Сұлы өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету



Кіріспе 3

Негізгі бөлім
1. Сұлы өнімі туралы жалпы мағлұмат 5
2. Сұлы өндіру технологиясы 8
3. Сұлы дайындаудың технологиялық сұлбасы 10
4. Сұлы өндірудегі нормативті құжаттар 13
5. Сұлы өнімінің сапасын бағалау 14
6. Сұлы өндіру технологисында қолданылатын құрал жабдықтар 15
7. Сұлы өндірісін метрологиялық қамсыздау 18

Қорытынды
22
Пайдаланған әдебиеттер 24
Сұлы дәнді дақылдардың бірінші тобына жатады. Ол бидай, арпа және қара бидай сияқты дақылдармен қатар аса маңызды болып табылады. Әлемдегі ауылшаруашылық мәдени өсімдіктердің егістік көлемінің (980 млн. га) 75% осы өсімдіктердің үлесінде. Өткен ғасырдың аяғындағы статистикалық деректерге жүгінсек, бұл дақылдар әлемде 725 млн.га , ал кеңес одағы елдерінде 138,8 млн.га жерге себілген. Сұлы, егістік көлемі жағынан, бұл өсімдіктердің ішінде төртінші орын алады. Құндылығы жағынан басқа дәнді дақылдардан бағалы. Сұлының құрамында валин, лизин және триптофан сияқты алмастырылмайтын амин қышқылдары көп мөлшерде болады. Бұл қасиеттері сұлыны құнды диеталық тағам ретінде пайдалануға негіз болды. Қабықсыз дәнді сұлы диеталық күлше және, өзімізге белгілі, «Геркулес» ботқасын жасауға пайдаланылады. Сұлыдан ас қазанды емдейтін кілегейлі сусын даярлайды.
1. Ә. Ізтаев., Б. Отыншиев. Астықтану және диқаншылық негіздері, Алматы, «Қайнар», 1994 ж.
2. И. Сейітов., Т. Саудабаев., Ш. Әбдірашев. Агрономия негіздері., Алматы «Ана тілі» 1991ж.
3. Звездичев В.В. и др. На пути к биологизации земледелия. Ж. Земледелие №2, 2004, с.17.
4. Еськов А.И. Проблемы биологической интенсификации земледелия. Вкн.: Развитие идей почвозащитного земледелия в новых социальноэкономических условиях, с.333.
5. Вражнов А.В. Важные направления развития земледелия. Ж.Земледелие № 1, 2001, с.16.
6. Русакова И.В. и др. Солома – важный фактор биологизации земледелия. Ж. Земледелие, № 1, 2003 , с.9
7. Антонов И.С. и др. Почвозащитные технологии Ж. Земледелие, №1, 2002, с. 20-22.
8. Шрамко Н.В. Использование паров на темно-каштановых почвах Северного Казахстана. В кн.: Почвозащитная система земледелия и зерновые производства на Евразийском континента в XXI веке.с. 49-50.
9. Жаңабаев Қ, Саудабаев Т, Сейітов И. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдіру технологиясы, Алматы, «Қайнар», 1994 ж, 342-344 б.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Сұлы өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету

Тексерген: Нурмуханбетова Д. Е
Орындаған: Галки М.Т
Тобы: СМжС 12-13

Алматы 2015ж
Мазмұны
Кіріспе 3

Негізгі бөлім

1. Сұлы өнімі туралы жалпы мағлұмат
5
2. Сұлы өндіру технологиясы
8
3. Сұлы дайындаудың технологиялық сұлбасы
10
4. Сұлы өндірудегі нормативті құжаттар
13
5. Сұлы өнімінің сапасын бағалау
14
6. Сұлы өндіру технологисында қолданылатын құрал жабдықтар
15
7. Сұлы өндірісін метрологиялық қамсыздау
18

Қорытынды

22
Пайдаланған әдебиеттер
24

Кіріспе
Сұлы дәнді дақылдардың бірінші тобына жатады. Ол бидай, арпа және қара бидай сияқты дақылдармен қатар аса маңызды болып табылады. Әлемдегі ауылшаруашылық мәдени өсімдіктердің егістік көлемінің (980 млн. га) 75% осы өсімдіктердің үлесінде. Өткен ғасырдың аяғындағы статистикалық деректерге жүгінсек, бұл дақылдар әлемде 725 млн.га , ал кеңес одағы елдерінде 138,8 млн.га жерге себілген. Сұлы, егістік көлемі жағынан, бұл өсімдіктердің ішінде төртінші орын алады. Құндылығы жағынан басқа дәнді дақылдардан бағалы. Сұлының құрамында валин, лизин және триптофан сияқты алмастырылмайтын амин қышқылдары көп мөлшерде болады. Бұл қасиеттері сұлыны құнды диеталық тағам ретінде пайдалануға негіз болды. Қабықсыз дәнді сұлы диеталық күлше және, өзімізге белгілі, Геркулес ботқасын жасауға пайдаланылады. Сұлыдан ас қазанды емдейтін кілегейлі сусын даярлайды.
Мал шаруашылығында сұлының дәні өте пайдалы азық.. Сұлы дәні мал азығының құндылығының халықаралық өлшем бірлігі болып саналады. Басқа дақылдардың дәндерімен араластырылған сұлы жас төлдердің ағзасының тез және мықты болып қалыптасуына жағдай жасайды. Сұлы қосылған концентрлі азық құс шаруашылығында кеңінен қолданылады. Сұлының сабаны басқа дақылдардың сабанына қарағанда қоректік заттарға бай және малға жағымды болады. Сонымен қатар, оның ылғал сіңіргіштік қасиетіде жоғары болғандықтан ірі қара және шошқа шаруашылығында төсеніш ретінде пайдаланылады.
Бүгінгі таңда егіншілік шаруашылығы биологиялық тәсілдерге көшіру қажеттілігін дәлелдеуді керек етпейді.
Алайда егін шаруашылығын биологияландыру мүмкіндігінің бағасы әртүрлі: өте кіші, ауыл шаруашылығы өнімдері қажеттілігін қамтамасыз етпейтін не болмаса жоғары тиімділікке жетуге дейін. Мұндай пікірлердің біріне-бірі соншалықты қарама-қайшылықта болуы егін шаруашылығын биологияндандыру мәселесін жеткілікті танып білмеуде жатыр.
Маңыздылығы: Қазіргі егін шаруашылығы жүйесінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты маңызды мәселені шешу оның экономикалық тиімділігін арттыру кезінде органикалық тыңайтқышқа деген сұраныс арта түседі, өйткені ол топырақтағы шірінді қорын сақтаудың маңызды факторы болып табылады. Органикалық тыңайтқышқа деген сұраныстың артуы органикалық тыңайтқыштар түріне - көң және оның басқада түрін пайдаланумен шектелмек емес. Сабан, көк тыңайтқыш, көмір қалдықтары жергілікті жердегі тыңайтқыштардың маңызды көздері болып табылады. Осыған орай оларды дәстүрлі органикалық тыңайтқыштармен бірге тиімді пайдалану жолдарын қарастыру, Павлодар облысы жағдайында топырақта шіріндінің жеткілікті болу баланысын жасау үлкен практикалық мәнге ие.
Зерттеудің мақсаты: сұлының өнімін арттырып, оның сұрыпын жақсарту үшін жергілікті органикалық тыңайтқыштарды (көң, жасыл тыңайтқыш, көмір қалдықтары, гумин тыңайтқыштары) тиімді қолданудың жүйесін қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
Жергілікті дәстүрлі (көң) және дәстүрлі емес (жасыл тыңайтқыш - сұлы, судан шөбі, күздік бидай, көмір қолдықтары, гумин тыңайтқышы) тыңайтқыштардың қоңыр топырақтағы суға және қоректік жүйеге, сұлы дақылының өнімділігін мен әсерін анықтау.

1. Сұлы өнімі туралы жалпы мағлұмат
Сұлы - азық-түліктік және мал азығы үшін бағалы дақыл. Сұлының орта дәрежелі бір килограмм дәні мал азығындық өлшем ретінде алынған. Сұлының дәнінде белоктың (12 ... 13%), крахмалдың (40...45%) және майдың (орта есеппен 4,5%) көп болуы оның тамақтық және мал азығындық бағасын анықтайды.
Сұлы дәні - малдың құнарлы жемі. Малға жем үшін арналған сұлының сабаны және ұнтағы басқа дәнді дақылдарға қарағанда жұғымдылығы (нәрлігі) жағынан өте бағалы. Дүниежүзілік егіншілікте егіс көлемі жағынан дәнді дақылдардың арасында сұлы жетінші орын алады (26,3 млн. га). Қазақстанда көп тараған және аудандастырылған сұлы сорттары: Марктон, Немчинский 2, Орел, Сельма, Скакун, Синельниковский 29, 14, Льговский 1026, Мирный, Золотой дождь және т.б.
Сұлыдан жарма, жаншыма, ұн және спирт алады.Оның ұны, печеньесі жас организімге өте қоректі толықбағалы белоктарды көп ұстайды. Малдың жас төліне де өте қажет. Лизинді 0,8-1,92 кейде 8,0 процентке жетеді. Сондықтан оны диеталық және балалар тағамына көп қосады.
Сұлы тағамдарын АҚШ, Англия сияқты елдерде тамаққа көп пайдаланады. Ол адам денесінеде майдың байлануын азайтады, ал бұлшық ет тканьдарын көбейтеді.
Сұлы егіс көлемі бойынша 5-ші орында. Оның барлық егістігінің жартысы АҚЩ-та егіледі, ал ТМД сұлы егісінің көлемінен 3-ші орында. Біздің елде сұлының бір гектарынан алынатын өнім. 20-30 центнер және одан да жоғары болады. Сұлы жылы және ылғалды аудандарда жақсы өседі. Сондықтан Прибалтика және соған жақын аудандарда көп тараған. Аздаған аязға да төзімді, тамыры жер қыртысында терең орналасқан. Сондықтан су мен қоректік заттарды жердің төменгі қабаттарынан тартып ала алады.
Сұлы дәнді дақылдар тұқымдастығына сұлы (Аvena ) тегіне жатады. Түрлері аз. ТМД мәдени өсімдіктері кітабында (1935) 16 түрі бар деп көрсетілген. Оның үшеуі - мәдени, басқасы жабайы немесе арам шөптер. Мәдени сұлыға - Егістік сұлы (Avena sativa), Византия (A. vizantina) (F. strigoza) сұлылары жатады. ТМД - да тек егістік сұлы өседі. Өзбекстанда, Әзербайжанда аздап Византия сұлысы кездеседі. Сұлының дәні негізінде қабықты, жалаңаш дәнді түрлері де аздап кездеседі.
Сұлының жақын туысы қара сұлы (Avena fatua) өте қауыпты және жайылып кеткен арам шөп. Оңтүстікте оңтүстік қара сұлысы өседі. Оңтүстік қара сұлы дәннің түп жағында таға сияқты таңбасы бар. Сондықтан піскеннен кейін төгіліп кетеді. Ал басқа (A.fatua) қара сұлысының тізе сияқты бүгілген қылтығы бар. Ол тізенің түп жағы спираль түрде ширатылып біткен. Су тисе, таңертең шық түскенде ол тарқатылады., ал күндіз кепкенде қайта ширатылады да өзінің түскен жерінен алыс жүріп кете алады. Сондықтан қара сұлы далада қозғалып жүреді деп те айтады.
ТМД- да мәдени сұлының үш түрі тараған.Олар: мутика, ауреа,аристата.Олар бірінен бірі сіңсібастарының құрылыстарына қарай ажырайды. Олар жан-жағына шашылған немесе атжалды сіңбасты, жалаңаш немесе қабықты сұлы болып бөлінеді. Дәндерінің түсі-түгі де әртүрлі- ақ, не сары болады. Оның ішінде қызғылт түстілер де кездеседі.
Сұлы егісі жатып қалса оның дәні сарғайып кетеді. Егер ақ сұлы мен сары сұлыны айыру қиын болса, оны азот қышқылының 10 пайызды қоспасына 10 минутқа салып, содан кейін кептірсе, 18 сағаттан кейін ақ сұлы ақшыл қоңыр, сары сұлы - ашық сары болып өзгереді. Кейде піспей жиналған сұлы көк болып көрінеді.
Сұлының жарма, жаншыма алуға, не болмаса жемге жарамдылығын, ол толық піскен соң, сіңсімеде тұрған кезінде анықтайды. Мұнда оны сыртқы көрінісіне қарай москва, харьков, инетәрізді және ұзынқуызды деп бөледі.
Москва типті сұлының дәні ірі, жалпақ, жуан, белі бүкірлеу, ақ, не сары түсті болады. Дән қауызының жоғарғы басының аузы ашық болады, ядросы оның ішінде бос жатады.
Харьков типі - жіңішкерек, сары түсті, жоғарғы басы жабық, оның ішінде ядросы бос жатады. Бұл екеуінің қауызы тез аршылады. Сондықтан оларды жарма алуға пайдаланады.
Инетәрізді тип - жіңішке, ұзын, түзу, жоғарғы басы үшкір, ақ, сары түсті болады.
Ұзынқауызды типтің дәні харьков типіне ұқсас, бірақ қауызы өте ұзын, оның ішінде ядро бос жатады.
Бұл екеуін көбінесе малға жем ретінде пайдаланады.
Сұлы дәнінің ұзыны 8-16 мм-ге дейін, көлденеңі 1,4- 4,0 мм, қалыңдығы 1,2 -3,6 мм болады. Қабықтары 20-30 пайызға жетеді. Бұл дәннің ірілігіне байланысты болады.
Ұрығы ірі -3-4 пайыз, алйрон қабаты екі қатарлы клеткалардан тұрады -6-8 пайыз, эндоспермі ұнтәріздес дәннің 50-55 пайыз көлемін алып жатады.
Бір литр дәннің салмағы 460-510гл.
Дәннің химиялық құрамы: белок 9-19, крахмал 31-51, клетчатка 8-19, май 3-7, минералдық заттар 3-5 пайыз болады. Кейбір сұрыптарда дәннің майлылығы 11 пайызға дейін жетеді.

2. Сұлы өндіру технологиясы
Өсімдіктің жиілігіне сұлы дақылының толық шығу кезінде есеп жүргізілді. Ол себу мөлшерін бақылау мақсатында тәжірибе түрлері бойынша далалық шығымын анықтауға, ал егін орағы қарсыңында өсімдіктің сақталуына бақылау ретінде жүргізілді. Шығымдылық тұқымның сапасының негізгі көрсеткіші болып табылады. Кондициалы астықты тұқымның сапалалығы лабораториялық шығымдылықтың 60-70% құрайтыны белгілі. Сондықтан да зерттеу, тұқымның шығымдылығын арттыруға әсер етуді зерттеу үлкен маңызға ие.
Үстіміздегі жылы сұлының егістіктегі өнгіштігі тыңайтылмаған вариант бойынша 62,4% құрады. Сұлы дақылының егістіктегі өнгіштігі жасыл сүрі жер бойынша әлде қайда арта түскені байқалды, ол таза сүрі жерменен салыстырғанда 8,5-10,7% (Кесте 2)
Кесте 1 - Егістіктегі сұлы дақылдың өнгіштігіне тыңайтқыштың ықпалы
Тәжірибе түрі
Бірінші дақыл
Екінші дақыл
(әсер етуден кейін)

2009
2007-2009
2009
2007-2009
Тыңайтқышсыз
62,4
65,3
58,4
62,0
Көң 20 тга
61,6
66,4
64,4
67,4
КҚ 2 тга
64,0
68,0
60,8
64,2
Рам70
65,6
66,4
61,6
66,0
ҚКК, 33 кгга
77,2
73,0
63,6
73,0
Күздік қара бидайдың сидерациясы
76,4
73,8
64,0
73,8
Сұлының-сидерациясы
80,0
76,0
81,2
75,4
Судан шөбінің сидерациясы
80,0
74,1
80,0
74,8
Тұқымды 0,1% гумат натрийі ертіндісімен ылғалдандыру
80,0
80,3
-
-
Тұқымды 2,5% гумат натрийі ертіндісімен ылғалдандыру
85,2
83,6
-
-
НСР05

5,1
5,0
Егістік өнгіштігіне егістікке шірінді түзетін тыңайтқышы елеулі ықпал етті, ҚКК және себер алдындағы тұқымды 0,1 және 2,5% гумата натрия ертіндісімен ылғалдандыру өсімдіктің өсуін және дамуын реттеді. Бірінші дақылдың тыңайтқыштан егістегі өнгіштігі зерттеу жылдарында 7,7-18,3% көтерілді. Әсіресе гумат натрий ертіндісінде тұқымды ылғалдандыру варианты бойынша ерекше артты. ҚКК-нің ықпалы және сидералдық дақылдың егістіктегі өнгіштігіне ықпал етуі сонан кейінгі кезеңде де сақталып отыр (2 кесте ).
Сұлының сақталуына байланысты бақылау 3-ші кестеде келтірілген. Сақталуы 70-100% құрады. Осы ретте 100% сақталуы егістікке аммофосты Р70 кг д.в. мөлшерде енгізгенде және күздік бидай сидерациясында байқалды.
Сақталудың аз мөлшері сұлы сидерациясы және судан шөбі
Сұлы өсімдігінің сақталуына тыңайтқыштың әсері
Тәжірибенің түрі
Өсімдіктердің толық шығу кезеңіндегі саны, м2саны
Өсімдіктердің егін орағы, қарсаңын-дағы саны, м2саны
Өсімдіктің сақталуы %
Тыңайтқышсыз
156
128
82,0
Көң 20 тга
154
152
98,7
КҚ 0,5 тга
160
140
87,5
КҚ 1,0 тга
160
144
90,0
КҚ 2,0 тга
160
140
87,5
ҚК 1,0 тга
200
196
98,0
Рам40 + көң 10 тга
160
156
97,5
ҚҚ 0,5 тга + Рам40
200
198
99,0
ҚКК, 33 кгга
193
172
89,1
Күздік бидайдың - сидерациясы
191
191
100,0
Сұлының - сидерациясы
200
140
70,0
Судан шөбінің - сидерациясы
200
150
75,0

3. Сұлы дайындаудың технологиялық сұлбасы
Сұлыны далалық тәжірибеде өсіру зерттелген элементтерден басқасы, егу агротехникасының ұсынылған тәсілімен жүргізілген. Далалық тәжірибеде бағдарлама және әдістемеге сәйкес сұлыны егу төрт алғы дақылдан кейін жүргізілген. Ол таза сүрі жер және үш жасыл сүрі жер - күздік бидай, сұлы, судан шөбі. Сұлы дақылының сұрыптары - Марктон, Немчиновский - 2, Синельниковский -29. Льговский 1026.
Ерте көктемде қар кеткеннен соң топырақта ерте көктемдік тырмалау, ылғал жабу БИГ-3 құралымен 3-5 см тереңдікте жүргізілді. Топырақты себу алдындағы өңдеу, себу күні ОПТ-3-5 құралымен 8-10 см тереңдікте жүргүзілді. Егін себу ұсынылған мерзімінде өткізілді. Дән сіңіру тереңдігі 5-6 см, себу мөлшері 2,5 млн. дәннің шығуы 1 га. Сидералдық дақылдырды себуі мерзімі: сұлы және судан шөбі 20-25 мамыр, күздік бидай тамыздың аяғы.
2001 жылы сұлының (129 цга) және судан шөбінің (149 цга) (ылғалдылығы 60%) көк балаусасы сабақтанған кезінде жасыл жемге салынған, жасыл тыңайтқышқа судан шөбінің алшынкөк өскіні пайдаланылды (40,6 цга), сұлы - 25,3 цга.
2002-2003 жылдарда сұлының және судан шөбінің көк балаусасы (салмағ орташа 150 цга) жасыл тыңайтқыш ретінде пайдаланылды. Күздік бидайдың таңайтқышқа пайдаланылған көк балаусасы 200 цга құрады. Сидералды дақылдардың көк балаусасын шабу және шашу жұмыстары қолмен жүргізілді.
Тәжірибеде зерттеліп жатқан тыңайтқыш көктемде егін егу алдында тәжірибе схемасына сәйкес алқапта қолмен енгізілді. Топырақты негізгі өңдеу күзде қыркүйектің 3-ші онкүндігінде ОПТ-3-5 құралымен 12-14 см тереңдікте өңделді. Егін орағы 20 тамызда жүргізілді.
Тәжірибе учаскесінің топырағы қоңыр жеңіл сазбалшықты. Қабаттың 0-20 см құрамы: физикалық сазбалшық 20,1%; шірінді 0,9%; жалпы азот 0,9% жалпы фосфор 0,15%; РН 6,4.
0-30 см топырақтың көлемдік салмағы егін егер алдында 1,58 гсм3 құрады, ол сұлы дақылының оптимальдық өсуінің көлемдік массасы жоғары деңгейне сәйкес.
Басқа дәнді дақылдармен салыстырғанда сұлы аса көп жылу талғамайды. Оның дәні 1- 2 ºС температурада бөрте бастайды., ал көктеп шығуы үшін 4 - 5 ºС жылу жеткілікті. Көк сүйрігі көктемде - 7-8 ºС суыққа шыдайды, ал сүттеніп-пісу кезеңінде - 4- 5 ºС суыққа төзеді.
Көктеп шыққаннан кейінгі бір ай шамасындағы оған қолайлы орташа тәуліктік температура 10-12 ºС.
Топыраққа себілген тұқымның бөртуі үшін дән салмағының 65 пайызындай ылғал қажет, шашақтануға жарты ай қалғанда ол ылғалды көп керек етеді. Осы мезгілдегі ылғал тапшылығы сұлының өнімін төмендетеді.
Арпамен салыстырғанда жоғары температураны біршама жақсы көтереді. Қазақстанның солтүстік облыстарында жаздың бірінші айы құрғақ, ал жауын-шашынның көп түсуі шілде айынан басталады. Міне осы кезде сұлы егісінде кенже қалған дәндер өніп қуалап өсу пайда болады, бұл егістің біркелкі пісуіне зиянын тигізеді.
Тамыр жүйесінің жақсы дамуына байланысты ол топырақ таңдамайды, құмды, сазды, батпақты топырақтарда өседі. Топырақтардағы қиын еритін көректік заттарды тамырының сіңіргіштерінің күштілігінен пайдалана алады. Дегенмен, жақсы өнім алу үшін сұлыны құнарлығы мол қара топыраққа сепкен жөн. Басқа дәнді дақылдарға қарағанда сұлы қышқыл топырақта тәуір өседі.
Сұлы дақылдың алқаптағы өнімділігінің қалыптасуына, астығының сапасына алқаптағы ауа райы, су және температуралық режим әсер етеді. Сұлы үшін ең қолайлы метеорогиялық жағдай 2002 жылы қалыптасты. Егін егер алдындағы ылғалдың қанағаттандырарлық қоры жауын шашынның көп жылдық көлемінен 2-есе көп жауды және оның біркелкі бөлінуі сұлы дақылдың мол мөлшерде өнім беруіне қолайлы жағдай туғызды.
2003-2004 жылдың ауа райы құрғық болуыменен ерекшеленеді. Бұл осы аймаққа тән құбылыс. Күн көзінің шамадан тыс белсенділігі, маусым айының бірінші және екінші онкүндігінде жаңбырдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нан сапасына қойылатын жалпы талаптар
«Қазгидромет» кәсіпорны және кәсіпорынды метрологиялық қамтамасыз етудің мәні
Астықты майдалау технологиялық процесін бақылау
Сары май өнімін өндіру
Өлшеу және бақылау құралдарын мемлекеттік сынау
Сары май өнімін зерттеп, өндіру технологиясымен танысу
Өндірісті бағалау рәсімдерін метрологиялық қамтамасыз ету
Сыра өндіру технологиясы
Дәрілік түрлердің агрегаттық күйі
Жылуэнергетикадағы Метрология, стандарттау және сапаны басқару
Пәндер