Келіссөздер және іскерлік жиналыстар туралы



І. Кіріспе
Келіссөз, жиналыстың анықтамалары.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Іскерлік келіссөздердің сипаттамасы, түрлері, бөліктері.;
2.2. Іскерлік жиналыстар сипаттамасы.
ІІІ. Қорытынды.
Келіссөз – қандай да бір шешімді өңдеу мақсатымен түрлі тараптармен пікір алмасу (жабдықтаушылар және сатып алушылар, тапсырыс берушілер және орындаушылар).
Жиналыс – белгілі бір ұжым мүшелерінің, елді мекен тұрғындарының жиналысы; өздерінің ішкі өндірістік, экономикалық, әлеуметтік, т.б. мәселелерді талқылайтын бас қосуы.
Кездесулер (жиналыс) – басқарудың маңызды нысандарының бірі. Кездесу барысында бағынатын және басшы арасында ақпарат, айырбастау, басқару шешімдері қабылданады. Тәжірибе іскерлік кездесулер әрдайым байланысты көптеген менеджерлер нақты өз ұйымының сезімімен санасып отырады.
1. «Менеджмент негіздері» - Б. Жакенова, Қ. Тәмпішева, Л.Мақсатова.
2. «Менеджмент негіздері» - Қ.Ахметов.
3. «Менеджмент» - Е.М. Урунчиев, Б.Ж. Ахметов, И.Ш. Шоханов.
4. «Менеджмент оқу құралы» - А.Б. Рахымбаев, Б.О. Сатабаев.
5. «Менеджмент лекциялар курсы» - К. Бердалиев.
6.«Кәсіпкерлік негіздері» - М.Т. Әлібеков, С.К. Құрманбаев, Г.Т. Самиева, Қ.Т. Нұралина.
7. «Кәсіпкерлік» - Р.Қ Елшібаев.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Келіссөздер және іскерлік жиналыстар туралы

Тексерген: Кушуков Г.С.
Орындаған: Уәлиханова Д.Ә.
Тобы: Дя - 307

Семей қаласы
2015 жыл
Жоспар:

І. Кіріспе
Келіссөз, жиналыстың анықтамалары.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Іскерлік келіссөздердің сипаттамасы, түрлері, бөліктері.;
2.2. Іскерлік жиналыстар сипаттамасы.
ІІІ. Қорытынды.

І. Келіссөз, жиналыстың анықтамалары.

Келіссөз - қандай да бір шешімді өңдеу мақсатымен түрлі тараптармен пікір алмасу (жабдықтаушылар және сатып алушылар, тапсырыс берушілер және орындаушылар).
Жиналыс - белгілі бір ұжым мүшелерінің, елді мекен тұрғындарының жиналысы; өздерінің ішкі өндірістік, экономикалық, әлеуметтік, т.б. мәселелерді талқылайтын бас қосуы.
Кездесулер (жиналыс) - басқарудың маңызды нысандарының бірі. Кездесу барысында бағынатын және басшы арасында ақпарат, айырбастау, басқару шешімдері қабылданады. Тәжірибе іскерлік кездесулер әрдайым байланысты көптеген менеджерлер нақты өз ұйымының сезімімен санасып отырады.
Іскерлік жиналыстар деп - екі немесе оданда көп тараптың барлығына бірдей ағымда болған немесе келешекте болатын көкей кесті мәселелердің түйіндерін бірігіп жиын үстінде талқылау немесе шешім шығару себебін айтады.

2.1. Іскерлік келіссөздердің сипаттамасы, түрлері, бөліктері.

Іскерлік келіссөздер деп - екі тараптың да сәйкес келетін немесе қарама-қарсы мүдделері болған жағдайдағы, келісімге келуге арналған адамдардың арасындағы өзара байланыс құралы.Келіссөздер, негізінен, өзара ой-пікір алмасу (талқылауға ұсынылған мәселелерді шешу үшін алуан түрлі ұсыныстар) арқылы екі тараптың да мүдделеріне жауап беретін келісімге келу және барлық қатысушылардың көңілінен шығатын нәтижелерге қол жеткізуге арналады.
Келіссөздердің түрлерінің көптігіне байланысты олардың нақты моделін ұсыну мүмкін емес. Келіссөздер келесідей кезектілікпен жүргізіледі.
1. Іскерлік келіссөзге дайындық.
2. Іскерлік келіссөзді өткізу.
3. Іскерлік келіссөздің аяқталуы.
4. Іскерлік келіссөз қортындыларың талдау.
Келіссөздерді өткізу. Тәжірбие жүзінде іскерлік келіссөздерді жүргізуде келесідей негізгі әдістер қолданылады:
Вариациялық әдіс.
Интеграция әдісі.
Теңдестіру әдісі.
Келісімге келе отырып шешім қабылдау әдісі.
Келіссөздерді жүргізудің жоғарыдағы аталған әдістері жалпы сипатқа ие. Сондықтан келіссөздер жүргізу барысында нақтылайтын бірқатар тәсілдер, әдістер мен қағидаларға тоқталайық.
1. Кездесу және байланыс орнату. Сізге бірнеше адамнаң тұратын делегация емес, тек бір ғана әріптес келген жағдайда, оны вокзалдан немесе әуежайдан күтіп алып,қонақүйге орналыстыору қажет. Келетін делегация басшысының деңгейіне байланысты оны қарсы алушы делегация басшысының өзі немесе жүргізілетін келіссөздердің қатысушылараның бірі күтіп алуы мүмкін.
2. Келіссөздерге қатысушылардың назарын өзіне аудару. Ақпарат пайдалы болған жағдайда әріптесіңіз сізді мұқият тыңдайды. Сондықтан да сіз әріптесіңізді қызғығушылығын тудыруыңыз қажет.
3. Ақпаратты беру. Бұл іс-әрекеттің мәні келіссөздер барысында пайда болған қызғушылық негізінде әріптеске ұсынылып отырған келісімнің тиімділігін көрсету, оны жүзеге асыру, оған және оның ұйымына әлеуметтік - экономикалық тиімділік әкелетініне көзін жеткізу.
4. Ұсыныстарды жан-жақты түрде негіздеу.Әріптеске ұсынылған идеялар мен ұсыныстар қызғушылық тудыруы мүмкін және олардың мақсаттылығын да түсінуі мүмкін. Сондықтан да іскерлік келіссөздерді өткізу барысындағы келесі қадам, қызғушылықтарды анықтау және күмәндарды жою болып табылады.
Келіссөздің іскерлік бөлігінің аяқталуы әріптестер мүдделерін ескере отырып нақты шешімдер қабылдаумен аяқталады.
Келіссөздің аяқталуы. Егер келіссөз барысы жемісті болса, онда оның соңғы сатысында қозғалған мәселелерді қортындылап, негізгі ережелерді қысқаша қайталау қажет. Келіссөздер қатсыушылары болашақ келісімінің негізгі ережелерін жан-жақты талқылап, қабылдау барысында улкен жетістікке қол жеткізілді деген пікір қалыптасады. Сонымен қатар келіссөздің оң нәтижелеріне негізделе отырып , жаңа кездесулерді дамыту аясын да талқыланған жөн.
Келіссөздердің қорытындыларын талдау. Егер келіссөздердің нәтижелері мұқият тексерілсе және жауапты түрде талданса, сондай-ақ, олардың негізінде сәйкес тұжырымдар жасалса, оны аяқталған деп санауға болады.
Келіссөздердің тиімділік шарттары. Іскерлік келіссөздердің табыстылығының обьективті және субьективті факторлары мен шарттары болады. Ең алдымен, келіссөз бойынша әріптестермен келесідей шарттар орындалуы қажет:
- екі тараптың да келіссөз мазмұнына қызығушылығы болуы қажет.
- олардың соңғы шешімді қабылдауда жеткілікті бірліктері, қажетті білімдері болуы керек.
- екінші тараптың субьективті және обьективті мүдделерін ұтымды түрде ескеру қаблетті болуы және өзара келісімге келу мумкіндігі болуы керек.
- келіссөздер бойынша әріптестер белгілі бір шамада бір-біріне сенімді болуы қажет.
Келіссөзде ең бастысы - ол әріптес. Оны ұсынысты қабылдауға сендіру керек. Келіссөз - бұл ынтымақтастық. Кез-келген ынтымақтастық жалпы базасы болуы қажет. Сондықтан да әріптестердің әрқайсысының мүдделері үшін ортақ бөлгішті табу керек.
Келіссөзге қатысушы тараптардың арасындағы коммуникацияның ерекшеліктеріне байланысты оның бірнеше түрін бөліп көрсетуге болады.
1. Жеке кездесу.
2. Делдалдар арқылы жасалатын келіссөздер.
3. Телефон бойынша жүргізілетін келіссөздер.
4. Жазбаша келіссөздер.
5. Көп сатылы немесе күрделі келіссөздер.
Келіссөз мына бөліктерден тұрады:
◊ Танысу. Байланысты қалыптастыру;
◊ Қарым-қатынас барысын бақылау;
◊ Мәселені талдау;
◊ Мәселені шешу;
◊ Байланысты тәмамдау.
Ақпарат жинау
Сәттілік сыры екінші бір адамның жүрегіне, көңіліне, басқаша айтқанда қалтасына жол таба білуде жатыр. Сіз белгілі бір компаниямен әріптестік байланыс орнату үшін келіссөзге барсаңыз, ол компания туралы мүмкін болған барлық деректі біліп барғаныңыз жөн. Аталған компанияға қатысты кез келген дерек маңызды болуы мүмкін. Ақпарат жинау "Екінші жаққа шын мәнінде не керек?" деген маңызды сұраққа жауап бере алмақ. Түпкілікті мақсат айтылған сөзбен сәйкеспей жатуы да мүмкін.
Сүйкім
Өзіңіз туралы жағымды әсер тудырыңыз. Күлімдеңіз, бас шұлғыңыз, сұрақ қойып, мұқият тыңдаңыз. Оған жылы шырай танытып, әр сөзіңізді ойланып айтыңыз. Егер адам сізге оң көзбен қараса, сіздің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іскерлік жиналыстар мен келіссөздер өткізу
Іскерлік жиналыстар мен келіссөздер өткізу жайлы мәлімет
Іскерлік мәжілістер мен келіссөздер өткізу
Іскерлік жиналыстар мен келіссөздерді өткізу
Іскерлік жиналыстар мен келіссөздер
КӘСШКЕРЛІК МӘДЕНИЕТ ПЕН ЭТИКА
Дұрыс басқару шешімдерін қабылдау
Іскерлік жиналыстар мен келіссөздер жүргізу
Паблик рилейшнз (PR)
Жобаны жоспарлағанда қызметкерлер құрамын басқару алгоритмін құру
Пәндер