Герефорд асыл тұқымды малының өнімділік қасиеттерін зерттеу



Кіріспе
1 Әдебиеттерге шолу
1.1. Қазақстан Республикасында ет өнімдерін өндіру мәселелері мен қазіргі жағдайы
1.2. Герефорд тұқымын асылдандыру барысы
1.3 Етті ірі қара малының ет өнімділігі
2 Зерттеу объектісі мен әдістемелері
3 Зерттеу нәтижелері
3.1 «АКА» ЖШС.ң табиғи.климаттық және жайылымдық.азықтық жағдайы
3.2 Табынның кластық құрамы
3.3 Дене бітімі ерекшеліктері
3.4 Табындағы бұқалар мен сиырлардың тірілей салмағы
3.5 Табындағы сиырлардың сүттілігі
3.6 Төлдің өсіп.жетілуі
3.7 Табынның ет өнімділігі
3.8 Сиырлардың көбею қабілеттілігі
5 Қоршаған ортаны қорғау
6 Еңбек қорғау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мал шаруашылығының тарихы осыдан 10 мың жылдай бұрын жабайы жануарларды қолға үйрету кезеңінен бастау алады. Алғашқыда мал шаруашылығы табиғи сипатта дамығандықтан малдардың өнімділік бағыттары мен тұқымдары санын ұлғайтуға жеткілікті жағдайлар болмады. Мал тұқымдарын шығарудың қарқын алуы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру тауарлары сипат алған капиталистік қатынастардың өркендеуімен тығыз байланыста жүрді. Мыңдаған жылдық тарихы бар мал шаруашылығының Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуындағы орны ерекше болды. 20 ғасырдың басына дейін адамдардың әл-ауқаты мен тұрмыс тіршілік деңгейі түгелге жуық мал шаруашылығының өркендеу деңгейімен анықталды
Ipi қapa шapyaшылығы – мaл шapyaшылығындaғы eң мaңызды caлaсы болуының дәлелі, бipiншiдeн – хaлқымызды eң жoғapы caпaлы тaғaмдapмeн қaмтaмacыз eтeдi,eкiншiдeн – жeңiл өнepкәciптi шикiзaтпeн қaмтaмacыз eтeдi, әpi бұл caлa мaңызды opгaникaлық тынaйтқыштapды дa өндipeдi. Қaзipгi yaқыттa әлeмнiң қaндaй мeмлeкeттepiндe бoлмacын cүт жәнe eт өндipy қapқынды өндipicтiк тeхнoлoгияғa нeгiздeлгeн. Мaл өнiмiнiң көбeюi, шapyaшылықты шoғыpлaндыpy жәнe мaмaндaндыpyғa дa көп бaйлaныcты.
1. Народное хозяйство Казахстана в 1988 г: Справочник. – Алма-ата, 2006. Предварительные итоги первой национальной с/х перепеси. Животноводство Казахстана Т.1-3. Астана, 2007
2. Қажғалиев Н.Ж. Қазақстан Республикасында ет өндірісінің даму барысы - //БҚО Жәңгір хан атындағы БҚАТУ «Батыс Қазақстанда халық шаруашылығы дамудың экономикалық аспектері» халықаралық ғылыми-практикалық конференияс материалдары – Орал, 2007. 193-195 бет.
3. Айтаханов К. Вопросы государственного регулирования животноводства в РК в 2006-2007 г // Вестник с/х Казахстана, №7, 2008 С.22-26.
4. Альпейсов Ш.А. Современное состояние животноводства и перспективы его развития на научной основе.//Вестник с/х Казахстана, №3, 2009 С.37-38.
Кинеев М.А. О генетических ресурсах животноводства Казахстана и использовании мирового генефонда.// Вестник с/х Казахстана, №1, 2009 С46-48.
5. Узаков Я.М. Современное состояние и пути развития мясной промышленности в Республике Казахстан //Пищевая и перерабатывающая промышленность Казахстана. –Алма-Ата, 2004. -№1. –С.4-6.
6. Узаков Я.М., Рыскелдиев Б.А., Байболова Л.К. Мясная промышленность Республики Казахстан //Проблемы и перспективы. –Алма-Ата, 2008. №1. –С.6-8.
7. Мясной баланс республики (под общей редакцией А.К.Ковалева). –Алма-Ата: Қайнар, 1989. –200 с.
8. Жұмабаев М. Рспубликадағы ет үшін арнайы өсірілетін ірі қара тұқымдарының бүгіні мен келешегі //Жаршы журналы №11, 2003. 9-12 бет.
9. Бозымов Қ.Қ., Төлебаев Б.Т., Асанов В.Б. Етті ірі қара тұқымдарын асылдандыру жұмыстары. //Орал, 1996. Монография.
10. Оразбеков Ж., Төлебаева Б. Етті ірі қара өсіру технологиясы және еңбек өнімділігі.-Алматы, "Қайнар", 1987.- 385 б.
11. Ғұмаров Б.Г., Төлебаев Б.Т., Төлебаева Б.Т. Етті ірі қара шаруашылығы. - Алматы, "Қайнар", 1994.
12. Қазақстан Республикасының « Асыл тұқымды мал шаруашылығы » 9 шілде 1998 жылғы №178 Заңы ;
13.Ким И.М., и др. Совершенствование племенной работы со скотом казахской белоголовой породы. //Вестник с.х. науки Казахстана, 1998. №9. С. 54.

Кіріспе

Мал шаруашылығының тарихы осыдан 10 мың жылдай бұрын жабайы
жануарларды қолға үйрету кезеңінен бастау алады. Алғашқыда мал
шаруашылығы табиғи сипатта дамығандықтан малдардың өнімділік бағыттары
мен тұқымдары санын ұлғайтуға жеткілікті жағдайлар болмады. Мал
тұқымдарын шығарудың қарқын алуы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру
тауарлары сипат алған капиталистік қатынастардың өркендеуімен тығыз
байланыста жүрді. Мыңдаған жылдық тарихы бар мал шаруашылығының
Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуындағы орны ерекше
болды. 20 ғасырдың басына дейін адамдардың әл-ауқаты мен тұрмыс тіршілік
деңгейі түгелге жуық мал шаруашылығының өркендеу деңгейімен анықталды
Ipi қapa шapyaшылығы – мaл шapyaшылығындaғы eң мaңызды caлaсы
болуының дәлелі, бipiншiдeн – хaлқымызды eң жoғapы caпaлы тaғaмдapмeн
қaмтaмacыз eтeдi,eкiншiдeн – жeңiл өнepкәciптi шикiзaтпeн қaмтaмacыз
eтeдi, әpi бұл caлa мaңызды opгaникaлық тынaйтқыштapды дa өндipeдi.
Қaзipгi yaқыттa әлeмнiң қaндaй мeмлeкeттepiндe бoлмacын cүт жәнe eт
өндipy қapқынды өндipicтiк тeхнoлoгияғa нeгiздeлгeн. Мaл өнiмiнiң көбeюi,
шapyaшылықты шoғыpлaндыpy жәнe мaмaндaндыpyғa дa көп бaйлaныcты.
Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н.Ә. 2011 жылғы
Қазақстан халқына арналған Жолдауында еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы
қарқынды даму үдерісінің интегралды көрсеткіштерінің бірі- агроөнеркәсіп
кешенінің дамуы екендігін баяндады. Аграрлық сектордың құрамындағы мал
шаруашылығын дамыту нәтижесінде 2012 жылы етті экспорттау 60 мың тоннаны
құрап, 4 миллион тонна астық экспортымен теңесу үстінде. Мемлекет бұл
жұмысты іске асыру мақсатында кредиттік ресурстардан 130 миллиард теңге
бөлуді жоспарға қойған. Ал бұл дегеніміз ауылдық жерлерден 20 мыңнан аса
жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туғызады, 100 мыңнан астам ауылдықтарға кіріс
көзін ұсына алады.
Аталған бағдарламаның басты мақсаты - халықтың әл-ауқатын көтеру.
Сондықтан Президент биылғы Жолдауында әлеуметтік жаңғырту мен әр саланы
барынша дамыту мәселелеріне айрықша назар аударды [1].
Агроөнеркәсіп кешені өзге де бағыттағы салалармен салыстырғанда
халықтың азық-түлікке деген сұранысын қанағаттандыру мақсатындағы
талаптарға сай келеді.
Қазақстанда ет өндірісін дамыту бүгінгі күннің басты назарында тұр.
Өйткені мемлекетіміздің индустриялды-иновациялық бағдарламасының ең бір
басты мақсаты – бәсекеге қабілетті және экспортқа шығара алатын өнімдерді
өндіру [1].
Елімізде азық-түлік мәселесін ойдағыдай шешу тұрғысында жеке
шаруашылықтардың қосар үлесі мол. Қазіргі кездле жалпы ауыл шаруашылығы
өнімдерінің төрттен бір бөлігі, соның ішінде мал шаруашылығы өнімдерінің
үштен бір бөлігі осы жеке шаруашылықтардан өндіріледі. Жеке шаруашылықты
өркендетуге мемелекет өз тарапынан зор қамқорлық жасауда. Осынау
қамқорлықтың арқасында ауылдық жерде тұратын жұмысшылар мен
қызметкерлердің 81%-ның жеке шаруа қожалықтары бар.
Шаруашылығынан өндірілген өніммен өз қажетін толық өтеген соң,
артылғанын мемлекетке өткізуге немесе базарға апарып сатуға толық құқылы.
Жеке шаруашылықты мал, құс, аң өсіру, сөйтіп аса сапалы, бағалы өнім
өндіру үшін оларды күтіп-бағу және азықтандыру ерекшеліктерін, сұрыптау,
іріктеу жағдайларын жақсы білген жан ғана табысқа жетеді.
Қазіргі кезде ет өндірісін дамыту аграрлық ғылымның маңызды және
күрделі көкейтесті мәселелерінің біріне айналып отыр. Бұл мәселені шешу
мақсатында отандық тұқымдардың нәсілдік потенциалын жаңа селекциялық
әдістермен жетілдіру арқылы, тиімділігін арттыру жолдары қарастырылуда.
Қазақстанда ет өндірісінің дамуы етті ірі қара шаруашылығына тікелей
байланысты. Соның ішінде, етті ірі қара шаруашылығының негізін қазақтың
ақбас сиыры тұқымының малы құрайтын болғандықтан, оның өнімділігін
арттырып, тұқым сапасын селекциялық әдістермен жақсарту салының
экономикалық тиімділігін арттыруға әсерін тигізері күмәнсіз.
Қoлдa бaр мaмaндaндырылғaн етті бaғыттaғы тұқымдaрды өсіріп, яғни
герефорд тұқымы сиырларын өсіріп, жетілдіруде және oлaрдың жaңa жетілген
тұқымдaрын шығaрудa мaлдaрғa қoйылaтын тaлaптaр өзгереді. Aсa мaйлы емес
етке деген сұрaныстың өсуіне қaрaй бұлшық ет ұлпaлaры көп, мaйы қaжетті
мөлшерде және сүйектің үлесі шaмaлы бoлып келетін ұшaaлу әрекеттері
жүзеге aсудa.
Осыған орай дипломдық жұмыстың мақсаты АКА ЖШС-де өсіріліп жатқан
герефорд тұқымы малының тұқымдылық және өнімділік сапасын зерттеу.

1 Әдебиеттерге шолу

1. Қазақстан Республикасында ет өнімдерін өндіру мәселелері мен
қазіргі жағдайы

Республикамызда ет өндірісі ХХ ғасырдың 80-90 жылдары даму қарқыны
жоғары болып, Кеңес одағы кезінде жылына 1,5 мың тонна мөлшерінде ет
өндіріліп, адам басына шаққанда 95 кг құраса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш
өкінішке орай екі, үш есе шамасында азайып отыр. Мәселен, 2005 жылдың
статистикалық мәліметі бойынша жылына 766,7 мың тонна ет өндіріліп, адам
басына шаққанда 56,3 кг етті құрайды. Бұған Қазақстанда 1996-2002 жылдары
ішкі нарықтың экономика талабына орай қайта құрудың бастапқы және өтпелі
кезеңінде мал басының күрт төмендеуі себеп болды, атап айтсақ: ірі қара
малы – 5,76 млн басқа, қой мен ешкі – 15,1 млн, құс тиісінше 34,3 млнға
азайды. Осының нәтижесінде ет өндірісі 1991 жылмен салыстырғанда 757,3
мың тоннаға немесе 50,3%-ға төмендеді [2].
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің
даму деңгейі соңғы он жыл уақыт аралығында қалыпты деңгейде дамып келеді.
Бұл оң тенденциялар осы саланың негізін қалайтын мал шаруашылы- ғына,
соның ішінде шаруашылық категорияларындағы ауыл шаруашылығы малдарының
барлық негізгі түрлері мен құс еті өндірісіне қатысты.
Ет өндірісінің өсуі 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 4,2%, ал
2006 жылы – 8,1% құрады. Соның ішінде сиыр етінің өндірісі 2006 жылы
366,5 мың.тонна құраса, 2007 жылы – 385,9 мың.тонна, ал 2008 жылы 400,1
мың.тоннаға дейін өсіп, 2006 жылмен салыстырғанда 9,2% өскен. Осындай
жағдайда қой және шошқа еті өндірісінің өсу қарқыны 6% құрап, ет
өндіріснің тұрақты ілгері басып келе жатқанын көрсетті [1].
Отандық ет өндірісі ішкі нарықта бірінші орынды 45%-ын сиыр еті,
екінші орынды шошқа еті 24% мен қой еті 14% және 9% жылқы, құс, басқа да
малдар еті құраған. Бұл көрсеткіштер мал санының өсуіне байланысты, соның
ішініде сиыр еті.
Ел Үкіметі 2011-2015 жылдарға арналған Ірі қара мал етінің
экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасын бекіткені белгілі.  Онда
шетелдік селекцияның жоғарғы өнімді ірі қара малының импортымен ет
бағытындағы репродуктор-шаруашылықтар желісін құру жөнінде әр облысқа
нақты тапсырмалар берілді.
Бес жылға жоспарланған бағдарламаны жүзеге асыру үшін елімізге
шетелден барлығы 72 мың герефорд  және ангус тұқымдас сиыр әкелінуі
керек. Ірі қараның бұл тұқымдарының өте көп ерекшеліктері бар.
Герефорд  пен Абердин-ангус -  әлем бойынша ең көп тараған сиыр
тұқымдары. Қыстың қатты суығы мен жаздың аптап ыстығына шыдамды. Жайылым 
талғамайды. Қазақстанның жер бетіне орналасу бедері Канадамен бірдей
ендікте, бірдей бойлықта жатыр. Екі елдің климаттық жағдайлары да өте
ұқсас. Шөп құрамының құнарлылығы да Қазақстанмен бірдей. Сондықтан
Канададан әкелінген малдар еліміздің жеріне тез бейімделеді [3].
Абердин-ангус сиыры - сиырдың етті тұқымы. 1917 жылы Шотландияда
жергілікті сиырды қолдан сұрыптау нәтижесінде алынды. Елімізге 1932 жылы
Англиядан әкелінді. Абердин-ангус сиыры тез өседі. 210 күнде салмағы 250
келіден кем түспейтін жас төл алуға болады. Аталған тұқымның төлі
тәулігіне орташа алғанда 800 грамм салмақ қосады. Сиырлардың тірі
салмағы  500-550 килограмм, бұқалар - 750-950 кг. Жаңа туған төлдің
салмағы - 18-28 кг. Күтімі жақсы болса, күн сайын шамамен 1200-1500 гр-ға
дейін салмақ қосады [3].
Герефорд тұқымы - етті бағыттағы ірі қара. Бұл малдың тұқымы 18
айынан бастап барынша көп салмақ жинайды. Тәулігіне шамамен 1500 гр-ға
дейін салмақ қосады. Сиырлары 3 жаста 430-500 кг, толық жасты сиырлар - 
500-540 кг, бұқалар - 800-900 кг салмақта болады. Салмағы 750 кг тартатын
сиырлар да бар. Бір жарым жасында 1 кг сүйекке шаққанда 5,5 кг еті
болады. Герефорд тұқымының малы жақсы жемделеді [4].
Қазақтың ақбас сиыры герефорд тұқымынан шыққан. Сондықтан да малдың
бұл тұқымы біздің елге, біздің өңірге тез бейімделеді.
 Бүгінде жергілікті жердің табиғатына төзімді әрі өнімі мол мал
өсіру - шаруалар үшін өте тиімді. Сондықтан, Нағашыбек шаруа қожалығы
Даниядан әкелген герефордтарды қалмақ бұқаларымен шағылыстыруда. Өйткені,
одан алынған төл қысы-жазы жайылуға бейімделген, ыстық пен суыққа және
ауруға да төзімді келеді. Сол себепті, қожалық иесі осы істі қолға алған
[5].
Сонымен бірге, жыл сайынғы көрсеткіштер бойынша ауылшаруашылық
кәсіпорындардың ет өндіру қарқыны жекеге қарағанда үш есе жоғары дамып
келеді. Бұған 2012 жылғы статистика мәліметтері дәлел. Мәселен,
аылшаруашылығы кәсіпорындарында ет өндірісі 9,1% құрап өссе, жекелерді
бұл көрсткіш тиісінше 3%-ға ғана өскен [6].
Елбасының тікелей қолдауымен  ірі қара мал етінің экспорттық
әлеуетін дамытудың 2011-2015 жылдарға белгіленген жобасы қабылданды. Ол
бойынша Үкімет 2015 жылға қарай көрші Ресей еліне жалпы көлемі 60 мың
тонна ірі қара малының етін өткізуді жоспарлады. Оған жету жолында
көптеген маңызды шараларды шешудің жолдары белгіленді. Соның бастыларының
бірі - ел ішінде ветеринарлық қызметті тәртіпке келтіру  болатын. Бір
үлкен жиында Елбасы: Біз ветеринарлық қызметті дұрыс жолға қоя алмасақ,
ет экспорты туралы айтуға да болмайды деген болатын. Расында да, егер
малдың саулығына, етінің сапасына кепілдік болмайтын болса, ондай өнімді
кім алмақ? Сондықтан ветеринарлық қызметті жақсарту, мал тұқымын
асылдандыру, ет өндірісін өркениетті елдердің талабы деңгейіне жеткізу
міндеті қойылды. Мұндай шаруаны қысқа уақыттың ішінде қолға алып, жүзеге
асыра салу оңай қызмет те емес еді. Мемлекет тарапынан көрсетілген орасан
зор қолдау-көмектің арқасында ғана ол ілгері жылжыды. Бұл салаға кейінгі
жылдары мемлекет қаржысы аямай жұмсалды. Соның арқасында еліміздің Ауыл
шаруашылығы министрлігі және ҚазАгро ұлттық холдингі біраз шаруаларды
жоспарлап, жүзеге асырды [7].
Еттің сойыс салмағындағы көлемі соңғы 3 жылда 620-670 мың тонна
деңгейінде болып тұр. Қазақстан Республикасының табиғи – климаттық
жағдайларының көптүрлілігі мал басының шоғырлануына және ет өндірудің
көлеміне ықпал етеді. Ет қорларының көпшілігімен Солтүстік Қазақстан
(50,9%) және Оңтүстік Қазақстан (27,6%), аздығымен Орталық (13,2%) және
Батыс Қазақстан (8,3%) ерекшеленеді [8].
2012 жылмен салыстырғанда мал басының да тұрақты өсіп келе жатқаны
байқалады. Мәселен, 01.01.2014 жылғы мәліметі бойынша ірі қара малы
5760,9 мың басты құрайды. Соның ішінде асыл тұқымды мал үлесі 1,11 %. Ал,
етті бағыттағы малдардың үлесі 1,1% құрайды. Бұл көрсеткіштер осы
саладағы мал шаруашылығын қайта жетілдіру қажеттілігін айқындайды [9].
Бұрындары ет өнімдері Семей, Петропавл, Орал, Алматы қалаларындағы
ірі ет комбинаттарында өңделетін. Қазіргі уақытта бұл ет комбинаттары
таратылған немесе толық қуатта жұмыс істемейді. Қолданыстағы етті өңдеу
цехтарында негізінен шұжық өнімдерін шығарады, тек олардың
кейбіреулерінде ғана ет тәріздес өнімдерден шұжықтар шығарылады,
консервілер тек Петропавл ет комбинаты ғана шығарады.
А.К.Ковалевтің жән Ұзақов Я.М. мәліметтері бойынша бұрын Семей ет
комбинатында 53,4 млн шартты банкілер, немесе жалпы өнім шығарудан 34,9%,
Петропавлда – 54,9 шартты банкілер (39,5%), Оралда – 10,2 шартты банкілер
(6,7%), Алматыда – 34,9 шартты банкілер (22,2%) өндірілген [10].
Сойыс өнімдерінде 30% дейінгі өнім қосалқы шикізат, оның 40% І және
ІІ дәрежелі ет тәріздес өнімдерге жатады. Қазақстан Республикасындағы ет
өнеркәсібінде бұл өнімдер 55-60% құраса, ал қазіргі уақытта бұл көрсеткіш
тек 15-20% құрайды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында І және ІІ дәрежелі қосалқы
ет өнімдерінің 7-8% ғана өңделеді, ал қалған бөлігі өңделмеген қалпында
қалады. Өнімдерді қайта өңдегенде шығарылған ет өнімінің құны 3-5 есе
көтеріледі және өнімдердің сапасы артатындықтан, тасымалдауы ыңғайлы
болатындықтан І және ІІ дәрежелі ет тәріздес өнімдерді өңдеуді ұлғайтып,
оны өндіруді тіптен бұрынғы деңгейге жеткізсе де болар еді.
Ет тәріздес өнімдерден жаңа ет түрлерін өндіру олардың көлемін нақты
түрде ұлғайтады [13].
Қазіргі уақытта І және ІІ дәрежелі қосалқы ет өнімдерін пайдалану
екі бағытта дамуда. Біріншісі – гомогенді қоспаларды өндіру және қосалқы
ет өнімдерінің қоспасын жылумен өңдеусіз өндірілген немесе бұл қоспаларды
піскен шұжықтардың дәстүрлі түрлеріндегі қолданылатын туралған ет
құрамында арнаулы еттің орнына қолдануға; екіншісі – қосалқы ет өнімдерін
қолдана отырып, жаңа шұжық өнімдерінің түрлерін шығару технологияларын
жасау.
Қосалқы ет өнімдерін және техникалық шикізатты қалдықсыз технология
бойынша, ғылыми негізделген қайта өңдеу жүйесі Қазақстандағы кіші және
орта қуаттағы кәсіпорындарда, басқа көршілес және шет мемлекеттерде
әзірге толық қолға алынып өңделмеген. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылық
шикізатын қайта өңдеуге құралдарды сатып алу мен бірлескен кәсіпорындар
дамуда. Мұндай бірлескен кәсіпорындарды шетелдік инвестициялар құралдар
мен технологиялық жүйелермен жабдықтаған. Осыған байланысты жақсы
жабдықталған жергілікті өндірістерде шикізатты сақтауды және өңдеуді
тиімді пайдаланып, зерттеулер жүргізу қажет.
Қазақстан Республикасында ірі қара шаруашылығы мал шаруашылығы- ның
жетекші саласы болып табылады және оның дамуы халықтың қажеттілігін
қанағаттандыратын тағамдық өнім (сиыр еті), ал өнеркәсіпті (тері)
шикізаттармен үздіксіз қамтамасыз етумен тығыз байланысты [14].
Қазіргі нарықтық қатынасқа өту жағдайында ірі қара шаруашылығы
дамуының негізгі ерекшеліктері, жұмыс өнімділігін жоғарылату, саланың
тиімділік деңгейін көтеру, өзіндік құнын түсіру кезек күттірмейтін мәселе
болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында ірі қара шаруашылығын жеделдете
өркендетудің негізгі жолы, жоғары сапалы ірі қара малы өнімдерін өндіруді
молайту. Ірі қара шаруашылығының экономикалық тиімділігін арттырумен,
бәсекелестігін көтерудің, халық шаруашылығындағы маңызының артуы, ірі
қара мал өнімдерінің өсуі мен сапасының жоғарылауына тікелей байланысты.
Бұл мәселенің шешімі етті ірі қара мал селекциясы табыстарымен
анықталады, сонымен қатар осы салада алдыңғы қатарлы технологияларды
қолданумен жүргізіледі, жоғары сапалы ірі қара өнімдерін алу үшін сиырдың
биологиялық мүмкіндігін толық және жан-жақты пайдалануды қамтамассыз ету
керек.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасында малдың денесінің өсуін,
жемнің өтелуін және еттің қалыптасуын, еттің сапасының өзгеру
ерекшелігін, ірі қара малын жеделдете өсіру кезінде олардағы (бұзаулар,
жас бұқашықтар, жарамсыздыққа шығарылған сиырлар) ет мөлшерін, жайып
семірту және бордақылауды зерттеп білудің қажеттілігі туындайды, бұл
саладағы озық технологияны жетілдіруге, өнімді жоғарылату мақсатында
өзіндік құнды түсіруге сиыр етінің сапасының жақсартылуына мүмкіндік
береді [15].
Қазақстанда өндірілетін ет құрамында сиыр (45%) етінің үлесі жоғары.
Соның ішінде етті ірі қара шаруашылығының алатын орыны ерекше [16].
Біздің республикамызда 2000 жылға дейін барлық өндірілетін сиыр
етінің 13 бөлігі арнайы ет бағытында өсірілетін ірі қара тұқымының
есебінен болатын, оның саны 2200 мың басқа дейін жеткенді. Ал, 2005-2010
жылдар аралығында ауыл шаруашылығын жекешелендір кезеңінде жән жалпы ауыл
шаруашылығы құлдыраған шақта, барлық мал, соның ішінде ет бағытын- дағы
арнайы тұқым саны азайып кетті. Егер 2010 жылы барлық шаруашылықтар
түрінде 9800 мың етті ірі қара болса, қазір оның саны жобамен 200 мың
шамасында ғана. Кейінгі он жылда етті малдың саны үш есеге дейін кеміді.
Оның басты себбі етті ірі қара тек ет өндіру үшін ғана өсіріліп, ал дәл
осы айтып отырған уақыт аралығында базардағы сиыр етінің бағасы оның
өзіндік құнынан аспады [17].
Етті ірі қараның ішінде асыл тұқымды мал саны 2007 жылы 220 мың,
оның 90 мыңы сиыр болса, қазір оның саны тиісінше 340 мың және 170 мың
сиыр болып отыр. Асыл тұқымды мал үлесі етті ірі қара малының жалпы
санынан 7%-дан 1,1%-ға дейін артып отыр.
Осы айтылған 2000-2012 жылдары етті ірі қара тұқымдарын өсіретін
көптеген асыл тұқымды мал шаруашылықтары қайта іске қосылып, герефорд,
қазақтың ақбас сиыры, әулиекөл тұқымдарының саны біршама өсіп, санта-
гертруда, қалмақ сиыры, галловей тұқымдарымен қарқынды түрде жұмыс
жүргізіле бестады.
Соның ішінде герефорд елімізде ең кең тараған ет бағытындағы арнайы
тұқым. Бұл тұқым малы бүгінгі күні Қазақстанның Ақмола, Батыс Қазақстан,
Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында
жетілдіріліп келеді. Ғылыми-зерттеу жұмыстары тұқымның сапасы мен
өнімділігін арттыру және аймақтық тұқым ішіндік типтерін шығаруға
бағытталған. Бұл Қазақстанда ет өндірісінің әліде болса жетілдіруге
мүмкіншіліктердің бар екенін дәлелдейді. Соның ішінде етті бағыттағы ірі
қара малының үлесін арттыру бүгінгі күннің басты міндеті [11].

2. Герефорд тұқымын асылдандыру барысы

Герефорд тұқымының отаны – Англияның солтүстік батысындағы жайылым
шүйгін Герефорд графтығы. Етті бағытта шығарылған тұқым. Тез жетілгіш
және елемде кең тараған тұқым. Өнімі аз жергілікті ірі қараны ұзақ уақыт
іріктеу жолымен шығарылған. Герефорд малы өте төзімді, жер шарының әр
жерінде өсіп дамиды, әсіресе жайылымды жерге өте жақсы бейімделген,
сондай- ақ жақсы бордақыланады. Сондықтан бұл тұқым Солтүстік және
Оңтүстік Америкада, Канадада, Австралияда, Африкада, Жаңа Зеландия және
т.б мемлекеттерде көп тараған. Англияда өндірістің өркендеп, халықтың көп
шоғырлануы етті мол өндіруді қажет етті. Соған орай Англияда асыл тұқымды
етті мал өсіру жедел қолға алынды [15].
Бұл жұмыстық типті, етті бағыттағы тұқымның тығыз инбридинг және
күрделі сұрыптау жасалу арқылы шығарылуы Б. Томкинс есімімен тығыз
байланысты. Бұл тұқымның қалыптасуы ұзақ уақыттағы жайылым жағдайында
жүргізілген. Сол себепті бұл тұқымның бойында төзімділік және азыққа
деген қажеттіліктің аздығы байқалады. Аса жоғары өнімділігімен көзге
түскен герефорд тұқымы асыл тұқымды мал кітабына 1846 ж. жүргізілді [16].

Біздің аймақтың қатал қысы герефорд тұқымы үшін түк емес. Өзге
қара мал тұқымдарына қарағанда терісі әдеттен тыс қалың, әрі денесін
жапқан түктері тым тығыз ұйысып өсетіндіктен суыққа тоңбайды. Азықты
талғамай опырып  жегенімен, кінәмшіл. Табиғи жем-шөпті қатты
ұнататындықтан, жасанды азықтар мен түрлі қоспаларды шектен тыс көп
берген жағдайда, мүлде бас тартып, аштық жариялағандай жемей қоюы мүмкін
[17].
Герефорд тұқымы малының сыртқы пішіні етті малға тән болып келеді,
сирағы қысқа кеудесі кең де терең, төстігі бөлектеніп шығып тұрады,
қабырғалары жұмыр, сауыры ұзын, кең. Сан еті тығыз, жоны түзу, жүні бұйра
да тығыз, қысқақарай ол ұзара түседі. Сондықтан да герефорд малы аязға
өте шыдамды (1-сурет).

1 сурет . Етті бағыттағы герефорд тұқымының 8 айлық бұқашықтары

Еті сапалы, дәмді. Етінің шығымдылығы 60-65%, ал жақсы
бордақыланғандарында 70%-ға жетеді. Ірі қара малының тірілей салмағы 850-
1000 кг. Ірі қара малының сүттілігі 1,5-2 мың кг. Ірі қара малының сүті
бұзауына толық жетеді, сүтін емізіп жүргенде арықтамайды, бұл өте бағалы
қасиет [18].
ТМД-ға герефорд малы бірінші рет 1928-1932 жылдары әкелінді.
Әкелінген бұқалары Қазақстан, Поволжье және Солтүстік Кавказдың
шаруашылықтарына таратылды.
Герефордтың таза тұқымдары етті мал өсіретін шаруашылықтарда
өнеркәсіптік және сіңіре шағылыстыру үшін пайдаланылады. Бұл тұқымның ең
жақсы табындары Оралдың тәжірибе шаруашылығында, Целиноград облысының
Балқашин асыл тұқымды мал зауыты мен Семей облысының Шалабай асыл
тұқымды зауытында, сонымен қатар қазіргі таңда Ақмола облысында, Тасты
елді мекенінде АКА ЖШС-де және т.б шаруашылықтарда шоғырланған [19].
А.Ә.Төреханов, Ж.К.Каримовтардың деректері бойынша [11] асыл
тұқымды ірі қара малды шаруашылық пайдалануына байланысты 3 топқа
бөледі: сүтті, сүтті – етті немесе етті – сүтті және етті тұқымдарға.
Етті тұқымның тобына: қазақтың ақбасы, абердин-ангусс, герефорд, қалмақ,
санта-гертруда, шароле, әулиекөл, орыстың тоқал және шортгорн ірі қара
малы жатқызылады.
Қ.Н.Бегімбеков, А.Ә.Төреханов, Ә.Б.Байжұмановтардың [11]
мәліметтеріне сүйенсек, ірі қараның тұқымдарының бөлінуі, қазіргі
уақыттағы ірі қара малының тұқымының бірінен – бірінің айырмашылығы
баршылық. Ғалымдар оны бірнеше топқа бөлуде (зоологиялық, географиялық
т.б.), ал шаруашылықтарда қолайлы жағын қарастырып тұқымды әр түрге
бөледі.
Қазіргі уақытта БҚО Орал қаласы ЖШС Орал ауылшаруашылық
тәжірибелік станциясында Герефорд тұқымы сиырларын өсіріп – бағады.
Герефорд тұқымының бұзаулары ең алғашқы рет Англия елінен 1957 жылы 19
қашар мен 1 бұқашық сатып әкелінген болатын. Міне, содан бері қарай
Герефорд тұқымы біздің елімізде сәтті өсіп – даму үстінде.
В.Б.Дмитриетің [20] мәліметтерінде осы герефорд ірі қарасына жақсы
сипаттама берілген. Бұл өзімізге мәлімдей, етті тұқымға жатады. Англияда
шығарылды, асылдандыру жұмысы XVIII ғасырдың ортасынан басталды.Герефорд
ірі қара малы өте төзімді, жер шарының әр жерінде де өсіп дамиды, әсіресе
жайылымды жерге өте жақсы бейімделген, сондай-ақ, жақсы бордақыланады.
Сондықтан бұл тұқым Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Канадада,
Австралияда, Африкада, Жаңа Зеландияда т.б. мемлекеттерге кең тараған.
А.К.Калашниковтың [21] деректері бойынша герефорд ірі қара малының
дене тұлғасы жалпақ, мойыны қысқа, жауырыны, арқасы, саны, белі етті
болып келеді, ал аяғы қысқа, түсі қызыл, басы, бауыры, сирағы, желіні,
төсі және құйрығының қылы– ақ болады. Бұл тұқымның еті сапалы, дәмді.
Еттің шығымдылығы 60-65%, ал жақсы бордақыланғандарында 70%-ға жетеді.
Ж.К.Каримов, А.Ә.Төреханов, Ш.Д.Даленовтердің [22] мәліметтеріне
назар салсақ, герефорд тұқымы ірі қара малының тірідей салмағы 800-1000
кг көрсетеді екен. Ірі қара малының сүттілігі - 1,5-2 мың кг көрсеткіште
болады. Ірі қара малының сүті бұзауларына толық жетеді, сүтін емізіп
жүргенде арықтамайды. ТМД-да Герефорд ірі қара малының тұқымы бірінші
рет 1928-1932 жылдары әкелінді. Әкелінгенбұқалары Қазақстан, Поволжье,
және Солтүстік Кавказдың шаруашылықтарына таратылды.
Малды сырт пішіні мен құрылысына қарап бағалау ілімін өзінің дамудың
ара-қатынасы туралы заңында Ч. Дарвин теориялық тұрғыдан негіздеп,
жариялаған болатын. Бұл заң асыл тұқымды мал өсіру ісінде табысты және
жемісті қолданылып келді және қазір де қолданылуда. Орыстың зоотехникалық
ғылымының классиктері П.Н.Кулешов, И.П.Чирвинский, В.И Яковлев малдың
сырт пішіні мен құрылысын танып-білуге үлкен мән берді, өйткені, ол
малдардың денсаулығы, дамып-жетілуі, ірілігі және шаруашылық пайдалығы
жайлы пайым жасауға мүмкіндік береді [23].
П.Н.Кулешов малдардың сырт пішіні мен құрылысын тани білу қажет деген
үзілді-кесілді пікір айтады. Ол, малды сырт пішіні мен құрылысына қарап
бағалау - шын мәнінде, оны іс жүзінде білу, оның тұлғасының
ерекшеліктерін түсіну болып табылады деген пікірді бейімдей түседі [24].
Е.Ф.Лискун атап көрсеткеніндей, селекциялық жұмыс негізінен ең мықты
типтегі малдарды сұрыптап алуға бағытталған, ал тұлғасы нәзік және өте
өрескел ірі малдар тек селекциялық орташа типтен ауытқығандар ғана болып
табылады.
Баяғы замандардың өздерінде-ақ, адамдар малдарды таңдағанда, ең
алдымен олардың түр-тұлғасына көңіл аударған [25].
Малдардың бойының өсуі мен дамып-жетілуі олардың осы белгілерін
жылдамдататын немесе тежейтін факторлардың әсерімен барынша көрініс
беретін өнімділік қасиетімен тығыз байланысты.
Ч.Дарвин, П.Н.Кулешов, Е.А.Богданов, Д.А.Кисловский және басқа да
ғалымдардың сансыз бақылауларының нәтижесінде, ауыл шаруашылық малдарының
стембриоалдық дамуының қарқындылығы олардың тұқым қуалаушылық негізіне
де, тіршілік жағдайларына да байланысты болатыны анықталды.
Ч.Дарвин ...Тікелей әсер етуге байланысты...екі факторды организмнің
табиғаты мен жағдайлар табиғатын ажырата білу керек. Шамасы, біріншісі
мейлінше маңыздырақ, өйткені, біздің шамалауымызша, мұндай өзгерістер әр
түрлі жағдайларда, ал екіншісі шамасы біртектес жағдайларда да бола
береді деп жазады [26].
Мал организміне сыртқы ортаның әсеріне қатысты, П.Н.Кулешовтың
пікірінше: тиісінше азықтандыру арқылы малды соншалықты өзгертуге
болады, нәтижесінде ол шаруашылық мақсаттарда мейлінше жарамды, жұмсалған
жемшөптің қарымтасын қайтаруға барынша қабілетті деңгейге жетеді. Алайда,
азықтандырудағы өзгерістің малдың организмінен де әсер ететіні - азықтың
әсерімен оның әртүрлі органдарының қызметінің не нашарлайтыны, не,
керісінше, күшейетіні, белгілі бір кезегінде, бұл малдың сыртқы түріне де
әсерін тигізеді деп атап көрсетті [19].
Көптеген зерттеушілер ірі қараның барлық тұқымынан малдың екі, не үш
типін бөліп алып қарайды. Мысалы, симентал тұқымы бойынша - ұзын аяқты,
қысқа аяқты жэне аяқтарының арасы алшақ болып келетін үш типін бөліп алып
зерттейді. А.С. Всяких пен А.П. Солдатов [27] алатау тұқымының үш типі
бар екенін келтірсе, А.В. Ланина мен В.А.Соколов және басқалары қазақтың
ақбас сиырын да үш типке бөледі. Ал, М. Б. Нармаев және А.В. Заркевич,
қалмақ сиырында екі тип бар екенін бөліп жазады.
Осы тұрғыда А.В. Ланин "...тұқым ішіндегі бірнеше типтердің
кездесуін, ол тұқымның кемшілігі деп білуге болмайды"-деп жазды. Оның
пікірі бойынша селекция жұмысында бір тұқым ішіндегі бірнеше типтің болуы
жұптаудың тиімділігін күшейтеді. Д.А. Кисловский де осындай пікірді
қолдайды [28].
Мал шаруашылығының басқа салаларынан етті ірі қара шаруашылығындағы
айырмашылықты, малдың типі бойынша, оның өнімділігін анықтауға болады.
Осы тұрғыда, П.Н. Кулешов "сауын сиыр тұлғасына қарағанда, етті ірі
қараны бағалағанда малдың өнімділік дәрежесіне өте дәл ұсыныс беруде сырт
пішінінің маңызы зор" екенін жазады [19].
Жиырмасыншы-отызыншы жылдары, дүниежүзінің көптеген елдерінде,
әсіресе АҚШ та жүргізілген зерттеулер ірі типке қарағанда, шомбал типке
жататын өгізшелердің өте тез жетілетінін және олардың сойыс сапасының
жоғарлығын дәлелдейді.
Америка құрама штаттарында герефорд тұқымының малын 5 – тике бөліп
қарайды. Олар онша тапал, қысқа, біршама жазық және өте бойшаң, созыңқы,
жалпақ денелі малдар. Бүл типтің маддары ұзақ өсіп жетіледі [30].
М.Л. Митиннің мәліметі бойынша герефорд тұқымының ірі бойшаң және
созыңқы тұқым ішіндегі типтеріне "Чарышский "және Тобилейный" асыл
тұқымды шаруашылықтарындағы малдары, ал шомбал типке "Сонский" асыл
тұқымды шаруашылығының малы жатқызылып жетілдірілуде.
Алайда 50-інші жылдардың орта шенінде арнаулы етті ірі қара тұқымы
өнімділігінің төмендегені байқалды. Бұған алғаш рет көңіл аударған
ағылшын зерттеушісі Кnох І.N. болды. Ол ірі бойшаң типтің сиырларына
қарағанда, шомбал типтің сиырларының бұзауының енесінен айырғандағы
салмағы 12-23 кг жеңіл болғанын, сондай-ақ бойшаң типтің сиырларына
қарағанда (6,2%) шомбал типке жататын сиырлар арасында (18,4%) қысыр
қалушылықтың үш есе көп екенін, ал олардың өмірінің ұзақтығы (ірі бойшаң
сиырларда 5 жыл) шомбал сиырларда 7,1 жыл екенін анықтады. Бұл
байқауларды кейінгі зерттеушілер де толығынан растайды. Бұдан басқа үй
жануарларының барлық түрін қамтитын әдеби мәліметтерде, неміс зерттеушісі
Э. Отто біршама тез өсіп -жетілетін малдың өмірі қысқа әрі өсу қабілеті
төмен болатындығын, потологиялық заңдылықтарға сүйеніп дәлелдейді.
Осыған байланысты 60-шы жылдардың басында, етті ірі қара
шаруашылығында мал тұқымын жақсарту жұмысының бағыты қайтадан
өзгергендігі байқалды. Көрмелерде тірілей салмағы ауыр, ұзын сирақты
ересек мал жақсы нәтижелерімен көрсетіле бастады. Бұған едәуір дәрежеде
халықтың азық - түлікке деген сұранысы себепші болды. Сауда базарларында
онша семіз емес, майы 10-12% етке сұраныс күшейе бастады. Мұндай ет, ірі
бойшаң типтің малынан ғана алынатыны ғалымдардың зерттеулерінде
анықталды. Осы бағытта жүргізген көптеген ғалымдардың зерттеулері де мұны
растайды.
А.В. Ранделин және И.П. Заднепрянский (25( Орал тәжірибе
станциясында герефорд тұқымыньщ аталық іздері мен туыстық топтарында ұзақ
өсіп жетілетін, ірі бойшаң малдарын үйлесімді жұптаудың нәтижесінде
іріленген типі қалыптасқанын жазады. Е.К.Сапанов, Г.П. Легошин және
басқаларының зерттеулерінде, герефорд тұқымының дене бітімі ірі бойшаң
типті бұқалары мен сиырларын біртекгі жұптағанда, алынған ұрпақтарының
80% осы типті тұқым қуалағанын, ал әр текті жұптағанда ұнамды типтің
малы тек (26-дан 61 пайызға дейін) құрайтынын келтіреді.
Осы бағытта И.П. Заднепрянский, А.В. Ранделин герефорд тұқымының дене
бітімі ерекшеліктерін зерттеп, үш типке бөліп, қарады. Олар: бойшаң,
орташа және шомбал. Дене бітімі өлішемдері бойынша, типтің сақа малдары
жастас шомбал және орташа типтің малынан шоқтығының биіктігі-4,9 және 7,8
см (Р0,999) және кеуде орамы 7,0 және 7,5 см-ге жоғары болғанын келтіре
отырып, бұл типтің өзін: бойшаң жалпақ денелі, бойшаң қушық денелі және
шомбал жалпақ, қушық денелі, орташа жалпақ, орташа қушық денелі деп, тип
ішіндегі типтерге бөліл қарағанда, бойшаң жалпақ денелі 3 және 5 жастағы
малдар жастастарынан тірілей салмағы үш жаста тиісінше-17,6 кг, 26,4,
56,6, 72,1 кг (Р0,999), ал 5 жаста сәйкесінше-24,9, 36,1, 79,2 101,4 кг-
ға (Р0,999)басым болғанын хабарлайды.
Ф.Г. Каюмов "Спутник " акционерлік қоғамында Степной 555 және Спринт
8301 бұқаларын табында кеңінен қолдануының нәтижесінде, қалмақ тұқымының
дене бітімі ірі, тұрқы созыңқы іріленген типтің малы қалыптасқанын
жазады. Бұл типтің тана бұқалары 15 айлығында 481 кг-нан асып түскен.
Герефордтың таза тұқымдары етті мал өсіретін шаруашылықтарда
өнеркәсіптік және сіңіре шағылыстыру үшін пайдаланылады. Бұл тұқымның ең
жақсы табындарының бірі Ақмола облысының шаруашылықтарында, сонымен
қатар ЖШС АКА ЖШС-де өсіріледі.
Ш.А.Макаевтың [33] деректері бойынша шортгорн ірі қара тұқымына
сипаттама берілген. Бұл тұқым Англияның солтүстік-шығыс аймағында XVIII
ғасырдың аяғында Тисса өзенінің бойында жергілікті қысқа мүйізді ірі қара
малын асылдандыру жұмысы арқылы шығарылған екен. Бұл ірі қара малының
өнімділігін арттыру үшін голланд және галловей асыл тұқымды ірі қара
малының бұқаларымен шағылыстырып, будан ұрпақтарын алған. Асылдандыру
жұмысында үлкен нәтижеге жету үшін туыстас малдарды бірімен бірін
шағылыстыру, сұрыптау және жұп таңдау тәсілдерін пайдаланып, молымен
азықтандырған. 1822 жылы алғашқы рет Шортгорн ірі қара малының асыл
тұқымдағы кітабының бірінші томы шыққан.
Е.Я.Борисенконың [34] мәліметтеріне қарасақ, етті ірі қара мал
шаруашылықтарында туған бұзаулар 6-8 айлығына дейін енесінің бауырында
болып, енесінің сүтін еміп өседі. Етті ірі қара мал шаруашылықтары
жайылымы мол жерелерге орналасқан, оның малды жайып семіртуге әсері зор,
ал бордақылайтын шаруашылықтар егістігі жақсы дамыған аумақтарға
шоғырланған.
Б.М. Мусин, A.Г. Якoвлевтың [35] деректерінде қaзaқтың aқбaс
сиырының oтaны Oрaл өңірі дейтініміз де сoндықтaн. Aнглия мен Уругвaйдaн
әкелінген герефoрд пен жергілікті сиырдың қoспaсы тaбиғи жaйылымдa жүріп,
тез қoң жинaйтын әрі ыстық-суыққaaсa төзімділігімен ерекшеленді.
Бұқaлaрының сaлмaғы тoннaғa бaрсa, aнaлығы 600-700 келі тaртaды. Oсындaй
қaсиеттерімен дaрaлaнғaн aқбaс сиырдың дaңқы 70-80-жылдaры дәуірлеп
тұрды. Oсы кезеңде oблыстa 100 мыңғa жуық aсыл тұқымды ірі қaрa бoлсa,
Чaпaев және Aңқaты мaл зaуыттaрындa жaңa әлемдік рекoрдтaр бірінен сoң
бірі тіркеліп жaтты. Мaқсoт Бaлқыбaев БҚO aгрoөнеркәсіп кешеніндегі
aумaқтық инспекциясының бөлім бaстығы Тoчкa деген 5210 жеке нөмірлі сиыр
сaлмaғы 945 келі бoлды. Oл – сoл кездегі бүкілoдaқтық көрме жеңімпaзы.
Ж.С.Суленов, А.А.Төреханов [36] мәліметтері бойынша жергілікті қaзaқ
сиырын герефoрд сиырының тұқымымен будaндaстыру және aсылдaндыру
жұмыстaрының aлғaшқы жoспaрын Oрынбoр етті ірі қaрa шaруaшылығы ғылыми-
зерттеу институтының ғылыми қызметкері С.Я. Дудии жaсaды. Шaғылыстыруғa
пaйдaлaнылғaн екі тұқымның дa құнды қaсиеттерін бoйынa сіңірген жaңa
тұқым-қaзaқтың aқбaс сиырын шығaруды көздеген бұл жoспaрдың сәтті
aяқтaлғaны бaршaмызғa мәлім.
Профессор К. A. Aкопянның [38] мәлеметтеріне қaрaғaндa, қaзaқтың
aқбaс сиыры өзінің тірілей сaлмaғы жaғынaн герефорд сиырынaн бірінші
бұзaулaғaндa140 кг (42,8%), екінші бұзaулaғaндa163 кг (50%), үшінші
бұзaулaғaндa-176 кг, (48%)aсып түсті. 1951-1952 жылдaры жүргізілген бұл
зерттеулердің деректерінде үш-төрт бұзaулaғaн қaзaқтың aқбaс сиырының
ортaшa тірілей сaлмaғы: Aқтөбе обылысы бойыншa 423 кг, Бaтыс Қaзaқстaн
обылысындa 427 кг болды.
Н.А.Кравченконың [39] мәліметтері бойынша герефорд сиыры етінің
сaпaсы мен шығымы жақсы aл жергілікті жaғдaйдa, бейімділігі олaрдaн
aнaғұрлым aртық. Сонымен қaтaр, герефорд тұқымының сиырлaрын әлі де өсу
қaрқындылығы және aзықты қосымшa сaлмaқпен өтеуін жоғaрлaтып, дене
бітімінің үйлесімділігі мен жоғaры сaпaлы ет aлынaтын тұлғaсының aртқы
үштен бір бөлігінің жетілуін жaқсaртып, жaлпы мaл бaсының өнімділігі мен
клaстық сaпaсын тәуір тaбындaрдың деңгейіне дейін жеткізу қaжет. Олардың
дене бітімінің мықтылығы мен жергілікті қaтaл тaбиғaт жaғдaйынa
бейімділігі aлдaғы уaқыттa дa мaңызын жоймaқ емес. Себебі, бұл тұқымның
тaрaлу өрісін кеңейтіп, етті ірі қaрa шaруaшылығын түрлі тaбиғи-климaттық
aймaқтaрдa өркендету қaжет. Бұл үшін озық шaруaшылықтaр мен ғылыми
зерттеу мекемелерінің тәжірибелерін қорытып, қолдaну жaйлы ұсыныстaрын
өндіріске енгізу керек.
Я. Ф. Степаненко және А. С. Чеботарев ағылшын герефордтарынан
өрбіген төлдің тез жетілгіштігімен қатар 15 және 18 айлығындағы салмағыда
канадалық герефордтардың ұрпағымен салыстырғанда ауырлау болатынын
анықтады. Бірақ енелері канададан әкелінген сиырлар Батыс Қазақстанның
жағдайына ағылын сиырларынан бейімдірек келеді. Сондықтанда осы
ғалымдардың айтуынша: Англия мен Канададан әкелінген герефордтарының екі
типінің де биологиялық және шаруашылыққа пайдалы қасиеттерін пайдалана
отырып, селекциялық асылдандыру жұмыстарын герефорд тұқымының жергілікті
жаңа типін жасау жолында жүргізген дұрыс. Бұл бағытта Канадалық сиырларды
ағылшын сиыры тұқымының бұқаларымен шағылыстыру қажет [40].

Бүгінгі күні етті ірі қара шаруашылығы бойынша елімізде герефорд
тұқымы кең тараған. Республика бойынша бұл тұқымның жалпы саны 2013
жылдың есебі бойынша 47,203 мың бас (81,5%) малды құрайды. Бұл тұқымның
малдары жалпы үлесінің 20,8% Қостанай облысында, 17,3% Шығыс Қазақстан
облысында, 15,6% Батыс Қазақстан облысында асыл тұқымды мал зауыттарында
таза тұқымды тәсілімен асылдандыруда. Зауыттағы аталмыш тұқым малының
тірілей салмағы бойынша элита-рекорд класына жататын сиырлар тіркелген.
Мәселен, Қостанай облысының Қырым асыл тұқымды мал зауытында аталмыш
тұқымның 4389 бас ірі қара малы, соның ішінде 2038 сиыр бар. Бұл зауыттың
малы ірі салмақтылығы мен еттілігімен ерекшеленеді. Мысалы бірінші туған
сиырларының тірілей салмағы 495 кг (элита-рекорд) құраса, сақа
сиырларының салмағы тиісінше 545 кг құрайды [42].
Солтүстік Қазақстанда герефорд тұқымының таңдаулы бұқалары
өсіріледі. Герефорд тұқымының бұқалары өлкенің кейбір шаруашылықтарында
қазақтың ақбас сиырын жетілдіру мақсатында қан шатыстыруға пайдаланып
жүр. Герефорд бұқаларын сүтті және сүтті етті бағыттағы сиыр тұқымдарымен
өндірістік будандастыруға қолданудың да маңызы зор.
Герефорд тұқымы Солтүстік Қазақстанда мол өнімді етті ірі қара
шаруашылығын өркендетуге көп әсер еткен тұқым. Қазақтың ақбас сиырынын
тұқымдық және өнімділік қасиеттерін жетілдіруге герефордтар бастапқы
маңызын әлі де жойған жоқ [44].
Герефорд тұқымы суыққа өте төзімді, жергілікті ауа райына
бейімделген, жайылымда жақсы семіріп, сапалы ет береді. Герефорд
тұқымының етінің сапасы жоғары екенін П.Н. Кулешов, Е. А. Богданов жақсы
бағалады [46].

1.3 Етті ірі қара малының ет өнімділігі

Малды адам негізінен өзіне қажетті тағамдық және әр түрлі өндірістер
үшін шикізаттық өнім алу үшін өсіреді. Барлық зоотехникалық жұмыс (көбею,
селекция, өсіру, малдарды барынша азықтандыру және күтіп-бағу)
жануарлардан мүмкіндігінше жоғары сапалы, арзан өнім алуға келіп
тіреледі. Сайын келгенде адам күн көрісін жеңілдету үшін малмен
шұғылданады. Оның басты себебі – малдан алынатын аса маңызды тағамдық
өнімі. Жануарладың етінде түлік түріне, жынысына, жасына , тұқымына
қарай, адам ас қорыту жолында оңай сіңірілетін формадағы құрғақ зат,
белок, май, минералды заттар, сондай-ақ А, Д және В тобының витаминдері
секілді қоректік заттар бар [31].
Еттің тағамдылық құндылығы оның құрамындағы белоктарына байланысты.
Оған: глобулин, альбумин, миозин және т.б кіреді. Ірі қара етінің адам
организміне сіңуі өте жоғары – 95%. Әр түрлі тұқымға жататын ірі қара
етінің сапасы оның морфологиялық және физилогиялық ерекшеліктеріне де
байланысты. Ол ерекшеліктеріне де байланысты. Ол ерекшеліктері
тұқымдылығына, азықтандырылуына, бағып-күтуіне, өсіп-жетілуіне тығыз
байланысты. Ірі қара етінің көрсеткішіне, оның сапасы мен ұшасының
салмағы жатады. Әсіресе тірілей салмағы және ет шығымы. Сапасының
көрсеткішіне ұшаның шеміршегі, тағы да химиялық құрамы мен ет калориясы
жатады. Ірі қара етін бағалағанда 1 кг қосқан салмағына қанша азық өлшемі
жұмсалады және төлдердің өсіп-даму қарқыны қандай екені анықталады. Ірі
қара етінің салмағына азықтандырудың және өсіп-дамуының ерекшеліктері де
көп әсер етеді, ал оның сапалылығына ірі қараның тұқымдылығының,
жынысының және жасының да әсері зор [39].
Малды сойғанда таза ет және іш майын алумен қатар, қосымша көптеген
тағамдар да алынады. Тағамдылығына қарай қосымшалары екі топқа бөлінеді.
Біріншісіне: бауыр, бүйрек, тіл, жүрек, желін тағы басқалары жатса,
екіншісіне: қарын, өкпе, шек қарын т.б жатады. Ірі қараны союдың
нәтижесінде, жеңіл өнеркәсібінде пайдаланылатын: тері, мүйіз, сүйек, жүн
т.б алса, ішінен әр түрлі фармацевтикалық көптеген бездер алады [46].
Ірі қара қанынан: қан ұнтағын және альбумин дайындаса, ал
сүйегінен: сүйек ұнтақтарын және желімді дайындайды. Ірі қара майын тағам
өнеркәсібінде пайдаланса, сонымен қатар сабын, глицерин т.б жасау үшін де
пайдаланады.
Ірі қараның ет өнімі оның тұқымына, тұқымдылығына, азықтандыру
деңгейіне, бордақылауына, жасына және жынысына да байланысты. Осы аталған
көрсеткіштердің, әрқайсысының тұқым қуалаушылық қасиеттері бар. Әрине, әр
көрсеткіштердің тұқымқуалаушылық қасиеті әр түрлі. Әсіресе, ол малдардың
тұқымына көп байланысты [47].
Тұқым қуалаушылық белгілерінің бір-бірімен қатынасы әр түрлі.
Мысалы, бұзаудың туғандағы салмағы мен енесінің тірі салмағының
арасындағы байланыс жоғары. Ғылыми деректер бойынша төлдерің қарқынды
өсуі мен азықты өтеу арасында да байланыс корреляциясы жоғары. Малдың
тәуліктік салмағының жоғарылауына байланысты, оған шығатын азықтың
арзандайтынын байқаймыз [48].
Сондықтан да қай түліктің болсын еттілік қасиеттерін жетілдіру
- селекция жүйесінің баяғы заманнан бері келе жатқан түбегейлі мәселесі.
Қолда бар мамандандырылған етті бағыттағы тұқымдарды өсіріп, жетілдіруде
және олардың жаңа тұқымдарын шығаруда малдарға қойылатын талаптар
өзгереді.
Малдың өсіп-дамуына және май болып қалыптасуына көптеген жағдайлар әсер
етеді. Оған: жасы, жынысы, азықтандырылуы және тұқымы жатады. Сонымен
қатар еттің морфологиялық және химиялық құрамы да өзгереді. Әр жастағы
малды сойғанда, оның таза етінің, майының, дәнекерінің, шеміршектерінің
өзара қатынасы әр түрлі, әрине ол ұшадағы белок пен майдың да өзара
қатынасына байланысты. Сондықтан ұшаның тағамдық қасиеті де өзгеріп
тұрады [49].
Аса майлы емес етке деген сұраныстың өсуіне қарай бұлшық ет ұлпалары
көп, майы қажетті мөлшерде және сүйектің үлесі шамалы болып келетін ұша
алу әрекеттері жүзеге асуда. Егер бұрын етті бағыттағы мал өсіру
селекциясы жануарлардың тез жетілуіне және майды жақсы жинақтауына
бағытталған болса, қазіргі жағдайларда жедел өсетін етті мал типі аса
бағалы болып отыр, өйткені мұнда майдың түзілуінен гөрі белоктың түзілуі
артып, азық мөлшері жақсы өтелетін болады.
Етті мал өсіруде жануарлардың қажетті типін көбейту үшін шароле,
лимузин, абердин-ангус, герефорд тұқымдарын пайдалану арқылы жүзеге
асады. Ірі қараның ет өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістердің
бірі - етті және сүтті - етті бағыттағы тұқымдардың сиырларын
мамандандырылған етті тұқымдардың бұқаларымен өнеркәсіптік будандастыру.
Осы мақсатта дербес шаруашылықтарда етті тұқымды бұқаларымен будандастыру
үшін белгілі мөлшерде өнімі аз сүтті сиырлар мен тайыншаларды бөледі.
Алынған будандардан жоғары сапалы мол ет өндіріледі [19].
Герефордтың таза тұқымдары етті мал өсіретін шаруашылықтарда
өнеркәсіптік және сіңіре шағылыстыру үшін пайдалынады. Бұл тұқымның ең
жақсы табындары Батыс Қазақстан облысының шаруашылықтарында, сонымен
қатар БҚО Орал қаласы ЖШС Орал ауылшаруашылық тәжірибелік станциясында
өсіріледі.
Жануарладың ет өнімділігін арттыруға және етінің сапасын жақсартуға
бағытталған өсіру, азықтандыру және бордақылаудың барлық кезеңдерінде
олардың дұрыс жетілуін қамтамасыз етуі тиіс. А.Қ.Смагулов деректері
бойынша қоректік құндылығы жағынан құнарлы ет беретін динамикалық және
динамостатикалық қаңқа бұлшық еттері ірі қараның алғашқы 6 айлығында
барынша жедел өседі. Өсудің тоқтауын дұрыс азықтандыру арқылы жоюға
болады, бірақ бұл бұлшық еттердің, әсіресе май, дәнекер ұлпаларының,
сүйектер мен шеміршектердің өсуіне себепші болады. Соңғы кезеңдерге дейін
жұмыс жасаған көптеген ірі кешендердің тәжірибесі ет өндірудің
өнеркәсіптік технологиясының тиімділігіне дәлел болып отыр [50].
Герефорд тұқымын бордақылау үшін рационы толық әрі жақсы жасалуы тиіс. Бұл
тұқым малы құнарлы әрі пайдалы азық нәтижесінде және күтімі жақсы болған
жағдайда жақсы өнім береді. Күтіп - бағуды талап еткіш бұл тұқым ыстыққа
шыдамсыз. Күтімі мен азығы талаптарға сай болса етті жақсы жинайды, жылдам
салмақ қосады [51].
Тірілей салмақтың, денесінің өсуі белгілі жаста маңызы зор, өйткені тез
өскен малдың салмағы баяу өсетініне қарағанда аз уақыт ішінде етке
тапсыруға дайын болады [55].
Табынның көбею қабілеттілігі, малдың төлдегіштік қасиетіне тығыз
байланысты. Ірі қара шаруашылығында табынды көбейту, ұдайы өсірудің құнды
көрсеткіші. Бұл көрсеткіш экономикалық жағынан тиімді болып есептеледі.
Қай түлік болмасын, олардың еттілік қасиетін жетілдіру селекция
жұмысының түбегейлі мәселесі. Малдың еттілігін мына төмендегі
көрсеткіштер арқылы бағалайды: тірілей салмағы, сыртқы дене пішіні,
тәулігіне қосатын салмағы, тез жетілгіштігі, сойыс салмағы мен оның
шығымы, ұшасының салмағы мен шығымы, ұшасының морфологиялық құрамы, сұрпы
етінің химиялық және биохимиялық құрамы, т.б. Малдың нақтылы ет өнімі,
негізінен сойғаннан кейінгі алынған ұшасының салмағы мен оның сапалық
көрсеткіштері арқылы сипатталады. Ұшаның құрамына қоректік қасиеті әр
түрлі ет, май, сүйек және дәнекер тканьдері мен шеміршек, сіңірлер
кіреді. Ұшаның құрамында шеміршек пен сүйек аз болып, майлы сұрпы еті көп
болса, соғырлым оның қоректілігі күшті нәрлілігімен сіңімділігі жоғары
болады. Малдың еттілік қасиеттерін тірі кезінде және сойғаннан кейін
тексеріп бағалайды. Малдың тірі кезінде, оның еттілік қасиетіне дұрыс
баға берудің селекциялық маңызы үлкен. Селекция мақсаты тәуір деп таңдап
алған малдан өзіне ұқсас ұрпақ алу. Малдың тірісінде еттілік қасиетін
ауық-ауық салмағын өлшеу, соның деректері бойынша тәулігіне қосатын
салмағын есептеу арқылы бағалайды [52].
Сонымен қатар малдың еттілік қасиетіне, оның сырт пішініне, үлкен-
кішілігіне қарапта біршама толық баға беруге болады. Мұндай жағдайда
малдың еттілік қасиеті мен тығыз байланысты дене биіктігі мен тұрқының
ұзындығы, кеудесінің жалпақтығы мен кеңдігі, орамы, бөксесінің
орамысияқты дене мүше өлшеулерімен көзбен бағалау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малдың өнімділігі
Сүтті және етті бағыттағы ірі қара
Қайрақ ЖШС шарттарындағы абердин ангус тұқымды малдардың сипаттамасы
Ірі қара малдың қазақтың ақбас тұқымын толық құнды азықтандыру
Ірі қараны асылдандыру технологиясы
Тұқым құрылымы және оның зоотехникалық тәжірибеде қолданылуы
Абердин - ангус тұқымы төлдерінің өсуі мен дамуы
Қазақстандағы мал шаруашылығының саласы
Сіңіре будандастырудың тәсілдері
Етті бағыттағы қолтұқымдар
Пәндер