Қазақстан экономикасының құрылымын диверсификациялау



1.Қазақстан экономикасын диверсификациялау бағыттары
2.Қазақстанда диверсификациялаудың негізгі тетіктері
3. Шетелдегі озық диверсификация үлгілері
4.қорытынды
5.пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Экономикалық, әлеуметтік негізгі даму көрсеткіштері бойынша және халықтың тұрмыс деңгейіне қарай Қазақстан бүгінде ТМД аясында көшбасшы орында және жоғары қарқынмен даму үстінде. Соңғы жеті жылда еліміздің Жалпы ішкі өнімі екі есе өсті, оның 4/5 бөлігі жеке меншік секторда өндіріледі. Қазақстанның ЖІӨ дүниежүзінде соңғы 7 жылдағы ең қарқынды өсуші көрсеткіш болып табылады. Алдағы үш жылда оның орташа өсімі 8,5% деңгейінде сақталады,бұл атап айтқанда, 2008 жылы 2000 жылға шаққанда Жалпы ішкі өнімді екі есе арттыру жөніндегі стратегиялық мақсатты шешуге мүмкіндік береді.
Әлемнің 60 елінің Қазақстан экономикасына құйған тек таза тікелей инвестициясы 70 млрд долларға жетті, бұл Орталық Азия елдеріне жұмсалған барлық тікелей инвестициялардың 80% және ТМД елдері алған жалпы жиынтық инвестицияның 10%. ЕО елдерінен келген инвестициялардың үлесі жалпы көлемнің 53% құрайды.
1. ҚазЭУ хабаршысы. - 2007. - №1. - 24-28 б.
2. Казахстанская правда. – 2008.- 26 ақпан - 1-3 б.
3. Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006- 2008 жылдарға арналған бағдарламасы. (Астана – 2006)
4, 5, 6 - www.google.kz – Интернет желісі
7. ҚазЭУ хабаршысы. - 2007. - №1. - 286 б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Білім және Ғылым Министрлігі.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті

СӨЖ
Тақырыбы : Қазақстан экономикасының құрылымын диверсификациялау

Тексерген : Тойкин С.Х
Орындаған : Кыдыралинов Е.Н
Топ:ГМУ-209

Семей 2015

Жоспар:
1.Қазақстан экономикасын диверсификациялау бағыттары
2.Қазақстанда диверсификациялаудың негізгі тетіктері
3. Шетелдегі озық диверсификация үлгілері
4.қорытынды
5.пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Экономикалық, әлеуметтік негізгі даму көрсеткіштері бойынша және халықтың тұрмыс деңгейіне қарай Қазақстан бүгінде ТМД аясында көшбасшы орында және жоғары қарқынмен даму үстінде. Соңғы жеті жылда еліміздің Жалпы ішкі өнімі екі есе өсті, оның 45 бөлігі жеке меншік секторда өндіріледі. Қазақстанның ЖІӨ дүниежүзінде соңғы 7 жылдағы ең қарқынды өсуші көрсеткіш болып табылады. Алдағы үш жылда оның орташа өсімі 8,5% деңгейінде сақталады,бұл атап айтқанда, 2008 жылы 2000 жылға шаққанда Жалпы ішкі өнімді екі есе арттыру жөніндегі стратегиялық мақсатты шешуге мүмкіндік береді.
Әлемнің 60 елінің Қазақстан экономикасына құйған тек таза тікелей инвестициясы 70 млрд долларға жетті, бұл Орталық Азия елдеріне жұмсалған барлық тікелей инвестициялардың 80% және ТМД елдері алған жалпы жиынтық инвестицияның 10%. ЕО елдерінен келген инвестициялардың үлесі жалпы көлемнің 53% құрайды.
Егер 1993 жылы сыртқы сауда айналымы $4,9 млрд болса, ағымдағы жылы ол $80 млрд. болмақ.
Соңғы 10 жылда қазақстандықтардың ақшалай кірісі орта есеппен 5 есе; айлық орташа жалақы шамамен 6 есе; ең төменгі жалақы 25 есе; айлық орташа зейнетақы мөлшері 4,6 есе; жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері мен бір тұрғынға шаққандағы салымдар көлемі тиісінше 35 және 37 есе өсті.
Мұнайгаз өнеркәсібі экономиканың басқа салаларын алға сүйреген локомотивке айналды. 2015 жылы біз әлемдегі көмірсутегі шикізатын экспорттаушы ірі 10 елдің клубына еніп, 130 млн тонна мұнай мен 80 млрд текше метр газ өндірмекшіміз, бұл Қазақстанның қарқынды дамушы әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіндегі экономикалық ролін біршама арттырады.
Сонымен бірге Қазақстан қазірдің өзінде ферроқорытпалар, мыс, қорғаныс, мырыш, минералдық тыңайтқыштар, уран концентраттарын экспорттаушы ел болумен бірге ұн мен бидай экспорты бойынша әлемде алдыңғы орынға шықты.
Қазір Қазақстанды әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу стратегиясын жүзеге асыру мақсатын алға қойып отырмыз. Бұл орта мерзімді перспективада экономиканы әртараптандыру мен тиімді әкімшілік реформаларды жүргізу аясында жоғары өсім қарқынын сақтап қалуды талап етеді. Осыған сәйкес бүгінгі таңда шикізат өндіруші саланың тиімділігін арттыру, шикізаттан басқа саланы дамыту және экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды жаңалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. "30 корпоративтік көшбасшы" жобасы іске қосылды.
Қазірде Қазақстанның артықшылықтарының қатарына өңір экономикасындағы көшбасшылығын, саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қосады. Қол жеткізген жетістіктерге тоқмейілсімей, біз аймақтық экономика мен Қазақстанның әлемдік шаруашылық байланыстарға тең құқылы қатысуын қамтамасыз ету бағытында тың мақсаттарды алға қойып отыр.
Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея және Индия елдерін мысалға ала отырып шетелдік мемлекеттердің тәжірибесін қарастырайын. Әртүрлі мәселелерді шешкеніне қарамастан, аталған елдердің үкіметтерінің жүргізген саясаттарында өте көп ұқсастықтар бар. Жапония соғыстан кейінгі өнеркәсіпті қалпына келтіру, ал Қытай, Оңтүстік Корея және Индия елдері индустриялдану мәселелерін алға қойған болатын.
Іс жүзінде дүние жүзіндегі барлық елдерде экономика құрылымын диверсификациялауда барынша көп инвестицияланатын басым салаларды анықтау іске асырылады. Бұл басым салаларға салықтық және тағы да басқа жеңілдіктер ұсынылды. Басым салалардың құрылымы уақыт өте өзгеріп отырды.
Жоғарыда аталған елдерде (Жапония, Оңтүстік Корея) бизнеспен келісу саясаты және шетел инвестициясын тарту саясаты қолданылды.
Көптеген елдердің үкіметтері компаниялардың қосылуын ынталандырды (ТНК). Дегенмен кәсіпорындардың бірігуі мен қосып алуларын жасанды ынталандыру Оңтүстік Кореяда экономикадағы коррупцияның өсуіне алып келді. Біздің елде де бұл - Үкіметтің көңіл аударуын қажетсінетін мәселе.
Экономиканы диверсификациялаудың альтернативті моделі ретінде Ирландия және Финляндия елдерінің тәжірибесін қарастыруымызға болады. Бұл елдердің экономикалық саясаты үш бағыт бойынша іске асырылды: қаржылық тұрақтылық, инвестициялық және саудалық режимнің ашықтығы, белсенді құрылымдық саясат. Ирландияның Еуропалық Қоғамдастыққа (ЕҚ) қарастылығы бір жағынан еуропалық нарыққа кіруде саудалық кедергілерді алып тастады және елдің ЕҚ қоры арқылы қомақты қаржы көлемімен қаржыландырылуын қамтамасыз етті. Екінші жағынан, тиімділікті күшейтуге ынталандырулар жасай отырып, бәсекелестікті арттырды. Ирландия белсенді инвестициялық саясат жүргізді және шетел бизнесіне айтарлықтай салық жеңілдіктерін ұсынды.
Қызықты мысал ретінде еуропалық типтегі Финляндия елінде жүргізілген диверсификация қарастырылады. Төрт онжылдықта бұл ел орман ресурстарына негізделген өнеркәсіп экономикасынан, орман шарушылығы саласы мен электроника экспорт үшін бірдей маңызды саналатын экономикаға дейінгі көшу жолынан өтті. Финляндия тәжірибесі әлеуметтік қолдау жүйесін құрудағы тұрақты институционалдық қарым- қатынасты қалыптастыруда мемлекет рөлінің жоғары саналуымен қызықты. Мемлекеттік университеттер, жеке компаниялар, мемлекеттік зерттеу институттарының үшжақты серіктестігі Финляндиядағы технологияларды дамытуда негізгі факторды бірі болған және бола да бермек.
Дүние жүзінің көптеген елдері қысқа уақыт мерзімде экономикада озық жетістіктерге табиғи-ресурстық қуаттылығымен емес, экономикаларын инновациялық даму бағытына көшіру арқылы жетті.
Осы жоғарыда айтылғандардың барлығы өте маңызды. Осы тұрғыда мысалға келтірілген елдердің біздің елімізге ұқсас жақтары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан экономикасын диверсификациялау бағыттары
Екінші деңгейлі банктерде қаржы тәуекелін жүзеге асыру
Қазақстан экономикасы құрылымын диверсификациялау проблемалары
Экономиканы әртараптандыру және жаңарту бағыттар
Тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялау үрдісін жетілдіру (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)
Өнеркәсіп салаларында атқарылатын жұмыстар
КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті дамыту
Экономиканы әртараптандыру және жаңарту бағыттарының теориялық негіздері
Коммерциялық банк қаржысын банктік баланс негізінде талдау
Пәндер