялық мектебі деп атады. Ал социологиялық лингвистика деген термин 1952 жылдан бері қарай қолданылып жүр.
Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері - Поль Лафарг (1842-1911), Ф.де Соссюр (1857-1913), А.Мейе (1866-1936), Ж.Вандриес (1875-1960), Э.Бенвенист (1902).
Фердинанд де Соссюр швейцар тіл ғалымы, Париж, кейін Женева университеттерінің профессоры. Жоғары білімді Лейпциг университетінен алған. Ф. де Соссюрді, әдетте, тіл біліміндегі социологиялық мектептің негізін салушы деп санайды. Бірақ оның ғылыми мұраларын бір ғана ағым, бір ғана мектеп, я көзқарас шеңберінде қарауға болмайды. Оның теориялық өрісі өте кең, жан-жақты. Ол өзінің еңбектері арқылы тіл ғылымының дамуының жаңа дәуірін ашқан, қазіргі заман тіл білімі дамуының ең басты проблемаларын айқындап, оған бағыт-бағдар сілтеген, жан-жақты ойланылған біртұтас жүйелі лингвистикалық концепция жасаған адам. Ғалымның көптеген теориялық тұжырымдары бірсыпыра елдердегі лингвистикалық ой-пікірлер дамуына күні бүгінге дейін күшті әсерін тигізуде.
Ф. Де Соссюрдің тіл біліміне қосқан үлесін, көтерген проблемалары мен өзіндік концепцияларын танытатын еңбегі Жалпы лингвистикалық курс деген кітабы. Бұл еңбек Ф. де Соссюр қайтыс болғаннан кейін 1916 жылы басылып шықты.
Кітап көп ұзамай-ақ Еуропа халықтарының бірнеше тіліне, 1933 жылы орыс тіліне аударылып, тіл білімінде үлкен қозғалыс, қызу айтыс туғызды. Мұнда көтерілген жеке проблемалар жөніндегі пікір таластары күні бүгінге дейін саябырлаған жоқ.
1973 жылы профессор А.А.Холодовичтің редакциясы мен Ф.де Соссюр еңбектері "Труды по языкознанию" деген атпен 2 рет орыс тілінде жарияланды.
Ф. де Соссюрдің атын бүкіл дүние жүзіне жайған, лингвистика әлемінде оны даңққа бөлеген бұл еңбегі бірнеше тарауға бөлінетін кіріспеден және бес бөлімнен құралған. Оның 1-бөлімі "Жалпы принциптер'', 2-бөлімі "Синхрондық лингвистика", 3-бөлімі "Диахрондық лингвистика", 4-бөлімі Географиялық лингвистика", 5-бөлімі "Ритроспективтік лингвистика мәселелері" деп аталады. Әр бөлім өз ішінен бірнеше тарауларға бөлінеді.
Ф. де Соссюр алғашқы кезде салыстырмалы-тарихи тіл білімін қолдаушы, соның принциптерін дамытушы болса, кейін, әсіресе Женева университетінде тілдің жалпы теориясына арналған курстан лекциялар оқыған 1906-1912 жылдар арасында ол бағытынан қол үзген.
Ф. де Соссюр көтерген және өз көзқарасын баяндаған проблемалар көп, солардың бастыларына төмендегілерді жатқызуға болады.
Лингвистиканың объектісі. Даму дәрежесіне, өмір сүру формасына қарамастан тілдердің қай-қайсысының да сөйлеу процесіндегі көріністері тіл біліміне объект бола алады дейді. Тіл білімінің міндеті - таңбалар жүйесі болып есептелетін тілді "өзі мен өзін және өзі үшін зерттеу", оның ішкі құрылымын, жүйесін айқындау дегенді айтады. Ф. де Соссюрдің "тілді өзі мен өзін және өзі үшін зерттеу" деген тұжырымы кейінгі замандағы кейбір ғалымдардың бір жақты кетуіне, тілді айналадағы дүниеден біржола бөліп алып, тек "өзі мен өзін ғана зерттеумен" әуестенулеріне себепші болды.
Ф. де Соссюр тілді зерттегенде оның элементтері арасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
В.фон Гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары Ф.де Соссюрдің лиенгвистикалық көзқарастары
В. фон Гумбольдтың және Соссюрдің лингвистикалық көзқарастары
Тіл білімі тарихында
Гумбольдтың және Соссюрдің лингвистикалық еңбектерінің маңызы туралы ақпарат
В.фон гумбольдтың және ф.де соссюрдің лингвистикалық еңбектерінің маңызы
В.фон Гумбольдтың және Ф.де Соссюрдің лингвистикалық еңбектерінің маңызы жайлы
Тіл білімі тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі
В.Фон Гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары
ХІХ ғасырдағы лингвистикалық мектептер
Ежелгі дәуір тіл білімі
Пәндер