Пестицидтер түрлері және оларды пайдалану кешендері



 Пестицидтер
 Өсімдіктің зиянкес жәндіктерімен күресу
 Инсектицидтер мен акарицидтер
 Хлорорганикалық пестицидтер
 Хлорорганикалық инсектицидтер
 Фосфорорганикалық пестицидтер
 Фунгицидтер
 Гербицидтер
 Пестицидтерді кешенді қолдану
 Қорытынды
 Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі таңда агроөндірістік кешеннің негізгі бағыттарының бірі - елімізді ауыл шаруашылық шикізаттары және өнімдері- мен тұрақты қамтамасыз ету. БҰҰ тамақ және ауылшаруа- шылық ұйымының санағы бойынша жыл сайын зиянды ағзалар ауылшаруашылық өнімдерінің 30 пайызын төмендетеді. Оның ішінде топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды сіңіретін, күн көзінен көлеңкелейтін, улы тұқымдарымен ластайтын арам шөптердің үлесі мол. Ауылшаруашылық өнімдерінде таралған ауру қоздырғыштары (қара күйе, тат, ақ ұнтақ, таз қотыр, жалған ақ ұнтақ, фитофтороз және т.б.) дәнді залалдап, микотоксиндер (афлатоксиндер, охратоксиндер) түзеді. Талдау бойынша микотоксиндер жоғары улы заттарға (ЛД50 1,6-30 мг/кг) жатады. Аурулардың эпифитотиялық таралу жағдайында ауылшаруашылық дақылдары өнімін түгелдей жояды. Жәндік- тер, кенелер тез көбейіп, мысалы колорад қоңызы бір мезгілде 3 рет генерацияланып, 30 млн. дана, ал қандала одан да көп жұмыртқа салады.
Сағитов А.О., Исенова Г.Ж., Рвайдарова Г.О., Нұржанов Ө.С., Қалмақбаев Т.Ж. С 45 Өсімдікті химиялық қорғау. Жалпы редакциясын басқарған Г.Ж. Исенова. -Алматы, 2013. - (Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы). - 192 бет.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Білім және Ғылым Министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Пестицидтер түрлері және оларды пайдалану кешендері

Орындаған:Болатова Г
Тобы: АГ-413
Тексерген: Қаламов Б.

Семей,2015 жыл

Жоспар:
:: Пестицидтер
:: Өсімдіктің зиянкес жәндіктерімен күресу
:: Инсектицидтер мен акарицидтер
:: Хлорорганикалық пестицидтер
:: Хлорорганикалық инсектицидтер
:: Фосфорорганикалық пестицидтер
:: Фунгицидтер
:: Гербицидтер
:: Пестицидтерді кешенді қолдану
:: Қорытынды
:: Пайдаланылған әдебиеттер

Қазіргі таңда агроөндірістік кешеннің негізгі бағыттарының бірі - елімізді ауыл шаруашылық шикізаттары және өнімдері- мен тұрақты қамтамасыз ету. БҰҰ тамақ және ауылшаруа- шылық ұйымының санағы бойынша жыл сайын зиянды ағзалар ауылшаруашылық өнімдерінің 30 пайызын төмендетеді. Оның ішінде топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды сіңіретін, күн көзінен көлеңкелейтін, улы тұқымдарымен ластайтын арам шөптердің үлесі мол. Ауылшаруашылық өнімдерінде таралған ауру қоздырғыштары (қара күйе, тат, ақ ұнтақ, таз қотыр, жалған ақ ұнтақ, фитофтороз және т.б.) дәнді залалдап, микотоксиндер (афлатоксиндер, охратоксиндер) түзеді. Талдау бойынша микотоксиндер жоғары улы заттарға (ЛД50 1,6-30 мгкг) жатады. Аурулардың эпифитотиялық таралу жағдайында ауылшаруашылық дақылдары өнімін түгелдей жояды. Жәндік- тер, кенелер тез көбейіп, мысалы колорад қоңызы бір мезгілде 3 рет генерацияланып, 30 млн. дана, ал қандала одан да көп жұмыртқа салады. Қазақстанда 2000 жылы жәндіктердің ішінде шегірткенің кең көлемде таралып, егістіктер мен шабындық- тарға орасан зиян келтіргені белгілі. Адамзат өсімдік шаруашылығымен айналысқаннан бастап, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен, арамшөптермен әр түрлі жолдармен күресуде. Өсімдікті химиялық заттармен қорғау осыдан 2000 жыл бұрын басталған. Демокрит (б.э.б.460-380 ж.) өсімдікті аурулардан плинус (б.э.б. 79-23 ж) күл, ұсақталған кипарис жапырақтарын және сұйытылғын зәр ерітіндісін өсім- дікті қорғау үшін ұсынған. Қазіргі кезде жер шарында адамзат саны жылдан жылға өсуде. Болжам бойынша дүние жүзінде 2040 жылдары халық саны 8,5 млрд. құрауы мүмкін, ал адамзатқа жер өңдеу өнімдерінің мөлшері бірнеше есе артуы тиіс. Ауылшаруашылық өнімдерін жоғарылату үшін - экстенсив- ті механикаландыру, топырақ қопсыту тәжірибесін жақсарту, жаңа сұрыптарды алу, т.б. шаралардың кешендері қолданыла- ды. Өсімдікті химиялық әдіспен қорғау негізгісі болып санала- 5 ды. Ол өзінің биологиялық және экономикалық тиімділігімен ерекшеленеді. Сондықтан өсімдікті қорғайтын химиялық заттардың өндірісі жылдан жылға артуда. Мысалы АҚШ-да 20 мың препарат тіркелген (675 әсер етуші заттар) оның ішінде 470-і ауылшаруашылықта қолданылады. Ресейде (194 әсер етуші заттар) 633 препарат тіркелген, ал Қазақстанда пестицид- тер тізімін 249 дана құрайды. Өсімдікті қорғайтын химиялық заттар ауылшарушылық дақылдары өнімін арттырады, механикалық және адам қолымен жасалатын жұмыстарды жеңілдетеді. Пестицидтерді ауылшаруашылығында қолдану негізгі мәсе- лелердің бірі болғанымен, олардың қоршаған ортаға, адамзатқа кері әсерінің бар екенін ескеру қажет. Пестицидтерді экология жағынан қауіпсіз қолдану өте маңызды. Қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін пестицидтердің көпшілігі табиғатта кездеспей- тін синтетикалық улағыш заттар. Пайдаланылған пестицид- тердің қалдық мөлшерлері қоршаған орта нысандарында жиналып, пайдалы флора мен фаунаға кері әсерін тигізуі мүмкін. Пестицидтер - химиялық улы заттар, оларды дұрыс қолданбау қоршаған ортаның биологиялық нысандарына, адам өмірі мен жануарлар әлеміне қауіпті. Химиялық заттар - өсімдіктерді қорғауда, олардың сыртқы пішінін, дәм сапасын және азық-түлік құнарлылығын өзгертіп, өсімдік бойындағы зат алмасу процестеріне әсерін тигізеді. Сондықтан ауылшаруашылық дақылдарын, орман және жайылым алқаптарын зиянды ағзалардан қорғау үшін пайда- ланылатын пестицидтердің қолдану регламентін (мерзімі, жұмсалу мөлшері, қайталау) қатаң түрде сақтау қажет. Сол сияқты ауылшаруашылық дақылдарынан алынатын тамақ өнімдерінде пестицидтер қалдығы гигиеналық норматив бойынша ең жоғарғы рұқсат етілген препараттар мөлшерінен аспауын қадағалау керек. Өсімдікті химиялық қорғау пестицидтердің физикалық- химиялық, токсикологиялық қасиеттерін, зиянды ағзаларға, қоршаған ортаның элементтеріне әсерін, қарқынды техноло- 6 гияда интегралды қорғау шараларында қолданылуын зерттейтін ғылым. Өсімдікті химиялық қорғау курсының негізгі мақсаты - заманауи пестицидтерді талапқа сай қолдануға, әсер ету меха- низмінің табиғатын зерттеуге, барынша тиімді және қауіпсіз қолдануға үйретеді. Өсімдікті химиялық қорғаудың теориялық негіздеріне ауылшаруашылықта қолданылатын уларды зерттейтін ғылым - агрономиялық токсикология жатады. Өсімдікті химиялық қорғау курсының талаптары - ауыл- шаруашылық дақылдарын қорғау әдістерін жақсарту үшін, әр түрлі химиялық қорғағыш заттардың зиянды ағзаларға және мәдени өсімдіктерге әсерін зерттеу. Өсімдікті химиялық қорғағыш заттардың барлығы адам ағзасына және жан-жануарларға зиянды болғандықтан, пести- цидтермен жұмыс жасау кезінде сақталатын жеке және қоғамдық қауіпсіздік шаралары қарастырылған.
Пестицидтер Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестеріне, аурула- рына және арамшөптеріне қарсы қолданылатын қазіргі кездегі белсенділігі жоғары инсектицидтер, фунгицидтер және герби- цидтер - аз жұмсалу мөлшерімен, жоғары тиімділігімен және зерттеу нысандарын іріктеп алу мақсаттылығымен ерекше- ленеді. Планетамызда жылдан-жылға көбейіп жатқан халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауылшаруашылық дақылдары- ның дәстүрлік әдісімен, индустриалды технологияны орнату мәселесімен байланысты болып отыр. Осы технологияның бірден-бір бөлігі пестицидтерді қолдану көмегімен жоғары өнім алу. Сондықтан, пестицидтерді прогрессивті әдіс-тәсілдермен тиімді және қауіпсіз қолдану зиянды организмдердің көбеюін төмендетеді. Пестицидтер (латын тілінен аударғанда рestis - жұқпалы, cide - өлтіру) - ауылшаруашылық өсімдіктерінің зиянды орга- низмдеріне (зиянкестерге, ауруларға және арамшөптерге) қарсы қолданылатын химиялық заттар. Бұл пестицидтің өзі - барлық химиялық заттарды қамтитын жинақталған термин. Олар негізгі үш топқа бөлінеді: инсектицидтер (insectum - бунақ- денелілер) - бунақденелілерге қарсы; фунгицидтер (fungus - саңырауқұлақ) - саңырауқұлақ ауруларына қарсы; гербицидтер (herbum, herbi - шөп) - арамшөптер мен улы шөптерге қарсы қолданылады. Пестицидтер химиялық құрамына қарай үш негізгі топқа бөлінеді:
1. Бейорганикалық қосылыстар (сынап, фтор, барий, күкірт, мыс және хлораттардың, бораттардың қосылыстары).
2. Өсімдіктердің бактериалды және саңырауқұлақты препа- раттары (пиретриндер, бактериалды және саңырауқұлақты препараттар, антибиотиктер және фитонцидтер).
3. Органикалық қосылыстар - физиологиялық белсенділігі жоғары пестицидтердің кең көлемді топтарына: хлороргани- калық қосылыстар (гекса-хлорциклогексан, полихлоркамфен, тиодан, дилор және тағы басқалары); фосфорорганикалық қосылыстар (гардон, хлорофос, метафос, метатион, трихлор- метафос-3, бромофос, карбофос, элсан, цидиал, фозалон, антио, актеллик, цианокс және басқалары); синтетикалық пиретроид- тар - перметрин (амбуш, корсар), дельтаметрин (декаметрин, децис), циперметрин (рипкорд, цимбуш, арриво, кинмикс, фастак), сумицидин (фенвалерат) және басқалары; карбамин, тио-, дикарбамин қышқылдары (севин, пиримор, карбин, бетанал, эптам, тиллам, цинеб, поликарбацин, ТМТД және басқалары); фенолдардың нитро-қосылыстары - нитрофенолдар (акрекс, нитрафен, каратан, мороцид); фталимидтер (каптан, фталан); минералды майлар; сынаптың органикалық қосылыс- тары (гранозан, меркургексан); хинондар (дихлон); мочевина туындылары; симмтриазиндер және басқалары; хитин синте- зінің ингибиторлары (димилин, номолт) және тағы басқалары қолданылады. Қоршаған ортаға пестицидтер физикалық-хими- ялық (минералогиялық, гранулометриялық және литологиялық) қасиеттерімен тәуелді. Сонымен, пестицидтердің өсімдіктерде, топырақта, суда ыдырау динамикасы мен қалдық мөлшерінің ауылшаруашылық өнімдері сапасына әсері зерттелуі қажет. Пестицидтер біріншіден, зиянды организмдерге қарсы қол- данылып, өнім сапасын арттыратын болса, екіншіден, табиғат пен адам өміріне зиянын тигізеді. Әсіресе, хлорорганикалық қосылыстардың ішінде полихлордифенилдер ана сүтінен табылғандықтан қазіргі уақытта қолданылмайды. Сондықтан, пестицидтердің неғұрлым әсері күшті, экономикалық жағынан пайдалы және уыты адамға да, малға да зиян келтірмейтін препараттарды таңдап алу қажет және тиімді қолдана білудің маңызы зор.
Пестицидтерді қолданудың қауіпті жағдайлары әртүрлі факторлармен байланысты. Ең негізгісі, жеке препараттың физикалық-химиялық қасиеті, өңдеу мерзімі және мөлшері, қайталау, зиянды организмдерден қорғалатын дақылдардың ерекшеліктері, топырақ-климат жағдайлары болып табылады. Сонымен қатар, әртүрлі топырақ-климат аймақтардың күн радиациясының қарқындылығымен байланысты. Яғни, ауа температурасы, топырақ, жауын-шашын және басқа факторлар пестицидтердің сыртқы ортадағы айырмашылықтарын көрсе- теді, әртүрлі аймақтарда пестицидтерді қолдану регламентіне байланысты болады. Ауылшаруашылық өндірісі - тамақ өнеркәсібінің негізі. Әлбетте, ауыл-шаруашылық өнімдерінің мол болуы оларды өсіру барысында күту және қорғау арқылы жүзеге асырылады. Алынған өнімнің сапалық көрсеткіштері мемлекеттік стан- дарттың талаптарына сай болуы санитарлық-гигиеналық және экологиялық зерттеулер нәтижесінде бағаланады. Республика- мыздың болашақта дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруіне байланысты алдымызда әлемдік стандарттарға сай сапалы және экологиялық таза ауылшаруашылық өнімдерін алу міндеті тұр. Өнім сапасының көрсеткіштері оларды сатуға рұқсат ететін куәліктерде (сертификаттарда) жариялануға міндетті. Ауылша- руашылығында пестицидтерді жүйелі түрде қолдану, фитоце- ноздарға әсер ететін аса ірі экологиялық фактор екені белгілі. Химиялық препараттарды көпжылдар бойы және кең көлемде қолдану, олардың өңделген жерлердің топырақтарында жиналуына, өнім сапасының өзгеруіне әкеп соғып, қоршаған ортаға тұрақты әсер етуші күшке айналады. Кейбір пестицидтердің құрылымдары. пестицидтердің қоршаған ортаның негізгі нысандарындағы қалдықтарын, қозғалу жылдамдығын әрі өсімдік сапасына әсерін әрқашан айқындау қажет. Ол үшін ізденулер, белгілі бір жан-жақты талданған жүйе арқылы жүргізілуі керек. Зерттеулердің концептуалдық моделі. Бұл жүйе, алдын-ала талдау негізінде, қарапайымдық принципін сақтай отырып, әрбір негізгі блоктары үш фактордан артық емес етіп құрастырылды. Мысалы, әсер етуші факторлар - инсектицидтер, фунгицидтер, гербицидтер; әсер етілуші факторлар - зиянкестер, аурулар және арамшөптар, өсімдіктер, топырақтар; өтпелі үрдістерге жауапты факторлар - пестицид- тердің мөлшері, ауа-райы, уақыт; өнімнің сапасына жауапты факторлар ретінде - өнім мөлшері, пестицидтер қалдығы және өнімнің биохимиялық көрсеткіштері алынды. Модель негізгі үш блоктан (өтпелі үрдістерге жауапты блок, пестицидтердің тікелей әсер ететін блогы және өсімдіктер өнімінің блогы) тұрады, берілген моделдің мейлінше қарапайымдылығын және зерттелуге керекті негізгі элементтер мен үрдістерді толық қамтығанын көрсетеді. Пестицидтер өзінің химиялық табиғаты бойынша физиоло- гиялық белсенді заттар болып табылады. Қазақстан Республикасының террито- риясында қолданылуына рұқсат етілген пестицидтердің тізімінде, әртүрлі тамақ өнімдерінде пестицидтердің қалдық мөлшерін бақылайтын гигиеналық норматив бойынша ең жоғары рұқсат етілген препарат мөлшері (ЕЖРЕПМ) және ауа мен топырақ үшін пестицидтердің шекті рұқсат етілген концентрациясы (ШРК) әрбір жеке препарат үшін көрсетілген. Өсімдіктің зиянкес жәндіктерімен күресу. Инсектицидтер мен акарицидтер Әлемдік тәжірибе бойынша ауылшаруашылық өнімдерінің 13 бөлігін зиянды организмдер көп шығынға ұшыратады. Әсіресе, зиянкестер мен кенелердің әсерінен өнімнің 13,8% ысырап етіледі. Осы аталған зиянкестер өсімдіктердің жапы- рағы мен жемістерінің сарғаюына, солуына, өлуіне әкеледі. Зиянкестер мен кенелердің 70 мыңнан астамы ауылшаруашы- лық өнімдерін вегетация кезінен бастап, өнімді сақтауға дейінгі уақытта экономикалық шығынға ұшыратады. Сондықтан ауыл- шаруашылық өнімдерін зиянды организмдерден қорғау үшін, ішекпен әсер ететін препараттар жапырақ жемірқұрттарға, ал жүйелі инсектицидтер кенелерге қарсы қолданылады. Инсектицидтер (латын сөзінен insectum - жәндік және caedo - өлтіру), зиянкес жәндіктермен химиялық күресу. Инсек- тицидтердің жәндік организміне енуіне байланысты 4 топқа бөлінеді: - ішек инсектицидтері, қорек арқылы бунақденелілердің организміне енетін, көбінесе неорганикалық қосылыстар (каль- ций, магний, барий арсенаты), кремнийдің және металдардың фторидтері, тиодифениламиндер жүн шаруашылығында күйе көбелектен қорғау үшін қолданылады. - жанаспа әсерлі инсектицидтер, жәндіктердің организм- іне тері қабаты арқылы енетін фосфордың, хлордың, азоттың және күкірттің органикалық қосылыстары, пиретриндер және пиретроидтар жатады. Жанаспа әсерлі инсектицидтер өсімдік- тің тамыры және жапырақтары арқылы бойына сіңіп, сол 132 арқылы таралып, өсімдікті жәндіктерге улы (метилмеркап- тофос, фосфамид) етеді. -жүйелік инсектицидтер (фосфорорганикалық) жануарлар- дың эктопаразиттерімен күресуде дератизациялау үшін пайда- ланады. Адам денесіндегі биттермен күресуде бутадионды қолданады. Инсектицид препаратын адам бір рет қабылдағанда оның инсектицидтік қасиеті 2 аптаға дейін сақталады. Фуми- гантты және тыныс жолдары арқылы енетін инсектицидтер бу немесе газ күйінде зиянкестің бойына трахея жүйесі арқылы енеді. Ондай препараттарға гексахлорбутадиен және дихлорфос жатады. Бұл топқа ерекше ұсақталған, жәндіктердің тыныс жолдарының функциясын бұзатын силикаттар және минералды майлар жатады. Акарицидтер - кенелерді жоюға арналған химиялық препа- рат. Барлық акарицидтер жанама әсер етеді. Препараттың жүйелі қасиеті әзірше жақсы әсер ете алмайды. Сондықтан, сапалы өңдеу жұмыстарын жүргізген дұрыс. Қажетті бүрку мүмкін болмаған жағдайда фумиганттық қасиеті бар препарат- тарды қолдануға болады.
1). Омайт, пропаргит - жаппай әсер етеді, буланғыш әсері бар.
2). Санмайт, таурас, пиридабен (диазиндер) жаппай әсер етеді. Залалы аз, жылына бір реттен артық қолдануға болмайды. Зиянкес өте тез тұрақты түрге айналады.
3). Неорон., бромпропилат - жаппай әсер етеді.
4). Флумайт, флуфензин - гормональды акарицид.
5). Неорон., бромпропилат - жаппай әсер етеді.
6). Аполло, клофентезин - адамға зияны жоқ. Жұмыртқа мен дернәсілін жойып, үлкен жәндіктерді өлтірмейді, бірақ стерилдейді. Ұзақ уақыт қорғайды.
7). Борнео - гормональды акарицид, Tetranychus және Panonychus тор кенелеріне қарсы қолдануға ұсынылады.
8). Ниссоран, гекситиазокс (карбоксамиды) - гормональді препарат. Кең спектрлі әсер етеді. Залалы төмен, жұмыртқа мен дернәсілдерді, нимфаларды жояды. Үлкен жәндіктерді өлтір- мейді, бірақ стерилдейді.
9). Борнео - гормональды акарицид, кенелерге қарсы қолданылады.
10). Митак, амитраз. Инсекотакарицид. Кең спектрлі әсер етеді. Тиімді акарицид.
11). Демитан, Магус, фенозаксин. Кең спектрлі әсер етеді. Залалы төмен.
12). Ортус. Кирон (фенпироксимат), пирозолдар класы. Кең спектрлі әсер етеді. Шығын көлемі төмен, залалдығы аз.
13). Масаи, Пираника (тебуфенпирад), пирозолдар класы. Кең спектрлі әсер етеді. Шығын көлемі төмен,залалдығы аз.
14). Оберон. Аққанаттыларға және трипсқа қарсы инсек- тицидті белсенділігі жоғары, өте кең акарицидті спектрлі әсер етеді. Молюскоцидтер - ұлулар мен молюскаларды жоюға арнал- ған химиялық препарат. Метальдегид - түйіршіктер субстраттың немесе топырақтың беткі қабатында орналастырылады. Тиадезин класы - 1) базамид гранулят, дазомет, тиазон - топырақты стерил- деуші. Нематоцидті, фунгицидті, гербицидті инсектицидті әсері бар. Пестицидтерді қолданудағы бір қатар ережелер: Барлық пестицидтер әртүрлі дәрежеде кумулятивті конце- рогенді, иммуннодепрессивті әсер етеді. Сондықтан қорғану шараларын азайтудың қажеті жоқ, себебі денсаулыққа кері әсері аздаған уақыттан соң пайда болады. Ең алдымен тұмылдырық пайдалану керек, себебі өкпе арқылы қанға өте тез сіңеді, бауырға әсер етеді. Пестицид аз мөлшерде болса да, ағзаға түскен жағдайда ішімдік ішуге мүлдем болмайды. Әртүрлі заттар әсерінен, спирт улы ацетальдегидке айналады. Пестицидтердің биология- лық улылығына мән бермеуге мүлде болмайды. Олардың концерогенді және иммунодепрессивті әсері бар. Уды ағзадан шығаруға сүт, Е витамині жақсы көмектеседі. Заманауи инсектицидетр мен акарицидтер химиялық қосы- лыстардың әртүрлі топтарына жатады. Хлорорганикалық пестицидтер Органикалық қосылыстардың ішінде хлорорганикалық пестицидтер суда нашар ериді, ал органикалық ерітінділерде, әсіресе майларда жақсы ериді. Сонымен қатар, олардың көпші- лігі ұшқыш қосылыстар, термиялық және химиялық жағынан сыртқы ортаға (температураға, күн сәулесіне, ылғалдылығына) тұрақты. Сондықтан зиянкестерден қорғайтын препараттар ұзақ уақыт сақталатындықтан сыртқы орта мен ауылшаруашылық өнімдеріне қауіпті екені белгілі. Осы топтың препараттары топырақта 2-15 жыл аралығында сақталуы мүмкін, топырақтың беткі қабатынан, ішкі құрылымына баяу көшіп отырады. Содан кейін препараттар өсімдік ішіне тарайды, жаңбыр сулары арқылы өзендер мен көлдерге түседі. Топыраққа шашылған хлорорганикалық қосылыстар 1-8 апта ішінде топырақтың микробиологиялық белсенділігін уақытша төмендетеді, бірақ топырақтың қасиетіне елеулі әсер етпейді. Ал суға түскен химиялық қосылыстар бірнеше апта немесе айлар бойы табы- лады. Уақыт өте келе судағы өсімдіктер мен жануарлар орга- низмдеріне сіңіп, жиналады. Сонымен қатар, хлорорганикалық инсектицидтердің негізгі топтары топырақта 18 айға жуық сақталып, баяу ыдыраған. Хлорорганикалық инсектицидтер жоғары температура- ның әсерінен ауа қабатында ұшып, қопсытылған топыраққа 135 келетін құстарға, өңделген танапта жұмыс істейтін адамдарға қауіпті. Бұл қосылыстар өсімдік пен топырақта (қайталап өңдеуден кейін қалдық мөлшері 30-75 күн аралығында, ал тамыр арқылы таралған препарат вегетация кезінде) баяу ыды- райды. Зиянкестердің организмдеріне енген хлорорганикалық препарат оның жүйке жасушасындағы мембрананың липоидты тепе-теңдігін бұзады, жүйке серпілісіне кедергі жасайды. Нәтижесінде зиянкестер жүйке жүйесінің бұзылуынан өледі немесе сал ауруына ұшырайды. Бұл улану үрдісі 7 күнге созы- луы мүмкін. Сонымен қатар, хлорорганикалық қосылыстар орташа және аса жоғары улылық қасиеттерімен ерекшеленеді. Пестицидтердің ішінде хлорорганикалық препараттар тұрақты келеді және биологиялық ортада шоғырлануға бейім. Олар химиялық және термиялық берік заттар, сыртқы ортаның әсеріне де төзімді. Демек, препараттың ұзақ уақыт сақталуы зиянды организмдерді құртуға себепші болады. Бірақ, олардың баяу ыдырауы, сыртқы орта мен ауылшаруашылық өнімдерін ластайды. Хлорорганикалық қосылыстар өсімдікте баяу ыды- райды (қайталап өңделгеннен кейін олар 30 күннен де көп уақыт сақталады). Хлорлы көмірсутек туындыларының метаболизмі зиянкес организмінде және басқаларында негізгі үш бағытпен жүреді: 1) бір немесе одан да көп HCI молекуласының дегидро- хлорлануымен уыты аз өнімнің түзілуі; 2) уыты аз метаболиттердің эпоксидтерге дейін тотығуы (активациялануы); 3) организмде суда еритін заттардың тез шығуы; Метаболизм процесінің бұл бағыты қосылыстар мен олардың токсикологиялық құрамына тәуелді. Пестицидтерді қолданудың негізгі маңызы - өнімді сақтау, адамдар үшін азық-түлік қорларын көбейту болып табылады. Сонымен қатар, қазіргі кезде пайдаланылатын пестицидтер мен бұрынғы қолданылып келген пестицидтердің айырмашы- лықтары өте үлкен. Хлорорганикалық инсектицидтердің ішінде барлығына мәлім препараттардың бірі - ДДТ (дихлордифенил- трихлорэтан) 1874 жылы синтездеп алынған. Препараттың инсектицидтік құрамын 1939 жылы ең бірінші анықтаған 136 швейцариялық химик Паул Мюллер болатын. Ол жыл өткен соң, ашқан жаңалығы үшін Нобель сыйлығына ие болған. ДДТ препараты Ұлы Отан соғысы жылдарында малярий аурула- рына, битке және басқа зиянкестерге қарсы қолданылған. Зерттеу барысында ДДТ препараты сиыр сүті мен ана сүтінен табылған. Алма ағашына бүркілген ДДТ препараты топырақта ұзақ сақталып, яғни 9 жылдан кейін де табылған. Ал қазіргі таңда бұл препараттың токсикологиялық кері әсері болғандықтан, өндірістен алынды. Хлорорганикалық пестицидтерге мына препараттар жата- ды: Даконил - жүйелі фунгицид, астық тұқымдастар мен тех- никалық дақылдардың ауруларына (тат, септориоз, фитофтороз және т.б.) қарсы қолданылады. Жапырақтарды қорғау үшін ұзақ сақталады, өсімдіктің беткі қабатына толығымен тарайды және өнім сапасын жоғарылатады. Жылықандыларға улылығы аз мөлшерде болады. Жұмсалу мөлшері - 0,3-50,0 кгга. Спортак - ақ ұнтаққа, септориозға, теңбіл даққа қарсы қолданылады. Химиялық формуласы: N-пропил-N-2-(2,4,6- трихлорфенокси)-этилимидазол-1-карб оксамид. Брутто форму- ласы: С15 Н16CI3N3О2. Әсер етуші заты - прохлораз. Жылы- қандыларға улы. Фунгицидті әсері күшті, өсімдіктің барлық органына енеді, сақталу белсенділігі 4 немесе одан да көп аптаға созылады. Астық тұқымдастарға вегетация кезінде 1,0 лга концентрациясымен бүркіледі. Фосфорорганикалық пестицидтер Фосфорорганикалық пестицидтер химиялық қосылыстар- дың ішіндегі негізгі топтарға жатады. Себебі өсімдік пен топырақта тез ыдырайды, жұмсалу шығыны аз және эконо- микалық тиімділігі зор. Фосфорорганикалық пестицидтер зиянкестерге қарсы жоғары инсектицидті және акарицидті белсенділік көрсетеді; заттардың жүйелі әсері; препаратты аз жұмсалатын мөлшермен өңдеу және олардың зиянкестерге тез әсер етуі; топырақта тез ыдырауымен қатар балықтарға улы 137 екені анықталған. Олардың ішінде аз және орташа ұшқыш қосылыстары терінің сіңіріп алуына ықпал етеді. Фосфорорганикалық пестицидтерді қолдануда қоршаған ортаға, фосфорорганикалық қосылыстардың аз мөлшері жұм- салса да, дәрілік препараттардың метаболизмі жылықанды жануарларда эмбриотоксикалық әсер көрсетеді. Қоршаған ортада өсімдіктерде, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығында қолданатын бактериалды препараттар туралы
Жұмыртқа құс шаруашылығы
Ауылдың экологиялық жағдайы
Су ресурстарын қорғаудың негізгі бағыттары
Қоршаған ортаның химиялық, радияциялық және биологиялық ластануы
Жаһандық экологиялық проблемалар туралы
Табиғи обьектілердин экологиялык жағымсыз салдарына экономикалык баға беру
Пестицидтерді қолданудың санитарлық-гигиеналық негіздері
Ластаушы заттардың миграциясы
Адам әрекетінен кейін табиғаттың өзгеруі
Пәндер