Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі



1. Кәсіби бағдар беру жұмыстарының тиімділігі.
2. Мектептегі жүргізілетін кәсіби бағдар беру жұмыстары: мазмұны мен ынталандыру әдістері.
3. Кәсіби бағдар беру жұмыстарының әдістемесі: диспут, ойындар, пікір.талас, т.б.
Кәсіптік бағдарды ұйымдастыру сан алуан күрделі жұмыстар жиынтығы. Олардың негізгілері: кәсіби хабар, кәсіби ағарту, кәсіптік ұйымдастыру және басқару, кәсіби кеңес, кәсіби іріктеу, кәсіби адаптация.Кәсіптік бағдарды жақсарту оны ұйымдастырудың тиімді жолдарын іздестіріп отыруға тікелей байланысты. Еліміздегі қазіргі кездегі кәсіптік бағдар мен мамандық таңдау жұмысын ұйымдастыру және басқару жүйесі бар. Ол кәсіптік бағдар орталығы. Кәсіптік бағдар жұмысын жүргізуді жалпы және кәсіби білім мектептер, министрліктер, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, т.б. ұйымдастырады.
Қазіргі кезде кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдасқан түрде жүргізудің алғашқы баспалдағы - жалпы білім беру мектебі. Бұл жұмыстың негізгі салмағы және жауапкершілігі осыларға жүктелген. Бұл тұжырым кәсіптік бағдар жұмысын мектепке дейінгі тәрбиелейтін мекемелер мен ұйымдарда ойластыру қажеттігін жоққа шығармайды.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СРО

Тақырыбы: Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі.

Орындаған: Қрымбай Б.С
Топ: П - 303
Тексерген: Тұрғанбаева Б.Ш

Семей 2015 ж
Тақырыбы: Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі.

Жоспар:
1. Кәсіби бағдар беру жұмыстарының тиімділігі.
2. Мектептегі жүргізілетін кәсіби бағдар беру жұмыстары: мазмұны мен ынталандыру әдістері.
3. Кәсіби бағдар беру жұмыстарының әдістемесі: диспут, ойындар, пікір-талас, т.б.

Кәсіптік бағдарды ұйымдастыру сан алуан күрделі жұмыстар жиынтығы. Олардың негізгілері: кәсіби хабар, кәсіби ағарту, кәсіптік ұйымдастыру және басқару, кәсіби кеңес, кәсіби іріктеу, кәсіби адаптация.Кәсіптік бағдарды жақсарту оны ұйымдастырудың тиімді жолдарын іздестіріп отыруға тікелей байланысты. Еліміздегі қазіргі кездегі кәсіптік бағдар мен мамандық таңдау жұмысын ұйымдастыру және басқару жүйесі бар. Ол кәсіптік бағдар орталығы. Кәсіптік бағдар жұмысын жүргізуді жалпы және кәсіби білім мектептер, министрліктер, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, т.б. ұйымдастырады.
Қазіргі кезде кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдасқан түрде жүргізудің алғашқы баспалдағы - жалпы білім беру мектебі. Бұл жұмыстың негізгі салмағы және жауапкершілігі осыларға жүктелген. Бұл тұжырым кәсіптік бағдар жұмысын мектепке дейінгі тәрбиелейтін мекемелер мен ұйымдарда ойластыру қажеттігін жоққа шығармайды.
Мектепте жүргізілетін бұл жұмыс оқыту түріне сай: кешкі, сырттан оқитын және күндізгі білім беретін мектептегі кәсіптік бағдар формаларына бөлінеді. Бұлардың өздеріне тән ұйымдастыру ерекшеліктері бар.
Жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылатын кәсіптік бағдар және мамандық тандау жұмысын төрт кезеңге белуге болады. Бірінші кезең - І-ІV сыньштарда, екінші кезең - V-VІІ, үшінші кезен - VІІІ, төртінші кезең - X-XІ сыныптарда жүргізілетін кәсіптік бағдар.
Бірінші кезең міндеті - мектепке дейінгі сәбилерді тәрбиелеу мекемелері мен ата-аналары арқылы оқушылардың ерекшеліктерін және қабілетін, толық білу негізінде кәсіптік бағдардың алғашқы қарапайым жұмыстарын бастау. Бұның бірінші және төртінші сынып оқушылары арасында өз ерекшеліктері бар. Негізгі мақсат - оқушыларды кәсіп пен мамандық жөнінде хабардар ету.
Екінші кезең - жеке кәсіпті таныстыруға бағытталады. Оқушылар барлық жеке кәсіптер жайында жан-жақты мағлұмат алады. Негізгі жұмыс - белгілі бір кәсіп пен мамандықты хабардар етуден, енді оны насихаттауға көшеді. Мақсат - белсенді насихат, мамандыққа бейімдеу. Бұл жерде жалпылама ақыл-кенес беру оқушылар арасында өте күрделі құбылыс мамандық таңдаудың алғашқы баспалдағы. Бұл жұмысқа мұқият және өте сирек болган жөн. Өйткені жасөспірімдер өмірлік қажетті мамандығын талдау алдында тұр.

Үшінші кезенде - кәсіп пен мамандықты жан-жакты белсенді насихаттау және нақтылы кеңес беру арқылы да оқушылардың бұған жауапты түрде қарайтындығы біршама орын алады, талғам, орталау мектепті бітірген оқушы мамандықты біршама тандай алатын дәрежеге жетеді. Алайда жастардын көзқарасы субъективті түрде болатындығын естен шығармаған жөн.
Төртінші кезеңде - X-ХІ оқушылары өздері таңдаған мамандық ерекшеліктерін, сол мамандықтың келешегін жақсы білетіндей дәрежеге жетулері қажет. Бұл кезде мектеп оқушылары халық шаруашылығының мұқтажына сай, өзінің қабілетіне қарай нақтылы бір шешімге келеді. Осындай шешім мектепті бітірер жылдары таңдаған мамандықтың қыр-сырына қанығу кезеңі жүреді. Бұл жалпы білім мектебінің кәсіптік бағдар жөніндегі қорытынды жұмысы.
Кәсіби насихат жұмысын, кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастыратын жүйелер жүргізеді. Олардың өздеріне тән ұйымдастыру ерекшеліктері бар. Бұл жұмыс радио, теледидар, кино, баспа орындары арқылы да жүзеге асады.
Кәсіби кеңес - мамандық таңдаудың және жұмысқа бейімдеудің басты және құрамдас бөлігі. Негізгі мақсаты - жастарға мамандық қалауға және жұмысқа орналасуға келген адамдарға еңбек орнын таңдауға көмек жасау. Ол үшін кәсіптік бағдар кабинеті жекелей және топтық кеңес өткізеді, конференциялар мен кездеулер ұйымдастырады. Кәсіби кеңес жұмысын жүргізудін негізгі шарттарының бірі көмек сұрап келген адамдардың денсаулығын, қабілетін, мүддесі мен мақсатын анықтау. Кеңеске келген адамдарға сол ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, әрбір еңбек ұжымының дәстүрі, сауда, тұрмыстық қызмет көрсететін және білім беретін, оқуға дейінгі қызмет көрсететін мекемелердің мүмкіншілігін жан-жақты айтып түсіндіреді. Сондықтан бұл жұмысқа, экономистер, педагогтар, медиктер, психологтар, социологтар сияқты сан алуан мамандық иелері қатысады.
Кәсіби іріктеу - адамдардың денсаулығына, физиологиялық, психологиялық және интеллектуалдық ерекшеліктеріне байланысты нақтылы мамандық бойынша жұмыс істеуге жарамды екендігін анықтау.
Кәсіби іріктеу - адамдардың мамандық таңдау құқын, еріктілігін және бостандығын жоққа шығармайды және жойып та жібермейді. Мамандық таңдау, нақтылы бір жұмысқа орналасуға адамдардың еріктілігі мен бостандығы ҚР Конститутциясында тұжырымдалған. Кәсіби іріктеу кәсіпті дұрыс тандап және қабілетіне сай жұмысқа тұруды дұрыс шешуге көмектеседі. Бұл профессиограмма жасау арқылы жүзеге асады.
Профессиограмма жеке мамандыққа қажетті талаптар: денсаулық, психологиялық, мінез-құлық, жалпы және кәсіби білім дәрежесін анықтайды.
Кәсіби адаптация (бейімдеу) осы жұмыстардың шешуші буыны. Ол таңдаған мамандықтары бойынша еңбек коллективіне келіп, үйреніп кету мерзімінде олар өз мамандығының мәнін шынайы түсінеді, еңбекке етене араласады, коллективті және өндіріс орнын біле бастайды. Жаңа жағдайға үйрену мерзімі орта есеппен 4-5 жыл. Бұдан кейін олар тұрақты маманға айналады. Жаңа жағдайға бейімделіп, тұрақты болу - жаңа келген адамды ұжымның қабылдауына байланысты. Егер ұжым өз мәнінде қабылдамаса, онда олар тұрақтамай жаңа орын іздей бастайды. Олай болса кәсіптік бейімдеуге көңіл бөлген жөн. Кейінгі кезде кәсіпке бейімделіп, үйреніп кетудің сан алуан жолдары мен формалары өмірге келді. Міндет - осыларды тиімді пайдалану.Кәсіптік бағдар тек жастар арасында ғана емес көпшілікке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі жайлы мәлімет
Кәсіптік бағдар
Кәсіби бағдар беруге арналған кеңестер
Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің әдістері мен формалары
Орта мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудің жұмысын ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берудің әдістемесі
Тәрбиенің инновациялық, интерактивті әдістері және тәрбие технологиясы
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін үздіксіз педагогикалық практика арқылы даярлау
Кәсіптік бағдардың тәрбиелік сипаты
Жалпы білім беретін мектептерде стандартты емес кәсіптік бағдар беру сабақтарын өткізу әдістемесі
Пәндер