Мектеп жасыны дейінгі баланың мінез-құлық мотивтерін дамыту және өзінің санасынын қалыптастыру



Мектеп жасыны дейінгі баланың мінез.құлық мотивтерін дамыту және өзінің санасынын қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типі
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінің психикалық дамуының басты қорытындысы
Ұлы педогогтардың пiкiрiнше, мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалды көңілінің дамуы оның тәрбиесiнiң ең маңызды шарттарының бiрi болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалды күйзелуі болашақта жеке тұлға болып қалыптасуы үшін қауіп-қатер тудырады. Баланың iшкi эмоция көңіл-күйінің қатынасы әлеуметтік жағдайы даму үшін ықпал етеді.
Міне осыған орай мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалды, әлеументті және адамгершілік жағынан дамуы тығыз байланысты деген ұғым қалыптасады.
Баланың мектепке дейінгі жасы оның психикалық дамуына үлкен үлес қосады.Осы уақытта бала жеке адам сияқты анықталып, ой-өрісі дамып, мінезі қалыптаса бастайды.Балаға жеке қалыптасқан адам сияқты қарасақ оның мектепке дейінгі жасын 3 тарауға бөліп қарастыруға болады.
1. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. «Мектеп» 1981ж.
2. Дүйсенова Ж.Қ., Нығметова Қ.Н., Балалар психологиясы, Алматы, 2012
3. Мухина В.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Мектеп 1986ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Пән: Балалар психологиясы
Тақырыбы: Мектеп жасыны дейінгі баланың мінез-құлық мотивтерін дамыту және өзінің санасынын қалыптастыру.

Орындаған: Төлеуханова Айдана П-407
Тексерген: Кулмышева Н.А.

Семей-2015 жыл
Мектеп жасыны дейінгі баланың мінез-құлық мотивтерін дамыту және өзінің санасынын қалыптастыру.

Ұлы педогогтардың пiкiрiнше, мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалды көңілінің дамуы оның тәрбиесiнiң ең маңызды шарттарының бiрi болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалды күйзелуі болашақта жеке тұлға болып қалыптасуы үшін қауіп-қатер тудырады. Баланың iшкi эмоция көңіл-күйінің қатынасы әлеуметтік жағдайы даму үшін ықпал етеді.
Міне осыған орай мектеп жасына дейінгі баланың эмоционалды, әлеументті және адамгершілік жағынан дамуы тығыз байланысты деген ұғым қалыптасады.
Баланың мектепке дейінгі жасы оның психикалық дамуына үлкен үлес қосады.Осы уақытта бала жеке адам сияқты анықталып, ой-өрісі дамып, мінезі қалыптаса бастайды.Балаға жеке қалыптасқан адам сияқты қарасақ оның мектепке дейінгі жасын 3 тарауға бөліп қарастыруға болады.
Біріншісі 3-4 жасына келеді,бұл жас көбінесе өз-өзін эмоциялық реттеу, нығайтылуымен байланысты.
Екінші бөліміне 4-тен 5-ке дейінгі жасы жатады.Бұл кезеңде бала өз-өзін өнегелі реттеуіне байланысты.
Үшінші 5-6 жасқа тән, осы жаста баланың іскерлік қасиеттері қалыптасады.Балалар мектепке дейінгі жастарында өз мінез-құлықтарын басшылыққа алып,өз-өздеріне және басқаларға баға береді.Оларда орнықты адамгершілік қасиеттер және өз-өзін өнегелі реттеу қабілеттері қалыптасады.
5-6 жасар бала өзінің қабылдауын,есін,ойлауын басқара бастайды. 5-6 жасар балаларда ойландыратын жұмбақты шешуге тырысқанда,бөлшектерді біртұтасқа біріктірудың әр түрлі жолдарын байқап көргенде, біртіндеп бір жолдан екінші жолға ауысқанда ойлау әрекетін басқару байқалады.
Мінез-құлықты саналы басқару тек 5-6 жаста қалыптасады.Ерік әрекеттері жағдайлық сезімдер мен тілектердің ықпалынан пайда болатын алғы ниетсіз,албырт әрекеттермен қатар жүреді.
5-6 жаста ерік әрекеттерінің өзі де, мінез-құлықтың жалпы көрінісіндегі олардың меншікті үлесі де өзгереді.Мектепке дейінгі кіші жаста баланың мінез-құлқы түгелдей дерлік албырт қылықтардан қалыптасады, еріктің байқалуы тек оқта-текте, осы үшін ерекше қолайлы жағдайларда ғана байқалады. Мектепке дейінгі 5-6 жастағыларда ерік байқауларының саны арта түседі, бірақ олар әлі мінез-құлықта онша елеулі орын ала қоймайды. Ересек жаста ғана бала біршама ұзақ уақытқа созылатын ерік күштеріне қабілетті бола бастайды, әйтсе де, бұл жөнінен мектеп жасындағы баладан кейіндеу тұрады. Сонымен мектеп жасына дейінгі бала үшін ерік әрекетінің пайда болуы мен дамуы тән келеді.
Бала еркінің дамуы мектепке дейінгі өтетін мінез-құлық өзгеруі мен мотивтердің қатарынан бағынуының қалыптасуымен тығыз байланысты.
Бала үшін ең басты болып саналатын белгілі бағыттылықтың пайда болуы мотивтер тобының алғы орынға шығуы, баланың қойылған мақсатқа саналы түрде жетілуіне,маңызы шамалы басқа мотивтермен байлансты келген өзге ниеттердің алаңдатушылық ықпалына берілмеуіне әкеліп жеткізеді.
5-6 жаста біртіндеп пайда болған мақсатқа тежей білу қалыптасады. 5 жасар балада мақсатты ұстау мүмкіндігі тапсырманың қиындығы мен оны орындаудың ұзақтығына тікелей байланысты.5-6 жасар баланың алдында іс-әрекеттің біршама күрделі жүйесін, мысалы күрделі геометриялық фигураларды белгілі сурет бойынша жабыстыру талап етілген де, әрбір келесі жолы не жасау керек екеніне қосымша еске салмай және бағыттамайынша бала тапсырманы аяғына жеткізе орындай алмайды.
Мектепке дейінгі кіші жастағылар, ішінара естияр жастағылар үшін мынадай жағдай тән: алыс мотивтің ықпалымен жалықтырарлық істі орындау қажет етілетін жағдайларда, балалар тапсырманы орныдаудан жай ғана бас тартып қана коймайды,тапсырманың түрін өзгертіп,ойынға айналдырып жібереді,сөйтіп өздеріне қызықтырарлық іс табады.
5-6 жасар бала тәрбиенің ықпалымен біртіндеп өзінің істерін әрекет мақсатынан оқшау мотивтерге бағындыра білуді меңгереді.Дегенмен егер әрекет бір сыпыра күрделі және ұзақ созылса, байқаулар көрсеткеніндей, мектепке дейінгі жастағылар мотвьі есіне түсіреді және тапсырма берген ересектердің көзінше сол мотивке өзінің әрекетін бағындырады. Егер ересектер бөлмеден шықса болды балалар тапсырмаға сәйкес келмейтін әрекеттердіістей бастайды,немесе ол тапсырмаларды орындауды мүлде тоқтатады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типі.
Темпераменттің табиғи қарапайым көріністері балалық шақта жақсы байқалады. Бала өскен сайын оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі де, оның айналасындағы үлкендерден алатын әсері де мол болады. Соған байланысты темпераменттің өзгеріске түсетін ерекшеліктері бүркемеленеді.
И.В.Павлов шарты рефлекстер әдісі арқылы жоғарғы жүйке қызметінің және жүйке жүйесінің негізгі қозу мен тежелудің заңдылықтарын ашты. Жүйке жүйесінің негізгі күші тепе-теңдік қозғалғыштығы бойынша төрт типте жиі ұшырасады. Бұлардың үшеуін күшті тип, біреуін әлсіз тип деп атайды. Мысалы күшті типтің біріншісі ұстамсыз тип. Олардың жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу тежелу үдерістері бір бірімен сәйкес келмейді.
Сангвинник. Күшті қозғалғыш тепе-теңдік тип. Реакция туғызу қабілеті жоғары. Кейде әлсіз нәрсеге де, қатты мардымсыз бір нәрсеге де ашуланып қалады. Оның мимикасы, қимыл-қозғалысы белсенді. Өмір жағдайының өзгеруіне тез бейімделгіш.Өзінің көңілі ауған іс-әрекетіне барлық ынтасымен кіріседі. Іс-әрекеттің барлық ынтасымен кіріседі. Ол тәрбиеге тез үйренеді. Өзінің сезгіш ерік күші жақсы дамыған, өзін көпшілік ортады жақсы ұстайды. Жылдам қимылдайтын, тез сөйлейтін жаңаны тез қабылдағыш, зейінді айналасындағылармен тез тіл табысып кететін, көпшілік орта да өзін еркін көңілді ұстайтын тип.
Холерик. Бұл күшти тип. Кез-келген іске барлық күш жігерімен кіріседі. Белсенді, бірақ реакция туғызу қабілеті белсенділігіне қарағанда басымырақ. Сондықтан да бетімен кеткен, ұстамсыз, шыдамсыз, күйгелек, сангвинник сияқтытез икемділгіш емес.
Флегматик. Күшті тепе-теңдігі бір қалыпты тыныш тип. Эмоциялық қозуы бір қалыпты жайбарақат оның жарқырап қуаны да қайғыруы да қиын. Бүкіл тптағы балалар бір затқа қатты күліп жатса, ол ол өзінің сабырлы қалпын сақтап қала береді. Тіпті үлкен қолайсыздық пен сәтсіздікке жолықса да өзін байсалды ұстайды. Эмоциялық күйі бет бейнесінен байқалайды. Қимыл-қозғалысы, сөйлеген сөзі бірқалыпты қайрат-жігері күшті, жұмысқа қабілеттілігімен ерекшеленеді. Реакция туғызғаннан белсенділігі басымырақ, шыдамды, өзін-өзі ұстай білуімен ерекшеленеді. Тапқырлығы, зеректігі жоғары, зейінін жылдам шоғырландыра алмайды. Икемсіз әрекеттің жаңа түріне үйрену жаңа ортаға бейімделіп кетуі қиын жүзеге асады. Тез тілтабысып кете алмайды. Өз пікірін сыртқа шығарып айтуға да қиналады.
Мелонхолик. Әлсіз тип, өте сезімталдығы жоғары, тез жараланғыш, оларды әлсіз тітіркендіргіштер мазалайды. Сондықтан да сәл ұсақ-түйектің барлығына қатты мұңаяды немесе ашуланады. Бұлар болмашы нәрсеге көзіне жас алып, жылай салады. Мимикасы, қимыл-қозғалысы мәнерсіз болады, сөйлегенде даусы естілмейді, жай жылайды, сирек күледі, бірақ оқыс қатты күледі. Белсенділігі төмен, сабақта қолын көтереді. Оның өзінде бір көтеріп,бір түсіріп, өзіне-өзі күмәнданып отырады. Қорқақ, жалтақ,ерік күші әлсіз табансыз жұмсақ, қабілетсіз, тез шаршайды.Зейіні ырықсыз тез ауытқып кетеді, психолгиялық шапшаңдығы баяу.
Кейде ұстамсыз типтің бірнеше варианты болатынын ескеру керек.Өйткені қозу үдерісі шегіне жетіп, тежелуі әлсірейтін тип болуы мүмкін, немесе екі үдеріс те күшті, бірақ қощуы шамадын тыс келетін тип те ұшырайды. Сөйтіп уақыт өткен жай қайталап отыратын жаттығулар арқылы ұстамсыздықты кейіннен біршама түзетуге болатындығын дәлелдейтін ерекше фактілерді жиі кездестіреміз, яғни жаттықтыру арқылы невр жүйесінің әлсіз типін шынықтыруға болады. Баланың қолайлы тәжірибиенің нәтижесінде кез-келген қиындықты ойдағыдай жеңе алатындығы сөзсіз. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына тек жасының өсуі ғана емес, сонымен қатар темпераментінің де ықпалы бар.

Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінің психикалық дамуының басты қорытындысы - баланың мектеп оқуына психологиялық түрде дайындығы. Соңында балада мектепке барар сәтте оқушыға тән психологиялық қасиет пайда болады. Бұл қасиеттер өмір жағдайымен іс-әрекетінің әсер ету арқылы мектеп оқуында түбегейлі болып қалыптасады.
Мектепке дейінгі кезең (3-7 жас) ерте балалық шақтың онтегенетикалық дамудың тікелей жалғасы болып табылады. Бұл кезең балалардың жақын ересек адамдармен қарым- қатынас жасау арқылы, сонымен қатар құрдастарымен ойын және шынайы қарым- қатынас жасау арқылы әлумттік кеңістікті меңгереді. Жалпы психологиялық проблемалармен байланысты психологтар баланың психикасымен айналысқан. Олар: Джон Уатсон, В.Штерн, К.Бюлер, К.Кофка, К.Левин, А.Валлон, З.Фрейд, Э.Шпрангер, Ж.Пиаже, В.М. Бехтерев, Д.М.Узнадзе, С.Л. Рубенштейн, Л.С. Выготский, Р.Р. Лурия, А.Н. Лентьев, П.Л. Гальперин және тағы басқалар.
Алайда, сол бір объектіні зерттей отырып - психикалық даму - генетикалық және баланың психикасының екі әр түрлі психикалық ғылымдар болып табылады. Генетикалық психологияның психикалық процестердің пайда болуына және дамуын зерттейді. Генетикалық психологиялық зерттеулерді балаларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың топтағы әлеуметтік мәртебесі мен өзін-өзі бағалауына тұлғааралық қатынастардың әсері
Этнопедагогика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Балалардың адамгершілік санасының ерекшеліктері
Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу танымдық мотивациялық сферасы
Мотив түрлері, мотивацияны зерттеу рөлі
Оқыту процесіндегі қиял
Мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
Бірінші кездесетін сынып шапшаңдықты оқушыларын бала мектепке баланың бейімделуге сәйкес психологиялық - бейімделу педагогикалық қолдау сынып көрсету балалардың процесі
Бастауыш мектеп оқушыларының мотивациясының теориялық негіздері
Эмоциялар мен сезімдердің дамуы бастауыш сынып оқушыларының сәтті адамгершілік тәрбиесінің шарты ретінде
Пәндер