Кәсіпкерлік түрлері туралы ақпарат



1. Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның
ұйымдық нысандары
1.1. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы
мен олқылығы.
1.2Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау.
2. Өтпелі экономика кезеңдегі кәсіпкерлік.
2.1. Шағын кәісіпкерліктің ролі мен алатын орны
2.2. Орта және ірі бизнестің кәсіпкерлік қызметі және оның көздері.
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.
1. “Қазақ Энциклопедиясы”, IV-том
2. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
3. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
4. . Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. Нормативтік актілер жиынтығы – Алматы: ЮРИСТ, 2006.
5. Умбеталиев А.Д., Керімбек Ғ.Е. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік. – Астана, 2005

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Шәкәрім атындағы
Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Кәсіпкерлік түрлері

Орындаған:Аханова Б.ТБ407

Тексерген: Есенбекова З.Ж

Жоспары:

1. Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның
ұйымдық нысандары
1.1. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы
мен олқылығы.
1.2Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау.
2. Өтпелі экономика кезеңдегі кәсіпкерлік.
2.1. Шағын кәісіпкерліктің ролі мен алатын орны
2.2. Орта және ірі бизнестің кәсіпкерлік қызметі және оның көздері.

1. Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және кәсіпорынның
ұйымдық нысандары.

1.1. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы
мен олқылығы.
Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры - Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: Кәсіпкер болу - басқаның істегенің істемеу. Екінші жағынан кәсіпкерлер - алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.
Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.
Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда кәсіпкерлік қабілеттілік деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз - адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес - бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік - бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Шаруашылық серіктестігі жайлы және Мемлекеттік кәсіпорын туралы Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:
oo жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;

3
- толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
oo жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің
жауапкершілігі жүктеледі;
oo коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және біреудің салынған салымымен);
oo қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады;
oo өндіріс және тұтыну кооперативтері;
oo консорциумдар;
oo акционерлік қоғамдар.
Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі - оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік - толық шаруашылық есеп, қазыналық - толық емес шаруашылық есеп.
Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай кәсіпорын мен фирма ұғымдарын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: фирма термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ол барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған.
Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:
- азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар (1-кесте).
Кәсіпкерлік бірнеше түрлері бар. Атқаратын қызметіне қарай былай бөлінеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық.
Меншік түрлеріне бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің құрамы болуы керек.
Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-құқықтық және 1.2.
Кәсіпкерлік түрлерi мен олардың ерекшелiктерi.Бiздiң Республикамыздың көптеген азаматтардың пiкiрiнше Кәсіпкерлік - коммерциялық қызмет ретiнде санайы. Кәсіпкерлік нарықтық қатынас жағдайында экономиканың барлық жақтарын: өндiрiс, өнiм тарату, қаржылық қамтамасыз ету, қамсыздандыру, қызмет көрсету, жұмыс орындау және өнiмдi өндiрумен, бөлумен, айырбаспен және тұтынумен байланысты қызметтiң басқа да түрлерiн қамтитын көп қырлы қызмет
Қызметтiң мәнiне байланысты. Кәсіпкерлік өндiрiстiк, саудалық, қаржылық, делдалдық, және сақтандырулық болып бөлiнедi. Ендi олардың әрқайсысының мазмұнын қарастырайық:
Өндiрiстiк Кәсіпкерлік . Өндiрiстiк Кәсіпкерлік ке негiзiн материалдық, рухани және интеллектуалдық өндiрiс құрайтын iскерлiк қызметтiң түрi жатады. Бұл -iскерлiктiң қоғамдық түрғыдан алғана ең қажеттi, өте салмақты, күрделi, сондықтан да бiршама ауыр түрi. Егер өндiрiстiк Кәсіпкерлік болмаса, мысалы, коммерциялық Кәсіпкерлік тiң материалдық негiзi болмас едi.Өндiрiстiк Кәсіпкерлік бұл негiзiнен алғанда, өнеркәсiптiк және ауыл шаруашылық өнiмдерiн шығару. Өндiрiстiк Кәсіпкерлік бұл тұтынушыларға өткiзiлетiн өнiм, тауар, жұмыс, ақпарат, рухани (интелектуалдық) игiлiктердi өндiру процесiн ұйымдастыру және iске асырумен айналысатын iскер. Кейбiр iскерлер өнiм өндiрумен және дайындаумен өздерi айналысады, бiрақ бұл бiрдi -- екiлi жағдай ғана. Көпшiлiк жағдайда жағдайда өндiрiстiк iскерлер өз Кәсіпкерлік iне отбасы мүшелерiн, туған-туыстарын (мысалы, шаруа қожалықтарында) тартады, сондай-ақ жалдамалы жұмысшылардың қызметiн пайдаланады.ұжымдық-экономикалық.Өн дiрiстiк Кәсіпкерлік тi жүзеге асыру үшiн өндiрiстiң бiрқатар факторларын сатып алуы керек. Бiрiншiден, материалдар, энергия, жартылай фабрикаттар және басқа өндiрiстiң дайын өнiмдерi, яғни қосымша қор (схемада-М) керек. Бұл үшiн Кәсіпкерлік мен ақша (Дм) төлеуi тиiс. Екiншiден, өндiрiс негiзгi қорсыз (ОС) - жерсiз, техникасыз өндiрiстiк ғимаратсыз, құрал жабдықсыз және тағы басқаларсыз өмiр сүре алмайды. Егер iскерде бұлардың барлығы жоқ болса, онда сатып алуға немесе жалға алуға тура келедi. Бұл үшiн де ақша (До) керек. Өз меншiгiндегi негiзгi қор ұзақ уақыт бойы қызмет етедi, сондықтан Кәсіпкерлік меннiң шығыны белгiлi - бiр өндiрiлген өнiмнiң көлемiне аммортизациялық аударым көлемiмен анықталады. Үшiншiден Кәсіпкерлік мен өндiрiстi жүргiзу үшiн жұмысшылар жалдауы (РС) қажет, олардың еңбек ақысы (ДР) да төленуi тиiс. Осы шығындардың үстiне iскер өз еңбегiнiң де ақысын енгiзуi қажет. Өйткенi, iскерлiк қызметке кететiн кез-келген шығын өнiмнiң өзiндiк құнына кiредi.
Онан әрi ақпарат алуға, алынған материалдар мен дайын өнiмдердi сақтауға және тасмалдауға, негiзгi қорды жөндеуге, пайдалануға және басқаларына шығын шығару керек болады. Өндiрiстiк iскерлiк дайын өнiм (Т) алып, оны өткiзгеннен кейiн нәтижесiнде Кәсіпкерлік меннiң ақшалай қаржы (Дт) табуы мен аяқталады. Барлық өндiрiстiк iскерлiктiң мәнi өндiрiс өзiн - өзi ақтап, Кәсіпкерлік менге белгiлi - бiр пайда әкелуiнде жатыр. басқаша айтқанда, бұл жағдайда Дт- Дм, До,Др, қосымша шығындар мен салықтан көп болып, iскердiң табысының (Пп) көлемiндей болуы керек, басқа жағдайда iскерлiк өзiнiң мәнiн жояды.

Коммерциялық Кәсіпкерлік . Коммерциялық немесе саудалық Кәсіпкерлік - бұл тауарларды сату мен сатып алуға байланысты iскерлiк. Коммерция өзiнiң бастапқы мағынасында сауда ұғымын бiлдiредi, ал коммер. цант- сауда, тауар айырбастау, тауар ақша операцияларымен айналысатын саудалық iскер, Кәсіпкерлік мен. Коммерциялық Кәсіпкерлік өндiрiстiк Кәсіпкерлік пен тiкелей байланысты. Өйткенi,өндiрiлген тауарды ақшаға өткiзу немесе басқа тауарларға айырбастау керек. Дәл осы саудалық iскерлiк тауарға деген сұранымды анықтап, қандай да бiр болсын өнiмнiң түрiн өндiрудi көбейтуге немесе керiсiнше шектеуге әсер етедi. Коммерциялық iскерлiктiң принциптi сызбасы қажеттi факторлардың аз болуына байланысты өндiрiстiк бинеске ақарағанда әлде қайда қарапайым. Жалпы алғанда, ол төмендегiдей көрiнедi (схема-2)...
Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктестер - адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз жауапкершілікті серіктестер, командитті (сенімге негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктер.Ұжымдар (қоғамдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.
Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады.
Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары.
Концерн - көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.
Ассоциация - экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
Консурциум - бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
Сидикат - бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
Картель - тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.
Қаржы -- өнеркәсіп тобы - банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.
1. Шаруашылық серіктестік - толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
2. Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
3. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.
4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
5. Ашық және жабық акционерлік қоғам.
6. Өндірістік кооперативтер - ерікті түрде біріккен қоғамдар.
Унитарлы кәсіпорын - коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.
.

Кәсіпкерліктің түрлері
Артықшылығы
Олқылығы
Бір тұлғалы жекелеген кәсіпорындар
Ұйымдастырудағы қарапайымдылығы; қызмет жасаудың толық еркіндігі; нарықтық саладағы мінез-құлқының икемділігі; қызметінің құпиялығын сақтау мүмкіндігі; барлық табыс табудағы максимальды мүдделігі
Капиталды көптеп тартудағы қиындықтары; болған зардаптарға жауапкершіліктің шексіздігі; барлық ұйымдық және басқарушылық іс-әрекеттің біріктірулігі қажеттілігі.
Серіктестіктер
Басқару бойынша міндеттерді бөлу; қаржы тартудағы үлкен мүмкіндіктер; еркін және оперативтік іс-әрекеттің әріптестермен келісу кезіндегі шектеулілігі.
Әріптестердің өзара өнімсіздігінің ықтималдылығы; сенімсіздік арқасындағы әлеуметтік-психологиялық комфортсыздық; Әріптестердің өзара келіспеушілігінің арқасындағы бұл түрдің тұрақсыздығы.
Акционерлік қоғамдар
Қосымша капиталды тезірек және кеңірек тарту мүмкіндігі; корпорация қызметі әртүрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі; акционерлердің шектеулі жауапкершілігі.
Басқарудың тым күрделілігі және оның оперативтілігінің төменділігі; акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі; кәсіби құпияның ашылу мүмкіндігі.

Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы
мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшаға емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:
- акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционр меншігінің негізінде қызмет жасайды;
oo мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;
oo құрылтайшылар мүлігінің 0осылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтарына енеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен, Шаруашылық
қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы республика заңдарына кәсіпорын кез келген меншік түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерде болу мүмкіндігі айқындалған.

0.2. Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау.

Қазіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әр түрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көптүрлі белгісі бойынша классификациялау қажет.

Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша
Шаруашылық сипатына қарай
Салалық қызметіне қарай
Меншік нысаны бойынша
Картелдер,
Синдикаттар
(консорциумдар),
Трестер,
Концерндер,
Концерн-конгломераттар,
Холдинг-компаниялар,
Акционерлік қоғамдар
(корпорациялар),
Кооперативтер,
Серіктестіктер.
Өндірістік,
Саудалық,
Делдалдық,
Банктік,
Сақтандырушылық
Инвестициялық,
Инновациялық,
Инжирингтік,
Венчурлік (тәуекелділік), Консалтингтік,
Аудиторлық,
Трастолық.
Өнеркәсіп,
Ауыл шаруашылығы,
Сауда,
Байланыс,
Көлік
Қаржы,
Несиелік,
Мәдениет,
Өнер,
Білім,
Ғылым, Денсаулық сақтау,
Тұрғын үй шаруашылығы.
Мемлекеттік,
Қазыналық, Ұжымдық,
Жалгерлік,
Кооперативтік,
Акционерлік,
Жекелеген,
Аралас (біріккен), Мемлекеттік
кооператив-
тікпен бірге,
Ұжымдық жекемен бірге,
Мемлекет аралық (біріккен кәсіпорын)

Бір қолға біріккен фирмалар саны мейлінше көп. Тек қана АҚШ-тың өзінде олардың саны 7млн. құрайды. Қолдағы қаржы қорының шектеулілігі оларды бірігуге итермелейді. Сөйтіп санның салдарынан әртүрлі серіктестіктер құрылады.

2. Өтпелі экономика кезеңдегі кәсіпкерлік.

2.1. Шағын кәісіпкерліктің ролі мен алатын орны.
Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп кәсіпорынның айналасатын қызметә шеңбері кәдімгідей ұлғаяды. Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталады. Кәсіпорын өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады. Аралас әрі әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпорынға иелік құқық бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.
Сондықтан да барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз-ақ экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті. Ендеше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қатаң құпия ақпарат
Кәсіпкерлік түрлері "Салыстырмалы талдау" туралы мәлімет
КӘСШКЕРЛІК ҚҰПИЯ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОРҒАУ ТӘСІЛДЕРІ
Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесті несиелеу
Ветеринариялық кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
Кәсіпкерлік - іскерлік белсенділік өнері
Басқару құрылымына қойылатын талаптар
Кәсіпкерлік құпия және оны қорғау әдістері
Біріккен серіктестіктердің түрлілігі
Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық мазмұны
Пәндер