Жемісті өсімдіктердің өсуі және жеміс салудың заңдылықтары



І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Жемісті өсімдіктердің өсу және жеміс салу кезеңдері
2.2. Жеміс салудың заңдылықтары
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Өсімдіктің өсуі және дамуы - өсімдік ағзасының қалыптасу негізіндегі маңызды тіршілік үдерістері, оның нақ және өздік дамуы (онтогенезі).
Өсу – ағза құрылымындағы жаңа жарандылармен байланысты. Оның көлемі мен салмағының кері қайтпастай артуы. Осы анықтаманың екінші бөлігінің іссанадағы маңызы өте зор, себебі өнім және оның қалыптасу барысы (жолы), ең соңында сызықтық, көлемдік және салмақтық көрсеткішке байланысты болады.
Даму – өсімдіктің немесе жекелеген мүшелердің, ұлпалардың және жасушалардың тіршілік әрекетінде, құрылымы мен қызметінде пайда болған сапалы өзгерістер.
1. Жетпісбай Ж,. Бекжан Р,. «жеміс жидек дақылдарын өсіру технологиясы» , Астана 2013 жыл
2. Ашық энциклопедия
3. Интернет
4. М.Ә.Ысқақов, Н.Г.Щепетков «Жеміс-көкөніс шаруашылығы», Алматы,2011

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БAӨЖ Тақырыбы: Жемісті өсімдіктердің өсуі және жеміс салудың заңдылықтары

Орындаған: Қабылханова М.Т.
Тексерген: Мухаметжанова О.Т
Топ: АГ-213

Семей 2015жыл
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Жемісті өсімдіктердің өсу және жеміс салу кезеңдері
2.2. Жеміс салудың заңдылықтары
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Өсімдіктің өсуі және дамуы - өсімдік ағзасының қалыптасу негізіндегі маңызды тіршілік үдерістері, оның нақ және өздік дамуы (онтогенезі).
Өсу - ағза құрылымындағы жаңа жарандылармен байланысты. Оның көлемі мен салмағының кері қайтпастай артуы. Осы анықтаманың екінші бөлігінің іссанадағы маңызы өте зор, себебі өнім және оның қалыптасу барысы (жолы), ең соңында сызықтық, көлемдік және салмақтық көрсеткішке байланысты болады.
Даму - өсімдіктің немесе жекелеген мүшелердің, ұлпалардың және жасушалардың тіршілік әрекетінде, құрылымы мен қызметінде пайда болған сапалы өзгерістер.
Өсімдіктің өсу қарқыны, құрғақ зат жиналуы сияқты, ең әуелі тұрақты түрде, гүлдеудің басталғанынша арта береді де, одан кейін, ағзаның биологиялық қартаюының куәсі ретінде кемуі басталады. Өсуді реттеуде, өсімдіктегі алмасу реакциялары кезінде пайда болатын өсіргіш заттар мен нуклейн қышқылы үлкен рөл атқарады. Соңғы, жасушаның бүкіл тірі құрылымының негізін құрастыратын ақуыздардың түзілуінде өте маңызды рөл атқарады. Өсімдіктің өсуі мен даму үдерістері морфогенезбен, яғни мүше қалыптастыру үдерістерімен байланысты.

2.1 Жемісті өсімдіктердің өсу және жеміс салу кезеңдері

Өсу барысында клондық дарада жастық өзерістер байқалады. Отырғызылғаннан кейін олар жедел өседі, бірақ жеміс салмайды. Кейін қсімдіктер жеміс салуға кіріседі және өнімділігі артқан сайын өсу үдерісінің баяулауы басталады. Осындай өзгерістерді ескеріп, П.Г.Шитт жемісті ағаш өсімдіктерінде өсу мен жеміс салудың 9 кезеңін ажыратады. Олардың ішінде іссаналық маңызға бесеуі ие: үдете өсу кезеңі; өсу және жеміс салу кезеңі; жеміс салу жіне өсу кезеңі; жеміс салу кезеңі; жеміс салу және солу (қурау) кезеңі.
Үдете өсу кезеңі - тұқымның өнуінен алғашқы жеміс салуына дейін. Топырақ үстілік және тамыр жүйесінің үдей өсуімен және жаппай жапырақтанумен сипатталады. Шабдалыда өсу кезеңі тіршілігінің 2-3 жылында аяқталады, сүйекті тұқымдастардың басым бөлігінде, алма мен алмұрттың кейбір сұрыптарында -4-5 жылда, алманың кеш пісетін сұрыптарында 10 жылға және одан да ұзаққа созылады. Агротехниканың осы кезеңдегі міндеті жетілген бөрікбасын және тереңге бойлайтын тамыр жүйесін қалыптпстыру, жаппай тарамдалатын бұтақшалардың пайда болуына ықпал жасау, бұтақтардың өсуін реттеу, өсімдіктің шынығуын күшейту.
Өсу және жеміс салу кезеңі - алғашқы өнімнен тұрақты жеміс салуға дейін .қаңқалы бұтақтардың үдемелі күшті өсуімен, қаума бұтақшалар санының молаюымен, жоғары сапалы өнімнің жылда артуымен сипатталады. Қаңқалы бұтақшалардың дамуы жалғасады және тамыр жүйесінің шет жақтарында көптеген ұсақ тамыршалар пайда болады. Агротехниканың міндеті: бөрікбасты қалыптастыруды одан әрі жалғастыру, жаппай өсетін бұтақшалардың пайда болуын ынталандыру, діңнің шеңберін арттыру.
Жеміс салу жіне өсу кезеңі - осы түрдің тұрақты өнімнен ең жоғары жеміс салуына дейін. Ағаштың өсуінің баяулауы және жаппай өсетін бұтақшалар санының молаюы, өнімнің артуы, сондай-ақ жеміс салудың дүркінділігінің басталуы, қаңқалы жаңа бұтақтардың пайда болуы байқалады. Агротехниканың міндеті: ағаштарды қалыптастыру және шырпу, өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуына қолайлы жағдай жасау.
Жеміс салу кезеңі. Ең жоғарғы өнімдер алу. Бөрікбастың өсінді бөліктерінің өсуінің тоқталуымен және олардың жемістік құрылымдарға айналуымен бірге бөрікбастың шетіндегілердің және ішіндегілердің ұдайы қурауымен сипатталынады. Өнім берумен әлсіреген ағаштар аязға төзімсізденеді, зиянкестер мен ауруларға шалдыққыш келеді, жеміс салуы дүркін-дүркін болады,жемісінің сапасы нашарлайды. Тамыр жүйесі дамуының шарықтау шегіне жетеді, жекелеген қаңқалы және жартылай қаңқалы тамырлары қурайды, тамыр жүйесінің ұшында көптеген балақ-сабақ бұтақшалар түртектес жаңа тамырлар пайда болады. Агротехниканың мәні жақсарта қырқуға, құнсыз жартылай қаңқалы бұтақтарды кесуге, өсімдікті, өнімді және топырақты күтіп - баптауды күшейтуге келіп тіреледі.
Жеміс салу және қурау кезеңі - жартылай қаңқалы және жекелеген қаңқалы бұтақтардың және тамырлардың қурауымен ,жаппай өсетін бұтақшалардың қурауының үдей түсуімен, бөрікбаста бұтақшалардың көбеюімен, тамыр жүйесінде - тамыр жүйесінің негізінен тарайтын, бірінші реттік жабайы тамырлардың пайда болуымен сипатталады. Агротехникалық тәсілдер қарқынды қыруға, сиретуге, қаңқалы бұтақтарды әлсін - әлсін ауыстыруға, өнімді мөлшерлеуге , ағаш пен топырақты күтіп-баптауға баса көңіл аударуға бағытталынады.
Келе-келе ағаш бүтіндей қурайды, тек діңнің негізінде өз тамыры бар өркен пайда болады. Бұл өсу кезеңі, түбірден пайда болған өркеннің тіршілік әрекетінің жаңа айналымы болып табылады. Өндіріс жағдайында жемістік отырғыларды, олардың шаруашылық құндылыығн жоғалтуына байланысты түбірімен қопарады.
Жидек дақылдарында жастық өзгеріс шамалы байқалады.
Жемісті өсімдіктердегі өсу мен дамудың жылдық айналымы.
Өсімдіктің жылдық даму айналымында дүркін-дүркін қайталанатын өсінді және тыныштық кезеңін ажыратады. Өсінді кезңнің тынышытқ кезеңмен ауысуы өсімдіктің төңіректегі қолайсыз жағдайға бейімделуінің бір көрінісі болып табылады. Осы кезеңдердің әр қайсысының ұзақтығы жемістілердің тұқымдық және сұрыптық ерекшеліктеріне, сондай-ақ өсірілетін жерінің географиялық орнына және агротехникасыына байланысты болады. Мысалы, шабдалының өсінді кезеңі 8 айға, шетендікі - 5 айға созылады. Алманың тыныштық кезеңі 3-4 айдай, өріктікі - 2ай. Алманың жас ағашының өсінді кезеңі кәрі ағашына қарағанда ұзағырақ келеді.
Өсінді кезеңі көктемде бүршік жарудан басталады және күзде жапырақтарының түсуімен аяқталады. Жылдың басқа уақыттарында өсімдік салыстырмалы тыныштық күйде болады.
Өсінді кезеңінде өсімдік өседі, гүлдейді, бүршіктерін қалыптастырады, жеміс салады; тыныштық кезеңінде бір қызметтері толығымен тоқтайды, кейбіреулері өте баяулайды. Көктемнің, жаздың, күздің және қыстың белгілі бір ағдайлары туындататын, әлсін-әлсін қайталанып отыратын, бүтіндей өсімдікке тән құбылыстарды фенологиялық кезеңдер немесе фенокезеңдер деп атайды.
Жемісті өсімдіктердің өсінді кезеңінде төмендегідей фенокезеңдерді белгілейді
1. Бүршіктердің шешек атуы және гүлдеуі. Кезең мынадай сатылардан тұрады: бүршіктердің шешек атуы, гүл шоғырларының ашылуы, шанақтардың даралануы, гүл күлтесінің пайда болуы т.б. Кезеңнің ұзақтығы температура және ауа ылғалдығына байланысты болады. Бүршіктің бөртуінен гүлдеуіне дейінгі температура 10ºС төмен емес және 60-70%кем емес ылғалдылықта 20 күн қажет.
Гүлдеу мерзімі бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеміс өсімдіктерінің өсу және жеміс салу заңдылықтары
Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау
Жеміс салудың заңдылықтары
Жеміс өсімдіктерінің өсу және жеміс салу заңдылықтары туралы
Қазақстандағы жекеленген аймақтарындағы жеміс шаруашылғының ерекшелгі
Бала бақшаның жер учаскесінің көгалдандырылуы
ЖЕМІС-ЖИДЕК АҒАШТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӨНІНДЕГІ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
Жеміс ағаштарын қалыптастыру және шырпу
Жеміс ағаштары
Алма ағаштарын қалыптастыру
Пәндер