Газгольдерлер мен резервуарларды құрастыруда қолданылатын материалдар және оларға қойылатын талаптар



Кіріспе 3
1 Резервуарларды құрастыруда қолданылатын материалдар және оларға қойылатын талаптар 4
2 Газгольдерлерді құрастыруда қолданылатын материалдар және оларға қойылатын талаптар 6
Қорытынды 8
Қолданылған әдебиеттер 9
Резервуарлар мұнай өнімдерін (сұйықтықтарды) қабылдауға, сақтауға, жөнелтуге арналған сыйымдылықтар.
Резервуарлардың басты мақсаты – сақтау:
1. Мұнай және мұнай өнімдерін (бензин, дизель, солярка, азот);
2. Техникалық спирттерді (әсіресе аммиак сұйықтықтарын);
3. Өсімдік майларын, қант сироптарын және жасанды газдарды.
Газгольдерлер – газдарды сақтауға, араластыруға және құрамын теңестіруге арналған сыйымдылық. Газгольдерлердің газды үлкен қысыммен сақтайтын көлемі тұрақты және газды төмен қысыммен сақтайтын көлемі тұрақсыз түрлері бар.
Көлемінің тұрақсыздығы жылжымалы бөлшектермен қамтылады. Ол цилиндр ішінде газгольдерлердің қабырғасы боймен жылжиды.
Тұрақсыз көлемдегі газгольдерлерде газдың қысымы атмофералық қысымына жақын болады және олар қоршаған ортаның температурасымен теңеседі. Сыйымдылық көлемі газ қысымының көлемінің өзгеруіне байланысты өзгереді. Тұрақсыз көлемдегі газгольдерлер үшін қысымы 50 мың м3 көлемді болады. Цилиндрлі газгольдерлердің көлемі 60 мың м3-ға дейін барады.
1 С.Қ. Хамзин. Құрылыс өндірісінің технологиясы мен ұйымдастырылуы. Оқу құралы – Астана. Фолиант, 2007. – 204 бет
2 Қ.А. Бисенов, Р.Ә. Нарманова, С.С. Үдербаев. Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Оқу құралы – Алматы. Издат Маркет, 2007. – 224 бет
3 Строительные технологии и оборудование // http://porobeton.com/ URL: http://porobeton.com/ru/go-Pages/in-view/id-49 (дата обращения: 22.09.2015).
4 Комплексная механизация и автоматизация погрузочно-разгрузочных работ./ Под ред. А.А. Тимошина и И.И. Мачульского. М.: Маршрут, 2003. – 400 с

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті
Геодезия және құрылыс кафедрасы
5В072900 Құрылыс мамандығы

Құрылыс өндірісінің технологиясы 3 пәні бойынша
№4 СӨЖ
Тақырыбы: Газгольдерлер мен резервуарларды құрастыруда қолданылатын
материалдар және оларға қойылатын талаптар

Орындаған: Жүнүсқанова Н. Ф.
СТ-217
Тексерген: аға оқытушы
Уркинбаева Ж. И.

Семей
2015

Мазмұны
Кіріспе 3
1 Резервуарларды құрастыруда қолданылатын материалдар және оларға қойылатын
талаптар 4
2 Газгольдерлерді құрастыруда қолданылатын материалдар және оларға
қойылатын талаптар 6
Қорытынды 8
Қолданылған әдебиеттер 9

КІРІСПЕ
Резервуарлар мұнай өнімдерін (сұйықтықтарды) қабылдауға, сақтауға,
жөнелтуге арналған сыйымдылықтар.
Резервуарлардың басты мақсаты – сақтау:
1. Мұнай және мұнай өнімдерін (бензин, дизель, солярка, азот);
2. Техникалық спирттерді (әсіресе аммиак сұйықтықтарын);
3. Өсімдік майларын, қант сироптарын және жасанды газдарды.
Газгольдерлер – газдарды сақтауға, араластыруға және құрамын
теңестіруге арналған сыйымдылық. Газгольдерлердің газды үлкен қысыммен
сақтайтын көлемі тұрақты және газды төмен қысыммен сақтайтын көлемі
тұрақсыз түрлері бар.
Көлемінің тұрақсыздығы жылжымалы бөлшектермен қамтылады. Ол цилиндр
ішінде газгольдерлердің қабырғасы боймен жылжиды.
Тұрақсыз көлемдегі газгольдерлерде газдың қысымы атмофералық қысымына
жақын болады және олар қоршаған ортаның температурасымен теңеседі.
Сыйымдылық көлемі газ қысымының көлемінің өзгеруіне байланысты өзгереді.
Тұрақсыз көлемдегі газгольдерлер үшін қысымы 50 мың м3 көлемді болады.
Цилиндрлі газгольдерлердің көлемі 60 мың м3-ға дейін барады.
1 Резервуарларды құрастыруда қолданылатын материалдар және оларға қойылатын
талаптар
Мұнай резервуарларын өртенбейтін материалдардан – металл немесе темір
бетоннан – тұрғызады. Резервуарлар жер асты, жер үсті немесе жартылай
көмілген болып келеді. Мұнайды жинау, сақтау және көлемін өлшеу үшін
көпшілік жағдайларда болаттан жасалған цилиндрлік резервуарларды қолданады,
ал бетоннан немесе темір бетоннан жасалған резсрвуарларды сирек қолданады.
Кен орынның тауарлық парктерінде жазық немесс конустық жамылғысы бар,
сыйымдылығы 1000-5000 м3 болатын резервуарлар түұрғызылады, резервуарлардың
ортасына жамылғы қалқандары (щиттары) тірелетін орталық тірек орнатылады.
Резервуарлардың конус тәріздес болып келген төбесі жиналған қардың
салмағын, яғни сыртқы күштерді, ұстап қалады, ал резервуар ішінде вакуум
пайда болған кезде оған карсы әсер етеді, және қалыңдығы 2,5 мм-ден
аспайтын болат жапырақтардан (листтерден) жасалады.
Тік болатты резервуар - дөңгелек, тік төртбұрышты, шаршы формалы сұйық
өнімдерді, көбінесе мұнай өнімдерін сақтауға, жинақтауға, әзірлеуге және
есепке алуға арналған тік сыйымдылық. Егер резервуарлар 5-6 м тереңдікке
салынса, онда оларды шаршы немесе тік төртбұрышты қылып жасайды.
Резервуарлар болатты белдігі бар орамнан немесе полистомнан жасалған. 
Көбінесе тік болатты резервуарлар 400 м3-тен 5000 м3-ке дейін болатын
көлемде болады, осы аталған көлемдерден кішілері резервуарлар көбінесе
көлденең болатты резервуарларда болады.
5000 м3-тан көп көлемде тік болатты резервуарлар болмайды, тек олардың
бір жерде бірнешеуін орналастырып, топтасқан тік болатты резервуарларды
резервуарлар паркі деп атайды.
Резервуарлар өзгешеленеді:
- Тағайындалуымен;
- Орналастырылуымен;
- Жасалу материалымен;
Шикi және тауарлық мұнайды қабылдап алу, сақтау және өткiзу шараларын
жүргiзу үшiн резервуарлар арнайы арматуралармен және жабдықтармен
жабдықталады. Резервуарлардың жабдықтары мыналарды қамтамасыз етедi:
- резервуарлардың толуын және босауын;
- мұнай деңгейiн өлшеуді;
- мұнай сынамасын алуды;
- резервуарлардың тазалануын және жөнделуін;
- мұнайдың тұнуын және тауарлы мұнайдың астындағы судың жойылуын;
- резервуардағы қысымды қауiпсiздік шегінде ұстап тұруды.
Резервуар төбесіне қабылдау-тарату құбыршасының үстiне жарық люгі
1 орнатылады. Төбесі ашық тұрған кезде ол арқылы резервуар iшiне жарық
өтедi және тазалау немесе жөндеу жұмыстарын жүргізер алдында резервуарды
желдетіп ауасын тазартады.
Тiк цилиндрлi резервуарлар былай жіктеледі :
- төменгі қысымдағы резервуарлар, оларды атмосфералық деп те атайды;
- понтондары бар резервуарлар;
- төбелері қалқымалы келген резервуарлар;
Мұнай өнімдерін сақтауға арналған сыйымдылықтар келесі белгілері
бойынша бөлінеді:
1. Материалына байланысты: металдық, темірбетонды, тасты, жерлі,
синтетикалық және мұзды-топырақты;
2. Артық қысымға байланысты: төменгі қысымдағы резервуарлар. Мұнда
артық қысым атмосфералық қысымнан көп ерекшеленбейді, жоғарғы қысымды
резервуарлар;
3. Технологиялық операциялар бойынша: төменгі тұтқырлықты мұнай
өнімдерінсақтауға арналған резервуарлар, жоғарғы тұтқырлықты мұнай
өнімдерінің резервуарлары. Соңғысы араластырғыш резервуарлар және қаныққан
бу қысымы жоғары мұнай өнімдерін сақтайтын арнайы құрылымдағы резервуарлар
болып бөлінеді;
4. Құрылысы бойынша:
а) болат резервуарлар (тік цилиндрлі конустық және сфералық төбелі
резервуарлар, көлденең цилиндрлі жалпақ және жазық табанды резервуарлар,
тамшы және шар тәріздес резервуарлар, цилиндроидты резервуарлар);
б) темірбетонды (тік және көлденең цилиндрлі, тікбұрышты және траншеялы
резервуарлар);
Арналуынан тәуелсіз резервуарлар 2 топқа бөлінеді. 1-ші топқа
температуарасы 120 0С және 0,07 МПа-ға дейінгі артық қысым кезіндегі
(сұйықтарды) мұнай өнімдерін сақтауға арналған. Мұндай резервуарлар
өндірістік нысандар мен болат құрылыстарды жобалаудың технологиялық
шарттарымен межелеріне сай жобаланады және салынады. 2-ші топқа 0,07 МПа-
дан жоғары қысымдағы резервуарлар жатады. Олар арнайы технологиялық шарттар
бойынша жобаланып, жасалынады. Мұндай құрылыстарды пайдалану Мемлекеттік
инспекцияның жеке назарында болады.
Цилиндрлі резервуарлар мұнай өнімдерін сақтауға арналған ең көп тараған
сыйымдылық, құрылысы қарапайым, тиімді және бағасы арзан. Бөлінуі: қалқлы
және понтонды төбелі жоғары және төменгі қысымды тік уилиндрлі
резервуарлар. Цилиндрлі резервуарлар болат беттерден тұратын дәнекерлік
құрылыс болып табылады. Беттердің кең тараған өлшемі: 1000 х 2000 және 1250
х 2500 мм  мм қалыңдықта; 1500 х 6000 мм  қалыңдықта. Резервуарлар беттері
жартылай жай жәнежай мартендік ВМСт 3пс және ВМСт 3сп (МЕСТ 380-71)
болаттарынан жасалады. Ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Газгольдерлерді сақтау қоймасы
Газгольдерлер цилиндрлі сфера типті резервуарлар
Теңіздегі Шевройл газ өңдеу зауытында
Газ сақтау қоймаларын пайдалану туралы
Газгольдерді орнатуда дайындық жұмыстары оларға қойылатын талаптар,газ сақтайтын газгольдерлер
Жалпыға қызмет көрсетуге арналған жанармай құятын орын
Газ сақтау қоймаларын пайдалану
Резервуарларды жөндеу, құрып орнату
Жабдықтың анықтамалық көрсеткіштері
Химиялық өндірістерді және қондырғыларды жобалаудың негізгі сатылары
Пәндер