Былғары өндірісінің сипаттамасы мен жіктелуі



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Былғары өндірісінің сипаттамасы
2. Былғары мен терінің сипаттамасы және жіктелуі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Елімізде қоғамдық дамудың кезеңі нарықтық қатынастарға сәйкес уақытта экономикалық үрдісте үлкен кәсіпорындар, шағын және орта бизнес өкілдері өнім өндіруде жолға қоя бастаған кезде, әмбебап технологияларға, ықшамды жабдықтарға сұраныс арта түсті. Өнеркәсіп саласының қай саласы болмасын оның дамуы, ғылыми – техникалық прогрестің дамуына негізделіп, әлемдік жетістіктердің алдыңғы қатарлы табыстарына сүйенгенде ғана сұранысқа сай өнімдер өндіруі мүмкін.
Ежелден мал шаруашылығымен айналысқан ел болғандықтан қазақ халқы өте ерте заманнан төрт түлік малды тек көлік және азық ретінде ғана пайдаланып қоймай, олардың терілерінен үй тұрмысына қажетті киім – кешектік, ат әбзелдерін, үй бұйымдарын жасай білген .
1. Былғары және мех технологиясы: оқу құралы / Б.Қ. Әсенова; А.Н.Нұрымхан, А.Н.Нұрғазезова.- Семей: Шәкәрім атындағы СМУ, 2008.- 123 б.
2. Былғары және тері технологиясы: оқулық / Ө.Мәдиев, Қ. Айтөленова.-Астана: 2010.-215б.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
қАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Былғары өндірісінің сипаттамасы мен жіктелуі. (Аяқ киімге
арналған, ер-тұрмандық, техникалық, киімдік-галантереялық былғарылар)

Орындаған: Жунусова Н.
Группа:ТК-421
Тексерген: Бауыржанова А.З.

Семей 2015
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Былғары өндірісінің сипаттамасы
2. Былғары мен терінің сипаттамасы және жіктелуі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Елімізде қоғамдық дамудың кезеңі нарықтық қатынастарға сәйкес уақытта экономикалық үрдісте үлкен кәсіпорындар, шағын және орта бизнес өкілдері өнім өндіруде жолға қоя бастаған кезде, әмбебап технологияларға, ықшамды жабдықтарға сұраныс арта түсті. Өнеркәсіп саласының қай саласы болмасын оның дамуы, ғылыми - техникалық прогрестің дамуына негізделіп, әлемдік жетістіктердің алдыңғы қатарлы табыстарына сүйенгенде ғана сұранысқа сай өнімдер өндіруі мүмкін.

Ежелден мал шаруашылығымен айналысқан ел болғандықтан қазақ халқы өте ерте заманнан төрт түлік малды тек көлік және азық ретінде ғана пайдаланып қоймай, олардың терілерінен үй тұрмысына қажетті киім - кешектік, ат әбзелдерін, үй бұйымдарын жасай білген .

Әр түрлі тері түрлерінің технологиясын толық жетілдіру мақсатын тиісті шешу:

1. Терілердің сапасын жақсарту;

2. Олардың ассортиментін кеңейту;

3. Бұйымдар ассортиментін кеңейту;

4. Химиялық материалдардың шығынын төмендету;

5. Энергетикалық шығындардың азайту;

6. Қоршаған ортаны қорғау болып саналады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Былғары өндірісінің сипаттамасы
Былғары мен тері өндіру шикізаты белгілі бір технологиялық тәртіппен өңдеуден өтеді. Бұл процеске шикізаттан басқа өндірістік материалдар ( қышқылдар, тұздар, негіздер, илегіштер, майлар, бояулар, т.б.) су және ауа қатысады.
Заманауи былғары мен үлбір өндірістерінің үрдісі 2 топқа бөлінеді:
1) Үрдіс негізі химиялық және физика-химиялық үрдістерден тұрады. Яғни, өнімнің құрылымы, қасиеті (Пикельдеу, сулау, майлау сияқты үрдістерден) өзгереді
2) Механикалық ( кесу, тарау) үрдістерден тұрады. Нәтижесінде өнімнің құрылымы, қасиеті өзгеріссіз қалады.
Былғары мен үлбірдің қасиеті шикізаттың химиялық табиғатына байланысты. Сонымен қатар шикізатпен жартылай фабрикатқа әсер ететін хмиялық, физика- хмиялық және механикалық үрдістердің жиынтығына тәуелді болады.
Өндірістік
Өндірістік материалдар
Су
Су
Қосымша өнім
Жұмсалған ауа
Шайынды су
Былғары
Шикізат
Қалдық

1-сурет. Былғары және тері өндірісінің материалдық балансының сұлбасы
Былғары және тері өндірісінде әр түрлі химиялық заттар қолданылады. Олар:
Қышқылдар, негіздер, минералды және органикалық илегіштер, ферменттер, беттік актив заттары, бояулар, майлағыш заттар, толықтыру және әрлеу үшін қолданылатын заттар, дезинфекциялау үшін қолданатын заттар, антисептиктер, т.б. болып бөлінеді.
Былғары алудың қысқаша сұлбасы:
1. Өзеңді (дерманы) теріден бөліп алу- жарғақ, көн алу. Теріден жарғақ (голье) алу, негізінен, дайындық операциясына жатады да, бұл процестер ылғалдау - күлдеу цехында өтеді.
2. Өзең - жарғақ құрылымын көздеген мақсатта онан әрі қалыптастыру, құрылымдық элементтеріне ылғал, жылу мен бактериялар әсеріне тұрақтылық беру және жарғақты толықтырып, егізінен, былғары алу, яғни иленген шалафабрикат алу- бұл процестер илеу және боя майлау цехтарында өтеді.
3. Иленген шалафабрикатқа қажетті физика - механикалық қасиеттер мен сыртқы түр беріп, дайын былғары алу әрлеу процестері арқылы жасалынады, олар әрлеу цехында өтеді.

Тері өндірісіндегі барлық процестер шикізат цехының операциялары, бояу цехының операциялары мен процестері болып жіктеледі. Тері өндірісінің ерекшелігіне терідегі түкті жабынның шикізатты өңдегеннен бастап, дайын мех алғаға дейін сақталынуы жатады.
Бұл химиялық заттармен жұмыс істейтін жұмысшылар оларды бір-бірінен ажырата білуі, сақтау және қолдану тәсілдерін білуі қажет.

2 Былғары мен терінің сипаттамасы және жіктелуі
Былғары және тері өндірісінің мақсаты мал терісінен халық тұтынатын бұйымдар даярлауға қажетті былғары мен үлбір жасау болып табылады. Былғары мен тері технологиясы- белгілі тұтынымдық қасиеттері бар шалафабрикат алғанға дейігі теріні өңдеу кезінде жүретін химиялық, физика- химиялық және механикалық процестердің мәні мен оларды жүзеге асырудың тәсілдері туралы ғылым.
Былғары алу кезінде теріден түк, қыртыс және тері асты клетчаткалары сылынып тасталады, былғарыны өңдеу үшін кейде оның бет және астыңғы қабаттарының бір бөлігі алынып тасталынады.
Бахтарма немесе бахтармалық қабат деп тері асты клетчаткалар жинақталған бетті айтады.
Былғары-негізінен, талшықты құрылымы сақталған, бірақ оның құрылымдық элементтерінің физикалық, физика-химиялық қасиеттері былғарыны қолдану жағдайына сәйкес өзгертілген мал терісінің өзеңі.
Тері - талшықты құрылымы негізінен сақталған, тері асты клетчаткасы , кей жағдайларда өзеңнің бір қабаты алынып тасталып, бірақ талшықтарының, сондай-ақ түкті жабынының физикалық, физика-химиялық қасиеттері түкті жабынның атқаратын міндетіне қарай өзгеріске ұшыраған мал терісі.
Былғарының сипаттамасы мен жіктелуі
Былғары 4 класқа бөлінеді:
І. Аяқ киімге арналған былғары. Ол өз ішінде 2 топқа бөлінеді:
1) аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне арналған былғары
2) аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары
ІІ. Ер-тұрмандық былғары 2 топқа бөлінеді:
1) жегуге арналған былғары (жүк артуға және тігуге арналған);
2) адамға және жылқы малына қажетті саймандық былғары
ІІІ. Техникалық былғары 3 топқа бөлінеді:
1)қозғалтқыш таспалық былғары;
2)машина бөлшектеріне қолданылатын былғары ;
3) Әр түрлі техникалық мақсаттарға қолданылатын былғары.
ІV. Киімдік-галантереялық былғары 2 топқа бөлінеді:
1)киімдік былғары ; 2) галантереялық былғары
Аяқ киімге арналған былғары
Аяқ киімнің төменгі бөлігіне арналған былғары ( халық арасында көн немесе табан былғарысы) мүйізді ірі қараның , түйенің, шошқаның, су жануарларының терісі мен жылқының сауыр терісінен жасалады.
Көн ұлтандық және ұлтарақтық болып бөлінеді.
Көн-ауданы жағынан алғанда тұтас және жартылай былғары, жоңарқа және жартылай жоңарқа түрінде шығарылады, олардың түсі табиғи немесе өңделген түрде болады.
Көн былғарысы қалыңдығына қарай 6 санатқа бөлінеді, І санаттың қалыңдығы 5мм-ден артады, VІ санаттыкі-2,6-3мм. V пен VІ категория ұлтанға жарамайды. Ол ұлтарақтық үшін қолданылады.
Аяқ киімнің үстіңгі бетіне бекіту тәсілі бойынша табан былғарысы 2 ге бөлінеді:
1. Шегелеу немесе бұрандалау тәсілімен бекітілетін табан былғарысы. Мұндай былғары қалың, қатты және тығыз болуы керек.
2. Жіппен тігу немесе желімдеу тәсілімен бекітілетін былғары
Бұл былғарының қалыңдығы , қаттылығы және тығыздығы табан былғарысынан сәл жұқалу, орташа болуы керек.
Аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне арналған былғары (халық арасында-бас былғарысы , мүйізді ірі қараның , қойдың, ешкінің, шошқаның терілерінен, сондай-ақ жылқы терісінің алдыңғы жағынан жасалады. Ол сан рет иілу мен созылуға, кернеу мен қажылуға, ылғал, тер, шаң, химиялық заттар мен жоғары температура әсеріне төтеп бере алады.
Аяқ киімнің бері ретінде былғарының құндылығы оның ауа, су өткізбеуге қабілеттілігімен, серпімділік-пластикалық қасиеттерімен айқындалады. Былғарының жақсы пластикалық қасиетіне байланысты, аяқ киімнің басы қажетті қалыпқа жақсы көндігеді және кие келе жымдасып аяқтың формасына қалыптасалы, сондықтан ол формасын ұзақ сақтайды.
Өте созылғыш былғарыдан жасалған аяқ киім өз формасын тез жоғалтады, ал созылмалылығы нашар былғарыдан жасалған аяқ киім аяққа нашар қалыптасады әрі кигенде аяқты қажайтын болады. Аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне арналған былғары екі түрге бөлінеді:
1. Бұрандалау және шегелеу тәсілдерімен бекітілген былғары ауыр аяқ киімдердің үстіңгі бөлшектерін жасауға арналып, юфть деп аталады. Юфть аяқ киімнің және сандал жасау үшін деп екіге бөлінеді. Ол сүйізді ірі қараның , жылқы мен шошқаның терісін ерекше өңдеу арқылы алынады.
Аяқ киімге арналған юфть су өткізгіштігі өте төмен, созылмалы, илікпелі және тығыз болуы керек.
Сандал жасауға арналған юфть аяқ киімдікімен салыстырғанда майлы заттары аз, серпімділі күшті, біршама жұмсақ және созылмалығы аздау болуы керек.
2. Жіппен тігу және желімдеу тәсілдерімен бекітілетін аяқ киімнің үстіңгі бетінің былғарыларына хроммен иленген былғары жатады. Олар шикізаттың түріне қарай бұзау, торпақ, тайынша, бұқа, шошқа терісінен ауданы 60дм2 артық) жасалады.
Ауданы 60дм2-ге жетпеген ешкі былғарысы шевро деп, ал қой былғарысы шеврет деп аталады. Былғарының ұстағанда қаттылығы сезілмеуі керек, жақсы өңделген, майынан арыған, біркелкі боялған, бетінде ақауы жоқ, бүкіл ауданың қалыңдығы бірдеу, бахтармасы жұмсақ және ауа мен бу өткізгіштігі жеткілікті болуы қажет. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Былғары мен терінің сипаттамасы және жіктелуі
Былғары мен тері
Қалдық заттардың қоршаған ортаға әсері
Аң терісінің түрлері. Каракульдық мех шикізаты
Аяқ киімге арналған аяқ киімнің сапа көрсеткіштерін бағалау
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Көктемгі шикі мех, шикізат түрлері. Жіктелуі. Мехтық, тоңдық қой терілері, олардың қасиеттері, сорттауы
Былғары және үлбір шикізаттары
Қазіргі кезде киім тігу өңдірісінде көптеп қолдаңылатын жануарлардан алынатын шикізаттардың бір түрлері
Төбетей - теріден тігілген матадан тігілген кішкентай бас киім
Пәндер