Сұлы, қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Сұлы өсіру
2. Қарақұмық өсіру технологиясы
III. Қортынды
Пайдаланылған әдбиеттер тізімі
Сұлы(Avena) - астық тұқымдас дәнді дақылдарға жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда 7 түрі бар. Ең маңыздысы - екпе сұлы(Avena sativa). Екпе сұлының өзінің үш түрі бар: жайылма түрі(grex. var. diffusae) - гүлшоғырының сыпыртқысы кең жайылған және дәнінің қауызы бар, біржалды түрі(grex. var. orientalis) - гүлшоғырының сыпыртқысы қысыңқы, дәнінің сыртында қауыз бар, ашық дәнді түрі(grex. var. nudae) - дәнінің қауызы жоқ.
Қарақұмық (лат. Fagоpyrum) - тарандар тұқымдасына жататын бір жылдық, кейде көп жылдық шөптесін өсімдік.Қарақұмық - жарма дақылдары ішіндегі маңыздылардың бірі. Оның жармасы диеталық, дәмді тамақ, дәнінде 9% белок, 70%-дай крахмал және 1,6% май, сондай-ақ дәрумендер (В/1, В/2), минералды тұздар (темір, фосфорлы кальций) да болады.Қарақұмық - жылу және ылғал сүйгіш дақыл, топырақ температурасы 12-15°С болғанда көктеп шығады.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Сұлы, қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу

Тексерген: Татенов А.Б
Орындаған: Мамырбек Б

Семей - 2015
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Сұлы өсіру
2. Қарақұмық өсіру технологиясы
I. Қортынды
Пайдаланылған әдбиеттер тізімі

Кіріспе
Сұлы(Avena) - астық тұқымдас дәнді дақылдарға жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда 7 түрі бар. Ең маңыздысы - екпе сұлы(Avena sativa). Екпе сұлының өзінің үш түрі бар: жайылма түрі(grex. var. diffusae) - гүлшоғырының сыпыртқысы кең жайылған және дәнінің қауызы бар, біржалды түрі(grex. var. orientalis) - гүлшоғырының сыпыртқысы қысыңқы, дәнінің сыртында қауыз бар, ашық дәнді түрі(grex. var. nudae) - дәнінің қауызы жоқ.
Қарақұмық (лат. Fagоpyrum) - тарандар тұқымдасына жататын бір жылдық, кейде көп жылдық шөптесін өсімдік. Қарақұмық - жарма дақылдары ішіндегі маңыздылардың бірі. Оның жармасы диеталық, дәмді тамақ, дәнінде 9% белок, 70%-дай крахмал және 1,6% май, сондай-ақ дәрумендер (В1, В2), минералды тұздар (темір, фосфорлы кальций) да болады. Қарақұмық - жылу және ылғал сүйгіш дақыл, топырақ температурасы 12-15°С болғанда көктеп шығады.
Қарақұмық - суыққа төзімсіз өсімдік. Оның көгі 1-2°С суықтың өзінде үсікке шалдығады. Ал өсімдік гүлдеген кезде температура 30°С-тан жоғары, ылғал жеткіліксіз болса, онда оның түйіні қурап, дәні түсіп қалады.
Қарақұмық топырақ таңдайды. Ол көбінесе қара және қызғылт қоңыр топырақта жақсы өсіп, мол өнім береді, сондықтан топырақ қышқылдығы рН 5-6,5 болу керек.
Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия жерлерінің қоңыржай және субторпикалық аймақтарында өсетін 26 түрі бар.
Қазақстанда қарақұмық негізінен солтүстік облыстарда, әсіресе, Павлодар, Орталық және Шығыс Қазақстан облыстарында егіледі.

Сұлы өсіру технологиясы
Сұлы(лат. Avena sativa) - астық тұқымдас дәнді дақылдарға жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда 7 түрі бар. Ең маңыздысы - екпе сұлы(Avena sativa). Екпе сұлының өзінің үш түрі бар: жайылма түрі(grex. var. diffusae) - гүлшоғырының сыпыртқысы кең жайылған және дәнінің қауызы бар, біржалды түрі(grex. var. orientalis) - гүлшоғырының сыпыртқысы қысыңқы, дәнінің сыртында қауыз бар, ашық дәнді түрі(grex. var. nudae) - дәнінің қауызы жоқ.
Сипаты:
Биіктігі 60-100 см.
Сабағы жылтыр, бунақты болып біткен.
Жапырағы қандауыр пішіндес, гүлі қос жынысты.
Гүлшоғыры - сыпыртқы.
Жемісі - түкті дәнек.
Жем өндіру мақсатымен өсірілетін жаздық дақыл, ылғалды жерде жақсы өседі, суыққа төзімді, топырақ талғамайды.
Дәнінің құрамы:
Ақуыз - 11-19%.
Май - 4-6%.
Крахмал - 40%.
Жасұнық - 11-13%.
Дәрумендер, минерал тұздар.
Вегетация кезеңі
Ауыспалы егісте бидайдан, отамалы, бұршақ дақылдарынан кейін егіледі. Жылу сүйгіштігіне қарай ерте көктемде, топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 5-7°С-қа жылыған кезден бастап себеді. Вегетация кезеңі - көктеуі, түптенуі, түтік шығаруы, масақтануы, гүлденуі, дәнінің толып, пісуі 70-95 күнге созылады. Өнімнің түсім мөлшері сұлының ауыспалы егіс жүйесіндегі орны, топырақ өңдеудің сапасы, минералды тыңайтқыштардың түрлері мен мөлшері, оларды топыраққа ендіру тәсілдері мен себу мерзімі, өскіндерді зиянкестер мен аурулардан қорғау сияқты маңызды технологиялық жағдайларға байланысты.
Аудандастырылған сорттары:Золотой дождь, Льговский 1026, Марктон, Мирный, Орел, Синельниковский 14, Сельма.
Сұлының негізгі зиянкестері мен аурулары:
Зиянкестері: сұлы трипсі, кәдімгі астық биті
Аурулары: тозаңды және қатты қаракүйе, сабақ даты, бактериоз және қуыршақтану.
Шаруашылықтағы маңызы
Сұлының шаруашылықта алар орны ерекше. Біріншіден, ол - құнарлы мал азығы. Сұлы дәні мал азығының құндылығының халықаралық өлшем бірлігі болып саналады. Басқа дақылдардың дәндерімен араластырылған сұлы жас төлдердің ағзасының тез және мықты болып қалыптасуына жағдай жасайды. Сұлы қосылған концентрлі азық құс шаруашылығында кеңінен қолданылады. Сұлының сабаны басқа дақылдардың сабанына қарағанда қоректік заттарға бай және малға жағымды болады. Сонымен қатар, оның ылғал сіңіргіштік қасиетіде жоғары болғандықтан ірі қара және шошқа шаруашылығында төсеніш ретінде пайдаланылады.
Екіншіден - азық-түліктік дақыл. Оның дәнінен жарма, тағы сол сияқты тағамға керек заттар алады, яғни тамақ өнеркәсібінде пайдаланылады. Үшіншіден, сұлының құрамында валин, лизин және триптофан сияқты алмастырылмайтын амин қышқылдары көп мөлшерде болғандықтан әр түрлі ауруларға қарсы ем үшін медицина саласында және құнды диеталық тағам ретінде пайдаланады.
Сұлы жұқпалы аурулардан қорғайды
АҚШ ғалымдары сұлы өнімдерінің венерологиялық ауруларға қарсы емі бар екенін анықтады. Бұл дәнді дақылдың емдік қасиеті - оның құрамындағы аргинин аминқышқылында.
Ғалымдардың мәліметінше, ағзаны мерез, соз, ұшық сияқты тері-венерологиялық аурулардан қорғау үшін денедегі макрофаг жасушалардың қызметін күшейту керек. Бұл жасушалар ауру қоздырғыштары мен басқа да бөгде жасушаларды жоя алады. Ал макрофагтардың белсенді әрекет етуі үшін ағзада аргинин ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу мен зерттеу
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеуі
Сұлы, қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу жайлы
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу жайлы
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу
Сұлы және қарақұмық өсіру технологиясымен танысу және зерттеу туралы ақпарат
Жарма өндіру технологиясы
Жарма дақылдарын ақтау
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА АУЫЛШАРУАШЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ЕҢБЕК СҮЙГІШТІК ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ
Дәнді ұнға өңдеу технологиясы
Пәндер