Өнім сапасын басқарудың теориялық аспектілері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... 5
1.1 Өнім сапасын басқарудың мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Өнім сапасын әсер ететін факторлар және олардың жіктелуі ... ... ... ...11
1.3 Өнім сапасын басқару жүйесі мен өнімді сертификаттау ... ... ... ... ... ... ...16
1.4 Өнім сапасын анықтау әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

2 “ЖАҢА ҚАЛА ПЛЮС” ЖШС.НІҢ ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
2.1 “Жаңа қала плюс”ЖШС.нің технико.экономикалық сипаттамасы ... ... .31
2.2 Кәсіпорынның маркетингтік қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
2.3 Кәсіпорында өндірілетін өнім сапасын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... 43

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
3.1 Өнім сапасын басқарудың шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... 49
3.2 “Жаңа қала плюс”ЖШС.нің өнім сапасын басқару жүйесінің жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .69
КІРІСПЕ

Қазіргі таңда Қазақстан нарықтық экономикалық ел ретінде танылған мемлекетке айналды, ол жаңа экономикалық даму кезеңіне жол ашты. Ондаған жылдар бойы қалыптасқан жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшуі, экономикада жаңа ұғымдардың пайда болуына әкелді.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылы наурыз айының 24-жұлдызында Республика кәсіпкерлерінің (бәсеке қабілеттілігі мен өнімділігін арттыру) конгресінде сөйлеген сөзі: “Бірінші – ол отандық кәсіпкерліктің бәсеке қабілеттілігі мен өнімділігін арттыру деп атап қөрсетті”. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру еліміздің экономикасы үшін үлкен маңызға ие болып отыр. Соған байланысты отандық тауарлардың шетел тауарларына бәсеке бола алатын және кәсіпкерлердің өнім сапасын басқаруда халықаралық деңгейге жеткізу алға қойған мақсаттардың бірі болып табылады.
Өнімнің жоғары сапасы фирмаға бағалы емес бәсекеде жеңіске жетуді, яғни, өнім сапасының жоғарырақ параметрлеріндегі артықшылық пен ерекшелігі арқасында тұтынушы үшін бәсекелес-фирмалар арасындағы экономикалық жарыста жеңіске жетуді қамтамасыз етеді. Ел басымыз Н.Назарбаевтың жолдауында айтылғандай: “Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық серпілісті әлемдік экономикаға кірігудің қажетті шарты ретінде пайымдай отырып, төмендегі бағттарға баса назар аудару керек деп санаймын: Ел экономикасындағы тұрлаулы, әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет қазынагерлік, кредит-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті”.
Зерттеудің өзектілігі өнімді өткізу саясаты кәсіпорын қызметіндегі тауар ассортиментін қалыптастыруды, олардың жаңа түрлерін шығаруды, олардың сапасының жоғары болуы мен бәсеке қабілеттілігін, өмірлік кезеңін талдауды, тауар белгілерін, қораптамасын, маркіленуін және де сервистік қызмет көрсетуін талап ететін көп факторлы қызмет аясы. Сондықтан да өнімді өткізу саясаты төңірегінде қазіргі таңдағы нарық талаптарына сай өзіндік проблемалары бар. Бүгінде біздің еліміз әлемдік сауда ұйымына мүше болуға ат салысып жатқанда біздің кәсіпорындарымыз өндіретін өнімдер дүниежүзілік талаптарға сай болуы керек. Ал, бұл талаптардың бәрі сайып келгенде, тауар саясатына, яғни тауар ассортиментіне, жаңа тауарлар шығаруға, тауардың өмірлік кезеңінің ұзақтығына, қораптама, орама түрлерінің сан алуандығына байланысты. Олай болса, әрбір кәсіпорындарының өз қызмет аясында өнімді өткізу саясатын дұрыс бағытқа қою заман талабы.
Жоғарыда көрсетілген жағдайлар осы зерттеу тақырыбын таңдауды айқындайды және оның маңыздылығын сипаттайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – өнімді сапасын басқаруда теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеу, құрылыс өнімдерін шығаратын “Жаңа
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Әбдікерімова Г.И. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы, 2008 жыл.
2. Ерімбетов И.Р. «Сапаны жақсарту стандарттан басталады» // Егемен Қазақстан 2005, 27 қыркүйек, 2002, №30.
3. А.Абдрахманов, член Правления МО "СовАсК"
Ш.С.Тажибаев Институт стандартизации, метрологии и сертификации, «Проблемы и перспективы управления качеством в Республике Казахстан» : Алматы, 2005г.
4. Нұрпейісова А.С. Кластерлік талдау – микродеңгейде бәсекелік қабілетті басқару базасы // «ҚазЭУ Жаршысы», «Экономика» 2005, №3, 72-76 беттер.
5. Узун А. Өнім даярлау стандарттары мен сертификаттары инновациялық менеджменттің негізі ретінде // Ізденіс 2005 жыл №2, 262-264 бет.
6. Жанаев Д.А. Зарубежный опыт повышения конкурентноспособности промышленной продукции // Транзитная экономика 2005год. № 5
7. Ибрагимов С.Р.Сертификация ИСО 9001- это вполне реально // Бухгалтер и налоги 2005год, №11
8. «Стандарттау мен сертификаттау туралы» ҚР-ның Заңы // «Егемен Қазақстан» // 1993, 17 ақпан.
9. Ермекова Ж.К. «Качество, конкурентноспособность продукции и ценообразование // Вестник КазЭУ 2003, №4, с. 8-13.
10. Дулатов Б.Н. ИСО 9000- Всемирный стандарт систем обеспечения качество // Бухгалтер и налоги 2005 год, №11.
11. «Жаңа қала плюс» ЖШС тарихы.
12. «Жаңа қала плюс» ЖШС 2007-2008 ж. қаржылық мәліметтері.
13. «Жаңа қала плюс» ЖШС 2007-2008 ж. бухгалтерлік мәліметтері.
14. Ж.Е Басовский . www.temakosan.net «Управление качеством» Учебник. Москва. 2002г.
15. Азгальдов Г.Г. Теория и практика оценки качества товаров. – М.: Экономика, 1982.
16. Огвоздин В.Ю. Управление качеством: основы теории и практики. учебн. пособие. Москва. 1999 год. 160 стр.
17. Сағадиев Ж, Смағұлов А, Барақбаев Б, Қалиев А. «Сертификаттау» Алматы 2000 жыл.
18. Минин Б.А. Уровень качества. Социально- экономические вопросы оценки качества и защита потребителя.-М.: Изд-во стандартов, 2002.
19. Ряполов А.Ф. Сертификация. Методология и практика.- М.: Изд-во стандартов, 1987.
20. Баяхметов С. «Құрылыс экономикасы» Алматы 2003ж
21. Каренов Р.С. Терминология рыночной экономики и бизнеса. Алматы: Гылым, 1994
22. Турсумбаев Б.М., Петренко И.Я., Исмуратов С.Б. Основы организа-ции бизнеса. Учебник. Челябинск, Южно-Уральское кн. изд-во, 2001
23. Интернет сайттар: www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru
24. Ильенкова С.Д., Гохберг Л.М., Ягудин С.Ю. и др. Инновационный менеджмент. Учебник.– М.; Изд. "Банки и биржи", ЮНИТИ, 1997 г.
25. Мамыров Н.К., Саханова А.Н. и др. Государство и бизнес. Менеджмент государственного сектора. Книга 1-4. Учебник. Алматы: Экономика, 2002.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... 5
1.1 Өнім сапасын басқарудың мәні мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Өнім сапасын әсер ететін факторлар және олардың жіктелуі ... ... ... ...11
1.3 Өнім сапасын басқару жүйесі мен өнімді
сертификаттау ... ... ... ... ... .. ... .16
1.4 Өнім сапасын анықтау
әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

2 “Жаңа қала плюс” ЖШС-нің өнім сапасын басқаруын
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
2.1 “Жаңа қала плюс”ЖШС-нің технико-экономикалық сипаттамасы ... ... .31
2.2 Кәсіпорынның маркетингтік
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
2.3 Кәсіпорында өндірілетін өнім сапасын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... 43

3 кәсіпорынның өнім сапасын басқаруын жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 49
3.1 Өнім сапасын басқарудың шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... 49
3.2 “Жаңа қала плюс”ЖШС-нің өнім сапасын басқару жүйесінің жетілдіру
жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 57

қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66

қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .69

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда Қазақстан нарықтық экономикалық ел ретінде танылған
мемлекетке айналды, ол жаңа экономикалық даму кезеңіне жол ашты. Ондаған
жылдар бойы қалыптасқан жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшуі,
экономикада жаңа ұғымдардың пайда болуына әкелді.Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылы наурыз айының 24-жұлдызында
Республика кәсіпкерлерінің (бәсеке қабілеттілігі мен өнімділігін арттыру)
конгресінде сөйлеген сөзі: “Бірінші – ол отандық кәсіпкерліктің бәсеке
қабілеттілігі мен өнімділігін арттыру деп атап қөрсетті”. Дүниежүзілік
сауда ұйымына кіру еліміздің экономикасы үшін үлкен маңызға ие болып отыр.
Соған байланысты отандық тауарлардың шетел тауарларына бәсеке бола алатын
және кәсіпкерлердің өнім сапасын басқаруда халықаралық деңгейге жеткізу
алға қойған мақсаттардың бірі болып табылады.
Өнімнің жоғары сапасы фирмаға бағалы емес бәсекеде жеңіске жетуді,
яғни, өнім сапасының жоғарырақ параметрлеріндегі артықшылық пен ерекшелігі
арқасында тұтынушы үшін бәсекелес-фирмалар арасындағы экономикалық жарыста
жеңіске жетуді қамтамасыз етеді. Ел басымыз Н.Назарбаевтың жолдауында
айтылғандай: “Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық серпілісті
әлемдік экономикаға кірігудің қажетті шарты ретінде пайымдай отырып,
төмендегі бағттарға баса назар аудару керек деп санаймын: Ел
экономикасындағы тұрлаулы, әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет
қазынагерлік, кредит-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді
қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім
мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті”.
Зерттеудің өзектілігі өнімді өткізу саясаты кәсіпорын қызметіндегі
тауар ассортиментін қалыптастыруды, олардың жаңа түрлерін шығаруды, олардың
сапасының жоғары болуы мен бәсеке қабілеттілігін, өмірлік кезеңін талдауды,
тауар белгілерін, қораптамасын, маркіленуін және де сервистік қызмет
көрсетуін талап ететін көп факторлы қызмет аясы. Сондықтан да өнімді өткізу
саясаты төңірегінде қазіргі таңдағы нарық талаптарына сай өзіндік
проблемалары бар. Бүгінде біздің еліміз әлемдік сауда ұйымына мүше болуға
ат салысып жатқанда біздің кәсіпорындарымыз өндіретін өнімдер дүниежүзілік
талаптарға сай болуы керек. Ал, бұл талаптардың бәрі сайып келгенде, тауар
саясатына, яғни тауар ассортиментіне, жаңа тауарлар шығаруға, тауардың
өмірлік кезеңінің ұзақтығына, қораптама, орама түрлерінің сан алуандығына
байланысты. Олай болса, әрбір кәсіпорындарының өз қызмет аясында өнімді
өткізу саясатын дұрыс бағытқа қою заман талабы.
Жоғарыда көрсетілген жағдайлар осы зерттеу тақырыбын таңдауды
айқындайды және оның маңыздылығын сипаттайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – өнімді сапасын басқаруда теориялық және
әдістемелік мәселелерін зерттеу, құрылыс өнімдерін шығаратын “Жаңа қала
плюс” ЖШС-ң қызметін талдау және өнімді өткізу саясатындағы өнім сапасын
басқаруды жетілдіру жолдарын қарастыру. Көзделген мақсатқа қол жеткізу
үшін келесі міндеттер айқындалынды:
• Кәсіпорын қызметінің және де соның ішінде өнімді өткізу саясатының
теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеу;
• Қазақстанның құрылыс өнімдері нарығын зерттеу;
• Кәсіпорында өнімді өткізу саясаты үрдісін қарастыру;
• Өнімді өткізу саясатын зерттеу барысында әдістемелерді әзірлеуді
зерттеу;
• Тауар ассортиментін кеңейту жолдарын іздеу;
• Өнімнің өмірлік кезеңі бойынша, тауардың нарықта неғұрлым ұзағырақ
тұруын қарастыру;
• Тұтынушылардың талғамына сай жаңа құрылыс өнімдерінің түрлерін шығару
үшін тұтынушылардың қажеттілігін зерттеу;
• Құрылыс өнімдерін өндіретін “Жаңа қала плюс” ЖШС-ң саясатына шолу және
оны жетілдіру жолдарын көрсету.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні ретінде “ Жаңа қала плюс ” ЖШС-де өнім
сапасы туралы зерттеулер талданады. Дипломдық жұмысты зерттеудің теориялық,
әдістемелік негізінде қазақстандық және шетелдік ғалым-экономистердің өнім
сапасына байланысты нақты өнімді өткізу саясаты бойынша еңбектері алынды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңдары мен экономикалық
мәселелері бойынша ақпараттық басылымдардағы нормативтік құқықтық құжаттары
қолданылды. Сонымен қатар, өнімнің технологиялық құрамын және стандарттық
талаптарға сай дайындалуын білу үшін “ Жаңа қала плюс ” ЖШС-і жөнінде
мәліметтер алынды.
Осы жұмысты орындау барысында, ғылыми талдау жүргізудің жүйелі бағыты,
салыстырмалы талдау, хабар өңдеудің статистикалық әдістері, т.б. ғылыми
тәсілдер қолданылды.
"Жаңа қала плюс " ЖШС бойынша жазылған дипломдық жұмыс: кіріспе, 3
бөлім және қорытынды бөлімдерден тұрады.
Бірінші бөлімде: Кәсіпорынның өнімді өткізуді ұйымдастырудың теориялық
аспектілері қарастырылды.
ЕКІНШІ БӨЛІМДЕ: “ЖАҢА ҚАЛА ПЛЮС” ЖШС-Ң ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ, ЖАЛПЫ
СИПАТТТАМАСЫ; ӨНІМДІ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ҚЫЗМЕТІ, ТЕХНИКА- ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ӘЛЕУЕТІ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУЫН БАҒАЛАДЫМ.
ҮШІНШІ БӨЛІМДЕ: “ЖАҢА ҚАЛА ПЛЮС” ЖШС-Ң ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДА ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ
ҚОЛДАНЫЛУЫ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ.

1 ӨНІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. Өнім сапасын басқарудың мәні мен мазмұны

Сапа бүгінгі таңда өнімді, жұмысты және қызметті бағалаудың негізгі
критериі ол - әр адамның және жалпы қоғамның өмір сүру деңгейін анықтайды.
Сапа жоғарғы стандарттың индикаторы секілді, өнім өндіруші өзінің өнімін
жарнамалау кезінде щешуші роль атқрады. Сапа әр кезде әсіресе қазіргі
нарықтық экономика кезеңінде өткір мәселе болуда. Елімізде өндірілетін
өнімнің көп бөлігі импорттық тауарлармен бәсекелесе алмайды. Сондықтан
отандық кәсіпорындар көптеген қиындықтарға кездеседі. Дамыған елдердің
тәжірибесі көрсеткендей, қиындықтардан шығуға негізгі жол ашатын құрал бұл
– сапа.
XXІ ғасыр цивилизациялық дамуда сапаның барлық салалары: еңбек сапасы,
қызмет және өнім сапасы, қоршаған орта сапасы және т.б. жоғары сапа ғасыры
болуы керек. Қазіргі замандағы нарықтық қатнастар жағдайында кәсіпорынның
сәтті және бәсекеқабілетті қызметі көбінесе оның өндіретін өнімінің
сапасына тәуелді.
Өнім сапасы дегеніміз өнімнің атқаратын міндетімен сәйкес қажеттілік
анықтамасын қанағаттандыруға жарамдылығын қамтамасыз ететін өнім
қасиеттерінің жиынтығы түсіндіріледі.
Өнімнің сапасын басқару — бұл белгілеу, камтамасыз ету және сапаның
қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді
тұтыну кетіндегі жүргізілетін іс-әрекет.
Кез келген өндірістік процесті басқару айналмалы кезең болып табылады:
жоспарлау (Р), жүзеге асыру (Д), бақылау (С), басқарушылық әсер ету (А).
Сапаны басқару процесін осы сатыларды өту кезегі ретінде де көрсетуге
болады. РДСА циклі өндірісінің сапа деңгейін әр уақытта бақылап және
жоғарылатуды қамтамасыз етеді. Басқарудың кешенді жеті іс-шаралардың
негізінде ұйымдастыру керек: (1-сурет).
1. Проблеманы сәйкестендіру.
2. Шамаларды жинау және талдау.
3. Себептерді талдау.
4. Проблемаларды шешуді жоспарлау мен жүзеге асыру.
5. Нәтижелерді талдау.
6. Стандарттау.
7. Қорытындыларды жасап, келесі проблемаларға өту.
Нарықтық тұтынылатын өнімге талапты жоғарылату, сонымен бірге
өндірістік процестердің күрделі болуы, кәсіпорынның сапа проблемасына деген
проблемасын өзгертті. Түпкі өнім мен өндірістік процестің жеке
құрамаларының сапасы қазіргі уақытта жеткіліксіз болып қалды. Бәсекелестік
жағдайда жұмысын жақсарту үшін, дайын өнімнің сапасына әсер ететін
өндірстік сатылардың барлығын қамтитын сапа жүйесін құру керектігі пайда
болды.

1-сурет. Өнімнің сапасын басқару циклі

Өнімнің сапасын басқару жүйелі түрде жүзеге асрырылуы керек, атап
айтқанда, кәсіпорында сапаны басқару үшін қажетті жауапкершілікті,
процедура ресурстарды нақты бөліп беріп отыратын ұйымдық құрылым түрінде
алынған өнім сапасын басқару жүйесі жұмыс істеуі тиіс.
Сапа жүйесі – өнім сапасын жалпы басқаруға керекті, ұйымдық құрылымның,
әдістемелердің, процестер мен ресустардың жиынтығы.[1]
Сапа жүйесінің іс-қимылы өнімнің циклінің барлық сатыларына тарап, әсер
етіп отыратын, сапа тұзағынқұрайды. Сапа тұзағы деп тұтынушылықты
анықтаудан бастап, олардың қанағаттандыруын бағалауға дейінгі әр түрлі
сатылардағы сапаға әсер ететін өзара байланысқан іс түрлерінің модельдерін
айтамыз. Сапа жүйсін кәсіпорынның нақты ісін есепке алу арқылы
қалыптастырады, дегенмен кез-келген жағдайда ол сапа тұзағының барлық
сатыларын қамтуы тиіс:

2-сурет. Кәсіпорындағы сапа тұзағы

Сапа жүйесі сапа тұзағыныңбарлық бөліктеріндегі сапаны басқаруды
қамтамсыз етіп, түпкі өнімнің сапасын қамтамасыз етуге барлық жұмыскерлерді
қатыстырып, сапаны жоғарылату ісімен шығындарды төмендету істерін өзара
байланыстырып, міндетті түрде ақаулықтарды анықтап және осы ақаулықтардың
пайда болу себептерін жоюды қамтамасыз етуі керек (2-сурет).

• Маркетинг нарықты іздеу және зерттеу.
• Өнімге қойылатын техникалық талаптады жобалау немесе зерттеу.
• Материалды-техникалық қамсыздандыру.
• Өндірістік процестерді дайындау және зерттеу.
• Өндіріс.
• Бақылау және санау.
• Өнімді орау және сақтау.
• Өнімді өткізу және бөлу.
• Монтаждау және пайдалану.
• Қызмет көрсетудегі техникалық көмек.
• Өнімді пайдаланып болғаннан кейін қалдықтарды кәдеге жарату(утильдеу).

Жалпы алғанда, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін басқару
жүйесін мынадай түрде көрсетуге болады (3 сурет).

3 сурет - Өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін басқару үлгісі

Басқарылатын объектіге кірушілер (n+r) әсер етеді, әріберіден соң оның
бір бөлігін Wі бағалау айтарлықтай қиын (кәсіпорынға өз әсерін тигізетін
саяси, құқықтық және басқа жағдайлардың өзгерісі). Хі арқылы сызбада
белгіленген кірудің өзге бөлігін, оның ішінде билік органдары арқылы
түрліше реттеу құралы түрінде (R) көрініс табатындарын да маркетингілік
қызмет зерделеуі әрі бағалауы тиіс.
Өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін басқару жүйесінің мақсаты –
сатып алушылардың қажеттілігін мейілінше қанағаттандыру үшін алға қойылған
өнім өндірісі шығынының және сапаның деңгейіне қол жеткізу, яғни кез келген
мәнде Ү белгілі бір мән алу болып табылады (Х және W-өнім сапасы). Сол
себепті, басқару жүйесі үш блоктан құралуы мүмкін: өндірістік қызмет, сапа
қызметі және маркетинг қызметі.
Маркетинг қызметі ұдайы жүргізілетін маркетингілік зерттеу арқылы нақты
әрі әлеуетті тұтынушылардың талаптарын біліп, оны (Хі) басқарушыға (шешім
қабылдайтын тұлғаға) жеткізеді, сондай-ақ өндірістік қызметке (U1), сапа
қызметіне (U2) олар өздерінің ықпал ету қызметіне түзету енгізуі үшін
(U4,U5,U6) кеңес береді.
Сонымен бірге, маркетингілік қызметтің өзі нарыққа (жарнама, өткізуді
ынталандыру және т.б.) ықпал етудің (U3) шаралар кешенін әзірлейді.
Басқарылатын объектіге кәсіпорын қызметінен келіп түсетін басқарушылық
ықпал өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігіне (Ү) және нәтижеге әсер
етеді. Осылайша, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі мынадай түрдегі
функция болып табылады: Ү=F(Х,U,W).
Басқарушының міндеті – өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін
басқару жүйесінен нарық туралы ақпаратқа (Хі) ие бола отырып, сол сәтте
кәсіпорынның көңілінен шығатын өнімнің бәсекеге қабілеттілік (Ү)
деңгейіне қол жеткізетіндей етіп құру қажет. Бұл U=F(Х,Ү) түрінің
тәуелділігін басқару жүйесінің жүзеге асыратынын білдіреді. Оның көмегімен
басқарылатын объектіге қажетті басқарушылық ықпалды табуы тиіс.
Қоғам дамуының әр деңгейiнде сапаға деген талаптар күшейе бастайды.
Қазiргi кезде сапа туралы өте кең мағынада айтылады және оны кiрiс,
құндылық көрсеткiштерi және өнiм сапасын көтеру сияқты категориялармен
байланыстыруға болады.
Мысалы Жопондық сапа тұжырымы сапаның 4 деңгейiн қарастырады:
Бiрiншi деңгей- Стандартпен сәйкестiгi. Бұл деңгейде сапаның
мемлекеттiк стандарт, техникалық жағдай, коммерциялық келiсiм және тағы
басқа бойынша бағалануы.Өнiм сапасын тексеру процедуралары және стандартты
бекiту талаптарын бiлу қажет және де сапаға мiндеттi түрде бақылау жасау
қажеттiгi айтылады.
Екiншi деңгей- Пайдалану сәйкестiгi.Өнiм стандартқа сәйкестенiп
қана емес, ол қолдану талаптарын қанағат- тандыру керек. Сонда ғана ол
нарықта сұраныс ретiнде қолданылады. Өнiмдi пайдаланудың барлық
варианттарымен сәйкес келу үшiн, оның сапасы тек қана фирманың өндiрiстiк
бөлiмшелерiмен ғана емес, маркетинг қызметiмен, зерттеу жәәне өңдеу,
жоспарлау, сапаны бақылау, өтiм және сервис жұмыстарын да қарастыру қажет.
Нарықты талдау және халықаралық функционалды басқару әдiстерi Жопонияда 60
жылдардың соңында, 70 жылдардың басында пайда болған көрiнедi.
Үшiншi деңгей- Нарық талаптарымен сәйкестiгi.Бұл жерде жоғары
сапалы тауар төмен бағада болғандығы көрiнедi.
Төртiншi деңгей- Жасырын тұтынушылықпен сәйкестiгi Iрi бай елдерде,
мысалы Жопония, Ұлыбритания, АҚШ және тағы басқа елдерде нарық
тұтынушылардың айқын талаптарын қанағаттандыратын барлық тауарларға толы
болады. Сондықтан өтiм кезiнде жасырын қажеттiлiк ескерiлiп, тауар
артықшылық алады.Тұтынушы өзiне не қажет екенiне еш күдiктенбейдi. Тек оған
нақты бiр күтпеген тауарды сатып алуға ұсынғанда ғана ол осы тауарды өзiне
ұнағанын және керек екенiн түсiнедi. Барлық елде қазiр өркендеушi фирмалар
осы деңгейге жету үстiнде.[2]
Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа проблемасын шешу кезінде
нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалың деңгейге
бағытталды. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны
талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін
(белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында
қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде
табылған кемістіктер, оларды талдау және обоптерін белгілеу кіреді.
Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандың өндірушілердің алдына
қойылатын негізгі проблемалар, олар:
• өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін
қосу;
• тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару
жүйесін қалай бағыттау;
• өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны
басқару жүйесіндегі механизм әсерлерді күшейту.
Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге
мүмкіндік береді:
• жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
• өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты

(рынокты) табу;
• жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін
қарастыру;
• өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы
жөніндегі проблемаларды шешу.
Сонымен, өнімнің сапасын басқару әрбір кәсіпорындарда жүйелі
түрде іске асқан жөн.
• Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің сапасы - нарықтық жағдайда
қызметтің негізгі факторы болып табылады, себебі, нарықтық саралымды
кеңейтуді, кәсіпорынды жаңдандыруды, пайданың артуын қамтамасыз
етеді.
• Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалылықты арттыру қызметі
жүйелік басқару шеңберінде жүргізілуі мақсатқа сай болғаны дұрыс, өйткені,
өнімнің барлық өміршеңдік кезеңін қамтиды — жобалаудан бастап жұмысшыларға
және кәдеге жараттуға дейін.
• Өнімнің сапасын басқару стандарттауға негізделеді Ол ұлттық
шаруашылықтың, халықтық, қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі үшін
дайындалатын өнімдерге үдемелі талаптарды анықтайтын нормативті-
техникалық негізі болып табылады.
• Дайындалған өнімнің сапасының түпкілікті бағалылығы
сертификат көмегімен жүзеге асырылады, өнімді сапауды, тиісті
сертификат беруді, бағалау сынағының көмегіен кейінгі өндірістің
жағдайы үшін өнімді таңбалауды және бақылауды білдіреді.
• Өнімнің сапасын басқаруда нормативтік актілерді іске асыру
сапаны және өнім қауіпсіздігі заңдылығын қамтамасыз етуде тиімділік
жүйені ұйымдастыруды талап етеді. Шетелдік және отандық
практиканы еске ала отырып, құрылған өнімнің сапасын бақылаудың
нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың
және жеке тұлғалардың құқықтарының бұзылуында құқықтарын және
мүдделерін қорғаудан тұрады.[3]

1.2 Өнім сапасына әсер ететін факторлар және олардың жіктелуі

Өнімнің сипатталатын белгілерінің құрамы мен құрылымын анықтаудың
негізгі бағыттары, өнім сапасының деңгейін бағалайтын көрсеткіштер
классификациясынан көрініс табады.
Мөлшерленуіне қарай натуралды бірліктермен (килограмм, метр, балл,
көлемі шектеусіз), сондай-ақ бағалық бірліктермен сипатталалды.
Сапа деңгейінің бағалануына байланысты – базалық және оған қатысты
көсеткіштер.
Анықталу стадиясына байланысты – болжамды, проектілі, өндірістік,
эксплуатациялық көрсеткіштер.
Сипатталатын белгілеріне байланысты – бірліктік және кешенді
(топтық, жалпылама, интегралды) болуы мүмкін. Бірліктік және кешенді сапа
көрсеткіштері, сізді, обьектінің (жүйенің) сыртқы ортамен қатынасының
қызықтыруына тәуелді түрлі топтарға біріктіріледі. Мұндай топтастырылу
үлгісі кестеде көрсетіледі.
Көрсеткіштер топтарын талдаған кезде олардың арасындағы белгілі
бір корреляцияны байқауға болады. Мысалға, өнімнің энергия сиымдылығы
сияқты, өндірістің технологиялық деңгейінің көрсеткіші экономикалық және
экологиялық көрсеткіштер топтарымен өте тығыз байланысты.
Өнімнің сапасы, оның құрамын анықтаушылардың мөлшерін өлшеу
негізінде бағаланады. Қазіргі заманда сапа көрсеткіштерінің сәйкес топтары
арқылы өнімнің (тауардың) құрамын келесі топтар бойынша классификациялау
өте кең тараған: пайдалану бағытының көрсеткіштері, сенімділік,
технологиялық, стандарттау және унификациялау, эргономикалық, эстетикалық,
транспортабельділік, патенттік-құқықтық, экологиялық және қауіпсіздік
көрсеткіштері.
Пайдалану бағытының көрсеткіштері өнімнің қай салада, қай жағдайда
қолданылатынын көрсетіп қана қоймай, осы өнімді пайдаланудан алынатын
тиімділікті айқындайды. Бұл көрсеткіш бағаланып отырған өнімнің көмегімен
белгілі уақыт аралығында қандай көлемде өнім өндірілетінін немесе
өндірістік қызмет көрсетілетінін айқындайды.[4]
Пайдалану бағыты көрсеткіштері тобына келесі топшаларды
жатқызуға болады: классификациялық, техникалық тиімділік, функционалдық,
құрылымдық және де құрамы мен құрылымдық.
Сенімділік көрсеткіштері. Сенімділік өнеркәсіптік өнімнің
негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Әр түрлі құндылықтардың жұмыс
интенсивтілігі мен күрделілік режимдері үздіксіз өсіп, атқарылатын
функцияларға жауапкершілік жоғарылайды. Жауапкершілік деңгейінің
жоғарылауына байланысты сенімділікке деген талаптар да өседі. Машиналар мен
басқа да құрал жабдықтардың сенімділік деңгейінің жеткіліксіздігіне
байланысты, олардың жөнделуі мен эксплуатациясындағы жұмыс қабілеттілігін
ұстап тұру шығындарымен қатар өндіріс шығындары да артады. Құндылық
сенімділігі көінесе эксплуатациядағы температура, ылғалдылық, қысым,
радиация, механикалық ауыртпалық және де басқа жағдайларға тәуелді.

1 - кесте- Өнімнің сапа көрсеткіштерінің топталу ортасына қарай жіктелуі
№ Сапа Сапа
рс функцияларының топталу ортасы көрсеткіштері топтары
1 Заттық ортасы функционалды белгілерінің
көрсеткіштері
2 Уақытылы заттық ортасы сенімділік көрсеткіштері
3 Кеңістікті заттық ортасы транспортабельділік
көрсеткіштері
4 Өндірістік-технологиялық ортасы технологиялық-ұйымдастырушылық
деңгейінің көрсеткіштері
5 Экономикалық қатнастар ортасы экономикалық көрсеткіштері
6 Экологиялық қатнастар ортасы экологиялық көрсеткіштері
7 Қауіпсіздік қатнастар ортасы қауіпсіздік көрсеткіштері
8 Эргономикалық қатнастар ортасы эргономикалық көрсеткіштері
9 Эстетикалық қатнастар ортасы эстетикалық көрсеткіштері
10 Патенттік-құқықтық қатнастар ортасыпатенттік-құқықтық көрсеткіштері
11 Нормативтік орта стандарттау көрсеткіштері
12 Нарықтық қатнастар ортасы бәсекелік қабілетінің
көрсеткіштері

Технологиялылықтың көрсеткіштері еңбек өнімділігін жоғарылату үшін
қабылданған құрастырушылық-технологиялық шешімдердің тиімділігін
сипаттайды, өнімді дайындауда немесе жөндеуде нақ осы технологиялылық
арқылы өнім өндіру қарқыны, материал шығындарды, өндірістің технологиялық
дайындығы, өнімді дайындау мен пайдалану кезінде еңбек құралдары мен
уақытты рационалды бөлу деңгейі анықталады.
Унификациялау және стандарттау көрсеткіштері - өнімнің стандартты,
унифицирленген және нақты құрамдас бөлшектермен қаныққандығы, сонымен
бірге, басқа өнімдермен салыстырғанда унификациялану деңгейі. өнімнің
барлық бөліктері стандартты, унифицирленген және нақты бөліктерге бөлінеді.
Стандартты және унифицирленген бөлшектер пайызы қаншалықты жоғары болған
сайын өнім өндірушіге де өнімді тұтынушыға да соншалықты тиімді.
Стандарттау және унификациялау көрсеткіштеріне келесілерді жатқызуға
болады:
- обьектінің стандартталу коэффициенті;
- обьект бөлшектерінің жоба аралық унификациясы;
- обьектінің құрамдас бөліктерінің қайталанымдылық
коэффициенті.
Өнімнің эргономикалық көрсеткіштері тұтынушының осы құндылықпен өзара
қатнасын, оның құндылықты пайдаланған кездегі адамның гигиеналық,
физиологиялық, антропометрлік және психологиялық талаптарына сәйкестігін
көрсетеді. Мұндай көрсеткіштерге мысалы: адамның тракторды жүргізуге
қажетті күш қуаты, велосипед рулінің орналасуы, жарықтылық, жылулылық,
ылғалдылық, шу, діріл, шаң-тозаң, жанатын заттардағы түтін мен будың
концентрациясын кіргізуге болады.
Сапаның эргономикалық көрсеткіштері обьектінің қойылатын эргономикалық
талаптарға сәйкестігін анықтаған кезде пайдаланылады. Мысалға: формасына,
өнімнің түсі мен оның құрастырылған элементтеріне және т.б.
Өнім сапасының эргономикалық көрсеткіштері жұмыс істеген адам мен
қолданылатын затқа әсер ететін факторлардың барлығын қамтиды.[5]
Өнім сапасының эргономикалық көрсеткіштері келесі түрлерге жіктеледі:
- Гигиеналық көрсеткіштер - адамның осы бұйымды қолдануда, өмірлік және
жұмыс қабілеттілігіндегі гигиеналық жағдайлармен сәйкестігін анықтағанда
пайдаланылады.
- Антропометрлік көрсеткіштер – адам денесі және де басқа бөліктер
көлемі мен формасына сәйкестігін анықтағанда пайдаланылады.
- Физиологиялық және психофизиологиялық көрсеткіштер – адамның
физиологиялық талаптарына және оның сезім мүшелерінің жұмыс қабілетінің
ерекшеліктеріне (адамның жылдамдығы мен әл-қуаты, сонымен бірге есту, көру,
сезу) сәйкестігін анықтаған кезде пайдаланылады.
- Психологиялық көрсеткіштер – өнеркәсіптік бұйымдарға қойылатын
инженерлік-психологиялық талаптарында, еңбек психологиясы және жалпы
психология талаптарында көрініс табатын адамның психологиялық
ерекшеліктеріне сәйкестігін анықтаған кезде пайдаланылады.
Эргономикалық көрсеткіштер деңгейі, арнайы дайындалып баллмен өлшенетін
өнеркәсіптің арнайы саласына мамандандырылған - эксперттермен анықталады.
Транспортабелділік көрсеткіштері - өнімді пайдаланбай немесе тұтынбай
тасымалдауға қолайлылығын сипаттайды. Транспортабелділік көрсеткіштеріне
мыналарды жатқызуға болады:
- өнімді тасымалдауға орташа дайындау уақыты;
- өнімді тасымалдауға дайындауда орташа еңбексиымдылық;
- өнімді белгілі бір тасымалдау құралына орташа орналастыру уақыты;
- тасымалдау құралының көлемін пайдалану коэффициенті;
- өнімді белгілі бір тасымалдау құралынан орташа түсіру уақыты;
Транспортабелділік көрсеткіштерін бағалау үшін өнім бірлігінің массасы
және көлемі, физико-механикалық құрамының көрсеткіштері, бұйымның
габариттік көлемі, өнімнің сақталу көрсеткіштері, тасымалдау режимдерінің
шекті рұқсат етілетін мәндері (транспорт шекті жылдамдығы, инерциялық
ауыртпалықтар және т.б.), тиеу-түсіру жұмыстарының нормасы, аталып отырған
өнімді тасымалдауда транспорт құралының жүк көтергіштігін немесе
сиымдылығын мүмкіндігінше максималды пайдалану, тасылатын жүктің сыртқы
жылулық және механикалық әсерлерге төзімділігі және т.б.сияқты тасымалдау
үрдісін сипаттайтын алғашқы мәліметтер болуы керек.
Материалдық және еңбек шығындарын бір мезгілде, тасымалдау
жұмыстарындағы адам саны мен біліктілік деңгейін және де уақыт факторын
есептеуге мүмкіндік беретін бағалық көрсеткіштер транспортабелділікті
неғұрлым толық және жан-жақты бағалауға көмектеседі.
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер өнімнің патенттік қорғалғандығын және
патенттік тазалығын сипаттай отырып, бәсекелік қабілетті анықтауда маңызды
фактор болып табылады. Патенттік-құқықтық көрсеткіштерді анықтағанда
бұйымдағы жаңа техникалық және елдегі патентпен қорғалған шешімдерді,
өндіруші және эспортталатын елдердегі бұйымның тауарлық белгісінің және
өнеркәсіптік үлгісінің тіркеуден өтуін есепке алған жөн.
Өнеркәсіптік бұйымның патенттік-құқықтық деңгейі 2 түрлі
көрсеткіштермен бағаланады, олар: патентпен қорғалғандық (патент
қабілеттілік) көрсеткіші және патенттік тазалық көрсеткіші.
Патенттік қорғалғандық көрсеткіші – бұйымды жасап шығаруда, оның
құрамына қатысатын, шетелдерде де өндіруші елде де патентпен және авторлық
құқықтармен қорғалған отандық өнертапқыштар жаңалықтары мен идеяларының
саны мен алатын орнын сипаттайды.
Патенттік тазалық көрсеткіші – бұйымның ішкі және сыртқы нарықтарды еш
кедергісіз өткізілуін сипаттайды.
Экологиялық көрсеткіштері - қоршаған ортаға өнімді тұтынғанда немесе
пайдаланғанда пайда болатын зияны әсерлер деңгейін сипаттайды. Өнімнің
экологиялылық көрсеткіштері оның сапа деңгейін анықтайтын негізгі фактор
болып табылады. Өнімнің экологиялық көрсеткіштерін анықтауда, өнімді
эксплуатациялау немесе тұтыну үрдістеріне, оның құрамының қоршаған ортаға
химиялық, механикалық, сәулелік, дыбыстық, биологиялық, радиациялық және
де басқа әсерін анықтау үшін талдау жасалады. Аталған факторлардың қоршаған
ортаға зиянды әсері анықталған жағдайда экологиялық көрсеткіштер тобын
өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін қолданылатын көрсеткіштер
номенклатурасына енгізу қажет. Экологиялық көрсеткіштерге
келесілерді жатқызамыз:
- энергия көздері (жанар май, көмір, газ) ретінде пайдаланылатын
өнімдердің құрамындағы зиянды заттар (элементтер, қышқылдар, металдар және
т.б.) мөлшері;
- өнімді тұтынғанда немесе эксплуатациялағанда, тасымалдағанда, сақтағанда
зиянды сәулелердің, газдардың, бөлшектердің шығарылу мүмкіндігі;
- атом энергиясын игеріп, пайдалану үшін зерттеулер жүргізетін атом
электростациялары мен басқа да обьектілер қызметінің радиоактивтілігі;
- түрлі саладағы транспорт құралдары мен басқа да машиналар, агрегаттардың
дыбысы, дірілі, энергетикалық әсер ету деңгейі;
Әртүрлі обьектілер бойынша барлық экологиялық көрсеткіштер сәйкес
нормативтік құжаттар мен актілерде (заңдар, стандарттар, құрылыс норамлары
мен инструкциялар) жарияланады
Қауіпсіздік көрсеткіштері - өнімді жөндеуде, сақтауда, тасымалдауда
тұтынушы немесе эксплуатациялаушы адамды механикалық, электрлік,
температуралық, улы және жарылғыштардан, акустикалық шудан, радиоактивтік
сәулеленуден қауіпсіздендіретін өнімнің артықшылығын сипаттайды.
Өнiм сапасы оған әсер ететiн факторларға немесе жағдайларға және оның
қасиеттерiнiң деңгейiне байланысты.
Факторларға шикiзат, материалдар, станок, машина, құрал-жабдықтар,
аспаптар, белгiлеу құралдары жатады. Сонымен қатар адам факторлары және
жұмысшылардың бiлiмдiлiгi жатады.[6]
Өнiм сапасына әсер ететiн барлық факторлар обьективтi және субьективтi
болып бөлiнедi.
Обьективтi факторлар тобы көп түрлi және өнiмнiң шығуы және қолдану
өндiрiсiнде, еңбек ұйымының әдiсiмен және формасымен, техникалық
құралдардың қасиеттерiмен, сипатымен байланысты. Бұлардың қатарына:
• бұйым құрылымы;
• өндiрiстiк базаның техникалық деңгейi;
• жаңа өнiмдердi ұйымдастырудағы дайындық;
• өндiрiстiң механикалануы және автоматтандырылуы,
• бақылаудың техникалық және технологиялық құралдары;
• қолдану базасының техникалық деңгейi.
Сонымен қатар iшкi факторларға мынадай факторлар қосылады:
• Техникалық
• Ұйымдық
• Экономикалық
• Әлеуметтiк,
• Психологиялық.
Техникалық факторлар- өнiм сапасына ерекше әсер етедi. Сондықтан жаңа
техника мен технологияларды енгiзу, жаңа материалдарды, өте сапалы
шикiзаттарды бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi материалдық негiзбе шығаруды
қолдану.
Ұйымдық факторлар- өндiрiстi және еңбектi ұйымдастыруды жетiлдiрумен,
өнiм сапасына жауапкершiлiктi және өндiрiстiк тәртiптi жоғарылатумен,
өндiрiстiк мәдениеттi қамтамасыз етумен, бiлiктi мамандар

деңгейiнiң сәйкестiгiмен, сапаны басқару жүйесiн қолданумен
байланысты.
Әлеуметтiк-психологиялық факторлар едеуiр көлемдегi ұжымдағы
әлеуметтiк-психологиялық климаттың құрылуына, жұмыс жағдайының жақсы
болуына, персоналдардың кәсiпорында жұмысқа деген ынталылығын бағалау,
жұмысшылардың жұмысқа деген қарым-қатынасының адал болуын моральдық
ынталандыруға әсер етедi. Бұлардың бәрi бәсекеге қабiлеттi өнiмнiң шығуы
үшiн маңызды. Кейде техникалық немесе әлеуметтiк, психологиялық
факторлардың мәселесiн шешуге қандай факторлар маңызды екенiн түсiну
қиынға соғады.
Экономикалық факторлар- өнiмдi пайдаланудағы қолайлылықты бiлдiредi,
сонымен бiрге өнiмдi шығарудағы және өткiзудегi шығындармен, жоғарғы
сапалы өндiрiсте персоналдарды экономикалық ынталандыру жүйесiмен бағалау
саясатымен байланысты.
Субьективтi факторлар тобына адамның өндiрiстiк қызметiмен байланысты
факторлар жатады. Олар адамдардың өндiрiстiк функцияларды орындау
қабiлеттiлiгiне байланысты. Оларға мыналар жатады:
- профессионалдық шеберлiк;
- жалпы бiлiм беру деңгейi;
- адамның психологиялық ойы;
- еңбек қызығушылығы.

1.3 Өнім сапасын басқару жүйесі мен өнімді сертификаттау

Мелекеттік стандарттқа сай, өнім сапасын басқару – бұл өнім сапасына
әсер ететін жағдайлар мен факторларға мақсатты бағытта ықпал ету және
сапаны жүйелі түрде бақылау арқылы жүзеге асырылатын өнімді өңдеу, өндіру,
айналымы және пайдалану немесе тұтыну кезінде өнім сапасының қажетті
деңгейін орнату, қамтамасыз ету және қолдау.
Өнім сапасын басқару жүйесі эволюциясының ХХ ғасырда бірнеше кезендері
болды.[7]
І кезеңде ХХ ғасырдың басында Ф.У. Тейлор сапаның жоғарғы және төменгі
шектері, рұқсат етілген аймақ түсініктерін қамтитын жүйені ұсынды, сапа
жөніндегі тәуелсіз инспектор қызметін, ақаулы және жарамсыз өнімдер
шығаратындар үшін айыппұлдар жүйесін орнатты.
ІІ кезеңде (20-50− ші жылдары) сапаны бақылаудың статистикалық әдістері
дами бастады.
ІІІ кезеңде (50-80 жылдары) шетелдерде де, біздің елімізде де алғаш рет
фирма ішілік жүйелер пайда болды. Бұл жүйелерде сапаны қамтамасыз ету
әдістерін жалпы менеджемент негіздерімен үйлестіру басталды.
Россияда Саратовтың ақаусыз өнім өндіру (АӨӨ) жүйесі, Львовтың ақаусыз
еңбек жүйесі, Горьковтің ССАӨР жүйелері сияқты жүйелер кеңінен танымал
болды және кәсіпорындарда қолданыла бастады. АӨӨ жүйесінің мәні – әрбір
жұмыс орнында технологиялық процесс талаптарын қатан сақтау және өнімдерін
техникалық бақылау бөлімі алғаш талап еткен кезден бастап беру болып
табылады. Басқару объектісі тек өндірістік саты мен жеке орындаушының еңбек
сапасы болып табылады.
Львовтың ақаусыз еңбек жүйесі, ААӨ жүйесі сияқты, ең алдымен, тікелей
орындаушылардың жоғары еңбек сапасына бағытталады, бірақ басқару объектісі
өнімнің өміршендік циклының кез келген сатысы бола алады.
Горьковтің ССАӨР (сапа, сенімділік, алғашқы өнім ресурсы) жүйесінде
негізгі басқару объектісі өндірісті жобалау және технологиялық дайындау
сатылары болады, мұнда құрастыру және технологиялық құжаттардың жоғары
деңгейі қамтамасыз етілуі керек, ал жаңа өнімнің тәжірбиелік үлгісі
ресурстарды сынақтан өткізу негізінде сенімді және ұзақ мерзімді
кепілдендірілген деңгейде болады.
Өнімнің өміршендік цикллінің барлық сатысын қамтитын ең кешенді жүйе
ӨСБКЖ (өнімнің сапасын басқарудың кешендік жүйесі) болып табылады, ол
70−жылдардың ортасында Жоғарғы ғылыми-зерттеу институтының стандарттауынан
құралған. Бұл жүйе ұйымдастырылған жобалау объектісі болып табылады. Оның
негізін кәсіпорындар стандарттар құрайды.
80 жылдары (IV кезең) өнім сапасын басқару өнімнің өміршендік циклінің
барлық сатысында бүкіл өндірісті басқару деп қарастыратын жүйелер пайда
болды. Мұндай жүйелерге TQM (total quality management-сапаны жалпы басқару)
жүйесі жатады, бұл жүйе 9000 сериялы халықаралық ИСО стандарттарына
негізделген жүйе.
TQM сапаның үнемі жақсаруына, өндірістік шығындардың азаюына және
өнімді дәл уақытында жеткізіп беруге бағытталған кешенді жүйе болып
табылады. Жүйенің негізі мына принциптер болып табылады:
• өнімнің ақауының болмауы;
• өндірістік емес шығындардың болмауы;
• түтынушыларға өнімді дәл уақытында жеткізіп беру.
• TQM негізі – сапаның жақсаруының шегі жоқ.
1987 жылы АҚШ, Канада, ФРГ елдерінің қатысуымен халықаралық стандарттау
ұйымының (ИСО) техникалық комитеті 9000 сериялы бес халықаралық
стандарттарына ы дайындады және бекітті, бұл стандарттарыда өнім сапасын
қамтамасыз ету жүйесі, оның ішінде, өнімді өңдеу, өндіру, өнімді сынақтан
өткізу мен бақылауларын ұйымдастыру, өнімді пайдалану, сақтау және
тасымалдау талаптары белгіленген. ИСО 9000 халықаралық стандарттары сапа
жүйелері бойынша келесідей бес атаудан тұрады:
1.ИСО 9000. Сапаны жалпы басқару және сапаны қамтамасыз ету
стандарттары. Таңдау және қолдану жөніндегі басқару нұсқаулары.
2. ИСО 9001. Сапа жүйесі. Жобалау ненмесе өңдеу, өндіру, монтаждау және
қызмет көрсету кезінде сапаны қамтамасыз ету үлгісі.
3. ИСО 9002. Сапа жүйесі. Өндірісте және монтаждауда сапаны қамтамасыз
ету үлгісі.
4. ИСО 9003. Сапа жүйесі. Соңғы бақылау мен сынақ өткізуде сапаны
қамтамасыз ету үлгісі.
5. ИСО 9004. Сапаны жалпы басқару және сапа жүйесінің элементтері.
Басқару нұсқаулары.
Бұл стандарттардың артықшылығы төмендегілерге бағытталғандығында болып
табылады:
– жүйелік тәсілдің сапасын басқаруға қолданылуына;
– сапаның тұтынушыға бейімделуіне;
– өнімнің өміршендік циклінің барлық сатылары бойынша өнім сапасына
қойылатын талаптарды тәртіпке келтіруге;
– барлық негізгі қызметтері бойынша сапаны басқаруға;
– өнім сапасына қойылатын нақты талаптарды құжат түрінде дайындауға;
Халықаралық стандарттардың дамушы сипатын, сонымен қатар олардың
халықаралық нарыққа шығу кезіндегі реттеуші рөлін ескере отырып, ИСО 9001,
9002, 9003 стандарттары Ресейде тікелей пайдалану үшін қабылданды.
Мемлекеттік стандарт оларға сәйкес мемлекеттік стандарттар бекітті.
Кәсіпорынға енгізілетін сапа жүйесі сапа саласында оның нақты
қызметінің ерекшеліктерін есепке алу арқылы белгілі бір мақсатқа жету үшін
белгілі бір саясат жүргізуді қамтамасыз ететін құрал ретінде қарастырылыды.
Сапа саласындағы саясат ұзақ мерзімді мақсат түрінде қалыптасады және
мыналарды қарастырады:
• кәсіпорынның экономикалық жағдайын қарастыру;
• өнім өткізу нарықтарын кеңейту немесе жаулап алу;
• алдынғы қатарлы фирмалар деңгейінен артық болатын өнімнің
техникалық деңгейіне қол жеткізу;
• белгілі бір салалардағы немесе белгілі бір аймақтардағы
тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыруға бейімделу;
• жаңа қағидаларға сай жүзеге асырылатын функционалдық
мүмкіндіктерді, өнімді игеру;
• өнім сапасының ең маңызды көрсеткіштерін жетілдіру;
• өндірілетін өнімнің ақаулылық деңгейін төмендету;
• өнімге берілетін кепілдік мерзімін ұзарту;
• қызмет көрсетуді дамыту.
ИСО стандарттарына сәйкес өнімнің өміршендік циклы 11 кезеңнен (сапа
негіздерінен) тұрады:
1. Маркетинг, нарықты іздеу мен зерттеу
2. Техникалық талаптарды жобалау және өндеу, өнімді өндеу.
3. Материалдық-техникалық жабдықтау.
4. Өндірістік процесстерді өндеуге дайындық.
5. Өндіріс.
6. Бақылау, сынақ жүргізу және зерттеу.
7. Орау және сақтау.
8. Өнімді өткізу және бөлу.
9. Монтаж және пайдалану.
10. Техникалық көмек және қызмет көрсету.
11. Сынақтан өткізгеннен кейінгі пайцдалану.

Өнім сапасын қамтамасыз етудің басқарушы шағын
жүйесі (басқару субъектісі)

Сапаны қамтамасыз етудің басқарылатын шағын жүйесі
(басқару объектісі)

1 ↓ ↑2

7


3


4-сурет. Кәсіпорынның сапаны басқару жүйесінің қарапайым моделі

1 – басқарушылық ықпалдар және тікелей байланыс арнасы бойынша сапаны
басқару бойынша ақпарат; 2 – кері байланыс арнасы бойынша басқарылатын
шағын жүйенің жай – күйінің сапасы туралы ақпарат; 3 – жүйе кірісіндегі
ресурстардың сапасы; 4 – жүйенің шығысы (өнім сапасы); 5 – сапаны басқару
бойынша сыртқы ықпал етушілер; 6 – шығыс құжаттарының (шешімдердің) сапасы;
7 – сыртқы орта сапасы туралы ақпарат.
Басқарушы шағын жүйе жоғарғы үзбе басшылығынан бастап кәсіпорынды
басқарудың әртүрлі деңгейлерімен сипатталады. Басқару жұмысының негізінде
мақсатқа жету жатыр. Басқаруда мақсат өнім сапасын жоғарылатуды, оның
сандық сипаттамаларын белгілі бір деңгейге жеткізуді білдіреді.
Сапаны басқару жүйесін жасау кезінде жүйелі көзқарас ережесін
пайдаланған жөн. Қазіргі заманғы жағдайда олардың ішінде келесілері
неғұрлым өзекті:
1. Жүйенің сыртқы ортамен өзара байланысын және өзара әрекет етуін
белгілеген кезде қара жәшікті жасау және алдымен шығу
параметрлерін қалыптастыру керек, содан соң макро және
микроорта факторларының ықпалын, кіруге қойылатын талаптарды,
кері байланыс арналарын анықтау қажет, ең соңында жүйеде
процесс параметрлерін жобалау керек.
2. Жүйе құрылымы икемді,қатаң байланыстар саны аз, жаңа
міндеттерді орындауға тез икемделгіш болуы керек. Жүйенің
мобилдігі оның нарық талаптарына тез икемделу шартының бірі
болып табылады.
3. Халықаралық интеграцияны және біріктіруді кеңейту жағдайында
жүйені құрастыру, қызмет жасау және дамыту үшін ел ішіндегі
және халықаралық стандарттау негізінде оның басқа жүйелермен
құқықтық, ақпараттық, ғылыми - әдістемелік және ресурстық
қамтамасыз ету бойынша сәйкес келуіне қол жеткізу керек.
4. Жүйені дамытудың жалғыз жолы инновациялық болып табылады. Жаңа
тауарлар, технологиялар, өндірісті ұйымдастыру әдістері,
менеджмент және басқа да салаларға жаңалықтарды ендіру қоғамды
дамыту факторы қызметін атқарады.
Нарықта тауарлар мен қызметтердің жеткіліктілігі, жалпы ұсыныстың
сұраныстан жоғары болуы жағдайында тұтынушы қандай уақытта да өзінің
көзқарасы тұрғысынан тұтынушылық сапа мен бағаға ие тауарларды таңдау
құқығын толығымен жүзеге асырады.
Сапаны басқару жүйесін сапалы ұйымдастырудың маңызды бір шарты: отандық
кәсіпорындардың басшылары өндірісті стандарттау және серттификаттау
негізінде жүргізу қажеттілігін жете түсінуі тиіс.
Стандарттау және сертификаттау – бұл елде сапасы жоғары өнімдерді
шығарудың негізі.
Сертификаттау түрлі объектілердің сапасын бағалауда бірыңғай тәсілді
қолдануға мүмкіндік береді және өндірістің ұйымдастырылуы мен өнімнің
сапасын қамтитындықтан өнімді қажетті сапа деңгейі бойынша тұрақты
дайындауға кепілдік бере алады. Кәсіпорындағы сапаға қатысты сертификаттық
жүйе сенімді әріптестердің қатарын көбейтуге және өнімнің бәсекеге
қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік береді.[8]
Сапаны басқару жүйесіне әрбір кезең бойынша кәсіпорын стандарттары
түрінде дайындалған, өнім сапасының талаптарын реттейтін құжаттар кешені
кіреді.
ИСО 9000 стандарттары сапаны басқару жүйесіне спа саласындағы саясаттан
басқа, мынадай ішінара жүйелер кіреді:
– сапаны қамтамасыз ету өнімнің өміршендік циклінің әрбіркезеңінің
орындалуы үшін қажетті жағдайларды құрайтын және оның сапасына қойылатын
барлық талаптардың қанағаттандырылуын қамтамасыз ететін жоспарланған және
жүйеленген түрде жүргізілетін іс-шаралар жиынтығын қамтиды.
– сапаны басқаруға жоспарлау, реттеу, есепке алу, бақылау, өнім сапасын
талдау сияқты басқару функциялары негізінде басқарушешімдерін қабылдау
жатады.
– сапаны көтеру - өнім сапасын жақсарту бойынша үздіксіз жүргізілетін іс-
шаралар(1-сурет).
Сапаны басқару жүйесінің өңделген құжаттарында ИСО 9000 стандарттарының
талаптары, кәсіпорынның салалық ерекшеліктері, сонымен қатар,
тұтынушылардың арнайы талаптары көрсетіледі.
Сапаны басқару жүйесі сертификат алу, яғни аттестациядан өтеді.
Кәсіпорынның сапа жүйесінде сертификатының болуы түрлі жобаларға қатысу
үшін оның тендірге жібеорілу шарттарының бірі болып табылады.
Сапаны басқару жүйесі ИСО 9000 базасында, егер ол TQM типіндегі
сапаны басқару жүйесімен біріктірілсе өте тиімді болады.
2000 жылы сапаны басқару саласындағы тәжірбиені жинақтап қортындылаған
халықаралық стандарттың жаңа версиясы жасалынды. Мұның алдындағы версияға
(ИСО:1994) енгізілген негізгі өзгерістер ішінен мыналарды бөліп көрсетуге
болады:
– стандарттардың жалпы саның қысқарту;
– тұтынушылады қанағаттандыруға бағыттау;
– стандарттарды үздіксіз жетілдіру;
– құжаттардың ең қисынды құрылымы;
– ұйымды басқарудың процестік тәсілі.
2000жылы желтоқсанда Ресей Федерациясы Мемлекеттік стандартты
халықаралық стандарттың жаңа ұйғарымын бекітті: ИСО;2000.
9000:2000 сериялы ИСО стандарттарында қарастырылған әдістемеге сәйкес,
прцесс – бұл нәтижесі сандық көріністе болатын белгіленген мақсатқа жетуге
бағытталған іс-әрекет.
Сондықтан, процестік тәсілді жүзеге асыру үшін кез келген ұйым өзінің
іс-әрекетінде төмендегілерді қамтамасыз етуі керек:
а) сапаны басқару жүйесініңбарлық элементтері бойынша шектеулі
ресурстарды бөлуді қарастыратын элементтік тәсілден айырмашылығы-фирма іс-
қызметіне жоғары дәрежелі нәтиже алып келетін қатаң анықталған процесстерде
ресурстардың шоғырлануы;
б) кіру-шығу, яғни, сапа басқару жүйесі шегінде қызымет ететін баолық
прцесстердің ресурстар-нәтижелер арақатынасын тұрақты бағалау.
Осыған орай, процесстік тәсілді пайдалану арқасында кез-келген сапаны
басқару жүнкцияларды (жоспарлау, үйлестіру, реттеу,бақылау,есепке
алу,сапаны талдау) басқарудан нәтижені басқаруға қайта бейімделуі қажет,
бұлардың жиынтығы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің және өнімнің
сапасын басқару жүйесінің тиімділігін жоғарлатуды қамтамасыз етуі керек.
ИСО 9000:1994 сапаны басқару жүйесінде кәсіпорындарға бөлініп берілген
сертификаттардың әлі белгілі бір уақытқа дейін күші жойылмайды. Болашақта
олар ИСО жаңа ұйғарымымен қайта қаралуы қажет.
Сапаны басқару жүйесінің ұйымдық қамтамасыз етілуі сапаны басқару
жүйесін басқарудың Ұымдық құрылымы арқылы жүзеге асырылады. Ол
кәсіпорындарды басқарудың ұйымдық құрылымы шегінде белгіленіді және басқару
қызметкерлері сияқты, сапаны жалпы басқару, қамтамасыз ету және сапаны
жоғарлату қызметтерін тікелей орындаушылардың да құқығы мен міндеттемелерін
бөлу болып табылады (5-сурет сапаны басқару қызмет-ң құрылымы).
Өнім сапасын басқару жүйесінің басты мақсаттары:
- сапа жөніндегі барлық бөлімшелер қызметтерінің үйлестірілуі;
- өнімнің жекелеген түрлерінің сапасын басқару және қамтамасыз ету
әдістерін өңдеу;
- сапаны басқару бойынша оқу бағдарламаларын дайындау;
- кәсіпорының сапа жөніндегі қызметінің нәтижелерін талдау;
- сапа жүйесін және оны жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыруды кезендік
тексеру.

5-сурет. Сапаны басқару қызметінің құрылымы.

Ол сонымен қатар, көптеген кәсіпорында жеткілікті дами қоймаған
бірқатар қызметтер атқарады. Мұндай қызметтерге төмендегілерді жатқызуға
болады:
–кәсіпорынның нарықтағы өніміне сұраныс пен қажеттіліктерді зерттеу және
болжамдау;
–өнімнің өміршендік циклының түрлі сатыларындағы сапа туралы қажетті
мәліметтерді жүйелендіру және жинау;
–сапаны кешендік техникалық-экономикалық талдау, оны қамтамасыз ету
шығындары және сапа жүйесі мен өнімнің сертификациясы жөніндегі
мәліметтерін дайындау, сапаны басқару жүйесі мен өнімнің сапасын
жоғарлатудағы экономикалық тиімділікті бағалау.
Сапаны басқару бөлімі осы қызметтің орталық бөлігі болып табылады. Ол
сапаны басқару жүйесі бойынша барлық құжаттарды жасауды үйлестіреді,
өнімнің жобалау конструкторлық зерттеуінен бастап, өнімді өткізу
сатысындағы сапасын бақылауға дейін, сапаны басқару жөніндегі барлық
қызметтердің орындалуын бақылайды.
Сапаны басқару бөлімі кәсіпорынның барлық бөлімдері мен қызметтеріне
өнімнің жаңа сапасына және негізгі пішініне тұтынушылардың сұраныстары мен
талаптары туралы мәліметтерді беру үшін сапа жөнінде ақпараттарды жинақтап
қорытындылайды және талдау жасайды. Сапаны басқару бөлімінің маңызды
қызметі - өнімнің өміршеңдік циклының барлық кезеңдерінде оның сапасын
қамтамасыз ету шығындарын оңтайландыру және талдау, сонымен қатар, сапаны
басқару жүйесінің өзінің тиімділігін бағалау болып табылады. Сертификаттау
бөлімі шығарылатын өнімдерді, сапаны басқару жүйесінің өзін сертификаттау
үшін қажетті құжаттарды дайындайды. Техникалық бақылау бөлімі кәсіпорын
директорына тікелей бағынышты бола отырып, қызметіне қарай сапа жөніндегі
директордың орынбасарына бағынады.
Сертификаттау - өнімнің қойылған талапларға сай келетінін дәлелдейтін
іс-әрекет.
Сертификаттау келесідей мақсаттарға жетуге бағытталған:
– біртұтас тауар нарығында кәсіпорынның және ұйымның іс-қызметіне, сондай-
ақ, халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және
халықаралық саудаға қатысуға жағдай жасау;
– тұтынушылардың өнімге жетік талдау жасауына көмектесу;
– өнімнің бәсекеге қаблеттілігін жоғарлатуға және оны экспорттауға
көмектесу;
– тұтынушыларды арам ниетті өндірушілерден қорғау;
– өнімнің адам өміріне, денсаулығына, мүлікке қоршаған ортаға
қауіпсіздігіне бақылау жасау;
– өндіруші ұсынған өнім сапасының көрсеткіштерін дәлелдеп бекіту.
Сертификаттаудың зерттелген ережелері мен шарттары – халықаралық
стандарттау ұйымының, халықаралық электротехникалық комиссиясының және ИСО
9000 халықаралық стандарттарының басшылығымен жасалған заңдық күші бар
халықаралық нормалар мен ережелерге сәйкес құрылған.
Сертификаттаудың негізінде мынадай принциптер бар:
• Сертификаттау критерийлерін таңдау. Критерий дегеніміз – шығарылған
өнімнің ұлттық стандартқа сай келуі;
• Сертификаттаудың 10 жұйесі ішінен біреуін таңдау;
• өнім өндірісінің технологиялық процесінің тұрақтылығы, сапа басқару
жүйесін пайдалану, оны бағалау және іс-әрекеттерін бақылау;
• Сертификаттау жұмыстарын жүргізу мен сынақ өткізу нәтижесінің
объективтілігі мен тәуелсіздігі. Сертификаттау оң нәтиже берген жағдайда,
өнімге таңба, сертификат белгісі, сәйкестілік сертификаты түрінде
дәлелдеме куәліктері беріледі.
Өнім сапасының жүйелерін сертификаттау 9000 сериалы ИСО стандарттарының
нормативтік үлгісіне негізделеді.
ГОСТ Р 40. 003-96 сәйкес сапа жүйесін сертификаттауда үш этап бөлініп
көрсетіледі:
1. Сапа жүйесін алдын-ала бағалау;
2. Сапа жүйесін ең соңғы тексеру және бағалау;
3. Сертификатталған сапа жүйесін инспекциялық бақылау.
Егер кәсіпорында сапаны басқару жүйесі зерттеліп, әрекет еткен болса,
онда оның деңгейін халықаралық ИСО стандарттар талаптарына сай деңгейге
дейін жеткізу мәселесі бой көтереді. Жұмыс істеп тұрған жүйені талап
етілген деңгейге дейін жеткізу процедурасы мынадай кезеңдер бойынша
жүргізілуі керек:
–Жұмыс істеп тұрған сапаны басқару жүйесін және оның жекелеген ішінара
жүйелерін 9000 сериалы ИСО халықаралық стандарт талаптарына сай келуі
жағынан алып талдау.
– Өнімнің өміршендік циклының барлық сатыларында өнім сапасы бойынша
заідық күші бар нормативтік-техникалық құжаттарды талдау.
– Сапа саласындағы сапа саясатты зерттеу және бекіту.
– Өнім сапасын қамтамасыз ету, басқару және жақсарту бойынша жаңа
әдістемелік құжаттарлды дайындау.
– 9000:2000 сериалы ИСО стандарттары талаптарына сәйкес құжаттарын
сараптау.
– Сараптау нәтижелері бойынша сапаны басқару жүйесінің құжаттарын қайта
дайындау.
– Сертификаттау органдарында 5 және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастыру
Сапа менеджментінің принциптері
Кәсіпорын қызметінде өнімді өткізудің әдістемесі
Кәсіпорынның өнімді өткізуді ұйымдастырудың теориялық аспектілері
Жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасы және шаралары
Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллингтің рөлі
Туризмдегі қызмет көрсету мәдениеті ( тур. фирма мысалында)
АҚ «Каспий Нефть ТМЕ» компаниясының инновациялық жобасын басқару
Көлік қызметіндегі негізгі сервис элементтерін зерттей отырып, қызмет сапасының деңгейін, оны басқару мәселелерін анықтау нәтижесінде қызмет сапасын жетілдіру жолдары
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
Пәндер