Ірі қара, ұсақ малдардың бауырын тексеру жайлы ақпарат



I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім:

1) Бауыр, бауырдың құрамы;
2) Бауырдың атқаратын қызметтері, бауыр бөлiктерi;
3) Бауырды зерттеу;
4) Бауырды пальпациялау әдісімен тексеру;
5) Бауырды функциональды зерттеу;
6) Гепатоциттер.

III. Қорытынды бөлім.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Бауыр (hepar) — ең үлкен ас қорыту безі. Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту және қоректі сіңіру процестеріне қатынасады, сондай-ақ, онда май, көмірсу жиналады. Омыртқасыздардың бауырын кейде бауыр-ұйқы безі деп те атайды, себебі ол омыртқалы жануарлар мен адамның ұйқы безі бөлінетін затқа ұқсас секрет (бездердің бөліп шығаратын заты) шығарады. Омыртқалы жануарлар мен адамда бауыр - күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі онда ас қорыту сөлдерінің бірі - өт түзіледі. Оның ересек адамдардағы орташа салмағы 1,5 - 2 кг. Бауыр іш қуысының оң жақ жоғарғы бөлігіне орналасқан. Бауырдың көк етке жанасып жататын жоғарғы дөңес, төменгі ішкі (висцеральдық) беттері бар. Бұлар бауырды оң(үлкен) және сол(кіші) бөліктерге бөледі. Бауырдың бетінің ортасында бауыр қақпасы деп аталатын көлденең ойық болады. Ол арқылы бауырға артерия, қақпалық вена тамырлары, жүйке талшықтары өтеді де, одан лимфа тамырлары мен өт түтігі шығады.
1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.—Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.
2. Айтбембет Б.Н. Ішкі аурулар пропедевтикасы.- Алматы 2005ж.
3. «Жануарлар ауруларының клиникалық диагностикасы», М.А.Молдағұлова , А.Н.Ермаханова , Ө.К.Есқожаев, А.З.Дюсембаев, А.Т.Қамбарбеков, А.И.Көлдеев, Б.Д.Айтжанов, Ж.І.Қазиев, С.Т.Сиябеков, Алматы .2014.
4. Жаманкулов К.А. Ішкі аурулар пропедевтикасы , б. I-II.- Актөбе, 1992ж.
5. Муратбекова С.К. Терапиядағы мейірбике ісі.- Астана «Фолиант», 2007ж.- 600 б.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті.

БӨЖ
Тақырыбы: Ірі қара, ұсақ малдардың бауырын тексеру.

Орындаған: Сабырғалиева А.Қ.
Тексерген: Муратбаев Д.М.

Семей 2015.
Жоспар:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім:

1) Бауыр, бауырдың құрамы;
2) Бауырдың атқаратын қызметтері, бауыр бөлiктерi;
3) Бауырды зерттеу;
4) Бауырды пальпациялау әдісімен тексеру;
5) Бауырды функциональды зерттеу;
6) Гепатоциттер.

III. Қорытынды бөлім.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Бауыр (hepar) -- ең үлкен ас қорыту безі. Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту және қоректі сіңіру процестеріне қатынасады, сондай-ақ, онда май, көмірсу жиналады. Омыртқасыздардың бауырын кейде бауыр-ұйқы безі деп те атайды, себебі ол омыртқалы жануарлар мен адамның ұйқы безі бөлінетін затқа ұқсас секрет (бездердің бөліп шығаратын заты) шығарады. Омыртқалы жануарлар мен адамда бауыр - күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі онда ас қорыту сөлдерінің бірі - өт түзіледі. Оның ересек адамдардағы орташа салмағы 1,5 - 2 кг. Бауыр іш қуысының оң жақ жоғарғы бөлігіне орналасқан. Бауырдың көк етке жанасып жататын жоғарғы дөңес, төменгі ішкі (висцеральдық) беттері бар. Бұлар бауырды оң(үлкен) және сол(кіші) бөліктерге бөледі. Бауырдың бетінің ортасында бауыр қақпасы деп аталатын көлденең ойық болады. Ол арқылы бауырға артерия, қақпалық вена тамырлары, жүйке талшықтары өтеді де, одан лимфа тамырлары мен өт түтігі шығады. Бауыр қақпасының алдыңғы жағында өт қуығы жатады. Бауыр қорғаныш қызметін де атқарады, яғни тамақ құрамында болып, ішекте сіңірілген зиянды заттар мен белок алмасуының нәтижесінде түзілетін қанның құрамындағы улы өнімдер Бауырда зарарсыздандырылады. Бауырдың лимфа түзілудегі, қан ұюын реттеудегі және қанның тұрақты құрамын сақтаудағы маңызы зор. Бауырда қанмен келген амин қышқылдарынан белоктар, глюкоза, фруктоза, глицерин, май қышқылы түзіледі, сондай-ақ, қандағы көмірсулар бауырда гликогенге айналады. Бауырдағы зат алмасу процестері әр түрлі ферменттердің қатысуымен жүреді, оны жүйке жүйесі мен түрлі гормондар реттеп отырады.

Бауырдың құрамында 70-73% су, 2 -- 4 % май, 17 -- 18% ақуыз, оның ішінде ауыстырылмайтын түрлері болады. Бауырда көптеген В тобының витаминдері және А, Д, Е витаминдері де бар. Сонымен бірге бауырда көптеген ферменттер, экстрактивті заттар және темір, фосфор көп. Майдаланған, пісірілген бауыр өзіне майды жақсы сіңіреді. Бауырды алдымен өтінен бөліп алып тазалайды, содан соң жуып, кесіп 2 -- 3 сагғат суық ағынды суда ұстайды.
Бауырдың атқаратын қызметтері:
1. ас қорту кезінде мүшелердің қажетті энергиямен, атап айтқанда, глюкозамен қаматамасыз ету және әр түрлі энергия көздерін глюкозаға түрлендіру (айналдыру);
2. ағзадағы қажетсіз химиялық қалдықтарды ағзадан шығарып тастау;
3. ағзадағы қан жасау немесе жаңарту кезінде қан плазмасындағы ақуыздарды синтездеу;
4. холестерин мен оның эфирін синтездеу, липидтер мен фосфолипидтерді синтездеу және ағзадағы липид алмасуын реттеу;
5. он екі елі ішек пен аш ішектің кейбір бөлігіндегі ас қорту процесіне қатысатын гормондар мен ферменттерді синтездеу;
6. Өт қышқылы мен пигменттерін синтездеу;
7. Кейбір дәрумендердің қорын толтырып отыру және сақтау.
Бауыр бөлiктерi - бауыр үлпершегi құрылым-қызмет бiрлiгi, пiшiнi көп бұрышты (алты бұрышты) призма тәрiздi, диаметрi 0,7-2 мм. Жалғама бауыр тақташаларынан (lamina hepatica) құралып, бауыр жасушалары-гепатоциттерден тұрады. Бауыр тақташалары қызыл және көкқылтамырлар қосылуынан пайда болатын кең қан қылтамырлары - синусоидтармен (vas sinusoideum) бөлiнген.
Бауырды зерттеу - қарау, пальпациялау және перкуссиялау әдістері арқылы жүргізіледі.Кейбір уақыттарда микроскоп арқылы зерттейді,ол үшін тірі мал денесінен ұлпа немесе ағза бөлігін алу үшін арнайы биопсия жасайды.Негізінен бауырды зерттегенде сонымен қатар бөтен ағза мен жүйелерді бірге тексеру көптеген керекті мәліметтер береді, өйткені бауырдың зақымдануына және өзгеруіне байланысты бұл кезде денеде әртүрлі белгілер байқалады.
Қарау арқылы бауырдың оң жақ қапталының томпайып өзгеруі бауырдың шектен тыс үлкейгенінен болады.
Бауырды пальпациялау әдісімен тексеру үшін, оның оң жақ қабырға аралығының құрсақ қуысы үстін саусақпен басып көру арқылы жүргізіледі.Құрсақ қуысы қабырға аралығын сипау арқылы бауырдың өзгеру белгілерін анықтайды, егер бауыр үлкейген болса онда ол соңғы қабырға аралығынан артып тұрады.Сипап көру арқылы бауырдың көлемін, сезімталдығын,консистенциясын сонымен қатар оның басқа да өзгеру қасиеттерін анықтайды.
Бауырдың үлкеюі негізінен мына ауруларда байқалады: нефрозда.лейкозда фасциолезде және бауырдың ішкі кілегей қабығы қабынғанда ,бауырдың үстіңгі беті өзгеріске ұшырағанда ,бетінің бұжырлануы ,туберкулезде, нефрозда ,эхинококкозда ал сезімталдығының күшеюі бауырдың қабыну кезінде абсцесттерде кездеседі. Бауырды перкуссиялау арқылы оның орналасу шекарасы мен сезімталдығын және онан шыққан сәл сыздаған дыбысты анықтаймыз.
*Сиырда бауырдың бәсеңдеу дыбысы-малдың оң қапталы үстіңгі бетінің 10,11 және 12-қабырға аралығында байқалады да, төрт ,үш бұрышты форма құрайды. Жоғары шекарасы - малдың бүйректік бәсеңдеу дыбыспен қосылып жатыр ал артқы шекарасы - соңғы қабырғадан төмен мықын бүйіріне дейін ,сонан соңғы қабырғадан төмен мықын бүйіріне дейін ,сонан соң төмен 10-қабырғаға дейін шектесіп жатады.
*Қой мен ешкіде бауырдың бәсеңдеу дыбысының естілетін орны оң жақ қабырғада 12-қабырға аралығында байқалады.Кейбір ауруларда бауыр үлкейгенде ,оның шекарасы 13-қабырға аралығына дейін жетіп, 12-қабырға дейін мықынсызығынан төмен орналасады ,ал 10-қабырға аралығында иық-жауырын сызығынан төмен орналасады .Сонымен қатар ұлғайған бауырды перкуссия кезінде ауырсынуын байқаймыз.
ҚОЙДЫҢ БАУЫРЫ.

Ветеринарлық практикада кейінгі кезде құрсақ қуысы ағзаларды қарау арқылы тексереді ,соның ішінде бауырды тексергенде лапароскоп аспабын пайдаланады. Бұл тексеру түрін А.С Логинов пен Б.В Уша ойлап тапқан, бірақ олар лапороскоптың адамның дене ағзаларын зерттеуге арналған түрін пайдаланған. Химиялық және гистологиялық зерттеу үшін клиникалық практикада биопсия пайдаланылады,ол үшін тірі мал денесінен,бауырдан ұлпа немесе ағза бөлігін алады.Оны алу үшін Ников троакарын,жан-жақты Уша инесін немесе Дугин троакарын пайдаланады.
Биопсия жасайтын тұс сиырда,оң жақ қапталының 11-қабырға аралығынан 2-3 см сербек сызығынан төмен бәсең дыбыс ортасы,биопсия жасағанда лапароскоп аспабы ақылы байқап көріп отырады.

Бауырды функциональды зерттеу.
Бауыр тікелей немесе жанама жолмен барлық зат алмасу процесіне қатысады.Бауыр ауырған кезде немесе қызметі бұзылғанда соған сәйкес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара финнозы
Субөнімдердің тағамдық құндылығы
Ірі қара,ұсақ малдардың бауырын тексеру туралы мәлімет
Ірі қара,ұсақ малдардың бауырын тексеру туралы
Ірі қара,ұсақ малдардың бауырын тексеру жайлы
Ірі қара,ұсақ малдардың бауырын тексеру туралы ақпарат
Жылқы африкалық обасының қоздырушысы
Ірі қара,ұсақ малдардың бауырын тексеру
Күнжарамен улану
Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
Пәндер