Мақыш Қалтаев



1. Мақыш Қалтаев омірі
2. Мақыш Қалтаев шығармашылығында діншілдік сарынның басымдығы.
3. Ағартушы.демократтық бағыттағы ақын.жазушылар
Қалтай Мақыш (1869, қазіргі Астана қаласының маңы, - 1916, сонда) - ақын. Ақмолада, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау облыстарында, Троицк жағында біраз жыл бала оқытқан. Семей, Жетісу өңірін аралап қазақтардың тұрмыс-тіршілігімен танысады. 1903 жылдан бастап бірыңғай ағартушылық, ақындық жолға түседі. "Насихат қазақия" (1907), "Қалтай ұлының қазақ ахуалын бәйіт еткен манзұмасы" (1909), "Мәшһүр Қалтаев" (1910), "Қазақтың айнасы" (1910), "Тура жол" (1912), "Бар оқиға" (1913) аттыөлең кітаптары жарық көрген. Өлеңдері негізінен жыр, назым, мысал, терме үлгісінде жазылған. "Бұлбұл құс I бөлім" (1910), "Бұлбұл II бөлім" атты кітаптарын татаршадан қазақ тіліне аударған. "Тұрмыш" атты қолжазба журнал шығарған.
1. Әуезов М. Тандамалы шыгармалар жинагы. -А ., Жазушы, 1988.
2. Кенжебаев Б. Макыш К атаев. Эдебиет июне искусство, 1950. -№12.
3. Машанов А. Эл-Фараби жене Абай. -А.: Казакстан,1994.
4. Мырзахметов М. Абай жене ш ы е ы с . -А.:Жазушы, 1994.
5. Кушсбаев О. Терек тамырлар. -А : Рылым, 1994.
6. Калтаев М. Казакгын айнасы. -Казан, 1910.
7. Мухаммед пайгамбардын хадистерь -А.: Жазушы, 1994. 8. Калтаев М. Бар окига. -Казан, 1912. 9. Смаилова М. Улттык мектеп бастауы. Бастауьпн мектеп 1993. -№
8. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы: Білім, 1995. – 288 б.
9. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – А, 1995
10. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Астана, 2002.
11. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 6-том. – Алматы: Қазақпарат, 2006.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СРО

Орындаған: Серик.А
Тексерген:Еспенбетов А.С
Топ:КЯ:313

Семей
Жоспар:
1. Мақыш Қалтаев омірі
2. Мақыш Қалтаев шығармашылығында діншілдік сарынның басымдығы.
3. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар

Қалтай Мақыш (1869, қазіргі Астана қаласының маңы, - 1916, сонда) - ақын. Ақмолада, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау облыстарында, Троицк жағында біраз жыл бала оқытқан. Семей, Жетісу өңірін аралап қазақтардың тұрмыс-тіршілігімен танысады. 1903 жылдан бастап бірыңғай ағартушылық, ақындық жолға түседі. "Насихат қазақия" (1907), "Қалтай ұлының қазақ ахуалын бәйіт еткен манзұмасы" (1909), "Мәшһүр Қалтаев" (1910), "Қазақтың айнасы" (1910), "Тура жол" (1912), "Бар оқиға" (1913) аттыөлең кітаптары жарық көрген. Өлеңдері негізінен жыр, назым, мысал, терме үлгісінде жазылған. "Бұлбұл құс I бөлім" (1910), "Бұлбұл II бөлім" атты кітаптарын татаршадан қазақ тіліне аударған. "Тұрмыш" атты қолжазба журнал шығарған.

Мақыш Қалтаев шығармашылығында діншілдік сарынның басымдығы. Жалпы адамзаттық имандылыққа көбірек үндеуі. Дінді адам жанының рухани тазаруы ретінде ұсынуы.
М.Қалтаевтың Қалтайұлының қазақ ахуалынан бохас еткен манзұмасы, Қазақтың айнасы, Біраз ғибрат сөз, Насихат қазақия, Бар оқиға, Тура жол атты жинақтарына тән өзіндік ортақ тақырыптар. Татар ақындары З.Кәрими мен Ғ.Рашидиден аударған Айна, Сақ сүк өлеңдер жинағындағы төл туындылық белгілер.
Діни білімнің тереңдігі. Айналасына, қоғам құбылыстарына қатысты көзқарасының күрделілігі. Кезінде заман талабына лайық өз пікірін айта алғандығы. Айналадағы өзгерістердің мәнін пайымдау дәрежесі. Әлеумет ортасындағы теңсіздікті, кемшіліктері сынауы. Бала оқыту, халыққа білім беру, оқудың пайдасы туралы пікірлері. өлеңдерінде адамгершілік пен имандылықты насихаттауы. Шығармаларында алланы сүю, Мұхамметтің үмбеті болу тәрізді діни уағыздарды алға қою басым болуымен қатар, ой астарында өмірдің қиындығына төзу, алланың бергеніне масаттанбау тәрізді адамдық асыл қасиеттерге үгіттеу басымдылығы. М.Қалтаев өлеңдерінде ұлттық мүдде жоғары қойылып, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктің жырлануы.
Қалтаев поэзиясында жалаң дидактиканың көрініс беріп қалуы. Ақынның тіл шұбарлығына жол беріп алатындығы. Өмірден түйгендерін, оқыған-білген нәрселерін қарапайым қазақы тілмен ұйқас, ырғаққа түсіріп, баяндау тәсілінде жазуға бейім екендігі. М.Қалтаев поэзиясының идеялық маңыздылығы, мазмұн байлығы, көбіне уақыт тынысын дәл танып, күрделі ойларды арқау еткен пікірлер толғайтыны. Оның өз дәуіріндегі күрделі мәселелерді қозғап, халықты оятуға күш салып, өнер-ғылымды насихаттап, ағартушылық әдебиетке елеулі үлес қосқаны.

XIX гасырдын соны, XX гасырдын бас кезшде өмip cypin, шыгармашылык енбекпен айналыскан, соның аркасында артына елеуі әдеби мұра калдырган ағарт шы акындардын 6ipi - Макыш Калтаев. Макыштьң еңбектері көзі тірісінде Казан каласы баспаханаларынан бірнеше кіап болып басылып шыкты. Акыннын ш ыгармашылыгына байланысты Б. Кенжебаев. Ы Дуйсенбаев, Э. Дербгсалин, А. Нукатов сиякты т.б. әдебиетшшер азды-көпті зертгеулер жүргізіп, niKip білдірді. Макыш Калтаев өлеңдерінің такырыптык, мазмұндык ерекшеліктерн ашып көрсету үшін алдымен онын шыгармашылыгына негіз болган рухани кезш аныктап алган жөн сиякты.
Өткен ғасырдың 20-жылдарында әдебиет аламанына ат қосқан қаламгерлер легінде сыншы-зерттеуші Мақыш Қалтаев та (1869-1916) бар. Ол Қазан қаласында туған халқының дәстүр-танымын зерделеген Насихат қазақия (1907), Қалтайұлының қазақтардың өмірін баяндайтын кітабы (1909), Қазақ айнасы (1910), Мәшһүр Қалтаев (1910), Сара жол (1910), Белгілі ахуал (1913) еңбектерін жариялады. Өз кезеңіндегі заман және әдебиет ағымының тамырын дөп басқан Мақыш аударма саласында да көзге түсті. 3. Каримидің Айна (1913) туындысын, Г. Рашидидің еңбектерін қазақ тілінде сөйлетті. Қаламгер дәуір тынысын дәл басты, Ресей империясының отарындағы Алаш жұртының келешегін болжады, тәуелсіздікке үндеді, ежелгі салт-дәстүрдің озығы мен тозығын жіліктеді, ұлт тағдыры туралы толғанып, діни наным-сенім жөніндегі пайымдарын ортаға салды, қазақ аясынан тыс әлемге ел азаматының ой-түсінігімен барлау жасады. Туған жері мен елін перзенттік жүрекпен ерекше сүйген М. Қалтаев - қазақ әдебиетіндегі сыни-көркем публицистиканың негізін қалаушылардың бірі. Осы тұста Ә. Ғалимовтың (1892-1913) өлеңдері мен әңгімелері Шора, Ақмолла, Айқап журналдарында жарияланып тұрды. Ол 1911-1913 жылдары Айқап журналының жауапты хатшысы қызметін атқарды. Жастық жемісі (1912), Май мәселесі (1913) атты туындылары бар.
Ақмола-Қараөткел өңірінің байырғы ақындық дәстүрі ешқашан үзілген емес, уақыт пен қоғамның аласапырандарында да заманмен бірге бұлқынды. Қазақ әдебиетінде ақмолалық С. Байқошқаров (1876-1956), К. Тәкежанов (1886-1972), М. Жадайұлы (т.-ө.ж.белгісіз), С. Әзденбаев (1890-1967), В. Меркемелиденов (1891-1963), А. Әлжанов (1902 ж. т.) сынды суырып салма және жазба ақындарының аттары жақсы таныс. Олардың таңдаулы өлең-жырлары Халық ақындары (1953), Пернедегі термелер (1969), 1916 жыл (1916, 1936, 1940), Еңбек күйі (1972), Шұғыла (1977), Айтыс (3 т., 1960), Қазіргі халық поэзиясы (1973), Ақындар жыры (1963), Қазақ ақындарының В.И. Ленин туралы жырлары (1969) жинақтарында жарияланды. К. Тәкежановтың еңбектері Сырқаттарға кеңес (1928), Термелер (1969), Қарияның толғауы (1971) топтамалары түрінде жарық көрді. 1967 ж. С. Мұқановтың Аңыз кітабы шықты. Өңірдің айтыс ақындары республикалық жыр додаларына қатысып, халықтың қошеметіне бөленді. Жамбылдың 125 жылдығына, К. Әзірбаевтың 100 жылдығына арналған ақындар айтысына қатысқан М. Сағымбаев, Б. Сембаев, Б. Оспан, О. Қаңтарбаев Қараөткел жерінде суырып салма дарындардың жыр көші тізгін тартпағанын, дәстүрлі ағынын сақтап қалғанын дәлелдеп берді.
Қалтаев поэзиясында жалаң дидактиканың көрініс беріп қалуы. Ақынның тіл шұбарлығына жол беріп алатындығы. Өмірден түйгендерін, оқыған-білген нәрселерін қарапайым қазақы тілмен ұйқас, ырғаққа түсіріп, баяндау тәсілінде жазуға бейім екендігі. М.Қалтаев поэзиясының идеялық маңыздылығы, мазмұн байлығы, көбіне уақыт тынысын дәл танып, күрделі ойларды арқау еткен пікірлер толғайтыны. Оның өз дәуіріндегі күрделі мәселелерді қозғап, халықты оятуға күш салып, өнер-ғылымды насихаттап, ағартушылық әдебиетке елеулі үлес қосқаны.
Қалтайұлының кітаптары діни-дүниетанымдық сипатта болғандықтан, кеңес дәуірінде ұмыт бол - ған-ды. Мақыш өзінің терең ой-толғаныстарында, фило - со - фиялық өлеңдерінде келешекте қазақ халқы бос - тан - дыққа, тәуелсіздікке қол жеткізетінін, Са - ры - арқа жері Абылай хан мен Кенесары заманын - да - ғыдай қа - зақ мемлекеттігінің орталығы болатынын болжады.Оны төмендегі өлең жолдарынан байқай аламыз.

Кетер бір заман шексіз бұл ақ қарлар,
Жылынар күн, болар желсіз шуақтар.
Көре алмаспын мен ол қардың кеткенін,
Болмаса халіме бір шипа хақтан.

Кетер боран, аяз бен жел, суық та,
Жауып жаңбыр, жері көктер жуықта.
Жасыл мақпал кілем болар қара жер,
Болармын мен көрде ол уақытта.

Болар дүние ол уақытта бір жеміс бақшадай,
Ағар сулар сылдырап, төгілген ақшадай.
Шаттықпен қызық көріп жүрер әркім,
Ол күнде тек болсын менің қабірім сарай.

Өсер, көктер жер үстінде толқындап,
Сайрар құстары неше түрлі менмұндап,
Болар ол күнде әркімге бостаншылық.
Тек мен жатармын топыраққа былғанып...

Әдебиет тарихынан мәлім әр жанрдағы көркем әдеби мұраларға, көркем әдеби, публицистикалық жазбаларға қарағанда, ХХ ғасырдың басындағы ширек ғасыр қазақ әдебиетінің бәз қалпында даралық танытқан, халық тағдырының өртіне түсіп, санасынан сартап болған ұлттық мүдденің тізгінін қолына алған сәті деп қараған дұрыс. Бір жағынан, Ресей патшасының болғандығында болғанымен, 1905 - 1907 жылдардағы дүрбелеңді кезең, Ресей үкіметінің, большевиктер партиясының тегеурінінен әлсіреп, алыс-жақынды бүріп ұстаған шеңгелінің босаңсып, байтал түгіл бас қайғының кебін киген тұсында бодан елдерінің көзі ашық зиялы өкілдері өз ұлтының, елінің елдігі келешегін ойлап, алдағы күндердің қамын жей бастаған секілді. Екіншіден, қазақ ортасының ішкі даму жөні де пісіп-жетіліп, осындай бір күрделі де қайшылықты кезеңге аяқ басқаны анық-ты. Әдебиет қашанғыдай осы үрдістің өзегіндегі құбылыстардың тамырын басты. Сөйтіп, ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті идеялық сарындарымен де , көркемдік ізденістерімен, жанрлық бітімімен де, алуан қырлы тақырып, сан сырлы мазмұн, сазымен де ұлттық әдебиеттің өзіндік бітімін білдіреді. Өкініштісі, нақ осы он бес - жиырма жылдағы қазақ әдебиеті шығармалары әдебиет тарихында өзіне лайықты тиісті бағасын толық ала алмады. Қазан төңкерісінен кейін, советтік жүйе тізгінді біржолата қолына қаратқаннан соң, екі ғасыр арасындағы, екі заман жалғасындағы өліара кезеңдегі қазақ әдебиетінің ақиқаты мейлінше теріске шығарылды, бұрмаланды, бірте-бірте түнекке тасталып, қапас қақпасы тарс жабылды.
Бұл тұстағы қазақ әдебиетінің күллі сипаты мен даму заңдылықтарының көріністері, өзіндік кемшілік-жетістіктеріне қарамастан, қазақ топырағындағы ұлттық көркем саз өнерінің табиғи болмысын танытады. Жаратылысынан қазақ елінің мүддесін талғаған әдебиеттің әрі қарай даму жолы да айқын, өрісті болатын. Заман беті теріс бұрылды. Бірте-бірте әдебиет те кеңестік кептің кезіне түсті. Бұл кезеңді бөліп алып қарастырудағы мақсат әдебиет тарихындағы әр белесті кездің, мерзім жағыннан ұзақ-қысқалығына қарамасатан, өзіне тән заңдылықтардын жан-жақты ашып қарастыруды көздейді.
ХХ ғасыр басындағы әдебиет шамамен ширек ғасырлық уақытты қамтыса да (шартты түрде Қазақ АССР-і құрылған 1917 жылдан бастап саналатындықтан, 1900-1917 жылдардағы әдебиет деп нақтылап алуға тура келеді. Екі ғасыр аралығында қазақ әдебиетінің ерекшелігі де мол болады, сонымен қатар осы кездегі әдеби үрдіс, көркемдік таным заңдылықтары қазақ тарихының да елеулі беттеріне шындық сәулесін түсіреді. Сондықтан да болу керек, қаншама тыйым салынады, сол тұстағы ірі-ірі қайраткер ақын-жазушылар саяси қуғын-сүргін құрбаны болды дегеннің өзінде, бұл кезеңдегі әдебиеттің көкейтесті мәселелеріне әдебиетшілер әр уақыт айналып соғып, мән беріп отырды. Дегенмен, бұл дәуір әдебиетіне ашық мүдде биігінене қарауға тек КСРО ыдырап, Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда, Алаш қайраткерлері аталғаннан бертінгі кезде ғана мүмкіндік туғаны тарихи шындық.
Солай десек те, өз тұсында ХХ ғасырдың басындағы әдеби процесс біршама зерттеліп, түрлі сапалы ғылыми еңбектер де, зерттеу, оқулықтар да жарық көрді. Сәбит Мұқановтың ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті (1932 ж), Бейсенбай Кенжебаевтың Қазақ хылқының ХХ ғасыр баындағы қазақ әдебиеті (1956 ж., 1993 ж.), Есмағамбет Ысмайловтың ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті (1941ж.), Белгібай Шалабаевтың Қазақ прозасының тарихы (1968 ж.), Әнуар Дербісалиннің Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті(1966 ж.), Тұрсынбек Кәкішевтің Сын сапары (1971 ж.), Қазақ әдебиеті сынының тарихы (1994 ж.), Айқын Нұрқатовтың Абайдың ақындық дәстүрі (1966), Бүркіт Ысқақовтың Қазақ-татар әдеби байланысы (1976), ХХғасырдағы қазақ әдебиеті. Октябрь алдындағы кезең. Хрестоматия (1983), Зейнол Бисенғалиевтың ХХ ғасыр басындағы қазақ романы (1977 ж.), Диқан Қамзабекұлының Алаш және әдебиет (2002), т.б. монографилық оқулықтармен кітаптарда бұл кезең әдебиеті әр қырынан қарастырылды. Қазақ ССР Ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдар ұжымы бастырып шығарған ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті (1994 ж.), Қазақ әдебиетінің тарихы ІІ т. 2 кітап, 1965 ж.) сынды ірі еңбектерде де бұл тұстағы әдеби үрдіс ерекшелігі арнайы қозғалды. Академиялық Қазақ әдебиетінің тарихы (ІІ т. 2 кітап, 1965 ж.) басылымының үлкен міні - осы ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін егжей-тегжейлі саралап бағалай алмады. Сол тұстағы саясаттың пәрменімен бірқатар жаңсақ тұжырымдарға жол берді. Көптеген шығармалар мен ақындар, ағартушылар туралы жеткілікті түрде сөз болмады немесе мүлде ауызға алынбады. Енді бір шығармалар (мыс. М.Сералиннің Топжарған дастаны) қисынсыз мінелді.
ХХ ғасыр басындағы қазақ ортасындағы ұлттық әдебиет тынысы қандай еді? Нақ осы тұста жазба әдебиеттің үздік үлгілерімен жақсы таныс, өз елінің өткені мен болашағы жайлы заман ағымында толғанған ақындар мен жазушылардың қуатты толқыны, кесек дарынды суреткерлердің шоғыры бой көрсетті. Сол толқынның бел ортасында Шәкәрім, Міржақып, Мағжан, Ахмет, Жүсіпбектер тұрды. Осы аса әлеуетті толқынның шығармалары арқылы қазақтың ұлттық әдебиетінің жаңа кезеңі замана сөзін айтты. Қазақ өлеңінің мазмұны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақыш қалтайұлының өмірі мен мақыштану мәселелері
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы жайлы
Мақыш Қалтайұлының шығармашылық өмірбаяны
М. Қалтаев - ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы
ХХ ғасырдың басындағы діни-ағартушылық бағыт
Мақыш Қалтайұлы
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар жайлы
Пәндер