Вернадскийдің ноосфера туралы концепциялары



Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
1. Биосфера ұғымының пайда болу тарихы
2. В. И. Вернадский
3. Вернадскийдің ноосфера туралы концепциялары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ноосфера туралы ілімнің негізін биосфера және адамзат бірлігі болып табылады. Адам өзі табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ол әрқашан табиғаттың құрамында болады, табиғат адамға өзіндік әсерін тигізеді. Бұл жағдай адамзаттың тарихи дамуының биосфера эволюциясындағы рөлін, оның ноосфераға өту мүмкіндігін көрсетеді. Тек қана табиғат адамға өз әсерін тигізіп қоймайды, қарама – қарсы әсер де бар. Бұл әсер адамзат ақылы дұрыстап ойластырлған жағдайда ноосфераға өтуіне негізгі фактор болып табылады.


Негізгі бөлім.
Табиғат құбылыстарын бақылай отыру нәтижесінде тірі организмдер қоршаған ортамен байланысқа түсетіндігі және оны түрлі мөлшерде өзгертетіндігі анықталды. 17 ғасырдың басында биосфера туралы алғашқы мәліметтерді голландиялық ғалымдар Б. Варениус (1629-1695), Х. Гюйгенс, және де танымал француз журналисті Ж. Бюффон (1707-1788) еңбектерінде кездестіреміз. Кейін, француз журналисті Ж.Кювье (1769-1832) тірі организмдер тек қана қоршаған ортамен байланысу арқылы ғана өмір сүре алады деп жариялайды. Басқа зерттеушілер – француз химиктері Ж. Б.Дюма (1800-1884), Ж. Бусенго (1802-1887), неміс химигі Ю. Либих (1803-1873) жасыл өсімдіктердің әлемдік газ алмасу процесіндегі және топырақ ерітінділерінің өсімдіктер қоректенуіндегі маңызын атап көрсетті. Көптеген ғалымдар организмдердің өздерінің қоршаған ортасымен байланысын зерттеп алды, соның нәтижесінде биосфера туралы жалпы мағлұматтар жинақталына бастады. Ж. Б. Ламарк өзінің «Гидрогеология» атты еңбегінде бүкіл 1 тарауды тірі организмдердің жер бетіне тигізетін әсеріне арнады. Ол былай жазды: «...табиғатта аса ірі күш бар, ол аса қуатты және әрқашан активті болады. Тірі организмдердің түрлі жер бетінде орналасқан заттарға әсері оның сыртқы қабатын құрайды». Бұл сөздерді негізге ала отырып, тірі организмдердің және олардың шірінділерінің үлкен, әрі маңызды геологиялық рөлі бар деп айта аламыз. Ұлы географ және натуралист А. Гамбольд (1769 - 1858) өзінің «Космос» атты еңбегінде сол кездегі Жер және Ғарыш туралы білімдерді жинақтады. Осыны негізге ала отырып, ол бүкіл табиғи процесстермен құбылыстардың өзара байланыстылығы туралы идеяны дамыта түседі. Жердің биосферасының анықталған табиғи жүйе ретінде өмір сүруі, біріншіден, бүкіл тірі организмдерінің қатысуымен өтетін энергия және заттың айналымымен сипатталады. Бұл айналым идеясы неміс натуралисті Я. Молешот еңбегінде көрсетіледі. Ал, XIX ғасырдың 80-жылдарда неміс физиологы В.Пфеффер (1845- 1920) ұсынылған тірі организмдерді қоректену әдістеріне байланысты 3 топқа (автотрофті, гетеротрофті, миксотрофті) бөлу идеясы ғылымда үлкен жаңалық болды. Ол биосферадағы зат алмасуының негізгі заңдарын түсіндірді. Биосфера туралы ілімнің пайда болуын, көбінесе ұлы француз натуралисті Ж. Б. Ламарк (1744-1829) атымен байланыстырады. Ол «биология» терминін қолдануды ұсынған ғалым еді. Ал «биосфера» анықтамасы алғаш рет Австрия геологы Э. Зюсспен 1875 ж., Альпы
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Гришунин С., Рогова Э. “Беседы за “круглым столом””.
2. “ВернадскийВ.И.: О коренном материально-энергетическом отличии живых и косных тел биосферы.”//”Владимир Вернадский: Жизнеописание. Избранные труды. Воспоминания современников. Суждения потомков.” Сост. Г.П.Аксенов. - М.: Современник, 1993.
3. В.И.Вернадский "Размышления натуралиста. - Научная мысль как планетное явление". М.,Наука,1977. “Изучение явлений жизни и новая физика”,1931; Биогеохимические очерки. М.-Л., изд-во АН СССР, 1940
4. Сб. "Биосфера" ст. "Несколько слов о ноосфере" М.,Мысль,1967. "В.И.Вернадский. Материалы к биографии" М.,изд-во "Молодая гвардия",1988.
5. Л.Гумелевский “ЖЗЛ: Вернадский”, М.1988, изд-во “Молодая гвардия”.

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім
1. Биосфера ұғымының пайда болу тарихы
2. В. И. Вернадский
3. Вернадскийдің ноосфера туралы концепциялары

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ноосфера туралы ілімнің негізін биосфера және адамзат бірлігі болып
табылады. Адам өзі табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ол әрқашан табиғаттың
құрамында болады, табиғат адамға өзіндік әсерін тигізеді. Бұл жағдай
адамзаттың тарихи дамуының биосфера эволюциясындағы рөлін, оның ноосфераға
өту мүмкіндігін көрсетеді. Тек қана табиғат адамға өз әсерін тигізіп
қоймайды, қарама – қарсы әсер де бар. Бұл әсер адамзат ақылы дұрыстап
ойластырлған жағдайда ноосфераға өтуіне негізгі фактор болып табылады.

Негізгі бөлім.
Табиғат құбылыстарын бақылай отыру нәтижесінде тірі организмдер
қоршаған ортамен байланысқа түсетіндігі және оны түрлі мөлшерде
өзгертетіндігі анықталды. 17 ғасырдың басында биосфера туралы алғашқы
мәліметтерді голландиялық ғалымдар Б. Варениус (1629-1695), Х. Гюйгенс,
және де танымал француз журналисті Ж. Бюффон (1707-1788) еңбектерінде
кездестіреміз. Кейін, француз журналисті Ж.Кювье (1769-1832) тірі
организмдер тек қана қоршаған ортамен байланысу арқылы ғана өмір сүре
алады деп жариялайды. Басқа зерттеушілер – француз химиктері Ж. Б.Дюма
(1800-1884), Ж. Бусенго (1802-1887), неміс химигі Ю. Либих (1803-1873)
жасыл өсімдіктердің әлемдік газ алмасу процесіндегі және топырақ
ерітінділерінің өсімдіктер қоректенуіндегі маңызын атап көрсетті.
Көптеген ғалымдар организмдердің өздерінің қоршаған ортасымен байланысын
зерттеп алды, соның нәтижесінде биосфера туралы жалпы мағлұматтар
жинақталына бастады. Ж. Б. Ламарк өзінің Гидрогеология атты еңбегінде
бүкіл 1 тарауды тірі организмдердің жер бетіне тигізетін әсеріне арнады.
Ол былай жазды: ...табиғатта аса ірі күш бар, ол аса қуатты және әрқашан
активті болады. Тірі организмдердің түрлі жер бетінде орналасқан заттарға
әсері оның сыртқы қабатын құрайды. Бұл сөздерді негізге ала отырып,
тірі организмдердің және олардың шірінділерінің үлкен, әрі маңызды
геологиялық рөлі бар деп айта аламыз. Ұлы географ және натуралист А.
Гамбольд (1769 - 1858) өзінің Космос атты еңбегінде сол кездегі Жер
және Ғарыш туралы білімдерді жинақтады. Осыны негізге ала отырып, ол
бүкіл табиғи процесстермен құбылыстардың өзара байланыстылығы туралы
идеяны дамыта түседі. Жердің биосферасының анықталған табиғи жүйе ретінде
өмір сүруі, біріншіден, бүкіл тірі организмдерінің қатысуымен өтетін
энергия және заттың айналымымен сипатталады. Бұл айналым идеясы неміс
натуралисті Я. Молешот еңбегінде көрсетіледі. Ал, XIX ғасырдың 80-
жылдарда неміс физиологы В.Пфеффер (1845- 1920) ұсынылған тірі
организмдерді қоректену әдістеріне байланысты 3 топқа (автотрофті,
гетеротрофті, миксотрофті) бөлу идеясы ғылымда үлкен жаңалық болды. Ол
биосферадағы зат алмасуының негізгі заңдарын түсіндірді. Биосфера туралы
ілімнің пайда болуын, көбінесе ұлы француз натуралисті Ж. Б. Ламарк (1744-
1829) атымен байланыстырады. Ол биология терминін қолдануды ұсынған
ғалым еді. Ал биосфера анықтамасы алғаш рет Австрия геологы Э. Зюсспен
1875 ж., Альпы тауларындағы жұмыстарында ұсынылды. Бірақ, Зюссте
биосфераның рөлі туралы мәліметтер жоқ. Биосфера туралы біршама кең
ауқымды мағлұматты біз Вернадскийден (1863- 1945) кездестіреміз.

В. И. Вернадский – ұлы ғұлама, геохимияны, биохимияны,
радиогеология ғылымдарының негізін құрағандардың бірі. В.И.Вернадский
факторларды аса жоғары бағалаған, гипотезалардың материалды өмірдің
шындығын көрсеткенін талап еткен. Оның концепциядары әрқашан маманданған
жұмыстың тәжірибесіне толы болды.
Биосфера туралы фактілер биологиялық ғылымдар (ботаника, география,
топырақтану) дамуымен жинақталынды. Кейін, аңдар, өсімдіктер және
минералдардың қоршаған ортамен байланысы туралы тереңірек мағлұмат В. В.
Докучаевтің еңбегіңен көруге болады. Сонымен, биосфера деген не? Оның
өмір сүру заңдылықтары және қасиеттері қандай? Вернадскийдің биосфера
туралы мағлұматтары өте өзекті. Кейде, оның жұмыстарында қарама-
қайшылықтар кездеседі, бірақ оның барлығы бірігіп келгенде белгілі бір
жүйе – биосфера туралы ілімді құрайды. Биосфера ілімі туралы алғаш рет
Сорбонн университеті тындады. Вернадский оларға 1924-1932 жж. геохимиядан
лекция оқыған еді.
Вернадский алғашқы боп өмірді тұтас дүние, геологиялық өзіндік
нәрсе деп есептеуге бастады. Біз биосфераның белгілі бір бөлігі
екенімізді айтқан. Ол биосфераны айрықша геологиялық дене, оның құрылымы
және функциялары Жер және Ғарыш қасиеттеріне байланысты болады деп
есептеген. Ал тірі ағзалар, популяцилар, түрлер және бүкіл тірі зат –
биосфера құрылымының формалары.
Вернадскийдің шын ұлылығы қазіргі уақытта ғана бізге көріне бастады.
Оның болашақты көздейтін терең философиялық идеялары адамзат тағдырына
түгелімен байланысты. Ол 1885 жылы оны Мәскеу университетінің минералдар
бөлмесінің сақтаушысы атанды. Бұл жерде жұмыс жасай отырып, ғалым көп
жерлерге барып, химиялық және кристалды лабораторияларда жұмыс істейді
және геологиялық экспедициялар жүргізеді. 1897 жылы өзінің докторлық
диссертациясын қорғайды да Мәскеу университеті профессоры болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми білім және ғылыми революциялар
В. И. Вернадский мен А. Л. Чижевскийдің еңбектері туралы ақпарат
Биосферадағы заттар айналысы
Тірінің құрылымдық негізгі деңгейлері
«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» курсы бойынша дәрістер
Биология концепциясының деңгейлері
Биосфералық деңгей
В.И. Вернадский мен А.Л. Чижевскийдің еңбектері
Биосфера эволюциясы
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы.В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары
Пәндер