Туғаннан кейінгі аурулар. Аналықтардың бедеулігі. Аталықтардың белсіздігі



1.Кіріспе.
2. Шу тоқтау.
3. Жатыр түсу.
4. Төлден кейінгі салдану.
5. Сиыр мен құнажындардың бедеулігінің түрлерімен себептері.
6.Туа біткен бедеулік.
7. Кәрілік бедеулік.
8. Қолданылған әдебиеттер.
Төлдегеннен кейін іштөлдің қабықтары сиырда 6 – 8 сағат, биеде 0,5-1 сағат, ұсақ малдарда 3 – 5 сағат өткенде түспесе шу тоқтады деп есептейді. Бұл сырқат басқа малдардан сиярда көп кездеседі.
Малдың дұрыс азықтандырылмауы, бағылуы мен күтілуінің жеткіліксіздігі, жатыр бұлшық еттерінің бос жиырылуы шу тоқтауға негізгі себеп болады. Оның сыртында бруцеллез, трихомоноз, вибриоз ауруларыныің кесірінен карункул мен котиледон бірігіп жабысуы шу тоқтаудың екінші себебі болады.
Шу тоқтаудың 2 түрі бар: жартылай және толық тоқтау. Толық тоқтау өте сирек кездеседі, көбінде шу жартылай тоқтайды. Толық тоқтағанда жыныс жолынан шу сыртқа шықпайды. Анықтау үшін қынапқа қол кіргізіп зертеуге тура келеді.
1.Төребеков О.Т. Сиырдың акушерлік-гинекологиялық аурулары.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Туғанан кейінгі аурулар. Аналықтардың бедеулігі . Аталықтардың белсіздігі.

Тексерген:Мухамедиева.Н. Н.

Орындығын:Сайлаухан Қ.

Жоспары:
1.Кіріспе.
2. Шу тоқтау.
3. Жатыр түсу.
4. Төлден кейінгі салдану.
5. Сиыр мен құнажындардың бедеулігінің түрлерімен себептері.
6.Туа біткен бедеулік.
7. Кәрілік бедеулік.
8. Қолданылған әдебиеттер.

Шу тоқтау.
Төлдегеннен кейін іштөлдің қабықтары сиырда 6 - 8 сағат, биеде 0,5-1 сағат, ұсақ малдарда 3 - 5 сағат өткенде түспесе шу тоқтады деп есептейді. Бұл сырқат басқа малдардан сиярда көп кездеседі.
Малдың дұрыс азықтандырылмауы, бағылуы мен күтілуінің жеткіліксіздігі, жатыр бұлшық еттерінің бос жиырылуы шу тоқтауға негізгі себеп болады. Оның сыртында бруцеллез, трихомоноз, вибриоз ауруларыныің кесірінен карункул мен котиледон бірігіп жабысуы шу тоқтаудың екінші себебі болады.
Шу тоқтаудың 2 түрі бар: жартылай және толық тоқтау. Толық тоқтау өте сирек кездеседі, көбінде шу жартылай тоқтайды. Толық тоқтағанда жыныс жолынан шу сыртқа шықпайды. Анықтау үшін қынапқа қол кіргізіп зертеуге тура келеді.
Шу жартылай тоқтағанда жыныс жолынан іштөлінің қабықтары салақтап көрінетіні диагноз қоғюға септігін тигізеді. Кейде іштөл қабықтарының сыртқа шыққан бөлігі үзіліп түсіп, тек жатырдағы ішкі бөлігі түспей қалуы байқалады. Мұндайда қолды қынапқа кіргізіп сараптап біледі. Шу тоқтап екі тәулік болған малдың жалпы жағдайы ауырлап, жыныс жолынан сасық иісті, шу бөлігінен тұратын сұйық ағады.
Шу тоқтаудың алдын алу үшін төлдеген малға шарана сұйығын околоплодная вода, қант қосқан жылы су және өзінің уыз сүтін ішкізу керек.
Мал ағазын қуатпен қанымдау, жатыр жиырлуын күшейту мақсатымен шуы тоқтаған сиырдың күре тамырына 40 пайыздық глюкоза ерітіндісінен 200- 300 мл, 10 пайыздық кальций хлорид ерітіндісінен 100- 150 мл құяды. Жатыр бұлшық еттерін жиырылатын дәрілерді қолданады. Мысалы, 30- 40 бірлік окситоцин немесе питуитринді тәулігіне 2 рет (таңертең, кешке) тері астына егеді. Құйрық түбінен 20- дай см қалдырып, шуды құйрыққа қосып байлағанда, құйрықтың сипақтаған қозғалысы шудың түсуіне септігін тигізеді.
Айтылған тәсілдерден қорытынды шықпасы, онда шуды қолмен ажыратуға тура келеді.
Жатыр түсу.
Жатыр мүйізі ұшының жіңішке бөлігі кең бөлігіне және қынап ішіне қайырылып кіруді жатыр жатыр түсу дейді. Бұл сырқат сиыр мен ешкіде көп, басқа малдарда аз кездеседі.
Жатыр түсу себептеріне: өте үлкен даму, іштөл даму, іштөл мен оның қабықтары шеменмен водоянка ауру, буаз малды байлап бағу, үнемі арты аласа орынға жатқызудың салдарынан жатыр жиырылмау, бос жиырылу немесе төлдегенде шамадан артық күшті жиырылу, ірі төлді күшпен тартып шығару т.б. жатады.
Жатыр қынаптан шықпай айналғанда, сыртта ешбір белгі байқалмайды, бірақ мал тынышсызданады. Жатыр айналғанын қынапқа кіргізген қолмен білуге болады.
Жатыр толық түскенде жыныс ернеуінен төмен тілерсекке дейін салақтаған, қап тәрізді қызыл дене көрінде. Жатыры түскен мал тұрмайды, уақыттың көбін жатып өткізеді. Осының салдарынан жатырға нәжіс, шөп шалаң, жүн жұрқа, топырақ, тағы басқа заттар жабысып ластайды. Уақыт өткен сайын оның өңі өзгеріп қызыл күрең, қара күрең болады, кілегей қабықтары кеуіп, қатайып оңай жаралана бастайды. Сиыр мен ұсақ малдың карункулдері сыртқа шыққан жатырды көптеген томпақтары бар бұжыр дене тәрізді көрсетеді.
Түскен жатырды орнына қайтарып, қалпына келтіруді жыныс мүшелерін жансыздандырудан бастайды. Құйымшақ сүйек қуысына 1-2 пайыздық новокаинның ерітіндісін құйып жансыздандырады. Жатырды антисептикалық ерітінділердің қайсы бірімен ( 2пайыздық вагитиол, 3 пайыздық квацс, :5000 қатынасында жайындаған фурациллин, калий перманганат ) жуып тазалайды. Жыртылып тесілген жерін бүтіндеп тігеді, сызылған, айырылған және жалбыраған жерлерін йод ерітіндісімен сүртеді. Осыдан соң жатырдың сыртына микробтарға қарсы әсер ететін майларды жағады. Жатырды жамбас қуысына кіргізіп, орнына келтіру үшін үш тәсіл қолданады.
1.Окситоцинді жатыр бұлшық ет қабатының 3-4 нүктесіне 0,5 - 1 см терің егу арқылы,бұлшық еттің жиырылуын күшейте отырып қолмен жатырды орнына келтіру.
2.Жатыр ісіп, көлемі едәуір үлкейген болса, оны сыртынан дәкі таспамен қатты орап, жамбас қуысына кіргізу тәсілін қолданады.
3. Жатыр түсіп көп уақыт өтпеген, қабынған және ластанбаған жаңа кезінде мүйізінің ұшын ішіне қарай қайырып енгізедіде оған оң қолдың жұдырығын тығып, жамбас қуысына итеріп кіргізеді.
Төлдің кейінгі салдану.
Малдың тілі, жұтқыншағы, азық қорыту жүйесі және аяқтары жансызданып, өте ауыр және өткір түрде білінетін. Алғаш білінгенде мал өте сергек немесе өте жуас мінез байқатып, қалыпты жайы бұзыла бастайды. Дененің әсіресе, аяқтарының бұлшық еттері тартылады. Терісі суық, ыстықты және ауыртқанды білмейді. Азық жеп, күйіс қайырмайды. Тұралмай, үнемі бір орында жата береді. Мойыны S тәрізденіп.
Кейде сырқат өте ауыр түрде. Сиыр күш қуаты кетіп тұраалмайтын, аяқтарын бауырына тартып жия алмайтын қалге келеді. Мойыны қисайып, басы бір бүйіріне жабысып, ауызынан тілі салақтап, сыртқы ортаның әсерін сезінбей, есінен айырылады. Көзі қарауытып, қарашығы ағарады, кірпіктері жұмылып ашылмайды. Іші кеуіп, сию және нәжіс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аналықтардың бедеулігі
Туғанан кейінгі аурулар туралы ақпарат
Аналықтардың бедеулігі. Аталықтардың белсіздігі. Туғанан кейінгі аурулар
Аналықтардың бедеулігі. Аталықтардың белсіздігі.Туғаннан кейінгі кезең аурулары
Аталықтардың белсіздігі
Аталықтардың белсіздігі жайлы
Туғаннан кейінгі қабынусыз және қабыну мен өтетін аурулар.аналықтардың бедеулігі олардың жіктелуі
Туғаннан кейінгі қабынусыз және қабынумен өтетін аурулар
Асыл тұқымды жылқылардың тіркеу кітабы
Генетикалық тұқым қуалау мен ортаға байланысты және экзогендік аномалиялар
Пәндер