Шошқа гигиенасы



Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Шошқа малдарын ұстау тәсілдері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар.
2.2 Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы
2.3 Шошқаны азықтандыру. Мегежіндерді азықтандыру
2.4 Шошқаның рационындағы азық куатын және оның қоректілігін нормалау
2.5 Шошқа рационындағы азық мөлшеріне әсер ететін факторлар
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Шошқа, доңыз – жұптұяқтылар отрядына жататын сүтқоректі жануар. Адамның ең алғаш қолға үйреткен үй жануарларының бірі. Шошқаның шығу тегі Еуропа және Шығыс Азия жабайы қабандары болып саналады. Оның бітімі ірі, жұмыр, аяқтары қысқа, денесін ақ, қара, қоңыр, қызғылт, т.б. түстегі қатқыл әрі сирек түк басқан. Бас сүйегі сүйір, ұзын, төменгі жағында жер қопаратын сүйек өсіндісі бар, тұмсығы тақыр. Тістері өсімдік және басқа да азықтың түрлерін жеуге бейімделген. Қарны бір бөліктен тұрады, ішегінің ұзындығы денесінен 20 есе артық, көру қабілеті нашар, есту және иіс сезу мүшелері жақсы жетілген. Қорек талғамайды, суды таңдап ішіп, шомылғанды ұнатады.
1. Н. Омаркожаұлы "Мал азығын бағалау және малды азықтандыру". Алматы 2005.
2. Омарқожаұлы Н.,Өкімбеков Б.Р, "Мал шаруашылығы". Астана 2007 .
3. А,Д. Дәрібаев, Ж.С. Әткешов."Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру практикумы". Алматы 1994.
4. Бегенова А., Жұмақаева А., Ахметов А. Ветеринарлық гигиена.-Астана,2007.
5. Садуақасов М. Мал гигиенасы пәнінен лабораториялық тәжірбие сабағына арналған оқу құралы,Семей 2000ж

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Шошқа гигиенасы

Орындаған:Әбілова А.Қ.
Тобы:ВС-303
Тексерген :Садуақасов М.С

Семей 2015 жыл
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Шошқа малдарын ұстау тәсілдері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар.
2.2 Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы
2.3 Шошқаны азықтандыру. Мегежіндерді азықтандыру
2.4 Шошқаның рационындағы азық куатын және оның қоректілігін нормалау
2.5 Шошқа рационындағы азық мөлшеріне әсер ететін факторлар
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Шошқа, доңыз - жұптұяқтылар отрядына жататын сүтқоректі жануар. Адамның ең алғаш қолға үйреткен үй жануарларының бірі. Шошқаның шығу тегі Еуропа және Шығыс Азия жабайы қабандары болып саналады. Оның бітімі ірі, жұмыр, аяқтары қысқа, денесін ақ, қара, қоңыр, қызғылт, т.б. түстегі қатқыл әрі сирек түк басқан. Бас сүйегі сүйір, ұзын, төменгі жағында жер қопаратын сүйек өсіндісі бар, тұмсығы тақыр. Тістері өсімдік және басқа да азықтың түрлерін жеуге бейімделген. Қарны бір бөліктен тұрады, ішегінің ұзындығы денесінен 20 есе артық, көру қабілеті нашар, есту және иіс сезу мүшелері жақсы жетілген. Қорек талғамайды, суды таңдап ішіп, шомылғанды ұнатады. Ұрғашысы 9 - 10 айда еркегімен жұптастырылып, жылына 2 - 3 рет 8 - 12-ден торайлайды. Ұрғашысының салмағы 130 - 150 кг, еркегі 180 - 200 кг-ға жетеді. Өсіп-жетілу ерекшеліктеріне байланысты Шошқалар 4 топқа бөлінеді: кеш жетілетіндер (Еуропаның ұзын және қысқа құлақты Шошқалары), өте тез жетілетіндер (сиам және ескі неополитан Шошқасынан тараған майда салмақты Шошқалар), тез жетілетіндер (ТМД елдерінде кең тараған Шошқа тұқымдары) және орташа қарқында жетілетіндер.

Шошқа малдарына арналған фермаларда, әсіресе ірілендірілген комплекстерде, олардан аз шығынмен мол өнім алу үшін ерекше көңіл ветеринариялық-профилактикалық шараларға аударады. Малдардың ветеринариялық профилактикасы жалпы және арнайы шаралардан тұрады. Бұл прфилактиканың негізі - жалпы санитарлық-гигиеналық шаралар болып саналады, яғни ветеринариялық-санитарлық және зоотехникалық-гигиеналық нормативтер мен ережелерге сүйеніп, шаруашылықтың мәдениетті түрмен дамуын қамтамасыз ету.
Санитарлық-гигиеналық тұрғыдан жоғарғы мәдениетті шаруашылық берік азық қоры болып, зоогигиеналық талаптарға сәйкес тұрғызылған мал қоралары мен, малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне ылайықталған технологиямен және ветеринариялық-санитарлық объектілермен қамтамасыз етілген болуы керек. Шошқа шаруашылығындағы жұмыстардың ритімді (жүйелі) жүріп, жиі мал тобының алмасуы, механикаландырылған және автоматизацияланған процесстердің қолданылуы т.б. ұйымдастыру және ветеринариялық профилактикаға белгілі бір шамалы әсерлер тигізеді. Сондықтан ветеринариялық-санитарлық және гигиеналық шаралар шошқа өнімдерін өндірудегі технологиялық процесстерге кіріп, алынатын өнімдердің тиімділігі және сапасы ветеринариялық құжаттың талаптарына сай болуы керек.
Шошқа малдарын ұстау тәсілдері және оларға қойылатын гигиеналық талаптар
Шаруашылықта барлық шошқа малдары жасына, жынысына, физиологиялық ерекшеліктеріне және бағытына байланысты бірнеше топтарға бөлінеді.
Қабан шошқалар: тұқымдық және күйті келген шошқаларды тексеруге арналған аталықтар;
Аналық шошқалар: - Қысыр ұрықтанбаған (шағылыстан өтпеген) аналықтар;
Буаз шошқалар үш түрлі боп топталады: ұрықтанғаннан буаздығы анықталғанға дейінгі, буаздығы анықталған, жеңіл буаз, және туарға 7-10 күн қалғандағы-ауыр буаз шошқалар;
Торайлы аналықтар - торайлары бөлініп алынғанша;
Бордақылауға арналған шошқалар (ересек және жас) шошқа шаруашылықтарында, кәзіргі кезде негізгі шошқаларды ұстаудың екі тәсілі бар: серуенді және серуенсіз. Жер орайы, ауа райы және шаруашылықтың жағдайына байланысты шошқаларды жыл бойы қолда фермада немесе лагерлерде ұстап күтіп-бағады.
Серуенді ұстау тәсілінің станоктан серуендету және еркін (бос) серуендету түрі болады.
Станоктан серуендету кезінде шошқаларды жекелеме немесе топты станоктарда ұстап, мезгілді уақыттарда серуендету алаңдарына шығарып серуендетеді (моцион). Шошқаларды станоктарда немесе асханаларда азықтандырады. Жекелеме станоктарда торайлы аналықтарды (торайларымен бірге), ауыр буаздықтағы (туарына 10 күн қалған) және негізгі қабан шошқаларды ұстайды. Топтап ұсталатын станоктарда қысыр, үш айға дейінгі буаз, өнімдік жас шошқалар, енесінен айырған торайлар және бордақылауға арналған шошқаларды орналастырады.
Ірі шошқа шаруашылықтарында (комплекстерде) станоктардан серуендету тәсілі топтап ұсталған тұқымдық және өнімдік кабандарды, қысыр және үш айға дейінгі буаз аналықтарды арнайы бөлінген алаңдарға мезгіл-мезгіл шығарып серуендетеді. Серуен алаңдарын қораның ық жағынан ұзын қабырғаның бойымен жасап, шошқаларды жекелеме станоктарда ұстаса, әр күтуші адамға бекітілген мал басына, ал топтап станокта ұстаған болса, әр топтағы мал басына есептеп секцияларға бөледі. Серуен алаңдарының ауданы әр басқа шаққанда: негізгі қабандарға - 15 м², аналық шошқаларға - 10, енесінен айырған торайларға - 0,8, өнімдік және бордақылауға арналған жас шошқаларға - 1,2 м². Серуен алаңы қоршалған, ал едені бетондалған болады.
Еркін серуендету түрде ұстаған кезде шошқалар станокта ірі топтармен тұрады да, олардың еркін кіріп-шығуы үшін арнайы айналмалы станокта есік қаралып, немесе тесіктер (лаз) қалдырылады. Шошқаларды ұстау тәсіліне байланысты станоктарда, жолдарда, серуен алаңдарында немесе асханаларда азықтандырады. Еркін серуенді ұстау тәсілін, қысыр, алғашқы буаздықтың үш айлығында аналықтар, өнімдік жас шошқалар және енесінен айырған торайларға қолданады. Жылы оң түстік аймақтарда серуенді ұстау тәсілін жыл бойына пайдаланса, ал басқа зоналарда тек жаздың жылы мезгілдерінде ғана қолданады. Қысты күндері шошқаларды ауа райының жылы күндері ғана мезгілді серуендетеді.
Серуенсіз ұстау тәсілін бордақылауға қойылған 15-30 бастан станоктарда топтап ұсталатын шошқаларға қолданалды. Шошқалар қорадағы станоктарда бордақылаудың басынан аяғына дейін серуенсіз тұрады да, жолдарда немесе станоктарда азықтанады.
Ірілендірілген шошқа комплекстерінде жыл бойына негізгі қабандарда, аналық және жас шошқаларда серуендетілмейді де, олардың өсіп-жетілу функцияларына теріс әсерін тигізеді. Жазғы айларда шошқаларды (аналықтар, жас шошқалар, енесінен айырған торайлар) жеңіл салынған лагерлерде, шалаш-сарайларда, жаппа-күркелерде немесе қоршалған алаңдарда ұстаған тиімді болады.
Шошқа малдарына арналған қоралардың микроклиматы
Шошқа малдарының қораларындағы микроклиматтың қалыпты жағдайы, олардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі, шошқаларды әртүрлі жұқпалы инфекциялық және инвазиялық аурулардан сақтандыруда маңызды роль атқарады. Шошқа қораларындағы ауа температурасының тым жоғары немесе төмен болуы, олардың организмдерінің резисттентілігін төмендетіп және өсіп-жетілуін тежеп, азық шығынын арттырып, малдар жиі әртүрлі ауруларға шалдығып, өлім-жітімге ұшырайды. Аналық шошқалардың қорасында көбінесе екі температуралы режим жасалады: ірі мегежіндерге бір бөлек және емшектегі торайлар үшін жеке жағдай туғызу қажет. Мысалы, жас торайларға ауа температурасы 28ºС дан 22ºС дейін керек болса, олардың енесіне 16-18ºС температура қажет болады. Көрсетілген температурадан төмен болса, аналық шошқалардың сүттілігі кемиді. Жас төлдердің орнындағы ауа температурасының төмендеуі, олардың денесінен энергетикалық заттардың шығынын арттырады да, организмнің температурасының төмендеуіне апарып соғып, көректенуден бас тартып, өлімге ұшырайды.
Шошқа шаруашылықтарының тәжірибесінде қора ауасын қалыпты температурада ұстау үшін аралас жылыту жүйелерін пайдалануды тиімді деп санайды. Ондай жағдайда малдардың тұрған орнын едендердің асты арқылы және жоғарғы жақтан жасанды инфрақызыл сәулелерімен арнайы шамдардың іліп қойып жылытады. Торайлар жататын орнының әр станокты жылытылатын ауданы - 1,0-1,5 м², ал ол жердің үстінің температурасы 30ºС болып, біртіндеп төмендетіп, енесінен айырған кезде 22ºС жеткізеді.
Жоғарғы температура, әсіресе жазғы күндері малдарда жылу күйзелісін (стресс) тудырады, әсіресе семіз шошқаларда ондай жоғарғы температурада шағылыстан өткен мегежіндердің жатырындағы ұрықтардың алғашқы күндері сақталуын төмендетеді. Ауаның жоғарғы температурасы (27-35ºС) шағылысу кездерінде және буаздықтың алғашқы апталарында мегежіндердің эмбриондарының дамуын тежеп, туғанда торай санын азайтады. Шошқа қораларының ауасының температурасы жазғы ыстық күндерінің орташа температурасынан 5ºС артық болмауға керек. Шошқаларды жылытылмайтын қораларда ұстау, ауа райына байланысты, елеулі азық шығынына апарып соғатындығы дәлелденген (Канадада - 44 %, АҚШ - 25 %, Данияда - 10 %). Шошқа қорасының аусының 16ºС дан 5ºС төмендегенде әр градусқа, бордақылаудағы малдың салмағы 2 % кемитіндігі дәлелденген. Қора ауасының салыстырмалы ылғалдылығының 70 % дан 95 % өзгеруі, шошқалардың шығынын 0,05 %дан 17,5 % дейін жоғарлатады. Қора ауасының жоғарғы салыстырмалы ылғалдығы, төменгі температура мен біріккенде, мал организмін суыққа ұрындырып резисттенттілігін төмендетеді де, әртүрлі инфекциялық аурулармен ауыртады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, әсіресе шошқаларды қорада сулы азықтармен көректендіргенде және көңді сумен жуып тазалаған кездерде жоғарлайды.
Шошқа малдарында күйзеліс жағдайлар, көбінесе қора ауасындағы зиянды газдардың, шаң-тозаңдар мен микроорганизмдердің концентрациялары жоғарлағанда туады. Қора ауасында аммиактың мөлшері қалыптан жоғары 33-36 мгм³ көтерілсе, бордақыдағы шошқалардың тәуліктік қосу салмағы 7,7-10,2 % төмендейді (кесте 16).
Шошқа қораларындағы қалыпты жарықтану режимі, олардың организміндегі зат алмасу процесстерін арттырып, эндокринді бездердің қызметін жоғарлатып, соның нәтижесінде малдың өнімділігі жақсарып, туған төлдің ширақ және сыртқы әсерлерге төзімділік қабілеті жоғарлайды .
Малдардың қорасындағы жарықтанудың қанағаттанғысыз шамада болуы жас торайлардың өсіп-жетілуін 7-10 % тежеп, ауруға ұшырау межесін - 24-28 % көтеріп, ал өлімін - 9-10 % жоғарлататындығы дәлелденген. Бордақылайтын шошқаларды төменгі жарықтандыру мөлшеріне ауыстыруды, оларды семіртуге қоярдың алдында 70-80 күн бұрын бастаған жөн. Ол кезде жарықтандырудың шамасы, жас шошқаларды өсіру кезіндегі жарық мөлшерімен салыстырғанда екі есе азайтылып, жарықтандырудың тәуліктік ұзақтығы ет бағытындағылар үшін 10-сағат, майландырғанда - 6 сағаттан аспауы керек. Шошқалардың денсаулығы мен өнімі қораның микроклиматының барлық көрсеткіштерінің әсеріне байланысты болады. Микроклимат көрсеткіштері малдардың физиологиясына сай келмесе, оның төзімділік қабілеті төмендеп, жас шошқалардың өсіп-жетілуін (9-28 %) кеміп, азықтардың шығыны (12-30 %) артып және малдың ауруға шалдығуы 1,5-2 есеге жоғарлайды да, шаруашылық экономиялық көрсеткіштері бойынша тиімсіз болып шығады.
Шошқаны азықтандыру
Басқа шаруашылық малдарына қарағанда шошқа өсімтал, тез жетілгіш келеді. 114 тәулік (3 ай + 3 апта + 3 тәулік) буаздықтан кейін әр мегежін орташа 10 -- 12 торай тауып, олар 7 -- 8 айлығында 110 -- 120 килограмға жетіп, қосылған әр 1 кг салмаққа небәрі 4 -- 6 азық өлшемі жұмсалатындықтан, шошқадан жыл бойында мол да арзан ет өндіріледі. Және ол азық талғамайды.
Шошқа бір қарынды болғандықтан ас қорытуы негізінен ішекте өтеді. Көп қарынды күйісті малға Караған - да ас корыту жолдарында микробиологиялық түзілу онда өріс алмағандықтан (олар тек соқыр және тоқ ішектерде орын алады) шошқаны азықтандырудың биологиялық сапасына баса көңіл аударады. Осы себептен де олардың рациондарындағы қиын қорытылатын клетчат - ка мөлшерінің белгілі бір деңгейде (кұрғақ затында 10 -- 12 проценттен) аспауын жіті қадағалайды.
Берілетін асықты алдын-ала өңдеуден откізіп, ірі тамыр жемістілерді, дәнді азықтарды, күнжараны ұнтақ-тап, картопты буландырып, пісіреді. Ірі азықты булап немесе "ұнтақтап, ашытқылаған жөп. Көк азықтың өзін турап, араластырып берген дурыс.Шаруашылықтағы азық қорына байлаиысты шошқаларды жемді, жемді -- картопты, жемді-тамыржемісті азықпен қоректендіреді. Жемді типтес рацяондар құрамында қыста 75 -- 80, жазда 85 -- 90 (қоректілігі бойынша) процент жем болады. Рационының 20 -- 30 проценті тамыртүйнек жемістілер, көк азық, құрама сурлем, шөп ұиы, қурғақ қызылша жомы секілді азықтар болғандық-тан шошқаны қоректендіру арзанға түседі.
Шошқа денесіндегі май негізінен жеңіл қорытылатын көмірсулардан түзілгенімен, олардың рациондарын энергияға қанықтырып, ауыспайтын май қышқылдарымен қамтамасыз етіп, ас қорыту барысына қолайлы жағдай туғызу үшін рациондарында шикі май мөлшері де жеткілікті болуға тиіс. Ауыспайтын май қышқылдары (ли-нол, линолен, арахиден) линолен кыіпкыльшан түзілуі мүмкін. Оньщ мөлшері торайлар рационыньщ кұрғақ за - тында 1,6 процент, сака шошқалардікінде -- 1,3 процент болуға тиіс. Сондай-ақ рационда (А, Д, Е, К) және суда (В тобынын) еритін витаминдер жеткілікті болуға тиіс.
Мегежіндерді азықтандыру
Мегежіндерді жасына (сақайған болып 2 жас саналады ),тірілей салмағына және физиологиялық жағдайына (буаздықтың алғашқы 84 және соңғы 30 тәулігі, торайлар емізу кезеңі)қарай азықтандыру белгіленген.Екі жасқа жетпеген , әлі өсуін тотпаған мегежіндерді буаздық кезеңінде тірілей салмағына қарамай 181-200 киллограмдық мегежіндер нормасымен азықтандырады.Буаздықтың алдындағы 3-14 тәулікте мегежіндерді ұрықтандыруға жақсы дайындау үшін нормасын 0,6 азық өлшеміне ұлғайтып береді.Роцион құрғақ затының әрбір киллограмда 1,5 азық өлшемі , 105г қорытылатын перотин, 6,0 лизин 140г шикі клетшатка , 5,8 г ас тұзы , 8,7г кальций 7,2г фосфор , 11,6 мг каратин , В1 7мг ,В2 23мг, В3 1,16мг,В4 29мг,В12 витаминдері болуға тиіс.
Торайларын емізетін кезде екі жасқа толмаған жас мегежіндердің дұрыс өсіп - жетіліп , төлім сүтке жарытуы үшін сақа мегежіндер нормасына 0,6 -0,8 азық өлшемі қосылып , рацион құрғақ затының әр бір грамында шикі , 145 г қорытылатын протен , 8г лизин ,4,8 г метионин мен цистин, 70г аспайтын клетчатка, 9,3 кальций ,7,6 г фосфор , 11,6 мг темір (басқа көрсеткіштер жоғарыда көрсетілген буаз мегежіндердікіндей ) болуы керек.Өндіріс технологиясы бойынша торайлары60 тәуліктен ерте айырылатын болса, келтірген нормалық көрсеткіштер 0,2-0,3 (35-40 тәуліктен айырғанда )және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқаның гигиенасы жайлы ақпарат
Шошқаның гигиенасы жайлы мәлімет
Шошқаларды ұстаудың жүйелері
Шошқа гигиенасы туралы
Шошқаның гигиенасы жайында
Жануарларды жайылымда ұстау гигиенасы
Шошқаның гигиенасы туралы
Шошқаның гигиенасы туралы мәлімет
Шошқалардың гигиенасы
Шошқа гигиенасы жайлы
Пәндер